Болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2012 в 09:23, магистерская работа

Описание работы

Зерттеу пәнінің өзектілігі. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында құзырлы орта білім берудің мақсаты ретінде «... терең білім мен кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп көрсетілді.

Содержание работы

Нормативтік сілтемелер …………………...………………………….…...
Анықтамалар, белгілер мен қысқартулар…………………………….. ...
КІРІСПЕ ……………………………………......…………………………….
1 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЯРЛАУ ҮДЕРІСІНДЕ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ........................................................................................................
1.1 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері..................................................................................
1.2 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың қазіргі жай-күйі................................................................................................
1.3 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары................................................................................
2 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.......................................................
2.1 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың мазмұны............................................................................................................
2.2 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастыру әдіс-тәсілдері............................................................................................................
2.3 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар және оның нәтижелері ..........
ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………............
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………...
ҚОСЫМШАЛАР ……………………………………………………………

Файлы: 1 файл

А.Д.Кекілбекова.doc

— 587.50 Кб (Скачать файл)

Түйсік ақпаратты  өңдеу барысында екі жақты  әрекетті орындайды: қандай жүйе басымдық рөл атқарады және сол үшін қандай мақсат қойылады. Мысалы, графикалық ақпаратты  өңдеуде түйсік образды және вербальды  кодтау жүйесі ретінде қатысады, бірақ, образды жүйенің әсері жоғары болады. Ал, мәтіндік ақпаратты өңдеуде, керісінше, вербальды кодтау жүйесі басым болады да, образды жүйенің әсері аз болады. Абстрактілі ақпаратты өңдеуде толығымен вербальды жүйе қолданылады, образды жүйе әрекетсіз қалады.

Қабылдауда  олар мида тұтастай зат күйінде бейнеленуі үшін түйсікте заттар мен құбылыстардың  жеке сапалары мен қасиеттері сәулеленуі тиіс. Заттардың және құбылыстардың  формасы, дыбысы, дәмі, иісі, т.с.с. қасиеттері тұтас күйінде қабылдауда толық бейнеленеді. Қабылдау – түйсіктегідей бір анализатордың ғана емес, бірнеше анализаторлардың бірлескен әрекетінің нәтижесі. Мәселен, студент сабақта көрсетілген бейне мәліметті көру және есту анализаторларының өзара байланысып жұмыс істеуі нәтижесінде қабылдайды. Қабылдау ерікті және еріксіз болып екіге бөлінеді. Еріксіз қабылданған ақпараттың 24 сағаттан кейін 50 %-ы ұмытылады екен. Студенттің оқу материалын өз ықтиярымен қабылдауы, оның зейінін аударуына байланысты. Зейін аударуды сенсорлық (көрінетін, естілетін) немесе ойлау оқиғаларына ақыл-ой, күш-жігерін шоғырландыру негізінде анықтауға болады.

Студенттерге  табиғат пен қоғам жөнінде  ғылымда жинақталған білімді  меңгертуді, сол білімді өзінің күнделікті өмірінде дұрыс пайдалана алатын іскерлік, дағдыны қалыптастыруды оқыту үдерісінің басты мақсаты деп тануға болады.

Ұғым, пікір, ой секілді танымның логикалық формалары  арқылы ебдейлік, ал, танымның іс-әрекет секілді практикалық формасы  арқылы дағды қалыптасады десек, танымның түйсіну, қабылдау, елестету сияқты сезімдік формалары арқылы білім меңгеріледі.

Педагогика  және психология жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктеріне және оған негізделген  адамның қабылдау психологиясына сүйене отырып тұжырым жасайды: оқу материалын ұсыну барысында меңгерудің жоғары сапасына оқытушының сөзі мен көрнекі түрде берілетін бейнені тікелей ұштастырудың нәтижесінде қол жеткізуге болады.

Психологияда  жиі үдерістердің екі топқа бөлінетіндігі  айтылады, яғни танымдық үдерістер  және жетістікті үдерістер. Оқу-танымдық және ғылыми зерттеу қызметтеріндегі (жемісті ретінде және шығармашылық сипатта) бірінші топқа ішкі себептер жатады, екінші топқа мақсатқа жету үшін студенттердің оқу танымдық іс-әрекеті жатады. Бірінші жағдайда студентті оқу-танымдық және ғылыми зерттеу қызметі үдерісінің өзі қызықтырса, екіншісінде сол жеткен жетістіктеріне қандай баға берілгендігі жайлы қызығушылық туады.

С.М.Ковалеваның  еңбектерінде келесі топ себептерін ерекшелеп ұсынылады: мамандық таңдау кезіндегі бірінші оятушы себебі оған деген қызығушылық, “қалаймын” түсінігімен айтылатын белгілі бір іспен шұғылдану қажеттілігі; екінші міндетті талап “істей аламын” түсінігі болуы мүмкін; үшінші маңызы аздау “керек” деген ұғым пайдаланылады [37]. 

Жеке тұлғаның ішкі бағытын анықтаушы жетекші  үдерістер жүйесі қазіргі заманғы психологиялық-педагогикалық ғылымдардағы педагогикалық қызметті табысты шешу деңгейінде жатыр.

Студенттің  жеке басының кәсіби іскерлігі мен  бағыт деңгейлерінің арасындағы жан-жақты байланыстың бар болуы  тиіс.

Кәсіби мәнді  себептер жүйесінің қалыптасуы - кәсіби дайындық үдерісінде оқыту технологиясына ынталандыруды пайдалану жағдайында қатаң түрде ойластырылған мұғалімнің кәсіби белсенділігін қалыптастырушы стратегияға бағытталғандығында”.

 Оқу іс-әрекетінің  нәтижелілігі көбінесе құрастырушы  себептер жүйесіне бағытталғандығымен анықталады. Бағытталуға жүйе құрушы ретінде түрлі себептер болуы мүмкін, оның ішінде білімге қатысты сол немесе басқа көріністер бар. Кейбір жағдайларда білім беру оқыту мақсаты ретінде, ал басқасында – кәсіби құрылым құралы ретінде, үшіншісінде – жеке тұлғаның сәттілігі үшін қажет құрал ретінде және т.б. болуы мүмкін.

Зерттеулер  нәтижелерін талдау, музыкалық білім  мамандығы студенттері арасында өз мамандығына жоғары баға беру мен  оған деген дайындық құштарының төмендігіне  орай қарама-қайшылық туатындығын көрсетеді.

Педагогикалық қабілеттілік және мамандық таңдау мен  мотивтің арасындағы байланысты негізінде  бастапқы мотиві мұғалімнің жеке тұлғасының қалыптасуын анықтаушы болып  табылмайды, сонымен қатар қабілеттілік педагогикалық қызмет барысында дамиды. Демек, студенттердің оқыту мотивінің қалыптасуына әсер етуші факторлар: сабақ мазмұны, оны оқыту технологиясы, оқытушының жеке басы, студенттік ұжым арасындағы өзара байланысы, қол жеткізген нәтижелері.

Студенттің  алға қойған оқу қызметі нәтижесінің қомақты болуына оқыту мотивінің күші мен сипаты ықпал етеді. Сонымен қатар, студенттерді көбіне зерттеу барысының, шығармашылық қызметке тікелей байланысы қызықтырады.

Ю.Н.Кулюткина [38] ұсынған кәсіби-педагогикалық рефлексияны “студент-оқушы” - жазықтығына ауыстырып, біз кәсіби-педагогикалық рефлексияның студенттің оқушылармен практикалық жүйеде араласу үдерісі, яғни студенттің өз ойын жүйелеп бағыттап және оқушылардың іс-әрекеті мен сезімдерін дұрыс түсінуге тырысуы; оқушы қызметін жобалау үдерісінде оның педагог ретінде оқыту мақсаты мен жеткен жетістіктерін талдап сараптауы және оны оқушы ерекшеліктері мен даму мүмкіндіктерін ескере отырып жасауы; студенттің өз жұмысын өз бетінше талдауы мен өз бетінше баға беруі арқылы көрінетіндігін байқаймыз.

В.В.Давыдовтың [39] жетекшілігімен жүргізген психологиялық зерттеулер теориялық ойлаудың келесі құраушыларын көрсетті: теориялық талдау, жоспарлаудағы мазмұнды рефлексия. Егер эмприкалық талдау бүтінді бөлшектеп талдау мүмкіндігімен берілсе және салыстыру кезінде пән мен құбылыстарда ұқсас қасиеттер байқалса, онда теориялық түрде кейбір бүтін немесе сыртқы бөлулер мен маңызды емес ерекшеліктеріне қатысты генетикалық негізгі көріністерді береді.

Эмоция педагогикалық  қызметтегі табысты жетістіктер мен мотивтердің өзара қатынасы осы мотивтерді тарату көзі болып табылады. Сондай-ақ, эмоция кез-келген қызметтердің жүруіне, оның ішінде оқу үдерісіне маңызды әсер етеді. Оқу үдерісінде эмоцияны реттейтін орын егер олар студенттердің оқу-танымдық қызметтерін бірге алып жүретін болса өседі. Осыған байланысты эмоциялар қызметтің өзіне бағынышты болып, оларға әсерін тигізеді.

Біз зерттеген  проблеманың келесі аспектісі оқу  үдерісінде студенттердің іс-әрекетінің репродуктивті және шығармашылықты әдістері арасындағы оңтайлы өзара қатынасын қамтамасыз ететін шарттарды белгілеуден тұрады. В.Ф.Овчинников тұлғалардың іс-әрекетін талдай келе, шығармашылықты даму репродуктивті әрекеттердің басымдылығынан (нормативті тәжірибе, білімді меңгеру және қолдану) продуктивті әрекеттердің біртіндеп басымдылығына және олардың арасындағы оңтайлы өзара қатынастығына қарай жүреді деп көрсетеді.

Репродуктивті және шығармашылықты әдістер сабақтастық  және жаңашылдық сияқты өзара қатынаста  болады. Сабақтастықты біз іс-әрекеттің  қажетті шарты ретінде, адам тәжірибесінде жинақталған білімді жеткізу үдерісі ретінде қарастырамыз. Жаңашылдық ескі білімді қабылдау және өзгерту негізінде жаңа сапаны алу нәтижесі болады.

Осыған сәйкес, оқу іс-әрекетіндегі репродуктивтілікті және шығармашылықтықты оңтайлы үйлестіру мәселесін шешуді сабақтастықты және жаңашылдықты (инновацияларды) оңтайлы үйлестіру мәселесін шешу ретінде қарастыру керек. Өз кезегінде, көрсетілген мәселені студенттерді шығармашылықты іс-әрекетке дайындау мәселесі ретінде қарастыруға болады.

Шығармашылықты  іс-әрекетке дайындау мәселесінің педагогикалық  зерттеуінің екі бағытын шартты түрде бөлуге болады:

- оқу іс-әрекетін  оқу шығармашылықтыға өзгерту;

- шығармашылыққа  маманды, соның ішінде, кәсіптік  білім мамандығы студенттерін  болашақ кәсіби кызметке дайындау.

Оқу іс-әрекетін оқу-шығармашылықтыға өзгерту идеясы В.И.Андреевтің еңбектерінде толық  қарастырылды, ол эвристикалық бағдарламалаудың негіздерін салды. Іс-әрекеттің оқу-шығармашылықты түрлеріне В.И.Андреев оқу-зерттеушілік, конструкторлық-техникалық, әдеби шығармашылық, қолданбалы шығармашылық және басқа түрлерді жатқызады [64].

В.И.Андреев  оқу зерттеушілік іс-әрекетінің эвристикалық бағдарламалау тұжырымдамасының көлемінде  зерттеушілік іскерліктері мен кабілеттіліктерін  дамытуды қалыптастыруды меңгеру тиімділігін қамтамасыз ететін мына маңызды дидактикалық шарттарды атайды:

- проблемалықты  біртіндеп көтеру;

- оқу-зерттеушілік  тапсырмалардың қиындығын арттыру,  онымен қатар 

білімгерлерге оларды орындауда жеке көмек беруді қамтамасыз ету;

- қолданылатын  эвристикалар және эвристикалық  құралдар жүйесі басқару құралдары  ғана емес, сонымен қатар студенттердің  меңгеру тақырыбы болуы керек;

- бақылау жүйесін  біртіндеп әлсірету және сонымен  қатар студенттердің өзін-өзі  бақылауын күшейту;

- студенттердің  жеке оқу-зерттеушілік жұмысын  ұжымдықтықпен кіші топтардағы  ынтымақтастық тәсілдеріне мақсатты  үйрету негізінде үйлестіру.

Болашақ музыка мұғалімінің даярлық жүйесі –  педагогикалық және психологиялық  курстардың, педагогикалық шығармашылыққа арналған арнайы тақырыптардың енуі; өзінде шығармашылық бастауды дамытуға бағытталған тапсырмалар мен жаттығулар жүйесін жасау; педагогикалық қызмет ерекшеліктерін міндетті түрде ескеретін жақын пәндерді біріктіру.

Болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастыруға бағытталған үйренуге көмегі тиетін қабілеттіліктерді дамытуды нақтылау үшін, музыка мұғалімдерінің міндеттерін қарастырайық:

Оқу үдерісінде кәсіби педагогикалық әртістік шеберлікке даярлаудың жүйелі ұйымдастырылуы, теорияны тәжірибемен байланыстыруға көмек беруге қабілетті. Өйткені, студенттердің сөзсіз пайда болатын «қалай істеуді білемін» және «бұл білімді шынайы әрекетке айналдыра алмаймын» деген қарама-қайшылықтарды шешуіне мүмкіндік береді. Олардың қандай ұстанымдарды жүзеге асыруына, қандай мақсаттарға қол жеткізуге бағытталғанын түсінуі, оқу үдерісіне, педагогикалық әртістік шеберліктерді ендірудің, алғашқы қадамы болып табылады. Бұл сауалдарға жауап іздеу оқытудың әдістемелік құралдарын қолдану мен оқу үдерісінің құрылымын жаңартуға тырысу ғана емес, оқытуды ұйымдастыратын оқытушының кәсіби міндетінің жауапкершілігін түсінуді дәлелдейді.

Педагогикалық әртістік шеберліктер негізінде  кәсіпке бейімделудің табысты болуы, кәсіби іс-әрекеті мен рухани құндылықты дамыту тұрғысынан түсінуі, ұжымның психологиялық климатымен, қоғамға бейімделуі және жеке ерекшеліктерімен байланысты және кәсіби бейімделу кезінде педагогикалық әртістік шеберлік мазмұны, ұжымдағы қарым-қатынас өзара әсер етеді.

ЖОО оқу үдерісі  кезінде кәсіби қалыптастыру, мамандану жағдайы үлкен қызығушылық тудырады. Кәсіби іс-әрекет адамның өмірлік іс-әрекетінің маңызы болып табылады, өйткені ол арқылы тұлғалық толыққанды өзін-өзі жүзеге асыру өз мүмкіндіктерін толығымен жұмсауды қамтамасыз етеді.

Адамның ішкі позициясы өзінің объективті бейнеленуінде тұлғаның кәсіби қалыптасуында көрініс береді. Нәтижесінде, болашақ кәсіби шеберлігіне деген жалпы жағымды эмоциялық қарым-қатынасы дамиды.

С.Л.Рубинштейннің  «қалаймын», «істей аламын», «жасау қажет» ұғымдарының арақатынасы туралы идеясына сүйене отырып, мамандықты меңгеруге деген тілек жақсы дамыған, бірақ өзінің қабілеттері мен қажеттіліктері әлсіз дамыған.

Студенттердің музыка мұғаліміне бейімделу барысында  олардың белсенділігін, мақсатты іс-әрекетін, жоғары мектептің оқу-тәрбие үдерісіне «енуінің» шығармашылық сипатын бөліп атау қажет.

Пәнге деген  қызығушылығын арттыру мақсатында таңдаған кәсібіне оң пікір бере отырып, икемділігі мен дағдыларын, ақыл-ой парасатын, кәсіби қабілетін дамытуда тиімді ұйымдастырылған жүйелі жұмыс жасауы қалыптасады.

Студенттердің кәсіби құзырлығын қалыптастыруда жоғары оқу орнына алғаш оқыған күннен бастап оларды болашақ музыка мұғалімінің  кәсіби шыңдалуына бағыттау қажет. Себебі, болашақ мамандығына қызығушылық  олардың оқу-тәрбие үдерісінде кәсіби даярлануына оң әсерін тигізеді.

Музыкалық білім  мамандығы студентінің оқу іс-әрекетін оқу-зерттеушілікке өзгертуі жөніндегі  мәселені шешу көп жағдайда оқытудағы  проблемалықты біртіндеп көтеру есебінен болу керек деп есептейміз.

Жинақтаған  тәжірибе мынаны көрсетті: бір жағынан, проблемалық оқыту студенттердің қарқынды ақыл-ойының дамуына мүмкіндік туғызса, екінші жағынан дәстүрлі оқытуға қарағанда ол орташа есеппен көбірек уақыт бөлуді керек етеді. Сондықтан оны мақсатқа лайык тек пәннің маңызды және күрделі мәселелерін қарастырғанда ғана пайдалану керек. Жоғары оқу орындары оқытушылары көп жағдайда оқытудың проблемалық әдістерін ауық-ауық қана пайдаланады. Оған себеп өзіміз көрсеткендей- уақыттың тапшылығы.

 

1.2 Болашақ  мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың қазіргі жай-күйі

Ұлттық білім  беру моделін қалыптастыру тенденциясы  мен Қазақстан Республикасының  білім беру жүйесін бүкіл әлемдік  білім кеңістігіне кіріктірумен сипатталатын білім беру саласы “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында мазмұндалған негізгі басымдықтардың бірі болып табылады.

Информация о работе Болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастыру