Орта арнаулы оқу орындарының ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері мамандықтарына арналған

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2013 в 07:44, курсовая работа

Описание работы

Осы ұсынылып отырған оқу құралы орта арнаулы оқу орындарының ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері мамандықтарының орыс топтарына арналған мәтіндер жинағына қосымша құрал ретінде құрастырылған.
Бұл оқу құралының басты мақсаты – сөйлеу тілі қалыптасқан үйренушілердің қазақша сөйлеуін, жазуын, баяндауын мамандықтарына қатысты жетілдіру, лексикасын байыту.

Файлы: 1 файл

Колледж жатты-улар жина-ы орта арнаулы о-у орындарыны- а-паратты.doc

— 639.10 Кб (Скачать файл)

 

3. 2 Жіктік жалғаулары  (ерекше түрі)

 

Жағы

Жекеше түрі

Көпше түрі

1

-к, -қ

2

-ңдар, -ңдер

2

-ңыз, -ңіз

-ңыздар, ңіздер

3

жалғауы жоқ

 жалғауы жоқ


 

3. 3 Жіктелу үлгісі

 

Мен  келдім,  айттым                           Біз  келдік,  айттық  

Сен  келдің,  айттың                            Сендер  келдіңдер,  айттыңдар

Сіз  келдіңіз,  айттыңыз                      Сіздер  келдіңіздер,  айттыңыздар

Ол  келді,  айтты                                  Олар  келді,  айтты

Жедел өткен шақ жұрнағы етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне және етіс, болымсыз етістік тұлғаларына тікелей жалғанады. Мысалы: оқыдым, ақылдастық, сөйлестік, білмедіңіз.

 

Тапсырмалары

 

1 Етістіктерді жедел өткен шаққа қойып  жіктеңіз

Сақтау, өңдеу, енгізу, іздеу, алмастыру.

 

2 Жақшадағы етістіктерді жедел өткен шаққа қойып, сөйлемдерді жазыңыз

1 1981 жылы дербес компьютерлер (шығу). 2 70-інші жылдардағы тұрмыстық  компьютерлердің мүмкіндіктері  шектеулі (болу).  3  Балалар компьютерде  (ойнау). 4 Алғашқы ЭЕМ-дерде мамандар  ғана жұмыс істей (алу).  5 Мен компьютерде мәтін (теру). 

6 Біз жаңа программада  жұмыс істеуді (үйрену). 7 Сендер  осы программаны (енгізу). 8 Сен  мәтіндегі қателерді (түзету). 9 Сіз  ақпаратты кесте түрінде (беру). 10 Компьютерлер есептеуді (жеңілдету) 11 Мен Интернеттен қажетті ақпаратты (іздеу) 12 Біз ЭЕМ-дерді көптеген салаларда қолана (бастау).

 

3 Мәтіннен етістіктерді теріп,  құрамына қарай талдаңыз

 

4  Аударыңыз

 1 Есептеу техникасының дамуы ерте кезден-ақ басталды. 2 ХVІІ ғасырдың 40-ыншы жылдарында Б. Паскаль сандарды қоса алатын механикалық құрылғы ойлап тапты. 3 ХVІІІ ғасырда  В. Лейбниц сандарды қоса және көбейте алатын құрылғы жасап шығарды. 4 ХІХ ғасырда Ч Бэббидж механикалық машинаны программа арқылы басқару жүйесімен біріктірді. 5 ХХ   ғасырдың 30-ыншы жылдарының соңында Америкада қосу, азайту элементтері, электрондық жад, механикалық компонент енгізілген ЭЕМ құрастырылып шықты. 6 40-ыншы жылдардың соңында қазіргі ЭЕМ-дердің құрылу принципінің негізіндегі машиналар дайындалды.7 Алғашқы ЭЕМ-ді құру және оның жұмыс істеуінің теориялық негіздерін 1946-1947 жылдары атақты математик, кибернетик Джон фон Нейман дайындап шықты.

 

5 Аударыңыз

Появление, микрокомпьютер,  лампа, знак, прибор, инструмент, персональный, домашний, набирать, ограниченные возможности, производительность, основа, уменьшаться, первый.

6 Аударыңыз

Шам, жабдық, тұрақталынып қалу, төмендеу, алмастыру, өнімділік, шектеулі, оқиға, елеулі, белгі, кезең, мәтін теру, шағын, топ.

 

7 Мәтінді орыс тіліне жазбаша аударыңыз, содан соң өз бетіңізбен 1, 2, 3, 4 абзацтарын жазбаша қазақ тіліне аударып, мәтінмен салыстырыңыз

 

4 Компьютерлік жүйелерді пайдалану

Ауыспалы осы шақ

 

         1 Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыз

Өнімділігі, тындыру, жылдамдықпен, анықтамалық, дәлдігі,

алмастыра алады, орташа мүмкіндікті, себеп, жол, нәтиже, іздеу, компьютер, алғашқы, үлкен, жұмыс.

 

2 Кім жылдам аударады?

1 Первые компьютеры

2 Обработка  информации

3 Персональный  компьютер

4 Вводится инструкция

5 Для работы  пользователей

6 Домашние компьютеры

7 Системные программы

8 Прикладные  программы

9 Инструментальные  программы

10 Упрощает вычисления

11 Электронные  приборы

12 Электронно-вычислительные  машины

13 Набрать текст

14 Широко использовать

15 Поиск информации

16 Правильные  данные (сведения)

 

3 Етістіктерді ауыспалы осы шаққа қойыңыздар

Біз жаз....  Сен  өңде....   Сіз енгіз.... Мен қолдан.... Сіздер біл....

Олар ал....  Ол пайдалан... Сендер жаса....

 

 

 

4 Жақшада берілген етістіктерді ауыспалы осы шаққа қойыңыздар

1Қолданбалы  бағдарламалар арқылы пайдаланушылар  компьютерде (жұмыс істе...) 2 Дербес компьютерге программалаушылар нұсқау (енгіз...) 3 Дербес компьютерлер ақпаратты жылдам (өңде...) 4 Біз аспаптық программа арқылы жаңа программа (жаса...) 5 Компьютерге қате мәліметтер берсеңдер, ол дұрыс нәтиже (берме..) 6 Қазір телефон станцияларында компьютерді кеңінен (қолданыл...) 7 Сендер электрондық почта арқылы хабар (ал...)

8 Сіздер компьютерде  ақпаратты (сақта...)

 

5 Аударыңыз

Жылдамдық, себеп, басу, орташа, арттыру, аықтамалық, уақыт, аз, іздеу, қызмет, кеңінен, жүйе, дәлдік, қолдану, ұқыптылық, нақты, дұрыс, көрсету, нәтиже, жол, қате, қателесу, қателеспейді.

 

6 Аударыңыз

Набирать текст, меньше, искать, служба, средний, повышать, скорость, причина, время, справочник, широко, точный, правильный, система, использовать, аккуратность, показать, ошибка, способ, не ошибается.

 

7 Қазіргі кезде мекемелерде компьютерлердің не себепті соншалықты маңызды екендігі туралы қысқаша жазыңыз.

 

  5 Аппараттық жабдықтар

Сөйлем. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі

 

Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздердің  орын тәртібі тұрақты:

а) бастауыш сөйлемнің  басында, ал баяндауыш сөйлемнің  соңында  тұрады;

ә) анықтауыш әрқашан  анықталып тұрған сөздің алдында 

тұрады, толықтауыш пен  пысықтауыш  баяндауыштың аллдында тұрады. Мысалы: Біз кеше қызық фильм көрдік.

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырмалары

 

1 Берілген сөйлемдерді аударыңыз, синтаксистік талдау жасаңыз

1 Компьютер используется в музыкальных концертах и театральных постановках. 2 Компьютер превратился в рабочий инструмент миллионов людей. 3. За одну минуты ты набираешь до 80 слов. 4 Это повышает производительность труда. 5 Вы используете компьютер для обработки данных. 6 Мы выполнили это задание очень быстро.

 

5. 2 Тұйық етістік

 

Зат есімдерше түрленіп, шақпен де, жақпен де байланысты

болмай қимылдың, іс-әрекеттің атын білдіретін етістіктің ерекше түрін тұйық етістік дейміз.

Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына –у жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: сұрау, жүру, бару, айтқызу, сөйлесу. Бұл сөздер қимыл іс-әрекеттерінің атын білдіріп, солардың атауы болып тұр. Сондықтан да тұйық етістік заттық мағынада, зат есім мәнінде жиі қолданылады. Тіпті тұйық етістіктердің кейбірі белгілі заттың, көбіне құралдың атын білдіріп, зат есім болып кеткен. Тілімізде көсеу (отты, шоқты көсейтін құрал), егеу (темірді егейтін құрал), жасау (қызға жиналған дүние мүлік), қашау (ағашты тесетін, жонып қырнайтын құрал), ою (ойып салынған өрнек) сияқты зат есімдер тұйық етістіктен жасалған.

Тұйық етістік зат  есім сияқты түрленеді. Тұйық етістік  тікелей септеле де, тәуелдене  де алады, бірақ жіктелмейді. Тұйық  етістікке көптік жалғау жалғанса, одан кейін тәуелдік жалғауы жалғанып қолданылады.

Етістіктің болымды  және болымсыз түрі болады.

Болымсыз етістік екі жолмен жасалады:

а) етістіктің негізгі  және туынды түбіріне  –ма/-ме,  -ба/-бе,  -па/-пе жұрнақтары арқылы, мысалы: жазба, айтпа, сөйлеме;

ә) есімшенің өткен шақ тұлғасы (жұрнақтары: -ған/-ген, қан/-кен ) мен жоқ немесе емес сөздерінің жіктелуі арқылы, мысалы: білген жоқпын, айтқан жоқсың, әкелген емес, барған емессіз.

 

 

 

 

Тапсырмалары

 

1 Мәтіннен тұйық етістіктерді тауып, құрамын анықтаңыз, аударыңыз, сөйлемде қандай қызмет атқарып тұрғанын айтыңыз

 

2 Сөйлемдердегі етістіктердің қайсысы болымды, қайсысы болымсыз екенін және қалай жасалғанын түсіндіріңіз

1 Мен хат жаздым. 2 Ол  тапсырманы орындаған жоқ. 3 Сен  сабаққа барған жоқсың. 4 Бұл мәліметтер сақталмаған. 5 Сіз қазақша жақсы сөйлейсіз. 6 Бұрын ЭЕМ-дер болмаған. 7 Оған дұрыс мәліметтер берілмеген. 8 Компьютер ешқашан қателеспейді. 9 Сен оларға ешқашан көмектескен емессің. 10 Мен сізбен таныс емеспін. 11. Мен жаңа компьютер сатып алдым.

 

3 Сөйлемдегі етістіктердің болымсыз түрін екі тәсілмен де жасап, сөйлемдерді көшіріңіз

Мысалы: Бұнда мәліметтер кесте түрінде берілген. – Бұнда

мәліметтер кесте түрінде  берілмеген. Бұнда мәліметтер кесте түрінде берілген жоқ.

1 Ақпарат пайдаланушылар тілінде жазылған. 2 Біз тақырыпты түсіндік. 3 Сендер ақпаратты өңдедіңдер. 4 Сіз компьютерді сөндірдіңіз бе?   5 Бұндайда үлкен ЭЕМ-дер қолданылады.   6 Ол бізге өңдеу жолын көрсетті.   7  Сіз бізге дұрыс мәліметтер бердіңіз бе?      8. Компьютерге жаңа программа енгізілген. 9 Мәліметтер жылдам жеткізілді.

 

4 Мәтінді оқып, етістіктің қандай түрі екенін ажыратыңдар

 

Әдептілік

1. Үлкен кісімен сөйлескенде,  қолыңды қалтаңа салып тұрма.          2. Біреумен сөйлескен кезде, бетіне қадала қарап, тақалып тұрма.         3. Біреудің дүниелігіне таңдана қызығып, тесіле қарама. 4. Біреудің дүниесін өз бетіңмен аударыстырып, ақтарма. 5. Сынған, жоғалған нәрселерді айтып, өкіне берме. 6. Көзіңді орынсыз ойнақтатаып, жан-жаққа алақтама. 7. Есікті қатты серпіп жаппа, тарсылдатып қақпа.               8. Жоқтан өзгеге түйіле берме. 9. Өзіңе қатысы жоқ сөзді естуге құмартпа. 10. Есікті тасаланып немесе табалдырықты басып тұрып сөйлеме.

 

 

5 Төмендегі нақыл сөздерді оқып, әрқайсысының мағынасын түсіндіріңдер.

1. Көзінше мақтама, сыртынан даттама. 2. Өткелін білмей, су кешпе. 3. Мінезі жаман адамға енді қайтып жуыспа, Тәуір көрер кісіңмен жалған айтып суыспа. 4. Гүл ұсынған адамнан дұшпандық күтпе. 5. Менен ақыл сұрасаң, өгізге ер салма, қанатың талар. Наданға көзіңді салма, сағың сынар. Досыңа өтірік айтпа, сенімің кетер. Дұшпаныңа шыныңды айтпа, түбіңе жетер. 6. Ащыны татып көрмеген, тәттінің дәмін білмейді. 7. Құшағың жетпесті құша алмайсың. (Шешендік сөздер).

 

6 Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып, көшіріңдер де, олардың қандай жұрнақ екенін айтыңыздар

1. Өзіңе тапсырылған міндетті қайталап айтқыз...й істеуге әрекеттен. 2. От саба..., отпен ойна... . 3. Жолда түсіп қалған нанды көрсең, адам бас...йтын жерге алып қой. 4. Аузыңды аңқитып ашып есіне... . 5. Біреуге жауап бергенде, таңдайыңды қағып, басыңды шайқа... . 6. Ақыл аз...йды, білім тоз...йды. 7. Өнер білсең, өл...йсің.              8. Итті аяғыңмен теп... . 9. Малды басқа ұр... . 10. Кемтар адамға күл..., оларды келеке ет... .

 

7 Сөйлемдерді оқып, болымсыз етістіктердің қалай жасалып тұрғанын түсіндіріңіздер

1. Жомарт жоқтығын  білдірмес, жүйрік тоқтығын білдірмес. (Мақ.) 2. Абай бұл арада үндеген  жоқ. 3. Осыны есіткелі Абай жол  бойында бір сейіле алмады. 4. Күн  көптен бері жылынбай қойды.        5. Сенен шет қалып, амандық, тыныштық іздемеспін.(М. Ә.) 6. Асқар Ботагөзге жұбату сөз айта алмады. 7. Айбаланың кіріп-шыққанын Ботагөз сезген жоқ. (С.М.)  8. Қырат жерлер болмаса, ойпаңның қары әлі бұзылған жоқ. 9. Төрт әйелдің өрт сөндіруге шамасы жетер емес. (Ә. Ш.)  10. Ол кісі әдетінше көп сөйлей қойған жоқ. 11. Адам болмаса, мұндай машина жасалмайды да, ұшпайды да. (С. Бақ.) 12. Ақ қармен қар боп көзге зорға іліккен салпаң құлақ ақ қояндар мергеннің алдынан құтылған емес. (С. Ж.)

 

8 Аударыңыз

Орталық процессор, есте сақтау құрылғысы, енгізу құрылғысы, шығару құрылғысы, күрделі машина, өзара байланысты, бірнеше интегралдық схемалар, өңдеу істерін атқарады, схемалар жиыны, микропроцессор деп аталады, қызметін атқарады, компьютер жады, жұмыс нәтижесі, жеткізу үшін қолданылады, бір-біріне ұқсас.

 

9 Аударыңыз

Ввод, память компьютера, состоит из интегральных схем, предназначен для сохранения, производит вычисления, устройство запоминания, устройство вывода,  центральный процессор, взаимосвязанные, для хранения данных, результаты работ.

 

  6 Дербес ЭЕм-нің элементтік базасы

 Жай  сөйлем түрлері

 

Айтылу мақсатына қарай сөйлем үш түрге бөлінеді: хабарлы сөйлем, сұраулы сөйлем және бұйрықты сөйлем

Бұлардан ерекше, адамның көңіл-күйін білдіретін лепті сөйлем деген түрі де бар.

Мысалы: Ердің  атын еңбек шығарады. – Хабарлы  сөйлем.

Мен әкемдей  шебер бола аламын ба? – Сұраулы  сөйлем.

Осы жағдай сенің  де есіңді болсыншы, балам. – Бұйрықты сөйлем.

Өлеңі не деген  жақсы! – Лепті сөйлем.

 

6. 1 Сұраулы сөйлем

Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.

 

Сұраулы сөйлемнің жасалуы

Мысалдар

1 Сұрау есімдіктері  арқылы: кім? не? қанша? қашан? неге? қайда? т.б.

Іште кім бар? Татар әнін қайдан үйренгенсіз? (С. О.) Өзіңізбен бітірген шәкірттер қанша еді?  (М. Ә.)

2 Сұрау шылаулары  арқылы: ма/ме, ба/бе, па/пе, ше.

Асаубай деген  қарт шопанды білесіз бе? (Ғ. С.) Ұн тартатын комбинатта болдың ба? Нан комбинатында ше? («Армысың ардақты адам»)

3 –Ау, ғой демеулік шылауларының қатысуы арқылы.

Мынау – сіздің оқушыңыз ғой?

(С. Сарғ.)

4 Оқшау сөздер, көмекші сөздер: ә, сірә, мүмкін, болар, шығар, қайтеді.

Рояль дейсің.  Күйсандық, ә? (Ғ. С.)

Кешегі сұрапыл  соғысты бастан кешкен шығарсыз? Мына Қызыл тудағы Саньков дегенді білетін шығарсыз? (С. Сарғ.)

Мен тамақ әзірлесем қайтеді? (Ғ. М.)


Тапсырмалары

 

1 Білу, сұрау,  беру етістіктерін жедел өткен шаққа және сұраулы түріне қойып, жіктеңіз

Мысалы: айту –  Мен айттым ба?        Біз айттық па?

        Сен айттың ба?         Сендер айттыңдар ма?

Информация о работе Орта арнаулы оқу орындарының ақпаратты өңдеу мен басқарудың автоматтандырылған жүйелері мамандықтарына арналған