Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 20:17, диссертация
Халық ертегілерінің бала дүнетанымын қалыптастырудағы маңызы аса зор. Қазақ фольклорындағы ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі - ертегілер. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша тараған мол мұра. Оның осы дәуірге дейін жетуі ертекшілермен тығыз байланысты.Халық арасында үлкен беделге ие болған ертекшілер ертегіні шебер орындаған.Жаңадан ертегілік сюжетті тудырып толықтырып отырған. Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімі мен арман-тілегін, қиялын, даналығын, ғасырлық өмір тәжірибесін көреміз. Ертегінің қай түрін алсақта ол баланың ой-қиял ұшқырлығын күшейтеді, мінез-құлқын, ерік - жігерін қалыптастырады. Сондықтанда ертегіні оқытуда оның жанрлық ерекшелігін ескеріп. тәрбиелік мақсатына айрықша көңіл бөлгеніміз жөн.
Қиял-ғажайып ертегілері 4
Хайуанат жайындағы ертегілер 10
Салт ертегілері 16
Алдаркөсе 23
Асанқайғы 25
Жиренше 27
Қорқыт 28
Қиял-ғажайып ертегілері 34
Хайуанат жайындағы ертегілер 38
Салт ертегілері 40
Жоғарыдағы аталған заттар ғана емес, орыс ертегісінде кездесетін Таусоғар (Горокат), Көлжұтар (Опиваль), неше алуан мешкейлер (Объедало), Желаяқ (Ветроган) сияқтылар қазақ ертегілерінде аумаған ұқсас қалпында кездесіп отырады. Қазақ ертегісінде Жалмауыз кемпір - Баба яга болып кеп көрінуден басқа және қазақ ертегісіндегі "Жалғыз көзді жалмауыз" орыс ертегісінде "Лихо одноглазие" болып аталады. Әрине, осы тұста аталған орыс ертегісіне қазақ ертегісінің ұқсастығы сонау көне замандар кезінде туған жоқ. Шамасы XVIII ғасыр ортасынан, соңынан бастап, Россия мен Қазақстанның шаруашылық-саясаттық, мәдениеттік қарым-қатынастары дами түскен сайын көбейе түскен ұқсастық болады.
Қиял-ғажайып ертегілері жөнінде тағы бір айтатын өзгеше ерекшелік - бұлардың бірталайы мысқыл сатира түрінде туған әңгімелер болады. Негізінде қанаушы тапқа халық қарсылығын көрсетуші ертегілердің бәрінде көркем бейне арқылы тап тартысы айқын сезіліп отырады.
Сол ретте қиял-ғажайып ертегілерінде де, өзге барлық ертегілер түріндей, сатиралық ертегілер өзгеше орын алады. Қанаушыл, зорлықшыл, қаскөй күштерге қарсы арналған халықтың ащы мысқыл, аямас ажуасы бұл жөнінде де үлкен қызықтық үлгілер тудырады. Қиял ертегілерінде бұл топтар қиянатшыл хандарға қарсы, уәзірлерге қарсы, әр алуан обыр байларға қарсы, зорлықшыл, содыр және өздері көп жуан, зорлықшыл айғайларға қарсы туған сатиралық қиял-ғажайып ертегілері: "Тоғыз тоңқылдақ, бір шіңкілдек"14, "Қаңбақ шал"15, "Үш ағайынды жігіт'"16, "Хасен"17, "Айлакер шал"18 сияқты ертегілер.
Қиял ертегілері жайындағы
сөзді аяқтай келе, тағы бір атай
кететін нәрсе, олардың тіл кестесі,
сөздік құрамдары, жалпы әңгімелену
ерекшелігі туралы. Бұл ертегілердің
айтылу әдетінде өзінше басталу, өзгеріс
аяқтаулар болады. Әңгімелеу үстінде
белгілі бір кезеңдерде арнаулы
кейіпкерлер оқиғаға
Әңгіме ортасында құбыжық пішінді жат жандар: "Абалақтай анам-ай, қайдан келдің, балам-ай" деп оқиғаға кіріседі.
"Адамзат исі шығады", - деп сөйлей бастайды. Қызды айтса: "Ай мен күндей, әмбеге бірдей", - деп келеді. Оқшау мекенді айтса: "Айдалада ақ отау", "Жұлындай жерден жіптіктей түтін шығады" дейді. Жер бітімінің қиынын айтса: "Тескен тау" дейді, "Жер ортасы - Көктөбе", - дейді.
Қиял-ғажайып ертегілер
бұл сияқты тіл, сөздік айшықтарды әсіресе
мол көрсетеді. Тек ертегіні жазып
алушылардың ұқыптылығы мен жауаптылығы,
ғылымдық нақтылығы жеткілікті болған
кездерде ғана бұл алуандас ертектердің
тіл мен түрдегі көп
Осындай толып жатқан айрықша
сөйлем, сөздік өрнектер де өзге ертектер
қатарынан бөлекше боп
Хайуанат жайындағы ертегілер
Хайуанат жайындағы ертегілер - барлық елдердің ауыз әдебиет қорындағы сияқты, қазақ халқының ауыз әдебиет қорында да ескі ертегілер түрінің бірі. Тарихтан бұрынғы дәуірлер мен Қазақстанда феодализмнің ең алғаш орнау стадиясынан бастап, XIX ғасыр орталарына дейін созылатын феодализм дәуірі осы ертегілерде көп елес береді. Бұл алуандас ертегінің де ұзақ ғасырлар бойындағы қоғамдық-тарихтық экономикалық жайларды, еңбек иесі болған халықтың таптық арман, мүддесін әр алуан түрде көрсетіп отыратыны мәлім. Сондайлық мән, мағына бұл үлгілерде де аса мол, терең және өзгеше қымбат қазынадай деп тану керек.
Хайуанат жайындағы ертегілер
жөнінде Ленин айтқан өзгеше ғылымдық
зор мәнді пікірлер бар. Добролюбов
та хайуанат жайындағы ертегілерге
айрықша мән беріп, көп көңіл
бөледі. Бұл ертегілерде еңбек
елінің жуан, содыр, айлалы, зорлықшыл
әкімдеріне, неше алуан қанаушыларына
қарсы арналған сын мен ызалы
қарсылық ойы мол екенін ол адамдар
ашып айтысқан. Әсіресе тап тартысының
бітімсіз қайшылықтары, қиын, шетін
түйіндер көрсетілетіні аталған. Және
сатираның ең бір өтімді, көпшілік
көңіліне қонымды, шебер, келісті құрылыстары
осы хайуанаттар жайындағы
Хайуанаттар көне ертегілерін андасақ, кейбіреулерінде өте көне заманды, жанды, жансыз табиғат турасындағы бұлдыр түсініктерді байқаймыз. Ондай ертегілер хайуанаттармен байланысты туған мифтік, діндік түсініктерді, әр хайуанды ғажайып сиқырлы сыры бар деп таныған тотемдік түсінікті аңғартады.
Бұл жөнде мифтік, діндік
және ұғым-нанымдар көп ертегілердің
тууына түпкі себеп болғанын есте
тұту қажет. Сол ретте қазақ халқының
кейбір аң, құс, хайуанат жөнінде өте
ескі замандарда сол жәндіктерді
ғажайып сиқырлы сыры бар деп
таныған ескілікті, шалағай, бұлдыр
ұғым-наным, жартылай діндік тотемдік
түсінік бар екенін көреміз. Бұндай
жәндіктерді дағдылы
Ғажайып күшіне, құдіретіне қатты сенгендіктен иланып, табынғандық та болады. Осының салдарынан талай елдердің ескі ерте тірлігінде әр түрлі жыртқыш аң, немесе үй хайуанаттарының кейбіреулерін киелі, құдіретті деп қастерлеу болған. Ие, кие, қуаты бар деген хайуанат ішінде: арыстан, аю, қасқыр, жылқы сияқтылар болғаны бар. Кейбір ескі діндер бұл нанымды діндік шарт, парыз етіп көтергені де көп.
Қазақ халқының да ертегі ескілігі
мен көне дініне қараған, сол жаңағы
нанымдарға көп орын берілгені байқалады.
Осы текті ертегілерде
Алғашқы түрдегі әңгіменің мысалы - "Ақ қасқыр" ертегісі. Мұнда жас жігіт жат үңгірдің ішінде ақ қасқырға, қаншық қасқырға үйленеді. Қасқыр күйеуіне қырық күнге шейін шыда, не көрсең де, көнбіс бол дейді. Қырық күнге шейін ол қасқыр кейпінде болады да, артынан әсем сұлу адамзат қалпына түседі. Елден асқан ақылды, асыл жар болып шығады. Сынына шыдаған ерін бақ-дәулетке жеткізеді.
Қасқыр тағы бір ескі ертегіде адам затын құбылып алдайтын қас күш болып суреттеледі.
"Күйеу қасқыр" деген
ертегіде жас, жақсы қызды
Әсіресе бұл жай бұрынғы
қазақ әйелінің патриархалдық үй
ішіндегі халімен байланысты бір
жайды еске түсіреді. Ол - үй ішінде
қазақ әйелі күйеуге тию
"Сырттандар" деген
ертегіде қасқырдың, иттің,
Хайуанаттар жайындағы ертегілерді неше алуан қасқырлар жайындағы ертегілерден бастадық. Өйткені бұл алуандас ертегілерінің саны да көп, орны да зор. Бірақ хайуанат турасындағы қазақ ертегілері тек қасқыр жайындағы әңгімелер емес. Және қасқырдың өзін де тек, осы жоғарыда айтылған түрде ғана әңгімелейді.
XIX ғасырдың орта кездеріне
шейін созылған ұзақ дәуірлер
бойында хайуанаттар жайындағы
ертегілерде көп құбылып,
Әсіресе фольклорды зерттеуде бұл күнге шейін өте аз ескерілген көркем тіл, көркем стилін халықтық-поэзиялық шығармалардың ерекшеліктерін талдау проблемасымен байланыстыра ұғыну қажет.
Осы тұрғылардан қарағанда,
хайуанаттар жайындағы
Бұндағы шеберлік қасиетінің бір алуаны - бейнелеу (олицетворение). Сол тәрізді көркемдік әдістер арқылы, көбінше неше алуан айуандар, жыртқыш аңдар, қанқорлар арқылы хандардың, билердің, байлардың, ілгері-соңғы әкімдердің жайлары, таптық-қоғамдық тұлғалары көрінеді. Солардың қанағыштық сырлары ашылатынын әшкерелеу шарт. Осыған байланысты қазақтың хайуанат жайындағы ертегілері қоғамдық сатира екендігін, сол арқылы тап тартысының астары, тамыры тереңдеп ашыла отырғанын, көп уақытта юморлық мысқыл, ажуаның, өтімді, күлдіргі тілдің тамаша шебер үлгілерін танытатынын есте тұту шарт.
Бұл ертегілер де ескі заманнан келе жатқан ең көне түрдің бірі. Адамның өзінен өзге, жанды-жансыз дүниенің ішінде, ерте күннен ең көп араласатын ортасы осы жан-жануар, неше алуан дос-қас хайуанат ортасы. Ол сан алуан, сан сырлы, санап бітіргісіз жұмбағы көп, ерекшелігі, ерсілігі көп ен дүние. Есте жоқ ескі заманнан бері қарай адам сол жануар, хайуанат дүниесімен әр күйде айласу арқылы олардың алуан-алуан жаратылысы, мерзім-машығы, тілек-тәсілі өзгешеліктері туралы көп нәрсені білген, таныған. Тіс, тырнақты жыртқыштың қалың сауыр мықтысы, қанаты қырағы ұшқышы, су асты, жер астының жайыны мен долысы, қаскөйі мен момыны, жемтігі мен жемі, ұлысы мен кішісі, әлдісі мен айласызы - бәрі де ертедегі адамды сансыз көп қиялға, ойға, тәсіл-тәжірибеге, алыс-айлаға салындырған.
Бұл дүниенің бәрінен адам
қорқатын, жеңілетін, бірін керегіне,
көмегіне жаратып, ішіп-жеміне жаратып,
пайдаланып салмақ болатын. Мысалы, барлық
ұзақ тарихи тіршілігін үй хайуанымен,
мал атаулымен нық
Жақыннан таныған қол мүлкі, малының жаратылыс, мерзім-машығын білуден басқа, олардың сыртқары жайы - жабайы хайуанаттар туралы да сансыз көп тәжірибе, түсінік, білім жайлы талай көркем әңгімелер тудырған. Жанды заттар дүниесін өзіне де дос күш, қас күштерге бөліп, тірлік үшін жасалатын алыс-тартыстың неше алуан құбылыс халдерін әңгіме еткен.
Жан-жануар мінезінен адам қоғамында болатын таптық қанаушылық, қомағайлық, қорқаулық, аярлық, долылық, кекшілдік, сотқарлық сияқты көп-көп күйлердің елесін көрген. Хайуанат тірлігімен, мінез тартыстарымен адам тірлігі, адам мінез тартысы арасында ерекше ұқсастық барын тауып таныған. Сол мінездерді ұлғайтып, адам санасындай санаға, есепке, ақыл-тәсілге жеткізіп, тіл орамға келтіріп әңгімелейтін болған.
Информация о работе Халық ертегілернің бала дүниетанымын қалыптастырудың маңызы