Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2012 в 09:23, магистерская работа
Зерттеу пәнінің өзектілігі. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында құзырлы орта білім берудің мақсаты ретінде «... терең білім мен кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп көрсетілді.
Нормативтік сілтемелер …………………...………………………….…...
Анықтамалар, белгілер мен қысқартулар…………………………….. ...
КІРІСПЕ ……………………………………......…………………………….
1 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЯРЛАУ ҮДЕРІСІНДЕ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ........................................................................................................
1.1 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері..................................................................................
1.2 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың қазіргі жай-күйі................................................................................................
1.3 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары................................................................................
2 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.......................................................
2.1 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың мазмұны............................................................................................................
2.2 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастыру әдіс-тәсілдері............................................................................................................
2.3 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар және оның нәтижелері ..........
ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………............
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………...
ҚОСЫМШАЛАР ……………………………………………………………
Бірінші
саты – 1960-1970жж. – ғылыми аппаратқа
“құзыр” категориясының
Екінші саты – 1970-1990жж. – тілге оқыту теориясы мен практикасында, басқарудағы кәсіпқойлыққа, жетекшілікке, менеджментке, қарым-қатынасқа оқытуда, құзыр/құзырлық категорияларын пайдаланумен сипатталады. Дж.Равеннің 1984 жылы Лондонда жарық көрген “Қазіргі қоғамдағы құзырлық” еңбегінде “әлеуметтік құзырлар/құзырлықтар” түсінігінің мазмұны жасалды [17]. Бұл “құраушылардың көптеген санынан тұратын, олардың көпшілігі салыстырмалы түрде бір-біріне тәуелсіз, кейбір құраушылар когнитивтік салаға қатысты, ал басқалары – эмоционалдық, бұл құраушылар бірін-бірі алмастыра алады”. Демек, Дж. Равен атап көрсеткендей “құзырлықтар түрлері” терминінің мағынасы “мотивацияланған қабілеттер” [17, - б. 258].
Қазақ тілінде
«құзыр (компетенция)» ұғымының мән-мағынасын
анықтауға бағытталған
Егер отандық әдебиеттерде құзырлық ұғымы жоғарыдағыдай тұжырымдалса, «Ресейдің мектептегі білімді модернизациялау стратегиясында» білім мазмұны – құрылымы бойынша адамның мәдениетіне теңестірілген, изоморфты, педагогикалық тұрғыдан бейімделген, адамзаттың әлеуметтік тәжірибесі ретінде қарастырылады. Ол негізгі төрт элементтен тұрады: танымдық қызмет тәжірибесі, қызметтің белгілі амалдарын жүзеге асыру тәжірибесі, шығармашылық қызмет тәжірибесі, эмоциялық-құндылық қатынастар жасау тәжірибесі. Осы төрт тұрпатты тәжірибені меңгеру оқушыларда әрекет етудің күрделі мәдениеттілікке сиымды қабілеттерін қалыптастырады. Бұл қабілеттер құзыреттілік деп аталады.
Жоғарыдағы айтылған теориялық идеяларға сүйене отырып, құзырлық ұғымына өз анықтамамызды береміз: құзырлық – алған білімін пайдалана білу қабілеті; болашақ таңдайтын мамандығына қатысты қабілеттер мен шеберліктерін меңгере білу; әлеуметтік даму деңгейіне сәйкес келетін және қоршаған ортаның әсер ету факторларына төтеп бере алатын тұлғаның интегративті қасиеттер жиынтығы.
Бүгінгі таңда «құзырлық» ұғымымен қатар «түйінді құзырлықтар» ұғымы да кеңінен қолданылуда. Ол «Еуропаға арналған түйінді құзырлықтар» бағытын ұстанатын Еуропа Кеңесі көлемінде айқындалған стратегиядан бастау алады. Бұл түйінді құзырлықтар саны жағынан да (5-37), мазмұны жағынан да (құндылықтық мәндік, жалпы мәдени, оқу-танымдық, ақпараттық құзырлық, т.б.) әркелкі.
Құзырлылық - бұл адамның белгілі бір мәселелер ауқымын шеше алу қабілеттілігі. Ю. Скжипчактың пікірінше, құзырлықтың ішінен кейде құзыреттілік бөліп қарастырылады. Ол адамның білім – білік дағдысына орай белгілі бір нәрсеге қабілетті, сол сияқты өз қабілетіне сенімділігі мен оны пайдалана білу деңгейіне байланысты белгілі бір мәселені шешуге мотивациясы. Маман құзырлығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ол өз қызыметіне ерік-күш, материал, уақыт, жүйке сияқты ресурстарды аз жұмсай отырып, нәтижеге жете алатындығы дәлелденген қағида. Яғни, педагог құзырлығы оның кәсіби қызыметінің басты шарты болуы тиіс. Өзін- өзі басқару мен өзін- өзі бағалауға үйрету – біліктілік жетілдіру жүйесіндегі педагогтың кәсіби құзырын дамыту жолындағы басты қағида. Педагогтың кәсіби құзырын қалыптастыру, бір жағынан мұғалімнің ішкі жеке ресурстарын дамытуға бағытталса, екінші жағынан, ол мемлекет пен мектептің сұраныстарын қанағаттандыруы тиіс.
Өйткені, қазір өмірдің өзі нәтижеге бағытталған білім беруді сұрап отыр.Ол үшін іздену мен дамудан шаршамайтын кәсіби құзырлы педагог қажет.
Білім беру жүйесіндегі педагогтің кәсіби құзіреттілігінің теориялық негізін айқындап алу үшін, осы терминнің дербес анықтамасын келтірейік. «Кәсіби құзіреттілік – жеке тұлғаның кәсіби іс – әрекетті арттыруға ториялық және практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі». Яғни, педагогтің құзіреттілігі – жеке тұлғаның білімі мен тәжірибесін нақты бір жағдайда қолдана білу іскерлігімен байланысты тұлға қасиетін білдіретін ұғым деуге болады [18].
Кей зерттеушілер «біліктілік» ұғымын «құзіреттілік» ұғымымен нақтылайды. Алайда, осы екі ұғымды салыстыра отырып, «құзыреттілік» ұғымының мағынасы кең екенін аңғаруға болады. Себебі, оған біліктілікті сипаттайтын таза кәсіби біліммен және іскерлікпен қоса топқа, әлеуметтік ортада жұмыс істеуге, коммуникативтік қабілет, оқу, бағалау, логикалық ойлау, ақпаратты алу және пайдалану т.б. іскерліктер жатады [19].
Кәсіби құзырлық
мәселесін зерттеген
1. Мәндік аспект, яғни ахуалды жете түсіну, оны ұғыну және оған деген қарым – қатынас, бұл жағдайда оқытудың теориялық негізін, өткір мәселелерді ұғыну;
2. Проблемалық практикалық аспект: бұл осы жағдайда педагогтің алдына мақсат орындау жолдарын ан, міндет нормаларын қойып жәнықтауды сипаттайды;
3. Коммуникативтік аспект: бұл-педагогтің осы үрдісіне, ахуалға қатысын және өзара ықпал жасауын қамтамасыз етеді.
Қалыптасқан педагогикалық заңдылықтар бойынша болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлықтарын қалыптастыру барысындағы жұмыстар нәтижесі бірыңғай дидактикалық талаптарға сәйкес жүргізіледі. Олар: сабақ үстінде тиімді эмоциональды жағдай жасау; болашақ мұғалімдердің педагогикалық мәселелерді шешуде шығармашылық қабілетін дамыту; барлық оқыту жұмысы түрлерінде мақсат қоюды ерекшелей білу; атап айтсақ, дәріс, зертханалық жұмыстар, практикалық және семинарлық сабақтар, оқу және өндірістік практикалар және т.б.
Оқу орнын бітіруші жас түлек еліміздің білім саясатындағы өзгерістер мен жаңалықтардан толық хабардар бола отырып, өмірдің кез-келген жағдаяттарынан шыға білетін алғыр да білімді жас болып тәрбиеленуі тиіс. Сондықтанда кәсіби орта білімді мұғалімдерді даярлайтын ұжымдардың дәріс беруші оқытушылары да педагогтар қауымына ұсынылып отырған заман талабын бұлжытпай атқаруы міндетті деп санаймын.
Бүгінгі оқу орнын бітіргелі отырған жас маман мемлекетіміздің кадр саясатындағы мақсаттарына сайма-сай болып шығуы қажет, яғни олар еліміздің әлеуметтік экономикалық жоғарғы қарқынмен дамуын қамтамасыз етуге қабілетті, интеллектуалдық ойлау белсенділігі жоғары тұлға тәрбиелейтіндей кадр болып шығуы бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
Дәстүрлі білім беру жүйесінде мамандықтар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты - мамандықты игерту ғана болған болса, ал қазір әлемдік білім кеңістігіне ене отырып, бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну негізгі мақсат болып отырғаны баршамызға аян.
Қазіргі кезде
құзырлар/құзырлықтар
Білім беру құзырлары
- бұл болашақ мұғалімнің мағыналық
бағдарлары, білімдері, біліктіліктері
мен тұлғалық және әлеуметтік іс-әрекетін
жүзеге асыруына қажетті нақты анықталған
объектілер шеңберіне қатысты тәжірибелері
Білім беру құзырлары түсінігін анықтап, оның иерархиясын айқындайық. Білім беру мазмұнының жалпы метапәндік (барлық пәндер үшін), пәнаралық (пәндер немесе білім беру аймақтары циклі үшін) және пәндік (әрбір оқу пәні үшін) болып бөлінуіне сәйкес үш деңгейлік иерархиясы белгілі:
1) негізгі құзырлар – білім берудің жалпы (метапәндік) мазмұныныа қатысты;
2) жалпы пәндік құзырлар – оқу пәндері мен білім беру аймақтарының анықталған шеңберіне қатысты;
3) пәндік құзырлар – алдыңғы екі деңгейге қарағанда дербес, нақты сипаты мен оқу пәндері шеңберінде қалыптасу мүмкіндігі бар.
Осылайша, білім
берудің кілттік құзырлары
Қазіргі жағдайда еңбек нарығында экономиканы қайта құруда, жастардың кәсіптік дайындығының сапасы мен кәсіптік шеберлігінің деңгейі сәттіліктің кепілі бола алады. Кәсіптік оқу орындарының міндеті мамандарды дайындауда кәсіптік оқытуды жақсарту және оны іске асыруда әдістердің тиімділігін арттыруды көздейді. Кәсіптік оқу орнында оқыту процесін іске асыру, педагогтың саналы іс-әрекет жасай алу қабілетіне байланысты.
Педагог іс-әрекеті білім саласында кәсіби міндеттерді шешуге бағдарланады. Шешім мақсатты айқындаудан, іс-әрекет мотивіне түрткі болудан басталады. Мақсаттылық – іс-әрекеттің алғашқы кезеңі, екінші кезең іс-әрекет бағдарламасын жоспарлау, жобалау. Іс-әрекет бағдарламасын құру үшін, қандай әрекеттер және қандай оқыту процесінің афференттік синтезінен өткізу қажет. Нәтижесінде әрекет бағдарламасы – педагог іс-әрекетінің моделі пайда болады. Іс-әрекетін бағдарлау педагогтың интеллектуалдық қабілетіне байланысты, қандай білім мен іскерліктерді игерген, педагогтың кәсіби міндеттерін эвристикалық жолмен шеше алуы, оқыту технологияларын қаншалықты меңгергендігіне байланысты айқындалады. Іс-әрекеттің бұл кезеңі педагог құзырлылығымен шешіледі.
Құзыр – өкілетті қызмет адамы, сол салада оның сәйкес білімі, танымы болуы қажет және жауапты шешімдерді қабылдауға құқылы.
Құзырлық – жұмыскердің өз білімі, біліктілігі және дағдылары негізінде нақты кәсіп аясында жоғары сапалы және мөлшерлік еңбек нәтижелеріне жету үшін нақты жұмыс түрлерін білікті атқара алу қабілеті.
Біліктілік – адамның қандай да бір кәсіби- еңбек қызметін орындауға деген дайындық деңгейі немесе біліктілік – кәсіпті меңгеру деңгейі. Біліктілік мінездемесі – қандай да бір біліктілік деңгейі бар нақты бір кәсіп маманы оны игеруге қажет білім, білік және дағдыларға қойылған талаптар тізімі белгіленген мемлекеттік құжат.
Мұғалім құзырлығы жоғары, әлеуметтік тұрғыдан жетілген, әдіс-тәсілдерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өзін-өзі кәсіби жетілдіруге ұмтылған маман. Мұғалім мамандығы, зиялылар ішіндегі көп топтасқан мамандықтардың ірі тобына жатады. Білім беру жүйесінде педагогтар мемлекеттік қызметкерлер болып табылады. Педагог өз мамандығының сапасын, біліктілігін арттыруды психологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуі үлкен рөл атқарады. Педагогтың іс-әрекеті көбінде оның кәсіби шеберлігінің кеңістігіне қатысты, педагогикалық қарым-қатынас механизмдеріне, білімгерлердің психологиялық ерекшеліктерінің табиғатына да байланысты. Педагогикалық іс-әрекеттің дамуының жоғары деңгейі мынада – педагог өзін-өзі дамыту механизмдерін қалыптастыруға мақсат қояды және білімгерлерге (болашақ мұғалімдерге) өз қабілет-қарымы бойынша даму бағыттарын ұштайды.
Болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығының мақсаты - ғылыми-педагогикалық тапсырмаларды орындауға және кәсіби оқыту педагогы мен еңбек технологиялары мұғалімінің кәсіптік қызметінің қажетті функциялары мен түрлерін орындауға бейім маманды қалыптастыру болып табылады. Маман оқыту үдерісінің білім беру саласы, мәні, мағынасы және құрылымы туралы білім жүйесін білуі керек, сондықтан осы бағытта педагогтың субъективтілік қасиеттерін құрылымдық көрсетілуімен тұлғалық сапалары қарастырылады.
Болашақ мұғалімдердің шығармашылықты тапсырмаларды орындау барысында ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді пайдалана отырып өмірден көрген практикасымен байланыстыру арқылы сұрақтардың шешімін табуға жол ашады.
Болашақ мұғалімдердің осындай жолмен орындаған тапсырмалар жүйесінің өзі шығармашылық ұғымымен сәйкес. Ендеше кеше ғана студент жаппай білім алу барысында кейбіреулері өз мүмкіндіктерін өзі ашқан болса, кейбірі «жабулы қазан жабулы күйінде» өмір ағымымен кете барды. Кешегі біздің білім алған мұғалімдеріміз білім беруші ақпарат көзі ғана болды. Мәселенің дұрыс- бұрыстығын саралаушы да тек қана сол мұғалім еді.
Ал қазіргі мұғалім, болашақ мұғалімдерді дұрыс ұйымдастыра отырып, бағыт бағдар беру арқылы өздігінен жұмыс жасауға үйрету нәтижесінде, жаңа идеялар мен жаңалықтар, болжамдар мен нәтижелер әкелетіндей тұлға даярлап шығуды көздеуде. Оқытушы қауымнан болашақ мұғалімдер тек білімге ғана емес, өмірге де үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр.
Оқыту технологиясы деп педагогика ғылымында «педагогикалық үрдістің жүзеге асу жолы» (В.Юдин, В.П.Бесполько) деп танылады [20, 21]. «Педагогикалық технология-оқушы мен оқытушыға қолайлы жағдайда оқу үрдісін жоспарлау, ұйымдастыру, өткізудің және оқушымен оқытушының бірлескен педагогикалық әрекетінің әрбір жеке бөлшегіне дейін ойластырылған моделі» (В.М.Монахов) [22].
Жоғары мектептің
басты міндеті тек нақты
Әрбір елдің білім беруі, сол елдің даму сатысын сипаттайтын нақты-тарихи шарттарға байланысты болып табылады деп болжалады. Егер қоғамда әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер болып жатса, соның салдарынан білім беру жүйесі де өзгереді. Біздің елімізде ұзақ уақыттар бойына дәстүрлі деп саналатын білім түрі қалыптасты. Қазіргі уақытта білім беру жүйесінде дәстүрлі білім беруден тұлғалық-бағытталған білім беру түріне өту байқалып жатыр. Дәстүрлі білім беру арқылы тек білім бағыты көзге түседі.
Информация о работе Болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастыру