Орта арнаулы оқу орындарының ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері мамандықтарына арналған

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2013 в 07:44, курсовая работа

Описание работы

Осы ұсынылып отырған оқу құралы орта арнаулы оқу орындарының ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері мамандықтарының орыс топтарына арналған мәтіндер жинағына қосымша құрал ретінде құрастырылған.
Бұл оқу құралының басты мақсаты – сөйлеу тілі қалыптасқан үйренушілердің қазақша сөйлеуін, жазуын, баяндауын мамандықтарына қатысты жетілдіру, лексикасын байыту.

Файлы: 1 файл

Колледж жатты-улар жина-ы орта арнаулы о-у орындарыны- а-паратты.doc

— 639.10 Кб (Скачать файл)

 

  16. 2 Қарсылықты салалас

 

Құрамындағы жай сөйлемдері бір –бірімен қарама-қарсы мәнде айтылғандықты білдіретін салаластың түрін қарсылықты салалс дейміз

Қарсылықты  салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен жалғаулық шылаулар арқылы да, жалғаулық шылаусыз, іргелес тұрып та байланыса береді. Мысалы: Бас болмақ оңай, - бастамақ қиын. (Мақал) Күн жауып кетті, - оны елеген ешкім болған жоқ. (Ә.Ә.)

Жалғаулықты қарсылықты салалас бірақ, сонда да, дегенмен, алайда, әйтсе де, сөйтсе де деген қарсылық мәнді шылаулардың қатысуы арқылы жасалады. Мысалы: Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ-ты. (Ғ.С.)

 

Тапсырмалары

 

1 Мына сөйлемдерді  жалғаулық шылаулармен өзара  байланыстырып ыңғайлас салаласқа айналдырыңдар

1 Күн жылынды.  Қар еріді. 2 Аспанды қара бұлт  басты. Жаңбыр қатты жауды. 3 Алтай жазды асыға күтті. Жаз келді. 4 Суық күз жақындады. Жәндіктер азая бастады. 5 Мұғалім келмеді. Сабақ болмады. 6 Сәуірдің ортасы болып қалды. Қыс аяқталды. 7 Ұшақ қонды. Жолаушылар ұшақтан шықты. 8 Гүлжан келісім шартты даярлады. Қаныш мырза оған қол қойды. 9 Фархат нұсқауды оқыды. Хатшы оның мәтінін компьютерде терді. 10 Анар жаңа компьютер сатып алды. Бүгін компьютерін интернетке қосты. 11 Желілік технология өте қажет. Ол қаржы мен уақытты үнемдеуге өте көп мүмкіндіктер береді. 12 Жергілікті желілер мекемелердің байланыс каналдары арқылы жүргізіледі. Сондағы компьютерлерді бір-бірімен байланыстырады.

 

2 Мына сөйлемдерді жалғаулық шылаулармен өзара байланыстырып ыңғайлас салаласқа айналдырыңдар

1 Оның компьютері бар.  Модемі жоқ. 2 Үйден шыққанымызға  біраз уақыт болды. Баратын жеріміз әлі де алыс болып көрінді.                      3 Ауқымды желілер бар. Ондай желілерді орташа фирмалар жасай алмайды. 4 Қаражат жеткіліксіз. Байланыс желісін құру керек.                     5 Компания тапсырыс берді. Келісім шартты әлі де алған жоқ.                 6 Жергілікті желілерде ақпарат жеткізу жылдамдығы өте жоғары. Ауқымды желілер жүйесіндегі жылдамдық мұндай жоғары емес.

 

3 Аударыңыз

Жергілікті желілер, компьютерлік желілер, мәліметті беру, қаржы мен  уақытты үнемдеу, желілерді пайдалану, ауқымды желілер, қатар орналасқан, шек қойылмайды, Жер серіктері, ақпаратты  жеткізу жылдамдығы,  қолдану  мақсаттары, зор жетістік.

 

 

 17 Интернет ұғымы

Түсіндірмелі  салалас құрмалас сөйлем

 

Құрамындағы жай  сөйлемдерінің алдыңғысы соңғысына  нұсқап, ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің  мазмұнын ашатындай қарым-қатынаста  болатын салаластың түрін түсіндірмелі салалас сөйлем дейміз

Мысалы: Байжанның әлі дағдылана алмай жүрген бір ғана нәрсесі бар еді: ол – Сырдария бойының маса-сонасы мен құрт –құмырсқасы, бақа-шаяны деген сияқты шақпалы жәндіктері. (С. М.) Ішкі Орданың ханы Жәңгір Махамбеттің ақылын, дарынын, білімін бағалағаны сонша, хан оны сарайға жақын ұстады.

Түсіндірмелі салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен  ешбір жалғаулық  шылаусыз, тек  ұласпалы интонация арқылы байланысады. Солай бола тұрса да, бірінші жай  сөйлемінің құрамында соңғы жай  сөйлемге нұақайтындай сөздер болады; олар көбінесе сілтеу есімдіктері: сондай, сондай, сол, соншалық, мынау, мынадай, т. б.

 

17. 1 Себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем

 

Құрамындағы жай  сөйлемдерінің алдыңғысы соңғысының немесе соңғысы алдыңғысының себебін  білдіретін салалас құрмаластың  түрін себеп-салдар салалас дейміз

Мысалы: 1. Жайлаудың көлдеріне сене беруге болмайды: құрғақшылық жылы олардың көбі тартылып қалады. (С. М.)

2. Менің әндерімді  тыңдаушы да, сынаушы да, салушы  да халық, сондықтан біздің  жиған-тергендеріміздің бәрі халықтікі.                (Ж. Ж.)

Себеп-салдар салалас та жалғаулық шылау арқылы және жалғаулықсыз құрмаласады. Осыған қарап себеп-салдар салаласты жалғаулықты және жалғаулықсыз себеп салдар салалас деп екіге бөлеміз.

Жалғаулықсыз себеп-салдар салаласты құрамындағы жай сөйлемдерінің бір-бірімен мағыналық қарым-қатынасына қарап айыруға болады. Мысалы: Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қардың суы секілді тез суалар. (Абай.)

Жалғаулықты себеп-салдар салалас сондықтан, себебі, өйткені, сол себепті деген себеп-салдар мәнді жалғаулық шылаулар арқылы жасалады.Мысалы: Жүрген жерін білетін шығар, өйткені ол да жақында Жайық бетінен келді. (Х. Ес.) Су жылдағыдай өзендерге әлдеқайда мол құйылып жатқан көрінеді, сондықтан Сырдарияның мұзы жылдағыдан ерте және кенет сөгілу қаупі бар. (С. М.) Мұқит пен Кенбай айғаласа сөйлеседі, себебі шамалы дауысты Көкдолы бұрқағы есіттірер емес. (Ғ. С.)

 

17. 2 Талғаулы салас құрмалас сөйлем

 

Құрамындағы жай  ссөйлемдерінің тек біреуіндегі  іс-оқиғаның жүзеге асатындығына болжау жасауды білдіретін салаластың түрін талғаулы салалас дейміз.

Мысалы: Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар, немесе құлағымен естіген айтар. (Ә.Ә.) Бұл жерде я сен тұрарсың, я мен тұрармын. (Х. Ес.)

Талғаулы салалас не, немесе, я, яки, болмаса, әйтпесе, не болмаса, я болмаса, әлде деген шылаулардың қатысуы арқылы жасалады.

 

17. 3 Кезектес салалас құрмалас  сөйлем

 

Құрамындағы жай  сөйлемдері арқылы берілген істің, оқиғаның кезектесіп келуін білдіретін салалас  сөйлемнің түрін кезектес салалас  дейміз. Мысалы: Клубта кейде кино болады, кейде қызықты баяндамалар тыңдалады. Машина жүрісін бірде шапшаңдатады, бірде баяулатып әндетеді. Экскаватор біресе ұзын мойнын жоғары көтереді, біресе төмен созып күрк-күрк етеді. (Ғ. Мұст.)

Кезектес салалас бірде, біресе, кейде деген кезектес мәнді жалғаулық шылаулардың қатысуы арқылы жасалады.

 

 

Тапсырмалары

 

1 Сөйлемдерді  аяқтаңыз

1 Анар көптеген  ақпаратты үйден шықпай –ақ  ала алады, өйткені ...

2 Желілік технологиялар  өте қажет, себебі ...

3 Мен өз компьютерімді  интернетке қостым, сондықтан ...

4 Интернетті  дүниежүзілік желі деп атайды, себебі ...

5 Интернет ешкімнің  жеке меншігі емес, сондықтан  ...

6 Мәтіндік процессорды  қолданыңыз, себебі ...

7 Осы қызметкерді  таңдадық, себебі ...

8 Компьютер  сөніп қалды, сондықтан ...

9 Компьютер  сөніп қалды, өйткені ...

 

2 Аударыңыз

Телефон арнасы, жылдам байланыстыратын, ауқымды желі, мәлімет алмасады, хаттама ережелерімен, жеке меншік, қалаларды аралау, ғылыми жетістіктермен танысып, желіаралық байланысу  технологиясы, өркениетті ел, басқа  компьютерлер, ешкім басқармайды, үлес қосу.

 

  18 Дүниежүзілік өрмек

Сабақтас  құрмалас сөйлем

 

Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы  тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің  түрін сабақтас құрмалас сөйлем дейміз

 Мысалы: Таңертеңгі тұнық ауа енді мұнартып, кең даланы сұлу сағым басты. (Т. Абдрахманова.) Машина жолда бөгелмесе, тура үш сағатта барып қаламыз. (Н. Ғабд.) Хамиттер ерте тұрып аттанатын болғандықтан, жаңағы жай-күй айтысудан өзге әңгіме қозғалмады. (А. Ханг.)

Сабақтас құрмалас сөйлемдер құрамындағы бағыныңқы сөйлемдерінің басыңқы сөйлемдерімен мағыналық қарым-қатынасына қарай алты түрге бөлінеді:

1) мақсат бағыныңқы,

2) мезгіл бағыныңқы,

3) шартты бағыныңқы,

4) қимыл-сын бағыныңқы,

5) себеп бағыныңқы, 

6) қарсылықты бағыныңқы.

 

18. 1 Мақсат бағыныңқы сабақтас

Бағыныңқысы басыңқыдағы  істің мақсатын білдіретін сабақтастың  түрін мақсат бағыныңқы сабақтас дейміз.

Мақсат бағыныңқы  сабақтас не мақсатпен? не етпек болып? не үшін? неге? деген сұрауларға жауап береді.

Мақсат бағыныңқының баяндауыштары мынадай жолдармен жасалады:

1) –мақ/-мек жұрнағы жалғанған етістіктен кейін болып деген көмекші етістіктің келуі арқылы жасалады: Біздер иесіз тауда жатқан қазынаны биыл меңгермек болып, зор қимылды бастағалы отырмыз. (Ғ. С.)

2) тұйық етістіктен кейін үшін шылауының келуі арқылы жасалады: Әңгімені басынан бастау үшін, Саржанмен кездескен күнді есіме толық түсіріп көрейін. (Ә. Ә.)

3) шартты, бұйрық және қалау райлы етістікке деп көмекші етістігі тіркесу арқылы жасалады. Бір ұстасып қалсам деп, күшіңді байқап шенейсің. (Ж. Ж.) Әдейі танытпайын деп, ол бет-аузын таңып алыпты. (М. Ә.)

 

18. 2 Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

Бағыныңқысы басыңқыдағы  істің мезгілін білдіретін сабақтастың  түрін мезгіл бағыныңқы сабақтас дейміз.

Мезгіл бағыныңқы сабақтастың сұраулары – қашан? қашаннан бері? қашанға шейін?

Мезгіл бағыныңқының баяндауыштарының жасалуы мынадай:

1) есімшеге жатыс жалғауының жалғануы арқылы: Жанпейіс үйге кіріп кеткенде, Асқар мен Ержан тыста қалды. (С. М.)

2) бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы есімшенің барыс жалғаулы түріне шейін (дейін) шылауының тіркесуі арқылы жасалады: Жалғыз тамшы қаны қалғанға шейін, коммунизм ісі үшін күресетіндігіне Сергей Костриков (Киров) ант етті. («Ана тілінен»)

3) бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы есімшенің шығыс жалғаулы түріне кейін, соң, бері шылауларының бірі тіркесуі арқылы болады. Біраз жүргеннен кейін, әкесінің қолынан бір шие жерге түсіп кетеді. (Ы. А.)

4) бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы есімшеге кезде, күнде, уақытта, шақта деген мезгіл мәнді сөздердің бірі тіркесуі арқылы болады: Әңгіме жалпақ елдің жайына көшкен кезде, Абай шешіле түсті. (М. Ә.)

5) есімшеге сайын шылауы қосылу арқылы да жасалады: Аттылар жақындаған сайын, Төрекелдінің жүрегі орнына түсе бастады.

6) есімшеге –ша/-ше жұрнағы қосылу арқылы жасалады:

Ғылым оқып білгенше,

Тыным-тыныштық таппаған.

Дүниені кезіп көргенше,

Рақат  іздеп жатпаған. (Абай.)

Ескерту: -ша/-ше жұрнағы жалғанған есімше кейде қарсылық

мәнін де білдіреді.

7) кейде бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы көсемшенің                     

-қалы/-келі, -ғалы/-гелі жұрнақты түрі арқылы болады: Жамбыл – Жамбыл болғалы, есіткен талай батырды. (Ж. Ж.)

8) кейбір жағдайда бағыныңқының баяндауышы шартты райлы етістіктер арқылы жасалады: Үйдегілер тысқа шықса, таң аппақ боп атқан екен. (С. М.)

9) бағыныңқының баяндауышы –ысымен/-ісімен деген күрделі қосымшаның етістікке жалғануы арқылы жасалады. Абай араларынан кетісімен, анталап тұрған қалың жиын арасына ауыздан-ауызға көшкен сыбыр бұйрық жайылады. (М. Ә.)

 

Тапсырмалары

 

1 Екі  жай сөйлемнен мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем жасаңыз

1 Сая Интернет  ішінен керекті ақпаратты тапты.  Ол «дүниежүзілік өрмек» гипермәтіндік  жүйесін қолданды. 2 Сіз сол ақпарат  ішінен қажетті мәліметтерді  табасыз. Солардың ішінен тағы  бір тақырыпты таңдауыңыз керек. 3 Бернар мәтіндік құжаттарды дайындады. Ол Windows жүйесінің мәтіндік редакторын пайдаланды.

4 Арман құжаттар мен кестелерді компьютерде көрікті етіп безендірді. Ол MS Word редакторындағы дайын шаблондар, графиктік бейнелер салатын аспаптарды қолданды. 5 Айгүл жұмыс істеп болған соң, компьютерді сөндірді. Ол алдымен ағымда тұрған бағдарламалар жұмысын доғарды.

 

2 Аударыңыз

1 В то время  как он готовил годовой отчет,  его компьютер вышел из строя. 2 После того мы провели опрос,  мы выяснили, чему люди отдают предпочтение. 3 Прежде чем вы начнете работать на компьютере, удалите из дисководов предохранители плат. 4 В то время как мы вводили данные в компьютер, отключилось электричество. 5 Когда ее попросили высказать свое мнение, она дала откровенный ответ. 6 В то время как он занимался подсчетами, его калькулятор сломался. 7 Когда мы начали работу над проектом, у нас возникли вопросы. 

 

3 Келесі  жай сөйлемдерді мезгіл бағыныңқы  сабақтас құрмалас сөйлемге айналдырыңыз

Үлгі: Мәжіліс  аяқталды. Әсмә мен Қуаныш сөйлесті. – Мәжіліс аяқталған соң, Әсмә мен Қуаныш сөйлесті.

1 Сен компьютерді  өшіресің. Экрандағы ақпаратты сақта.                   2 Баяндаманың мәтінін басып болыңыз. Асқардан оны көбейтіп таратуын сұраңыз. 3 Маған осы жайлы мәліметтер  қажет болды. Мен оны «дүниежүзілік өрмектен» іздеймін. 4 Одан өзіңізге қажетті тақырыпты таңдап аласыз. Соған байланысты ақпаратты қарап шығасыз. 5 Сізге тағы бір тақырып керек болады. Осындайда екінші тақырыпқа ауысып қарап шығасыз. 6 Кейде алдыңғы тақырыптарға оралу қажет болады. Оны да оңай істеуге болады.

 

4 Аударыңыз

Керекті ақпарат, «дүниежүзілік өрмек», «электрондық саяхат», гипермәтіндік жүйе, ең кең  тараған жүйе, пайдалану жеңіл, әрі  ыңғайлы, бір-бірімен байланысқан  сөздер, тізбекше арқылы іздеу, қарап шығу, екіншісіне ауысып, кейін оралу.

 

19 Электронды почта

    Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

Информация о работе Орта арнаулы оқу орындарының ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері мамандықтарына арналған