Болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2012 в 09:23, магистерская работа

Описание работы

Зерттеу пәнінің өзектілігі. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында құзырлы орта білім берудің мақсаты ретінде «... терең білім мен кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп көрсетілді.

Содержание работы

Нормативтік сілтемелер …………………...………………………….…...
Анықтамалар, белгілер мен қысқартулар…………………………….. ...
КІРІСПЕ ……………………………………......…………………………….
1 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЯРЛАУ ҮДЕРІСІНДЕ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ........................................................................................................
1.1 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері..................................................................................
1.2 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың қазіргі жай-күйі................................................................................................
1.3 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары................................................................................
2 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.......................................................
2.1 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың мазмұны............................................................................................................
2.2 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастыру әдіс-тәсілдері............................................................................................................
2.3 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар және оның нәтижелері ..........
ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………............
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………...
ҚОСЫМШАЛАР ……………………………………………………………

Файлы: 1 файл

А.Д.Кекілбекова.doc

— 587.50 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

     Қорғауға жіберілді:

«Жалпы психология» кафедрасының

   меңгерушісі, п.ғ.д., доцент 

   ___________Ж.З.Торыбаева

   “____”____________2012ж.

 

 

 

 

 

 

Магистрлік  диссертация 

 

БОЛАШАҚ  МУЗЫКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ  КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

 

 

мамандығы: 6М010300- Педагогика және психология

 

 

 

 

 

 

 

Магистрант      ___________________ А.Д.Кекілбекова

 

Ғылыми жетекші,

п.ғ.д., профессор___________________ Б.А.Оспанова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ТҮРКІСТАН – 2012

 

МАЗМҰНЫ

 

Нормативтік сілтемелер …………………...………………………….…... 

 

Анықтамалар, белгілер мен қысқартулар…………………………….. ...

 

КІРІСПЕ ……………………………………......……………………………. 

 

1  БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЯРЛАУ ҮДЕРІСІНДЕ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ........................................................................................................

 

1.1 Болашақ мұғалімдердің  кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың  педагогикалық негіздері..................................................................................

 

1.2 Болашақ мұғалімдердің  кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың қазіргі жай-күйі................................................................................................

 

1.3 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары................................................................................

 

2  БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.......................................................

 

2.1 Болашақ мұғалімдердің  кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың  мазмұны............................................................................................................

 

2.2 Болашақ мұғалімдердің  кәсіби құзырлылығын қалыптастыру әдіс-тәсілдері............................................................................................................

 

 

2.3 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар және оның нәтижелері ..........

 

ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………............

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………...

 

ҚОСЫМШАЛАР ……………………………………………………………

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Зерттеу пәнінің  өзектілігі. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында құзырлы орта білім берудің мақсаты ретінде «... терең білім мен кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп көрсетілді.

Бүгінгі күнде жоғары педагогикалық оқу орындарында болашақ мамандардың кәсіби тұлғалық қасиеттерін, білімдарлығын, алған білімін өмірде қолдана білуін, оқытудың жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларын қолдану біліктілігін қалыптастыру, яғни оның кәсіби құзырлылығын қалыптастыру мәселесін шешу қазіргі білім берудің көкейкесті мәселелерінің бірі. Бұл аталған мәселенің өзектілігі Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңындағы «ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне тез бейімделіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану» сияқты білім беру жүйесінің міндеттерімен де дәлелді. 

Бүгінгі күні жоғары мектеп сынмен ойлайтын, мәдениетті, демократиялық  құндылықтары мен этикалық қағидалары қалыптасқан, білімді, білікті, мәдениетті қарым-қатынас жасай білетін, ұжымда жұмыс істей алатын, тапқыр, жауапкершілік және ұйымдастырушылық қабілеті бар, шығамашылық тұрғыда үнемі білімін жетілдіретін жаңа дәуірдің мамандарын еңбекке дайындау қажет. 

Мұның өзі болашақ  мұғалімдердің кәсіби дайындығын құзырлылық тұрғыдан қарастыруды талап етіп, оның мазмұнын жаңарту мәселесіне әкеп тірейді. Болашақ маманды дайындау мәселесі қоғам дамуының барлық кезеңдерінде өзектілігін жойған емес. Себебі адамзаттың дамуының әр сатысында қоғамның әлеуметтік-экономикалық міндеттері өзгеріп отырады да, мамандарды дайындау мәселесіне де жаңа талаптар туындап отырады.

Музыка мұғалімінің қызметін зерттеушілер (Б.Д. Асафьев, Е.Н.Михеева, Н.А. Гончарова, Р.С. Сыдықова, Г.Ж. Мамықова және т.б.) [1,2,3,4,5,6] оның күрделі де, көпқырлы екенін атап көрсетеді. Музыка пәні мұғалімінің қызметі педагогикалық, музыкатанымдық, ағартушылық және музыка -орындаушылық, соның ішінде оның құрамдас түрінің бірі болып саналатын хормен жұмыс істеу әрекетін қарастырады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, өзінің ісіне шығармашылықпен қарайтын музыка мұғаліміне педагогика, психология, музыкалық өнер саласынан білім алумен бірге, тұлғаның кәсіби-шығармашылық әлеуетін белсендендіруге, кәсіби - шығармашылық белсенділікке жоғары мотивациялық даярлығын қалыптастыруға, кәсіби дербестікке, әсіресе хормен жұмыс істеу әрекетіне ықпал ететін ерекше тұлғалық қасиеттерді, арнайы білім мен іскерлікті меңгеру қажет.

Алайда, бұның бәріне қарамастан кәсіби құзырлы музыка мұғалімін даярлауға сұраныс бұрынғысынан да артып отыр.

Кәсіби құзырлылықты қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері А.К. Маркова, Н.В. Кузьмина, И.Я.Лернер, В.А. Сластенин, Б.С. Гершунский және т.б. еңбектерінде зерттелген [7, 8, 9, 10, 11]. Бұл жұмыстарда кәсіби-педагогикалық құзырлылық негізінен тұлғаның психологиялық және педагогикалық ғылым салаларындағы білімділігі, ұжымда әлеуметтік құнды жұмыстарды шығармашылықпен жоғары деңгейде жүргізе алатын теориялық және практикалық дайындығы және  білімді ақпараттандыру жағдайында кәсіби тұлғалық қасиеттерін дамыта білу қабілеттерін қамтиды

Шетелдік және отандық  психологтардың, педагогтардың еңбектерін талдау барысында болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастыру әдістемесін қарастыру қажет екендігі айқындалды.

Музыкалық білім мамандықтары болашақ мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың құраушылары болатын  кілттік құзырларды жоғары білім  берудің негізгі мақсаты, әлеуметтік тәжірибе мен тұлғалық тәжірибенің құрылымдық бейнеленуі, сондай-ақ, болашақ мұғалімнің әлеуметтік тәжірибені меңгеруіне, қазіргі қоғамдағы практикалық қызмет пен өмір сүру дағдыларын игеруіне мүмкіндік беретін негізгі іс-әрекеттерінің түрлері негізінде анықталады.

“Құзырлылық” түсінігі өзіне когнитивтік, операциялық-технологиялық ғана емес, мотивациялық, этикалық, әлеуметтік және мінез-құлықтық құраушыларды да біріктіреді.

Құзырлылықтың мағыналық  түсінігін кең тұрғыда анықтау, оны оқыту нәтижесі сапасында  өлшеу мен бағалауды айтарлықтай қиындатады. Бұған А.В.Хуторский келтірген негізгі негізгі құзырлардың мазмұны дәлел бола алады.

Жалпы білім беруде құзырлылық тәсіл (СВЕ) ұстану құзырлылығының жоғарыда ұсынылған түрде қарастырылуы оларды өлшеу мен бағалаудың өте күрделілігі туралы барлық зерттеушілердің пікірлерінің дұрыстығына дәлел бола алады. Сонымен бірге, құзырлылық бағасын адамның жалпы мәдениеті, оның тәрбиелілігі бағасымен сәйкестендіре қою оны ізгілендіру және білім беру сапасын көтеруге байланысты мәселені оңтайлы шешуге мүмкіндік береді.

Оқу үдерісін мүмкіндігінше  сапалы жетілдіру білім беру мен  оқыту үдерісінде арнайы әдіс-тәсілдерді тиімді ұйымдастыруға байланысты. Осындай  өзекті мәселелерде музыкалық білім  мамандықтары болашақ мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың маңызды бағыттарының бірі білім беруде заманауи білім беру технологияларын қолдану арқылы оқыту болып табылады.

Болашақ мұғалімдерді даярлау  үдерісінде кәсіби құзырлылығын қалыптастыруды жетілдіру болашақ мұғалімдердің ғылыми-танымының қалыптасуына, олардың ойлау мүмкіндіктерінің дамуына, мамандыққа даярлығын жетілдіруге үлкен септігін тигізеді.

Осы айтылғандардың барлығы  қарастырылып отырған мәселенің көкейкестілігін білдіреді.

Демек, қазіргі білімге  қойылып отырған жоғары талаптар жағдайында болашақ мұғалімдердің құзырлығын қалыптастыруға деген қоғамның сұранысы мен жоғары оқу орнында болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастырудың жағдайы арасында; болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастыру қажеттігі мен оның бір жүйеде зерттелмеуі арасында; бұл кәсіби құзырлықтарды болашақ педагогтік қызметте кеңінен пайдалану қажеттігі мен арнайы жасалған ғылыми- әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасында қарама-қайшылықтар анық байқалады.

Жаңалығы:

  • кәсіби құзырлықты қалыптастырудың теориялық негіздері айқындалып, «құзырлық», «болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығы» ұғымдарының мәні нақтыланды;
  • болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастырудың қазіргі жай-күйі талданды;
  • болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары айқындалды;
  • болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығы қалыптастырудың педагогикалық технологиясы жасалынып, оның тиімділігі тәжірибелік-эксперимент арқылы дәлелденді.

Практикалық маңыздылығы:

  • болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастыру диагностикасы жасалынды;

- болашақ музыка мұғалімдерінің  кәсіби құзырлығы қалыптастырудың қазіргі жағдайы талданып, технологиясы әзірленді;

Зерттеу нәтижелерін  педагогикалық колледждер мен университеттерде, мұғалімдер білімін жетілдіру мекемелерінде пайдалануға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1  БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЯРЛАУ ҮДЕРІСІНДЕ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Болашақ  мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын  қалыптастырудың педагогикалық негіздері

Қазіргі кезеңдегі  ең өзекті мәселенің бірі – бәсекелестікке қаблетті, еңбек нарығында сұранысқа  ие бола алатындай кәсіби мамандар дайындау. Бүгінгі күні жоғары оқу  орындарының әлемдік өркениетке ұмтылып, дүниеге іргелі ел ретінде  танылып, тәуелсіздіктің тұғырын мінне быйыл 20 жыл берік орнатып отырған Қазақстан Республикасының болашағында білімді, білікті, саналы азаматтар тәриелеу міндеттері қойылған. Бұл міндет білім алушы жастардың шығармашылықтарын арттырып, өздігінен білім алуға және алған білімін іске асыра білуге үйретуді міндеттейді.

Қазіргі әлеуметтік – экономикалық өзгерістер жағдайында біздің қоғамымызда өздігінше шешім  қабылдай алатын және оны жүзеге асыра  алатын әлеуметтік белсенді, шығармашыл тұлғаға сұраныс күшейеді. Осыған орай, әр тұлғаның кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың маңыздылығы да арта түседі. Жоғары дәрежелі кәсіби құзырлы маманның бәсекеге қаблеттілігін арттырады. Өздігінше еркін ойлау қаблеті бар, тәрбие – білім беру үрдісін модельдей алатын, тәрбие беру және білім берудің жаңа технологиялары мен жаңа идеяларын өздігінше іске асыра алатын  болашақ ұстаздың кәсіби құзіреттілігінің деңгейін арттыру – өзекті мәселе, себебі, біріншіден, кәсіби құзіретті мұғалім мектептің тәрбие – білім беру процесінде шығармашыл оқушылардың қалыптасуына дұрыс әсер етеді; екіншіден, өзінің кәсіби қызметінде жақсы нәтижелерге қол жеткізе алады; үшіншіден, кәсіби мүмкіндіктердің іске асуына ықпал жасайды.

Сондықтан, «құзырлық» сөзі «құзыр» сөзінен алынған  туынды сөз екендігіне баса назар аударамыз. Бұл туралы қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде: «құзыр (компетенция) – жалпы алғанда қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау» деп берілген. Ал Қазақстан Ұлттық энциклопедиясында (6 том, 96 б.) «құзырет (компетенция)» – нақты органның не лауазымды тұлғаның заң жүзінде белгіленген өкілеттіліктерінің, құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы деп көрсетілген. Латын тілінен аударғанда «құзырлық – өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі» деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір саладағы құзырлықты меңгерген тұлға өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған қандай да бір негізі бар ой-тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адамды есептеуге болады. Енді осы ұғымдардың мәнін тереңірек талдайтын болсақ, онда «құзыр» – тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберіне қатысты білімі, біліктілігі, дағдысы мен іс-әрекеттері тәсілінің өзара байланысқан сапаларының жиынтығы, ал «құзырлық»–адамның іс-әрекеті саласына сай құзырлықтарды меңгеруі. Бұл екі ұғымды керек болған жағдайда бөліп қарастырады. Мысалы, құзырлық оқушылар дайындығына алдын-ала қойылатын талаптарды, ал құзыреттілік олардың қалыптасқан тұлғалық сапасын және белгілі бір саладағы іс-әрекетке қатысты жинақталған тәжірибесін айтады.

“Құзыр”, “құзырлық” және “құзырлы” түсініктері бұрынырақта тұрмыста, әдебиеттерде кеңінен пайдаланылды, сөздіктерде түсіндірмелері берілді. Мысалы, әдебиеттерде  “құзырлы (лат. competens, competentis қабілетті) – анықталған аймақта жетекші, білуші; өз білімі деңгейінде бір нәрсені шешу немесе талқылау статусы бар” деп анықтама берілген [12].

Құзырлық құзырлары  мәселесі бойынша жұмыстарды талдау (Н.Хомский, Р.Уайт, Дж. Равен және т.б.) шартты түрде СВЕ-тәсілдің (CBE-competence-based education) білім беруде қалыптасуының үш сатысын бөлуге мүмкіндік береді [13, 14, 15]. 

Информация о работе Болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастыру