Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 20:17, диссертация
Халық ертегілерінің бала дүнетанымын қалыптастырудағы маңызы аса зор. Қазақ фольклорындағы ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі - ертегілер. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша тараған мол мұра. Оның осы дәуірге дейін жетуі ертекшілермен тығыз байланысты.Халық арасында үлкен беделге ие болған ертекшілер ертегіні шебер орындаған.Жаңадан ертегілік сюжетті тудырып толықтырып отырған. Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімі мен арман-тілегін, қиялын, даналығын, ғасырлық өмір тәжірибесін көреміз. Ертегінің қай түрін алсақта ол баланың ой-қиял ұшқырлығын күшейтеді, мінез-құлқын, ерік - жігерін қалыптастырады. Сондықтанда ертегіні оқытуда оның жанрлық ерекшелігін ескеріп. тәрбиелік мақсатына айрықша көңіл бөлгеніміз жөн.
Қиял-ғажайып ертегілері 4
Хайуанат жайындағы ертегілер 10
Салт ертегілері 16
Алдаркөсе 23
Асанқайғы 25
Жиренше 27
Қорқыт 28
Қиял-ғажайып ертегілері 34
Хайуанат жайындағы ертегілер 38
Салт ертегілері 40
Бұлай болғанда қиял-ғажайып ертегілеріндегі сол қиял тудырған образдардың өзі арқылы да халықтың еңбекпенен табиғат күштерін творчестволық түрде жеңбек болған қиялы көрінеді, арманы танылады деп ұғыну керек. Бұл жөнінде, адам баласының кейінгі дәуірлерде техника жөнінде тапқан сол техникалық прогрестің бірталайын ертегінің қиял бейнелері алдын ала болжап етіп, бұлдыр түсте аңғартқандай болады.
Аяғына тас байлап жүгіріп, безінген киіктердің алдын орайтын желаяқ адам да осы тектен туған. Ер Төстікке серік болатын көреген батыр, естігіш батыр, таусоғар - бәрі де адамның сол бір ұлы армандарын білдіреді. Сыры жат табиғаттың, жер мен аспанның көзге көрініп тұрған белгілі қабатынан өтіп, "Ішін шарласам, сырын ақтарсам, бермесін алсам" деген ізденгіш, өршіл ойын танытады. Сондайлық алға бастар асыл тілекті, жалпы адамзаттың тілегін іздетіп, ерді кездіріп отырған құр еріккеннің ермегі емес. Кейін адам қауымын нақтылы білімге, өнер табысқа, Горький атаған техникалық прогреске жеткізген ізденгіш ойдың түртініп, тімтініп жүрген ерте шағы сол қиял-ғажайып ертегілерінде туған. Ертегі осындай қазынаны сақтаған. Және сол талапқа беттеген ерлерді қатты мадақтаған. "Жүрген аяққа жөргем ілінеді" деп, сол сүйген жандарды қайтыс сапарда неғұрлым табысын мол етіп қайтарады. Жер астына түскен ер бірде алтын, гауһар күреп қайтса, тағы бірде асыл ару құшып, мәңгі "мұрат-қасыл" етіп қайтады. Қиял ертегісі - адамзат туралы, адам қуаты туралы қасиетті ой ойлаған шынайы үмітшіл әңгіме. Сондықтан ол өзінің еліне "іздесең - табасың, алыссаң - аласың" деумен қатар, жабайы жайын табиғатқа шұлғи берме дейді.
Табынып, бағынып жүрсең де, дүниенің көп күшімен алысып-арпалыс дейді. "Жалынған - бас қорғау емес, жағаласқан - бас қорғау" дегенді жұмбақ табиғаттан қорқа жүріп-ақ адамзат ерте аңғарған.
Осындай совет фольклористикасының
ғылымдық тірек ететін негізді көзқарастарын
ескере отырып, қиял-ғажайып ертегілерінің
ішінде қазақ халқы айтатын көне
түрлерін айтсақ, бұлардың ең ескілері
- аңшы-мергендер жайындағы
Мергендер жайындағы ертегілермен ілес-қаралас ер-батырлар жайындағы ертегілер жүреді. Осы мерген мен ертегі ерлерінің жайындағы қиял ертектері бір қазақ емес, сонымен туыстас, көршілес түрік тілдес елдердің ертектерінде де бар. Онан соң көп заманғы көршілік қатынас себебінен орыс халқының ертектері мен монғол ертектерімен де көп ұқсастық байқатады. Қазір жиылып жарияланған бурят, ойрат, якут, қырғыз, қарақалпақ, түрікмен, әзірбайжан, татар, башқұрт, өзбек, қазақ ертегілерінің бәрі де көп жақтарынан өзара ұқсас болудың үстіне, барлығы да, әсіресе жоғарыдағы айтылған ұзақ уақыттық аралас, айластық себебінен, орыс халқының қиял-ғажайып ертегілеріне де көп ұқсастық көрсетеді. Бұндай ұқсастық себебі тек қана көпшіліктен емес, кейде бірінен-бірі алыс, шалғай замандарда, жырақ жайларда мекен еткен халықтар фольклорында да кездеседі. Затшылдық дүние тану жүйесіне сүйене отырып, осындай ұқсастыққа Плеханов дұрыс шешу айтқан. Шаруашылық және содан туатын қоғамдық құрылыс қалыптары бір сатыда болған елдердің дүние тануы, салт-саналық ұғым-нанымы да ұқсас еді. Сондайлық түп себептері ұқсас болу арқылы бұндай елдер тудырған ауыз әдебиет үлгілері де жер не тіл, тарих жақындығына қарамай-ақ ұқсас бола береді деген Плеханов.
Әрине, қиял-ғажайып ертегілерінде
біз атаған "мерген, ер батырларымыз"
- бәрі-дағы эпоста, батыр жырларында
аталған батырлардан әрірек заманда
туған, тарихтан бұрынғы дәуірлер тумалары,
алыс заман айғақтары болады. Оның
айқын белгісі сол қиял-
Қиял тудырған жануар затынан: "айдаһар, жеті басты жылан, қарақұлақ қорқау қасқыр, алып қара құс, тұлпар ат, басы алтын, арты күміс киік" сияқтылар қатынасады. Бұлардың бір тобы ертегінің еріне дос болып, бір тобы ұдайы қас күш есебінде әрекет етеді. Жалғыз көзді жалмауыз, жеті басты жалмауыз, мыстан кемпір, айдаһар, жезтырнақ сияқтылар - үнемі айнымас жаулар.
Алып қара құс, тұлпар ат және неше алуан тоқпақ, кездік, қазан, жүзік, айна, дастарқан, қырық құлаш семсер сияқты заттар ердің көмегіне, керегіне әрекет етеді. Осылай екі жар болып бөлінген ғажайып жан иелері мен зат бұйымдар арасында кейде дос, кейде қас болып кездесетін бір алуан қиял кейіпкерлер бар. Олар: алыптар, таусоғар, көлжұтар, желаяқ, саққұлақ сияқты бір топ жандар және осылардай екіұдай атқара жүретін жылан патшасы, басы алтын киік, жады кемпір, жұмбақ жар сияқтылар болады.
Ертегіде кездесетін жоғарыда айтылған адамға қас күштер турасында, оларды тудырушы себеп жайында Горький шешу айтады. "Көне ертегілердің геройлары сорақы, сұмырайлар, Жалғыз көзді Лихо, Өлмес Кащей, Жалмауыз кемпір сияқтылар болады. Бұлардың бәрі де табиғатқа құдіреті жүретін ерекше күш иелері және өздері адамға өзгеше қас-ызалы. Осыларды кім тудырған, бұлар қалайша араласқан және бұлар кімді қорқытады, ол арасын айыру қиын, бірақ, мөлшермен болжағанда жасырын білімнің қуатын билеуші осы сұмырайлар оқиғаларға араласқанда әдейі қорқыту, шошыту үшін араласатын сияқты", - дейді.
Қиял ертегісінің тарихтан бұрынғы замандарынан келе жатқан қазақ ертегісінде айқын көрінетін бір тобы - дүниенің өзін біреу емес, бірнешеу етіп айтатындары. Жоғарыда аталған "мергендер" мен "ерлер" ескі ертектің көбінде жердің үсті ғана емес, салт ертегілерде кездеспейтін тың дүниелер болады. Ол бірде жердің үсті, кейде жеті қабат жер асты, бір кезек алып қара құс ап кететін аспан үсті. Ол арадан жер тоқымдай немесе тебен иненің жасуындай болып көрінеді. Кейде Күн астында Күнсұлу, Ай астында Айсұлулардың, Айбаршаның адамзат баспас, бармас мекені болып келеді. Бұл мекендер көбінше от дариясының ар жағы, әлдеқандай "Барса келмес", сиқыр аралға айналып кетеді. Болмаса адамзатқа жұмбақ жай - жалмауыз мекені, немесе су асты болады. Сол дүниелерден барып шығатын мерген мен ер арманына, не бақ-дәулетіне жетеді.
Сондай жайларға басқан ертегі адамның жайын байқасақ, айқын көрінетін бір ерекшелік - сол жұпыны адамның қуатына өзгеше сену бар. Мол, жарқын наным бар екенін аңғарамыз. Бұл адам - еңбек, қайрат, қажырлы, қимыл-әрекет адамы. Сондықтан әр түрлі ғажайып достарынан көмек алып, нелер "Барсакелместерге" жетіп, қолдан келместі келтіріп жүргенде бұл адам тек әзірді ғана алмайды. Көмектер үстіне өзі де ер, қажырлы, есті және бұл да өз тарапынан көмекке, керекке жарағыш жан болады.
Осындай адамның жолын
болдырып, нелер сұмдық қорқынышты
қуаты бар қас дұшпанды жеңгізген
қиял - халық қиялы тегін емес.
Ол "Еңбек түбі жеңбек" дегендей
ой түйгізеді. Еңбек иесі, жазықсыз,
адал қайрат иесі адамды қай заманда
болсын халықтың қанаушы топтары
сүймеген. Бұл жөнде Горькийдің тағы
бір фольклорға байланыстыра нақтылап
айтқан пікірі бар. "Еңбекші халықтың
ой өмірінің әміршісі болғандардың толып
жатқан қылмысты қаскөйліктерінің бірі,
сол халықтардың барлығына
Ал халықтың қиял-ғажайып ертегісіне келсек, жаңағы Горький айтқан, халыққа жау ортаның дегеніне қарсы алысып, қарысқан еңбек иесін көреміз. Және соны жақтап, құптап отырған ел санасын аңдаймыз. Анығында, ертегі ішіндегі күшті мен тістіге, кәрлі мен зәрліге, сиқыр, тылсым, жатбауыр-жау ортаға, адамзат баласы басып көрмеген бытқыл қиынға кім барады? Жапа-жалғыз және көптің бірі, жұпыны ғана адам барады. Оның күші өзгеше ерекшелігінде емес, тек қана еңбекке, әрекетке, тартысқа барымен берілген тәуекелінде, өзіне сенуінде. Осы адам мерген бе, ер ме, бәрібір өзі және халық адамы болады. Адамзат өкілі болумен бірге, ол анық бейнетқор халықтың нағыз өзінің қалың ортасынан шыққан жан. Ол көп ертегілерде не әлсіз бала жігіт, не кедейдің жалғыз немесе момын ата-ананың жан деген жалғызы, немесе әділетсіздік, зорлық-сұмдықтан, әсіресе хан сарайы, уәзірдей әкімдер ортасынан азап шеккен, саза тартқан көп момын айыпсыздың бірі.
Кей шақтарда бұл герой көп жұрттан оңаша, оқшау күйде жапан түзде тек өзінің әділ, адал еңбегімен күнін кешкен тәуекелшіл мерген, ер өнерпаз болып келеді. Ертегіде, міне, осы адамның аты жақсылық, осының жолы жақсы адамзат жолы болып шығады. Бұған достық еткеннің бәрінің жиын аты да жақсылық. Ал бұған қарсы әрекет етуші күштің де бәрінің жиын аты - жаманшылық, зұлымдық. Ол да көп пішінді, мол түсінді. Жақсылықтың айқын, жарқын бейнесі қаншалық шодырайып тұрса, мына жаманшылық, қастық та соншалық жансебіл, жыртқыш жүзімен балғын-батпан болып, жиынды бейне, үйінді жауыздық болып келеді.
Ертегі, әсіресе қиял-ғажайып
ертегісі осындай екі алуан қарама-
Қиял ертегісінің үлгі, өнегесі бойынша жаңағы айтылғандай қауымға қас қара күшті де баттитып, жиренішті, өрескел етіп, ірі бейнеде суреттейді. Сонда қазақ ертегісі суреттейтін "жалмауыз" бейнесі ерекше қызық, өзінше, Горький айтқандай, реалдық болмыстан туған терең сырлы боп көрінеді.
"Еділ-Жайық" ертегісінде
батыр барып тұтқынға түсетін,
тосып тұрған ажалдай
Толып жатқан мыстан кемпір, қазық аяқ, қарға тұмсық кемпір, жезтырнақтар да осы сияқты ұлғайтып суреттелген жауыздық бейнесі. Адамның өз ортасында бар қанаушылық, қаскөйліктей озбырлық тұлғасы болады. Тек бұл соңғылар көбінше жалмауыздай көрінеу жау емес. Сырты момын, іші зәр, монтаны аяр бейнелі келеді. Бұлар да шындық, болмыс міндерінен туған. Соны ертегі тілімен өсіріп әсірелеп, өрескел жиренішті етіп көрсеткен халық қиялының шеберлігін танимыз.
Халықтық қиял ертегілерінің енді адамға дос күштерін аңғарып қарасақ, онда да көп мағына, көп сыр бар. Жанды-жансыз, жақсы заттың бәрі де адамзаттың алыстан келе жатқан арманын танытады. Ертегінің ерін қиын қиянға апаратын алып қара құс, өзі ұшатын кілем, тұлпар ат - бәрі де қиял пырағы. Жерде жүрген жүрісі өндімеген, өзінің талап-тілегі таудай адамзат "аспанда ұшар ма едім" деген арманды ертеден ойлаған, үзбей ұзақ ойлаған. "Жалпылдап ұшқан жапалақ пен қадірсіз қарға шыққан көк күмбезге мен де сондай биік самғасам, сондай шапшаң жүйткісем" деген арман қиялы әкеп "алты айлықты алты аттайтын" тұлпарға, алып қара құсқа сайған.
Кейінірек заманда мұны батырлар жырында, қаһармандық дастандарда Тайбурылдар, Тарландар, Қарақасқа аттар деп, үзбей қиялдайды.
Қиял ертегісі адамға тәлім айтқанда, қияға құлаш сермер адам бол дейді. Суырдай ін аузындағы жайылысынды ғана танып, інде өлме дейді. Қиял-ғажайып ертегіде халық өкілі - герой аса қатерлі жаумен алысады. Ал жау күштер аса қаскөй, ерен қуатты болып отырады. Бойына біткен келбеті адам шамасынан сонағұрлым артық болу үстіне, олардың ажал жеңбейтін, оңайлықпен өлмейтін жансебілділігі басқаша келеді. Кейбір жалмауыз алыптардың жаны өз кеудесінде болмайды, не судағы балықтың ішінде, немесе кең даланы кезген киіктің ішінде, көкала үйрек ішінде болады. Бір жан емес, он жаны, қырық жаны болатындары да бар: "Ер Төстік"6, "Күнекей сұлу"7, "Елгезер батыр"8.
Осындай жаумен алысардан бұрын ертегінің ері әуелі жауының жаны жүрген қиуасыз қиындағы жәндікті бағады. Жаны не жұмыртқа, не балапандар түрінде, әлдеқандай үйрек түрінде болып табылып, қолға түскен соң да жаудың оңайлықпен өлмейтіні болады. Ол көп алысып барып қана қаза табады.
Аярлыққа салынған жәдігөй жау бұдан да қатерлі. Ол кейде мүләйім пішінде боп, сынықсып, кішік болып келеді. Не қойынға кірген жар болып, немесе жарымжан өлмелі кем-кетік болып келіп, кейде ұйқыда қапыда басады. Тағы бір кезекте алданған әйел, азғырылған қарындас арқылы, елеусіз жан күйер жақындар арқылы қиянат ойлайды. Немесе ердің жауына болысып, аса қатерлі қастан зат болып шығады. Тылсым сиқыр иесі сол болады. Адамды жадысымен буып, тас қып тастайтын, болмаса ит қып, есек қып құбылтып, қор ғып жіберетін болады.
Бұлар мұсылманша жаду дұғасын
оқыған сиқыршылардан шығады. Мұндай
жау ашық, айқын келмей, түс бояп
құбылып келгендіктен және аңдаусыз,
жақыннан шыққандықтан ең қауіпті қас
болады. Ертегі ері көретін анық
қорлық, кешетін бейнет шағы осындай
дұспанға кездесумен басталады. Кейде
бұндай ертегілер неше алуан ғажайып
құбылыстар туғызып, ертегілік алмасулар
жасайды (ертегі трансформациясы) - ертегі
геройы мен жауының кезектеп құбылулары:
кейде құс болу, кейде ұсақ хайуан
- мысық, тышқан боп кету, кейде тары
тәрізді өсімдік боп кету, осылайша
әр алуан ауыса құбылу қиял-ғажайып
ертегісінің жаңағыдай
Тағы бір ескеретін елеулі жай: бұл алуандас ертегілердің бірталайы орыс халқының қиял-ғажайып ертегілерімен де ұқсас келеді.
Мысалы, жәдігөй жаудың жанын
іздеу "Ер Төстікте" Шойынқұлақ туралы
болса, орыс ертегісінде - Өлмес Кащейдің
жанын тауып ап, Иван Царевич алысады.
"Үш қыз" деген қазақ ертегісінің
түбегейлі әңгімесі Пушкиннің "Сказка
о царе Салтане" деген ертегісіне
ұқсайды. Әсіресе, оның халықтық варианттарына
жақын келеді. "Үш ағайынды жігіт"
деген қазақ ертегісінің басы
әсіресе орыстың "Сивка-Бурка"
деген қиял-ғажайып
Қазақ ертегілерінде кейде
Солтүстік елдерінің ертегілік
әсері байқалып, "Баба яга" сияқты
заттар араласады. "Тіл қататын
хайуандар қатынасып жүреді"12
Информация о работе Халық ертегілернің бала дүниетанымын қалыптастырудың маңызы