Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2012 в 09:23, магистерская работа
Зерттеу пәнінің өзектілігі. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында құзырлы орта білім берудің мақсаты ретінде «... терең білім мен кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп көрсетілді.
Нормативтік сілтемелер …………………...………………………….…...
Анықтамалар, белгілер мен қысқартулар…………………………….. ...
КІРІСПЕ ……………………………………......…………………………….
1 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЯРЛАУ ҮДЕРІСІНДЕ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ........................................................................................................
1.1 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері..................................................................................
1.2 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың қазіргі жай-күйі................................................................................................
1.3 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары................................................................................
2 БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.......................................................
2.1 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың мазмұны............................................................................................................
2.2 Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлылығын қалыптастыру әдіс-тәсілдері............................................................................................................
2.3 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар және оның нәтижелері ..........
ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………............
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………...
ҚОСЫМШАЛАР ……………………………………………………………
Жоғары оқу орны оқытушысының ең жоғарғы міндеті – болашақ мұғалімдердің кәсіби құзырлығын тұрақтандыру, толықтыру, трансформациялау механизмдерінің жұмысын басқару мүмкіндігінің кезең-кезеңімен қалыптасуына психологиялық-педагогикалық жағдайлар туғызу. Жағдайларды жақсарту кезеңдері – болашақ мұғалім іс-әрекетін оқытушының басқаруы, кәсіби құзырлық механизмдерін оқытушы мен болашақ мұғалімнің біріге басқаруы, өзіндік кәсіби даму үдерісін болашақ маманның өзі басқаруы деп атап көрсеткен жөн.
Жоғары кәсіби оқыту жағдайында болашақ мұғалімнің өзіндік оқу-танымдық, кәсіби-практикалық іс-әрекеті кәсіпті меңгерудің негізгі көзі болады. Теориялық және практикалық даярлық тұтас кәсіби құзырлыққа жинақтау үшін кәсіби оқытудың жалпы стратегиясындағы жедел орындалатын оқу тапсырмалары мен олардың функциялары арасында мағыналы байланыс орнатуға психологиялық-педагогикалық негіз салу қажет.
Музыкалық білім болашақ мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастырудағы Музыкалық педагогика арнайы курсын оқытуды әдістемелік жүйе ретінде қарастырамыз.
А.М. Пышкалoның пікірінше “оқытудың әдістемелік жүйесі (ОӘЖ)– оқыту мақсаттары, мазмұны, әдістері, формалары мен құралдары болатын құрылым” түсіндіріледі [50].
Демек, оқытудың әдістемелік
жүйесі оқыту мақсаттары, мазмұны, әдістері,
құралдары мен ұйымдастыру
1. Әдістемелік жүйенің бір немесе бірнеше бөліктерінің өзгеруі оның қалған бөліктерінің немесе бүкіл әдістемелік жүйенің өзгеруіне әкеліп соғады.
2. Кез-келген әдістемелік жүйе өзіне шешуші әсер ететін нақтылы өмірмен тығыз байланысты. Әдістемелік жүйедегі жетекші орынды оқыту мақсаттары алады, анықтап айтқанда қоғам жоғарғы оқу орнына әлеуметтік тапсырыс береді, сол арқылы кез келген пәнді оқытудың мақсаттары анықталады.
Пәнді оқытудың әдістемелік жүйесін жетілдірудің жалпы принциптерін қарастырайық. Оқыту мақсаттары әдістемелік жүйедегі жетекші орынды алатын болғандықтан, оны жетілдірудің негізгі принципі мақсатқа бағыттау болады. Біртұтас әдістемелік жүйені немесе оның бөліктерін жетілдірудің бағыты мен сипаты оқыту мақсаттарына сәйкес болуы тиіс.
Әдістемелік жүйені жетілдірудің келесі маңызды талабы, оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі принципі болып табылады. Сондықтан әдістемелік жүйені жетілдіру үдерісінде оқытудың дидактикалық және тәрбиелік жақтарының бірлігін, педагогика мен психологияның алдыңғы қатарлы жетістіктерін ескеру керек.
Сонымен қатар, әдістемелік
жүйенің жеке бөлігінің өзгеруі,
жүйенің біртұтас құрылым ретінде
жойылуына соғуы мүмкін. Жүйедегі
өзара байланыстарды толық
Біз кәсіптендіру пәндерінде дәстүрлі қарастырылатын басым сапаға ие кілттік құзырларды сипаттадық. Жеке мақсаттар қою біліктілігі, өз іс-әрекетінің мәнін түсінуі мен тануы, тұлғаның жеке табысының айтарлықтай деңгейлерін және дербес жағдайда білім беру саласындағы табыстарды анықтайды. Іс-әрекет формасындағы құндылық-мағыналық құзырлардың мағынасын төмендегідей көрсетуге болады:
- өзінің оқу мақсаттарын пішімдеу біліктілігі (аталған пәннің жалпы тақырыптарын оқып үйренуде, жоба құруда, баяндама тақырыбын таңдаудағы және т.б. оқу мақсаттары);
- шешім қабылдай, өзіне жауапкершілік ала білу (топтық жобада көшбасшы болу, стандартты емес жағдайларда шешім қабылдау (жүйемен жұмыстағы ахау, желіге рұқсатсыз ену ...));
- жеке білім беру траекториясын іске асыру;
Жоғарғы курстарда әлеуметтік-еңбектік құзырларға ерекше көңіл бөлінеді:
- өз іс-әрекетінің
өніміне анықталған
- өз өнімінің
аналогының жетістіктері мен
кемшіліктерін талдау (түрлі типтегі
жобалық іс-әрекеттерде,
- еңбек және азаматтық өзара қарым-қатынас этикасын меңгеру (бағдарламалық қамсыздандыру түрлерін лицензиялау, ақпараттық қауіпсіздік, заң бұзушылыққа құқықтық жауапкершілік, авторлық құқық және т.б.).
Жалпы мәдениеттік құзырлар мамандық пәндері сабақтарында шығармашылық жобаларды іске асыруда ерекше дамиды. Оны іс-әрекеттік формада төмендегідей сипаттауға болады:
- болашақ мұғалімнің,
тыңдаушының, орындаушының, суретшінің
және т.б. көркем-шығармашылық
құзырларының элементерін
компьютерлік коллаждардың, музыкалық тректердің макеттерін құру);
- аталған ғылымның
басқа ғылымдар жүйелеріндегі
орнын, оның тарихы мен даму
жолдарын түсіну (бағдарламалау
тілдерінің даму теңденциялары,
Оқу танымдық құзырларға басты орын беру қажеттігі туралы талқылауларды негіздеуге болады. Шындығында оқу үдерісіне оның қалыптасуының дәрежесі айтарлықтай деңгейде нәтиже сапасын анықтайды. Оқу танымдық құзырлар құрылымында келесілерді бөлуге болады:
Соңғы жылдары білім беру жүйесіне және жалпы музыка мұғалімдері тұлғасына деген талаптар өзгеруде. Жаңа әдістер мен формаларды жасай отырып және оларды жетілдіруге, тұлғалық – бағдарлы процестің талаптарын барынша жүзеге асырауға, өзінің кәсіби әрекетін белсенділікпен орындауға дайын мамандар даярлау қазіргі жоғары оқу орындарының басты мақсаты болып саналады. Бұл өзекті оқу – тәрбиелік проблемаларды қалыпты емес жағдайлармен шеше білуге қабілетті музыка мұғалімдерінің кәсіби әрекеті, жоғары педагогикалық оқу орындарындағы оқу процесін ұйымдастыруды шығармашылық жол көрсету үлгісінде құру қажеттігін білдіреді. Гуманистік концепциясы тұрғысынан қарағанда тұлға – білім беру процесі барысында дамиды және өздік даму қабілетіне ие болады. Осы процестің негізгі факторы білім берудің мазмұндық және процессуалдық компоненттері болып саналады.
Осыған байланысты қазіргі таңда оқу – танымдық процесте болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастыру мазмұны аса басты өзекті мәселе болып табылады. Кәсіби құзырлықты қалыптастыру процесі көпқырлы болғандықтан, ол болашақ музыка мұғалімдерін құзырлық әрекет табиғатын, тұлғаның шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру тәсілдерін танып білу қажеттігіне сұраныс тудырады. Сондықтан болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығы қалыптасуы үшін терең де жүйелі білім беру құрылымының жоқтығы кедергі туғызады.
Халықтың бай тарихын, мәдени құбылыстарының сан қилы ерекшеліктерін білмей бүгінгі тәрбие жүйесін қалыптастыру мүмкін емес. Сондықтан болашақ мамандарды кәсіби даярлауда мәдени мұраларды пайдалану барынша қажет болып отыр. Себебі, ол болашақ мамандардың рухани дүниесіне белсенді ықпал етіп, олардың эстетикалық талғамы мен адамгершілік, тұлғалақ және сапалық қасиеттерінің қалыптасып дамуына игі әсерін тигізеді. Олай болса, бүгінгі білім жүйесіндегі өнердің басты мақсаты- адам баласының барлық іс-әрекетіндегі сергек сезімталдылықты, рухани дүниесін тәрбиелеу.
Мемлекетіміздің мәдениет мәселелері мен тарихи өткенін жаңғырту мақсатында 2004-2006 жылдарға арналған “Мәдени мұра” бағдарламасының жасалуы мәдени мұралар саласында қалыптасқан жағдайға барынша белсенді түрде әсер етудің қажеттілігімен байланысты қабылданды. Бұл мәселені зерттеудің қажеттілігі мынадай нақты қарама-қайшылықтардан туындады. Біріншіден, қоғамның мәдени мұрасын қайта жаңғыртуына деген қажеттіліктің өсуі, өскелең ұрпақтың бойында өз халқының мәдени және рухани мұрасына деген жағымды қатынасын музыкалық білім, тәрбие және ағарту ісінде қалыптастыруды өзектеумен байланысты. Екіншіден, музыкалық білім беру мен тәрбиені дамытудың аймақтық ерекшеліктерін қарастыруымен байланысты педагогика тарихында жинақталған тәжірибенің жеткілікті дәрежеде зерттелмеуі және ғылыми негізделмеуі арасындағы қарама-қайшылықтар.
Бүгінгі білім беру жүйесіндегі музыкалық білімнің басты мақсаты- рухани жағынан бай тұлғаны тәрбиелеу. Рухани даму дегеніміз: өзінің өмірдегі орнын, атқаратын міндетін, қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін, дүниенің күрделі құрылымын түсіну және өзін-өзі үздіксіз бірқалыпты жетілдіру. Рухани дамудың өлшемі ретінде адамның тәндік, физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік дамуын қарастыруға болады. Рухани даму тұлғаны қалыптастырудың өзегі және ол адамның тәндік, жандық, рухтық сипатының біртұтас үйлесімділікте өрбуі.
Педагогикалық көзқарас тұрғысынан алғанда рухани дүниесі бай адам тұлғасын музыкалық білім беру мен тәрбиелеу арқылы қалыптастыру үрдісі- тұлғаға этикалық, эстетикалық әсер ету арқылы жүзеге асады..
Міне осы дәйектемелерді негізге ала отырып біз, болашақ музыка мұғалімдері тұлғасының рухани дамуына қажетті өз жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін қарастыратын патриоттық сезімін жетілдіру оның кәсіби құзырлығын қалыптастыруға себепшілердің бірі болып саналады.
Қоғам мұратына сай жан-жақты жарасымды дамыған тұлға тәрбиелеуде барлық өнер түрлері үлкен маңызға ие. Әсіресе, өнер түрлерінің ішінде өскелең жастардың эстетикалық дүниетанымын, соның негізінде музыкалық мәдениетін қалыптастыруда және дамытуда мектеп аясында жүргізілетін музыка сабақтарымен қатар, сыныптан тыс жұмыстардың алатын орны ерекше. Оның мәні мынада: саз өнері әрбір адамның адамгершілік тұрғыда тәрбиеленуіне, әсемдік әлеміне үйірсек қана болып қоймай, оқушы бойындағы музыкалық мәдениетінің қалыптасуына және рухани-мәдени деңгейін көтеруге табиғи жағдай жасайды.
2.2 Болашақ
мұғалімдердің кәсіби
Оқыту әдістері білім мақсаттарына жетуге бағытталған оқытушы мен оқушының біріккен іс-әрекеттерінің тәсілдері. Ю.К.Бабанский «оқыту әдістері – оқыту, тәрбиелеу, дамыту міндеттерін жүзеге асыруда педагог пен оқушының өзара байланыстағы іс-әрекеттерінің тәсілдері», И.П. Подласый «әдіс – шындыққа қарай жақындау жолы, тәсілі. Оқыту әдістері – қойылған оқыту мақсатына жетуге бағытталған педагог пен оқушының реттелген іс-әрекеті..», И.Ф. Харламов «оқыту әдістері – оқу материалын меңгеруге, әртүрлі дидактикалық мәселелерді шешуге бағытталған мұғалімнің оқыту іс-әрекетінің тәсілдері және оқушылардың оқу-кәсіби іс-әрекетін ұйымдастыруы», – деп анықтайды. Келешекте И.П. Подласыйдың анықтамасы негізге алынып, «оқыту әдісі – білімді меңгеруді қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушының өзара байланысқан, тізбектелген амалдарының жүйесі», – деп екшеленді.
Арнайы пәндер циклында болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастыру моделін жетілдіру, қалыптастырушы эксперимент барысында тексерістен өтті. Тәжірибелік жұмыс мақсаты, болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастыруына мақсаттық ықпал ететін ғылыми болжам мен жасалған педагогикалық инновация шарттарының тиімділігін, белсенді әдістеменің апробациялық кешендерін тексеру бағытында жасалды.
Кәсіби құзырлықты қалыптастырудың тиімділігі болжамына жету үшін жасалған жетілдіру әрекетінде, біз бірнеше талаптарды ескердік: болашақ музыка мұғалімдері - хор жетекшісінің кәсіби әрекетінің спецификалық әдістемелеріне сәйкестігі; білім беру процесіне қатысушылардың қызығушылығы мен қажеттілігін ескеру; іске асыру барысында пайда болатын жанама әрекетті болжау және бағалау; өзгертулер енгізу мүмкіндігі.
Зерттеу болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастырудың басты қайнар көзі ретінде, музыкалық шығармамен жұмыс істеуде дәстүрлі емес әдістемелерді қолдану, хор жетекшісі жұмысының жүйелі ұйымдастырылуы әдіснамалық жағынан орынды деп тапты, олар өз кезегінде бірнеше кезеңдерге бөлінеді (бейімделуін - бағалау, ұйымдастырушылық -когнитивтік, өзін - өзі насихаттаушы).
Зерттеу барысында бейімделуін - бағалау этапы толлеранттығы, кәсіби талабының көрінуі, ойлану мен кәсіби процесінің жандануына байланысты, креотивтік орта жасаумен тұжырымдалды. Бұл кезеңде, алдына қойған мақсатты шешуде болашақ музыка мұғалімдерінің кез-келген іс-әрекетін қолайлы психологиялық қолдау жасауды қамтамасыз ете отырып, педагог келесі жеке міндеттерді көздеді:
Бірінші сабақта көркем-педагогикалық әрекеттің, оның көлемі мен мазмұны, хор ұжымын басқарудың педагогикалық ұстанымы, хор шығармасын жасау процесінде өнімді кәсіби әрекетін жүзеге асыру үшін қажетті қасиеттер, қабілеттілік дәрежесінің айқындалуы жайлы болашақ музыка мұғалімдерінің ғылыми көзқарсы бекітілді. Өзін-өзі талдау, өзінің кәсіби-тұлғалық мүмкіндіктерін сезіну, біріккен белсенді кәсіби жұмыс процесінде кәсіби-педагогикалық әлеуетін өзкетілендіруге ерекше назар аударылды.
Информация о работе Болашақ музыка мұғалімдерінің кәсіби құзырлығын қалыптастыру