Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 20:17, диссертация
Халық ертегілерінің бала дүнетанымын қалыптастырудағы маңызы аса зор. Қазақ фольклорындағы ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі - ертегілер. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша тараған мол мұра. Оның осы дәуірге дейін жетуі ертекшілермен тығыз байланысты.Халық арасында үлкен беделге ие болған ертекшілер ертегіні шебер орындаған.Жаңадан ертегілік сюжетті тудырып толықтырып отырған. Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімі мен арман-тілегін, қиялын, даналығын, ғасырлық өмір тәжірибесін көреміз. Ертегінің қай түрін алсақта ол баланың ой-қиял ұшқырлығын күшейтеді, мінез-құлқын, ерік - жігерін қалыптастырады. Сондықтанда ертегіні оқытуда оның жанрлық ерекшелігін ескеріп. тәрбиелік мақсатына айрықша көңіл бөлгеніміз жөн.
Қиял-ғажайып ертегілері 4
Хайуанат жайындағы ертегілер 10
Салт ертегілері 16
Алдаркөсе 23
Асанқайғы 25
Жиренше 27
Қорқыт 28
Қиял-ғажайып ертегілері 34
Хайуанат жайындағы ертегілер 38
Салт ертегілері 40
Бір жағынан, осылай фанатиктік, қараңғы схоластик удан басқа түк жаңалық әкелмейтін діншіл исламшыл үгіттерді жиреніп әшкерелеумен қатар, Шоқан орыс халқының мәдениетіне және жалпы орыс елдігінің тарихына өз халқының барлық тарихын, тағдырын, тартысын туыстыра қоспақшы болады. Бұл жөнінде оның төмендегі пікірі де дәуір үшін аталған зор бағалы шындық болатын. "Біз орыс халқымен тарихымызбен де, қанымызбен де туыспыз. Шекспир қойғандай "болуға ма, болмасқа ма" дейтұғын байлаулы сұрақ қойылғанда, біздің ойымызша, бүгінгіден көп бейім, көп қамқорлық ететін миллиондаған елдің тағдыры бар. Бұлар өздерінің күдіксіз үмітін азаматтық дұрыс жолмен өсуге арнаған адамзат. Олар өздерін орыстармен бір туысқан отандаспыз дейді және Россияның қоластына өз еркімен қосылған болатын".
Шоқанның бұл айтқан жайлары қазақтың қалың еңбекші жұртшылығының сол кездегі шаруашылық, қоғамдық, тарихтық даму арманынан туған барынша зор мүддесін баяндайды. Біз атаған, жаңғырған ауыз әдебиет ертегілер үлгісінде анық халықтық бағытты білдіретін шығармалар, негізінде, осындай әлеуметтік сырмен, шындықпен байланысты болады. Сол жолда қазақтың ертегілік, халықтық ұғым-нанымдарына, фольклор қазынасына жоғарыда аталған діншіл, исламшыл үгітшілердің кертартпа күштері әкеп жамаған қоспалары да болған.
Олардың араб шығысының дін
тарихымен байланысты, қазақ халқына
жат, әр алуан мистикалық ертегі әңгімелері
болатын. Бірақ оларды таратушы үгітшілер
қазақтың Шоқан айтқандай алымпаз,
салт-санасына қонбайтын, дарымайтын қараңғылық
үгіті болғандықтан, біз тексеретін
дәуірдегі сондай дін ертегілерінің
бірталайын өлең түріне аударып таратқан.
Осындай үгіт-үлгісінің бір
Жаңағы айтылған біріне-бірі қайшы тарихтық, үгіттік жайлардың бір алуан жағымсыз көрінісін орыс халқының үлкен оқымыстысы Радловтың да дұрыс аңғарғанын көреміз.
Қиял-ғажайып ертегілері
Жоғарыдағы кіріспе тексеруде біз дәуірдің, қиял-ғажайып ертегілердің жаңа дәуір әсерімен жаңғырып, жаңғыртылып әңгімеленетінін айтып едік. Бұл жөнінде М.Горькийдің әр заманда, әр ортада ескі ертегінің жаңғырып, өскелеңдеп өзгеріп отыратыны турасында айтқан пікірін еске аламыз: "Ой мәдениеті мен халық шығармасын өсіруде көне ертегілерді әр жыныстың, ұлттың, әр таптың өзгертіп, қосымша жасап, қолдануының рөлі өзгеше болғанына күдіктенуге болар ма екен'"1. Бұлай болса, реформадан соңғы дәуірдегі ертегілердің мол бір тобы алдыңғы дәуірлерде айтылып келген қиял-ғажайып ертегілері болса, енді соларға жаңа заман ұғым-наным өзгешеліктері қосыла отырады. Сонымен қатар жаңа дәуірдің қоспасы есебінде тыңнан туған қиял-ғажайып ертегілері де пайда болады.
Бұрынғы ертегінің өзгерістерін
алғанда, мысалы, әйел халіне феодализм
дәуірінен гөрі өзгерген халықтық көзқарастар
туады. Бұған байланысты өгей шешенің,
көп әйел алудың балалар өміріне
қырсық, сор болатын жайлары
Сонымен қатар әйел халінің қалың малға, неше алуан қорлық, теңсіздікке бағынышты болған халіне де жаңа заман, сын өкілі жиілеп көріне бастайды. Күйеуі қасқыр болып шығатын "Дудар қыз"5 әңгімесі, "Ағасы мен қарындасы"6 деген сияқты әңгімелер сол әйел халіндегі неше алуан теңсіздік жағдайынан туатын қайғылы оқиғаларды еңбек елінің сын көзімен баяндайды.
Тағы бір топ әңгімелер, ертегілер - хандарға және олардың ұғым-наным, салт-санасына қарсы сын ретінде туған әңгімелер болады. "Ұядағы хан баласы"7, "Қыдыр, бақ, ақыл"8, "Уәзір қызы"9 деген әңгімелер хан, сұлтандар ортасындағы озбырлық, қанқорлық қалыптарын көрсетумен қатар, сол өзімшіл үстем ортаның адам баласына сенбестік, жатбауырлығын да әшкерелейді. Өмірлік "ақыл", "бақыт" деген жайларға қияс - теріс көзқарастарын да танытады.
Бұндай әңгімелерде де
хандар ортасын, салт-санасын еңбек
халқының қатты сынмен әшкерелей
әңгімелейтінін көреміз. Әрине, халықтың
өзі шығарып, дамытып келе жатқан
өз шығармаларымен аралас сол халық
арасына үстем таптың неше алуан
топтары сыншыларды тудырып қосқан.
Ханшыл, төрешіл, байшыл, діншіл, құдайшыл,
молдашыл ертегілердің де түрлері көп.
Бірақ олар халық санасына жат
болғандықтан, халық ауыз әдебиеті
қатарынан шығарылады да, зерттелмейді.
Жоғарыда аталған анық халықтық ертегілер
арасында бұл дәуірде айтылатын
қиял-ғажайып ертегілер тобына біртіндеп
мол қосымшалар көршілес шығыс елдерінің
ертегілік қорынан келіп
Сол аталған қалың топты көп ертегілердің бәрі де бір жағынан ислам дінін тұтынған шығыстық елдер арасына арабша жазу, хат, кітап арқылы тарағанмен, бұл ертегілердің бәрі де туысында, әңгімелеуінде халықтық ертегілер болады. Бұл жөнде "Мың бір түн" ертегісі туралы Горький пікірін еске алу қажет. "Шаһризада" ертегілері халықтық ауызша шығармалардың тамаша ескерткіштерінің арасындағы ең ұлысы екенін көреміз. Бұл ертегілер ғажайып шеберлікпен, еңбек халқының "тәтті қиял сиқырына" беріле білгендігін, сөзбен еркін ойнай білгендігін және шығыс елдері араб, фарсы, индустардың гүл атқан қиялының құйындай қуатын танытады. Бұл сөз кестесі өте көне заманда туып, сан түсті жібек жіптерін барлық жер үстіне жайды да, сөз кілемінің сұлулығымен қаптай түсті10.
Қазақ халқы айтатын қиял-ғажайып ертегілердің санын молайтқан бұл айтылған ертегілер тобына да халық өз творчестволық еңбегін қоса отырған. Ең алдымен сол ертегілердің бар оқиғасын қазақ ертекшісі халықтың өз тілінде әңгімелейді. Бұл жайдың бір өзінде ғана көп тың еңбек бар екені даусыз. Өйткені оқиғалар, адамдар, әр алуан іс мінездер, құбылыс, тартыс халдер жайын баяндауға қазақ халқының өз сөздігі, тіл кестесі, сөз көркі, сөйлем орамы үнемі араласып отырады. Тағы бір елеулі нәрсе, бұл кезде қазақ тіршілігіне жоғары кіріспеде айтқандай базар, жәрмеңкелер, саудалы қатынастар, неше алуан керуен кешулер, қым-қуыт араласулар мол жаңалық болып қосылғандықтан, сол "Мың бір түн", "Тотының тоқсан тарауы" сияқты ертегілердің көп-көп жайларын халық ертекшісі өз заманының болмысымен байланыстыра әңгімелейтін болады.
Бұл жөнде ертегінің осылайша
мазмұны, түрімен көп өзгеріп
айтылуы қиял-ғажайып
Қиял-ғажайып ертегілерінің тобына тағы осы дәуірде қосылатын бір алуан әңгімелер, ертектер, аңыздар қазіргі советтік шығыс елдерінің ерте замандағы классик ақындары қалдырған ұлы мұралардың ауызша қайталамасы боп та келеді. Бұл ретте парсы, тәжік елінің классигі Әбілқасым Фирдоусидің "Шаһнамасынан" ертегі боп тараған "Рүстем батыр" әңгімесін айтуға болады. Және сол Фирдоуси бастаған классик ақындар әңгіме еткен "Жүсіп - Зылиха" жайындағы немесе бергі әзербайжан, өзбек ақындары әңгіме, жыр еткен "Ләйлі - Мәжнүн", "Фархад - Шырын", "Ескендір", "Бахрам-Гүр мен Фитна" жайлары әңгіме, аңыз болады. Басқа да осылар тәрізді күрделі, қызықты геройлық, не ғашықтық тақырыптардан туған әңгімелердің ауызша үлгілері қазақ ортасында әңгімелене бастағанын көреміз.
Бұлардың ішінде кейбіреулері қазақтың бұрыннан айтылып келе жатқан халықтық әңгімелерінің оқиғаларына қызық түрде қабысып араласады. Кейбіреулері сол шығыстық классик ақындардың өздерінің өмірін аңыз еткен қазақ әңгімесіне айналады. Мысалы, "Сұлтан Хұсайын және оның уәзірі Мир Әлішер" жайындағы әңгіме "Патша қыз бен құл"12 деген атпен айтылады. Бұл ертегі бір жағынан қазақтың қол тума ертегісі "Аяз би" жайына жақын келеді. Сонда: "Шөп жаманы, құс жаманы, адам жаманы кім?" деген сұрақтарды шешуші қара құл болып шығады.
Ғират шахы Хұсайын Байқара мен оның уәзірі ұлы ақын Мир Әлішер Науаи қазақтың ауыз әңгімесіне осылайша, өзгеше жағдайда қатысады. Ал Ескендір жайындағы осы дәуірде жайылған аңыз, әңгімелердің қазақ ортасында көп болғаны және мәлім. Бұлардың да негізгі түрлері Низами, Науаи тәрізді әзербайжан, өзбек классиктерінің ұлы мұраларынан туып тараған қазақ ортасындағы халықтық варианттар болады. Ол әңгімелердің бәрі хан, сұлтандарға жаңа дәуірдегі халықтың сыншы көзқарасымен байланысты әңгімеленеді.
Сол қатарда, мысалы, Ескендір
жайында оның "Қос мүйізі" турасындағы
әңгіме мол тарайды. "Шырын қыз"
ертегісінде патша зорлығы
Жазықсыз, теңдіксіз қыздың
өзіндегі ақыл, жігері арқылы қылышынан
қан тамған шығыстық тиран, қанішер
патшаны жеңіп шыққаны
Сараң байды айтса, сынаса,
"Шықбермес Шығайбай", "Қарабай",
"Қарынбай" деп еске алғанда, бұл
байлардың аты халықты
Міне, көршілес шығыс елдерінің ертегілерінен қазақ ортасына жайылып тарап, өз варианттарын тудырған бағалы, халықтық шығармалар қиял-ғажайып ертегілер тобында осылайша келеді. Ал бұл жайларды атаумен қатар, жоғарыда кіріспеде айтылған хал бойынша, қазақ даласына исламшыл-діншіл, фанатик, кертартпа үгітшілерінің ел санасын улатып таратпақ болған, діндік, мистикалық, таптық жат саналық ертегі-аңыздары да болады. Ол әңгімелерде дін таратушы Сүлеймен сияқты пайғамбарлар мадақталады. "Қызыр пайғамбар", "Мұхамбет пайғамбар" немесе соның шадиярлары, әулие болмыстары туралы аңыз, әңгімелер айтылады.
Осы қатарда шығыстың әр
алуан тақтарында тирандық, деспоттық
әмір-құдірет жүргізген шахтар, халифалар,
сұлтандар, хандар мақталып әңгімеленетін
болады. Атымтай сияқты байды "мырза"
деп дәріптеген әңгімелер де араласады.
Бірақ бұл топ ертегілер
Қайта осы алуандас ертегілерді және неше алуан надандық өзге нанымды дәріптейтін "қызыр" атымен байланысты "бақ" дегендерді қиялдайтын әңгіме, аңыздарының баршасын да халық ертегілері мысқыл, мазақ етеді. Мысалға, "Қу бас'"13, "Ұядағы хан баласы"14, "Ескендірдің мүйізі'"15, "Қызыр"16, "Қыдыр, бақ, ақыл"17, "Атымтай'"18 деген сияқты ертегілерді еске алуға болады.
Бұл аталған топтардан
өзге осы дәуірде қазақтың қиял-ғажайып
ертегілерінің қатарына орыс халқының
қиял-ғажайып ертегілері де әр үлгілерін,
әр алуан варианттарын тарата бастағанын
байқаймыз. "Жалмауыз кемпір", "Таусоғар",
"Көлжұтар" сияқты алыптар, ғажайып
тұлпар аттар жөніндегі және айдаһарлар
турасындағы ертегілердің ендігі айтылу
варианттарына орыс ертегілерінен,
Афанасьев жиған, Ершов шығарған
ертегілерден, Пушкин, Жуковский шығармаларындағы
ертегілік тақырыптардан көп
ауысқан әңгімелер болады. Бұған
қазақтан шыққан Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты
ағартушылардың әсері, еңбегі мол араласады.
Сонымен қатар "Орыс-қазақ" мектептері
көп ашылып, қазақ жастарының көп
буындары XIX ғасырдың екінші жарымы мен
XX ғасыр бойында орысша оқып, орыс
мәдениетіне араласа бастауы
да себепші болады. Осы тұрғыдан
қарағанда, кейбір шығыс ертегілерінің,
мысалы, "Мың бір түн", "Тотының
тоқсан тарауы" сияқты ертегілердің
өзінің де көп жайлары, үлгілері, ең
алдымен, қазақ ортасына жайылудан
бұрын орыс тіліне аударылып, басылып
тұрады. Сол әрекет мол болғандықтан,
тіпті жаңағы шығыстық ертегілер
қазақ ортасына орыс тілінен көп
жайылып таралуы да мүмкін. Бұл
да реформадан соңғы дәуірдегі қазақ
ортасында айтылатын
Қиял-ғажайып әңгімелері
турасында соңғы айтатын бір
жай, бұл дәуірдегі қазақ
Информация о работе Халық ертегілернің бала дүниетанымын қалыптастырудың маңызы