Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2013 в 07:44, курсовая работа
Осы ұсынылып отырған оқу құралы орта арнаулы оқу орындарының ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері мамандықтарының орыс топтарына арналған мәтіндер жинағына қосымша құрал ретінде құрастырылған.
Бұл оқу құралының басты мақсаты – сөйлеу тілі қалыптасқан үйренушілердің қазақша сөйлеуін, жазуын, баяндауын мамандықтарына қатысты жетілдіру, лексикасын байыту.
Тапсырмалары
1 Төменде берілген сын есімдерден салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырай жасаңыз
Үлгі: ұзын – ұзындау – ұп-ұзын – ең ұзын
Ұзын, қысқа, әдемі, жақсы, жеңіл, кең, сүйкімді, оңай, көк, түзу, қызыл, ақ.
2 Сөйлемдердегі жақшада
1Біз компьютердің (жаңа) моделін сатып алдық. 2 Бұл осылардың ішіндегі (дәл) болжау. 3 Біздің жабдықтар (жаңа). 4 Сіздің графигіңіз оныкінен (жеңіл). 5 Келесі жолы (мұқият) болыңыз. 6 Осы есептердің ішіндегі (қиын). 7 Ол тапсырманы менен (жылдам) орындады.
3 Аударыңыз
Шығармашылық мүмкіндіктері, өрнек, сурет, мәселелерді шешу, бағдарлама құрастыру, жұмыс нәтижесі, таң қалдыру, мейірімсіз, қиял, шабыттандыру, көлік, жобалау, ғимарат, бөгет, көркемдік құрастыру.
29 Компьютерлік жобалау және құрастыру
Қазіргі кезде көптеген
Осындайдың бәрінен басқа
Сөздік
сәулетшілер мен құрастырушылар- архитекторы и конструкторы
кез келген пішін үйлесімі сызықтары- линии любой конфигурации
керемет дәлдікпен – с поразительной точностью
үш өлшемді сурет - трехмерное изображение
иін - закругление
білте тақтайшасы – рейка
жазықтық – поверхность
сызба – чертеж
нәтиже – эффект
Тапсырмалары
1 Мәтінді оқып, аударыңыздар
2 Сұрақтарға жауап беріңіздер
1 Компьютер кез келген пішін
үйлесімі сызықтарын қалай түсі
2 Ол адамды қандай
3 Компьютерлік
4 Компьютерлік жобалау пайда болғанша бұндай нәтижеге жету үшін қандай жұмыстар жүргізу керек болды?
3 Мәтінен есімдіктерді теріп көшіріп, оның құрамын, мағыналық тобын анықтаңыздар
4 Есімдіктер мәтінде қандай есім сөздер орнына қолданылып тұрғанын анықтаңыздар
29.1 Есімдік
Есім сөздерді (зат есім, сын есім, сан есімді) ауыстырып, солардың орнына жүретін сөздер есімдіктер деп аталады.
Есімдіктер мағынасы мен қызметіне қарай жеті топқа бөлінеді.
Есімдік топтары |
Есімдіктер |
Жіктеу есімдіктері |
Мен, сен, сіз, ол, біз, сендер, сіздер, олар |
Сілтеу есімдіктері |
Бұл, осы, осынау, сол, сонау, ана, анау, мына, мынау, әні, міне |
Сұрау есімдіктері |
кім? не? неше? қай? қалай? қандай? қайда? қайдан? қалай? қашан? неге? |
өздік есімдігі |
өз (тәуелденіп, септеліп, жіктеліп қолданылады) |
Белгісіздік есімдіктері |
Біреу, кейбіреу, бірдеме, әркім, әрне, әлдекім, әлдене, кімде-кім, бір, қайсыбір, қайсыбіреу, әр, әрбір, қайбір, бірнеше, әлденеше, әлдеқалай, әлдеқайдан, әлдеқашан |
Болымсыздық есімдіктері |
Дәнеңе, дәнеме, ештеңе, ештеме, ешкім, ешқандай, ешбір, ешқайсысы, ешқашан, ешқандай, ешқайдан |
Жалпылау есімдіктері |
Бәрі, барлық, барша, бар, күллі, бүкіл, бүтін, түгел, тегіс |
Тапсырмалары
1 Көп нүкте орнына жалпылау есімдіктерінің қажеттісін қойыңыз
1 Қазіргі кезде ... құрастырушылар мен сәулетшілер компьютерлік жүйелерді пайдаланады. 2 Ол үшін ... мәліметтерді компьютер жадына енгізеді. 3 Компьютер объектіні ... жағынан көрсете алады. 4 Компьютер ... есептеулерді жүргізіп, сызбаларды даярлайды. 5 Компьютер ... объектілердің өлшемдерін дәл түсіре алады. 6 Анар ... дайындық жұмыстарын жүргізді. 7 ... өз орындарына отырды.
2 Мақал-мәтелдерді оқып
1 Өзің жәбір көрсең де, кісіге қиянат жасама.
2 Елім деген жігітке ер, қор болмайсың,
Өзім деген жігіттен сақ болғайсың.
3 Балам абзал болсын десең, өзің адал бол.
4 Жігіт өз үйіне қадірлі болмай, елге қадірлі болмайды.
3 Көп нүкте орнына
сілтеу есімдіктерінің қажеттіс
1 ... сызбаларды алып келіңіз. 2 ... сәулетші ... ғимараттың жобасын жасаған. 3 ... есептеулер ... есептеулерге қарағанда күрделі. 4 ... соң экраннан ... объектінің суретін көрсетті. 5 Компьютер ... үш өлшемді суретті жасай алады. 6 ... автомобиль өте әдемі екен. 7 ... компьютердің қуаттылығы ДК қуаттылығынан 1000 есе артық.
4 Көп нүкте орнына
болымсыздық есімдіктерінің
1 Сенің жақсылығыңды ... ұмытпаймын. 2 Ол ... сөйлеспеді, ... қасына бармады. 3 ... де қыстаған жоқ, өзім келдім. 4 Бұнда ... қажетті мәлімет жоқ екен. 5 Біз оны ... таба алмадық. 6 Айбек ... сызбасын даярламаған. 7 Ол бұл туралы ... білмейді. 8 Ержан ... есепті дұрыс шығара алмады.
5 Көп нүкте орнына белгісіздік есімдіктерін қойыңыз
1 ... өз міндетін атқарсын. 2 ... есік қағып тұр. 3 Осы нәтижеге жету үшін ... ай бойы есептеулер жүргізілді. 4 Бернар ... үйдің жобасын жасап, даярлады. 5 Бұл жұмысты ... жасауы керек. 6 Олар компьютерді пайдаланып, ... аңның суретін салыпты. 7 Сәулетші экрандағы ... ғимараттардың жобасын қарап отыр. 8 ... жағдайларға көңіл бөлуіңізді өтінемін. 9 ... минуттан кейін сызбалар дайын болады. 10 Мына жобаның ... жерлерін өзгерту керек.
6 Синонимдік жұптарын табыңыз
Бірдей, тамаша, мағлұмат, тез, мәлімет, керемет, жылдам, ұқсас
7 Аударыңыз
Сәулетші, құрастырушы, дәлдікпен, жолаушы, тәсіл, «жасады –
және - қайталады», жобалау жүйелері, өлшеу, анықтау, айналдыру, көрсету, қозғалмайтын, қарау, үш өлшемді, ені, биіктігі, үстінен, нәтижеге жету, астынан, қырынан, сызба.
30 Компьютерлік модельдеу
Сіздер үлкен
аумақтың ертеңгі ауа-райының болжамы
қалай жасалатынын көрдіңіздер
ме ? Оны бір белгілер арқылы емес,
есептеу қуаты бір ДК-нің
Үлкен ЭЕМ-ді ауа-райын болжаумен қатар қиын мәселелерді шешіп, күрделі процестерді меңгеруді талап ететін жағдайларда пайдаланады.
Бір ЭЕМ-дер
қаржы нарығының самғауын не
құлдырауын, аурулар мен аштықтың
ғаламшардағы халық санына
Кейбір ЭЕМ-дер болған оқиғаларды қадағалап байқайды. Ол үшін алдымен машинаға мұндай оқиғалар туралы мәліметтер енгізіледі. Ал машина осы оқиғаның қалай және не себепті болғанын білу үшін сол мәліметтерді зерттейді. Мұндай қызмет түрі “Компьютерлік болжау” немес «Компьютерлік модельдеу» деп аталады. Машинадан алған “болжауларды” адамдар әр түрлі мақсатта пайдаланады. Мысалы, жетекшілер осындай болжаулар негізінде компанияларын кеңейту жоспарларын жасайды. Ал құтқару қызметтеріне мұндай болжаулар табиғат апатына қарсы тұруға алдын-ала дайындалуға көмектеседі.
өнімділік – производительность
құбылыс - явление
қуат – мощность
қадағалап байқау- отслеживать
түсіну - разобраться
қиын мәселе – сложные задачи
қаржы нарығы – финансовый рынок
апат - стихия
ғаламшар –
планета
құтқару қызметтері
– службы спасения
30. 1 Сан есім
Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіретін сөздер сан есім деп аталады
Сан есімдер мағыналарына қарай алты топқа бөлінеді:
1) есептік сан есім – екі, он, бес, бір мың жүз елу тоғыз
2) реттік сан есім – екінші, бесінші, тоғызыншы, жиырма төртінші.
3) жинақтық сан есімдер – біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау,
жетеу.
4) болжалдық сан есімдер – мыңдап, ондап, отыздарда, қырық-отыз, мыңға жуық, жүз шақты.
5) топтау сан есімдер – он-оннан, бес-бестен, екіден.
6) бөлшектік сан есімдер - 5/10- оннан бес; 10, 2 - он бүтін оннан екі; 10, 5- он жарым, 2, 25– екі ширек
Тапсырмалары
1 Сан есімдерді оқыңыз
50, 437, 254, 318 586, 83 475, 10 584, 98, 111, 7 645 329, 4893, 689, 938, 347 586.
2 Бөлшектік сан есімдерді сөзбен жазыңыз
4,8; 4/8; 10, 3/10; 2, 25; 1/1000; 2,4; 5, ½; 112, 03; 862,4.
3 Мақал мәтелдердерді оқып, түсінгеніңізді айтыңыз
1 Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедеге келеді.
2 Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
3 Мың адамның түсін білгенше, бір адамның атын біл.
4 Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
4 Сөз тіркестеріндегі
көп нүкте орнына қажетті
35 жас... адам, 700 литр... ыдыс, 345 пәтер... үй, әрбір үш... адам, бес... екі... көбейту, 416... кабинет, ұзындығы 50 метр..., бес-бес... кірді, бес... сынып, тоғыз... аспайды, сексен... жылдар... соңында, мың... жуық адам.
5 Сөйлемдерді
оқып, сан есімдерді тауып, олардың
өзара қандай жалғаулармен
1 Бір сәт глобусқа көз салып көріңізші. Жер шарының 2/3 бөлігін су алып жатыр. 2 Жыл сайын жердің түкпір-түкпірінен 20-30 миллионға жуық адамдар ауылдан қалаға көшеді. 3 Ресми статистика бойынша 1998 жылдың 1 қаңтарында Астанада 318,2 мың адам тұрса, 2002 жылдың 1 желтоқсанында Астана халқының саны 507,1 мың адамға жеткен. 4 Астанаға көшкен адамдардың 43, 8% жұмыс іздегендіктен келген. 5 Астанаға ауылдан көбінесе 25-29, 30-39 жастағылар көшеді. Алматыға басқа қалалардан 30-39 бен 40-49 жастағы адамдар көшкен.
6 Статистикалық
мәліметтер бойынша Алматы халқының саны жыл сайын
24 000 адамға көбейіп отырады екен. 7 2004 жылдың
6 Синонимдерін табыңыз
Аң, көмектесу, болжау, мақсат, жетекші, айналысу, жануар, шұғылдану, мұрат, жәрдемдесу, жорамал, бастаушы.
7 Аударыңыз
Компьютерлік болжау, қиын мәселе, күрделі процесс, ауа-райының болжамы, жұмыс өнімділігі, апат, қаржы нарығы, ғаламшар, құтқару қызметтері, табиғи құбылыс, халық саны, жер сілкінісі, ядролық жарылыс, салдары, түрлі мақсатта пайдалану, кеңейту жоспары, қарсы тұру, дайындалуға көмектеу.
31 Компьютер және виртуалды шындық
Сіз Ви-Ар-пен (VR), яғни «виртуалды шындықпен» таныссыз ба? Онда сіз сол кезде арнайы креслода әдеттегіден тыс экран алдында басыңызға шлем, ал қолыңызға ерекше қолғап киіп отырған шығарсыз? Осы тетіктерде орналастырылған сезгіш датчиктер сіздің басыңыздың, қолыңыздың және тағы да басқа дене мүшелеріңіздің әрбір қозғалысын бақылап тұрады. Компьютерге қосылған бұндай датчиктер оған мәліметтерді енгізу құрылғысы болып келеді. Ал сізге естілген дыбыстар мен көрсетілген суреттердің бәрі – компьютер сигналдары.
Виртуалды шындық сізді басқа әлемге «апарады». «Виртуалды» деген сөздің өзі формасы мен адамға әсері бойынша шындыққа ұқсайтын, бірақ-та шын болып келмейтін құбылысты білдіреді. Себебі бұл тек қана бір программа бойынша кодпен хабарланатын компьютердің электронды сигналдары. Оларды «кибер кеңістік» деп атайды. Осындай кеңістікте компьютерден шығатын сигналдар суреттер мен дыбыстарға (кейбір нұсқамаларында иіске де, денеңізге бірдеңенің тиіп кетуіне де) айналады. Адам бұл сигналдарды өзінің сезу органдарымен қабылдайды, ал оның миы осы виртуалды әлемді жасап шығарады.
ХХ ғасырдың 90-ыншы жылдарында компьютерлер жоғары деңгейде дамып, виртуалды шындықты ойындар көпшілік қолды болды.
Сөздік
Шындық –реальность
әдеттегіден тыс –необычный
тетік – приспособление
сезгіш – чувствительные
әсер – воздействие
көпшілік қолды –широкодоступный
Тапсырмалары
1 Мәтінді оқып, аударыңыз
2 Сұрақтарға жауап беріңіз
1 Сезгіш датчиктер қайда орналастырылған?