Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2012 в 09:23, магистерская работа
Зерттеу пәнінің өзектілігі. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында құзырлы орта білім берудің мақсаты ретінде «... терең білім мен кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп көрсетілді.
Нормативтік сілтемелер …………………...………………………….…...
Анықтамалар, белгілер мен қысқартулар…………………………….. ...
КІРІСПЕ ……………………………………......…………………………….
1 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЯРЛАУ ҮДЕРІСІНДЕ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ........................................................................................................
1.1 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері..................................................................................
1.2 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың қазіргі жай-күйі................................................................................................
1.3 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары................................................................................
2 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.......................................................
2.1 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың мазмұны............................................................................................................
2.2 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастыру әдіс-тәсілдері............................................................................................................
2.3 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар және оның нәтижелері ..........
ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………............
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………...
ҚОСЫМШАЛАР ……………………………………………………………
Жалпы білім беруге құзырлылық тәсіл (СВЕ) ұстану құзырлылығының жоғарыда ұсынылған түрде қарастырылуы оларды өлшеу мен бағалаудың өте күрделілігі туралы барлық зерттеушілердің пікірлерінің дұрыстығына дәлел бола алады. Сонымен бірге, құзырлылық бағасын адамның жалпы мәдениеті, оның тәрбиелілігі бағасымен сәйкестендіре қою оны ізгілендіру және білім беру сапасын көтеруге байланысты мәселені оңтайлы шешуге мүмкіндік береді.
Болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастыру үшін қажетті білім, біліктерді игерудегі психологиялық жағынан жасалатын іс-әрекеттеріне байланысты сыртқы және ішкі әсерлерге келесі айтылғандарды жатқызуға болады:
- алға қойылған
мәселені шешуге байланысты
- айналадағы
құбылыстарға байланысты іс-
- жемісті нәтижелерге
жету жолдары немесе басқа
да нәтижелерге жету
- жетістіктерге
қол жеткізуге
- өз дайындығын өзі бағалай алуы;
- күрделі мәселелерді
шешу барысында жинаған
- өзінің дайындық жағдайын басқару деңгейі;
- алға қойған мақсатқа жету үшін тиімді бақылаулар жүргізе білуі және болашақ ісі бойынша тиімді шешімін таба білуі.
Құзырлы маманның білімділігіне қойылатын жалпы талаптар көрсетілген мемлекеттік стандартқа сай анықтала алады. Маманның эталонды моделі ретінде нормативті моделдің негізінде болатын профессиограмма, яғни оның мамандық қасиеттері ұсынылады. Соңғысы кәсіби компонентті және тұлғаға қойылатын жалпы талаптарды және маманның кәсіби құзырлығын анықтайтын мемлекеттік құжатты құрайды. Осыған байланысты «нормативті модель кәсіби оқыту мен тәрбиенің мақсаттарының мазмұнын, қасиеттерді тексеруге қол жететін деңгейге дейін көтеруге мүмкіндік береді. Маманның моделі, егер оның құрылымы қоғам қойған қызметтерді егжей-тегжейлі талдауға және кәсіби шығармашылықтың ішкі құрылымын сипаттауға сүйенсе нақтылана бастайды».
ЖОО-ның түлегі жоғары деңгейдегі кәсіби машықтарды игерген маман бола алмайды, бірақ ол кәсіби жоспарда оның өздігінен жетілуіне жағдай туғызатын құралдарды игеруге тиіс. Маманды қалыптастырудың соңы – оның жеке тұлғасының қалыптасу кезеңіндегі нәтижесі, оның азаматтық позициясының көрінісі, кәсіби қалыптасу кезеңіндегі тұлғасының қалыптасуының жалпы жинағы.
В.А.Сластенин және тағыда басқа зерттеушілер кәсіби дайындықтың келесі компоненттерін ұсынады:
1. табысты кәсіби
шығармашылықтың белгісі (
2. кәсіби бағыттылық,
мамандыққа мазмұнды және
3. кәсіби
дайындық ғылыми-теориялық
Аналитикалық әдіспен кәсіби шығармашылықта қажетті машықтардан бөлек, құзырлық құрылымын анықтаймыз (1-кесте).
Кестеден, кәсіби құзырлықты өз құрылымы бар, маманға өз қызметін тиімді жолмен іске асыруға, сонымен қатар тұлғаның өздігінен жетілуіне және дамуына мүмкіндік беретін тұлғаның интегралды қасиеті деп түсінуімізге болады.
Стандартты дайындықпен тұлғаның жеке дамуы арасындағы қарама-қайшылықтарды шешу мәселесі – әрбір болашақ мұғалімге қоғам қойған әртүрлі үлгідегі міндеттердің жиынтығынан өзін-өзі тәрбиелеу міндеті мен тұлғалық-мағыналық мақсаттары таңдауы негізіндегі жеке тұлға ретінде дамуға мүмкіндік жасайтын қиын, ашық, әрі динамикалық үдеріс болып табылатын тәрбие гуманизациясының жолында жатыр.
Бізге болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлығын қалыптастырудың негізгі бағыттарын бөліп алуға мүмкіндік бар.
Кесте- 1. Кәсіби құзырлық құрылымы
Оқытушының еңбек элементтері |
Педагогикалық іскерлік |
Құзырлық |
Әлеуметтік өзгерістер интерпритациясы және олардық педагогикалық мақсаттар мен міндеттер тіліне аударылуы |
Білім жүйесі іске асатын жетістіктер арқылы тактикалық және стратегиялық міндеттерді анықтау үшін іскерлікті жобалау |
Құзырлықты жобалау
Аналитикалық құзырлық |
Оқу-тәрбие үдерісін құралдандыру, оның әдістемелік ұғымы |
Білімді композициялық жосықтаудың конструктивтік икемділігі |
Ақпараттық (танымдық) құзырлық
Болжамдық құзырлық |
Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру, макро –және микроәлеуметтік ортаның әсерін ескере отырып, сыныптан тыс оқу шығармашылықтарды қолдану |
Басшылықтың ұйымдастырушылық іскерлігі
Оқу үдерісінің субъектілеріне ықпалдың коммуникативті икемділігі |
Ұйымдастырушылық (басшылық) құзырлық
Коммуникативтік құзырлық |
Қол жеткен нәтижені талдау, өз шығармашылығындағы түзетулерді қоса мақсат, міндеттермен байланыстыру |
Өз шығармашылығын нақты бағалау деңгейіндегі гностикалық икемділік |
Аналитикалық құзырлық |
Құзырлық түсінігі адамның санасы мен тәжірибесіне қатысты жаңалықтарды ассимиляциялай алатындай, ал бір жағынан оқу жүйесінің әр баспалдағы, профильі, типі үшін білім талаптарын анықтай алатындай қалыптасу керек.
Құзырлық келесі үш аспектіні құрайды:
осындай жағдайлардағы түсініктің, қатынастың мәдени үлгілері бар контекстте;
жағдайдағы нормаларды, міндеттерді, мақсаттарды тиімді орындау және нақты құру;
Адамда, егер ол кәсіби саланың шегінен шығып кететін жағдайларда құзырлы (жоғарыда айтылған үш аспектіде) болса, жалпы мәдени құзырлық бар дегенді білдіреді. Сонымен қатар, егер кәсіби құзырлықта мәселелі-тәжірибелі аспект басты рөл (бірақ жалғыз рөл емес) ойнаса, онда жалпы мәдени құзырлықта басты рөлді мағыналы және коммуникативті аспект ойнайды.
Негізгі білім нақ сол жалпы мәдени құзырлықты қалыптастыруға бағытталған, сондықтан бұл білім құндылығы арнайы мазмұнды талдауды қажет етеді. Жалпы мәдени құзырлыққа қойылған талаптарды ашайық.
Жалпы мәдени құзырлық саласында жалпы мәдени дайындықты талап ететін жағдайларды анықтау басты нәрсе болып табылады. Оларды сәйкес пән және білім жолы бойынша, бар құндылықтар бойынша, қамтамасыздандыру әлеуметтік институттары және т.б. бойынша әртүрлі негіздермен бөліп, топтастыруға болады.
Білім беру тарапынан
әр ортаның құзырлылығы үшін мәнді,
ең кең мағынада мәдени үлгідегі салыстырмалы
тәуелсіз топтар бойынша салалардың
классификациясы үйлесімді
Әлбетте, мұндай жалпы ұстаным (принцип) салаларды бірден бөліп жармайды, бұл жөнінде көптеген варианттар қалады. Солардың бірі ретінде оларды бөлудің келесі вариантын ұсынамыз: экологиялық, әлеуметтік, гуманитарлық, эстетикалық, тұлғааралық, шаруашылық, рекреативті құзырлық.
Дайындық аспектілері, оларды бөлу жолдары да өте көп:
және объективті тарих);
- теориялық
және нормативті (қазіргі заманғы
ғылыми және философиялық
- мәселелі-тәжірибелі
және коммуникативті. Осылайша, жаңа
формациялы маманға әлеуметті
және кәсіби өзара байланыс
үдерісі кезінде кездесуі
Тұлғалық-бағытталған білімді ұйымдастырудың негізгі жолы «адамның тұлғалық кейпін дамыту мен қалыптастыру үдерісін педагогикалық қолдау». Тұлғалық-бағытталған стратегияның басты ерекшелігі, білімгерге тек білім мен танымдық және тәжірибелік тапсырмаларды шешу жолдарын ғана үйретіп қоймайды, сонымен бірге «ерекше жеке қызметтерді орындау тәжірибесі – іріктеу, мағынасын анықтау, ретке келтіру, әлеуметтік жауапкершілік, креативтілік, автономдық» яғни тұлға болу икемділігі мүмкіндігін беретін мәдени тәрбие ортасын құру болып табылады.
Білім сапасының критерийі ретінде оның нәтижесіне «білімділік» түсінігімен түсініктеме беруге болады. Бұл түсініктің құрылымына келесі компоненттерді кіргізуге болады: әлеуметтік-гуманитарлы білімі кең, әрі терең игеру, мықты тілдік база (шетел тілін меңгеру). Имандылыққа сай мінез-құлық; кәсіби құзырлық, өзін-өзі дамытуға дайын болу.
Білімді адам кәсіби құзырлы болуға, яғни маман болуға тиіс. Бұл терминнің мазмұны жоғары білімді мамандарды көп деңгейде дайындау үдерісі басталғаннан бері өзекті болып келеді.
Маман – арнайы еңбектің бір түрімен кәсіби айналысып жүрген адам.
«Білім маманы
– ол ғылымдарды (жалпы мәдени,
арнайы, кәсіби) және білімгерді индивид,
тұлға ретінде дамытатын ғылыми-
Білім саласындағы, әлеуметтік-гуманитарлық мамандықтар саласындағы маман кәсіби маңызды және әлеуметтік маңызды құзырлықтарды меңгеруі тиіс.
Отандық білім жүйесі үшін «құзырлық» термині жаңа болып табылады. Шетелдік педагогикада, ол білім беруді индивидуализациялау қажеттілігімен байланысты туды. Құзырлықты дамытудың басты идеясы, формальды оқу жүйесінде алған машықтар мен біліммен шектеліп қалуға болмайтындығынан тұрады. Нағыз тиімділікке жету үшін, бұл білім адамның формальды білім жүйесінен тыс алған білімімен байлануы тиіс. Құзырлық басқа қызметтердің бәрінде қалыптасады. Құзырлықты қалыптастырудың жолдары білім, кәсіби дайындық, жанұя тәрбиесі, үздіксіз білімнің мазмұнын құрайтын әлеуметтік-мәдени іскерлік. Яғни құзырлықтар – өзгермелі заманда шешім қабылдау үшін қажетті білім мен қабілет. Құзырлықты қалыптастыруға бағытталған білім беруді ұйымдастырудың негізгі идеясы, қайталаулар мен паралельдіктен алшақтау үшін түрлі пәндердің интеграциясында қамтылған.
Құзырлық біліммен де, икемділікпен де жанаспайды. Құзырлы болу – нақты жағдайда алған білімі мен тәжірибесін мобилизациялай алу қабілеті. Нақты жағдайсыз құзырлық болмайды, тек потенциальды мүмкіндіктер бар.
Болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастыруды біз жоғары педагогикалық оқу орындарында болашақ мамандарды даярлау сапасын жетілдіру міндетін шешу мағанасында қарастырамыз. Жоғары оқу орындағы білім беру сапасына деген назардың жоғарлауы білім беру саласындағы реформаларға тікелей байланысты болып отыр. 2001, 2004, 2006 жылдарда дайындалған Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын талдай отырып, оқу процесінде шығармашылыққа сұраныстың барлығын айқындауда тұлғаның кәсіби – шығармашылық белсенділігін дамытудың тиімді құралы ретінде, болашақ музыка мұғалімдерінің дамуындағы өзара байланыс және өзара тәуелділік проблемасына зерттеушілердің түрлі жолдарын қарастырдық.
050106 – Музыкалық білім
мамандығы бойынша бакалавр
Біз студенттердің кәсіби құзырлығын қалыптастыруда болжамдық әдістемелерді таңдаған кезде осындай талаптарды ескердік. Кәсіби құзырлық – біртұтастылығымен, жүйелілігімен және сәйкестілігімен анықталады: жалпы кәсіби, содан кейін тереңдетілген кәсіби даярлау.
Информация о работе Болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастыру