Болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2012 в 09:23, магистерская работа

Описание работы

Зерттеу пәнінің өзектілігі. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында құзырлы орта білім берудің мақсаты ретінде «... терең білім мен кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп көрсетілді.

Содержание работы

Нормативтік сілтемелер …………………...………………………….…...
Анықтамалар, белгілер мен қысқартулар…………………………….. ...
КІРІСПЕ ……………………………………......…………………………….
1 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЯРЛАУ ҮДЕРІСІНДЕ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ........................................................................................................
1.1 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері..................................................................................
1.2 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың қазіргі жай-күйі................................................................................................
1.3 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары................................................................................
2 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.......................................................
2.1 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың мазмұны............................................................................................................
2.2 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастыру әдіс-тәсілдері............................................................................................................
2.3 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар және оның нәтижелері ..........
ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………............
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………...
ҚОСЫМШАЛАР ……………………………………………………………

Файлы: 1 файл

А.Д.Кекілбекова.doc

— 587.50 Кб (Скачать файл)

 Педагогикалық  қарым-қатынас икемділігі, сөйлеу  техникасы мен мәдениеті (дыбыстау, тыныс алу, дауыс мәнері, дауыс ырғағы, сөйлеу мәдениеті, т.б.), сезім мен қатынастарды мәнерлі көрсетуі (ымдау, пантомимика, мұғалімінің жалпы сыртқы көрінісі), болашақ маманның психикалық жағдайын кәсіби өзіндік реттеуі (өзін-өзі бақылау, шыдамдылық т.с.с.) педагогикалық әртістік шеберлік элементтері болып саналады.

Педагогтың  шығармашылық қабілеттерін, белгілі  актерлық икемділіктерін дамытатын, аудиторияға  жарқын сезімдік және демонстрациялық, эстетикалық әсер  беретін және рефлексия, өзін-өзі реттеу дағдыларын қамтитын музыка мұғалімдерінің педагогикалық әртістік шеберліктерін қалыптастыру, студенттің кәсіби даярлығындағы  кәсіби  құзырлығының міндетті  құрамдас бөлігі.

Музыка мұғалімінің  ғылыми, абстрактілі материалдарға өмірлік құбылыстарды сабақтастыруы, ал ғылыми шешімдерді қоғамдық мәнділік сипатта, одан әлеуметтік  мәселелерді көруі және оны оқытылатын материалға  құнды қарым-қатынасын құру шеберлігі педагогикалық әртістік шеберліктің танылуына,  өнегелі әсер қалыптастыруға негіз болады.

Мұғалім қызметіне  жеке көріністердің байлығы, оқушыларға «икемделу», кездейсоқтық, ашық ұстаным  тән болған кезде, аудиториямен эмоциялы-психологиялық  бірлікке қол жеткізуіне, студенттердің  оқытушымен араласуына, қуанышқа бөленуіне  мүмкіндік береді.

Бірге шығармашылық ету, еңбектену, бірге ойлану атмосферасы  студенттермен бірге шығармашылық әрекет етуге, оқытушымен серіктестікті  қалыптастырады.

Оқу үдерісінде мұғалім мен оқушы арасына  іскерлік байланыстар орнататын, сенім  мен құрметке негізделген аталған мүмкіндіктерді пайдалану, сабақта шығармашылық атмосфераның туындауына, әріптестіктің пайда болуына, мұғалім мен оқушының бірге шығармашылығын қалыптастыруға мүмкіндік береді, өйткені мұғаліммен бірге еңбектену дәрістері мынадай сабақтарды анықтайды, яғни аудиторияда тыныштық, тілектестік жағдай орнайды, ұжымдық сезім, бір-біріне өзара көмегі байқалады, оқушылар белсенді еңбек етеді. өйткені мұғалім оқушылардың өзін-өзі көтеретін, жаңа біліммен, сезіммен, көңіл-күйімен, өзіне және дүниеге қарым-қатынаспен байытылған табыстары мен жеңістеріне тоқталады.

Кәсіптік педагогика – бұл көзқарас, ұстаным, жүйесі, оның өнегелі жағы – «өзара қарым-қатынасты  реттеу, талаптылықты құрметпен үйлестіру, жетістіктерді объективті бағалау, көңіл-күйді түсіну, өзге адамдардың жағдайына күйзелу, өз күшіне сенім білдіру және дер кезінде көмекке қол созу шеберлігінде» [47].

Бірге қызмет ету, оқытушылар мен студенттердің бірге  еңбек ету, мұғалімдер мен оқушылардың  осындай өзара іс-әрекет ету дайындығының өзектілігі келесі факторлармен қамтамасыз етілген:

–  білім  парадигмасы, оның идеалы өзгерді;

– білімнің шынайы мазмұнының оқу жоспарларында, бағдарламалар  мен құралдарда бейнеленген ғылым  элементтеріне сабақтаспауы оқыту  мазмұнында білім мазмұнын өзгертуді қажет етеді;

– оқыту үдерісінің мазмұн диалектикасы мәдениеттердің өзара  іс-әрекеті ретінде ұсынылуы мүмкін болған (әлеуметтік тәжірибе) білім  мазмұны жобаларында оқушы мәдениеті, оның тәжірибесі, білімі, қызығушылықтары, тұлғаның бағыттылығы; педагог мәдениеті, оның жеке тәжірибесі мен білімі; оқыту үдерісінің өзінің мәдениеті (дидактикалық мәдениет) музыка мұғалімі мен оқушылардың серіктестігі, олардың өзара көмекке дайындығы, оларда әңгімелесушіге деген ынтаның болуы.

 Оқыту мазмұны  осы мәдениеттердің қиылысуынан оқыту үдерісінің өзінде, оқушының жаңа біліммен, мұғаліммен, өзімен-өзі диалогында жасалады.

Мұндайда музыка мұғалімі тек «пәнді жүргізуші» ғана емес, сонымен қатар сабақта оның дидактикалық мақсаттарына сәйкес диалог құруға қабілетті адам болуға міндетті. Мұндай диалог – күмән келтіруге, әлеуметтік тәжірибенің әр түрлі элементтерін асыра бағалауға бағытталған пікір-сайыс, айтыс қана емес. Диалог көптеген мүмкіндіктердің пайда болуына жағдай жасайды.

Студенттердің шығармашылық тәжірибесінің объективті бағаланбауынан, ғылым алдында оқушылар тәжірибесінің дәрменсіздігін көрсетіп, оның ғылыми білімге қарама-қарсы қойылуы, сабақта жайлы сезімнің жойылуына әкеледі. Сондықтан оқушы тұйықталып кәсіпке қызығушылығы жойылады.

Қ.Байқуатұлы «Негізгі мақсат әрбір студенттің мүмкіндігіне қарай, оқыту барысында белгілі бір өсу үдерісіне, жетістік дәрежесіне қолайлы шығармалар арқылы, қолайлы жағдай туғызу» дейді.

Яғни, үнемі ізденіс  үстіндегі жұмыс барысы, белгілі-бір  дәрежеде өзінің жемісін көрсетіп отыруы тиіс.

Музыка – келешек ұрпағымызға рухы биік тұлға болып жетілуіне, қоршаған ортаны көркемде әсем қабылдауына, ұлттық мәдени құндылықтарымызды бағалап қастерлеуімізге мүмкіндік береді.

Білім беру мен тәрбиелеу – ақыл-ой мен мәдени дамудың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған үздіксіз педагогикалық үдеріс.

Музыкалық тәрбиенің  алдына қойған мақсаттарын айқын  аңғара білу – 

болашақ музыка мұғалімдері  үшін ең басты міндеттердің бірі болып  табылады.

Музыкалы-эстетикалық  білім беру мен тәрбиелеуде ЖОО  тыс мекемелерде орасан зор рөл атқарады. Кәсіби құзырлы музыка мұғалімінің өзіндік ерекшеліктері мен шығармашыл тұлға болып қалыптасуы басым болары сөзсіз.

Кәсіби құзырлықтың  қалыптасуы мен дамуы – маманның стратегиялық, тактикалық және оперативтік  іскерліктер кешенін меңгерудің, қайраткер ретінде өзіне, кәсіби іс-әрекет нысаны мен пәніне маңызды кәсіби

бағыт берудің  күрделі үдерісі.

Бұл жерде “меңгеру”  деген ұғым “бір нәрсені берік  сіңіре ұсынып, үйрену” деген мағынаны білдіреді [47, б-143]. “Кәсіпті меңгеру” деген ұғым зерттеулерде кәсіби оқыту субъектісі ретіндегі болашақ мұғалімнің іс-әрекетін сипаттау үшін қолданылады. Ал кәсіпті меңгеру пәні кәсіби құзырлық болып шығады.

Кәсіби құзырлықты қалыптастыруда жоғары оқу орны кезеңінің  өзіндік ерекшелігі болашақ маманның кәсіпті меңгерудегі іс-әрекеті алмасып отыратын екі кезеңде өрістейді:

- кәсіби құзырлықты меңгеру кезеңінде болашақ мұғалім кәсіби оқыту үдерісінің басқа субъектілерімен (оқытушы, курстастарымен, өзіндік даму субъектісі ретінде өзімен т.б.) ықпалдасады.

- кәсіби құзырлықты қолдану кезеңінде болашақ мұғалім болашақ маман ретінде кәсіби көмек пен қызметті тұтынушылармен ықпалдасады.

Болашақ мұғалімнің кәсіби құзырлығының қалыптасуы құзырлықты меңгеру мен қолдану кезеңдеріндегі іскерлік үдерісін қамтуы қажет. Сол іскерліктер байланысы оқытушылар мен тәрбиеленушілер арасында өзара ықпалдасу жүйесі арқылы жүріп отырады.

Мұндай ықпалдасу  жүйесінде меңгеру мен қолдану  іскерліктерінің стратегиялық, тактикалық және оперативтік (жедел) компоненттерінің шарттары арқылы болашақ маманның кәсіби құзырлығының қалыптасу үдерісі айқындалады. Соған орай осы компоненттер болашақ мұғалімдердің іс-әрекетінде болашақ маман құзырлығының субъектілік, нысандық және пәндік негіздерін түсіндіруге мүмкіндік туады.

Болашақ мұғалімнің кәсіби білімін кәсіби ойлау мен әрекет ету іскерлігіне толықтай ауыстыру үшін “оқытушы↔кәсіби оқыту міндеті↔болашақ мұғалімдер тобы”, “оқытушы↔кәсіби оқыту міндеті↔болашақ мұғалім”, “болашақ мұғалім↔ тапсырма↔болашақ мұғалімдер тобы”, “кәсіби құзырлықты меңгеруші болашақ мұғалім↔өзіндік жұмыс↔кәсіби құзырлықты меңгеруші болашақ мұғалім” т.с.с. қатынастағы ықпалдастық жеткіліксіз болады. Сондай-ақ, кәсіби көмек пен қызметті қабылдаушы субъектімен кәсіби ықпалдасу үдерісі мен нәтижесінде болашақ мұғалімнің өз білімін қолдану тәжірибесі де қажет. Бұл – кәсіби әрекеттерді орындауға және осының негізінде тиісті кәсіби іскерліктердің қалыптасуына көмектеседі. Осы ерекше үдерістерде болашақ мұғалімнің кәсіби оқыту үдерісінің субъектісімен және кәсіби көмек пен қызметті қабылдаушы субъектімен бірлесе-бөлісе еткен еңбегінің бірегей пәндері жасалады. Сондықтан кәсіби құзырлықтың қалыптасуы мен дамуын психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету кәсіпті меңгерудің әр кезеңінің ерекшеліктерін есепке алғанда ғана мүмкін болады.

Болашақ мұғалімнің қызметтік  ортасы оқу үдерісі болып табылады, сондықтан оқу үдерісіне бейімделу  сапалы білім алу мен мамандық алудың қажетті шарттары болып табылады. Міне сондықтан да, келешек мамандық туралы ақпараттың болмауына жол бермеу керек, оқытудың тапсырмасы келешек мамандығына байланысты мәселелермен болашақ мұғалімдердің ақпарлану деңгейі туралы мәлімет алу болып табылады.

Оқытуды жүзеге асыру оқыту үдерісін ұйымдастырудың әр алуан формаларын білу мен тиімді пайдалануды, оны үнемі жетілдіруді және жаңалауды талап етеді. Кейбір ғылыми-әдістемелік еңбектерде оқыту әдісі ұғымы оқу жұмысының формасының синонимі ретінде өте жиі қолданылады.

Көптеген зерттеушілердің  пікірінше, құзырлық тәсілінің негізгі  идеясы формальді білім беру (мектеп) жүйесінде игерілген білімдер мен біліктіліктер қосындысымен шектелуге болмайтындығында. Ұзақ мерзімдік нәтижеге жету үшін бұл білімдер адамның формальды білім беру жүйесінен тыс жиылған кең спектрлі білімімен байланысты болуы тиіс. Құзырлықтың даму аймақтарына оқу, жұмыс, денсаулыққа қамқорлық, саясат, қоршаған ортаны қорғау, бейбітшілік пен өзара түсіністік қозғалыстары және т. б., ал құзырлықтарды қамтамасыздандыру ортасы сапасында білім беру, кәсіптік даярлық, кешкі және сырттай оқыту, отбасы тәрбиесі, мәдени-ағарту қызметтері айтылады.

Құзырлық тәсілге  бағдарланған мәселелер қазіргі  заманғы білім беру жүйесінің  ертеңгі күнінің сұранысына сәйкес келуі мәселесімен байланысты.

Түрлі    зерттеушілердің     көзқарастарын     жалпылай     келе,   біз   егер

құзырлықтың келесі белгілері бар болса, оны кілттік  ретінде қарастыруға болады деп  санаймыз:

- интегративті  табиғатқа ие, өзіне мәдениет  пен қызметтердің (ақпараттық, құқықтық  және т.б.) кең аумағына қатысты  өзара жақын немесе біртекті  біліктіліктер мен білімдерді таңдайды;

- көпфункциялы, оған ие болу күнделікті өмірдің  түрлі мәселелерін шешуге мүмкіндік  береді;

- түрлі жағдайларда  қолдануға болады;

- айтарлықтай  интеллектуалдық дамуды қажет  етеді; 

- көп өлшемді,  түрлі ақыл-ой үдерістері мен интеллектуалдық біліктіліктерді біріктіреді;

Құзырлық тәсілге  өтуді зерттеуді келесі түрде  жалпылауға болады:

1. Отандық педагогикадағы  білімгерлердің біліктіліктері  мен дағдылары мәселесі саласын  зерттеу аталған термин қолданылмаса  да құзырлар деңгейіне жиі көтерілді. “Пәндік”, “пәнаралық” және “транспәндік” құзырлар бөлінді.

2. Кілттік құзырлар  жасау идеясы жан-жақты қалыптасқан  тұлғаны қамтамасыз ету қажеттілігі  мен уақыт, білімгерлердің жас  мөлшері және мүмкіндіктері бойынша  нақты шектеулер арасындағы белгілі қайшылықтарға байланысты қазіргі қоғам талабына жауап болып табылады. Сондықтан кілттік құзырлар білім берудің нақтыланған мақсаты ретінде ендіріледі.

3. Құзырларды  бақылауға болады, бірақ бағалау  қиын. Құзырларды білім немесе  білік деп атауға болмайды, соңғысы түрлі қалыптасу сатыларында пайда болу формасына қызмет етеді. Бірақ білім мен біліктілікке қарсы қойылған құзырлар қате – бұл тұлғаның бір қалыптасу үдерісінің екі жағы. Құзырлық өзіне білім берудің интеллектуальдық және дағдылық құраушыларын біріктіреді.

4. Құзырлық түсінігі  когнитивтік және операциялық-технологиялық  ғана емес, мотивациялық, этикалық, әлеуметтік және мінез-құлықтық  құраушыларды, оқыту нәтижелерін  (білім және білік), құнды бағалау  жүйелерін, әдеттерді және т.б.  біріктіреді.

5. Құзырлықтар жоғары  оқу орнының оқыту үдерісінде  ғана емес, формальды, формальды  емес және формальдыдан тыс  шеңберде, қоршаған орта ықпалымен  де қалыптасады.

ЖОО-да кәсіби құзырлықты қалыптастыру барысында пайдаланылатын жеке тұлғаға бағытталған технология барлық білім беру жүйелерінде болашақ мұғалімнің жеке басы құндылықтарын, табиғи әлеуетінің жүзеге асуын негізге алады. Бұл технологиядағы болашақ мұғалімнің жеке тұлғасы негізгі болып саналады. Болашақ мұғалімнің жеке басы қандай да бір дерексіз жетістік құралы емес, білім беру жүйесінің негізгі мақсаты болып табылады.

Жеке тұлғаға  бағытталған технологиялардың болашақ  мұғалімді жан-жақты, еркін және шығармашылық тұрғыдан жетілдіру мақсаты  бар. Бұл мақсаттар оқу үдерісінде тұлғаның (болашақ мұғалім пен оқытушының) нақты проблемалары мен жеке тұлғалық даму жағдайларымен тығыз байланысты алғыр және варияциялық болып келеді. Оқытушы екі жүйені органикалық түрде қосуы керек. Олар - пәнді оқыту және болашақ мұғалімдердің жеке тұлғалық шеңберіне қатысты жұмыс жасау.

Жеке тұлғаға  бағытталған білім беру үдерісінің құрылуы болашақ мұғалімнің жеке ортасына деген оқыту кеңістігі  бағыт-бағдарын жорамалдайды.

Оқытудың өзі  әр түрлі деңгейдегі диалогтар негізінде  құралады:

  • Қалыпты диалог деңгейінде (диалог оқу үдерісі қатысушыларының қатынас формасы ретінде);
  • Мазмұнды диалог деңгейінде (меңгеріліп жатқан мазмұнның диалог формасында ұсынылуы);
  • Жеке-мағыналы диалог деңгейінде (диалог құнды-бағдарлы бірлікті анықтау тәсілі ретінде).

Информация о работе Болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастыру