Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2012 в 09:23, магистерская работа
Зерттеу пәнінің өзектілігі. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында құзырлы орта білім берудің мақсаты ретінде «... терең білім мен кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп көрсетілді.
Нормативтік сілтемелер …………………...………………………….…...
Анықтамалар, белгілер мен қысқартулар…………………………….. ...
КІРІСПЕ ……………………………………......…………………………….
1 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЯРЛАУ ҮДЕРІСІНДЕ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ........................................................................................................
1.1 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері..................................................................................
1.2 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың қазіргі жай-күйі................................................................................................
1.3 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары................................................................................
2 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.......................................................
2.1 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың мазмұны............................................................................................................
2.2 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастыру әдіс-тәсілдері............................................................................................................
2.3 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар және оның нәтижелері ..........
ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………............
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………...
ҚОСЫМШАЛАР ……………………………………………………………
Кәсіби құзырлықты қалыптастыру шарттарында топтағы әрбір болашақ мұғалім қарым-қатынас жасау үдерісіне белсенді қатыса отырып, өзін қоршаған ортадан абырой арттыру, назар аударуға қажетті әлеуметтік маңызды қажеттіліктерді қанағаттандырудың нағыз мүмкіндігіне қол жеткізеді. Оқытушы қуаныш, игі ниеттілік, оқу нәтижесінде жеткен жетістіктер мен сенімділікке қанағат сияқты сезімдерге қаныққан қарым-қатынас үндестігін құрады.
Болашақ мұғалімдерде кәсіби құзырлықты қалыптастырудың алғышарты ретінде тиімді әдістеменің болмауын ЖОО құралдарын талдау арқылы түсіндіруге болады. Жүргізілген талдау нәтижесінде қарастырылған кітаптарды қызығушылықтарды ескермегенде, авторитарлық-білімдік тәсілдің басым принциптерін, мүмкіншіліктерін және ЖОО табалдырығын аттағанда кәсіби құзырлық деңгейін іске асырады деген тұжырым жасауға болады. Жоғарыда аталған жағдайларды түсіндіретін мынадай себептерді атауға болады:
Педагогика ғылымында –“педагогикалық шарттар” және “дидактикалық шарттар” деген ұғымдар пайдаланылады. “Педагогикалық шарттар” ұғымы- “қойылған міндетке жеткізуді қамтамасыз ететін оқыту мазмұны және ұйымдастыру түрлерінің обьективті мүмкіндіктері мен оларды жүзеге асырудың материалдық мүмкіндіктерінің жиынтығы” деп анықталады. “Дидактикалық шарттар” ұғымы педагогикалық сөздіктер мен энциклопедияларда да, педагогика мен дидактика оқулықтарында да анықталмаған [48]. Алайда, бұл ұғым әрқандай педагогикалық жарияланымдарда, диссертациялық зерттеулерде жиі қолданылады. Кейбір жағдайларда “дидактикалық шарттар” ұғымымен қатар, белгілі мақсаттарға жету үшін оқу процесінің қосымша мүмкіндіктерін ашып көрсету мағынасында “дидактикалық негіздер” ұғымы қолданылады.
Жоғарыда аталған ұғымдарды пайдалану қажеттілігі оқытудағы жаңа бағыттарды сипаттау талабынан пайда болады. Яғни, педагогикалық эксперимент ретінде жасалатын немесе жоғары мектепті жетілдірудің кезекті қадамы ретінде практикаға ендірілетін оқытудың жаңа жүйесін сипаттау қажеттілігі туады. Қайсыбір оқыту жүйесіне тән дидактикалық шарттарды жан-жақты, терең сипаттау үшін оқыту жүйесінің құрамдас бөліктерін мейлінше толық жіктеу қажет.
“Педагогикалық шарттар” ұғымы педагогиканың пәніне байланысты айқындалады. Педагогика оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттарын, мазмұнын, әдістері мен ұйымдастыру түрлерін қарастырады. Сондықтан “педагогикалық шарттар” ұғымын “педагогикалық мақсатқа жеткізуге арналған мазмұн мен әдіс-тәсілдердің элементтерін мақсатты түрде таңдау, құрастыру және пайдалану” деп түсінеміз.
Біз, өз зерттеуімізде “педагогикалық шарттар” ұғымын болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлығын қалыптастыру жүйесінің компоненттерін мазмұндық жағынан сипаттау үшін пайдаланамыз.
Сонымен, болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлығын қалыптастырудың әдістемелік жүйесін жасауды қамтамасыз ететін педагогикалық шарттар болып:
Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлықтарын қалыптастырудың оңтайлы жолдарының жүзеге асырылуы шығармашылық үдеріс үшін шарттар туындататын оқытудың болымды мотивациясы негізінде ғана мүмкін.
2 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Болашақ
мұғалімдердің кәсіби
Музыкалық білім мамандығы бойынша білім алатын болашақ мұғалімдерге жеке тұлғаға бағытталған тәсілмен кәсіби құзырлықты қалыптастыру тәжірибесіне сүйене отырып, бірінші курстан бастап болашақ мұғалімдердің жеке қызығушылықтары мен музыкаға алдын-ала дайындығын анықтау керек. Анықталатын осы мәліметтер негізінде топты қалыптастырып, оқу бағдарламасын айқындауға болады.
ЖОО-да кәсіби құзырлықты құзырлықты қалыптастыру тәжірибесі рөлдік қарым-қатынастың әлеуетті мүмкіншіліктері мен дұрыс пайдаланылуы туралы тұжырымдарды жасауға мүмкіншілік туғызады.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде осыған орай зерттеу жүргіздік. Мақсат музыкалық білім мамандығы болашақ мұғалімдерінің кәсіби құзырлықтарын қалыптастырудың негіздерін салу болды.
Болашақ мұғалім іс-әрекетінің кәсіби маңызды бағытын қамтамасыз ету үшін және оқу-танымдық, кәсіби-практикалық іскерліктерін қалыптастыру үшін кәсіби құзырлықты меңгеру, жүзеге асыру мен дамыту механизмдері қолданылады. Бұлар кәсіпті меңгеру үдерісінің ішкі әрекеттенуінің сипатын береді. Бұл жерде “механизм” сөзі ауыспалы мәнде, “әлдебір әрекетті, құбылысты айқындайтын күй-қалыптардың, үдерістердің бірізділігі” ретінде, түсіндіріледі. Көрсетілген еңбекте “функционировать” деген орыс сөзі, “әрекет ету, әрекеттену, жұмыс үстінде болу” деген мағынада беріледі, кәсіби құзырлықты меңгеру, қалыптастыру мен дамыту механизмінің жұмысы ретіңде болашақ мұғалімнің кәсіпті меңгеру іс-әрекетінің субъектілік, нысандық, пәндік компоненттерінің бірізді, үйлесімді ықпалдастығы ретінде ұғынылады.
Зертеуімізде
үш негізгі психологиялық-
“Тұрақтандыру” сөзі (лат. сөзі stabilis - тұрақты) сөздіктің түсіндіруінше, белгілі бір шаманы тұрақты күйге келтіру, тұрақтылығын сақтау” деген мағынаны білдіреді. Сонда бұл сөзге “тұрақтану” сөзі балама бола алады. Кәсіби құзырлықты тұрақтандыру деп оның компоненттерін тұрақты күйге келтіріп, іс-әрекетте бекітуді ұғамыз. Тұрақтану механизмінің белгілі бір ізбен жұмыс істейтін бірқатар буыны болады:
а) оқытушы ұсынған, алда тұрған іс-әрекет пен оның нәтижесін болашақ мұғалім ұғынады да, осының нәтижесінде өзінің кәсіпті меңгеруге деген қажеттілігі нақтыланады және нақты жағдайда қажеттілікті анағұрлым толық бейнеленетін түрткі мен құндылық бағдарлар белсенденеді:
1) берілген мақсаттың
бейнелену дәрежесі, оның болашақ
мұғалім іс-әрекетінің
2) айтылған пайымдаулардан
мынадай талап келіп шығады:
кәсіпті меңгеруде болашақ
3) кәсіби құзырлық
қажеттілігі мен оны меңгеру,
қалыптастыру және дамыту
4) осы буынды іске асыру үшін мұғалімге жоғарғы оқу орнында оқыту үдерісіндегі оқу сабақтарының немесе оқу-кәсіби практика кезіндегі әдістемелік сабақтардың дайындық кезеңінің бір бөлігін болашақ мұғалімдер кәсіпті меңгеруге тұлға тұрғысынан мән беруіне арнауы қажет;
5) іс-әрекеттің
құрылуы нақты әрекеттер
6) оқытушы болашақ
мұғалімдерге, олардың кәсіби құзырлығының
деңгейіне лайық іс-әрекет жаса
7) түпкі ниет
жедел мақсатқа жетуге қажет
жабдықтарды қолданғанда
8) оқу үдерісі
кезінде оқытушы болашақ
9) талдау кезінде іс-әрекет барысының объективті және субъективті мәні мен нәтижені тапсырылған, қабылданған мақсаттармен салыстырыла бағаланады.
Алынған субъективтік нәтиже мен оның қабылданған мақсат модельдігі сәйкес келген жағдайда кәсіби құзырлық компоненттері тұрақтанады. Мұндайда оқытушы алдағы тапсырмалар жүйесінде оларға мезгіл-мезгіл айрықша назар аудартып отыруы қажет.
Ал алынған субъективтік нәтиже мен оның қабылданған мақсат модельдігі сәйкестенбеген жағдайда осы құбылыстың себебін іздеу қажет. Ол себеп болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлық компоненттерін бұрыс түсінуі немесе мұғалім іс-әрекеттің барлық кезеңдерінде мұны ескермеуі мүмкін.
Бұл себептер бірінші жағдайда болашақ мамандардың өзіндік рефлекциясына қозғау салу жолымен өз кәсіби құзырлығының параметрлерін анағұрлым терең түсініп, нақтылауы арқылы жойылса, екінші жағдайда оқытушының кәсіби құзырлық деңгейін ескере отырып, болашақ мұғалімдер іс-әрекетін даралай – топтап саралау талабын орындау арқылы жойылады.
Тұрақтандыру
механизмі толықтыру
Зерттеуімізде толықтыру механизмі болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлықты меңгеру, қолдану бағыттылығы және іскерліктерінің маңызын арттыру ретінде қарастырылады. Бұл механизм екі жағдайда қолданылады:
- оқытушы кәсіби
маңызы мол тапсырмалар
тапсырманың ойдағыдай орындалуы дүдәмал болады.
- іс-әрекет барысында жоспарланбаған кәсіби маңызды нәтиже алынады.
Аталмыш психологиялық-педагогикалық механизм буындарында мынадай реттілік болады:
- жетістіктің күткен ықтимал деңгейінен асып кететін үдеріс пен нәтижені айқындау;
- тапсырылған
және қолданған мақсаттарды
Мұнан шығар нәтиже төрт түрлі болуы мүмкін:
- жанама нәтижені субъективтік бағалау нәтижесіндегі әрекеттен бас тарту: мұндайда оқытушы алынған тапсырмалар жүйесінен нәтиженің себебін анықтап, жояды;
- болашақ мұғалімнің
жанама нәтиженің объективтік
құндылығын білуі: оқытушы осы
объективті құндылықты
- болашақ мұғалімнің
нәтиженің субъективтік
- болашақ мұғалімнің жанама нәтиженің субъективтік құндылығын қабылдауы: оқытушы тұрақтандыру механизмі көмегімен келесі тапсырмалар орындауда осы құндылықты өзектендіруі қажет.
Бұл төрт нәтиже, шын мәнінде, кәсіби құзырлықты толықтыру тереңдігінің әр түрлі деңгейін көрсетеді. Толықтыру деңгейінің тереңдігін ескеру стратегиялық, тактикалық және оперативтік міндеттердің негізделген арақатыстығымен қамтамасыз етіледі. Ал, міндеттер кәсіби құзырлықтың жұмыс істеуінің бірінші механизмін қолдану арқылы орындалады.
Толықтыру механизмін қолдану кәсіби құзырлықты дамытады және, осыған орай, трансформациялайды. “Трансформациялау” (лат. transformatio), сөздіктің түсіндіруінше, “өзгерту, айналдыру” деген мағынаны білдіреді [49]. Кәсіби құзырлықты трансформациялау, оның компоненттері параметрлерінің мазмұнын, құрылымы мен ықпалдылығын өзгерту мен қайта құру деп ұғынамыз.
Бұл механизмнің ықпалы болашақ мұғалімдер іс-әрекетін қайта бағалап, одан соң кәсіби құзырлықты меңгеріп, қолдану іскерліктерін өзгертуден көрінеді. Осыдан студенттің кәсіпті меңгеруі немесе күшеюі немесе баяулауы мүмкін. Оқытушы осы тұста жоғарыда көрсетілген басқа екі механизмді іскерлікпен қолданып, кәсіби құзырлықты трансформациялау механизмінің жұмыс істеуінің бағалы негізін болашақ мұғалім бойында қалыптастыруы қажет.
Информация о работе Болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастыру