Пәннің тақырыбы: Педагогика тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2014 в 13:36, дипломная работа

Описание работы

Негізгі ұғымдар: даму тенденциялары, тарихи кезең, тарихи дәуір, оқыту, тәрбиелеу, білім беру жүйесі, білім беру, педагогикалық теория, педагогикалық ойлар, идеялар, әлемдік ой-сана, этнопедагогика, педагогикалық көзқарас, халық педагогикасы.
Педагогикалық қызметтің маңызы артып, оған қойылатын талаптар күшейе түскен қазіргі кезде, болашақ ұстаздар алдымен іргелі ғылым-білім негіздерін меңгеруі, мамандықты жете игеру, құзіретін арттыру, шығармиашылық ойлауға, педагогикалық көзқарасының қалыптасуына шарт түзеді.

Содержание работы

Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы пәнінің мақсаты мен міндеттері
Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы пәнінің әдіснамасы мен педагогикалық зерттеу әдістері.

Файлы: 1 файл

Педагогика тарихы л.с.doc

— 1.67 Мб (Скачать файл)

 

Пәннің тақырыбы: Педагогика тарихы

 

1 дәріс : Педагогика тарихы тақырыбы, міндеттері, әдіснама, тарихи-педагогикалық зерттеу әдістері. (1 сағ.)

 

Жоспар:

  1. Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы пәнінің мақсаты мен міндеттері
  2. Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы пәнінің әдіснамасы мен педагогикалық зерттеу әдістері.

 

Негізгі ұғымдар: даму тенденциялары, тарихи кезең, тарихи дәуір, оқыту, тәрбиелеу,  білім беру жүйесі, білім беру, педагогикалық теория, педагогикалық ойлар, идеялар, әлемдік ой-сана, этнопедагогика,  педагогикалық көзқарас,  халық педагогикасы.

Педагогикалық қызметтің маңызы артып, оған қойылатын талаптар күшейе түскен қазіргі кезде, болашақ ұстаздар алдымен іргелі ғылым-білім негіздерін меңгеруі, мамандықты жете игеру, құзіретін арттыру, шығармиашылық ойлауға, педагогикалық көзқарасының қалыптасуына шарт түзеді.

“ Педагогика тарихы ” курсы әлемдегі педагогикалық ойлардың дамуы, оның практикадағы мәні, Қазақ жерінде тәлімдік ойлардың дамуы жайлы іргелі білім қалыптастыруға арналған. Өткен тарихи дәуірдегі тәлім-тәрбиенің озық тұстарын практикада қолдану, жаңаны меңгеруге, өткен тарихи дәуірдегі жетістіктерді қазіргі  заман талаптарына сай пайдалануға мүмкіндік береді.

Педагогиканың тарихын ғылыми-педагогикалық тұрғыда жете меңгерген маман, алған білімін іс жүзінде шығармашылықпен қолдана алатын, ой өрісі кең, жаңа қоғамдық ахуалдарға  жылдам бейімделгіш, ауқымды педагогикалық көзқарасқа ие, жоғары сапалы маман бола алады.

Курстың мақсаты: болашақ педагог мамандарды педагогиканың ғылым ретінде дамып, қалыптасу жолымен таныстыра отырып өткендегі озық тәжірибелерді меңгеру, оны бүгінгі күн жағдайларында пайдалана білуге үйрету, теориялық білімін тарихи-педагогикалық ақпарлармен толықтыру.

“ Педагогика тарихы ”-курсын оқу барысында студенттер әлемде және қазақ жерінде ғылыми педагогиканың қалыптасу тарихының бастауларымен танысып,оның даму кезеңдерінде үнемі толығып отыруын, ежелгі дәуірдегі педагогикалық ойлардың тындауы мен дамуы жайлы білім қалыптасады.

“ Педагогика тарихы” пәнін оқытудың құрылымы мынадай:

  • педагогика тарихының теориялық-әдіснамалық негіздері;
  • ежелгі дүниедегі мектеп пен тәрбие;
  • шетелдегі мектеп пен педагогикалық ойлар;
  • Ресей тарихындағы тәрбие, мектеп және педагогикалық ойлар;
  • Кеңес  дәуіріндегі білім беру жүйесі мен педагогикалық ғылым (1917-1991жж.)
  • Қазақстандағы тәрбие, мектеп және Қазақстандағы педагогикалық ойлардың дамуы (ҮІ-ХХ ғғ.)

Осы тақырыптарды оқыту барысында берілетін білім мазмұны мыналарды қамтиды:

  • педагогиканың тарихы пәнінің маңызы, міндеттері, әдіснамалық негізі, басқа  ғылымдарымен байланысы, педагогиканың тарихын зерттеу жолдары ашып көрсетіледі;
  • алғашқы адамдар қауымдағы тәрбие, отбасының туындауы, жазудың алғашық элементтері, этнопедагогиканың маңызы қарастырылады;
  • Ежелгі Мысыр, ежелгі үндістан, Византия, Қытайдағы педагогикалық ойлармен танысу арқылы олардың ерекшеліктерін аңғарады;
  • Антикалық дүниедегі мектеп және тәрбие, ежелгі Рим, Византиядағы ағарту және педагогикалық ойларды меңгереді;
  • Қазіргі Қазақ жерінде көне дәуірде өмір сүрген халықтардың тәлім-тәрбие сипаты, жазу түрлерімен таныстыру;
  • Қазақ жеріндегі жазба ескерткіштердегі тәлімдік ойлардың маңызы;
  • Түрік дәуіріндегі жазба мәдениет және ондағы педагогикалық ойлар;
  • Орта ғасыр жазбаларындағы тәлім-тәрбиелік ойлардың маңызы;
  • ХҮ-ХҮШ ғғ.бірінші жартысындағы Қазақ ақын-жыраулар мұрасындағы тәрбиелік ойлар;
  • ХҮШ ғ. және ХІХ ғ. бірінші жартысындағы Қазақ ақын-жыраулар мұрасындағы тәрбиелік ойлар;
  • ХІХ ғ. екінші жартысындағы қазақ ақын-жазушыларының, қоғам қайраткерлерінің тәлімдік ойлары;
  • Кеңес одағы кезіндегі Қазақстандағы педагогикалық ойлар мен оқу-тәрбие мекемелерінің дамуы;
  • ХХ ғасырдың екінші жартысындағы АҚШ, Еуропа, Азия, Африка, Латын Америкасы педагогтарының педагогикалық идеялары;
  • Егемен Қазақстанда білім беру жүйесінің дамуы мен болашағы;

Оқу курсында мынадай заңдылықтар ашылады.

  • қоғам дамуы мен ондағы тәлім-тәрбиелік ойлардың жаңғырып отыру заңдылығы;
  • тарихы кезеңдердің тәлім-тәрбиелік ойлардың мазмұнына ықпалы;
  • ғылым, білім, дін және тәрбие арасындағы байланыстар;
  • білім және тәрбие арасындағы байланыстар мен олардың педагогикалық ойлардың қалыптасуына ықпалы;
  • Қазақ халқының даналық ойларының шығу тегі мен тәлім тәрбиедегі маңызы;
  • әлемдік педагогтардың педагогикалық идеяларының мәні.

 Осыларды меңгеру барысында болашақ оқыту мен тәрбиеге байланысты қызметте мынадай біліктерді меңгеру мүмкіндігі бар:

  • қоғам мен тәрбие арасындағы байланысты ашып көрсету, түсіндірмелеу;
  • тарихи кезеңдердегі тәлімдік ойлардың қазіргі кездегі мәні мен маңызын талдау;
  • тарихи-педагогикалық мәліметтер жинау және оларды өңдеу;
  • алған білімі негізінде  ой жүргізу, пікірлесуге үйрену;

Педагогика тарихы міндеттері:

  • тарихилық және қазіргі кезеңнің арақатынасы туралы базалық әдіснамалық ережелерді студенттердің меңгеруі және түсінуі;
  • педагогика тарихының қалыптасу даму үрдістерін, заңдылықтарын, кезеңдерін және ережелерін білмей қазіргі жағдайын бағалау мүмкін емес;
  • әр халықтың мәдени дамуы мен барлық адамзат қауымдастығының даму арақатынасы жағдайында қазіргі мектептің жетілу сабақтастығын анықтау.

Мынадай дағдылар қалыптасады:

  • тарихи-педагогикалық материалдарды іздестіріп, жинақтау;
  • белгілі бір кезеңдерге байланысты материалдарды талдап, пікір жүргізу;
  • әлеуметтік-педагогикалық бейімделу;
  • тесттер, конспект, білім көздері, құжаттар т.б. жұмыс істеу;

Жалпы әдіснама дегеніміз барлық ғылымдарды зерттеу, танып-білуге мүмкіндік беретін жалпы және жекелеген әдістер жиынтығы, оны ұйымдастыру тәсілдері.  Кезкелген ғылымның әдіснамасы  диалектиканың заңдылықтарына негізделеді. Олар мыналар:

1.Санның сапаға  және  сапаның санға өтуі;

2.Қарам қайшылықтар  арасындағы күрес;

3.Терістеуді, терістеу; Сонымен  қатар бұл заңдылықтар диалектиканың  манадай ұстанымдарына негізделеді:

1.Жалпы және өзара  байланыс;

2.Қайшылық арқылы дамуы;

Осыдан келіп диалектикалық санттардың тарихи дамуғ ықпалының сипаты айықндалады. Олар мыналар:

1.Маңыз бен құбылыс  арасындағы байланыс.

2.Бірыңғайлық, ерекшелік, жалпылық;

3.Форма мен мазмұн  арасындаы байланыс.

4.Себеп пен салдар  арасындағыбайланыс.

5.Қажеттік пен кездейсоқтық.

6.Мүмкіндік пен нақты  жағдай немесе шынайылық.

Педагогика тарихы тәлім-тәрбие пәнін ғылыми танудың бір түрі дейтін болсақ ол жалпы педагогикалық теорияның келіп шығуын хронологиялық ретімен, кезеңдермен дамуын, бір күйден екінші бір күйге өтуын қарастырады. Педагогикалық ойлардың дамуын қарастыруда мәселенің өткені, бүгіні, болашағына өңілудің өзіндіек орны бар.

Педагогиканың тарихы пәні қазіргі кезде қалыптасып орныққан негізгі ұғымдар, түсмініктер, ұстанымдар, ережелер, қағидалары т.б. тарихи дамуын қарастырады. Мысалы, оқытудың мазмұны, формалары мен әдістері қалай болып еді, қазір қандай, болашақта қандай болмақ? Деген сұрақтарға жауап беріде тарихи тәжірибелерді ескереді. Сол тұрғыда зерделейді.

Осы орайда жоғарыда берілген педагогикның тарихының мазмұны өзара тығыз байланыста қарастырылған күнде ғана түбегейлі білім қалыптасады.

Педагогиканың тарихы жалпы тарих, философия, әдебиет, психология, әлеуметтану, саясаттану т.б. пәндермен тығыз байланыста.

Педагогиканың тарихын зерттеуде тарихи деректердің маңызы зор. Осыған орай қазіргі кезде мұрағат құжаттарымен танысу, ғылыми, тарихи әдебиеттерді зерттеу,  білім мен  тәрбиеге байланысты құжаттарды зерделеудің орны бар. Оның басты әдістері жинақтау, топтастырыу, талдау, салыстырмалау т.б. болып табылады.

 

1 дәріс. Сақтардың сан ғасырлық тарихи ерекшеліктері, cақ қоғамының тәлім-тәрбиелік құндылықтар. Анахарсис сақ әлемінің әйгілі ойшылы. 

(1 сағ).

 

Жоспары:

1. Сақтардың сан ғасырлық  тарихи ерекшеліктері, cақ қоғамының  тәлім-тәрбиелік құндылықтары.

2. Анахарсис сақ әлемінің әйгілі ойшылы.

 

  Негізгі ұғымдар: ежелгі тайпалар, сақтар, ғұндар, скифтер, ескерткіштер, ерлік, тәлім-тәрбиелік ойлар, діни нанымдар, сенімдер, дәстүрлер, ғұрыптар, өнер.

 

Сақтар – б. з. б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан жерін мекен еткен ежелгі тайпалар. Бұларды грек тарихшысы Страбон «азиялық скифтер» деп жазды. Рим жазушысы үлкен Плиний де осылай деген. Оның жазуынша скифтерді парсылар «саға» («сақа», «сақ» аты осыдан шыққан) дейді. Қоныстанған жерлері Б. з. б. I мыңжылдықта Солтүстік Үндістанды, Ауғанстанды, Орта Азияны және Қазақстанның оңтүстігін қамтитын кең-байтақ аумақта жинақтап алғанда «сақ» деп аталатын көптеген тайпалар мекендеген. Геродот (б. з. б. V ғ.) және баска антик тарихшылары оларды Азия скифтері деп атаған.

Fылымда сақтардың бұл топтарының  Орта Азия мен Қазақстан аумағында  шоғырланғаны туралы көптеген  болжамдар бар. Олардың біреуіне  сәйкес Шаш (Ташкент ауданы), Солтүстік  Қырғызстан аумағында және Қазақстанның  оңтүстігінде тиграхауда-сақтар мекендегені, бұл сақ тайпаларының этникалық аумағы кеңірек болған, оған Оңтүстік Орал еңірі мен Таулы Алтайда енген. Ахемендік Иранның сына жазу ескерткіштерінде Сақтар үш топқа бөлінеді. Олар: хаумаварға Сақтар (хаому шарабын ішетіндер немесе амюрийліктер); тиграхауда Сақтар (шошақ бөріктілер); тьяй-парадарая Сақтар (теңіздің арғы жағындағылар). Бұлар Орта Азияның оңтүстігін, Арал теңізінің төңірегін, Сырдария бойын, Жетісу алқабын мекендеген. Сақтар одақтарына яксарт, массагеттер, исседон, дайлар, астақ, қамақ, аримаспы сияқты көптеген көне тайпалар біріккен. Бұлар Кавказ тауын «Қаз» тауы деп атаған. Сақ жерінде Яксарт (Сырдария), Оксус (Өкіссу – Әмудария) үлкен өзендер болған. Сырдарияны Бақтиярлар (бактрлар) Яксарт, ал Сақтар Сілес (Сіле, Сілеті) деп атаған. Сақтардың б.з.б. мәдениетті ел болғаны туралы дерек мол. Археологтар Қазақстанның оңтүстік ауданы мен Қырғызия, Тәжікстан және Алтай жерлерінен Сақтар тайпаларының қорғандары мен обаларын тапты. Парсы патшасы Дараявауштың Парсаға (гр. Persepolis) жақын Накширустамдағы тас жазуларында сақаларды үш топқа бөліп көрсеткен:

• парадрая (теңіздің арғы бетіндегі сақалар) — еуропалық сақалар-скифтер немесе Арал теңізі, Сырдарияның арғы жағындағылар;

• хаомаварга (хаома сусынын жасайтын сақалар) — Ферғана алқабын мекендеушілер;

• тиграхауда (шошақ бөрікті сақалар) — Сырдарияның орта ағынын және Жетісуды мекендеушілер.

 

Парсы және антик деректемелеріндегі тайпаларды Қазақстан мен Орта Азияның осы замангы картасына орналастыру туралы мәселе әлі түпкілікті шешілген жоқ. Теңіздің арғы жағындағы сақтарды оқшаулап бөлуде таяу уақытқа дейін екі көзқарас болып келді. Бірінші көзқарас (В.В. Струве) тұрғысынан, парадрайа-сақтарды Арал теңізінен шығысқа таман және Әмудария мен Сырдария өзендерінің төменгі бойларына орналастыру керек еді. Мәселені бұлайша коюға I Дарийдің сақтарға қарсы жорығының жүрген жолы туралы әңгімелейтін Бехистун жазбасынын бесінші бағанының екінші жартысын қайта құруды ұсыну негіз болды. Бехистуннан алынған мәтінінін қалпына келтірілген бөлігін, ал одан кейін Накши-Рустем және Персеполь жазуларын антик деректемелерінің мәліметтерімен салыстыру негізінде — парадрайа-сактардың және «Соғдының ар жағындағы» сақтардың массагетгерге, дайларға, каспилерге сәйкестігі туралы болжам жасалды.

В.В. Григорьев басқаша көзқарасын айтады, оған карағанда парадрайа- сақтар деп Оңтүстік Ресей және онымен шектес аймақтар аумағын мекендеген еуропалық скифтерді түсіну кажет болады. Бехистун жазбасын жаңадан зерттеу және аудару Бехистун жазбасының V бағанасын баскаша карап, басқаша түсіндіруге әкеп соқты. Қазіргі уақытта парадрайа-сақтарды Қара теңіздің солтүстік төңірегіне орналасты деу дұрысырақ деп саналады10. Орта Азия мен Қазақстан сақтарының басқа екі тобы (хаумаварга мен тиграхауда) Таяу Шығыстың халықгарына көбірек мәлім болған. Кир мен Дарий жорықтар жасаған тиграхауда-сақтар Ахеменид бедерлері мен мөрлерінде бірнеше рет бейнеленген. Олардың Скунха деп аталатын көсемінің тұлғасы баска да бағындырылған халықтардын патшаларымен бірге Дарийдің бұйрығы бойынша Ирандағы Бехистун деген жердегі жартасқа қашап салынған. Ежелгі Шығыстың ең көне және аса маңызды саяси кұжаттарының бірі деп әбден орынды саналатын Бехистун жазбасының сақ көсемін тұтқынға алумен байланысты оқиғаларға арналған V бағанасының 20—30-жолында былай делінген:

«Дарий патша былай дейді: содан кейін мен әскеріммен Сақтарға аттандым. Шошақ бөрік киетін сақтар шайқасқа шықты. Мен теңізге жеттім де, бүкіл әскеріммен арғы бетке өттім. Сөйтіп мен сақтардың бір бөлігін ойсырата талқандадым да, екінші бөлігін тұтқынға алдым... Скунха деген көсемін қолға түсіріп, маған әкелді. Сол жерде мен өз дегеніммен екінші біреуін (олардың) көсемі қылып тағайындадым. Бұдан кейін ел маған қарады».

Бұл мәтін шошақ бөрік киетін тиграхауда-сақтар туралы ақпарат беретін, сақталып қалған бірден-бір жазбаша құжат болып табылады. Онда тиграхауда-сақтар жері басталатын бір судың бар екендігі де айтылады. Сақтар мен массагеттер еліне Ахеменид патшалары Дарий мен одан бүрынғы II Кирдің жорықтары тарихи анықталған фактілер қатарына жатады.

Информация о работе Пәннің тақырыбы: Педагогика тарихы