Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2013 в 07:44, курсовая работа
Осы ұсынылып отырған оқу құралы орта арнаулы оқу орындарының ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері мамандықтарының орыс топтарына арналған мәтіндер жинағына қосымша құрал ретінде құрастырылған.
Бұл оқу құралының басты мақсаты – сөйлеу тілі қалыптасқан үйренушілердің қазақша сөйлеуін, жазуын, баяндауын мамандықтарына қатысты жетілдіру, лексикасын байыту.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Колледж
ЖАТТЫҒУЛАР ЖИНАҒЫ
Орта арнаулы
оқу орындарының ақпаратты
Павлодар
УДК 811.512.122(07)
ББК 81.2 Каз-922
Ж34
С. Торайғыров атындағы ПМУ ғылыми кеңесі ұсынған
Пікір жазған:
Зейнулина А.Ф. филология ғылымдарының кандидаты, доцент, С. Торайғыров атындағы ПМУ қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі.
Құрастырушы: А. Ж. Қақабаева
Ж34 Жаттығулар жинағы : Орта арнаулы оқу орындарының
ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері
мамандықтарына арналған. - Павлодар, 2007. - 81 б.
Бұл оқу құралы негізінен орта арнаулы оқу орындарының ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері мамандықтарына арналған мәтіндер жинағына қосымша құрал ретінде құрастырылған. Осы мәтіндерді, жаттығуларды сабақта да, оқушылардың өздік жұмысы үшін де қолдануға болады.
Бұл оқу құралының негізгі мақсаты – мамандыққа қатысты тілді үйренушілерге көмек беру.
©Қақабаева А. Ж., 2007
© С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2007
Алғы сөз
Осы ұсынылып отырған оқу құралы орта арнаулы оқу орындарының ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері мамандықтарының орыс топтарына арналған мәтіндер жинағына қосымша құрал ретінде құрастырылған.
Бұл оқу құралының басты мақсаты – сөйлеу тілі қалыптасқан үйренушілердің қазақша сөйлеуін, жазуын, баяндауын мамандықтарына қатысты жетілдіру, лексикасын байыту.
Негізінен аудиторияда жүргізілетін сабақтағы грамматикалық тақырыптар бойынша ережелер беріліп, жаттығулар құрастырылған. Мәтіндер бойынша сұрақтар, тапсырмалар берілді. Бұл жұмысты едәуір жеңілдете түседі. Әрбір сұраққа жауап беру – оқушының өзінше ойлауын, сөйлеуін, пайымдауын, қисындауын жетілдіреді.
Оқытушыға өз қалауы бойынша мәтіндер бойынша қосымша сұрақтар, тапсырмалар, мәтіндер беруіне болады. Сонымен қатар бұндағы тақырыптарды кеңейтіп те, дамытып та алуына болады.
Осы оқу құралындағы берілген тапсырмаларды орындау үшін үшін түсіндірме, аударма, терминдер сөздіктерін қолдану ұйғарылған. Осы жаттығуларды сабақта да, оқушылардың өздік жұмысы үшін де қолдануға болады.
Бұл жаттығулар жинағының негізгі мақсаты – мамандыққа қатысты тілді үйренушілерге оны жеткілікті түрде меңгеру дәрежесіне жеткізу үшін көмек беру.
1 Қазақстанды компьютерлендіру
Иелік формасы
Қазақ тілінде зат есім мен есімдіктің иелік формалары екі
тәсілмен жасалады:
1) зат пен заттың меншіктілік я басқа табиғи қатынасын білдіру
үшін, меншіктеуші сөздерге ілік септік жалғауы, меншіктелуші сөздерге тәуелдік жалғаулары жалғанып айтылады.
Мысалы: теңіздің толқыны, институттың директоры.
Негізгі ереже бойынша, бір сөйлемде ілік жалғаулы сөз болса,
сол сөйлемде онымен тіркескен тәуелдеулі сөз болады (және керісінше), бірақ ілік жалғаулы сөз айтылмауы мүмкін.
Мысалы, біздің жеріміз – жеріміз, сенің жолдасың –жолдасың.
Назар аударыңыз! Ілік септік жалғауы кейде жасырын түрде
тұруы мүмкін, бірақ тәуелдік жалғау түсірілмейді.
Мысалы: Абайдың өлеңдері – Абай өлеңдері, Колледждің
директоры – колледж директоры, Жердің беті – жер беті
Географиялық атауларда
және кәсіпорын, мекеме
білдіретін зат есімдерде ілік септік жалғауы қолданбайды, ал келесі сөзге тәуелдік жалғауы жалғанады.
Мысалы: Павлодар қаласы, Іле Алатауы, Балқаш көлі, Ертіс
өзені
2) меншіктелуші сөздерге келесі жұрнақтар жалғанады: - нікі,
- дікі,- тікі.
Бұндай сөздер сөйлемде баяндауыш болып келеді, сондықтан
олар сөйлем соңында тұрады.
Мысалы: Мына қалам менікі. Қарындаш кімдікі?
Болымсыз түрін жасау үшін емес сөзі қолданады. Мысалы: Бұл кітап сіздікі емес.
Тапсырмалары
1 Оқыңыз, аударыңыз
Оқушылардың дәптерлері, программаның түрі, оператордың
жұмысы, қоғамның қалыптасуы, бөлменің көлемі, ақпараттың сақталуы, пайдаланушылардың жұмысы, программаның жұмыс істеуі үшін, даму жолы, біздің еліміз, компьютердің жұмыс істеуі.
Мына үй солардікі. Оқулық сенікі. Бұл кітаптар оқушылардікі.
Мына газет кімдікі? Компьютер біздікі. Бұл дәптер менікі емес. Мына сызғыш сенікі ме?
2 Көп нүкте орнына – нікі, -дікі, -тікі жұрнақтарын қойып,
сөйлемдерді аяқтаңыз
1 Мына компьютер Асқар... 2 Түрлі-түсті теледидар біз... 3 Бұл
кітап Жанат... емес, Ғалия... 4 Мына оқулық Анар... 5 Мына машина мен...
3 Көп нүкте орнына қажетті тәуелдік жалғауын жалғап,
жазыңыз
1 Жүйелік программаның ең күрделі... – операция орындау
жүйе... 2 ЭЕМ операторлар... ауысыммен жұмыс істейді. 3 Олардың жұмыс апта... - 41 сағат. 4 Бізге достар... көмектесті. 5 Оқу – ағарту сала...нда компьютерлік базаны кеңінен ендіру керек. 6 Сендер өздеріңнің кітаптар... ды ашыңдар. 7 Мен қалам... алдым. 8 Сіздер тапсырмалар...ды орындаңыздар. 9 Сен дәптер...е жаңа сөздерді жаз.
4 Аударыңыз
Есеп, ақпарат, сақтау, өңдеу, есептеу, жеңілдету, дербес, нұсқау,
енгізу, пайдаланушы, қолданбалы, жүйелік, аспаптық, жасау, түрі, салалар.
5 Аударыңыз
Инструкция, ввод, обработка, системные, прикладные,
инструментальные, информация, создавать, вычисление, персональный, сохранить, сфера.
6 Мәтіннің бірінші абзацының мазмұнын айтып беріңіз
2 Ақпарат
Зат есім
Заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөздерді зат есім дейміз.
Зат есім негізгі және туынды болып іштей өзара сараланады. Негізгі зат есім - толық мағына білдіретін түбір сөздер: ой, тау, той, ат, ер т.б. туынды зат есім морфологиялық тәсілмен (есім сөздер мен етістіктерге жұрнақ жалғану арқылы) жасалады.
Есімдерден зат есім жасайтын жұрнақтар мыналар:
ерлік;
аттас;
Етістіктерден зат есім тудыратын жұрнақтар:
тапсырма, қойма;
Тапсырмалары
1 Берілген зат есімдердің
Мүмкіндік, қашықтық, жылдамдық, өндіріс, қозғалыс, жиын, анықтама, дәлдік, түсінбеушілік, шешім, қателік, бағалылық.
2 Туынды зат есімдердің есім
түбірден жасалғандарын бір
Түйме, өндіріс, көрермен, байлық, жұмысшы, кішіпейілділік, адамгершілік, қондырма, қаптама, түйме, балалық, ойыншық, аялдама, балмұздақ.
2. 1 Зат есім жалғаулары
Зат есімнің түрлену жүйесі оның жалғаулары арқылы көрінеді. Зат есімге тән үш түрлі жалғау бар: көптік жалғау, тәуелдік жалғау және септік жалғау. Сонымен бірге зат есімге жіктік жалғауы да жалғанып, баяндауыш қызметін атқарады.
Көптік жалғау заттың көп екенін білдіреді. Буын үндестігі мен дыбыс үндестігі бойынша көптік жалғаудың 6 дыбыстық түрі бар.
2. 2 - Көптік жалғаулары
жалғаулар |
Сөздің соңғы дыбысы |
Мысалдар |
- лар / -лер |
- дауысты дыбыс, - үнді р, й, у дыбыстарынан соң |
Балалар, терезелер Дәптерлер, айлар, таулар |
- дар / -дер |
-ұяң дауыссыз дыбыс, - үнді м, н, ң, л дыбыстарынан соң |
Қыздар, Қаламдар, сендер, өлеңдер, ұлдар |
- тар / -тер |
- қатаң дауыссыз дыбыстар, - ұяң б, в, г, д дыбыстарынан соң |
Кітаптар, жәшіктер Педагогтер, клубтар. |
Тәуелдік жалғау бір заттың біреуге немесе екінші бір затқа тәуелді, соның меншігі екенін білдіреді
2. 3 - Тәуелдік жалғаулары
жағы |
Жекеше түрі |
Көпше түрі |
1 |
- ым / -ім / - м |
- ымыз / -іміз, -мыз / -міз |
2 |
- ың / - ің / - ң |
Көптік жалғау + - ың/ - ің |
2 |
- ыңыз / -іңіз, - ңыз / - ңіз |
Көптік жалғау + - ыңыз/ - іңіз |
3 |
- ы / - і, - сы / - сі |
- ы / - і, - сы / - сі |
2. 4 - Септік жалғаулары
Септіктер |
сұрақтары |
Жалғаулары |
Атау септік |
Кім? не? |
|
Ілік септік |
Кімнің? Ненің? |
-ның/-нің; дың/дің тың/-тің |
Барыс септік |
Кімге? Неге? қайда? |
-ға/-ге; -қа/-ке -а/-е; -на/-не |
Табыс септік |
Кімді? Нені? |
-ны/-ні, -ды/-ді; -ты/-ті |
Жатыс септік |
Кімде? Неде? Қайда? |
-да/-де; -та/-те; -нда/-нде |
Шығыс септік |
Кімнен? Неден? |
-нан/-нен; -дан/-ден -тан/-тен |
Көмектес септік |
Кіммен? Немен? Қалай? |
-мен/-бен/-пен |
Тапсырмалары
1 Зат есімдерге көптік жалғауын жалғаңыз
Анықтама, сурет, кесте, әңгіме, таңба, мәлімет, қателік, мақала, сөз, хабар, телефон, жануар, құбылыс, зат, мәтін, көше, жазба,
2 Көп нүкте орнына қажетті тәуелдік жалғауын қойыңыз
Сендердің бала кездер..., ЭЕМ мүмкіндіктер..., менің жұмыс..., адамның қызмет..., сіздің мақала..., жазушының әңгіме..., ақпараттар жиын..., қызмет сала..., ақпараттың дәлдік..., біздің бөлме..., сенің мүмкіндік..., олардың компьютер..., сіздердің анықтамалар..., істің жағдай..., менің шешім...
3 Аударыңыз
а) өндірісте, өндіріске, өндірістен; ә) радиодан, радионың, радионы; б) ақпараттың, ақпаратпен, ақпаратты.
4 Аударыңыз, зат есімнің қай септікте тұрғанын анықтаңыз
Адамдардың сөйлесуі, ақпаратты сақтау, мәліметтерді іздеу, қателікке ұрындыру, пайдаланушылар тілінде, түсінікті сөздермен жазылған, газеттерден оқыдық, кітапханадан келді, графикалық жұмыстарда қолдану, сигнал түрінде берілген, түсінбеушілікке әкелді, шешімді қабылдау.
5 Жақшадағы сөздерге қажетті септік жалғауларын жалғап, сөйлемдерді толықтырыңыз
Олар Астана... кетті. Біз Алматы... келдік. Адамдар бір-бірімен жұмыс..., оқу орындары..., көше... сөйлеседі. Оқушылар мәтін... берілген тапсырмалар... орындады. ЭЕМ ақпарат... өңдеудің жаңа мүмкіндігі... берді. Мен колледжге автобус... келдім. ЭЕМ-дер ХХ ғасыр... ортасы... шықты.
6 Аударыңыз
Ақпарат алмасуға қатысу, үлкен жылдамдықпен жеткізу, мәтінді теру, жұмыста қолдану, дәлдігі жоқ ақпарат, толық ақпарат, бағалы ақпарат, мәтінді түзету, теріс шешім, өндірісті автоматтандыру, жаңа мүмкіндіктер, есеп беру, кесте түрінде, мәліметтерді іздеу, мағлұматтарды өңдеу.
7 Аударыңыз
Ценная информация, точная информация, во многих сферах деятельности, дать информацию, выборка данных, полная информация, со скоростью света, поиск информации, важная информация, графическая работа, обработка данных.
3 Компьютер тарихынан
Етістіктің өткен шағы
Етістіктің өткен шағы істің сөйлеп тұрған кезден бұрын болғандығын білдіреді. Істің болып өту мезгілінің сөйлеу уақытына алыс-жақындығына және оның анық, анық еместігіне қарай өткен шақтың өзі бірнеше жікке түрленеді. Өткен шақтың үш түрі бар.
1 Жедел өткен шақ
2 Бұрынғы өткен шақ
3 Ауыспалы өткен шақ
3. 1 Жедел өткен шақ
Өткен шақтың бұл түрі
іс-әрекет, қимылдың дәл сөйлеп тұрған
уақыт алдында ғана болып өткенін
білдіреді. Мұнда іс-әрекеттің нақтылы аны
Жедел өткен шақ етістіктің түбіріне –ды/-ді, -ты/-ті жұрнағы қосылу арқылы жасалып, жіктеліп қолданылады.
Назар аударыңыз! жедел өткен шақ тұлғасындағы етістікке жіктік жалғау ерекше түрде жалғанады: