Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 20:17, диссертация
Халық ертегілерінің бала дүнетанымын қалыптастырудағы маңызы аса зор. Қазақ фольклорындағы ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі - ертегілер. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша тараған мол мұра. Оның осы дәуірге дейін жетуі ертекшілермен тығыз байланысты.Халық арасында үлкен беделге ие болған ертекшілер ертегіні шебер орындаған.Жаңадан ертегілік сюжетті тудырып толықтырып отырған. Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімі мен арман-тілегін, қиялын, даналығын, ғасырлық өмір тәжірибесін көреміз. Ертегінің қай түрін алсақта ол баланың ой-қиял ұшқырлығын күшейтеді, мінез-құлқын, ерік - жігерін қалыптастырады. Сондықтанда ертегіні оқытуда оның жанрлық ерекшелігін ескеріп. тәрбиелік мақсатына айрықша көңіл бөлгеніміз жөн.
Қиял-ғажайып ертегілері 4
Хайуанат жайындағы ертегілер 10
Салт ертегілері 16
Алдаркөсе 23
Асанқайғы 25
Жиренше 27
Қорқыт 28
Қиял-ғажайып ертегілері 34
Хайуанат жайындағы ертегілер 38
Салт ертегілері 40
Хайуанат жайындағы ертегілер
Реформадан соңғы дәуірде, хайуанат жайындағы ертегілер бұрынғы өткен дәуір ертегілеріне өз тұсынан арнаулы жаңалықтарын қосады. Бұл жаңалықтар екі алуан. Біреуі - қиял-ғажайып ертегілері жайында айтылғандай: бұрын әңгімеленіп келген ертегілерге жаңа заманның шаруашылық-қоғамдық, саясаттық жаңалықтары арқылы қосылған үстеме жаңғырулар. Екінші алуаны - тыңнан қосылған, осы екінші дәуір тудырған ертегілер болады.
Бірінші үлгідегі ертегілер бұрынғы өз мазмұндарында болған қоғамдық, таптық тартыс жайларын, ендігі шиеленісе түскен тап тартысы жағдайында және де тереңдеп өткірлей береді, хайуанат жайларын мысал етіп отырып, байлар, төрелер, әр алуан әкімдер, иман-пір, қажы, молда, қожа және саудагер сияқты қалың елді қанаушы топтарды өткір мазақ, сықақ етіп, мысалдаған сатира түрлерін күшейтеді. Бұл жөнінде орыс әдебиеті мен фольклорының әсері де аса зор болады.
Қазақтың демократ-ағартушылары Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев және басқа ақындардың еңбегі арқылы қазақ тілінде И.А. Крыловтың мысалдары аударылады. Бұл мысалдар аударылып, тарау жағына келгенде, орыс халқына тез ұғылып таралғанындай, қазақ ортасына да аса даңқты болып, тез жайылады. Халықтың өз аузында көп айтылып жүрген бейнелеу түріндегі, сатиралық халық әңгімелері енді орыс ертегілері мен Крылов мысалдарының есебінен өте зор мәні бар қоғамдық-саясаттық және мәдениеттік-идеялық тартыс құралына айналады.
Крылов мысалдарының үлгісінде
және орыс халқының хайуанат жайындағы
ертегілерінің үлгісінде
Қазақтың өзіндік, халықтық туындылармен қатар, ендігі дәуірде күнделік араласы күшейіп, нығайған орыс халқының хайуанат жайындағы ертегілері де көп ауысқанын көреміз.
Балалар әдебиетінің қатарына айқын, даусыз қосылатын хайуанат жайындағы екінші дәуір ертегілері: "Түлкі мен қоян"1, "Кедей шал"2, "Түлкінің арыстанды өлтіргені"3, "Кім неден күшті"4, "Күшік пен мысық"5, "Қоянның ерні"6 деген сияқты ертегілер. Бұлардың көбінде орыс ертегілерінің анық, айқын әсері бар. Мысалы, "Түлкі мен қоян" деген ертегіде түлкінің қоянды алдап, оның құйрығын алып қойып, бермей кеткені айтылады. Ол орыстың мектеп балаларына арналған оқу құрал, хрестоматияларында көп кездесетін түлкінің сан сайқал, алдампаз аяр, айлалы істерінің бірі. Ал "Кедей шал" әңгімесінде балықшы шал Хан-Шабақ дейтін балық патшасын ауға түсіріп алады. Балықты тілегі бойынша босатып жібереді. Кейін ол құдіретті балықтың қасиетімен үлкен бай болып, бар мұратына жетеді. Бұл ертегіде анық, айқын А.С. Пушкиннің "Балықшы мен балық туралы" ертегісінің әсері бадырайып көрініп тұр. Және "Василиса Прекрасная" сияқты халықтық көп ертегілерде құдіреті күшті шортан балық араласып, адамға жақсылық ететін жайлар жаңағы қазақтың "Кедей шал" әңгімесіне өте дәл келеді.
Басқа балалар мінезіне дәл келетін "Күшік пен мысық", "Қоянның ерні" деген әңгімелер де балалар үшін әрі күлдіргі, әрі нақыл өсиет танытатын әңгімелер болады. Бұлар алуандас орыс ертегілері және де сансыз мол екенін білеміз.
Хайуанат жайындағы
Арыстандай тісті, тырнақты, қанішер қомағайдың ең зорлықшысы бола тұрып, өз серігі айлалы, аярдан - түлкіден қаза тапқаны мысал етіліп, жуан шонжарлар арасындағы өзара қиянаттар, қаскөйліктер қатты әшкереленеді. Бұл аталғандардан бөлек, екінші дәуірдегі хайуанат жайындағы ертегілердің мол бір түрі бақташылықты кәсіп еткен, үй хайуанымен ұдайы істес, сыр мінез болған қазақ халқы айтатын тың әңгімелер. Бұның мысалына "Тепең көк'"13, "Бәйге құла"14, "Тұлпар"15, "Сәйгүлік"16 сияқты ертегілерді атауға болады. Осы топта көбінше аттар жайы айтылғанмен, қой, түйе, ешкі сияқты мал түліктері өнінде де қазақ ертегілері мол екенін білеміз. "Шұбар ат'"17 деген ертегі қазақ халқының бар малының ішінде аса қадірлеп сүйген, қанат серігі ат екенін айтады. Сол турадағы қызықты әңгімелердің көптен-көбі әсіресе жүйрік ат жайында болатынын байқаймыз.
Хайуанат жайындағы енді
бір алуан ертегілер адамның
әмірі турасында ой-өсиет
Ол әңгімелер жат ортаның,
қанаушы үстем таптардың
Бұларды жоғарыда аталған анық халықтық қасиеті бар ертегілер тобынан айыра түсіну керек. Анық халықтық ұғымға сай келетін ертегілер тобынан, ғылымдық сын арқылы кертартпалық мазмұн санасын ашып, әшкерелеп, бөліп тастау қажет.
Салт ертегілері
XIX ғасырдың екінші жарымы
мен XX ғасыр басындағы салт
ертегілерінің өзгерістері мен
жаңалықтары қиял-ғажайып және
хайуанат жайындағы
Бұлай болудың себебі, осы
дәуірдің ертегілері жөнінде жазылған
кіріспеде айтылған тарихтық жаңаша
күрделі өзгерістермен
Сол үшін де бұл ертегілердің арасында байға қарсы, дінбасы ишан-пір, молда-қожаға қарсы, саудагерлерге қарсы, бұрынғы хандар орнына келген сұлтан-төре, әкім-ұлықтарға қарсы шыншыл және сыны күшті сатиралық әңгімелер өзгеше орын алады. Бұл дәуірдің онан соңғы бір үлкен тарихтық, қоғамдық, таптық жаңалығы: енді қазақ халқының арасынан жұмысшы табы екшеле бастайды. Кең Қазақстан өлкелерінде XIX ғасырдың екінші жарымында және XX ғасыр басында ашылып жатқан кен ошақтары, өндіріс орындары, некен-саяқ заводтар, қалалы жердің өндірістері - барлығы да қазақтан шыққан жұмысшы табының өсіп, қалыптасып, молая түсуіне себеп болады. Ұлы орыс халқының реформадан соңғы дәуірдегі салт ертегілерін тексергенде, фабрика, завод жұмысшыларының фольклоры ерекше үлкен орын алады. Әлі ол дәрежеде болмағанымен, қазақ жұмысшысының арасында да халықтық ауызша әдебиет үлгі-өрнектері сақталуын, өзгеріп жаңғыруларын, жаңадан туып, түрленіп өсу процестерін аса зор ықыласпен ізерлеп, бағалап, талдау қажет.
Қазақ фольклорын революциядан бұрын зерттеушілер, жинаушылар да бұл жайды ескермеген болатын. Ал бертінде, совет дәуірінде ауыз әдебиет үлгілерін зерттеушілердің бәрі де соңғы уақытқа шейін жаңағы аталған жайға көңіл бөлмей келген. Ол - Қазақстандағы советтік фольклористика ғылымы өсу жолындағы үлкен олқылықтың бірі. Ғылымдық, зерттеушілік ойдың жетіспеген шалағайлығынан туған және ауыз әдебиетінің бар дәуірдегі барлық үлгілеріне буржуазиялық объективтік тұрғыдан қарап, бірыңғай ағымға салынудан болған ғылымдық қателік еді.
Осы аталғандармен қатар,
Ленин айтқан "Әр ұлттың мәдениетінде
екі мәдениет бар" дегендей, айқын,
зор шындықты түсініп, қолданып отырып
зерттеу жұмысы қазақ ауыз әдебиеті
турасында ойдағыдай
Енді бұдан былайғы
зерттеулерде реформадан соңғы Ұлы
Октябрь революциясына шейінгі
заманның ауыз әдебиетін тексеруде
бір ғана салт ертегілері жөнінде
емес, барлық осы дәуірдегі ауызша
әдебиет мұраларының бәрін
Осы айтылған жайлармен қатар, сыншы, мысқылшы, сатиралық шебер құрылған салт ертегісі анық шындыққа лайық жағдайда әрекет ететін жау таптар өкілдерін көрсетеді. Сонымен қатар, болып тұрған қоғамдық хал-жағдайды жарамсыз деп, қатал сынап қарайды.
Енді осы айтылған тұрғылардан көз жіберіп, бір алуан ескі ертегілердің жаңғырып әңгімеленуін аңдасақ, тағы да хан - әділетсіз әкімдерді таптық тұрғыдан әшкерелеу ісі соншалық өткір, ащы сатира түрінде әңгімеленгенін көреміз. Бұның мысалы "Ежігелді"2, "Молданың үйінде оқыған бала"3 сияқты ертегілердің мазмұнынан айқын көрінеді. "Ежігелді" әңгімесінде бұрынғы "Алдаркөсе" жайындағы әңгімелердің бір алуан жаңғырып айтылған қайталамасы білінеді. Бұндағы қоғамдық сатира хан сияқты әкімдерге қарсы еңбек елінің жиренішін шарықтаған қалыпқа жеткізеді. Ханның әшкереленіп, масқаралануы соншалық, оның өз басы қорлық күйде, ұрлыққа түседі.
"Молданың үйінде оқыған
бала" деген ертегіде жас буынның
қанқор ханға ереуіл, қарсылығы,
тартысы көрінеді. Ертегінің геройы
болған баланың басын жоймаққа
тырысқан ханды өзге көп бала
- оқушы балалар қатты әшкерелеп,
Салт ертегісінің ендігі бір үлгілері - патриархалдық-феодалдық үй іші тұрмысының құрылыс негізіне қарсы арналған әңгімелер болады. "Өгей шеше қастығы"4, "Үш қыз"5 сияқты әңгімелер адамдық ауыр драмаларды халық романы ретінде қалыптап, сынап көрсетеді. Бұндай ертегілер тұсында, халықтың творчестволық өнері - баспасөз, кітап, мектеп тәрізді тәрбие белгілері болмаған елде өзіндік зор сыншыл, тәрбиелік міндет атқарады. Сонымен қатар әйелдің үй ішілік, қоғамдық тірліктегі зор орнын, еңбегін, тарихтық рөлін бағалайтын салт ертегілері де осы дәуірде туады. Бұл алуандас ертегілердің аса бір көркем үлгілері есебінде "Жұпар қорығы"6, "Хан қатыны"7 деген сияқты әңгімелерді еске алу қажет.
Екі ертегі де аса дана әйелдердің әрі аналық, әрі әлеуметтік зор қасиет қайратын баян етеді. "Жұпар қорығы" деген әңгімеде жұтап, ашығып, қырылып жатқан, шұбырып кеткен елдің ішінен шыққан саналы, қайратты ана - Жұпар жас жетім балаларын ажалдан, аштықтан қорғап, тірлік үшін, бақыт үшін өлермен еңбек етіп алысады да, дегеніне жетеді. Бар саласы тың, жаңа, мол елдік іргесін құрайды. Жұпар тапқан жер-мекен ырыс мекені, еңбек, дәулет, таныстық, татулық мекені болып, өзінше бір Асанқайғы таппаған "Жер үйекке" айналады. Ер таппаған жерді ақыл-дана, асыл ана табады.
"Хан қатыны" деген
ертегіде ерлер әмір-құдіреті
мүлде жоқ, жойылған, оның орнына
бар елдікті, әкімдік
Міне, осы екі ертегінің екеуінің де негізінде жатқан ұғым-наным, тың көзқарас - еңбекші халық көзқарасын, малға сатылып, нелер сорақы заңға бағынып, ақсақалдық-феодалдық ортаның орнатқан қорлық, күңдік халінде жүрген әйел жынысына еңбек халқы ендігі заманда "ұстағанның қолында, жетектегеннің қосарында, ноқтасында кете барма" деген жаңалық, тарихтық талап, түсініктерін танытады.
Тағы бір топ халықтық салт ертегілері еңбекті ерекше қадірлеген халық түсінігін танытады. "Айлалы шал"8, "Кедейдің үш баласы"9, "Үш өсиет"10 сияқты әңгімелерде еңбекті қадірлеу өзгеше. Қажымас жігермен жол тапқан азаматтың бәрінің еңбегі жанып, дегені болады. "Айлалы шал" деген ертегіде шартты түрде он жылға дейін патша болып, кейін өлтірілуге көнген адамның бірі - осы ертегінің геройы, ақылды шал болады. Ол өзінің он жыл әмір-құдірет иесі болған уағында шөл даланы көгертіп, су шығарып, құрғақшылықты жояды. Қала салады. Осындай еңбектерімен өшпес белгі қалдырып, өлмес абырой табады. Және ажалдан құтылып, хандық қалпында қалады. Бұл әңгіменің бір жағы әкімшілік басында еңбек қадірін білетін, еңбектен жеміс, игілік туғыза білетін, көптің ырысын ойлайтын адам әкім болсын деген, шаруа елінің санасы көрінеді. Сонымен қатар, қолынан бар құдірет келіп отырса да, не жақсылықты, не ел-жұртқа деген игілікті ойламайтын арамтамақ хан, сұлтандарды сорақы санап, сынаған ой-сана, халық санасы көрінеді.
"Кедейдің үш баласы"
деген ертегіде әрекетке, тартыс-таласқа
тәуекелі мол сын сапарға
Информация о работе Халық ертегілернің бала дүниетанымын қалыптастырудың маңызы