Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 20:17, диссертация
Халық ертегілерінің бала дүнетанымын қалыптастырудағы маңызы аса зор. Қазақ фольклорындағы ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі - ертегілер. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша тараған мол мұра. Оның осы дәуірге дейін жетуі ертекшілермен тығыз байланысты.Халық арасында үлкен беделге ие болған ертекшілер ертегіні шебер орындаған.Жаңадан ертегілік сюжетті тудырып толықтырып отырған. Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімі мен арман-тілегін, қиялын, даналығын, ғасырлық өмір тәжірибесін көреміз. Ертегінің қай түрін алсақта ол баланың ой-қиял ұшқырлығын күшейтеді, мінез-құлқын, ерік - жігерін қалыптастырады. Сондықтанда ертегіні оқытуда оның жанрлық ерекшелігін ескеріп. тәрбиелік мақсатына айрықша көңіл бөлгеніміз жөн.
Қиял-ғажайып ертегілері 4
Хайуанат жайындағы ертегілер 10
Салт ертегілері 16
Алдаркөсе 23
Асанқайғы 25
Жиренше 27
Қорқыт 28
Қиял-ғажайып ертегілері 34
Хайуанат жайындағы ертегілер 38
Салт ертегілері 40
Халық ертегілернің бала дүниетанымын қалыптастырудың маңызы
Халық ертегілерінің бала
дүнетанымын қалыптастырудағы маңызы
аса зор. Қазақ фольклорындағы ертеден
келе жатқан көне жанрлардың бірі - ертегілер.
Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша тараған
мол мұра. Оның осы дәуірге дейін
жетуі ертекшілермен тығыз
Дүниеге ғылыми көзқарастың қалыптасуы
ұзақ және күрделі үрдіс. Балалық шақтан
балаларды қоршаған болмысқа дұрыс түсінікті
тәрбиелеу қажет. Әрине, бала қоршаған
ортамен өзі-ақ танысады. Дегенмен отбасы,
балабақша және мектептің жұмысы балада
болмысқа деген белсенді танымдық қатынасты
оятуға бағытталуы керек.
Болмысқа танымдық қатнасты ояту мен тәрбиелеудің
бір жолы -өмірді тікелей бақылаудан басқа
танымдық әдебеттерде жатыр.
Бүгінгі күні оқытуға қойылып отырға талаптардың
бірі-өмір шындығын балаларға халық ауызекі
шығармашылығы арқылы көрсету, оның негізінде
балалардың ой-өрісін, қиялын, эстетикалық
және адамгершілік сезімдерін дамыта
отырып, олардың халық шығармашылығына
сүйіспеншілігіқ еңбек сүйгіштікке деген
көзқарастарын арттыру болып табылады.
Егер халық ертегілеріне педоагогикалық-психологиялық
тұрғыдан қарайтын болсақ мұның жас өспірімдерге
танымдық әсері жоғары.
Халық ертегілерінің таңдаулы үлгілері
ғасырлар бойы жасалған халық шығармашылығы
болғандықтан оның ішінен көркем тіл де,терең
ой да,тамаша үздік кейіпкерлер де табылады.
Оның осы сияқты аса жоғары идеалық көркем
қасиетін балалардың санасына жеткізу
үшін бұлардың да өзіне лайық оқып үйрену
жолдары әдіс амалдары бар, мысалы ертегілерді
алатын болсақ, ол ел аузында ғасырлар
бойы сақталып айтылып әңгімеленіп келеді.
Ал осы ертегілер арқылы бала айналасындағы
өмірді, адамдарды кеңірек танып ұстанымдылыққа
еңбек сүйгіштікке ие болады.
Ертегі бала ойында сақталу үшін түрлі
жолдар арқылы жүргізуге болады;
Ертегі оқу. Мұнда сол ертегі кейіпкерлерінің
бейнесіне еніп соның көңіл-күйін образ
арқылы бейнелеп беру.
2.Пантомима ойыны. Ешқандай сөз айтпай
сол кейіпкердің қимылдарын көрсету.
З.Суретпен жұмыс. Әр түрлі жәндіктер бейнеленген
суреттер немесе
бір ертегідегі барлық қимылдарды суреттер
арқылы көрсету.
Баланың табиғат туралы білімдерін кеңейтіп
табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін
оятып, қамқорлыққа алуға тәрбиелеу. Сабақта
үнтаспа, бейнетаспа суреттер көрнекілікті
пайдалану әңгімелесу, түсіндіру.
Табиғаттың әсемдігін көріп сезіне білу
балалардың өмір тәжрибесін байытып, олардың
эстетикалық талғамын дамытады. Туған
жерге деген ыстық сүйіспеншілігін күшейтеді.
Халық ұғымында табиғат деген сөз Жер
- ана.туған жер, атамекен сөздері түрінде
көп айтылады.
Бастауыш мектеп жасында балдырғандар
шын мағынасындағы оқырмандар емес, олар
тек тындаушылар, көрушілер ғана. Оларға
арналған шығармалар қысқа да ықшам жазылған
суретті кітапшалар түрінде беріледі.
Бұл жастағы балаларға арналған әдебиет
жанры жағынан көбіне жеңіл сюжетке құрылған
шағын шығармалар, хайуанаттар жайында
жазылған әңгімелер белгілі оқиға не ойын
түрлеріне құрылған өлеңдер, ертегілер
болып келеді. Бұл жастағы балдырғандарға
арналған шығармалардың тақырыбы көбінесе
табиғат әлемінен, өзін қоршаған күнде
көріп жүрген оқиғалардан алу керек. Тілі
жеңіл, сөзі ойнақы болып келеді.
1) Балалардың психологиясына зерттеу
жасағанда,олардың ойлау түсіну қаблеттін
суреттеліп,отырған оқиғанның керкем
обрыздың нақтылығын дәлдігін өз өмірінің
аймаласынан алуды қажет етеді.
2) Әңгімеленіп отырған оқиғаның барысында
мерзімі болуы шарт. Баланың ішкі дүниесіне
ой-санасына бірден әсер ететін күшті
де мағыналы бейнелер алу керек. Балаларды
өмірдің жақсы болашағына қанағатандырып,шарықтатып
отыру қажет.
3) Балалар әдебетінде оқиғаны және адам
характерін суреттеу,әдістерінің динамикасы
ерекше болады.
4) Балалар жаратылысының көркем көріністерін,
пейзажды шебер суреттеуді ұнатады,оған
сүйсіне қарайды.соны айналасынан іздейді.
5) Балалар әдебеті шығармаларының мазмұны
идеясы оларды еңбекке, ғылымға әр қилы
мамандықтарды игеруіне үлес қосады.
Ертегілердің танымдық-тағлымдық рөлі
К.Ушинский Д.Макаренко, В.Сухамлинский
еңбектерінде ерекше көрініс тапқан. Аса
көрнекті педагог В.Сухамлинский өзінің
педагогикалық қызметінің өн бойында
мектеп оқушыларын тәрбиелеу және дамыту
мәселелерімен шұғылданды. Ол ертегілерсіз
дворчествасыз, қиялсыз толық мәнінде
тәрбие жүзге аспайды деп саналады.
Жалпы қазақ ертегілерінің ел арасынан
жиналып баспаға шығуы XIX ғасырдың II жартысынана
басталады деуге болады. Бұл ретте Ш.Уәлиханов,
Т.Потанин, В.Радлов, Э.Диваев, И.Березин,
А.Алекторов және т.б аталуға болады.
Кейінгі кезеңде қазақ ертегілерін зерттеуге
М.Әуезов, М.Ғабдуллин, С.Садырбаев, С.Қасқабаев
және басқалардың қосқан үлесі елеулі
болды.
Белгілі қазақ жазушысы академик М.Әуезов
қазақ фольклористерінің арасында алғашқылардың
бірі болып ертегілерге былай деп анықтамасын
берді: "Ертегі деп бояғы замандағы
елдің дүниеге көзқарасын білдіретін,
я сол көзқарастың белгілі ізін көрсететін
онан соң, елдің белгілі санатын білдіретін
арнаулы үлгі айтатын жамандықты жерлеп
жақсылықты айтқан, ойдан шығарған көтерме
әңгімені айтады.
Баланы еңбекке тәрбиелеуде отбасы мүшелері
үлкендерінің еңбекке деген көзқарасы,еңбек
істеу әрекеті әсер етеді. Баланы еңбек
сүйгіштікке тәрбиелеуде, өнерге баулуда
ауыз әдебиеті күшті құрал болған. Айталық,мерген,мал
тапқыш, еңбек сүйгіш өнерлі жандар жайында
балаға ертегі, әңгіме, өлең-жыр айтып
беру арқылы баланы еңбек ардагерлерін
қадірлеуге ал оған қарама-қарсы еңбек
сүймейтін арамтамақ жатып ішер жалқау
деген жиркенішті сезімге тәрбиелеуге
болады.
Өз ұрпақтарының тәрбиесі ерлі-зайыптыларға,ата-әжелерге
ортақ іс,жауапты міндет болған. Көбіне
ата-әжелер есте жоқ ерте замандағы, ауыздан-ауызға
тарап келген ертегілер арқылы бала тәрбиесіне
көңіл бөлген.
Балаға адамдық қасиеттің нәрі ертегі
арқылы ана сүтімен қоса сіңіріледі.Өйткені,
оныңжаны күнәдан пәк, таза, көңілінде
күдік жоқ. Бәріміз де жақсы жанға жайлы,
одан рахат табатын ертегіні тыңдап, сол
ертегілерден адам бойына керектінің
бәрін сіңіріп өстік. Бала жанын қоректендіретін
рухани қор - айналадағы барлық табиғат
болмысы, жанды мақлұқтың бәрімен табыстыратын,
терең де таң ғажайып сырларға толы ертегілер.
Бала бойына тамаша қасиеттер мен адалдықты,
мейрімділікті, имандылықты егетінде
осы –ертек
Ертегі - ауыз әдебиетінің көлемді саласының
бірі. Ертегілер -бірнеше ғасырлардың
жемісі. Ертегінің негізгі бір саласы
қиял-ғажайып ертегілері. Бұларда өмірде
болмайтын нәрселер туралы әңгімелер
қозғалады. "Ұшқыр кілем","Адам
жеңбек Айыртас батыр"т.б қиял-ғажайып
ертегілердің де өзінше мәні үлкен. Ертегілерідің
ішіндегі көне түрінің бірі - хайуанаттар
жайлы ертегілердің балаға берері көп.
Адамды қоршаған табиғаттың әрбір бөлшегі
соныңтыныс-тіршілігі қызықты әрі жұмбақ.
Мектепте сабақ үстінде кім хайуанаттар,
еңбек және өнер жайында ертегілер біледі
деген ойын арқылы балаларға тиянақты
мағлұмат,тәлім-тәрбие беруге болады.
Ертегінің бір түрі-тұрмыс салт ертегілері.Бұл
ертегіде көбінесе елдің бақташылық тұрмыс
- тіршіліктері суреттеледі.
Еңбек мәнін биік бағалайтын "Қотыр
Торғай","Кім күшті?", "Қуыршақ"
сияқты балаларға арналған қысқа ертегілердің
мазмұны да аса қызық тартымды. "Кім
кім күшті?"ертегісінде мұздан күшті
нәрсе жоқ деп ойлайтын қырғауыл, одан
жаңбыр, жер, шөпдоқты, қасқыр, осылардың
бәрінен оқтың күшті екенін айтады. Ал
оқтан мылтық пітесін жеп қоятын тышқақ
тышқанның ін қазып,алты баптан ауыруды
сүйреген құмырсқа күшті болып шығады.
Өйткені ол еңбек сүйгіш "ұйымшыл".
Ал "Мақта қыз бен мысық" және "Қотыр
торғай" оқиғалары еңбекпен тікелей
байланысты.
Балаларды табиғатпен байланыстыратын
ертегілердің бірі -"Орманға қар не
үшін керек" деген ертегіні алуға болады.Оны
оқушыларды рольге бөлу арқылы оындауға
болады. Яғни рольге бөлу арқылы олардың
жадында жақсы сақтап"алып қалады. Ертегі
баланың ой-өрісін дамытуда үлкен үлес
қосады. Жамандық пен жақсылықты ажырата
алады, табиғат жайлы ертегілер баланың
табиғатқа қамқор болуға;оны аялап қорғауға
үгіттейді.
Қазақ ертегісінің ең мол түрі - шыншыл
ертегілер. Мұндағы ертегі кейіпкерлері
қиял- ғажайып ертегілердегі сияқты қиялдан
туған емес.күнделікті өмірден еңбек адамдарынан
алынған. Мысалы; "Аяз би", "Тазша
бала", "Ұр тоқпақ","Атамтай Жомарт"т.б
ертегілер жатады.
Қазақ халқы балаларға табиғат туралы
өз білгенін үйретуді мақсат етіп,оны
ретті жерде жүзеге асырған. Табиғат адамның
ақыл-ойы мен тәрбиесінің сарқылмас қайнар
көзі екендігін көре білген. Бар өмір тіршілігі
табиғатқа болып,оның аясында өмір сүргеннен
соң адам баласы өзі туып өскен жеріне
деген сүйіпеншілік пайда болады.
Батырлар жыры - ел - жұрттың арманы сыртқы
жаулардан қорғанып, тыныштықта өмір сүру.
Бұл, әсіресе ерте кездегі жаугершілік
замандарда оңай болмаған. Сондай жағдайда
халық ел қорғайтын хас батырларды аңсаған.
Олардың батырлық қаһармандық істерін
мадақтап жырға қосқан. Алғашқыда батырлардың
бір ерлігі ғана айтылса, кейін басқа да
жорықтар жалғасып, оқиға тізбегі өрбітілген.
Сөйтіп, халық шығармаларының көлемді
де көрнекті тағы бір түрі батырлар жыры
пайда болған. Жырды өзі шығарып, өзі айтушы
адамды жырау деп, ал жырды айтушы, таратушы
адамды жыршы деп атады. Балаларға ертегілердің
түрлері көп. Батырлық - эпостық, хайуанаттар
жайында, тазша бала, өтірік өлең. Ал батырлық
ертегілер арнайы жанрда қарастырылып
жүр. Міне, сол дәстүр негізінде қазақ
фольклористері соңғы жылдары батырлық
ертзп жанрын бөліп алып, оны қиял-ғажайып
ертегімен новеллалық ертегінің сондай-ақ
қиял-ғажайып ертегімен қаһармандық эпостың
аралығындағы жанр деген пікірге келді.
Қазақтың батырлық ертегілері екі сипатта
болады. Бірі - көне заманда туған миф пен
хикаялар, нанымдар мен ғажаиып ертегілер
негізінде пайда болып дамыған көркем
ертегілер.
Мысалы, "Ер төстік", "Керқұла атты
Кендебай " сияқты классикалық фольклор
үлгілері. Бұл қиял - ғажаиып ертегілерінен
кейінгі жанырдың үлгілері. Сол себепті
мұндаи архаикалық элементтер көп. Екінші
- қаһармандық эпостық ертеп түріне айналған
нұсқалары. Олардың ішінен бір жағынан
көне түрлері яғни жырға жақындай, бірақ
толық ертепге аиналып үлгірмеген шығармалар
бар. Ал екінші жағынан классикалық батырлар
жырының қара сөзге ауысқан үлгілері кездеседі.
Мысалы; "Қабанбай батыр", "Алпамыс
алып"," ЕрТарғын шығармаларын атауға
болады. Көптеген ертегілер мынадан деп
басталады;
Ерте,ерте,ертеде ешкіжүні бөртеде.
Қырғауыл жүзі қызылда,
Балақ жүні ұзында
Атақты бір бай бопты
Төрт түлігі сай болыпты
Деп басталатын ертегілердің құлақ күйінде
барлық байлық дүн дүниесі сайлық алдамшы
көңіл жайлық түптің - түбінде ұрпақ игілігінің
қасында түкке тұрғысыз екендіпн бабаларымыз
бастан-ақ өсиет етіп ерекше ескерткендей.
Бабалар дәстүрін тәуелсіздік алған алғашқы
күннен бағдарлы басшылықа алынган іргелі
егемен еліміз, мұрагерлер мүдесін үнемі
назарда ұстаумен келеді.Әлем балалар
әдебетінің 50 томдық асыл қазынасынан
қазақ тілінде басып шығаруды жедел қолға
алуда соның бір айқын айғағы шытырманы
көп мына заманда адалдық, мейрімділік,
іскерлікке, отан сүйгіштік, бауырмалдыққа
баулитын ертегілер.
Халық ертегілері - халық өмірін бейнелейтін
фонтастикалық негізге құралған оқиғалы
көркем шығарма. Онда еңбекші халықтың
ғасырлар бойы жасап келген өмір тәжрибесі,
оның мәденетімен салты, әдеті мен ғұрпы,
шаруашылық кәсібімен түрлері, тілінің
шебер ерекшеліктері қамтылған. Табиғаттың
адам баласына жұмбақ болып келген неше
алуан қызметі айтылады. Үстем тап өкілдерінің
зұлымдық қастандық әрекеттері халық
ертегілерінің негізгі өзінің тыңдаушысына
ақыл -парасаты баяндайды. Адам арманның
жарқын болашағына қол сілтейді. Өмір
күресіне бастайды. Ол сондықтан "халық
жанның айнасы" - деп атаған.
Халық ертегісінің ішінде балалардың
сүйіп оқитын олардың жас еркшеліктеріне
тән мұралар өте көп, халық ертегісі ғасырлар
бойы балалардың ықыласын өзіне қызықтыра
тартып, жас жанына әсер беріп көңілін
шаттық күлкіге бөлеп қуантады. Халық
ертегілерінің бай фонтастикалық балалардың
ойына қозғау салып, өмірдің неше алуан
қияпатын танытады, сана - сезім, ақыл -
ой қызметінің ерте дамуына, ерте қалыптасуына
жәрдемдеседі.
Халық ертегісін балалардың сүйіп оқитын
барлық ықыласынасы сүйсіне тыңдайтын,
оның ғасырлар бойы ұрпақтан -ұрпаққа
айтылып, әбден текшелеп халықтың тапқыр
ой -пікірлері жинақталып, әрі көркем,
әрі жеңіл тілмен берілетіндігінде.
Халық ертегілерінің балаларды қызықтыратын
тағы бір ерекшелігі ондағы адам бейнелері
барлық жағынан әбден жетілген болады.
Кейіпкерлердің ең терең, ең айқын және
көркемдігі жағынан әбден жетілген түрлері,
типтері фольклорда, еңбекші халықтың
ауыз әдебетінде жасалған. Көптеген халықтардың
ертегілерін атап айтуға болады. Мәселен;
"Тоғыз құйрықты ақ түлкі" Қытай халық
ертегісі, "Тылсым Тауыс" Үнді ертегісі,"Ата
мұра" Парсы ертегісі. Міне, бұлардың
бір-бірінен ерекшеліктері әр халық өз
тұрмыс тіршілігіне қарай ертегілер, аңыз,
әңгімелер пайда болады.
Халық ертегілері ішінде балалар арасында
кең тарағаны, әсіресе сүйіп тыңцайтын
хайуанаттар жайындағы ертегілер. Табиғат
жайында ең бай матералдар, кең түсініктер
балаларға алғаш осы хайуанаттар жайындағы
ертегілер арқылы берілеген "Бармақтай
бала","Қотыр торғай", "Мақта
қыз бен мысық". Хайуанаттар жайында
айтылатын ертегілер кейіпкерінің өзі
қызық. Сол күлкілі, қызық кейіпкерлердің
өмір сүру өмірге икемді болуы жолындағы
қақтығыстармен қарым -қатнастар олардың
айла - тәсілдері жас өспірімдерге өмір
жолын танытады. Кішкентай, болымсыз тіршілік
иөлерінің өмірге икемділігін, жеңгіштігін
көрсету тақырыбы балаларға арналған
қазақ ертегілерінің барлығына да ортақ.
Бұл ертегілер балалардың ой - санасын
оятып, олардың өздерінің күш -жігеріне
сене білуге, тапқырлыққа баулиды, мақсат
жұртына жетуге үйретеді. Хайуанаттар
жайындағы ертегілердің қай түрін алсақ
та балалардың ұғымына сай, түсінуі жеңілде,
күлкілі қызық болып айтылады. Хайуанаттар
жайындағы ертегілерде балаларды қызықтырарлық
және оларға ой саларлық екі түрлі сипат
бар, бірінші олардың мінез өзгешеліктерін,
сырт көріністерін, күн көрісін байқайды.
Есіту арқылы олар енді тікелей білуге,
зерттеуге құштарланады. Екінші, хайуанаттар
жайындағы ертегілер арқылы соны мысал
ете отырып, адамдар арасында болатын
тартыстардың сыр-сипатын байқайды. Үстем
тап өкілдерінің қарапайым момын елді
қалай алдайтынын, арбайтынын, күш көрсетіп
қанайтынын неше алуан зұлымдық әрекеттері
жасайтынын біледі. Сондықтан халықтың
шығармалары ішіндегі хайуанаттар жайында
айтылатын ертегілер түгел дерлік балалар
фолькулорының мұрасы деп қараймыз.
Бұған "түлкі мен тауық" деген ертегіні
мысал етіп көрейік. Бір түлкі жортып,
тамақ іздеп келе жатып, биік ағаш басында
отырған тауықты көреді де, бұл тауықты
алдап, қақпаныма түсірейін деп ойлайды.
Түлкі:
-Тауығым, биікте неге отырсың? Тілімді
алсаң, жерге түс, дос болайық, осы жерде
намаз оқып алайық, ойнап - күлейік -дейді.
Тауық:
- Рас айтасың, түлкім, бесін намазының
мезгілі болып қалды, анау жерде имам жатыр,
оята ғой -дейді.
Жердегі тауықты жеймін ғой деп жүгіріп
барса,бір тазы ұйықтап жатыр екен, тұра
түлкіні қуады. Түлкі қаша жөнелді. Тауық
оны намазға шақырады "Байтал түгіл
бас қайғы", тазы түлкіні қуып жетіп,
алқымынан алады. "Біреуге ор қазба,
өз басыңа келер" деген апырмай, тауық
қандай түлкі қандай түлкіні тауық па
еді алдағандай. Осының өзі балаларға
үлгі өнеге боларлық терең ойлар айтылған.
Ертегілер
Ертегілер
Қай елдің ауызша әдебиет шығармаларын алсақ та, барлығында ертегі халықтық шығармалардың мол саласы екенін көреміз. Сол барлық елдер фольклорында "ертегі" деген атау әрі саны мол, әрі алуаны көп шығармалардың тобына арналған жинақты атау болады. Жалпы, барлық ертегілерге ортақ ерекшелік: бұлар қара сөзбен айтылатын оқиғалы көркем әңгіме. Ғажайып хал, қиял әңгімелер түрінде, немесе орасан оқиғалы қызғылықты әңгімелер ретінде құрылған ертегінің бәрі де негізінде шаруа кәсіппен, қоғамдық құрылыс тартыстармен, тарихпен байланысты боп келеді. Осы аталған қызғылықты әңгіменің бәрі-бәрі де ертегінің түрлеріне қосылады.
Сондай көп алуандас тақырыптардан құрылатын ертегілік қор - советтік фольклористика ғылымының түгел шолып, зерттейтін бұйымдары. Орыстың ұлы революционер-демократтары айтқан, халық шығармалары жөніндегі пікірлерді еске алсақ, Белинский сол шығармалардан халықтық көзқарасты айыра білу керек, халық шығармасы "Халық жанының айнасы" - деген. Сонымен қатар Белинский халық шығармасынан тарихтық жайды аңдау керек екендігін, халық поэзиясында қоғамдық тартыстың сәулесі барлығын, онан соң, көркем әдебиетті туғызушы және сақтаушы да халықтың өзі екенін айтқан болатын.
Добролюбов та ертегілер жайын сөз қылғанда, ең алдымен сол ертегілердің халық ортасында сақталу, айтылу жағдайларын сипаттау керек, дейді. Сонымен қатар ертегіге халықтың өзінің бейілі қандай екенін ашуды шарт етеді. Добролюбов: "Ертегі - бізге ең алдымен халықты мінездейтін материал есебінде қажет" деген.
Қазақ ертегілерінің жеке түрлерін тексеруден бұрын бұл уақытқа шейін сол қазақ ертегісін зерттеуде істелген еңбектер жайын қысқаша шолып өту қажет. Жалпы алғанда, қазақ ертегілері негізінде орыс оқымыстыларының еңбегімен жиналып, зерттеле бастайды. Бұл жай, әсіресе өткен ғасырдағы және XX ғасыр басындағы революциядан бұрынғы жайларды еске алсақ, әсіресе айқын көрінеді.
Қазақ ертегісін зерттеу жұмысының басы сол ертегілерді жинап, жариялаудан басталады. Бұл жөнде бір топ зерттеушілер қазақ ертегілерін қазақ айтушылардың аузынан қазақша жазып алып, жинап бастырған. Ал тағы бір топ зерттеушілер қазақ ертегілерін орысшаға аударып, орыс тілінде жариялайды. Алғашқы түрде еңбек еткендер - В.В. Радлов, И.Н. Березин, Ә.А. Диваев сияқты кісілер. Екінші түрде орыс тілінде қазақ ертегілерін, аңыздарын мол жариялаған адамдар - Алекторов, Г.Н. Потанин, Ә.А. Диваев және басқа бірнеше жинаушылар бар. Орыс тіліне аударып, қазақ ертегілерін, аңыздарын көп таратқан бірталай баспа орындары да бар: "Акмолинские обл. Ведомости", "Оренбургский листок", "Особое добавление к областным Ведомостям", "Киргизская степная газета", "Тургайская газета", "Туркестанские Ведомости", "Астраханский вестник", "Русские Ведомости", "Тургайские обл. Ведомости", "Оренбургский губ. Ведомости", "Волжский вестник", "Этнографические материалы (Средняя Азия)" дегендер сияқты орыс тілінде шығатын көп кезекті баспасөз беттерінде орыс оқымыстылары мен қазақ зерттеушілерінің жинаған көп ертек, аңыздары басылған. Ертегілердің өз үлгілерін жариялаумен қатар, Шоқан, Радлов, Потанин, Алекторов сияқты адамдардың сол қазақ ертегілері туралы айтқан азын-аулақ үзінді пікірлері де бар. Мысалы, Шоқан қазақ ертегілерінің көпшілігінде Афанасьев жариялаған орыс ертегісіне ұқсас әңгімелер көп екенін айтады. Бұл пікірді Алекторов та қостайды. Ол қазақ ертегілерінің көбінде солтүстік елдер ертегісімен және кейбір Шығыс елдерінің ертегілерімен ұқсастық бар екенін айтады1.
Радлов XIX ғасырдың бойында бұның алдында Шоқан Уәлиханов дұрыс байқап, қатты наразылықпен айтқан бір жайды дұрыс дәлелдеп сөйлейді. Ш. Уәлиханов татар молдаларының қазақ ортасынан діншілдік, фанатиктік исламшыл аңыз, қиссаларды көп жинағанын қатал сынаған еді.
Радлов өзі жиған, қазақ ортасына жайылған ислам дінімен жалғас тарап жүрген ертегілік аңыздарды бастырып жарияланды және солардың ішінде "Кітап өлең" деген бөлімде қазақтың халықтық шығармаларына араласа тарай бастаған Жұм-Жұма" сияқты әңгімелерді XIX ғасырдың соңғы дәуірлеріндегі жасанды жаңалықтар есебінде сынайды.
Жалпы, революциядан бұрын
қазақ ертегілерін жинап
Осылайша өзі естіп, өзі көрген, жазып алған тіл деректеріне қарап, Радлов қазақ халқының тіл өнері жөнінде тұтас пікір айтады. "Өзге туыстас елдерінен қазақтың ерекшелігі - сөз орамына шебер және тамаша шешен" деген. Бірақ өзге қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін жазғанда қолданған әдеті бойынша өткен ғасырдағы буржуазиялық фольклористиканың дағдысына түсіп, Радлов өзіне ертегі айтып берген адамдардың аттарын, жөндерін жазбайды. Олар жайын елемей, атамай өтеді.
Бұл тұста Радлов халықтық
шығарма, атсыз ақындар, айтушылар
таратып жүретін көптік шығарма
деген түсінікті, буржуазиялық фольклористиканың
үстірт, теріс түсінігін қолдайды.
Халық ауыз әдебиеті коллективтік түрде
туып, сақталумен қатар, жеке халық
өнерпаздарының қатынасуы мен творчестволық
араласуы сияқты туып, дамитынын аңдамаған.
Ал Г.Н. Потанин қазақтың ертегі мен
аңыздарын жинап, орыс тіліне аударып
бастыруда Радловтан басқаша
әрекет етеді. Ол көбінше өзіне белгілі
ертегі, аңыз-әңгімелерді айтып берген
адамдардың аттарын, тұрған болыстарын,
ауылдарын атап отырады деп ең
зор мақсат сол ертегілердің негізгі
идеялық мазмұнын саралап, айқындап
ашуда. Бұл жөнде ең алдымен халық
ертегісі халықтың қанаушыларына қарсы,
сол халықтың таптық жиренішін қалай
көрсететінін ашу шарт. Халық санасындағы
отаншылдық сезімді, халық ұғымындағы
адамгершілік гуманизмді, халықтың қанатты
үміті оптимизмді және өз қуатының
жеңгір қасиетіне сенгіштікті
Марксизм-ленинизм негізіне құралған советтік фольклористиканың ең алдымен зерттейтін жайы - сол жаңағы саналған салаларға арналады.
Халық шығармасы жөніндегі ғылымның методологиясын дамытуда зор еңбек еткен A.M. Горькийдің ертегіге жанастыра айтқан біраз ойларын және де еске алу қажет. Бұл жөнінде Горькийдің аса маңызды пікірінің бірі - халық ертегісінің негізі еңбекке сүйенетіндігін ашады. Әрекет, қимыл, тартыс үстіндегі адамның еңбегін қадірлеу халық ертегісінің ең зор қасиеті екенін айтып, Горький ғылымдық ойды тың соныға бастай түседі. Горький "поэзия, тілден туған көркем шығарма еңбек екпінін қоздыра түседі"5 деген. Осы еңбек жайын ертегілер ішінде әсіресе айқындап таныту үшін Горький және бір күрделі ой таратады. "Тек осы өз еңбегін поэзияға айналдыру сияқты бақытты өнер ғана баяғының жұпыны адамының екінші бір өрлей түскен өнерін өсіріп, болашағын болжауды да үйретті деп ойлауға болады. Бұл болжаудың аты - фантазия (қиял) болатын".
Горький ертегі фольклорының
қасиеттерін зор бағалау
Міне, қазақ ертегілерін
зерттеуде негіз етіп алатын ғылымдық,
идеялық бағыт осы аталған
жайлардан құралатынын атап өтеміз.
Осындай негізгі мәселелермен жалғыз
Горькийдің: ертегіде және барлық басқа
халықтық фольклорда еңбектің орны өзгеше
екенін танытқаны қазақтың халық
ертегілерін зерттеуде негізгі
арқау есепті болу шарт еді. Горький:
"Фольклор деген сөзбен халықтың
еңбек тәжірибесінен туып, дамыған
барлық білімнің жиынын атаймыз. Ол білімдер
ұзақ ғасырлар бойында жасаған: малшылардың,
аңшылардың, диқаншылар мен ұсталардың,
құмырашылардың, омарташылардың, балықшылардың,
балташылардың және басқа талай
бағзы замандардан бергі
Міне, қазақтың да халық ертегілерін зерттеп, тексергенде, ең алдымен еңбек иесі болған халықтың еңбек адамы турасында тудырған ертегілерін зерттеуді советтік фольклористика ғылымының ең қадірлі міндеті деп ғылымдық тексеру жасау қажет. Онан соң осы ертегілерді бір ғана дәуірдің туындысы есебінде түсінген бұрынғы теріс әдісті жойып, оның орнына қазақ ертегілерін өзге ауыз әдебиет үлгілеріндей белгілі қоғамдық-тарихтық дәуірлерге бөліп, соларға байланыстырып, жалғастыра отырып тексеру қажет.
Осы ғылымдық бағыт бойынша біз қазақ халық ертегілерін де тарихтық үш үлкен дәуірге бөліп талдаймыз. Бұның бірінші дәуірі - есте жоқ ескі замандардан басталып, өткен ғасырдың 60-шы жылдарына дейін созылған Қазақстандағы феодализм дәуірімен байланысты ертегілер болады. Екінші топ ертегілер - 60-шы жылдардағы Россияда және сол Россияның бөлімі - Қазақстанда болған реформалардан соңғы тарихи дәуірдің шаруашылық-қоғамдық, тарихтық ерекшеліктерімен байланысты болған ертегілер тобы.
Үшінші топ социализм
дәуірінің ертегілері есебінде топталып
тексерілетін болады. Қазіргі ең алдымен
зерттеліп талданатын бірінші дәуір
- феодализм дәуірінің
Қиял-ғажайып ертегілері
Бұл топқа қосылатын ертегілер көбінше көне замандар айғағы, барлық ертегілер тобының ішінде аса ескі заман ұғым-нанымдарын, тұрмыс-болмыстың ең көне түрлерін көрсететін әңгімелер. Бірақ туысында ерте замандар туындылары болғанымен, әрине, бергі кейінгі замандарда айтылу, қолданылу арқылы сол кейінгі соңғы замандар әсерлерін жұрнақ-жұғындарында әңгімелік құрылысына, идеялық мазмұнына, тіл, түр ерекшелігіне соңғы үстемелер, қоспалар есебінде ілестіре жүрген ертегілер болады.
Бұл алуандас ертегілердің
ең көне арғы түбі халықтың мифтік ұғым-нанымдарымен
байланысты түрде туған. Дүниенің жаратылыс
сыры, адам тұрмысы мен ертеде иланған
көп құдайлары, қас ие, дос иелері
жөнінде неше алуан бұлдыр-долбар
сырлы қиял-ғажайып ұғым-
Қазақ халқының да жаңағыдай табиғат пен адамның шарпысу шартында туған қиялдық, мифтік түсініктері - сол ертегі, аңыз әңгімелер түрінде туып тараған. Ол ертегіге заманның білімімен жалғас ең алдымен қоғамдық тартысы да, күштісінен көпшілігінің көретін қиянат, зұлымдық-зорлығы да және халықтың әділет, арман туралы ұғым-нанымы да түгел жиналған. Сол күндегі адамның шама-шарқына қарай құралған, өзінше асыл қазынасы болған. Жаңағы аталған қиял тудырған көркем ұғым-нанымдарының өзінің де негізінде затты, тіршілікті, нақтылы болмыстың белгілі елесі, сәулесі болатынын және де есте тұту керек. Сол қиял-ғажайып ертегілерінің өзіндегі қиялын да A.M. Горький деректі затты болмыстан туған деп бағалайды.
Информация о работе Халық ертегілернің бала дүниетанымын қалыптастырудың маңызы