Халық ертегілернің бала дүниетанымын қалыптастырудың маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2013 в 20:17, диссертация

Описание работы

Халық ертегілерінің бала дүнетанымын қалыптастырудағы маңызы аса зор. Қазақ фольклорындағы ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі - ертегілер. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша тараған мол мұра. Оның осы дәуірге дейін жетуі ертекшілермен тығыз байланысты.Халық арасында үлкен беделге ие болған ертекшілер ертегіні шебер орындаған.Жаңадан ертегілік сюжетті тудырып толықтырып отырған. Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімі мен арман-тілегін, қиялын, даналығын, ғасырлық өмір тәжірибесін көреміз. Ертегінің қай түрін алсақта ол баланың ой-қиял ұшқырлығын күшейтеді, мінез-құлқын, ерік - жігерін қалыптастырады. Сондықтанда ертегіні оқытуда оның жанрлық ерекшелігін ескеріп. тәрбиелік мақсатына айрықша көңіл бөлгеніміз жөн.

Содержание работы

Қиял-ғажайып ертегілері 4

Хайуанат жайындағы ертегілер 10

Салт ертегілері 16

Алдаркөсе 23

Асанқайғы 25

Жиренше 27

Қорқыт 28

Қиял-ғажайып ертегілері 34

Хайуанат жайындағы ертегілер 38
Салт ертегілері 40

Файлы: 1 файл

Халық ертегілернің бала дүниетанымын қалыптастырудың маңызы.docx

— 140.09 Кб (Скачать файл)

 

Бұл әңгімелерде еңбекпен қатар ажуа боп халықтық сатираның  өткір шанышпасына, сынына қомағай, жеміт сорақы мінездер ілінеді. Ендігі көпшілік тіршілігі базармен, саудамен ерікті, еріксіз күйде нық байланысты болғандықтан, сол базарлы, саудалы  жердегі ынсапсыз және айлакер, аяр  қансорғыштар мінезі де халықтың қатал  сынына ұшырап отырады. Бұндай әңгімелердің бір жағында әділ, дұрыс, момын  адам қалпында көпшілік еңбекші ел өкілі жүреді де, сонымен қатар, жаңағы аталғандай, айналасын жалмағыш, құны жаман, қаны бұзық қанаушылар жүреді.  

 

Осы аталған ертегілердің көбінде бір жағы ертегілік, екінші жағынан халықтық роман новелла  сияқты көркем проза үлгілері де бар. Салт ертегілерінің бұл дәуірде  осындай мәдени сапаға ауысуында  орыс халқының жазбаша жарияланған  ертегілерінің және сыншыл ойға толы, шыншыл реалистік көркем прозасының да әсері жоқ емес. Сондай әңгімелердің, мәдениетті үлгілердің реформадан соңғы  қазақ салт ертегілеріне еткен әсерін зерттеу де ауыз әдебиетін ғылымдық тұрғыдан кең, терең талдаудың міндеті  болмақшы. 

 

Жалпы, орыс баспасөзінің қазақ  ертегісіне, халық әңгімесіне ететін әсерінен басқа, қазақ халқының ендігі айтатын ауызша әңгімелерінің арасында анық айқын орыс ертегісінің өздері де айтылып, тарап жүретінін көреміз. Мысалы, қазақ ортасынан қазақ  тілінде ертерек кезде Березин  жазып алған материалдардың ішінде "Орыстың молдасы мен жалшысы"1деген анық орыс ертегісі де айтылып жүргенін көреміз. Бұл атақты "Сказка о попе и его работнике балде" дейтін әрі халықтың, әрі Пушкин ертегілеріне қосылған көпке мәлім әңгіменің қазақша айтылған қайталамасы болады. 

 

Орыс халқының қалың крестьян тобының арасында туған попқа  қарсы (антипопские) ертегілерінің  қазақ халқының шаруа арасына  сол халықтың өзіндегі молда-қожаларын  ажуа, әзіл ететін шығармаларымен қатар  тарап жүруі - өте елеулі мағыналы жайдың бірі.

Белинскийдің: "Россияда барлық орыстар үшін поп - мешкейліктің, сараңдықтың, жағымпаздықтың, арсыздықтың  өкілі'"14 дейтін пікірі қазақ халқының өзіндегі дінбасыларға қарсы арнаған сынында да дәл осылайша көрінетінін байқаймыз. Әсіресе осы ойдың дұрыстығын анықтау үшін реформадан соңғы дәуірде қазақ халқының қалың еңбекші көпшілігіне аса мол жайылған күлдіргі, ажуа, мысқыл, шанышпа, сайқымазақ, сатира әңгімелерін еске алуға болады.  

 

Бұл қатарда біз көп  елдер арасына аңыз болып кеткен, ел күлдіргілері, атақты Битан-Шитан  қуларын, Қонтай-Тонтайды, Текебай қуды, Айдарбек, Торсықбай сияқты талай  қазаққа аттары мен күлдіргі мінездері, мысқыл, ажуалары әйгілі болған адамдарды  айту керек. Бұлардың істері мен мінездеріне, тапқыр сөздеріне байланысты туған  ұзынды- қысқалы әңгімелер қазақтағы  анекдот үлгілерін көрсетеді. Реформадан соңғы дәуірдегі халықтық юмор, қоғамдық иронияның жаңалап өскелеңдеген үлгілерін танытады. 

 

Қонтайдың өлерінде: "Жазыла-жазыла қожа-молдадан да ұят болды, енді өлмесек  болмас" деп, дәл өлер минутында  да "жаназа шығарып мал аламын" деп, адамның өмірінен жаназаның, ысқаттың болымсыз ақысын артық көрген дінбасы  атаулының арсыз қомағайлығы  Белинский айтқан қалыпта әшкереленеді.  

 

Торсықбайдың жалаңаш  күйінде батпаққа аунап, өлген байдың моласының ішіне кіріп жатқан, содан әрі бата оқыр жасап келген байдың бәйбішесі, нөкерлері және әсіресе  бай аулының молдасы сияқты адамдардың бәрін көрден шыққан өлік болып, қорқытып мазақтауы діншілдік ұғым-нанымдарға еңбекші халықтың санасы мен сыны мүлде бой ұсынбай, қарсылық жасай  қарайтынын көрсетеді. Айдарбек сияқты күлдіргілер қазақ байларының салтындағы "Қыз ұзату, келін түсіру, немесе қыз алып қашып алу" сияқты сорақы әдет кезінде келіп, қыз орнына кемпір салып жіберіп, бай аулын күлкі, мысқыл етіп өлтіре ажуалайды. 

 

Бұл топ әңгімелердің қоғамдық жаңалық-өзгешеліктері, тіл мен түрлері  де қазақ ауыз әдебиетін зерттеушілердің  айрықша көңіл бөліп, қадала сынап, талдауын күтеді. Анық халықтық үлгілерін, шынайы халықтық күлкілерін орынды бағалауды  талап етеді. Осы алуандас реформадан соңғы дәуірде, кітап - баспасөз шыға бастауымен жалғаса көрші елдердің күлкі әңгімелерінен қазақ ортасына Қожанасыр әңгімелері көп тарады. Қожанасырдың өз басы қазақ емес. Және әңгімелері де әуелде қазақ ортасында  туған әңгіме емес. Мұның жайындағы  аңыздарды алсақ, барлығының ішінде кездесетін базар, қазы (билік айтушы әкім), шәкірт сияқты белгілердің барлығы, ол әңгімелерді шығарған жағдай қазақ  елінің бұрынғы ескілікті жағдайынан басқарақ екенін көрсетеді. Әңгіме көбінесе Қожанасырдың шәһәрда тұратындығын айта отырады. Өзінің кейде шәкірттері де бар болып шығады. Осының барлығына  қарағанда, Қожанасыр әңгімесін  қазақ топырағында туып, тараған  әңгіме деп ешкім де айта алмайды. Мұны тудырған жағдай отырықшы қалалы елдердің сауда-кәсіпті жағдайы  болады. Сондай ортада туып, содан жайылған. Ол жағынан қарағанда, Қожанасыр  әңгімесі көршілес өзбектен ауысып келген деуге болады. Және көбінесе реформадан кейінгі дәуірде кітап, баспа  арқылы татар тілінде әңгімелену жолымен де қазақ ішіне жайылған аңыздар деуге сыяды. Бұл әңгімелер  өзбек, татар, тәжік, қырғыз, қазақ, түрікмен, қарақалпақ - бәрінде де бар. 

 

Қожанасыр әңгімесін айтушы елдер ол жайындағы естіген сөздерін ғана айтумен қанағат қылмай, әр кезде қазақтағы Алдаркөсе, Жиренше  сияқты өз тұстарынан қосымша, үстеме әңгімелерді де жамап, молайтып айта берген. Сонымен, Қожанасыр жайындағы  әңгімелердің ұшы-қиыры жоқ күлдіргі - анекдот әңгіменің бәрінің жиылатын жерінің осы бір Қожанасыр  аты болып кетуі даусыз. Жалпы  құрылыс, мазмұн жақтан алғанда, Қожанасыр  әңгімелері бір алуан күлдіргі, мысқыл ретінде туған әңгімелер. Мұның  күлкісі өзіне бөлек күлкі. Көбінесе сырты аңқау келеді. Аңқаулығының өзі күлкі. Бірақ бұл сыртқы пішіні. Ал ішін, түбін байқай келсек, ол аңқаулықтың  астары үнемі ащы мазақ, шебер  қулық болып шығады. Күлкісі әрдайым  күтпеген жерден бұрқ етіп шыққан оқыс күлкі болады. 

 

Әншейінде қабыспайтын ерсі жайларды, қайшы күйлерді алып, соларды  оқыс араластырып отыру арқылы күлкі  шығарады. Шынында, аңқаулық, нанғыштық  ешуақытта қулықпен жанаспайтын  мінез сияқты. Қожанасыр көп әңгімесінде  әрі аңқау, әрі қумын дегеннің бәрінің алдын орайтын, барып  тұрған қу да болып шығады. Осындай  күлкіні бір қолданса, Қожанасыр  әңгімесінің кейбірі таза аңқаулықтың  өзінің де ең бір адам иланғысыз  түрін алып, сонымен де күлдіретін болады ("Базардан май сатып алу" әңгімесі). 

 

Солайша белгіленген күлкілерді заң етіп алады да, Қожанасыр әңгімесі талайды мазақ етеді. Парақор  қазы, қомағай саудагер, тентек ұры, әзілқой шәкірттер, өз әйелі, жазықсыз бөгде адам болсын, барлығына да күлкісін жұмсай береді. 

 

Айтылған көп заман, көп  орта, көп қоғамның тегіс қолданып, тегіс құрал етуіне байланысты кейде  бөтен таптың халықтық образға, халық  күлкісіне өз санасы, тап тілегі бойынша қосқаны да болады. Ондайларды шын Қожанасырға жатық жамау  деп түсіну шарт. 

 

Салт ертегілерінің жоғарғы  кіріспеде аталған өзгеше тың  түрі - жұмысшылар ортасының аңыз ертегілері дедік. Бұл жөнде Қазақстан Ғылым  академиясының Тіл және әдебиет  институтының Қарағандыға жіберген экспедициясы жинап қайтқан бір  топ әңгіме, аңыз-ертегілердің орны, мәні өзгеше. Ең әуелі мұнда жұмысшылар ортасында бұрын халық айтып  келген салт ертегілерінің тыңнан жаңғырып, өзгертіліп айтылған (переоформление) үлгілерін көреміз. Бұған мысал: "Қарынбай бай'"15, "Зар жылатқан Зарлықбай'"16 және "Төлебай'"17 сияқты күлдіргі әңгімелері. Осы әңгіме, ертегілерге жұмысшы ортасы бұрынғы айтудан көп өзгерген қызықты тың жаңалықтар қосқанын көреміз.  

 

Ал екінші бір алуан, бұрынғы  қазақтың салт ертегілерінде болмаған жаңалық - шахтер, жұмысшылар жайынан  туған нақылдар (сказы), өмірбаяндық  әңгімелер - "болғандар" (быль) үлгілері: "Түсіп"18, "Өзгерген өмір'"19 деген сияқты әңгімелер салт ертегілерінің мүлде тың бір алуанын танытады. Жұмысшылар арасындағы, жоғарыда аталған "Қарынбай бай" ертегісі ұрлықтың жазасын, жамандықтың сазасын тартқан керді көрсетеді. Арғы замандағы ғажайып сыры бар "сандық, қазан, шоқпар" сияқты ертегілік заттар жайы ендігі жаңа заман мораліне лайықталып әңгімеленеді. 

 

Ал "Зар жылатқан Зарлықбай" деген ертегі бай мен малай  арасындағы бітімсіз жайды анық тап  тартысының қайшылығы түрінде, сатира тілімен әңгіме етеді. Әсіресе өздері кешегі күнде бай аулында батырақ  малай болып, еңбек тірлігін бастап, енді жұмысшы боп отырған шахтерлер  арасындағы қомағай, қаскөй байдан кегін  алған ер кедей, тапқыр малай тақырыбы фольклордың қызық бір үлгісі болып шығады. 

 

"Төлебай" Салдырбайды  мазақ еткен әңгімесі ертеде  болған "Алдаркөсе", "Ежігелді" және беріде болған Тонтай, Текебай,  Торсықбай сияқты ел күлдіргілерінің  жүрістері, тартыстары тудыратын  анекдот әңгімелердің жұмысшылар  арасындағы тағы бір алуаны  болады. 

 

Ал "Түсіп" жайындағы  әңгіме өмірбаяндық "болғандар" үлгісіндегі  жаңа жанрдың енді туып, халық аузында  әдебиеттік аңызға айналып келе жатқан бір саты қалпын білдіреді. Шахтерлер  жайындағы "Өзгерген өмір" деген  нақыл әңгімені алсақ, ол өзінше көркем, қызық әңгімеленген, тың жаңалық. Анық жұмысшылар ортасында ғана, соның  ішінде қазақтың шахтер жұмысшылары  жөнінде туған, әрі үлкен шындықпен  байланысты, әрі оптимистік, халықтық зор болашақты аңғартқан, жарқын саналы, өресі зор әңгіме. Бұл  нақыл жұмысшылар арасындағы ауыз әдебиет  өрнегінің, соның ішінде салт ертегілерінің  аса бір бағалы тарихтық жаңалығы көркейіп, өскелеңдеп келе жатқанын аңғартады.  

 

1927

МАЗМҰНЫ

Қиял-ғажайып ертегілері 4 

 

Хайуанат жайындағы  ертегілер 10 

 

Салт ертегілері 16 

 

Алдаркөсе 23 

 

Асанқайғы 25 

 

Жиренше 27 

 

Қорқыт 28 

 

Қиял-ғажайып ертегілері 34 

 

Хайуанат жайындағы  ертегілер 38 

 

 

 Салт ертегілері 40

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Халық ертегілернің бала дүниетанымын қалыптастырудың маңызы