Орта арнаулы оқу орындарының ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері мамандықтарына арналған

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2013 в 07:44, курсовая работа

Описание работы

Осы ұсынылып отырған оқу құралы орта арнаулы оқу орындарының ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері мамандықтарының орыс топтарына арналған мәтіндер жинағына қосымша құрал ретінде құрастырылған.
Бұл оқу құралының басты мақсаты – сөйлеу тілі қалыптасқан үйренушілердің қазақша сөйлеуін, жазуын, баяндауын мамандықтарына қатысты жетілдіру, лексикасын байыту.

Файлы: 1 файл

Колледж жатты-улар жина-ы орта арнаулы о-у орындарыны- а-паратты.doc

— 639.10 Кб (Скачать файл)

3) атау немесе барыс септік тұлғалы тұйық етістіктен соң керек, жөн, мүмкін деген бейтарап сөздердің тіркесіп келуі арқылы жасалады: Біздің ашық сөйлесуіміз керек. (Б.)

Схемасы: тұйық етістік + тәуелдік жалғау + керек (жөн, мүмкін).

4) –ып/-іп/-п жұрнақты көсемшеден кейін бол деген көмекші етістіктің болымсыз тұлғада келуі арқылы жасалады. Бұдан ешнәрсе түсініп болмайды.

Схемасы: көсемше + болма...

5) құрамында бастауыш тұлғалы сөзі бар идиомдар жақсыз сөйлем болады: Енді біраздан кейін көз байлануға айналды. (С. М.)

Схемасы: Идиома атау септікті сөз + етістік.

 

Тапсырмалары

 

1 Оқып шығып, жақсыз сөйлемдердің  қандай жолмен жасалып тұрғанына талдау жасаңыз

1 Досанның тауға қайтадан  барғысы келді. 2 Бізге уақытты  ұту керек. 3 Жәрдемшіге хабар  айтуға болады. 4 Бұл сөзді Сырбайдың  әрі қарай созғысы келмеді. 5 Меніңше, Молдабаев жолдастың осы тілегін қуаттау керек. 6 Туыстарыма жетудің сәті түсе қалды. 7 Командирге тіл қайыруға болмайды. 8 Әлден уақыттан кейін жұрт аяғы басылды.   9 Бурабайдың табиғатын ауызбен айтып болмайды.

 

2 Төмендегі сөздермен жақты, жақсыз сөйлемдер құрастырыңыз

Кірістіруге болады, даярлағым  келді,  пайдалануға тура келді, сақтауыңыз жөн, айтып болмайды, таңдау керек.

 

14. 3 Жалаң және жайылма сөйлемдер

 

Жай сөйлемнің жалаң  және жайылма болуы тұрлаусыз  мүшелердің қатысу-қатыспауына байланысты.

Кейбір жай сөйлемдердің құрамында тұрлаусыз мүшелер  болмайды. Мысалы: Үй іші тым-тырыс. Жылбек, сенбісің? Бұлар жүріп кетті. (Ә. Ш.)

Тұрлаусыз мүше қатыспаған жай сөйлемді жалаң сөйлем дейміз

Жалаң сөйлем құрылысына қарай жақты да, жақсыз да сөйлем болуы мүмкін. Мысалы: Біз екеу едік. Әбдірақман жүре берді. Анауың кім? (Б. М.) Кіруге бола ма? Оқығым келеді.

Жайылма сөйлем тұрлаусыз  мүшелердің қатысуы арқылы жасалады. Мысалы: Бүгін аспан бұлтсыз. Қойшы  Қордайдың кезеңіне шықты. (І. Ж.) Алғашқы сөйлемді бүгін деген мезгіл пысықтауышы қатысып, жайылма сөйлемге айналдырса, соңғы сөйлемді анықтауыш (Қордайдың) пен мекен пысықтауыш (кезеңіне) қатысып, жайылма сөйлемге айналдырып тұр.

Тұрлаусыз мүше қатысқан жай сөйлемді жайылма сөйлем дейміз

Жайылма сөйлемдер де құрылысына қарай жақты не жақсыз бола береді. Мысалы: Әбіш енді Дәркенбайдан Базаралының бүгінгі жайын сұрап  еді. (М. Ә.) – Жақты сөйлем. Мейрамның Мұздыбайға соға кеткісі келді. (Ғ. М.) – Жақсыз сөйлем.

 

Тапсырмалары

 

1 Сөйлемдерді оқып, жайылма сөйлемдерді жалаң сөйлемдерге айналдырып жазыңыздар

1 Әр терезенің өз  контексті мәзірі бар. 2 Айгүл  жаңа буманы жұмыс үстелінде  құрды. 3 Анар компьютер көмегімен  салған суретін шашыратқышпен  түрлі-түрлі түске бояды. 4 Ол өзінің  салған суреттерін қағазға басып шығарды. 5 Жанар құжаттың әр бетін алдымен тексеріп шықты.

 

2 Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырыңыз

1 Аудитория іші тына  қалған еді. 2 Біз барамыз. 3 Дауыстар  шығып кетті. 4 Мен қолдаймын. 5 Біз  құрамыз. 6 Оқушылар қарай қалып еді. 7 Ол бұғып қалды. 8 Мен қорықпаймын. 9 Кімдер барады?

(«Дала дауылпаздарынан»)

 

14. 4 Толымды және толымсыз сөйлемдер

 

Жай сөйлемнің кейбіреуінде айтылуға тиісті мүшелері түгел қатысып, тыңдаушыны толық қанағаттандырады, іс-оқиға жайында толық хабар беріледі. Мысалы: Мен сол күнде кеште Сейдәзімов Мейірқұлмен ұзақ отырдым. Жер жыртқан тракторлар гүрілі алыстан құлаққа шалынды. (С. Сарғ.)

Айтылуға тиісті мүшелері түгел  қатысқан жай сөйлемнің түрін  толымды сөйлем дейміз.

Толымды сөйлемнің негізгі белгісі:

1) айтылуға тиісті  мүшелері түгел қатысады;

2) басқа сөйлемге тәуелді  болмай, дербес айтыла береді.

Жай сөйлемдердің кейбіреуінде айтылуға тиісті бір мүше  не бірнеше  мүше бұрын тұрған сөйлемнен белгілі  болғандықтан, қайталап айтылмай түсіп  қалады. Мысалы: уақыт деген жүйрік қой. Былай қарасаң, қас қаққанша өте шығатын сияқты. («Армысың, ардақты адам».)  Екінші сөйлемде айтылуға тиісті мүше (уақыт) қатыспаған. Сондықтан бұл толымсыз сөйлем болып тұр. – Командиріңіз қайда? – Алда кетіп барады. (М. Ғабд.) Соңғы сөйлемде «командиріміз» деген бастауыш айтылмай қалып тұр.

Айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлаусыз мүшелерінң бірі түсіп  қалғанжай сөйлемді толымсыз сөйлем дейміз.

Толымсыз сөйлемнің жасалу жолы екі түрлі:

1) өзара желілес сөйлем тобында

Агроном қаулап шыққан жас егіннің тынысын тыңдағандай

сүйсіне сөйлейді.

- (     ) Біркелкі  жақсы өсіпті. Май айының жаңбыры  да (неменеге) болысып жіберді. (кім?  нені?) Кеш ексек те, (не?) кенжелейтін  емес. («Тербеледі тың дала»).

Базар апайды бұл маңайда білмейтін адам жоқ. Сол себепті де мына салтанатқа шақырылып отыр. (З. Иманб.) Соңғы сөйлемде бастауышы (Базар апай) түсіп қалған – толымсыз сөйлем.

2) Диалог (екі я бірнеше адамның сөйлесуі) жағдайында

    • Ал, ұлым, сен қайдансың?
    • (Кім?) Қазақстаннан, Алматыдан.
    • Иә, (кім? нені?) білем, (қайда?) барғанмын. Қазақстанның

болашағы зор. (не?) Еліміздегі шексіз қазыналы өлке. (Қ.Тол.)

    • Сіз Құлжан ағайды білесіз бе?
    • Білемін. (С. Сарғ.)

Мұнда да соңғы сөйлем (Білемін.) толымсыз сөйлем болып тұр:

айтылуға тиісті бастауышы (мен) және толықтауышы (Құлжан ағайды) түсіп қалған.

 

Тапсырмалары

 

1 Оқып шығып, толымды және  толымсыз сөйлемдерді табыңыздар. Толымсыз сөйлемде қай мүше айтылмай қалғанын анықтаңыздар

1 Аспаптар панелінің  бағаналар түймесін шертіңіз. 2 Төрт  бағанадан тұратын панель көрінеді. 3 Жылжытып көріңіз. 4 Санын қалай азайтады? 5 MS Word – дүние жүзі елдерінде кең тараған мол мүмкіндікті мәтіндік редактор. 6 Мәтіндік процессор деп те аталады.

7 Қосымша программалар  да енгізілген. 8 Стандартты файлды  шаблон деп атайды. 9 Типті құжаттардың үлгі түрі бланкісі.

10  - Жақсы білетін бір бағдарламалаушың бар ма?

    • Бар ғой.
    • Кім еді ол?
    • Балғабай.
    • Қай Балғабай?
    • Оспанов.
    • Кәдімгі Балғабай Оспановты айтып тұрмысың? Оны жақсы білемісің сен?
    • Иә, білем. Қолданбалы бағдарламаларын көргем.
    • Очерк жазып берсеңші сол кісі туралы!

 

 

14. 5 Атаулы сөйлем

 

Кейбір жай сөйлемдер іс-оқиғаны баяндамайды, тек зат

құбылыстың , мезгілдің, мекеннің атауын ғана білдіреді.

Түн. Қыс. Боран. Ышқынған долы дауыл. Қопарып

ұшырғандай кавказ тауын. (С. М.)

Егер атаулы сөйлемдер  арқылы беріліп тұрған ойды басқа 

сөйлеммен білдіргіміз  келсе, былайша болар еді:

Қыстүгіні түнде боран  болды. Долы дауыл ышқына соқты. –  Бұл 

сөйлемдер атауды емес, оқиға  жайында баяндауды білдіреді.

Іс-оқиға жайында баяндамай  , тек соған байланысты жағдайды (мезгіл, мекен т. б.) атап көрсететін жай сөйлемнің түрін атаулы сөйлем дейміз

Атаулы сөйлем негізінен  зат есімнен болады. Күз. Сіркіреп

жаңбыр жауып тұр. (Н. Ғабд.)

Құрамы жағынан атаулы сөйлем жеке бір сөзден де, екі немесе одан да көп сөздердің тіркесінен бола береді. Жазық дала. Ызғырық жел бар. (Н. Ғабд.) Түн орталаған шақ. Шығыста бүк түсіп Қарағайлы тауы жатыр. (Т. Н.)

Мағынасы жағынан атаулы сөйлем мезгілді, мекенді, жағдайды және басқа да әр түрлі заттың атын білдіреді. Мысалы: Маусым. Құлпырған дала гүлдерінң жұпар иісі мұрын жарып, кеудені ашады. (З. Ш.) Құба жон. Мұнара. Мұнара бойы тұтасқан қимыл – бұрғылау ісі қызып жатыр. (З. Қабд.)

 

Тапсырмалары

 

1 Бірінші топта жеке сөз, сөз тіркесі берілген. Екінші топта сол сөздер мен сөз тіркестерінің басқа сөйлемдер тобында айтылуы көрсетілген. Бірінші және екінші топта айтылуының арасында мақсаты жағынан қандай айырма бар екенін айтыңыздар

1 Кеш, кең зал,  электр  шамдары, компьютерлер, қызметкерлер.

2 Кеш. Кең зал.  Жарқыраған электр шамдары. Қуатты компьютерлер. Мекеме қызметкерлері.

 

2 Атаулы сөйлемдердің астын сызып, неше сөзден құралғанын, олардың қай сөз табынан екендігін көрсетіңіз

1 Мәскеу, Мосторг. Мың-мың  жан. Ішінде мен. Мыңға мыңқ  етпейтін үй биік, кең. (С. М.) 2 Қарт... кабинет ішін көзден өткізген еді. Айнала қабырғада бірнеше сурет. Екі-үш үлкен карта. Ортада қызыл жапқан үлкен үстел. Жағалай орындықтар. (Ғ. С.) 3 Жаз. Түн. Айсыз ашық аспан.

 

 

15 Windows жүйесіндегі Excel программасы

  Құрмалас сөйлем туралы жалпы түсінік

 

Сөйлемдер құрылысына қарай жай  және құрмалас сөйлем болып екі үлкен  топқа бөлінеді.

Жай сөйлем бастауыш пен  баяндауыштың қатынасынан (кейде тек  баяндауыштың өзінен) құралып, бір ғана ойды білдірсе, құрмалас сөйлем кемінде  екі жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді.

Екі немесе бірнеше жай сөйлемнен  құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемді құрмалас сөйлем дейміз

Құрмалас сөйлемнің құрамындағы  жай сөйлемдер өзара мынадай  жолдармен байланысады:

1 Ұласпалы (тиянақсыз)  интонация арқылы байланысады.

2 Жалғаулық шылаулар  арқылы байланысады. 

3 Құрмаластың құрамындағы  алғашқы жай сөйлемнің баяндауышы  тұлға жағынан тиянақсыз болғандықтан, соңындағы сөйлеммен құрмаласа  байланысады.

Құрмалас сөйлемдер  байланысу тәсілдері мен құрамына қарай салалас құрмалас, сабақтас құрмалас, және аралас құрмалас болып үш түрге бөлінеді.

 

Тапсырмалары

 

1 Төменде берілген әр екі  жай сөйлемнен бір құрмалас сөйлем құрап жазыңыздар

1 Марат зерттеулер  жүргізді. Анар сол нәтижелерді  өңдеді.

2 Асқар мәліметтерді таңдайды. Сол мәліметтерді көмекшісі таңдайды.

3 Дархан хат жазды.  Алтынай оны компьютерде терді.

4 Айгүл мәліметтер  базасын даярлайды. Бернар сол  мәліметтер негізінде диаграммалар  жасайды.

5 Компьютерлер сөніп  қалды. Біз сіздердің ақша аудармаларыңыз туралы мәліметтерді қағазға шығарып бере алмаймыз.

 

2 Берілген жай сөйлемдерді мағыналарының жақындығына қарай өзара байланыстырып, құрмалас сөйлемдерге айналдырыңыз; тұрлаулы мүшелердің астын сызып отырыңыз

1 Қазіргі кезде компьютерлер  кеңінен қолданылады, ...

2 ..., кеңесшілер зерттеулер  жүргізуде.

3 Олар осындай көптеген  мәліметтерді электрондық кестеде  өңдейді, ...

4 Біз сіздің ұсынысыңызды  қарастырдық ...

5 ..., сондықтан келесі  аптада жаңа жабдықтар орнатылады.

6 ..., олар соңғы мәліметтерді тексерулері керек.

7 ..., өйткені олар мәліметтерді  үлкен жылдамдықпен өңдейді.

8 ..., себебі ол пайдалануда  өте қарапайым және күрделі  есептеулерді жеңілдетеді.

9 Жетекшілер компанияны  кеңейту жоспарын құру үшін, ...

10  Жаңа жабдықтарға  жасалған тапсырыс орындалды, ...

11 ... және сізбен келісім шарт жасамақпыз.

12 Есептеулер бойынша  алынған нәтижелер қате болғандықтан, ...

 

3 Аударыңыз

Мәліметтерді талдау, пайдалану  қарапайымдылығы, өңдеу тәсілдері, кестелерді өңдеу, диаграмма тұрғызу, ең кең тараған, мәліметтер жиыны, күрделі есептеулер, мәліметтер негізінде, есептеулерді жеңілдету үшін, шаруашылық жұмыстарында пайдалану, жұмыс аймағы, жолдар саны, ұяшыққа енгізу, бағана мен жолдың қиылысуы, мүмкіндіктердің көпжақтылығы.

 

  16 Компьютерлік желілер

 Салалас құрмалас сөйлем

 

Құрамындағы жай  сөйлемдерінің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан  құрмалас сөйлемнің түрін салалас  құрмалас сөйлем дейміз.

Саластың құрамындағы  жай сөйлемдерөзара екі түрлі  жолмен байланысады:

а) мағыналарының  жақындығына қарай, іргелес тұрып, ұласпалы (тиянақсыз) интонация арқылы байланысады. Мысалы: Ақыл азбайды, білім  тозбайды.

ә) саластың құрамындағы  жай сөйлемдер өзара жалғаулық  шылаулар арқылы байланысады. Мысалы: Көктем келді де, күн жылынды. Күн әлі шыға қоймаған, бірақ биік белдер басына оның нұры бірте-бірте шщашырап келеді. (Ә.Т.)

Салаластың  құрамындағы жай сөйлемдердің бір-бірімен  мағыналық қарым-қатынасы әр түрлі  болады. Құрамындағы жай сөйлемдерінің  бір-бірімен мағыналық қарым-қатынасына қарай салалс құрмалас сөйлем алты түрге бөлінеді:

    • ыңғайлас салалас,
    • қарсылықты салалас,
    • себеп-салдар салалас,
    • түсіндірмелі салалас,
    • талғаулы салалас,
    • кезектес салалас.

 

   16. 1. Ыңғайлас салалас

 

Құрамындағы жай сөйлемдерінің бірінде айтылған ойға екіншісінде айтылған ойдың мезгілдес, бағыттас, ыңғайлас мәнде қарым-қатынаста болуын ыңғайлас салалас дейміз. Мысалы: Қостың ар жағынан қара кер аттың басындағы жүген сылдырлады, шөп суылдады. (Т.С.) Көмірден май да шығады, темір тасын қорытатын кокс те шығады. (Ғ.М.)

Ыңғайлас салаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен  жалғаулық шылаулар арқылы да, жалғаулық  шылаусыз, іргелес тұрып та байланыса  береді.

Жалғаулықсыз  ыңғайлас салаластағы кейбір жай  сөйлемдер бір мезгілде қатар  болған я болатын істерді білдіреді. Мысалы: Тысқа Төрекеңмен ере шықтым. Ол кісі ойға қарай шұбатылған жолмен төмен кетті, мен жарға асылған жолмен жоғары кеттім.

Жалғаулықты ыңғайлас салалас және, да/де, та/те, әрі деген ыңғайлас мәнді жалғаулықтардың қатысуы арқылы жасалады.

Құрмаласқан жай  сөйлемдердің арасында және жалғаулығы қайталанбай бір-ақ рет келіп тұрады. Мысалы: Бұл топ мектеп үйін августың аяғында бітіреді де, сабақ бірінші сентябрьде басталады. (С.М.) Шынында, Әбіштің сөздерінде әрі саясаттық шеберлік бар, әрі, бір жағынан, Семейдің үркек, шорқақ чиновниктерін айламен сескендіру де бар.  (М.Ә.) Келгендер арасында Абай бұрыннан білетін Дәндібай, Еренай сияқты қарттар бар және екі-үш орта жасты адамдар бар. (М.Ә.)

Информация о работе Орта арнаулы оқу орындарының ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері мамандықтарына арналған