Орта арнаулы оқу орындарының ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері мамандықтарына арналған

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2013 в 07:44, курсовая работа

Описание работы

Осы ұсынылып отырған оқу құралы орта арнаулы оқу орындарының ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері мамандықтарының орыс топтарына арналған мәтіндер жинағына қосымша құрал ретінде құрастырылған.
Бұл оқу құралының басты мақсаты – сөйлеу тілі қалыптасқан үйренушілердің қазақша сөйлеуін, жазуын, баяндауын мамандықтарына қатысты жетілдіру, лексикасын байыту.

Файлы: 1 файл

Колледж жатты-улар жина-ы орта арнаулы о-у орындарыны- а-паратты.doc

— 639.10 Кб (Скачать файл)

2 «Виртуалды  шындық» деген не?

3 Кибер кеңістікте компьютер сигналдары неге айналады?

4 Бұндай ойындар  қашан көпшілік қолды болды?

 

31. 1 Үстеу

Сөйлемде  қимыл, іс-әрекеттің, сын-сапаның әр түрлі белгілерін, сипатын, жай-күйін  білдіретін, өзгертуге грамматикалық  тұлғалармен түрлендіруге көне бермейтін сөздерді үстеу деп атайды

Үстеудің құрамдық түрлері:

1) негізгі үстеулер – жылдам, тез, ақырын, ерте, кеш, бұрын,                                    жоғары, қазір т.б.

Негізгі үстеудің көпшілігіне сын есім шырайының  жұрнақтары жалғана алады. Мысалы:  жылдамдау, ілгерілек, тездеу т. б.

2) туынды үстеулер – - туынды түбір үстеу тудыратын жұрнақтар:

 а)–ша/-ше: балаша, көзінше, өзінше, қазақша т.б.

 ә)–лай/-лей – шикілей, осылай,

- дай/-дей –  гүлдей, тотыдай,

- тай/-тей –  құстай, жіптей

б) –дайын/-дейін – сұңқардайын, жорғадайын

 - тайын/-тейін – бұлақтайын

г) –шама/-шеме, -шалық/-шелік – осыншама, соншалық

д)–майынша/-мейінше, -байынша/-бейінше, пайынша/-пейінше –оқымайынша, тыңдамайынша, айтпайынша т. б.

Түбірге сіңісіп, көнеленіп үстеу тудыратын  септік жалғаулар:

  1. барыс септік - бірге, кешке, босқа, зорғат.б.
  2. жатыс септік – баяғыда, аңдаусызда, қапыда т.б.
  3. шығыс септік – шалқасынан, кеңінен, шетінен, тосынан.
  4. көмектес септік – жөнімен, кезекпен, шынымен, ретімен.

 

Үстеулер білдіретін мағынасына қарай 7 түрге бөлінеді.

Үстеу түрлері

Сұрақтары

Мысалдары

1. Мезгіл үстеуі

Қашан? Қашаннан?

Бүгін, былтыр, биыл, ертең, таңертең, кешке, қазір, енді, бұрын, күндіз, ертеден, бүрсігүні, қыстай, таң сәріде, баяғыдан, т.б.

2. Мекен үстеуі

Қайда? Қайдан?

Ілгері, кейін, әрмен, мұнда, осында, сонда, әрі, бері, жоғары, төмен, алға, тысқары, артта, арттан, т.б.

3 Сын –қимыл (бейне) үстеуі

Қалай? қайтіп? қалайша? Кімше?

әрең, ақырын, бірден, бірге, бірте-бірте, бұрынғыша, қолма-қол, осылай, сөйтіп, өйтіп-бүйтіп, келе сала, емін-еркін, лезде, т.б.

4 Мөлшер үстеуі

Қанша? Қаншалық? Қаншалап? Қалай?

Онша, сонша, соншалық, мұнша, неғұрлым, мұншама, соғұрлым, анағұрлым, әжептәуір, қыруар, талай, бірталай, т. б.

5 Күшейт-кіш үстеуі

Қалай? Қандай?

әбден, тым, ең, ылғи, кілең, сәл, өңкей, тіпті, нақ, әнтек, мүлдем, дәл, нағыз, керемет, орасан, ерен, аса, өте т. б.

6. Мақсат 

Қалай? Неге?

әдейі, әдейілеп, жорта, қасақана

7Себеп-сал-дар үстеу

Не себепті? Неге? қалай?

Босқа, бекерге, жоққа, құр босқа, лажсыздан, амалсыздан, шарасыздан


Тапсырмалары

 

1 Мына  үстеулерді екі топқа (негізгі, туынды) бөліңіз

Төмен, кейін, дұрыс, әдейі, қазақша, орысша, меніңше, сеніңше, жылдам, алға, артқа, осында, жақында, күндей, адамша, жазда, қыста, бүгін, ертең, былтыр, тым, ас, қырынан, соншама.

 

2 Берілген сөздерден үстеу жасап, аударыңыз

1) қазақ, орыс, өзбек, сенің, өздерің, өзің, ағылшын,  неміс, француз, ескі;

2) теңіз, құс, аспан, әке, біз, олар, үй, бастық, мақтаншақ, жас;

3) түн, күн,  алыс, осы, жаны, қасы, арты, күз, қыс,  жоғары, орта;

4) төмен, жоғары, жат, алыс, арты, күні, ал, жат;

5) қыры, жоғары, алды, арты, жаны, басы, қарсы, оң жақ,  сол жақ, амалсыз.

 

3 Көп  нүктенің орнына үстеулердің бірін қойыңыз

1 ...  мен театрға  барамын. 2 ... керемет концерт көремін.             3 Концертке досыммен ... барамын. 4 Эстрада әншісі ... ән айтады.                5 Джаз ... жақсы ойнайды. 6 Театрда кісі ... болады. 7 Біздің орындарымыз ... болады. 8 ... көру үшін біз ... жылжимыз. 9 Концерт бізге ұнайды. 10 ... тағы да театрға барғым келеді.

Керекті сөздер: бірге, артта, өте, жақсы, енді, көп, онда, кешке, ілгері, ағылшынша.

 

4 Сөйлемдерді  көшіріп жазыңыз, үстеулердің  астын сызыңыз, қандай үстеу екенін ажыратып, аударыңыз

1 Бүгін ұшаққа мініп жоғары көтерілеміз. 2 Ұшақ дереу жоғары, биікке көтеріледі. 3 Жер төменде қалады. 4 Баратын жеріміз ілгері де алыс. 5 Ұшақ екі сағаттан кейін Омбының әуежайына қонады. 6 Біраз уақыттан кейін төмен түсеміз. 7 Төменде қала шамдары көрінеді.               8 Бізді көп адамдар күтіп тұрады. 9 Біз Алматыдан Омбыға шапшаң жетеміз.

 

          5 Сөйлемдерді салыстырып айырмашылығын айтыңыз

1 Мына кітап  жақсы. – Ол жақсы оқиды.

2 Ол үстіне  таза киім киді. – Ол таза  жазады.

3 Мына тура  жол институтқа апарады. –  Мен оған тура айттым.

4 Мен ұзақ  жолдан келдім. – Мұғалім ұзақ  сөйледі.

5 Бүгін күн  жылы болды.- Ол маған жылы қарады.

6 Менің ағам  өте шапшаң адам. – Марат шапшаң  оқиды. 

7 Бүгін үйге  жақын адамдар жиналады.- Кел,  жақын отыр.

8 Мен өзіме  тамаша кітап сатып алдым. –  Тамаша сөйлейсің.

 

6 Сөйлемдерге  берілген үстеулерді қатыстырып жазыңыз

Үлгі: Асан жауап берді.- Асан жылдам жауап берді.

1 Маржан  ұзақ сақталмайды. 2 Мен бұл лекцияны тыңдауға келдім. 3 Досымбек жақсы ән шығарыпты. 4 Машина жолдан бұрылды. 5 Біз екі рет жиналыста болдық. 6 Амантай қуанды. 7 Бұл үйге Серік келді. 8 Мадина бүгін сәнденіп киінген. 9 Біз емтихан тапсырамыз. 10 Тұмар жақсы сөйледі. 11 Күндер аязды болды. Әсия жауап берді. 12 Қатты жел соқты. 13 Көктем кеш шықты. 14 Үй жұмысына көмектеседі. 15 Аспанды бұлт қаптап алды. 16 Ерлан есікті ашты. 17 Есен ағасының айтқанын қайталады. 

Үстеулер: әдейілеп, бірталай, оңға қарай, балаша, айырықша, талай рет, аса, бүгін, қыста,  жазда, асықпай, қазақша, кеше,  лезде,биыл, әрең, сөзбе-сөз.

 

32 Компьютерлік ойындар

 

80-інші жылдары компьютерлік ойындар ойын-сауық индустриясының ең жедел дами бастаған бағыты болды.

Компьютерлік ойындарды қалауы бойынша жеңілдетуге немесе күрделендіруге болады. Сонымен қатар ойын шартын өзгертетін тағы да басқа құрылғылары  болады. Ойынды басқару үшін пернетақтаны, тышқанды немесе джойстикті таңдап, сіз бір адаммен немесе компьютердің өзін де бәсекелесіңіз ретінде алып ойнай аласыз. Ондай ойындарда көбінесе әр түрлі қиындық деңгейі болады. Кейбір ойындардың соңына дейін жетіп оны ұтып алу үшін бірнеше жыл уақыт кететін ойындары да бар.

Компьютерлік  ойындар индустриясы өз мақсатына  көптеген ойын түрлерін бейімедеді. Компьютерде  баршаға мәлім карт, шахмат ойындарын  да ойнауға болады. 1988 жылы IBM компьютерлік компаниясы спорт шебері деңгейінде шахмат ойнаған алғашқы машиналық  бағдарламасын даярлаған. 1996 жылы осы компанияның «Дип Блю» бағдарламасы шахмат бойынша әлем чемпионынан бірнеше мәрте ойынды жеңіп алды. Машина жалпы бұл жарыста ұтылса да, екінші матчте сол бағдарламаның жетілдірілген ңұсқасы бойынша ойнап, жеңіске жетті.

Сонымен қатар компьютерде көптеген спорт ойындарын да ойнауға болады. Компьютерлік ойындар жылдан жылға күрделілеу және әр алуан болып келе жатыр.

 33 Компьютерлік ойын түрлері

 

1 Рөлдік  ойындар. Олар ойша сіздің басқа бір (шындағы немесе қиялдан шығарылған) тұлғаға айналып, таңдаған жолыңызда пайда болатын қиындықтарды қалай жеңіп шығатыныңызды көруге мүмкіндік береді.

2 «Атыстар». Бұл ойындарда міндетті түрде қару-жарақ, шайқас, қирату, өлім болады. Бұндай ойындарда семсер мен найза қолданатын серілер жарысынан бастап, ең жаңа автоматты қаруларды пайдаланатын шайқастар мен лазерлі қарулар мен фотондық торпедоларды қолданатын алыс болашақтағы ғарыш шабуылдарымен аяқталатын оқиғалар өріс алады.

3 Тренажерлар. Бұндай ойындар өмірде кездесетін әр түрлі жағдайларды модельдейді. Осындай ойын арқылы сіз бір үлкен өнеркәсіптің корпорациясының қызметін немесе реактивті лайнердің ұшуын қаншалықты табысты басқара алатыныңызды біле аласыз.

4 «Сиқыршылар  мен айдаһарлар». Бұндай ойындарда міндетті түрде құпиялық пен сиқырлық, арбау мен дуа, ертегілердегідей қорғандар мен қазыналар, көне тас жазулары мен орта ғасырлық бұлама қағаздар және сиқыршылар мен айдаһарлар болады.

 

Сөздік

ойын-сауық – развлечение

бейімедеді – приспособил

бірнеше мәрте – несколько партий

ұтылу – проиграть

жеңіске жету – одержать победу

«атыстар» – «стрелялки»

серілер жарысы – рыцарские турниры

өріс  алады – разворачиваются

табысты – успешно

құпиялық – тайнство

сиқырлық – волшебство

арбау – чары

дуа – заклинание

қорғандар – замки

көне  тас жазулары – древние каменные скрижали

бұлама  қағаздар – свитки

 

Тапсырмалары

 

  1 Мәтінді оқып, аударыңыз

2 Сұрақтарға жауап беріңіздер

1 Компьютерлік  ойындар қашан жедел дами бастады?

2 Компьютерлік  ойындардың қандай деңгейлері  болады?

3 Қашан жане  қандай компьютерлік корпорация шахмат ойнаған   алғашқы машиналық бағдарламасын даярлаған?

4 Компьютерлік  ойын түрлері қандай болып  бөлінеді?

5 Олар туралы  не айта аласыз?

 

33. 1 Көмекші сөздер

Тілімізде толық  лексикалық мағынасы жоқ, бірақ сөз  бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып  немесе сөзге қосымша мән үстеп  тұратын көмекші сөздер бар.

І Септеуліктер мынадай тұлғадағы сөздердің шылауында айтылады:

1 Түбір (кейде көптік, тәуелдік) тұлғадағы зат есім, есімдік, тұйық етістік, есімшемен тіркесетін септеуліктер: арқылы, жайында, үшін, туралы, сайын, тәрізді, сияқты, бойынша т.б.

2 Барыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: дейін, шейін, таман, қарай, салым, жуық, тарта, т.б.

3 Шығыс септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: кейін, соң, гөрі, бері, бұрын, әрі, астам, т. б.

4 Көмектес септіктегі сөздермен тіркесетін септеуліктер: қатар, қабат, бірге.

 

ІІ  Жалғаулық шылаулар

 

ыңғайластық

Мен (бен, пен, менен, бенен, пенен), да (де, та, те), және, әрі

қарсылықты

Бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда  да

талғаулықты, кезектік

әлде, біресе, бірде, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде

себеп-салдар

Себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті

шарттық

Егер, егер де


 

 

 

 

 

 

ІІІ Демеулік шылаулар

 

Демеулік  шылаулар

1

сұраулық 

Ма (ме, ба, бе, па, пе) ше

2

күшейткіш

-ақ, -ау, -ай, әсіресе,  да (де, та, те)

2

шектік (тежеу)

Ғана (қана), тек, кейде, -ақ.

3

болжалдық

-мыс (-міс), кейде, -ау

4

болымсыздық, қарсы мәнді, салыстыру

Түгел, тұрсын, тұрмақ

5

нақтылау мәнді

Қой (ғой), ды (ді, ты, ті)

IV

Модаль  сөздер

Керек, сияқты, екен, мүмкін, шығар, болар, рас, шамасы, әрине

V

Көмекші есімдер

Асты, арты, алды, арасы, жаны, қасы, қарсы, іші, үсті, асты


 

 

Тапсырмалары

 

1 Мәтіннен  көмекші сөздерді теріп жазыңыз. Олардың түрін анықтаңыз, қай сөзбен қолданылып тұрғанын айтыңыз

 

2 Көп  нүкте орнына қажетті септеулікті  қойып көшіріңіз

1 Компьютерлік  ойынды ойнау  ... пернетақтаны  немесе «тышқанды» пайдаланыңыз. 2 Ойын шарты ... бұлай істеуге болмайды. 3 Компьютерлік ойын ... кішкентай балаларға әріптерді үйретуге болады. 4 Қазақ халқының ұлттық ойындары  ... кітап сатып алдым. 5 Осыдан ... ойынның шарты күрделенеді. 6 Бұл ойында жеңіске жету ... шыдамдылық керек.

 

3 Аударыңыз

1 Я хочу много  знать о компьютерах. 2 Мы узнали о новых возможностях коомпьютера. 3 После занятий мы пойдем в библиотеку. 4 Конечно, для общего развития детей им необходимы не только компьютерные игры, но и подвижные. 5 Это же очень интересно! 6 Возле нашего дома есть компьютерный клуб.                            7 Оказывается, дети любят привычные игрушки, вроде кукол и настольных игр. 8 Ты знаешь эту игру. 9 Мне не нравятся компьютерные игры, а тебе? 10 Бернар выиграл у Аскара несколько партии по шахматам.

 

4  Қазақ халқының қандай ұлттық  ойындарын білесіз. Бір ойынның ережесін айтып беріңіз

 

5 Тақырып бойынша сұхбат құрастырыңыз

6 Бір  компьютерлік ойын туралы айтып беріңіз

 

7 Антонимдерін  табыңыз

 Күрделі                        жаңа

 Оңай                             ұту

 Жеңу           жеңіл

           Шындық                      ұту

           Көне           қиын

 

8 Синонимдерін  табыңыз

Жеңу, жеңілу, жеңіс, деңгей, қиын, оңай, табысты, ұту, тиімді, ұтылу, ұтыс, күрделі, жеңіл, дәреже.

 

9 Аударыңыз

Бәсекелесіңіз, басқару үшін, қалауы бойынша, ойыннан  соң, жеңіп алу, ұту, ұтылу, жеңілу, нұсқасы  бойынша, қиындық деңгейі, соңына дейін, ойын-сауық, жеңілдету, күрделендіру, бірнеше  мәрте, жарыс, жетілдірілген.

 

34 Фильмдер жасау

 

1982 жылы техникалық жағынан компьютерлік графикаға негізделген алғашқы толық метражды “ Тран” атты дисней фильмі шықты. Фильмде компьютерлік бағдарламалар бойынша жасалған бейнелеулер қолданылды.

Бірте-бірте  компьютерлер фильм жасаудың маңызды құралына айналды. Олардың көмегімен бір көріністің көшірмесін жасап оны фильмнің шықпай қалған жеріне қосуға болады.

Фильм жасауда  бір көрініс ішіндегі әр түрлі  бөліктерінің арасындағы бос жерлерін табу - компьютердің ойдағыдай орындайтын негізі мәселелерінің бірі. Мысалы, сценарий бойынша бір мультипликациялық аң “тірі” әртістің алдында жылжып отырады. Компьютер көптеген бөлек кадрлардан тұратын көріністі толық қарап шығып, өз жадына жүктейді. Содан соң оператор оны қарап шығып, графикалық планшет арқылы түзетеді. Яғни, орынсыз бос кеңістіктерін қажетті түспен толтырады. Сонымен қатар, олар шындағыдай болып көріну үшін өзі фигуралардың шеттерінен көлеңкелер мен сызықтар салады. Осыдан кейін компьютер – бір дайын кадрдың үлгісі бойынша – (енгізілген бағдарлама арқылы) басқа кадрлармен де осындай жұмыс жасайды. Ал фильмде бір  секунд ішінде олардың жиырмадан астамы өте шығады. Компьютер осы жұмысты жақсы орындайтындығы соншалықты - фильмді көрсеткенде оның ешқандай жіктері мен жапсырмалары көрінбейді.

Информация о работе Орта арнаулы оқу орындарының ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері мамандықтарына арналған