Болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2012 в 09:23, магистерская работа

Описание работы

Зерттеу пәнінің өзектілігі. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында құзырлы орта білім берудің мақсаты ретінде «... терең білім мен кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп көрсетілді.

Содержание работы

Нормативтік сілтемелер …………………...………………………….…...
Анықтамалар, белгілер мен қысқартулар…………………………….. ...
КІРІСПЕ ……………………………………......…………………………….
1 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЯРЛАУ ҮДЕРІСІНДЕ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ........................................................................................................
1.1 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері..................................................................................
1.2 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың қазіргі жай-күйі................................................................................................
1.3 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары................................................................................
2 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.......................................................
2.1 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың мазмұны............................................................................................................
2.2 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастыру әдіс-тәсілдері............................................................................................................
2.3 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар және оның нәтижелері ..........
ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………............
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………...
ҚОСЫМШАЛАР ……………………………………………………………

Файлы: 1 файл

А.Д.Кекілбекова.doc

— 587.50 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасында  білім беру жүйесіндегі реформалау үдерісі оның мазмұны мен сапасын  арттыру, білім берудің ұлттық моделін  жетілдіру, педагогикалық технологияларды  ендіруге байланысты, жаңаша ақпараттық технологиялық дәуірде өмір сүруде. Сондықтан да жаңа технологияларды меңгерген мұғалімдерді даярлау бүгінгі күнннің өзекті мәселесі.

Қазіргі жағдайдағы нарықтық қатынастарға көшу жолында кәсіби оқыту, педагогтардың кәсіби іскерлігін қалыптастыру, олардың білім беру жүйесіндегі әсері, сапасы, қоғамдағы орны, атқаратын рөлі сияқты мәселелердің жағдайы көтерілуде.  Болашақ музыка мұғалімдері осы даярлықты жүзеге асыру үшін, қойылған талаптарды қанағаттандыруға арналған бағдарлама бойынша кәсіби біліктіліктерге ие болуы керек.

Кәсіби құзырлықты пайдалана  отырып оқыту, оларды жетілдіруге қажетті  жағдайларды құру, өңдеу және ендіру, жаңаша дәстүрлі әдіспен қиылыстырудың  жолдарын іздеу психологиялық- педагогикалық, оқу-әдістемелік  проблемаларды  шешуді талап етеді. Оларды әр түрлі бағыттар қатарында ажыратуға болады:

- оқу үдерісінде кәсіби құзырлықты қалыптастыру проблемасын шешу үшін бірыңғай ғылыми-әдістемелік кешендерді жетілдіру;

- тәжірибелік іс-әрекетте кәсіби құзырлықты қалыптастырудың әдістемесін жасау;  

- кәсіби құзырлы болашақ музыка мұғалімдерін даярлау;

- жоғары оқу орындарын материалдық-техникалық жабдықтау;

- қажетті әдістемелік қамтамасыздандыру, іздеу,  өңдеу және құру.

Болашақ мұғалімдерді кәсіби жетілдірудің жолдарын қарастыратын әлемдік  педагогикалық зерттеулерді жинақтай келе, ғалым Ш.Таубаева былай дейді: «Кәсіптік қызығушылық педагогикалық қызметте бағдарлауға білуге деген қажеттіліктен туындайды, ал ондай жоғары кәсіптік тек мұғалімнің өз басының ұмтылуы арқылы ғана жүзеге асады» дейді. Демек, жағдай Мемлекетіміздегі білім берудің жаңа педагогикалық әдістемесінің теориялық негізі мен тәрбиесін жетілдіру мен жаңартуды талап етеді.

Қ.Қ.Шалғынбаева өз еңбектерінде: мұғалімдерге төмендегідей біріңғай әдістемелік  талаптар қояды: «Педагогикалық және психологиялық білім деңгейін көтеру;

– оқыту мен тәрбиелеуде  соңғы үлгідегі педагогикалық технологияларды  әдістемелік тәсілдерді зерттеп  меңгеру және оны өзінің кәсіптік жұмысында қолдана білу;

– педагогикалық –  кәсіптік оң көзқарастары мен құндылықтарының  қалыптасуына  және оның тұрақты  дамуына қол жеткізу;

– өз білімін көтеруге, шығармашылық жұмыс атқаруға ынталандыру;

қажетті жағдайлар туғызу, педагогтардың ақпараттық жағдайын қамтамасыз ету;

– оқушылар табысын мониторингілеу және оны диагностикалаудың қазіргі  тәсілдерін меңгеріп, қолдана білу;

– авторлық бағдарламалар, курстар, құралдар, мақалалық ізденістер

жасауға  ұмтылдыру, қызықтыру, ынталандыру мен жан-жақты қолдау көрсету;

– педагогтар жұмысында еңбекті ғылыми ұйымдастыруды әр мұғалімнің

күнделікті ісіне енгізу» - дейді [45].

Мұндай міндеттер әрине  барлық педагогикалық ұжымдарда  жолға қойылып, өз шешімін тауып  жатады. Дегенмен,  қазіргі бәсекеге қабілетті ел болуымыз үшін, мұндай талаптардың көптеп қойылып, жүзеге асырылуына мына біз мұғалімдер белсенділік танытуымыз тиіс.

Техникалық прогресс пен ғылыми ақпарат көлемінің  ұлғаюы, мектептегі білім беру мазмұнын және оқу-тәрбие үдерісіндегі іс-әрекет қағидаларының қайта құрылуын мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үдерістің тұлғалық бағдарлануына қойылатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне алып келеді. Бүгінгі таңда кез-келген оқу орындарында оқу үдерісін жетілдіру үшін жаңа педагогикалық әдістемелерді пайдаланудың тиімділігін практиканың өзі дәлелдеп отыр. Мұның өзі аталған мәселенің теориялық негіздемесін жасау қажеттілігін туындатады.

С.Бабаев «...педагогикалық  іс-әрекет үшін өте маңызды рөл  атқаратын педагогтың психологиялық  қасиеттерін ерекшелендіріп көрсетеді: білімдарлық (эрудиция), мақсаттылығы, педагогикалық ойлау, интуиция мен импровизация. Сонымен бірге педагогтың оқушыларды оқытудағы қосымша кәсіби іскерлік қасиеттерін атап өтуге болады. Олар: педагогикалық бақылағыштық, оптимизм, тапқырлық, алдын-ала болжау» дейді [46].

Психологияда іс-әрекет ұғымы екі түрлі мәнге ие. Біріншіден дүниеге көзқарастық ұстаным  ретінде, екіншіден, әр түрлі әлеуметтік ғылымдарға негіз ретінде қолданылып келеді. Күнделікті өмірде «іс-әрекет»  сөзі –еңбек, іс деген қарапайым  ұғымды білдіреді.

Ал ғылымда, адамның  болмысымен байланысты қарастырылады, онымен ғылымның бірнеше салалары шұғылданады. Ондағы шығармашылық іс-әрекет - негізінде  қызмет мазмұны, қызмет ету үдерісі, мақсаты, жүзеге асырылу жағдайы, сонымен  қатар жасаушының тұлғасына қойылатын талаптар бойынша бір-біріне жақын психологиялық феноменді (бұл жағдайда қарым-қатынасты) айтамыз.

Озық психологиялық-педагогикалық  ойларды, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдана  отырып, кәсіби білім беруде оқытудың жаңа тәжірибелерін жетілдіру мақсатында, кәсіби құзырлықты қалыптастыру кәсіби оқытуда болашақ музыка мұғалімінің мәнін түсіну үшін жеке тұлғаның біліктілігі маңызды орын алады. Адам баласының жарқын болашағы тікелей жас ұрпақтың қалай тәрбиелі білім алуына байланысты.

       Ал, музыка мұғалімдерін кәсіби даярлаудағы іс-әрекет түрлері маман еңбегінің негізгі мазмұнын қарастырады.

       Болашақ  музыка мұғалімінің еңбегіндегі  басты мақсаты – шығарманы  орындап қана қоймай, оның өмірдегі  өзіндік орнын табуына әсер  ететіндей, ой салатындай әсері қалыптасуы тиіс.

Мұғалім сабаққа дайындалғанда  студенттің өз күшіне сенім артуына  дем беретін, рухани жігерлілікті қалыптастырумен  қарым-қатынастың күрделілігін жеңуге көмек беретін, оқытушының жағымды  эмоциялық сезімін сезінуі де, маңызды рөл атқарады. Мұғалімнің сөзі сабақтың мазмұнымен, оның шығармашылығымен, студенттің қабылдау мүмкіндіктерімен үйлесуі керек. Сабақ ырғағының сезімі және оған сәйкес сөздер педагогикалық шеберлік қырларының бірін құрайды.

Болашақ музыка мұғалімін  кәсіби даярлаудағы басты мақсат шығарманы орындау барысында сөзді айтуға емес, сөзбен іс-әрекет етуге, сөз арқылы ойлануға, өз ойларын сөз арқылы ашуға және жасыруға жұмылдырылған.

Мұғалімнің сөзі оның білім берудегі мақсатты тәртібін ұйымдастыра  келе студентке жәй ықпал етіп қана қоймай, сонымен бірге түрлі әлеуметтік жағдайларға педагогикалық әртістік шеберлік арқылы әсер ете алуы тиіс.

Музыка мұғалімдерін даярлауда болашақ музыка мұғалімдері  өзін-өзі көрсету шеберлігін дамытуға ғана емес, өзін және басқаларды көрсетуді және бағалауды дамытуға да көңіл бөлуі тиіс.

Мұғалімнің бірегей  шығармашылық үдеріс шеңберіндегі педагогикалық  және көркемдік компоненттерді талдау, педагогикалық шығармашылық қыз-метте  педагогикалық білім, бейімділік және дағдыларды тиімді пайдалануына ғана емес, сондай-ақ эмоциялы механизмдер жүйесі арқылы, тұлғаның шығармашылық потенциалын жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Жеке педагогикалық  шығармашылық мәселелерді шешуге мүмкіндік  береді. Оқытушы қызметінде, педагогикалық  мәселелерді шешуде игерілген білімді қолдану болып табылады. 

        Егер де музыка мұғалімінің  шығармашылық тұлғасының өзіндік  дамуы үшін жағдай жасаса, шығармашылығында  өзіндік орны бар педагогикалық  және көркемдік үйлесімді қамтамасыз  ететін, педагогикалық әртістік  шеберліктерді меңгерген кәсіби маман болар еді.

Адамзат қызметінің барлық түрлерінде ат салысатын қарым-қатынас  негізгі фактор болып табылады. Еңбектің кейбір түрлерінде кәсіби маңызды дәрежеге айналады. Адамзаттық өзара іс-әрекеттің  формасы ретінде емес, функционалды дәреже ретінде ілгері басады. Міне дәл осы жағдай, педагогикалық қызметте болады, мұнда қарым-қатынастың кәдімгі шарттары мен міндеттері қосымша «жүктеме» алады, өйткені олар адамзаттық аспектілерден кәсіби-шығармашылық компоненттерге ұласады.

Оңтайлы педагогикалық қарым-қатынас  – оқыту үдерісінде педагогикалық ұжым мен студенттерге оқу қызметінің шығармашылық сипатын дамытуда өнер маманының тұлғасын қалыптастыру үшін, оқытудың қолайлы эмоциялы жағдайын қамтамасыз ететін, (оның ішінде психологиялық тосқауылдың пайда болуына кедергі ететін), балалар ұжымында әлеуметтік-психологиялық үдерістерді басқаруды қамтамасыз ететін, және оқу үдерісінде оқытушының жеке ерекшеліктерін барынша пайдалануға мүмкіндік беретін қарым-қатынас екені белгілі.

 Осылайша, педагогикалық қарым-қатынас мұғалім мен оқушының педагогикалық ықпалы мен өзара іс-әрекетінің басты құралдарының бірі ретінде көрініс табады:

– студентке психологиялық  еркіндік, қолайлы жағдай жасау үшін, қарым-қатынасқа жол ашу. Мұндайда олар белсенді дамиды, өздерін батылырақ көрсетеді.

Олардың қарым-қатынасын  анықтауға мүмкіндік туады. Әлеуметтік-мәдени құндылықтарды меңгеру барысында  мұнан кейінгі бірлескен жұмысты  жоспарлауға көмегін тигізеді;

– студенттің педагогикалық  қарым-қатынаста белсенділігін арттыру. Сабақ кестесі, оқыту бағдарламалары студентпен оқытушы арасындағы қарым-қатынас жасауды оңтайландыру;

-  студентті педагогикалық  қарым-қатынасқа араластыруды жүзеге  асыра отырып педагог оның  адамзат мәдениетіне көтерілуі  жолындағы қиындықтарды жеңуге  көмек береді;

- студентте құнды жаңалықтардың  пайда болуына себепші болу, қызығушылық  таныту, көмек көрсету және т.б.

Бір сөзбен айтқанда, мұғалім қоршаған әлемді тану, жеке пән, білім саласы шеңберінде, сондай-ақ мүмкүндігінше  студенттің жеке білім алу барысында көмек бере отырып оның қабілеттерінің икемділігі мен мүмкіндіктерінің танылуына себепші болу. Қоршаған ортаға сәйкес білімдерін жетілдіру және рухани жағдай жасау.

Белсенділік сипаты, субъекттің объектіге  еркін және тәуелсіз қалыптасатын қарым-қатынасына байланысты.

Демек, мұғалім мен  оқушы жұмыс жасау барысында, олардың одан және оқыту үдерісінен қарым-қатынас кезінде қанағат  алуларына және сол сәтте олардың  әлеуметтік құндылықтарды терең  сезінуіне бағытталуы керек.

Дәл осы жағдайда, оқушының өзі саналы түрде таңдайтын және оның тәртібінің дүниемен өзара іc-әрекетінің сипатын анықтайтын, құнды қарым-қатынастық ұстанымды қалыптастыруға жағдайлар жасалатын болады.

Оқытудың қызықты да тартымды үдерісі  ғана студенттің назарын аудартуы және табиғаттың қызметтің белгілі саласына берген қабілеттіліктерін оятуы мүмкін.

Оқушылар алдында мұғаліммен қарым-қатынас  жасау ғана емес, онымен кездесуге  дайындалуы, оның тапсырмаларын жақсы, жылдам, сапалы орындау қажеттілігі  пайда болады, сонда ол осы үшін қолданатын педагогикалық әртістік шеберліктерді жетілдіру жолдарын өз бетінше іздеуге мәжбүр болады.

Музыка мұғалімінің шеберлігі  оқушылардың жағымды эмоциялық  күйзелістері негізінде еліктеушіден бастап шығармашылыққа дейінгі өзіндік  тапсырмалардың деңгейін біртіндеп күрделендіру икемділігінен тұрады.

Мұғалім оқушыларды оқыта және тәрбиелей  келе, оларды өткен және қазіргі  ұрпақтардың рухани құндылықтарына тартып, осы құндылықтардың арасында дәнекер болып табылады.

Оқушылар сол арқылы ғана шынайылықты  адамдарды таниды. Егер де бала өз мұғалімін жақсы көріп кетсе, онда ол білімге де ұмтылады.

Ал егер ол мұғалімді ұнатпаса, одан қорықса, оны дос көрмесе, онда оқу да ол үшін құндылығын жояды. Сол  сияқты жоғары оқу орнының студенті болғанда да осы жағдай қайталанады.

Біздің пікірімізше, болашақ мұғалім тұлғасына жауапкершілікпен зер сала нәзік «жақындай» білу қажет және адамзаттық тәжірибені аса ұқыптылықпен жеткізе отырып, оның өз бетінше таңдау құқығын қалыптастыруы керек.

– студентке қабылдау және түсіну үшін тиімді болатындай анық, тартымды  етіп түсіндіре білу;

– студенттің психикалық жағдайына үңілу;

– студенттермен өзара  байланыс орнату, өнерде өзара қарым-қатынастарды тізу, дамыту, оларды қайта құру;

– студентке қарым-қатынас  бойынша серіктеске ықпал ету;

– өзін-өзі реттеу үдерісінде (жеке психикалық жағдайларын басқару, алуан түрлі психологиялық тосқауылдарды  жеңу, шығармашылық көңіл-күйді «шақыру», оптимист болу шеберлігі) жұмыс істейтін өзге де педагогикалық әртістік шеберлігін дәлме-дәл қабылдауынан тұрады. 

Музыка мұғалімінің  сабақта педагогикалық-психологиялық  тұрғысынан рухани ішкі  жан дүниесі  бай болса,  қаншалықты анық, алуан  түрлі болса, соғұрлым ол оқушыларға білім берудегі тәжірибесі нығая түседі.

Оқу үдерісінің әрдайым  шығармашылық деңгейі арта түседі. Оны ішкі күйзеліссіз ойлау мүмкін емес. Сондықтан, оқытушының сезімдік саласын дамытуы – оның педагогикалық  кәсіби құзырлығын қалыптастырудың  маңызды элементі.

Педагогикалық тәсіл – болашақ музыка мұғаліміне өзінің рухани құндылықтарын үйлесімді, терең және нақты жағдайда  көрсетуге мүмкіндік беретін біртұтас педагогикалық үдерісте оң нәтижелерге қол жеткізуге бағыттайтын біліктер жинтығы.

Информация о работе Болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастыру