Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2015 в 10:39, доклад
Зерттеу объектісі: жалпы білім беретін орта мектептердегі педагог-психологтың іс-әрекеті.
Зерттеу пәні: Жоғары сынып оқушыларымен педагог-психолог қызметінің жүйесі.
Зерттеу мақсаты: қазіргі мектептердегі педагог-психолог қызметінің педагогикалық мүміндіктерін теориялық тұрғыда негіздеу және оны тәжірибеде қолданудың тиімді жолдарын белгілеу.
Зерттеу жұмысының нәтижесін кесте бойынша және графикалық тұрғыда көрсеткенді жөн көрдік. Эксперименттік және бақылаушы топтардың нәтижесі төмендегі 4 суретте көрсетілген
(4 сурет)
Эксперименттік топтар
|
Бақылау топтар |
Жоғары сынып оқушыларымен жүргізген педагог-психологтың қызметінің нәтижесі |
|
Жоғарғы деңгей |
2 |
Орта деңгей |
3 |
Төмен деңгей |
4 |
Тәжірибелік – эксперименттік жұмыстарды қалыптастыруға арналған еңбектер мен зерттеулерді саралай, талдай келе сабақтан тыс жұмыстарды жүргізу барысында педагогикалық-психологиялық жұмыстарды жүргізудің мүмкіндіктері қалыптастырылды.
Зерттеу жұмысының бағдарламасы және сол бойынша жасалған әдістеме оқушылардың бойындағы рухани –адамгершілік, кәсіби қызығушылық, мәдени қарым -қатынасты дамытуға ықпал еткені байқалады.
Ғылыми –зерттеу жұмысы негізінде тәжірибелік –эксперименттік жұмыстар барысында жоғары сынып оқушыларына педагог-психологтың қызметінің қажеттілігі ауадай екендігін байқатты, себебі жастық шаққа өту кезеңінде еліктеушілік, кәсіп таңдау, достық, махаббат, сабаққа қызығушылықтың төмендеуі мәселелерінің ызғарына түспей, тез өзіндік шешім қабыдауға бейімдеу мақсатында педагогикалық-психологиялық ой-пікірлерді жүзеге асыруда олардың білім мен тәрбие даңгейінің (алғашқы, дамыту, бекіту кезеңдері) 44 –тен 53- ке өскенін байқадық.
Мектеп пен университет көлемінде жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар барысында оқушылардың танымдық-қызығушылықтарын қалыптастыруда педагогикалық ой-пікірді жүзеге асыруда олардың білімі мен тәрбие деңгейінің (алғашқы, дамыту, бекіту кезеңдері) 44%-тен 53%-ке өскенін анықтадық.
Екінші тарау бойынша тұжырым
Бір қатар халықаралық статистикалық деректерге сәйкес, белгілі бір кезеңде біздің қоғам анағұрлым білімді деп саналды. Біздің зерттеуіміз көрсеткендей, оқушылардың білім алуда ерекше зиялылығы байқалады (зиялылық белсенділіктің әлеуметтік белсенділіктен артық тұруы, вербализм т.б.). Бірақ осындағы қарама-қайшылық мынада, қоғамның интеллектуалдық қорын иеленуші ретіндегі интеллекті мен интеллигенция біздің қоғамымыздағы әлеументті құндылық болған жоқ. Осының салдарынан тұлғада, әсіресе өзін-өзі тануға, өзін-өзі бейлеуге бейім жас шағында интеллект туралы жеке және әлеуметтік құндылық ретінде түсінік болмайды, сондықтан да өз ойлауын саналы түрде жетілдіруге, өзінің интеллектуалдық жұмысын белгілі бір түрде ұйымдастыруға талпыныс жоқ.
Зерттеулер көрсеткендей, студенттер өз көзқарастары тұрғысынан ақылдық маңызды сапасы ретінде рефлексияны атайды. Алайда сауалнамаға ауыл интеллектінің қалаған қасиеттері мен оларды барының ( жоғы немесе дамытуды талап ететін) арасындағы айырмашылықты көрсетуді талап етуде соқушылардың бұл айырмашылықтарды жіктеп бере алмағандары белгілі болды.
Олардың өздерінің интеллектісін қаншалықты қолданатынын айта алмайды және т.б. немесе олардың санасында өзін-өзі танудың мұндай жобасы жоқ. Мектеп оқушылары арасында жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, олардың ата-аналары тарапынан баға алса, интеллектуалдық қабілетінің тез дамитыны белгілі болды, бірақ ата-аналар мектептік жүйе бойынша бағалау (балдық) жүйесін бағытқа алады да, жеткіншекке оның интеллектісінің күшті және әлсіз жақтарын түсінуіне мәнді критериийлерді ұсынбайды. Оқушылардың басқа адам туралы ойлауы саласындағы әлеуметтік-ойлауы ерекшеліктерінде едәуір ақаулар байқалды.
Өз кезеңінде С.Л. Рубинштейн (әлемге, басқаларға, өзіне қатысты), А. Бандура (басқалардың өзіне қарым-қатынасын кіргізетін –атрибутивтік жобалау, жеке сеезіну құрылымында өзгелердің өзіне қатынасын күту), ал, Ж. Пиаже (интеллектідегі операцияның қайтымдылығын басқаның көзқарасы тұрғысынан келу қабілеті ретінде қараған) ұсынған түсінік құрылымына сәйкес үш компонентті біліп қарауға болады (басқаларға, өзіне қатынасы және басқалардың өзіне қатынасын күту- атрибутмвтік жобалау). Эмпирикалық деректер жастардың (соның ішінде болашақтағы төменгі сынып мұғалімдерінде, педагогикалық жоғары оқу орнының студентерінде) санасында көбінесе атрибутивтік жобалаудың жоқтығын көрсетеді. Бұл жобалаудың тұлға санасында болмауы оны басқа адамды қабылдайтын ерекше “органын” –оның іс-әрекеті, оған деген қарым-қатынасы, оның жеке басы туралы болжам жасау мүмкіндігінен айрылады, осының салдарынан басқа адаммен қарым-қатынасты проблемасыз, эмперикалық, стихиялы, теоретикалық және интеллектуалдық бастамалардан айрылған жоспарға айналдырады.
Осы және басқа көптеген сананың ерекшеліктері және оның (тапшылығы) типологиялық түрде көрінді де жекелеген типтерде бірдей деңгейде көрінді, бірақ біртіндей алғанда олар өз кезегінде жекелік және әлеуметтік-психологиялық дамуға кедергі болған әлеуметтік интеллектінің шектеулігін көрсетеді. Диагностикалық зерттеуде бір мезгілде мұндай әдістерді қолдану олардың психология-педагогикалық яғни тұлғаның өзін-өзі тануы мен өзін-өзі дамытуын ынталандыратын әдіс ретіндегі әлеуетті мүмкіндіктерін айқындады. Осылайша, бірнеше тип қатарында жүргізілген типологиялық зерттеулер нәтижелері жөнінен және әдістемелік қоймасы жөнін де жоғары оқу орнында психологиялық қызметінде қолдану үшін мүмкіндіктері бар. Жүргізілген зерттеулерді талқыласақ оқу әрекетінің субъектісі ретінде студенттердің осы іс-әрекеттердің барлық түрлері мен нысандарын ойдағыдай орындауға шамалары әбден жеткілікті. Бірақ та, студенттердің бәрі бірдей бұл мүмкіндіктерін сарқа пайдаланбайды. Мысалы, Арнайы зерттеулер осыған байланысты төмендегідей келеңсіз жағдайларды көрсетіп отыр: Оқушылардың басым көпшілігі дәрістерді жөнді тыңдап, сапалы жазып ала алмайды. Дәрісті пайдаланғанда одан конспекті жасаулары да сапасыз. Оқушының бойына кәсіби жауапкершіліктерді арттыру арқылы ғана өзінің білім деңгейінің сапасын көтере алады деп тұжырымдаймыз.
Сондай-ақ курстық жұмысты орындау бірнеше кезеңдер арқылы жүзеге асады. Жұмысты алдымен оқулықтарды,одан кейін монографиялық әдебиеттерді талдаудан бастайды. Тақырыпты ашу үшін білімді жеткілікті және де тақырыпқа қатысты мәселелерді білуді қажет етеді. Мысалы, құқықтан жасалатын курстық жұмысқа экономикалық мәселелер қатысты болса, керсінше экономикадан (тіпті техникадан) жазылатын курстық жұмысқа құқықтан қатысты мәселелерді тереңдей білуді қажет етеді. Әдеби деректерді қарастырумен бірге тәжірибелік материалдарды да қарастыру керек және де бұл материалдарды курыстық жұмыстың, белгілі бір бөлімінде пайдалану үшін де қажет. Бұл жұмыстың бәрін студент, өзінің ғылыми жетекшісінен кеңес ала отырып өз бетімен жасайды. Жоғарыда аталған студенттің өзіндік жұмыстарды орындауы арқылы оның психологиялық ерекшеліктерінің дамуына да септігін тигізеді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бәрімізге
аян, мектептерде, интернаттарда, бала
бақшаларда кадрлар
Білім
беру саласындағы педагог-
Әр түрлі саладағы, аудандық, қалалық,
аймақтық білім беру
Жұмыс бағытын таңдау, әр түрлі
жұмыс түрлерінің сәйкестігі
білім мекемесінің
психологтар санымен анықталады
Біз зерттеуімізге нысана етіп алған,оқушылардың психологиялық даму ерекшеліктері мәселесін зерттей келе төмендегідей қорытындыға келдік:
философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектерге сүйене отырып, студенттердің педагогикалық-психологиялық даму ерекшеліктерінің мәні мен оның қазіргі кезеңдегі орнын айқындап, онықалыптастырудың мүмкіндіктерді анықтадық;
Оқушылардың педагогикалық-психологиялық даму ерекшеліктерін шет елдік ғалымдардан Н.В. Кузьмина [6], Ю.Н. Кулютк, А.А. Реан, Е.И. Степанова, П.А. Просецкий, Е.М. Никиреев, В.А. Сластенин [7], В.А. Якунин, И.А. Зимняя [8] және т.б. зерттесе, отандық ғалымдар Қ.Б. Жарықбаев [9], С.М. Жакупов [10], З.Ә.Исаева, Г.К. Ахметова, Ш.Т. Таубаева, М.А. Құсайынова және т.б ғалымдарымыздың еңбектерінде қарастырылып, зерттеу мәселесі бойынша басқа да ғылыми еңбектерге талдау жасау арқылы бұл мәселенің ғылыми тұрғыда қажет екенін нақтыладық;
біз зерттеуімізге нысана етіп алған студенттердің педагогикалық-психологиялық даму ерекшеліктерінзерттеуде біршама жұмыстар жасалды. Алғашқы бақылауымыз барысында зерттеушілердің бос уақытын қалай өткізетіндеріне мән бермейтіндігін, университет көлемінде алғашқы курс студенттерімен және жоғары курс студенттерне сабақтан тыс уақыттарда эксперименттік жұмыстарды жүргіздік;
оқытудың дәстүрлі жүйесінде студентке берілетін білім мен білік, іскерлік пен дағдыны меңгеру көзделсе, қазіргі оқытудың жаңа технологиясында бұған қоса әрбір оқушының өзін-өзі дамытып, тұлғалық “Мендік” танымын қалыптастыру өріс алып отыр. Демек, оқыту үрдісіндегі білім беру мен тәрбие бірлігін сақтай отырып, тұлғаға берілген білімнің өмірге үйлесімділігімен қатар, әрбір оқушының дербес ерекшелігін ескеріп, белсенділігіне сәйкес бағдар ұстау негізгі шартқа айналуда. Осыған орай тұлғаның танымдық түсінігін жетілдіруде, оның мотивтік амал—тәсілдерін аша түсу - қызығушылықты арттыруда бірден бір себеп екенін айқындадық;
психология мен педагогиканың іс-әрекет теориясы – таным, ілімі тұрғысынан қызығуға байланысты ұғымдар жүйесінің ара қатынасы, мағынасы ашылды;
Тәжірибелік-эксперименттік жұмысты жүргізе отырып, оқушылардың білім мен тәрбиелік деңгейінің бастапқы дамыту және бекіту кезеңдерін салыстырғанда танымдық қызығушылықтары мен білімдік-тәрбиелік деңгейлерінің өскені байқалды. Сонымен қатар психологиялық ерекшеліктерінің даму себептері: қажет, түрткі, ниет, тілек, ынта, ықылас т.б. қасиеттер танымдық қызығушылықты құрайтыны туралы мәліметтер берілді.
Сонымен қатар оқушылар бойына білім, кәсіп, іскерлік, іс-әрекет, игеру, дағдыны қалыптастыру жолдары да аталып өтілді.
Демек,оқушылардың психологиялық даму ерекшеліктерін қалыптастыруда ізденуіне ілгері еңбектенуі не қаншалықты әсер еткендігі және оның пайымдық жетілдіру жолдары:жаттығу; мшықтану;өзін-өзі әзірлеу;
тұрақтылық және т.б. толықтай қамты
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы //Егемен Қазақстан, 1999, 1 маусым.
Қазақстан Республикасы азамат тарихының жаңа әлеуметтік-әкономикалық мінез-құлқын қалыптастыру тұжырымдамасы. –Алматы:Қазақстан, 1999- 33–40 б.
Қазақстан Республикасы этникалық-мәдени білім дберу тұжырымдамасы. //Егемен Қазақстан, 7 тамыз, 1996 -3 б
Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. –Алматы: Қазақстан, 1994 ,Б.5-37
Набиев Б.Т. Формирование у учащихся позновательного интереса к предмету постсовеиском взаимосвязи урочных и внеурочных занятии. Дисс … канд.пед. наук–Алматы-1998 -146 б.
Тамаев А.Т. Әдебиет сабақтарында жоғары класс оқушыларының оқырмандық қызығушылығын қалыптастыру.Дисс … пед.ғыл.канд. –Алматы-1995 -25 б.
Актуальные психолого-педагогические проблемы обучения и воспитания. Тезисный доклад конференции… - Рига –АГУ- 1979.с17
Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. М.,”Политиздат”, 1975г. с304
Жарықбаев Қ.Б. Психология. –Алматы, 1993- 272 б.
Ананьев Б.Г. Позновательные потребности интересов // Ленинградский гос. Университет-1959.
Ананьев Б.Г. Человек как предмет познания.Л., ЛГУ,1968г.с 339
Жарықбаев Қ.Б. Психология.-Алматы, 2000
Т.Т.Тәжібаев. Абай жастарды тәрбиелеу туралы. Алматы, 1964.
Алдамұратов Ә.А. Қызықты психология. Алматы, “Қазақ университеті”, 1991-112 б
Жарықбаев Қ.Б. Психология. Педучилищелерге арналған. Алматы,”мектеп”, 1982
Жалпы псхология В.В.Богословский, А.А. Степанов, А.Г. Ковалев, редакциясымен. 2-басылымынан қазақ тіліне аударылған. Алматы.:1980
Жүсіпбек А. Психология. Алматы.: 1995 -310б.
ЛихачевБ.Т. ПедагогикаКурс лекций.М.,”Прометей”,1992 с 330
Психология позновательной деятельности // МГУ, М.,197 с 244.
Философиялық сөздік. Алматы, 1996-412 б.
Информация о работе Қазіргі мектептердегі педагог-психологтың қызметі