Қазіргі мектептердегі педагог-психологтың қызметі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2015 в 10:39, доклад

Описание работы

Зерттеу объектісі: жалпы білім беретін орта мектептердегі педагог-психологтың іс-әрекеті.
Зерттеу пәні: Жоғары сынып оқушыларымен педагог-психолог қызметінің жүйесі.
Зерттеу мақсаты: қазіргі мектептердегі педагог-психолог қызметінің педагогикалық мүміндіктерін теориялық тұрғыда негіздеу және оны тәжірибеде қолданудың тиімді жолдарын белгілеу.

Файлы: 1 файл

педагог психолог мани.docx

— 315.91 Кб (Скачать файл)

Сынып жетекшісі өзінің сыныппен жүргізетін жұмысын алдын ала ойластырады. Сынып жетекшісінің жұмыс жоспарын жасау үшін талап ететін қатаң құсқаулар қойылмайды, жоспар бүгінгі таңда жүргізілген жұмысқа алдын ала бағдар сыныпта атқарылатын істің бағдары ретінде де қарастырылады. Жоспар да істелетін жұмыстардың айқын мақсаты, нақты шаралары белгіленуі қажет. Жоспар бір тоқсанға немесе жарты жылға арнап жазылады. Оның кіріспесінде сынып сипаттамасы, оқушылардың жалпы саны, білім деңгейі, үлгерімі, тәртібі бейнеленеді. Сыныптағы бас тәрбиеші ретінде сыныпта сабақ беретін мұғалімдер оқушылардың сабақтарының сапалы өтуіне, дұрыс тәрбие алуына, ата-аналарының бала өмірінің дұрыс ұйымдастыруына басшылық бағдар жасауды сынып жетекшісі ұйымдастырып отырады.

Жастық шақтағы өмірлік жолды тану, меңгеру, сабақтан тыс жұмыстар арқылы білімін жетілдіру проблемасы зерттеудің негізгі міндеттері. Осы орайдан біз жоғары сыныптан студенттік кезеңге өту кезеңіндегі ерекшеліктеріне тоқталып өтейік:

1. Жастық  шақтағы өзіндік сана-сезімнің  ерекшеліктерін үйрену;

2. Сабақтан  тыс уақытын өткізу ерекшеліктерін  ашып көрсету;

3. Жоғарғы сынып оқушыларының  мамандық таңдау, студенттердің  кәсіби бағыттылығына байланысты  жастық шақтағы болашақ өмірлік  жолының көрінісінің және өзіндік  сана-сезімінің ерекшеліктерінің  арасындағы өзара байланыстылықты  үйрету;

4. Жоғарғы  сынып оқушыларының танымдық  қызығушылықтарының деңгейін анықтау;

5. Бірінші  курс студенттерінің танымдық  қызығушылықтарын анықтап, салыстыру;

6. Танымдық қызығушылығын арттыруда  сабақтан, аудиториядан тыс жұмыстар  жүргізу;

7. Жүргізілген жұмыстардан кейін нәтижесін көрсету.

Мектеп  пен жоғары оқу орындары арасындағы  сабақтастықта педагогикалық диагностиканың  ролі зор. Дәлірек айтқанда онда  мына мәселелерге зейін аударылуға  тиіс. Мектепте жүргізілген тәрбие  жұмыстарын университет көлемінде  ұштастыра білсек қана біз  білімі терең, танымдық қызығушылығы  кең, адами қасиеті мол ұрпақ  дайындай аламыз.

Сабақ арасында оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру, шаршаған кездерде бойларын сергіту мақсатында ойындар ұйымдастыруға болады. Ойын дегеніміз – жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын – төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігін, көп білуді, сондай-ақ басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық тиімді әдістердің бірі.

Сондықтан ойынды сабақта, сабақтан тыс уақытта пайдалану  үлкен нәтиже берері анық. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Себебі, бар өнердің бастауы деп білеміз. Ойын – тек жас адамның дене күш қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке т.б. ғана тәрбиелеп қоймайды, оның ақыл-ойының толысуына, жан дүниенің қалыптасуына, есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады.

В.А.Сухомлинскийдің [155,Б.76] сөзімен айтар болсақ “Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ” және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз - ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты.

Ұлы педагог А.С.Макаренко [44,Б. 52] ойынға үлкен мән бере отырып, өзі басқарған мекемелерінде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп отырды. Ойын баланың өмірін қызыққа, қуанышқа бөлеуін қамтамасыз ету үшін ол балалардың ойынға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын тәрбиелейді, - деп қарастырады.

Ойынды зерттеу мәселесімен педагогтар мен психологтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар т.б. әсіресе өнер қайраткерлері түрлі саладағы ғалымдар ерекше шұғылданған.  Танымдық ойындар – тұлғаны ойландырудың тиімді бір тәсілі.

Сыныптағы атмосфераны және сынып құрылымын анықтау үшін әртүрлі анкеталық сұраунамалар, тренниктер және түрлі методикаларды қолдану арқылы білуге болады.

  Мысалы  №138 М. Базарбаев атындағы гимназияның 8 «Б» сыныпбына  педагогикалық-психологиялық сипаттама беріп отырмыз.

 Сыныптағы бақылау нәтижесінде сыныпта өте жағымды атмосфера бар екендігі көрініс тапты. Оқушылар бір-бірімен өте тату, ұлдар мен қыздар арасында бір-біріне деген қарама-қайшылықтары жоқ. Оқушылар өте ұйымдасқан, қажетті уақытта бір-біріне көмекке келеді. Сынып лидері сөзсіз Талипов С.  Сонымен қатар басқа да ұлдар өте белсенді. Олар:  Жорабаев Н.  Ксупов О.  Қызаибеков Н.  Ақтайлақов Е.

Ал қыздарға келетін болсақ өте белсенді Кәдірбекова Г.

Сынып оқушылары кіші топтарға бөлінбейді, көп жағдайда бірге жүреді. Қыздар мен ұлдар деп бөліп алатын болсақ сыныпта жалпы лидерлер ұлдар.

  Сынып жетекшісі жоғары білімді, оқушылар арасында өте беделді.    Оқушылар сыйлайды, қойған талаптарына қарсылық көрсетпейді.   Сыныпта әр түрлі қызықты шаралар ұйымдастыра алады және де сыныпта жағымды аура тудыра біледі.

Оқушылардың білімге деген құштарлығы өте жоғары. Жаңашылдықтарға ұмтылады. Өз беттерінше іздене алады, бірақ тәртіп жағы төмендеу.   Қызықсыз сабақ үстінде шулап кетеді. Жалпы сынып үлгерімі жоғары.    Мектеп бойынша ешқандай тәртіп бұзушылықтары жоқ.  Бірақ    сыныпта       тәіртібі қиын деген оқушы бар  Қалиев Руслан.

  Сынып оқушылары сабақтан тыс әр түрлі қызығушылықтарына байланысты  секция, кружоктарға қатысады. Мектепте өз сыныптарын жақсы жағынан көрсетуге тырысады. Мектептің әр түрлі қоғамдық іс-шараларына белсенді қатысады.

Жалпы алғанда психологиялық әдістемелерге сүйенетін болсақ  сынытағы эмоционалды көңіл—күйі жағымды. Білім деңгейлері өз жастарына сай емес жоғары . Тек қана бір жайт оқушылардың зейінінің шоғырлануы өте төмен.   Әсіресе, Молдабекова Ақбота мен Декелбаева Санияның зейінінің             шоғырлануы өте төмен. Ал ес процесіне келетін болсақ   ол                       орташадан  жоғары.  Сыныптың темпераменті  әр бала мінез-құлқына қарай  әр түрлі,   көпшілігінде  «экстраверт – флегматик»  болып шықты. Сынып оқушыларында тұлғалық үрей деңгейі жоғары, мүмкін ол олардың қазіргі тұрақты емес кезең ,  яғни жас өспірімдік  кезеңге байланысты  болуынан шығар деген көзқарас туындайды. Проективті әдістеме мен өзіндік бағалау    әдістемелерінің нәтижесі бойынша  оқушылардың өзіндік  бағалауы    адекватты, ешқандай ауытқулар көрініс таппайды . Сыныптың ойлау деңгейі    және интеллектісі жалпы алғанда сақталған, ауытқулар көрініс таппайды.

Қорытындылай келе сынып атмосферасы, бір-бірімен қарым-қатынасы,  білім жетістігі, қоғамдық өмірдегі орны,  таным процестері       қанағаттанарлықтай дәрежеде.

Сонымен бірге педагог – психологтар сыныптағы  басқа  оқушыларға  қарағанда  өзгеше  көрінетін  оқушыларды  жеке  алып  зерттеу  жұмыстарын  жүргізіп  бақылауға  алып  отырады. (Қосымша А).

Мектеп оқушылары өздерін бағалай білуі үшін өзін-өзі тану тренингін өткіздік.

«Өзін-өзі тану» тренингі

Мақсаты: Танысу қатысушылардың қандай қажеттілікпен келгенін анықтау. Өз ішкі әлемдерін тануға мүмкіндік туғызу.

Құрал-жабдықтар: Ақ парақ адам санына байланысты бір данадан, магнитофон, әуен.

Ұйымдастырылуы: Қатысушыларды дөңгелек шеңбер тәрізді қалыпта отырғызу. (өз қалауыңызда болады).

Жаттықтырушы: Сәлемдесу, жаңа күн, осы күні өзін тануға шынайы жұмыс деңгейінде бір-біріне кедергі келтірмеуге, ортада біреу сөйлейді ұстанымы бойынша (артық сұрау, қалжыңдасу, қатты күлу және т.б.) өтіледі. Бүгінгі күні жаттығуға дайындықтарын шартты белгілермен көрсетуді өтіну.

А) екі алақанын ашып, жаттықтырушыларға көрсету.

Бұл белгі:  «мен бүгін белсенді жұмыс істеуге дайынмын»

Б)  Екі алақанын өзіне қаратса, «мен бүгін белсенді жұмыс істеуге дайын емеспін» - белгісін білдіреді.

В) егер де бір алақанын ашық, екінші алақанын өзіне қаратса, бұл белгі: «мен дайынмын жаттығуға, бірақ көңіл-күйім онша емес».

Ескерту: Жаттықтырушы сізге, бұл вербалды емес диалог орнына қандай қатынас жасауға, жол табуға іздністі қажет етеді.

Жаттығу №1. «Бүгінгі тренингтен не күтеді», танысу.

Мақсаты: өзін таныстыру жеке бойында ерекшеленіп тұратын, қасиетін анықтауға мүмкіндік туғызады. Есте сақтау қабілетін, зейінділігін анықтау.

Өтілуі: әр қатысушы өз есімінін бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қоса айту.

Мысалы: Айжан – «А» әрпі бірінші әріп. (соған байланысты қасиет: ашық, ақкөңіл, ақжарқын, ақылды, арманшыл) талдан өз ішінен тек, біреуін өзінің бойында аңғаруға болатынын ғана есімімен қоса айту керек. Мен, Айжан ақ көңіл қызбын. Келесі білімгерлер Серік, алдыңғы қатысушына қосып, «Айжан ақ көңіл қыз, ал мен Серік сенімді жігітпін», келесі келетін қатысушы Айжан ақкөңіл қыз. Серік сенімді жігіт, ал мен Мақсат, мейірімді қызбын т.б. осылай жалғасын табады, алғашқы Айжан соңынан бәрін қосып, қайталап шығуы керек. Ескерту: әр қатысушы белсенді, эмоциялды оймен аяқтауын назарда ұстау, түзету дер кезінде қысқа түрде жүргізіліп отыруы қажет.

Жаттығу №2. «Бірақта» сөйлемін аяқтау.

Мақсаты: жылдамдыққа әкелдіру, ұшқыр ойға мүмкіндік беру, мысалы: «мен көп сөйлеймін, бірақ та бұл өзіме өте ұнайды»,

Менің бойым аласа, бірақ та...

Мен  ұялшақпын, бірақ та...

Мен білімгермін, бірақ та...

Мен өлең айта алмаймын, бірақ та...

Мен шаршадым, бірақ та...

Мен бақылау жұмысын екіге жаздым, бірақ та...

Жаттығу№3.

Тапсырманы талап бойынша орындау:

Мақсаты: Екі бірдей адам жоқ, адамдардың жеке ерекшелігіне көңіл білдіру. Құрал-жабдықтар: ақ парақ алдын ала таратылған.

Қатыстырушы: парақты екіге бүктеп, оң жақ жоғарғы бұрышынан кішкене жыртып тастау. Парақты ары қарай бүктеу, тағы оң жақ жоғарғы бұрышынан жырту.

Ескерту: бәріне парақты аштырып қарату, бір-біріне көрсету, ерекше екендіктеріне, бір-біріне ұқсамайтындықтарына аса назар аударту.

Жаттығу №4. «Құқық пен парыз»

Мақсаты: Өзіндегі жаңа бояуды түсіну, өз сана сезімін, жауапкершілігін ала отырып, құқықтың қатынасын білдіру.

Жаттықтырушы: тік тұру, екі қол екі жақта алақан, көз жұмылу. Әр алаңнан сарғыш зат біреуінде парыз сезіміңіз, - жауапкершілігіңіз. Екіншісі- құқық нормалары. Өзіңіз, көзіңіз жұмулы іштей бағалап, өзіңізден сұраңыз қалай қатынасасыз. Сезініңіз, уақыт бар, шынайы тазалауға көңіл бөліңіз, тек өзіңіз үшін керек бұл.

Жаттығу №5. «Ішкі әлем мәні».

Мақсаты: Ішкі әлем мәніне жекелік көз қарасы ішкі әлемін көрсететін сурет салу. Ол табиғат түстер гаммасы, заттар түрлі, оның көлемі, кеңістігі т.б. өзі қағуға түсіру.

Жаттықтырушы: ол неге ұқсайды? Себебі неде? әңгіме шағын жүргізу.

Жаттығу №6. Сөйлемді аяқта.

Мақсаты: Ішкі әлем мүмкіндіктеріне көңіл білдіру.

  • мен су құятын стаканмын, - (сусын қондыруға асығамын)
  • мен әдемі гүлмін, (хан иісті, әлем маған қызығады)
  • мен өлеңмін (жүректерді тербейтін)
  • мен шөппін,
  • мен желмін,
  • мен сезіммін,
  • мен қызық кітаппын,
  • мен теңгемін,
  • мен жасыл жапырақпын,

 

    1. кесте     (қалыптастырушы кезең % есебімен)

 

 

Кезеңдер

 

 

 

Эксперименттік топтар

Бақылау топтары

Гимназия оқушылары

81 мектеп оқушылары

Сұрақ саны

Дұрыс жауап

Жар. дұрыс жауап

Дұрыс емес жауап

Гимназия оқушылары

81 мектеп оқушылары

Сұрақ саны

Дұрыс жауап

Жар дұр. жау

Дұр.емес.жау.

1

Бастапқы кезең 

1190

 

75

 

13

 

40

 

33

 

27

 

70

 

65

113

 

44

 

29

327

2

Дамыту кезеңі

1190

 

75

 

13

 

45

 

35

 

20

 

70

 

65

113

 

45

 

37

220

3

Қалыптас

тыру кезеңі

1190

 

75

 

13

 

58

 

28

 

14

 

70

 

65

113

 

38

 

39

223

Информация о работе Қазіргі мектептердегі педагог-психологтың қызметі