Жоспарлау әдістерінің кәсіпорынға әсер етуінің ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2015 в 21:47, курсовая работа

Описание работы

Мұнай-газ өндіру кәсіпорындарының қызметкерлері жұмыстың жөндеуаралық кезеңін барынша ұзартып және ұңғымалардың пайдалану коэффициентін арттырып отыратын, олардың бекітілген технологиялық режимдегі жұмысын қамтамасыз етіп, ұңғымалардың сапалы жөндеуіне және мұнайды қосынды өндіру мөлшерінің артуына кепілдік беретін шараларды жүйелі түрде әзірлеп және жүзеге асырып отыруы тиіс. Жерасты жөндеулері пайдалану шығындарының есебінен жүргізіледі, соңғыларына сол жөндеулер орындалған кезеңдегі мұнай мен газдың өзіндік құнына арнайы бап түрінде енгізіледі.

Содержание работы

КІРІСПЕ......................................................................................................................

МҰНАЙ ГАЗ ӨНДІРУ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ҚАЗІРГІ КҮЙІ............................................................

Мұнай өндіру кәсіпорны – Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің негізгі буыны.....................................................
Өндіріс процесін ұйымдастыру және мұнай өңдеу кәсіпорындарының өндірістік құрылымы....................................................................................
Негізгі және қосалқы өндірісті ұйымдастыру және жоспарлау...............

КОМПАНИЯНЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДАҒЫ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ӘРЕКЕТІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОҒАН БАҒА БЕРУ......................................

Телекоммуникация мен байланыстың жағдайына жалпы сипаттама.......................................................................................................
Барлық байланыс түрлерімен қамтамасыз ету шараларын ұйымдастыру.................................................................................................
Қазақстан нарығында телекоммуникация мен байланыстарды бағалау және талдау...................................................................................................

ЖОСПАРЛАУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ – МҰНАЙ ӨНДІРУШІ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ПАЙДАСЫ МЕН РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІН АРТТЫРУ ТӘСІЛІ РЕТІНДЕ.......................................................................

Жоспарлау әдістерінің кәсіпорынға әсер етуінің ерекшеліктері.............
Пайда – кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің маңызды көрсеткіштерінің бірі....................................................................................
Өндірістің рентабельділігі және оны арттыруды жоспарлау...................

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................................

Файлы: 1 файл

Дип.-ЖОСПАРЛАУ-ӘДІСТЕРІН-ЖЕТІЛДІРУ-–-МҰНАЙ-ӨНДІРУШІ-КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ-ПАЙДАСЫ-МЕН-РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІН- (1).doc

— 442.00 Кб (Скачать файл)

Пб =  По+Ппр+Пвнр (16)

Балансты пайданың жалпы қосындысы өткізу көлеміне, өнімнің өз құндылығына және берілген өнеркәсіптің өніміне қойылған сату бағаларына байланысты болып келеді.

Есептік пайданы Пр балансты пайданың бір бөлігі деп алады және ол төлеудің мемлекеттік қаржысына ресурстар үшін төлеуден Пф және банкқа кредит үшін пайызды Пк төлеуден пайда болады.

Пр = Пб – Пф – Пкр. (17)

Мұнай өндіретін өнеркәсітік ұйымдар бойынша өндірістің өнімін өткізуден пайда болған табыс (ПТ) өндірістің өткізіп жатқан өнімнің көлемі (Qр) және оның өз құндылығы (Ср) арасында айырмашылық ретінде жобаланған.                                   

ПТ = Qр – Ср. (18)

Өткізіліп жатқан өнімнің өз құндылығы (Ср) мұнай өндіруде тауарлы өнімнің толық құндылығы (СТ) ретінде, өнеркәсіптің басқа саласының тауарлы өнімнің өз құндылығы (Сдр) ретінде және жоспарланған жылдың аяғына өткізелмеген тауар қалдықтарын (Со t+1) есептей отырып, жобаланған жылдың ішінде өткізілмеген өнімнің қалдықтарының (Со t) өзіндік құны ретінде анықталады.

Ср = СТ + Сдр + Со t – Со t+1. (19)

Жоспарланған жылдың ағына және келесі жылдың аяғына дейін өткізілмеген тауардың қалдықтарының өзіндік құндылығы өткізілмеген өнімнің қалдықтары 1 тенгеге кететін шығындар бағасы трінде берілген өткізілмеген өнімнің қадлдықтарыа көбейту арқылы анықталады.

Со t = Цо t Зо t , (20)

Со t+1 = Цо t+1 Зо t+1 ,

мұндағы, Цо t+1, Цо t – бағаларда берілген жоспарланған жылда және келесі жылдың яғына дейін өткізілмеген өнімнің қалдықтары, мың тенге; Зо t+1, Зо t – жоспарланған және келесі жылда өткізілмеген өнімнің 1 тенгесіне кететін шығын, коп.

Өткізілмеген өнімнің 1 тенгесіне кететін шығындар келесі формула бойынша есептеледі:

Зо t = СТ t + Сдр t / QТ t+1 · Кс t-1 , (21)

Зо t+1 = Сt+1 + Сдр t+1 / QТ t+1 · Кс t-1 ,

мұндағы, Кс – шығындар қатынасын есептейтін көрсеткіш.

Шығындарды есептейтін көрсеткіш өткізілмеген өнімнің қалдықтарының 1 тенгесіне кететін шығындардың есептік жылдар мәліметі бойынша барлық тауарлы өнімнің  1 тенгесіне кететін шығындардың бөліміне тең болады.

Кс t-1 = Зо t-1 / ЗТ t-1. (22)

Есептік жылдар мәліметі бойынша барлық тауарлы өнімнің  1 тенгесіне кететін шығындардың (t-1) көлемі есептік жылдың аяғына қалған өткізілмеген өнімнің қалдықтарының өз құндылығын (Со t-1) сол қалдықтардың өткізу бағасына (Цо t-1)бөлумен анықталады:

Зо t-1 = Со t-1 / Цо t-1. (23)

Әдетте табыс тура есеп әдісімен есептеледі.

Есептік табыс өндірістің қосымша қорларының түзілу көзі болады, сонымен бірге өнеркәсіптің әртүрлі қажеттіліктеріне қолданылады: жаңа техниканы енгізу бойынша банкті кредитерді жабу, өзіндік айналым қаржыларының өсуі. Табыстың еркін қалдығын мемлекеттік бюджетке кіргізеді.

өнеркәсіптерде табысты тарату жүйесі халықтың барлық қажеттілігіне бағытталуы қажет. Өнеркәсіптің қарамағында қалатын табыстың көлемі жоғары өндірістік тиімділігі бойынша өнеркәсіптің белгілі табысына сәйкес  келуі қажет. Сонымн бірге, есептелген төлем ақылардың көлемі  нақты түсіндірілуі қажет, себебі өнеркәсіпке әсер етпейтін факторлардан алынған қосымша табыс өнеркәсіптерден мемлекетпен толық алынатын.

Пайданың түрлері:

Өнімді сатудан түскен пайда Дрп НДС, акциз, кедендік салықтардан және т.б. қаржылардан тыс, сонымен бірге қайтарылған тауардың құнынан, тұтынушыға берген бағадан және сатудан жеңілдіктерден тыс көрсетіледі және тауарлы өнімнің оның сату бағасына көбейтіндісімен анықталады:

                 (24)

мұндағы, Q – тауарлы өнімнің көлемі;

Ц – өнімнің бірлігін сатуға кететін баға (НДС, акциз және т.б. салықтарды ескермеген жағдайда).

Валды пайда Двал негізгі әрекеттілік Спр нәижесінде пайда болған өткізілетін өнімнің өзіндік құнының және өткізу бағасының қаржылық нәтижесімен көрсетіледі:

 немесе  (25)

мұндағы, С – өнім бірлігінің өзіндік құны, ол өнімді шығарумен байланысты болып келетін фактілік шығындардан құралған.

Qi – і түріндегі өнімді сатудан пайда болған саны.

n – өнім түрлерінің саны.

Негізгі әрекеттіліктен түсетін пайда Дод сальдирленген қаржылық нәтиже болып келеді және жалпы пайда мен кезеңдік шығындары арасындағы айырмашылық бойынша анықталады. Кезеңдік шығындары бұл өнімнің өнірістік құныдылығына кірмейтін шығындар.

Негізгі емес әрекеттіліктен түсетін пайда Днод бұл негізгі емес әрекеттіліктен пайда болған сальдирленген қаржылық нәтиже. Негізгі емес әрекеттіліктен түсетін пайдаға айналымның сыртындағы активтерді беру, негізгі қаржыларды өткізу, бағалы қағаздарды қайта бағалау, субсидиялар және т.б. жатады.

Негізгі әрекеттіліктен салық салынатын  пайда Днобл бұл негізгі және негізгі емес әрекеттіліктен пайда болған табыс.

  (26)

Салық салынғаннан кейін негізгі әрекеттіліктен түсетін пайда бұл салық төлеуден кейін қалған табыс. Корпоративті салық бойынша шығатын табыстар 30% бойынша есептелінеді.

Таза табыс Дч есептік кезеңнің ішінде алынған сальдирленген нәтижені көрсетеді және ол өз қарамағында қалады:

  (27)

мұндағы, Днобл – негізгі әрекеттіліктен салық салуға дейінгі табыс (шығын) – негізгі, негізгі емес және өткізуден тыс пайда болған табыстың қосындысы;

Нкорп – корпоративті табыс бойынша шығындар, олар салық салынатын табыстан 30% бойынша есептелінеді.

Пайданы алу көздеріне келесілер жатады:

Негізгі әрекеттілік бойынша:

  1. Дайын өнімді өткізу – өнімді шағыратын, жұмыстарды орындайтын және қызымет көрсететін материалды өнеркәсіп орталығындағы өнеркәсіптер үшін табысты алатын негізгі көзі.
  2. Сатып алынған тауарларды өткізу – тауарлы, тұтынушылық, аралық, сыртқы тауарлық ұйымдар, ауылшаруашылық және өндірістік өнеркәсіптер үшін.
  3. Құрылыс-монтаждық, жобалық-зерттеуші, геологиялық барлау, ғылыми-зерттеуші және т.б. жұмыстар түрлерін өткізу – құрылыс-монтаждық, жобалық-зерттеуші, геологиялық барлау, ғылыми-зерттеуші ұйымдар, сонымен бірге уставтарында бір немесе бірнеше жұмыстарды орындалуы көрсетілген өндірістік өнеркәсіптер үшін.
  4. Жүк пен адамдарды тасымалдау қызыметі – темір жол, автомобиль, әуе, теңіз, өзен және басқа траспорт түрлері бойынша өнеркәсіптер үшін, сонымен бірге жүктер мен адамдарды тасымалдау жұмыстарын орындайтын экономиканың басқа да саласына үшін.
  5. Мүлікті жалға беру.
  6. Байланыстарды жүзеге асыратын ұйымдар, сақтандыру компаниялар үшін.
  7. Инвестициялық қызымет.
  8. Басқалар.

Негізгі емес әрекеттілік бойынша:

  1. Материалды емес активтарды өткізу.
  2. Негізгі қаржыларды өткізу.
  3. Бағалы қағаздарды өткізу.
  4. Акциялар бойынша дивиденттер және берілген заем және т.б. бойынша пайыздарды алу.
  5. Тенге курсының басқа да шетел валюталарына қарағанда пайда болатын курстық айырмашылық.
  6. Басқару ұйымдарының субсидиялары.
  7. Басқалар.

Нарықтық қатынастар жағдайларында өнеркәсіп бәсекелес нарығында өзінің позицияларын ұстап тұру және өндірістің қарқынды дамуын қамтамасыз ететін табыстың көлеміне талпыну қажет. Өткізуден пайда болған табыстың көлеміне өндіріліп жатқан және өткізіліп жатқан өнімнің құрылысы әсерін тигізеді. Рентабельді өнімнің бөлігі жоғары болған сайын, өндіріс табыс көлемін жоғары алады және де керісінше төмен рентабельді өнім көбейген сайын, табыстың төмендеуіне әкеледі.

 

3.3  Өндірістің рентабельділігі және оны арттыруды жоспарлау

 

Пайда, кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінің нәтижелігінің ең маңызды көрсеткіші бола тұра, оның тиімділігі туралы толық көріністі бермейді, себебі жұмсалып жатқан ресурстардың шамасын ескермейді. Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінің тиімділігін рентабельділіктің көрсеткіштері жүйесімен бағалайды.

Өндірістің рентабельділігі – өнеркәсіп кәсіпорындарының, соның ішінде мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарының жұмыс тиімділігінің ең маңызды қорытушы көрсеткіші. Кәсіпорынның іс-әрекетін рентабельділік көрсеткіші бойынша бағалау өнімді өткізу көлемінің артуымен қатар оның ұжымын материалдық сыйақылаудың негізіне жатқызылады. Өндірістің рентабельділік көрсеткішін белгілеудің негізінде кәсіпорынның пайдасы жатыр.

Пайда – материалдық өндіріс саласында кәсіпорын қызметкерлерінің қосымша еңбегімен құрылатын таза табыстың бір бөлігі. Жоспарлық пайданың көлемі өнімді кәсіпорынның көтерме бағалары бойынша өткізуден түскен түсім мен өнімнің жоспарлы өзіндік құнының арасындағы айырма ретінде белгіленеді. Егер пайда кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінен абсолюттік әсерді көрсетсе, рентабельділік кәсіпорынға бекітілген өндірістік қорларды қолданудың тиімділік дәрежесін сипаттайды. Іс-әрекеттің тиімділігіне баға берудің критериі ретінде қарастырылатын жалпылама көрсеткіштің болуы кәсіпорынның қаржылық және экономикалық күйінің толық бейнесін құруға мүмкіндік береді.

Рентабельділік көрсеткіштерінің жүйесіне келесілер кіреді:

•   кәсіпорын активтерінің рентабельділігі;

•   меншікті капиталдың рентабельділігі;

•   сатулардың рентабельділігі  (өткізу);

•   өндірістің  рентабельділігі;

•   өнімнің рентабельділігі.

Жалпы алғанда рентабельділік пайданың 100-ге (%) көбейтілген іс-әрекеттің белгілі бір нәтижесін көрсететін өлшегішке (көрсеткішке) қатынасымен белгіленеді:

R = П / У · 100,  (28)

мұндағы,  У – көрсеткіштің деңгейі.

Нақты мақсаттарға байланысты рентабельділік баланстық, таза және үлестірілмеген пайда бойынша белгіленеді. Активтердің рентабельділігі баланстық және таза пайда бойынша белгіленеді:

Rа = Пб / А · 100

Немесе (29)

Rа = Пч / А · 100,

мұндағы, Пб мен Пч – соған сәйкес баланстық және таза пайда, теңге.

А – кәсіпорын активтерінің шамасы (жылдың басына немесе соңына қатысты, немесе ортажылдық), теңге.

Активтердің рентабельділігі активтерге салынған капитал теңгесіне қатысты алынған баланстық пайданың пайызын немесе активтер теңгесіне есептегенде кәсіпорында қалатын таза пайданың пайызын сипаттайды.

Меншікті капиталдың рентабельділігі кәсіпорынның соған меншіктенушілердің салған әр теңгесінен қанша пайдаға ие болатынын көрсетеді:

Rск = Пнр / Кс · 100

Немесе (30)

Rск = Пч / Кс · 100,

мұндағы, Пнр – кәсіпорынның үлестірілмеген пайдасы;

Кс – кәсіпорынның меншікті капиталы.

Сатулардың (өткізудің) рентабельділігі кәсіпорынның өнімді сатудан түскен әр теңгеден алатын пайданың пайызын сипаттайды:

Rр = Пб / Вр · 100,  (31)

мұндағы, Вр – өнімді сатудан түскен түсім (ҚҚС мен кедендік бажсыз).

Өндірістің рентабельділігі – бұл баланстық пайданың негізгі қорлардың (НҚ) және айналымдағы қаражаттардың (АҚ) орташа жылдық құнының қосындысына қатынасы:

Rпр = Пб / (ОФ + ОС) · 100 (32)

Өнімнің рентабельділігі баланстық пайданың өнімді өндіруге жұмсалатын шығындарға қатынасы ретінде белгіленеді:

Rпрод = Пб / З · 100 (33)

Рентабельді өндірістің шекараларын белгілеу үшін оңтайлық табалдырығының анықтамасын қолданумен, өткізуден түскен түсімді қосынды, сондай-ақ айнымалы және тұрақты шығындармен салыстыруды қолданады.

Рентабельділік табалдырығы – бұл өздері орын алған жағдайда кәсіпорын не пайдаға, не шығынға ие болмайтын, б.а. өнімді сатудан түскен түсім тек шығындардың орнын ғана толтыратындай болатын өнім өндірісі (бұрғылау, өндіру, көліктің, өңдеудің көлемі) мен сатудан түскен пайда. Өнім өндірісін бұдан әрі көбейту кәсіпорынды оңтайлы етіп, азайту – шығынды етеді. Рентабельділік табалдырығы:

ПР = Зпост : (Вр – Зпер) / Вр (34)

мұндағы, Зпост, Зпер – өнім өндіруге жұмсалатын шығындардың тұрақты және айнымалы бөліктері (мұнай өндірісінде шамамен соған сәйкес 65% және 35%).

Тіркелген ренталық төлемдер есептік рентабельділігі сала табыстылығының орташа деңгейінен асатын жекелеген кәсіпорындардың есептік рентабельділігін реттеу мен теңестіруге арналған. Мысалы, мұнай немесе газ қоры үлкен, олардың орналасуы мен пайдалану жағдайлары жақсы болып келетін, өнімділігі жоғары ұңғымалары бар кеніштерді игеріп жатқан  кәсіпорындар осындай болып келеді. Оларда басқа кәсіпорындармен салыстырғанда үлкен қосымша пайда құрылады. Тіркелген ренталық төлемдер жүйесі кезінде кәсіпорынның табысы мемлекеттің пайдасына алынады, бұл саланың барлық кәсіпорындарын бірдей экономикалық жағдайларға қояды. Мұнай өнеркәсібінде бұл төлемдер мұнайдың әрбір 1 тоннасынан тұрақты сомалармен ескерілген. Мысалы, жылына мұнайдың 1002 мың тоннасын өткізу және 1 тоннадан алынатын ренталық төлем 2 теңгеден болған жағдайда тіркелген төлемдердің жалпы сомасы 2004 мың теңгені құрайтын болады. Банкілік несиеге қатысты пайыздардың төлемдері кәсіпорынның несиелерге деген қажеттеріне және мемлекеттің соларды пайдалануға қатысты белгілеген мөлшерлемелеріне негізделумен жоспарланады.

Информация о работе Жоспарлау әдістерінің кәсіпорынға әсер етуінің ерекшеліктері