Орта арнаулы оқу орындарының ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері мамандықтарына арналған

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2013 в 07:44, курсовая работа

Описание работы

Осы ұсынылып отырған оқу құралы орта арнаулы оқу орындарының ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері мамандықтарының орыс топтарына арналған мәтіндер жинағына қосымша құрал ретінде құрастырылған.
Бұл оқу құралының басты мақсаты – сөйлеу тілі қалыптасқан үйренушілердің қазақша сөйлеуін, жазуын, баяндауын мамандықтарына қатысты жетілдіру, лексикасын байыту.

Файлы: 1 файл

Колледж жатты-улар жина-ы орта арнаулы о-у орындарыны- а-паратты.doc

— 639.10 Кб (Скачать файл)

Windows-тың алатын орнын  үнемдеу және тауып алуды жеңілдету  үшін іске қосылатын программаларды  негізгі не файлдарды ашу сияқты  сұхбаттық терезелер ішінде түрлі  белгішелер түрінде орналастырып қоюға болады (белгіше – кішкене сурет, белгі).

Windows жүйесінің негізгі  функциялары:

    • компьютердің барлық аппараттық құрал жабдықтарын басқару;
    • файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;
    • қолданбалы программаларды іске қосу.

Бұған қоса ол:

    • бір уақытта бірнеше программаладың жұмыс істеуін;
    • әр түрлі программалар арасында мәліметтер алмасуды;
    • масштабталған қаріптерді қолдауды;
    • мультимедиа мүмкіндіктерін пайдалануды;
    • бірыңғай анықтамалық жүйе жұмысын қолдануды қамтамасыз ете алады.

 

9. 1 Хабарлы сөйлем

Хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылған сөйлемді

хабарлы сөйлем дейміз.

 

Тапсырмалары

 

1 Сөйлемдегі  сөздердің орын тәртібін ескере отырып, сөйлемдерді аударыңыз

1 Windows работает, используя графический интерфейс пользователя. 2 При необходимости система выводит на экран диалоговое окно. 3 Используя Windows, можно вставить в текстовый документ рисунок из графического редактора. 4 Из основного окна выберите файл. 5 Чтобы открыть любой файл, достаточно щелкнуть по нему два раза левой кнопкой мыши. 6 Справочное окно можно открыть, используя команду Пуск-Справка. 7 Приложениями называются прикладные программы, использующие систему Windows.

 

2 Аударыңыз

Негізгі, сұхбаттық, мәліметтік, ішкі терезе, құжат беті, енгізілген сөздер, белсендірулі, арнайы команда, тауып алуды жеңілдету, файлдарды ашу, терезеде ашылады.

 

3 Синонимдік жұптарын табыңыз

Пайдалану, уақыт, мақсат, басты, орта, барлық, көп, алмасу, қолдану, мұрат, негізгі, қолдау, аралық, белгі, бүкіл, кезектесу, мол, мезгіл, нышан, қолдау.

 

 

 

 

 

11 Windows жүйесінің негізгі ұғымдары

 

Терезе – экранның төрт бұрышты қоршаулы аумағы. Онда әр түрлі программалар орындалады, кез келген мәліметтер өңделіп, түзетіледі және басқару әрекеттері жүргізіледі.

Windows ортасында жұмыс үстелінің рөлін дисплей экраны атқарады. Онда жұмыс істейтін программалардың терезелері, құжаттардың жеке файлдары белгілер түрінде орналасқан.

Белгіше – экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне.

Жарлық – белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл.

Бума – экранда каталогтарды және программалық топтарды белгілеу үшін қолданылады.

Тышқан – көрсеткіші (курсоры) екі не үш түймесі бар, компьютерге электр өткізгіш сым арқылы жалғастырылатын төрт бұрышты кішкене пластмассалық қорап. Әдетте қолданылатыны көрсеткіш пен тышқанның сол жақ түймесі. Негізінен қосымшалар көрсеткішті оның белгіше атауының үстіне әкеліп, бір не екі шерткен кезде іске қосылады. Оң жақ түйме арнайы командалар үшін пайдаланылады.

Тышқан тетігімен орындалатын ең негізгі операция – экран бетімен курсордың қозғалуы. Келесі операция  - шерту. Тышқанмен орындалатын күрделі операцияға оның сол жақ түймесін екі рет шерту әрекеті жатады. Келесі операция – тасымалдау.

Буфер - әр түрлі программалар немесе құжаттар арасында керекті шағын мәліметтерді тасымалдап, олардың фрагменттерін бір-біріне ауыстырып отыру үшін пайдаланылады.

Бума – каталог сияқты арнаулы атау берілген дискілік файл, ерекшелігі – оның ішінде түрлі жарлықтарды да сақтауға болады.

Басқару тақтасы – Windows ортасын бапқа келтіру бумасы.

Белгішені ашып, программасын іске қосу үшін оны бір рет шерту  жеткілікті. Қажетті параметрлерді  бапқа келтіруді ұсынатын сұхбаттық  терезе көрінеді.

 

Сөздік

белгіше – значок

жарлық – ярлык

қозғалу – движение

шерту – щелчок

батырма – кнопка

түйме – кнопка

тасымалдау – перемещение

Ббма – папка

басқару тақтасы – панель управления

 

Тапсырмалары

 

1 Мәтінді оқып, аударыңыз

2 Сұрақтарға жауап беріңіз

1) 1985 жылы Microsoft фирмасы қандай операциялық жүйелер даярлау жұмысын қолға алды?

2) Windows интерфейсінің негізгі элементі не?

3) Терезелер түрлерін атаңыз.

4) Windows жүйесінің негізгі ұғымдарын атаңыз.

5) Олардың әрқайсысы не үшін қолданылады?

 

3 Сөйлемдегі  сөздердің орын тәртібін ескере отырып, сөйлемдерді аударыңыз

1 Вы можете автоматически  вставить файл в папку. 2 При  необходимости вы можете вызвать  справочную систему. 3 Легко восстановить  из корзины удаленный файл  или папку. 4 Пользователь может  изменить их по своему. 5 Откройте  меню «Правка» и выберите команду «Вставка».  6 Каждое окно имеет свое меню. 7 Для этого достаточно подвести указатель к значку и щелкнуть по нему два раза. 8 Ярлык папки или файла можно установить на рабочем столе.                   9 Ярлык или значок можно переместить  на другое место или удалить. 10 Ярлык не занимает много места в памяти, всего 1 Мбайт. 11 Окна можно развернуть, свернуть или переместить с помощью мыши.              12 Новую папку можно создать на рабочем столе или внутри любой папки. 13 Введите название папки, используя клавиатуру.                           14 Используя буфер обмена, можете скопировать фрагмент текста, рисунка, графика или диаграммы. 15 Растр – это значки используемые для рисования. 16 При копировании в буфер новых данных, предыдущие будут удалены. 17 Для корзины отведено около 10% винчестера. 18 На часах несложно установить местное время.                  19 В файл Winamp записаны песни. 20 Воспроизведение звуковой информации на компьютере выполняется с помощью звуковых колонок. 21 На экране показывается окно выбора диска. 22 В конце нужно отпустить кнопку Shіft и кнопку мыши. 23 Это удобно для удаления фрагмента рисунка. 24 Скопированный текст или рисунок устанавливается на левом верхнем углу окна. 25 Для перехода на новую строку нажмите на кнопку Ввод. 26 На этом прямоугольнике вы увидите курсор надписи. 27 Выберите ластик и удалите рисунок. 28 В панели управления видны значки наименовании команд, внутренних программ.

4 Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз

1 Вирустардың кейбір түрлерінің  әсері тіпті одан да терең болады. 2 Қазіргі кезде 80 000-нан аса компьютерлік вирустар белгілі. 3 Мұндай «бүлінген» программаны іске қосқанда алдымен вирус іске қосылады. 4 Олар көптеген программалар мен дискілерге үндемей таралып кетеді.

 

5 Шашыраңқы берілген  сөздерден сөйлем құрастырыңыз

1 Бүлдіре алады, кез  келген, вирус, дискідегі, файлды. 2 Тез, вирустарды, бұл, анықтау ісін, қиындатады.  3 Сирек, өте, көшіреді, бір, екінші, компьютерден, компьютерге, драйверді. 4 Мұндай вирустарды, файлдарды, деп, зақымдайтын, атайды.  5 Соңғы кезде, вирустар, файлдық, таралуда, көбейіп, өзгертетін, жүйені.  6 Детектор -программалар, ұстайтын, қиындайды, оларды, жұмысы.                                7 Жасырынуды, вирустар, әдетке айналдырған, резиденттік, көптеген.

 

6 Төменде берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз

Қатты диск, компьютерлік вирус,  мәліметтерді жоғалту, қайта форматтау,   тез орындалу.

 

7 Аударыңыз

Вирус жұққан, зиянды іс-әрекеттер, кері әсер, «бүлінген», шағын көлемді, арнайы жазылған, қате орындалады, іс-әректі байқалмайды,  вирус жұмысқа кіріседі, әдеттегіден тыс, бөтен мәліметтер, жылдамдығы баяулайды, өздігінен қайта форматтайды, құрттар, ұстауыш вирустар, пайдаланушыға байқалмайды, істен шығады, насихатшы, программаны іске қосқанда, вирустан қорғану.

 

8 Аударыңыз

Передача на сторону, легко, несанкционированные, старается, бесконечный, портить, зараженный, скрываются, распечатывать, секретный, замедляется, гуманные, выводит из строя, шантажирующие, незаметно, в холостую, посторонние, причинять серьезные повреждения, логика работы, по цели, можно классифицировать.

 

  12 Компьютерлік вирустар

Бұйрықты сөйлем.

 

Біреуге бұйыру, тілек-өтініш ету мақсатында айтылған сөйлемді бұйрықты сөйлем дейміз.

 

Бұйрықты сөйлемнің жасалуы

 

Бүйрықты сөйлем баяндауышы

Мысалдар

  1. Етістіктің бұйрық райының 2-жақ жекеше, көпше (анайы, сыпайы) түрі мен 3- жақ түрі

Ал енді, құлыным, адам бол, оқы. (Б. Тоғысбаев) Мына дәріні ішіңіз. (Ғ. С.) Жұматай жолдан адаспасын! Тарт енді!(М.Ә.)

  1. Бұйрық, не шартты райға –шы/-ші жұрнағының жалғануы арқылы

Зайра апай, мынаны оқып беріңізші.(С. О.) Осы жағдай сенің де есіңде болсыншы, балам. (А. Байт.)


 

Тапсырмалары

 

1 Берілген сөйлемдерді бұйрықты сөйлемдерге айналдырыңыз

Үлгі: Өзің әңгіме не өлең жазасың ба? - Өзің әңгіме не өлең жаз. (жазатын бол, жазсаңшы).

1 Оқушылар оқытушының  кеңесі бойынша тапсырманы орындады. 2 Ақпаратты әркімнің жиі пайдалануын шектеу керек.                  3 Құжаттардың көшірмесін сақтап отырасың ба? 4 Майра компьютерді вирусқа тексерді. 5 Бір сағаттан кейін программаны орындағандарын баяндайды. 6 Олар вирусқа қарсы программаны үнемі пайдаланып отырады. 7 Біз сырттан келетін мәліметтерді мұқият тексеріп отырамыз.

 

13 Компьютерлік вирустардан сақтану

Лепті сөйлем

 

Сөйлеушінің көңіл-күйін (қуану, ренжу, өкіну, аяу, т.б.) білдіріп, ерекше әуенмен айтылатын сөйлемді лепті сөйлем дейміз.

Жазуда лепті сөйлемнің  соңынан леп (!) белгісі қойылады.

Лепті сөйлемнің құрамында  көбінесе

    • одағай сөздер (Япыр-ай, ұшқыр екен мына жорға!) (С.М.);
    • не еткен, не деген, қандай деген сияқты күшейткіш мәнді

сөздер (Отаным қандай кең-байтақ, Астанам не еткен тамаша!) (Ж.Ж),

    • ақ, -ау, -ай деген сияқты демеулік шылаулар (Биылғы жыл

алманың шығымдысы-ай!) (С.М.) және де басқа күшейткіш мәнді сөздер болады.

Хабарлы, сұраулы және бұйрықты сөйлемдердің қайсысы болсын ерекше көңіл-күймен айтылғанда, лепті сөйлемге айналады. Мұндайда хабарлы, бұйрықты сөйлемдерден кейін леп белгісі қойылса, сұраулы сөйлемнен кейін сұрау мен леп белгісі қабат қойылады.

Мысалы: Әне, кеп қалды! (С. М.) Арқаннан айрылма! (Ғ. М.) Жаным-ау, Мейрам ба мынау?! (Ғ. Мұст.)

 

 

Тапсырмалары

 

1 Лепті сөйлемдерді оқып, аударыңыз.

1 Қап, программаға  вирус жұққан екен! 2 Енді қайттім?                        3 Алақай, арнайы программалар арқылы сол программаларды бастапқы қалпына келтірді! 4 Мен саған ризамын, Елемес! 5 Өлеңі не деген жақсы! 6 Ақын ғой өзі! 7 Ой, ғажап, мынаны қалай жасағансың!    8 Түу, мынау әнші ғой өзі! 9 Ай, шырағым-ай бір тыныш жерде отырсаң етті! 10 Айттым ғой саған!

 

2 Сөйлемдерді аударыңыз.

1 Не забудьте проверить  диск на вирус! 2 Как выполняет свою функцию зараженная программа? 3 Вам нравится работа с компьютерами? 4 Помогите, пожалуйста, установить программу.

5 Извините, могли бы  вы мне помочь? 6 Ох, я забыл сохранить документ! 7 Ах, вирус испортил мои файлы! 8 Что же мне теперь делать?! 9 Ура, мои файлы восстановлены!

 

3 Сөйлемдерге әр түрлі сұрақтар қойыңыз.

Үлгі: Олар көптеген программалар мен дискілерге таралып кетеді. - Олар  қайда таралып кетеді? Олар көптеген программалар мен дискілерге таралып кетеді ме? Олар не істейді?

1 Олар көптеген программалар мен дискілерге таралып кетеді. 2 «Троян аттары» көбінесе компьютер желілерін жайлап алады. 3 Вирус жұққан компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды.                       4 Вирустың кейбір жаңа нұсқалары операциялық жүйе программаларын істен шығарады. 5 Соңғы кезде вирусқа қарсы түрлі проограммалар дайындалып шықты. 6 Ревизор- программалар  дискінің жүйелік аймағы туралы мәліметтерді есіне сақтайды. 7 Олар сәйкессіздікті дереу программа иесіне хабарлайды. 8 Доктор –ревизорлар файлды автоматты түрде емдейді. 9 Вирусқа қарсы программаларды тұрақты қолдану керек. 10 Доктор-программалар вирус жұққан программалар мен дискілерді емдейді.

 

4 Антонимдік жұптарын табыңыз

Іске қосу, тез, зиянды, қиын, қате, шағын, сөндіру, пайдалы, баяу, дұрыс, оңай, үлкен.

 

5 Синонимдерін жазыңыз

тез - ...                                   ықпал - ...                      қорғану - ...

ақырын - ...                           жылдам - ...                  бөтен - ...

қиын - ...                                күрделі - ...

 

6 Аударыңыз

Вирус түрлері, сақтану  үшін, қорғау, дәрменсіз, емдеу, вирус  әсерін жою, сәйкессіздік, түзеу, хабарлау, вирус жұқтыру мүмкіндігін азайту, пайдалануын шектеу, көшірмесін сақтау, сырттан келген мәліметтер, мұқият тексеру, вирусқа тексеру, емдеу аспаптары, бастапқы қалпына келтіру.

 

7 Аударыңыз

Чтобы защитить, контроль, постоянно применять, могут защитить, неизвестный вирус, срочно сообщить, лечить автоматически, ограничить пользование, сохранить копию, тщательно проверять, проверить на вирус.

 

14 МS WORD редакторы

 Жай сөйлем

 

Жай сөйлемнің құрылысы және көлемі әрқашан бір сипатта бола бермейді. Жай сөйлемдердің ерекшеліктеріне  қарай мынадай түрлері болады:

1) жақты сөйлем және  жақсыз сөйлем,

2) жалаң сөйлем және  жайылма сөйлем,

3) толымды сөйлем және толымсыз сөйлем,

4) атаулы сөйлем.

 

 

 

14. 1 Жақты сөйлем

Жақты сөйлем – жай  сөйлемнің бір түрі. Ол – сөйлемнің  бастауышы болуына негізделеді. Мысалы: Күн де батты. Айнала жым-жырт. (М. Ғабд.) Бұл сөйлемдерде бастауыш қатысқан: күн, айнала.

Кейде бастауыш айтылмай түсіп те қалады. Бірақ оны баяндауыш  арқылы оңай табуға болады. Мысалы: Жақсы  азамат боласың. Ер болып ер жетесің, қарағым.(М. Ә.) Бұл сөйлемдерде бастауыш айтылмағанмен баяндауышына қарап, бастауыштың қай сөз екенін табуға болады. Екі сөйлемде де бастауыш  - сен деген жіктеу есімдігі. Сен жақсы азамат боласың. Сен ер болып ер жетесің.

Құрамында бастауыш қатысқан жай сөйлемнің  түрін жақты сөйлем дейміз.

 

14. 2 Жақсыз сөйлем

Кейбір сөйлемдерде  бастауыш мүлде болмайды. Ондай жағдайда баяндауыштың өзі сөйлемге ұйытқы болып тұрады. Мысалы: Маған онымен талай кездесуге тура келді. («Нан иісі») Оған таңдануға болмайды. (Е. Әкімқ.)

Баяндауыштың бір өзі  сөйлемге ұйытқы болатын жай сөйлемнің  түрін жақсыз сөйлем дейміз.

Жақсыз сөйлемнің жасалу жолдары:

Жақсыз сөйлемнің баяндауышы:

1) –қы/-кі, -ғы/-гі жұрнақты қалау райлы етістіктен болады: Менің арзан сөзді айтқым келмеді. (Ә. Ә.)

Схемасы: негізгі етістік + –қы/-кі, -ғы/-гі + тәуелдік жалғау кел көмекші етістігі.

2) барыс септік жалғаулы тұйық етістіктен соң бол, жара, тура, кел деген көмекші етістіктердің келуі арқылы жасалады: Бұл жерде суға түсуге жарамайды. (Г. Г.)

Схемасы: тұйық етістік + ға/-ге + бол ( жара, тура, кел) деген көмекші етістік (+ тура + кел)

Информация о работе Орта арнаулы оқу орындарының ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері мамандықтарына арналған