Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2012 в 09:23, магистерская работа
Зерттеу пәнінің өзектілігі. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында құзырлы орта білім берудің мақсаты ретінде «... терең білім мен кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп көрсетілді.
Нормативтік сілтемелер …………………...………………………….…...
Анықтамалар, белгілер мен қысқартулар…………………………….. ...
КІРІСПЕ ……………………………………......…………………………….
1 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЯРЛАУ ҮДЕРІСІНДЕ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ........................................................................................................
1.1 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері..................................................................................
1.2 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың қазіргі жай-күйі................................................................................................
1.3 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары................................................................................
2 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.......................................................
2.1 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың мазмұны............................................................................................................
2.2 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастыру әдіс-тәсілдері............................................................................................................
2.3 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар және оның нәтижелері ..........
ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………............
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………...
ҚОСЫМШАЛАР ……………………………………………………………
Аталған
технологиялық даярлау
Біздің зерттеуіміздің мақсаты – болашақ музыка мұғалімінің кәсіби ұзырлығының қалыптасуына әсер ететін негізгі факторларды анықтауда және осының негізінде музыка мұғалімі мамандығы бойынша студенттерді оқытуда арнайы педагогикалық жүйені жасау және енгізу келесі міндеттерді алға қойып отыр:
Зерттеудің
осы бағыты жұмыстың негізгі тәсілдерін
таңдаумен эмпирикалық
Біздің зерттеуде пайдаланылған барлық тәсілдерді үш топқа бөлуге болады: 1) ұйымдастырушылық,
2) эмпирикалық;
3) мәліметтерді өңдеу, жүйелеу тәсілі.
Ұйымдастыру тәсілі зерттеудің барлығына қатысты және оның жалпы стратегиясымен бағытын анықтайды. Біз, салыстырмалы принципті ұйымдастырудың түрі ретінде пайдаландық.
Зерттеуде біз, кәсіби құзырлығы әр түрлі деңгейдегі музыка мұғалімі тұлғасын салыстыру, әртістің жоғарғы деңгейдегі мәдениетінің қалыптасуына әсер ететін факторлар мен жағдайларды талдау талап етілді.
Зерттеуде біз, обсервациялық (рейтинг, өзін-өзі бағалау), диагностикалық (тесттер, анкеталар), эксперименттік және праксиметриялық (контент-талдау) тәсілдерді қолдандық.
Бұл тәсілді жанама бақылау тәсілі деп атайды. Біз рейтингі жоғары оқу орындарының студенттерінің кәсіби құзырлығының қалыптасу деңгейін анықтау үшін пайдаландық.
Өзін-өзі
бағалау тәсілі зерттеудің
Б.Т.Ананьевтің көзқарасы бойынша «өзін-өзі бағалау адамның танымды қызметінің дамуының ең күрделі өнімі» болып табылады [40].
Өзін-өзі бағалау оның шынайылығына байланысты және оны көпшіліктің бағлауына сәйкес қалыптасады.
Өзін-өзі бағалауда адам белгілі қасиет пен әрекет арқылы қайсыбір ерекше құндылық қатынасында өзін-өзі көрсетеді.
Біз, өзін-өзі
бағалауды болашақ музыка мұғалімі
мамандықтарындағы
Экспериментті тәсілдер тобынан біз, анықтаушы және қалыптастырушы эксперименттерді пайдаландық.
Педагогикалық
эксперименттің негізгі
Жоғарғы оқу орындары жағдайында болашақ музыка мұғалімі мамандықтарындағы біз ұсынған педагогикалық жүйе мен жоғарғы оқу орындарын бітіруші студенттердің кәсіби құзырлығының қалыптасу деңгейі арасындағы тәуелділікті анықтау үшін қалыптастыру экспериментін қолдандық.
Біз, сауалнаманы болашақ музыка мұғалімі мамандығындағы студенттердің жұмыстарындағы ерекшеліктерін, оның кәсіби қызметінде атқарылатын қызмет сипатын анықтауға қолдандық.
Ұжымдағы әлеуметтік-
Сауалнама екі вариантта құрылды: оқытушылар, студенттер үшін.
Студенттер үшін жасалған сауалнамаға болашақ кәсіпті таңдау себептері, болашақ кәсіби қызметінің сипаты мен ерекшеліктері туралы мәлімет деңгейіне бағалау сұрақтары енді.
Осы сұрақтар көмегімен біз, студенттердің кәсіптік бағыттылық деңгейін анықтауға тырыстық.
Біздің зерттеуде,
сонымен қатар, студенттердің кәсіби
құзырлықтарын әртүрлі
Негізгі ғылыми
болжамынан біз, кәсіби құзырлықтың
деңгейі мен мәдениеттің
А.А.Ершов тұлғааралық субъективті факторларының арасында ситуациялық бөлуді ұсынады. Біріншісіне адамның сәйкес психикалық жағдайы (қанағат алмауы, шаршауы, өзіне деген әділетсіздікті сезінуі), соңғысына тұлғаралық қарым-қатынастағы қиыншылыққа әкелетін тұлғаның тұрақты қасиеті жатады [41].
Болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығының қалыптасу деңгейінің көрсеткіштерінің бірі, біздің көзқарасымыз бойынша ол ұжымындағы әлеуметтік-психологиялық климаттың сипаты.
Әлеуметтік-психологиялық климат көңіл-күйде, ұжымның ойында, дәстүрінде, ұжымның нормасы мен мүдделерінде, жеке сезіммен өмір сүру деңгейі мен тұлға қызметін бағалауда, оның эмоциональдық күйзелісінде топтық жерлерде көрінетін интегративті қасиет болып табылады.
Ұжымдағы әлеуметтік-
Осы әдістің
авторларының көзқарасы бойынша
әлеуметтік-психологиялық
Кәсіби құзырлықты қалыптастырудың 4 компонеті құрылымына сәйкес, сауалнамада ұжымға деген адамның іс-әрекеті, негативті, эмоционалды жақтары ерекшеленген.
Сандық мәліметтерді өңдеу үшін біз, тәсілдердің үшінші тобын – корреляциялық және факторлы талдау арқылы көрінетін статистикалық өңдеу тәсілдерін қолдандық.
Корреляциялық талдау деп, кездейсоқ құбылыстар жүйесінің құрылымдық ерекшеліктерін анықтауға бағытталған тәсілдер тобын айтамыз.
Бұл жерде құрылым
психологиялық-педагогикалық
Зерттеуде қолданылған тәсілдер жүйесі мәселені терең зерттеуге мүмкіндік берді.
Демек, болашақ
музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын
қалыптастырудың теориялық
Қызмет тәсілдерімен,
сезім мен қарым-қатынасты
Бұл үшін болашақ музыка мұғалімдері бір қатар ерекшеліктерді игеруі тиіс, олардың арасында маңызды кәсіби ерекшелік ретінде кәсіби құзырлықты меңгерген музыка мұғалімдерінің орны бөлек, ол студенттердің қарым-қатынасы мен құндылығына ықпал етуге, олардың шығармашылығына түрткі болуға қабілетті.
Болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын дамыту үшін қызметтің жеке стилінің базалық ерекшеліктерінің қалыптасу кезеңі өте қолайлы.
Алайда, бүгінгі таңда музыка мұғалімдерінің шығармашылыққа даярлығы жеткіліксіз қалыптасу салдарынан туындап отыр.
Болашақ музыка мұғалімдерінің эмоциялы мәдениетін дамыту, өзін-өзі реттеу әдістерін меңгеруі, ерікті зейіннің, сезгіштіктің т.б. дағдыларын дамытуы сияқты бағыттарда мақсатты түрде мұғалімнің педагогикалық шеберлігін кәсіби даярлығын жетілдіруде педагогикалық әртістік шеберлік мүмкіндіктерінің тәжірибесіне жүгінуі (актерлық мәнерлілік құралдарын, аудиторияның көңіліне ықпал ету әдістерін меңгеру, өз әрекеттерінен тыс мәселе қою және шешу икемділігі т.б.) маңызды болып табылады.
Болашақ музыка мұғалімінің материалды және рухани құндылықтарды көрсетуі мен тұтынудағы оны өткізу мен шығармашылық қызметінің тәсілдері оның маңызды сапаларының дамуының жоғарғы деңгейін көрсетеді.
Кәсіби құзырлық музыка мұғалімінің жалпы мәдениетінің маңызды бір бөлігі. Ол педагогикалық шеберлік үдерісі мен нәтижелерін, таным, қабілет пен қажеттіліктің қалыптасу деңгейін, сонымен қатар олардың іс-әрекетте белсенді көрінуін сипаттайтын тұлғаның интегралды әлеуметтік қасиетін көрсетті.
Болашақ музыка мұғалімдерінің
кәсіби білім білігін кез-
Сондықтан
ол, музыка мұғалімінің кәсіби
мәдениетінің құрылымын
Болашақ музыка кәсіби құзырлығын педагогикалық шеберлікпен ұштастырып, оның кәсібіне және психологиялық-педагогикалық біліміне, іскерлік пен кәсіби қызметін жүзеге асырып, әріптестерімен және жоғарғы басшылармен тиімді өзара кәсіби байланыс бағыттылығын сипаттайтын тұлғалық қасиеттер жиынтығының болуын қарастыратын кәсіби маңызды қасиетін анықтауға, қалыптастыруға мүмкіндік береді.
1.3 Болашақ
мұғалімдердің кәсіби
Болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығының мазмұны мен құрылымын анықтау үшін, алдымен «кәсібилік» ұғымының мәні қарастырылды. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді зерттеу «мұғалімнің кәсібилік» ұғымының әртүрлі анықталатынын көрсетті. Оның себебі, кәсібиліктің деңгейлерінің бірнешеу болғандығы. Атап айтқанда: мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру, кәсібилік қалыптасу стадиясы (педагогикалық жоғары оқу орындарындағы студенттер), кәсібиліктің даму стадиясы (жас мұғалімдер), кәсібиліктің жетілу және өзін-өзі жетілдіру стадиясы.
Педагогикалық кәсібилік мұғалім мамандығымен байланысты болғандықтан, оны педагогикалық іс-әрекет, мұғалімге қойылатын талап және оның дайындығы аумағында қарастыруға болады. «Кәсібилік» ұғымы сөздіктерде және энциклопедиялық басылымдарда бұрын болмағанын, болса да оны мағынасы жақын сөздермен ауыстырғаны белгілі болды.
Үлкен совет энциклопедиясында «кәсібилік – белгілі бір мамандыққа сай қолданылатын сөз», «кәсіби дайындық – нақты бір іс-әрекет аумағындағы жұмысты орындауға қажет арнайы білім, білік және дағды жиынтығы».
Педагогикалық энциклопедияда «кәсіби дайындық – нақты бір мамандық бойынша жұмысты жемісті орындау мүмкіндігін қамтамасыз ететін арнайы білім, білік және дағды, сапалы еңбек тәжірибесі және тәртіп нормаларының жиынтығы» ретінде қарастырылады.
Болашақ маманды дайындау мәселесі қоғам дамуының барлық кезеңдерінде өзектілігін жойған емес. Себебі адамзаттың дамуының әр сатысында қоғамның әлеуметтік-экономикалық міндеттері өзгеріп отырады да, мамандарды дайындау мәселесіне де жаңа талаптар туындап отырады
Студенттердің кәсіби дайындығы – нақты бір пән бойынша сабақ беруді қамтамасыз ететін арнайы білім, білік және дағды, сапалы тәжірибе және тәртіп нормаларының жиынтығы. Болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындаудағы меже оның кәсіби құзырлылығын қалыптастыру. Осыдан мұғалімдердің кәсіби дайындығын құзырлылық тұрғыдан қарастыру қажеттігі туады.
Құзырлылық көп мағыналы және кешенді ұғым болғандықтан, философия, педагогика, экономика, психология және т.б. ғылымдардың зерттеу объектісі.
Ғылыми әдебиеттерде «құзыр» терминінің мағынасы тек білім жиынтығынан басқа, іскерлік деңгейі және білімді практикаға қолдана білу тәжірибесін білдіреді. Әртүрлі авторлардың «құзырлылық» ұғымына берген анықтамаларын пайымдау арқылы «құзырлылық – маманның іс-әрекетін тиімді жүргізуге қажетті, құрамына кәсіби және арнайы білім, білік, дағды, кәсіби ынталық енетін тұлғалық қасиеттер» екені айқындалды.
«Кәсіби құзырлылық» және «кәсіби-педагогикалық құзырлылық» ұғымдарының түсініктік аппараты 1-кестеде келтірілді.
Ю.В.Койнова, кәсіби-педагогикалық құзырлылықты «әрекеттенуші жеке субъекттің біріккен сапалы мінездемесі, тұлғаның сол іс-әрекетті орындауға дайындығы» деп анықтады. Бұл анықтамамен толық келісе отыра, «педагогикалық іс-әрекетке дайындық – әдістемелік құзырлылық құрамының компоненттерін қалыптастыру жолында педагогикалық мамандыққа, үздіксіз кәсіби және тұлғалық дамуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, оқыту мен тәрбиелеудің авторлық технологиясын болжамдауға және жобалауға бағыттайтын қозғаушы күш», - деп тұжырымдалды [43].
Информация о работе Болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастыру