Болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2012 в 09:23, магистерская работа

Описание работы

Зерттеу пәнінің өзектілігі. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында құзырлы орта білім берудің мақсаты ретінде «... терең білім мен кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп көрсетілді.

Содержание работы

Нормативтік сілтемелер …………………...………………………….…...
Анықтамалар, белгілер мен қысқартулар…………………………….. ...
КІРІСПЕ ……………………………………......…………………………….
1 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЯРЛАУ ҮДЕРІСІНДЕ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ........................................................................................................
1.1 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері..................................................................................
1.2 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың қазіргі жай-күйі................................................................................................
1.3 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары................................................................................
2 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.......................................................
2.1 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың мазмұны............................................................................................................
2.2 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастыру әдіс-тәсілдері............................................................................................................
2.3 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар және оның нәтижелері ..........
ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………............
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………...
ҚОСЫМШАЛАР ……………………………………………………………

Файлы: 1 файл

А.Д.Кекілбекова.doc

— 587.50 Кб (Скачать файл)

Болашақ музыка мұғалімдерінің сабақ барысында кәсіби белсенділігін  ынталандыру үшін проблемалық оқыту  технологиясы қолданылды. Дирижерлау сабағында интуитивтік, эмоциялық  сезім мен ғана емес, драматургия  логикасын түсіну және музыкалық шығарманың мазмұнына негізделген музыкалық форманы және орындаушылық түрлендірулерін жасауды барынша терең сезінуіне проблемалық оқыту себепші болды. Проблемалық оқытуды енгізу үйренетін шығарма мен басқа да оған ұқсас музыкалық және көркем мәдени құбылыстар арасындағы байланысты қалыптастыра отырып, сол шығарманың сазгері жайлы және сазгердің өмір сүрген кезеңінде стилі жағынан жақын басқа да сазгерлердің шығармашылығымен танысуға себепші болды, бақылағыштық, логикалық ойлау, кәсіби интуициясын жандандырды.

Э.К.Сэт [52] ұсынған «мәтіннің ағаруы» әдісінің негізінде, біз – «жекелей мәтіннің ағаруы» және «мәтіннің әшекейін аяқтау» сияқты қарапайым модификацияны қолдандық. Бірінші жағдайда партитурадан барлық екпіндік және динамикалық белгілеулер алынып тасталынады, бұл тапсырмада болашақ музыка мұғалімдері осы белгілерді өзі қоюы керек. Ал екінші жағдайдағы тапсырманы орындау, партитураға  автордың ұсынған орындалу нұсқасының мағынасын мен нақтыландыру сияқты қосымша ескертулер жасаумен байланысты болды. Осы тапсырмаларды орындауда болашақ музыка мұғалімдері, партитурадағы белгілерді елестете отырып, музыка тілінің жекелей элементтерінің сазды-мағыналы маңызын талдау және олардың өзара байланысы негізінде, орындаушылық жоспарды құрады. Тапсырманы орындау шарттарының бірі музыкалық материалды түбегейлі зерттеу (лигамен белгілінген фразировка; цезура, тыныс алу; динамика; әрбір хор партиясының мінездемесі және т.б.) және арнайы терминалогияларды қолдану талабы қойылды [53]. Соңғы талап болашақ музыка мұғалімдерін үнемі сөздікке және басқа да анықтама әдебиеттеріне жүгінуін қарастырады, бұл өз кезегінде музыкалық шығарманы барынша мағыналы зерттеуіне жетелейді. Осы жағдайда болашақ музыка мұғалімдерінің белсенділігі, пайда болған проблеманың алғышартын көре отырып, оны жоюға бағытталған шешім болып табылады.

Зерттеу барыснда бақылау тапсырмасы ретінде аралас хорға жазылған төрт дауысты, зерттеу авторының өңдеуіндегі, жергілікті сазгер Теміржан Базарбаевтың «Өз елім» шығармасы алынды. Шығарма келесі сипаттамалар ерекшелігіне байланысты таңдалды:

  • музыка материалының мазмұны қарапайым гомофонды-гармониялық фактурада, бұл көптеген орындаушылық проблеманы өздік жұмыс арқылы  шешуге себепші болды;
  • екі бөлімді, шумақтық форма көптеген ән жанрына, соның ішінде қазақ әндеріне тән қасиет, ол әр шумақта әдеби мәтінге байланысты және музыкалық бейне жасауда мәнерлілік құралдарын құбылтуға жол ашады;
  • техникалық, дирижерлық қиындықтары бар болғанымен, ыңғайлы орналастырылған, сондықтан көркемдігін жасауда ұзақ техникалық жұмысты талап етпейді.

Педагог пен болашақ  музыка мұғалімдерінің диологиялық  қарым-қатынас барысында, теориялық  проблеманың шешімдері мен талқылаулары бірлесе отырып жасалды, қайшылықтар  ашылды, практикалық тәжірибе мен  болашақ маманның аналитикалық ойлауы қалыптастырылды. Педагог бағдарлы сұрақтар әдісімен, ұқсастықты табуда, ассоциациялауда, салыстыруда  болашақ музыка мұғалімдеріне берілген шығарманы оқудың балама нұсқаларын табуына көмек көрсетті. Орындаушылық көрсету процесінде, көрнекілік үшін басқа хор шығармаларының ұқсастықтары қолданылды. Сабақ процесінде, барынша хабардар әріптес-педагогпен қатынас айырмашылығынан гөрі, тең дәрежеде хабардар  әріптес-студентпен қатынас спецификалық психологиялық фактор болып көрсетілді, бұл кәсіби құзырлықты едәуір жоғарлатып, оны барынша өнімді етті.

Зерттеу барысында - бағалау кезеңі бақылау кесігі мен жұмыс процесінде білім алушылар өзінің кәсіби құзырлығының айқындалуы мен хор шығармасын орындаудың рефлексивтік талдауын қамтыды. Ол үшін болашақ музыка мұғалімдеріне сауалнама сұрақтары даярланды, мысалы:

  • музыкалық шығармамен жұмыс істеудегі өздік жұмыстың деңгейін қалай бағалайсың?
  • музыкалық бейнені жасаудағы кәсіби ізденісте сіз қаншалықты өнімді болдыңыз?
  • музыкалық шығарманы сіздің тұлғалық кәсіби оқуыңыздың қанша дәрежесі, дәстүрлі түрлендірумен сәйкес келеді?
  • дайындық жұмыс процесінде хормен жұмыс істеудің мәнерлі құралдарын кең қолдануға қаншалықта дайынсыз?

Болашақ музыка мұғалімдерінің берген жауабы мен музыкалық шығармамен жұмыс істеу процесінде кәсіби құзырлықтың айқындалуының шынайы талдауын салыстыра отырып, біз төмендегі нәтижелерді алдық:

    • болашақ музыка мұғалімдерінің көпшілігі (79,2%) музыкалық шығармамен жұмыс істеуде өздік жұмыс пен еркіндікті құптады, дегенімен оны пайдалану көпшілігінің (12,5%) қолынан келмеді;
    • болашақ музыка мұғалімдерінің хор шығармасымен жұмыс істеуде стереотиптік дәстүрлі әдіс басымдылық танытты, бұл кәсіби құзырлықтың төменгі деңгейінің көрсеткіші;
    • музыкалық шығарманың турлендірулеріне өзінің пікірін білдіру көптеген болашақ музыка мұғалімдерінде (83,3%) барынша қиындық тудырды: болашақ музыка мұғалімдері өздерінің тәжірибелерін және шығармаға өзінің трактовкасын жасауда кәсіби әлеуетін қолдана алмады;
    • вокалды-хор жұмысы процесінде мәнерлі құралдарды қолдануға жоғары дайындығы, болашақ музыка мұғалімдерінің (дирижердың) техникалық жағының жетіспеушілігі салдарынан тежелді [54, 55].

Проблемалық оқыту өзінің кәсіби әлеуетін ой елегінен өткізуін едәуір жандандырды, тұлғалық және кәсіби қасиеттерінің өзін-өзі тану процесіне  тереңірек бойлауын, кәсіби-педагогикалық бағыттылығын белсенді етті.

Бейімделу кезеңі болашақ  музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастыруда әдістемелер мен  құралдарды жіктеп алуымызға көмегі болды.

Зерттеудің  ұйымдастырушылық-когнитивтік кезеңінде музыкалық-интеллектуалды білім, хормен жұмыс істеудің білім – дағдыларын меңгеру репродуктивтіктен іздену әрекетіне өту қажеттілігі мақсатын болжады және келесі жеке міндеттерді алға қойды:

  • болашақ музыка мұғалімдері белсенділігінің негізі ретінде, кәсіби сананың кәсіби қабатының қалыптасуы;
  • хор шығармасының мазмұнын жүзеге асыруға байланысты қиындықтарды жеңу мақсатында ойлаудың дивергенттік (жан-жақты) түрін дамыту;
  • кәсіби құзырлықтың дамуымен қосарлана жүретін мотивациялық, интеллектуалдық, эмоционалдық және еріктік факторларды қосу;
  • іскерлік ойын түрін өткізу үшін дирижерлау сыныбына топтық сабақ түрін ұйымдастыру;
  • кәсіби тапсырманы өздік қоя білу және музыкалық-оқу проблемаларды шешуге үйренуді мақсаттық қалыптастыру.

Тапсырма ретінде, музыкалық  бейнесі жағынан ұғынықты, мәнерлілігі жағынан анық, формасы нақты, спецификалық хор ерекшеліктерінің белгілері: тембр, регистр, хор дауыстарының қалыңдығы, динамикасы, әдеби мәтіндік мазмұны, артикуляциясы, дикциясы анық  хор шығармалары ұсынылды. Осы шығармалардың ішінде:  Жоскен Депре “Ave vera verginitas”, музыкасы С. Рахманиновтікі, редакциясын жасаған: П.Левандо  “Старинный напев” қазақтың халық әні “Япур-ай”, хорға өңдеген: М.Төлебаев, Абайдың әні “Айттым сәлем, Қаламқас”,  хорға өңдеген: А.Молодов, музыкасы мен сөзі М.Төлебаевтікі “Отан”, сөзі: Қ. Ыдырысовтікі, музыкасы: С.Мұхамеджановтікі «Найзатасым» кинофильмінен «Найзатасым, найзатасым», музыкасы: М.Рахимбаевтікі “Қайда да біргесің туған ел” және т.б. шығармалар алынды.

Болашақ музыка мұғалімдерінің музыкалық шығармамен танысуы көркем-бейнені елестетумен сипаттала отырып, өзінің орындаушылық шеберлігін шыңдау және ізденуге бағытталды. Есту қабілетін талдау мен шығарма туралы білімін тұжырымдау, қимыл сезімімен біріге отырып, жұмыстың бастапқы бөлігін– бағыт-бағдарлы әрекетті анықтады.

Ізденіс жолы және музыкалық- есту сезімі негізінде, өзіне тән  орындаушылық әрекеті қалыптасты. Олар көркем-музыкалық бейнені жүзеге асыруға бағытталды, ол музыкалық  шығармамен жұмыс істеудің жалпы  заңдылықтар біліміне және белгілі бір авторлық концепциясына (интонациялық-әуендік белгілеу, ырғақтық ұйымдастыру, музыкалық мәнерлілік құралдары, формасы мен стилі) сүйенді [56].

Сазгердің көркемдік  пиғылын жүзеге асыруда естуді бақылау  ерекше орын алды, ол шығарманы аспаптық орындалуы мен хор ұжымының орындауындағы ішкі естуді салыстыруға көмектесті. Аталған үш құрам бір-бірімен сәйкес келмеуі де әбден мүмкін. Пайда болған когнитивтік диссонанс бізді музыкалық бейнені жасауда қимыл, есту, эмоциялық сезімдердің келісімге келуін әрі қарай белсенді ізденіс жасауымызға әкелді. Болашақ музыка мұғалімдерінің үшін бағыт-бағдарлы, орындаушылық әрекет және шығарманы орындау барысында естуді бақылау функциясының бірлігі барынша көкейкесті, өзекті мәселе болып табылды.

Зерттеу жұмысында біз іскерлік ойын әдісін енгіздік. Ойын арқылы оқыту, кәсіби әрекетті меңгерудің маңызды және қажетті шарты болып табылады.

Іскерлік ойынды жүзеге асыру процесінде негізгі тұғыр  ретінде келесі шарттар алынды: қатысушылардың эмоционалды жағдайын шынайы білдіруді қамтамасыз ететін, ашықтық жағдайды орнату; проблемалық мінездемені анықтайтын «жасырын хабарламаны» енгізу; жетістік жағдайын жасау; өздік дамуы мен өздік бекуі үшін қатысушыларға ролді таңдау еркіндігін беру.

Ойында жүргізу процедурасы  бірнеше кезеңдерді қамтыды – ұйымдастырушылық- дайындық, әрекеттік-ойын және сараптамалық (аналитикалық) талдау. Ұйымдастырушылық- дайындық ойынды құрастыру кезеңі имитация объектісін таңдаумен бекітіліп, оның сапасы ретінде дирижерлық-хор оқуының жекелей үзіндісі, сонымен қатар ойнау үлгісін жасауда: мақсатты анықтау, талаптарды жетілдіру, сценариді жазу, рөлдерге бөлу, бағалау шкалаларын іріктеу, ойынның жүйелі болгын жасау қарастырылды.

Ойыншылардың міндеттері мен жасалған талаптар төмендегідей көрініс алды:

  1. Іскерлік ойынға қатысушы болашақ музыка мұғалімдері, педагогқа жұмысының формасы мен тәсілдері көрсетілген жоспарын, сонымен қатар ойын әрекетінің уақыттық шектелуін тапсыруы керек.
  2. Болашақ музыка мұғалімдері белгілі бір себептер болмаса ойыннан, тіпті оның дайындық жұмысы қанағаттанарлықсыз жағдайда болса да бас тарта алмайды.
  3. Болашақ музыка мұғалімдері топпен өздік жұмыс жасайды, бірақ ойын барысында туған қиындықтарда курстастарынан көмек сұрауға рұқсат етіледі.
  4. Болашақ музыка мұғалімдері-хор жетекшісі, болашақ музыка мұғалімдері-сүйемелдеуші, болашақ музыка мұғалімдері-хор әншісі регламенті бойынша рөлдік-орындарын мақсатқа жету деңгейіне қарамастан өзара ауыстыруларына болады.
  5. Ойынның міндетті шарты таза ойындық мінездемедегі екінші жоспардың болуы: орындаушылардың қалыпты емес қимыл-әрекеті, дайындалмаған кәсіби тапсырманы ойынға қосу және т.б.
  6. Ойынның жемісті өтуіне және барлық қатысушыларға оң әсер етуі үшін, педагог өз тарапынан қолайлы жағдай жасауға міндетті.
  7. Топтар арасындағы дискуссия қалыпты, сенімді, адамгершілік жағдайында өткізілуі керек. Дискуссия барысында барлық ойынға қатысушылар өз көзқарастарын, пікірлері мен қайшылықтарын білдіре алады.

Сценариді жетілдіре  отырып жасау, этаптар бойынша қатысушылардың әрекетін жазумен қатар, негізгі жағдайлар мен көріністерді талдап жазуды қарастырады. Болашақ музыка мұғалімдері өзінің кейіпкері үшін ойлау, рөлді орындауда, маман бейнесіне ену ұсынылды. Сценарийдің маңызды элементі оқиғаны үдету тәсілі, ол ойын процесінің динамикасы мен мінездемесінің дамуын анықтайды.

Мазмұнға қойылған міндеттерді, ойын жоспарын, рөлдер жиынтығын, әрекет етуші кейіпкерлер мен ойыншылардың функциясын сипаттау кірді. Рөлдер мынандай тәртіп бойынша берілді: хормен жұмыс жасаушы–пультте тұратын, ойын әрекетін жүргізуші және ұйымдастырушы; сүйемелдеуші–хор шығармасын аспапта сүйемелдеуші және хормен жұмыс жасаушыға тондық көрсету көмекшісі; хор әншілері–хор шығармасын орындаушылар, хормен өздік жұмыста ойын жағдайларын көрсететуі мүмкін. Ойын әрекетін қимылға бай ету үшін балама (қызығушылығына қарай) рөлдерді енгізуге болады: келісімшіл -  барлығын сенімге енжар қабылдайтын; сабырлылықты бұзушы - барлық дәлелденген ой-пікірді жоққа шығарушы; скептик және т.с.с. өзіндік қиялдарына қарай түрлі кейіпкерлерді жасауға болады. Біз ойын процесінде әлеуметтік-психологиялық жоспардағы – тойтарушы, тәуелсіз, эрудит рөлдерін енгіздік.

Оқудың бастапқы кезеңінде  әдіснамалық функцияны педагог  өз мойнына ала отырып, бағдарлы сауалнамалар арқылы болашақ музыка мұғалімдерінің ойын әрекетіне түзетулер енгізіп отырды. Келешекте бұл функцияны белсенді болашақ музыка мұғалімдері атқарып, ал педагог әдіскер «проблематизатор» (Г.С.Селевко) және үйлестіруші, жол көрсетушісі қызметін атқарды .

Әрекеттік-ойын кезеңі кәсіби-хормен жұмыс істеудің мағанасы бар дидактикалық ойынды өткізу, түрлі ұйымдастыру: жұппен, топтық, ұжымдық формаларында болашақ музыка мұғалімдерін біріктіруді қарастырады. Мысалы: мектепке арналған репертуармен жұмысты жұппен істеу, болашақ музыка мұғалімдеріне ұстаз бен оқушы рөлін кезекпе-кезек орындауларына жағдай туғызады. Болашақ музыка мұғалімдерінің бірі аспапта музыкалық шығарманы ойнай отырып, үйретсе, ал екіншісі «мұғалімнің» барлық қимыл, мимикасына жауап бере отырып, оқушы рөлінде немесе мектеп хорының рөлін атқарады. Ойын процесінде тек қана рөлдерді орындау бейнесіне ғана емес, қарым-қатынас жасай білуі, ынтымақтастыққа, өзінің қимыл-әрекетін басқа да қатысушылармен ақылдасуына, білімімен бөлісу және кеңейту мен тереңдетуіне ерекше назар аударылды. Бастапқыда кейбір болашақ музыка мұғалімдері ойынды жүргізуіне табиғи ұйялшақтығы, төмен баға алу қорқынышы және керісінше артығырақ өз-өзіне сенімділігі, амбициясы (кеудемсоқтығы) кедергі жасады. Нақты бір жағдайды бірлесе отырып талдау барысында, болашақ музыка мұғалімдерінің рөлдік әрекетін рефлексивтеуде, жеңілістерді талдауда оң сәттер белгіленіп және ойынның жаңа сценарийінің қойылымы жетілдірілді.

Информация о работе Болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастыру