Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2015 в 21:47, курсовая работа
Мұнай-газ өндіру кәсіпорындарының қызметкерлері жұмыстың жөндеуаралық кезеңін барынша ұзартып және ұңғымалардың пайдалану коэффициентін арттырып отыратын, олардың бекітілген технологиялық режимдегі жұмысын қамтамасыз етіп, ұңғымалардың сапалы жөндеуіне және мұнайды қосынды өндіру мөлшерінің артуына кепілдік беретін шараларды жүйелі түрде әзірлеп және жүзеге асырып отыруы тиіс. Жерасты жөндеулері пайдалану шығындарының есебінен жүргізіледі, соңғыларына сол жөндеулер орындалған кезеңдегі мұнай мен газдың өзіндік құнына арнайы бап түрінде енгізіледі.
КІРІСПЕ......................................................................................................................
МҰНАЙ ГАЗ ӨНДІРУ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ҚАЗІРГІ КҮЙІ............................................................
Мұнай өндіру кәсіпорны – Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің негізгі буыны.....................................................
Өндіріс процесін ұйымдастыру және мұнай өңдеу кәсіпорындарының өндірістік құрылымы....................................................................................
Негізгі және қосалқы өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау...............
КОМПАНИЯНЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ӘРЕКЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОҒАН БАҒА БЕРУ......................................
Телекоммуникация мен байланыстың жағдайына жалпы сипаттама.......................................................................................................
Барлық байланыс түрлерімен қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру.................................................................................................
Қазақстан нарығында телекоммуникация мен байланыстарды бағалау және талдау...................................................................................................
ЖОСПАРЛАУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ – МҰНАЙ ӨНДІРУШІ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ПАЙДАСЫ МЕН РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІН АРТТЫРУ ТӘСІЛІ РЕТІНДЕ.......................................................................
Жоспарлау әдістерінің кәсіпорынға әсер етуінің ерекшеліктері.............
Пайда – кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің маңызды көрсеткіштерінің бірі....................................................................................
Өндірістің рентабельділігі және оны арттыруды жоспарлау...................
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................
Жоспарлау кезінде жалпы және есептік рентабельділік есептеледі.
Өндірістің жалпы рентабельділігінің деңгейі (Роб) келесі формула бойынша белгіленеді (%):
Роб = Пб / А · 100, (35)
мұндағы, Пб – баланстық пайданың сомасы, теңге; А – өндірістік қорлардың орташа жылдық бағасы (теңге), ол негізгі өндірістік қорлардың және нормаланатын айналымдық қаражаттардың (банкпен несиелендірілмеген) орташа жылдық бағасына тең.
Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық бағасын бастапқы баға бойынша жоспарланып отырған жылдың басына қатысты сомаға немесе жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізіліп жатқан және сатып алынып жатқан негізгі өндірістік қорларды қайта бағалаудан кейінгі құнына, орташа жылдық құнына негізделумен сол уақыт ішінде қолданыстан шығып жатқан негізгі құралдардың ораташ жылдық бағасын шегерумен белгілейді. Нормаланатын айналымдық құралдардың орташа жылдық бағасын жоспарланып отырған жылдың басы мен соңына қатысты айналымдық қаражаттар сомасының жартысын және жылдың қалған айларының алғашқы күніне арнап ескерілген нормаланатын айналымдық қаражаттар сомасының жартысын он екіге бөлумен белгілейді.
Есептік рентабельділік
Рр сонымен қатар есептік пайданың
Пр өндірістік қорлардың орташа жылдық
бағасына қатынасы ретінде пайыздармен
белгіленеді:
Рр = Пр / А · 100.
Мысал. Өндірістің есептік пайдасы мен есептік рентабельділігін есептеу.
Бастапқы деректер (мың теңге):
Баланстық пайда.....……………………………………………………
Соның ішінде:
тіркелген төлемдер………………………………..........
өндірістік қорларға қатысты төлем…………………………………….…..500
банкілік несие үшін пайыздар бойынша төлемдер ………………………..….40
Кәсіпорынның өндірістік қорлары........………………………………….…
Есептік пайда келесі шаманы құрайды:
Пр = 3004 – (2004 + 500 + 40) = 460 мың теңге,
Ал есептік рентабельділік:
Рр = 460 · 100 / 6000 ≈ 7,7 %.
Жалпы рентабельділікке келесі өзгерістер әсер етеді: өнім бірлігіне қатысты пайданың, сатылу көлемі мен құрылымының, негізгі қорлардың және нормаланатын айналымдық құралдардың орташа бағасының, басқа құндылықтарды сатудан болған қаржылық нәтижелердің өзгеруі, сондай-ақ сатудан тыс түскен табыс пен шығындар. Осы факторлар бірлескен түрде әсер етеді және олардың әрқайсысының әсерін тізбектік өрнектер құрумен белгілеуге болады.
Пайданың, сондай-ақ рентабельділіктің артуында шешуші мағынаға өнімнің өзіндік құнының төмендеуі мен оны өндіру көлемінің артуы, сондай-ақ өнім құрылымының (ассортиментінің) өзгеруі мен сапасының жақсаруы ие болады. Өнімның сапасын жақсарту – кәсіпорын оңтайлығының артуының маңызды шарты, себебі сапасы жоғары өнімді сату кезінде олар қосылған бағамен сатылады. Рентабельділік пайданың күрделі салымдарға қатынасы ретінде немесе пайданың акционерлік капиталға қатынасы ретінде есептеледі; кәсіпкерлік жобаны жүзеге асырудың әр жылына арнап рентабельділік орташа жылдық мағына ретінде есептеледі. Бұл ретте салық салу да ескеріледі.
Кәсіпорын ішінде оның бөлімшелері (цехтар мен телімдер) бойынша өзіндік құнды, пайда мен оңтайлықты жоспарлау ісі әртүрлі әдістермен және әртүрлі көрсеткіштердің көмегімен жүзеге асырылады. Кәсіпорын цехтары бойынша пайда мен оңтайлықты жоспарлау ісі зауыт ішіндегі жоспарлық-есептеу бағаларын белгілеуді қажет етеді. Әрбір цехқа арнап жоспарланған көрсеткіштердің құрамы сол өндірістің ерекшеліктерін ескеруі тиіс және мұқият негіздемелеуге жатады.
Мұнай өнеркәсібінде өндірістік қорларға қатысты төлемдер мемлекетке пайыздық мөлшерлеме емес олардың бастапқы бағасына негізделумен төленеді; еңбек ресурстарына қатысты төлем - әрбір орташа тізімдік қызметкер үшін бекітілген норматив бойынша төленеді.
Өндірістің рентабельділігімен қатар экономикалық есептерде өнімнің рентабельділігі анықталады, ол өнімді сатудан түскен пайданың соларды өндіруге жұмсалған шығындарға қатынасымен белгіленеді. Өнімнің оңтайлығы негізінен оның кең ассортименті кезінде аналитикалық мақсаттарда қолданылады. Кәсіпорынның рентабельділігін арттырудың үлкен резервтері өндірістік қуаттылықтар мен негізгі қорларды қолдануды жақсартуда, қор қайтарылымын арттыруда жасырылған. Бұл ретте міндетті түрдегі шарт – өндіріс көлемінің негізгі қорлар мен айналымдық құралдар бағасының өсуімен салыстырғанда солардан бұрын өсуі.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасы экономикасының нарықтық қатынастарға көшуінің жылдам дамып келе жатқан процесіне байланысты соңғы онжылдықта елімізде мемлекеттік меншікті мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру саясаты белсенді түрде жүзеге асырылуда, бұл үлкен қоғамдық резонанс тудыруда және тұрғындардың басым көпшілігінің өмірлік мүдделеріне қатысты.
Кәсіпорын жоспары жұмыс өнімі ретінде алдын-ала әзірленген іс-шаралар жүйесі болып келеді, онда өндіріс және мақсаттарды жүзеге асыру бойынша жұмыстарлы орындаудың көлемі, әдістері, реттілігі мен мерзімдері және сол жұмыстарды қажетті құралдармен қамсыздандыру ескерілген, алайда оларда солардың мақсаттарына қол жеткізудің техникалық әдістері реттелмеген. Сонымен қатар жоспар өндірісті дамытудың қажетті және қалаулы қарқынын, және пропорцияларын қамтамасыз етуі тиіс. Жоспар кәсіпорын қызметкерлері үшін әрекет етуге басшылық болып табылады. Қазіргі кәсіпорын – бұл күрделі басқару жүйесі болғандықтан, жоспарлық мақсаттарға кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің, директордан бастап қатардағы қызметкерлерге дейін барлық қызметкерлерінің үйлесімді жұмыс істемейінше мүмкін болмайды. Жоспарлаудың негізгі міндеті – кәсіпорынның аса маңызды қызметтерін: өндірістік, инновациялық, технологиялық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік және т.б. жүзеге асырудың нәтижесі ретінде оның барынша жоғары пайдаға ие болуына арнап әрекеттер бағдарламасын әзірлеу.
Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау экономикалық және әлеуметтік іс-әрекеттің барлық жақтарын барынша қамтудың түрінде болып келуі мүмкін. Алайда нарықтық экономика жоспарлауды жоққа шығармайды, себебі жоспар дегеніміз тиісті түрде ресімделген басқрамалық шешім болып табылады.
Кез келген кәсіпорын өзінің өндірген тауарының өтімділігін жақсарту және жоғары пайда түсіру үшін тауардың сапасы, ассортименті т.б. жоғары болу керек. Қысқаша айтқанда, пайда экономикалық дәреже ретінде саудалы әрекеттілігінің процесінде материалды өндірістің орталығында пайда болған таза табысты көрсетеді, ал өнеркәсіптің пайдасына өнеркәсіптің өндірістік және әлеуметтік даму мақсатына бағытталған ақшалы жинақының бір бөлігін, сонымен бірге барлық деңгейлі бюджеттерге ақшалы қаржыны жіберуді айтамыз.
Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінің тиімділігін рентабельділіктің көрсеткіштері жүйесімен бағалайды. Рентабельділік пайданың күрделі салымдарға қатынасы ретінде немесе пайданың акционерлік капиталға қатынасы ретінде есептеледі; кәсіпкерлік жобаны жүзеге асырудың әр жылына арнап рентабельділік орташа жылдық мағына ретінде есептеледі. Өндірістің рентабельділігімен қатар экономикалық есептерде өнімнің рентабельділігі анықталады, ол өнімді сатудан түскен пайданың соларды өндіруге жұмсалған шығындарға қатынасымен белгіленеді. Кәсіпорынның рентабельділігін арттырудың үлкен резервтері өндірістік қуаттылықтар мен негізгі қорларды қолдануды жақсартуда, қор қайтарылымын арттыруда жасырылған. Бұл ретте міндетті түрдегі шарт – өндіріс көлемінің негізгі қорлар мен айналымдық құралдар бағасының өсуімен салыстырғанда солардан бұрын өсуі.
Мемлекеттің меншігінде тұрған және мемлекетсіздендіруге және жекешелендіруге жататын объектілерге телекоммуникациялар жатады. Телекоммуникациялар ақпаратқа қол жеткізуді кеңейту мен оны беру арқылы нарықтық механизмдердің қызмет етуін қолдайды. Телефондар, факстер мен электронды пошта қазіргі бизнесті дамытудың маңызды және объективті қажетті шарттары болып табылады.
Біздің үкіметіміз қашықтағы және нашар дамыған аудандарға тым болмағанда ең төмен байланыс қызметтерін ұсынатын болады. Мысалы, балалар мен жастарға арнап аймақтық оқыту сабақтарын беріп отыратын болады. Мұның құны ең төмен болады және келешекте елеулі пайда әкелетін болады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының алдында ең алдымен келешекте бәсекеге қабілетті, дамыған елдердің инфрақұрылымына ұқсас инфрақұрылымына ие болатын телекоммуникациялық жүйелердің мөзіндік және тиімді жүйесін құру міндеті тұр. Қазақстан телекоммуникацияларының қазіргі жағдайы басқа елдермен салыстырғандағы, желілердің жеткілікті дәрежедегі тығыздығына қарамастан, елеулі экономикалық проблемаға айналып келеді. Қазақстан Республикасындағы телекоммуникациялар нарығы тұрғындарды әртүрлі байланыс түрлерімен (телевизиялық, телефондық, телеграфтік, электронды және т.б.) қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет тарапынан реттелген іс-әрекет болғандықтан Қазақстан экономикасы үшін іс-әрекет салаларының ең маңызды саласы болып табылады.
Қазіргі кезде республикамыз егеменді және бәсекеге қабілетті телекоммуникациялық желіге ие болуда, соңғысының қызмет етуі көбінесе мемлекеттік маңызы бар ірі ауқымды жобалардың бірін – Ұлтық ақпараттық супермагистральді (ҰАСМ) іске асырудың арқасында негізделіп отыр. Ендігі уақытта Қазақстанның барлық ірі қалалары өзара цифрлік арналармен байланысқан.
Қорытындылай келе айта кететіні, телекоммуникацияларды мемлекеттің монополиясынан шығару және соның салдарынан – байланыс қызметтерін ұсынатын жаңа компаниялардың пайда болуы әрекеттегі компаниялардың бәсекеге қабілеттілігінің артуына ықпал етумен телекоммуникациялар нарығына жағымды әсерін тигізеді, аталмыш компаниялар мұндай жағдайда ұсынылатын қызметтердің сапасын төмендете алмайды, осының барлығынан түптеп келгенде тұтынушы ұтады.
Информация о работе Жоспарлау әдістерінің кәсіпорынға әсер етуінің ерекшеліктері