Орта арнаулы оқу орындарының ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері мамандықтарына арналған

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2013 в 07:44, курсовая работа

Описание работы

Осы ұсынылып отырған оқу құралы орта арнаулы оқу орындарының ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері мамандықтарының орыс топтарына арналған мәтіндер жинағына қосымша құрал ретінде құрастырылған.
Бұл оқу құралының басты мақсаты – сөйлеу тілі қалыптасқан үйренушілердің қазақша сөйлеуін, жазуын, баяндауын мамандықтарына қатысты жетілдіру, лексикасын байыту.

Файлы: 1 файл

Колледж жатты-улар жина-ы орта арнаулы о-у орындарыны- а-паратты.doc

— 639.10 Кб (Скачать файл)

        Сіз айттыңыз ба?      Сіздер айттыңыздар ма?

        Ол айтты ма?             Олар айтты ма?

 

2 Мәтіннің әр сөйлеміне сұрақ қойыңыз

 

3 Сөйлемдерді сұраулы сөйлемнің жасалу кестесінде көрсетілген 1 және 2 тәсілі бойынша сұраулы сөйлемге айнылдырыңыз. Сұраулы сөйлемдеріңізді аударыңыз

 

Мысалы: Алғашқы ЭЕМ-дер 1946 жылы пайда болған. - Алғашқы ЭЕМ-дер 1946 жылы пайда болған ба? Алғашқы ЭЕМ-дер қашан пайда болған?

1 Алғашқы компьютерлер  үлкен болды. 2 Сендер колледжде  қазақ тілінде сөйлесесіңдер. 3 Дербес  компьютер ақпаратты сақтайды. 4 Бұл жаңа бағдарлама жасау үшін керек. 5 Дәлдігі жоқ ақпарат теріс шешімге әкелуі мүмкін. 6 ХХІ ғасырда бағалы зат ақпарат болмақ.             7 Компьютер минутына 1 200 жол баса алады. 8 Компьютер әрқашанда дұрыс нәтиже береді. 9 Бұл мәліметтерді компьютер жадында сақтап қою керек. 10 Микропроцессор бір интегралдық схемадан тұрады. 11 Процессор – компьютерді басқару құрылғысы.

 

4 Сөздердің синонимдерін табыңыз

Үлкен, жылдам, енгізу, көлемді, жедел, қолдану, баяу, пайдалану, алғашқы, бірінші, шағын, кіргізу, кішкентай, ақырын.

 

5 Антонимдік жұпқа бөліңіз

Үлкен, төмендеу, аз, басталу, баяу, жаңа, жоғарылау, шағын,  жылдам, аяқталу, ескі, көп, қате, дұрыс.

 

6 Аударыңыз

Жүйелік блок, сыртқы құрылғылар, барлық құрылғылар, тұрақты есте сақтаушы құрылғы, жинақтауыштар, негізгі құрылғылар, жобалау жұмыстары, қоректену блогы, жедел жад, басқару командалары, пернетақта, командаларын енгізу.

 

7 Аударыңыз

 Накопители информации, основные устройства, функция, оперативная память, постоянное запоминающее устройство, блок питания,  оперативное запоминающее устройство, используются для автоматизации, клавиатура, панель управления.

 

7 IBM дербес компьютерінің негізгі блоктары

 

Әдетте  IBM дербес компьютерлері мынадай бөліктерден (блоктардан) тұрады:

- жүйелік блок (тік немесе жатық қорапқа орналасқан);

- мәтіндік және  графикалық ақпаратты кескіндеуге  арналған монитор немесе дисплей;

- әр түрлі символдарды компьютерге негізуге арналған пернетақта немесе пернелік.

Компьютердегі ең негізгі құрылғы – жүйелік блок, оның ішіне ДЭЕМ-нің басты құрылғылары орналасқан. Жүйелік блогы құрамында микропроцессор, жедел жад, тұрақты есте сақтаушы құрылғы, қоректену блогы мен енгізу-шығару порттары және мәлімет жинақтауыштар бар.

Бұлардан басқа  компьютердің жүйелік блогына мынадай құрылғыларды қосуға болады:

- мәтіндік және  графикалық ақпараттарды басып  шығаруға арналған принтер;

- графикалық  курсормен басқарылатын құрылғы  - «тышқан» графикалық қолтетігі;

- «джойстик» - компьютерлік  ойындарда қолданылатын қолмен басқарылатын тетік;

- графиксызғыш  немесе плоттер – сызбаларды (графиктерді) қағазға шығаруға  арналған құрылғы;

- сканер (ізкескіш) – графикалық немесе мәтінді  ақпараттарды оқуға арналған оптикалық құрылғы;

- CD- ROM – компакт-дискілерді оқуға арналған құрылғы, ол қозғалатын бейнелерді, мәтіндерді және дыбыстарды                                   үшін  кеңінен пайдаланылады;

- модем –  телефон желісі арқылы басқа  компьютерлермен ақпарат алмасуға  арналған құрылғы;

- стример –  мәліметтерді магниттік таспада  сақтауға арналған құрылғы;

- желілік адаптер  – компьютерді жергілікті желіде  қолдануға мүмкіндік береді.

Сонымен ДЭЕМ-нің  негізгі құрылғыларына процессор, жад (жедел және сыртқы), сыртқы құрылғылар және мәліметтерді жеткізу құрылғылары жатады.

 

8 Дербес компьютерді іске қосу және өшіру

 Бұрынғы өткен шақ

 

Бұрынғы өткен шақ  қимылдың іс-әрекеттің сөйлеп тұрған

сәтпен салыстырғанда  әлдеқайда бұрын болғандығын  білдіреді. Мысалы: Сен мектепті бітіргенсің. Ол ауылға барыпты.

Бұрынғы өткен шақ  екі түрлі жолмен жасалады:

а) бұрынғы өткен шақ –ып/-іп/-п тұлғалы көсемшенің жіктеліп келуінен жасалады:

Мен айтыппын           Біз айтыппыз

Сен айтыпсың            Сендер айтыпсыңдар

Сіз айтыпсыз              Сіздер айтыпсыздар

 Ол айтыпты                Олар айтыпты

ә) бұрынғы өткен шақ -ған/-ген, -қан/-кен тұлғалы есімшенің жіктеліп келуінен жасалады:

Мен барғанмын              Біз барғанбыз

Сен барғансың             Сендер барғансыңдар

Сіз барғансыз                Сіздер барғансыздар

Ол барған                      Олар барған

Болымсыз түрі жоқ, емес сөздері арқылы жасалады: Ол сабаққа барған жоқ, Сен есікті жапқан жоқсың, Сіз оны көрген емессіз.

 

Тапсырмалары

 

1 Аударыңыз

1 Мен өте қымбат  компьютер сатып алғанмын. 2 Ол  Интернетке былтыр қосылған. 3. Олар  компьютерді іске қосқан. 4 Біз Интеренттен қажетті ақпаратты қарап шыққанбыз. 5 Сіз ақпаратты өңдеудің жолын көрсеткенсіз. 6 Олар осы колледжде оқыпты. 7 Біз осы фильмді көріппіз.

 

  2 Көп нүкте орнына бұрынғы өткен шақ етістігінің жұрнағы мен қажетті жіктік жалғауын қойыңыз

1 Мен досымнан электронды  почта арқылы хат ал... 2 Біз  сабаққа бірге кел... 3 Жұмыс нәтижелері  компьютер жадында сақтал... 4 Ол  компьютерге жаңа программа енгіз... 5 Алғашқы компьютерлер өте үлкен  бол... 6 Дербес компьютерлер есептеуді  жеңілдет... 7 Жазу пайда болған соң ақпарат жазу арқылы да беріле баста... 8 Сен бұны маған айт... 9 Олар осындай ақпарат ізде...  10 Біз компьютерді сөндірме... 11 Олар жүйе блогын іске қоспа...  12 Сендер мониторды іске қос...

 

  3 Етістіктерді болымсыз түріне қойып, олармен сөз тіркестерін құрастырыңыз

Сөйлескенбіз, үйренгенсіздер, ойнағанбыз, оқығанбыз, тыңдаған, өңдеген, іздегенсің, жасағанмын, есептегенсіз, істегенсіңдер.

 

  4 Аударыңыз

1 Он учился в политехническом  университете. 2 Летом я была в  Алматы. 3 Они остановили работу текущих программ. 4 Вы вчера проверили контрольную работу? 5 Ты  подключил к источнику питания системный блок? 6. Вы  выключили компьютер? 7 Они ввели в компьютер все данные. 8 Вы  все правильно поняли. 9 Эта информация была точной. 10 Когда вы это сделали?

 

  5 4-тапсырмадағы сөйлемдердің етістіктерін (баяндауыштарын) болымсыз түріне қойып, аударыңыз

 

 

  9 Программалық құралдар

 Сөйлем мүшелері

 

Сөйлем арқылы біршама  тиянақты ой беріледі дедік. Сөйлем құрауға  қатысқан сөздерді сөйлем мүшелері дейді.

Сөйлем мүшесінің белгілері:

  1. толық мағыналы сөз болуы керек;
  2. сөйлемдегі басқа сөзбен байланысып тұруы керек;
  3. сөйлем мүшелерінің бірінің сұрауына жауап беруі керек.

Сөйлем құрамында тұрса  да, сөйлем мүшесі бола алмайтындар:

  1. шылау сөздер, одағай сөздер, көмекші етістіктер;
  2. қаратпа сөздер.

Сөйлем мүшелері атқаратын  қызметі жағынан бастауыш,

баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш және пысықтауыш болып бес түрге  бөлінеді.

Бұлардың ішінде бастауыш пен баяндауыш сөйлем құрауға негіз болады, сондықтан оларды тұрлаулы мүшелер дейміз.

Ал анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыштар өздігінен сөйлем құрай алмайды, тек сөйлем арқылы берілген ойдың шеңберін кеңейтеді, сондықтан бұларды тұрлаусыз мүшелер дейміз.

          Тұрлаулы мүшелер

Бастауыш  

Бастауыш сөйлемде айтылған іс-оқиғаның иесін білдіреді.

Бастауыштың грамматикалық-мағыналық  белгілері:

1) атау септік тұлғасында тұрады;

2) іс-оқиғаның иесін білдіреді;

3) кім? не? деген сұраққа жауап береді;

4) баяндауышпен жақ жағынан жекеше, көпше түрде қиыса байланысады.

Сөйлемде атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіретін тұрлаулы мүшені бастауыш дейміз.

 

Бастауыштың жасалуы

 

Сөз табы

Шарты

Мысалдар

Зат есім 

Кез келген зат есім

Базаралы Апанасты қатты ұнатқан жүзбен қарап отыр.

(М. Ә.) Машина жаңа Қарағандының бір биік үйінің алдына тоқтады. (Ғ. М.)

Есімдік: жіктеу, сілтеу, өздік, белгісіздік, жалпылау, т.б.

Зат есім орнына қолданылатыны

Сіздер бізге көп нәрсе үйреттіңіздер. (М. И.) Бұл – көктем желі. (С. Бақб.) Өзіңіз ақын екенсіз ғой?!(С.О.) Бәрі де осы келісімге ден қойды. (Х. Рахимов). Әркімдер тілек-ұсыныстарын айтты. (С.Сарғ.)

Сын есім

Заттану

Үлкендер бала мінезіне сүйсініп қалды. (М.Ә.) Ақылды ісіне сенеді. (Мақал)

Сан есім

Заттану

Үшеуі суыт жүріп кетті (С. О) Сегіз екіге бөлінеді.

Етістік: есімше, тұйық түрі

Заттану

Оқыған білер әр сөзді (Абай) Әңгіменің басталуы қиын - өрбуі оңай. (С. Сарғ.)


 

 

 Бастауыштың жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіріп, сөйлемді тиянақтап тұратын тұрлаулы мүшені баяндауыш дейміз.

Баяндауыштың негізгі  белгілері:

1) бастауыштың ісін, жай-күйін білдіреді;

2) іс-оқиғаның қай шақта болғанын көрсетеді;

3) жіктік жалғауын жалғап, бастауышпен қиыса байланысады,

4) сөйлемді тиянақтап тұрады;

5) кейде бастауышсыз-ақ сөйлемге ұйытқы болады;

6) өзіне тән арнаулы сұрағы жоқ. Қай сөз табынан болса, сол сөз табының сұрағына жауап береді.

 

Баяндауыштың жасалуы

 

Сөз табы

Мысалдар

Етістік

Жаңа техникамен өнімді еңбек етуге болады. Оқушылардың ең басты міндеті – жақсы оқу. (Қ. Тол.)

Зат есім

Дәрігер – ардақты  мамандық. (С. Иманб.)

Сын есім

Біздің қатарымыз болаттай берік. Күн шайдай ашық. (Қ. Тол.)

Сан есім

Бұлар он бес. (С. Сарғ.)

Есімдік

Біздің қақпан әне. Нағыз теңіз романтикасы деген осы. Қызылшаңыздың биылғы бабы қалай? («Тербеледі тың дала»)

Әр тарап сөздер

Ол кезде қазіргідей шеберхана жоқ-ты. (С. Сарғ.) Қазір ол үйде кітапхана бар. (С. Шайм.)


 

 

Тапсырмалары

 

  1 Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасап, бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан екендігін анықтаңыз

1 Программа – машина  тіліндегі нұсқаулар жиыны. 2 Ол  команда арқылы компьютер жадына  жүктеледі. 3 ДЭЕМ құрылғылары –  жүйелік блок және сыртқы құрылғылар. 4 Осы ақпарат шешім қабылдауға жеткілікті. 5 Бұл операциялық жүйелердің кәсібилігі шамалы. 6 Оператор – алгоритмдік тілде пайдаланылатын нұсқау. 7 Программалау қатаң ережелерге бейімделген. 8 Тестілеу – программадан қателерді іздеу. 9 Дұрыстау – бұл қатені жөндеу процесі. 10 Бұл әректтердің біріншісі қатесіз нәтиже алу үшін қажет.  11 Есептің жауабы жоқ. 12 Каталог – арнайы атау берілген дискілік файл. 13 Ғ7 – NC жүйесінде жаңа каталог ашу командасы. 14 Windows интерфейсінің негізгі элементі – терезе.

 

  2 Мақал-мәтелдерді көшіріп жазып, бастауыштың астын сызыңдар да, есімше мен сын есімнің қандай жағдайда бастауыш болатынын түсіндіріңіздер. Кім? не? деген сұрақтарына жауап беруіне қарай қандай заттық мағынаға ие болып тұрғанын анықтаңыздар

Үлгі: Іздеген - жетер мұратқа. (Мақал) – Бастауыш есімшеден болып тұр. Заттық мағынаға (адам, кісі) ие болып, кім? не? деген сұраққа жауап береді: Іздеген адам жетер мұратқа.

1 Ұйымдасқан – ұтады. 2 Сыпайы – сырын сақтар, әдепті  – арын сақтар. 3 Шешінген – судан тайынбас. 4 Естімеген – елде көп.                      5 Қорқақ көлеңкесінен де қорқады. 6 Қорыққан – бұрын жұдырықтар. 7 Көп – қорқытады, терең – батырады. 8 Аянбаған – жауды алар, абайлаған – дауды алар. 9 Жүйрік – бестіден шығар. 10 Ел аралаған – сыншы болар, орман аралаған – үйші болар.

 

  3 Сөйлемдерді аяқтаңыз

1 Қолданбалы программалар - әмбебап  программалар ...              2 Операциялық жүйелер – машина  жұмысын басқаруға толық жеңілдік  беретін ... 3 Ол арнайы иілгіш  не қатты магниттік дискіде ...     4 Утилиттер – белгілі бір қызмет атқаруға пайдаланатын ...                       5 Компьютерді вирусқа тексеретін, оларды жоятын программалар да ...   6 Сервистік программалар – операциялық жүйемен жұмыс істеуді ...    7 Компьютерлер ақпаратты арнайы программалар арқылы   ғана ...       8 1990 жылдардан бастап бесінші буын ЭЕМ-дері ... 9 ЭЕМ-дерді дамыту одан әрі ... 10 Компьютердің жадына ақпарат кодталған күйде ... 11 Қазіргі кезде компьютерлердің Пентиум сияқты жаңа жетілдірілген нұсқаулары  ... 12 Винчестер дискіжетекке (дисковод) ... 13 Монитор мен принтерді шығару құрылғылары деп ... 14 Қазіргі кезде дүние жүзі елдерінің миллиондаған адамдары Интернетті пайдалану мүмкіндігін ... 15 Компьютер жұмысы операциялық жүйе арқылы  ...

Қажетті сөздер: жиынтығы, игерді, атайды, басқарылады, бекітіліп қойылған, жүйе, сақталып қойылады, қосымша программалар, утилиттер, жеңілдетеді, өңдейді, дайындалып шықты, пайдалануда, енгізіледі, жалғасуда.                       

 

 

 

  4 Аударыңыз

Файл түрінде, компьютер жадына, алдын-ала келісім, магниттік тасымалдаушы, жүйелі программалық жасақтама, программалық жасақтама, жадына жүктелу, машина тілінде, орындауға арналған, орындалу варианты, үнсіз келісім, сұхбат жүргізу, келісімдер жиыны, алдын-ала тағайындау, оқыту программалары, әмбебап программа.

 

5Аударыңыз

Программное обеспечение, память компьютера, носитель, умолчание, соглашение, набор инструкции, устанавливать  параметры, операционные системы, загружать  в память компьютера.

 

10 Windows жүйесі

 

1985 жылы Microsoft фирмасы ІВМ тәрізді компьютерлерге арналған көп мақсатты операциялық жүйелер даярлау жұмысын қолға алды. Солардың бірі Windows жүйесі болатын.

Windows интерфейсінің негізгі  элементі – терезе. Экранда көрінетін терезелер негізгі, сұхбаттық және мәліметтік болып үш түрге бөлінеді. Негізгі терезе – Windows терезесі не қолданбалы программаның редактор терезесі. Сұхбаттық терезе – қажетті әрекет енгізетін және т.с.с. ішкі терезе. Мысалы, қосымша терезенің ішінде құжат Документ деп аталатын сұхбаттық терезеде дайындалады да, арнайы команда бойынша сақталып қойылады және басқа сұхбаттық терезеде ашылады (сұхбаттық терезелер негізгі терезенің ішінде шығарылады). Бір программада сұхбаттық терезелер бірнеше болуы мүмкін, бірақ әр ағымдық мезетте олардың біреуі ғана белсендірулі (екпінді, іске қосылулы) тұрады.

Ішкі терезелердің тағы бір түрі – мәліметтік терезе. Мысалы, Word мәтіндік редакторында дайындалған құжаттың беттері мен құжатқа енгізілген сөздер саны сияқты мәліметтер арнайы мәліметтік терезеде көрсетіледі. Түрлі типті терезелер көріністерінің айырмашылықтары да бар.

Информация о работе Орта арнаулы оқу орындарының ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері мамандықтарына арналған