Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2014 в 13:36, дипломная работа
Негізгі ұғымдар: даму тенденциялары, тарихи кезең, тарихи дәуір, оқыту, тәрбиелеу, білім беру жүйесі, білім беру, педагогикалық теория, педагогикалық ойлар, идеялар, әлемдік ой-сана, этнопедагогика, педагогикалық көзқарас, халық педагогикасы.
Педагогикалық қызметтің маңызы артып, оған қойылатын талаптар күшейе түскен қазіргі кезде, болашақ ұстаздар алдымен іргелі ғылым-білім негіздерін меңгеруі, мамандықты жете игеру, құзіретін арттыру, шығармиашылық ойлауға, педагогикалық көзқарасының қалыптасуына шарт түзеді.
Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы пәнінің мақсаты мен міндеттері
Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы пәнінің әдіснамасы мен педагогикалық зерттеу әдістері.
Міне, осылай Аллаға деген сүйіспеншілігі арқылы адалдық пен ақиқат жолын таңдаған ақын ақыры сопылық жолға түсіп, өзі айтқандай «әділ сөйлеп, адал жүрер жолда болып, тазалық тұрағына енген. Ақын баба өз хикметтерінде, өзінен бұрын өткен даналар сөзіне зейін қойып, олардан үйренгендігін жасырмағ ан».
Ол дүние жинамаған. «Құдайдың құлымын. Мұхамедтің үмбетімін» деп санаған, басқаларды соған шақырған. 1993 жыл ЮНЕСКО шешімімен Қожа Ахмет жылы болып жарияланды. Ержиес университетінде (Түркия) Қожа Ахметке арналған халықаралық симпозиум өткізілді. Меккеге бара алмаған адамдар Түркістандағы кессінесіне келіп, дұға оқытса да, жеткілікті деген сөз де бар. Қазір Түркістан қаласында Қожа Ахмет Яссауи атындағы қазақ-түрік халықаралық университеті жұмыс істейді.
Ахмет Жүгінеки (ХІІ ғ.)
Еліміздің сан ғасырлық тарихында өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік мәдениетті жатқызамыз. Түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының орта ғасырлық тарихында өзіндік орны бар ірі тарихи тұлғалардың бірі, ХІІ ғасырда өмір сүрген қазақ топырағында қазіргі Түркістан қаласы маңындағы Жүгінек елді мекенінде дүниеге келген. Орта ғасырлық түркілік мәдениеттің ірі тұлғасы. Тоталитарлық жүйенің кезінде атеистік бағыттағы дүниетаным басымдылық еткені белгілі. Соңғы кезде елімізде демократиялық үрдістерге бетбұрыс негізінде Қожа Ахмет Яссауи, Ахмет Жүгінеки сияқты діни философияның өкілдеріне деген көзқарасты өзгертіп, олардың іліміндегі адамгершілік құндылықтарды, тәлімдік-тәрбиелік қағидаларды, даналықтың үлгілері бар екендігін мойындатты.
Кеңестік дәуірде Ахмет Жүгінекидің «Ақиқат сыйы» атты тарихи еңбегі 1985 жылы белгілі филолог ғалымдардың Ә.Құрышжанов пен Б.Сағындықовтардың дайындауларымен қазақ тілінде жарық көрді.
Ахмет Жүгінекидің «Ақиқат сыйы» - діни – философиялық рухани мұра, дидактикалық сипаттағы дастан. Бұл дастанның түркі тілдеріндегі бұдан бұрынғы ғақлия дастандарымен салыстырғанда өзіндік ерекшелігі бар. Ақын шығармаларда өсиет, дидактикалық ой, ғибратнамалық нақыл сөздер басым. Ол тіршілік өмірдегі әсемдікті, адамгершілікті, имандылықты, ізгілікті, адамдардың ұнамды іс-әрекеті мен жарасымды мінез-құлқын дәріптейді. Дастан дидактикалық сипаттағы 504 өлең жолынан тұрады. Бұл шығарма нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерден тұарды. Дастан білім алу жалпы адамзат үшін, әсіресе кедей-кепшіктер үшін пайдалы екендігін баса айтады.
Шығарма тілдің маңызын, сөйлеу мәдениетін, қарапайымдылық, жомарттық, сыпайылық, өршілдік қасиеттерді қастерлеп, менмендік, надандық, сараңдық және дөрекілік сияқты жағымсыз сияқты мінез-құлықты сынға алады. Дастанда Ахмет Жүгінеки адамның бойында кездесетін жағымды, адами сапаларды тәрбиелеу жөнінде құнды дидактикалық кеңестер береді.
Оның бүгінгі таңда да өзіндік мәнін жоймаған ұрпақ тәрбиесінде кеңінен қолдануға болатын өсиеттік, ғибарттық, тәлім-тәрбиелік нақыл сөздерінің мәні ерекше. Мәселен, «Бастық болсаң, жайсаң бол, кәріге де, жасқа да құрмет көрсет».
Ахмет Жүгінекидің «Ақиқат сыйы» дастанында өнер-білімнің пайдасы, адамгершілік, жағымды мінез-құлық қасиеттер туралы нақыл сөздерге ерекше орын берілген. Мәселен, «Білімсіз надан – құны жоқ бақыр», «Білімді мен білімсіз қашан тең болып еді», «Білімді әйел – ер, надан ерекек - әйел», «Сүйекке – май, адамға – білім керек», «Білімді адамның өзі өлгенмен, аты өлмейді», «Надан – тірі дегені болмаса, аты өлік», «Дәрежең үлкейген сайын ұстамырақ бол».
Мәселен, Ахмет Жүгінекидің еңбектерінде өз замандастарына және кейінгі ұрпаққа арналған төмендегідей өлең жолдары кездеседі:
Ей досым, жаздым кітап түркішілеп,
Мейлің сөк, мейліңқала ерекше елеп.
Артымда ат қалсын деп жаздым мұны
Ғажайып таңсық сөзбен ерекшелеп.
Өнерлеп жаздым кітап сөз түйерлік,
Сан толғап, бірін алдым ел сүйерлік,
Асыл сөз аз болады, қалжың көп қой.
Бөз арзан шәйі қымбат бір киерлік.
Жас ұрпақ тыңда мені, ұғасың көп:
Атымды дұғаңда айтып шығарсың деп,
Өзіңе сирек сөзді сыйлық еттім,
Маған да тарту етсін дұғасын,1- деп дұғаны тарту ету арқылы өткен дүниемен рухани сабақтастықтың және байланыстың сақталатындығын Жүгінеки өз шығармасында дәлелдеп отыр.
Түркі тілдес халықтар ортақ тарихына ортақ тұлға болып Ахмет Жүгінекидің ғұлама ойшыл, ағартушы ретіндегі жан-жақты ғылыми мұрасының бүгін де жастарды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуде және рухани құндылықтарымызды насихаттауға мәні ерекше.
Өтебойдақ Тілеуқабылұлы 1397 – 1492 жылдар аралығында өмір сүрген «Шипагерлік баян» - деген медициналық еңбек жазған бұл ғылыми енңбек жеті кітап жинағынан құралған бірнеше мыңдаған қол жазбалардан тұрады.
«Шипагерлік баян» - кітабы қазақ елінің медициналық тарихи даму ерекшеліктерін баяндайды. Бұл тарихи байлық философиялық және тәжірибелік медицинаның жиынтығы екен. Онда адамзаттың өмір сүргендегі барлық алдына қойған мақсаты мен армандарын орындауы үшін жеті жұттан құтылуы керек немесе одан сақ болуы керек, одан кейін адамзаттың он екі несібесінен өтуі керек, содан сон әр адамның әртүрлі он екі мінез - құлықтары болады, солардың ауыз бірліктері қажет болады. Адам өмірінде кездесетін жеті жұт: суық жұт, жер сілкінулік жұт, қуандық жұт, өрттік жұт, боран – шашындық жұт, құлқындық жұт және сырқаттық жұт. Тауқымет адам тежеміне ырық бермей, адамзатқа және оның несібесіне, несіптік ризығына тілді, тілсіз жау болып, тұтқиыл тиісіп мөлшерлеусіз алапаттар әкелмегі сөйлемелік өзектін түбір құндыздың (түп тиянағы, шымырлығы) шарты болмағы. Адам өмірінде кездесіп қалатын жеті жұттан сақтана білсе адамның өсіп өніп, денсаулықтарының жақсаруына себеп болатындығын айтқан.
Ө.Тілеуқабылұлы қазақ даласын жан-тәнімен сүйген, жауға тіпті сөл жердің бір тал түгін де жұлдырмай, ел жұртын қорғамаққа шарт»- деген.
Осыдан көп жыл бұрын жаугершілік боп, жау шолғаншы- шолғанышыларын жіберіп, әр ауылдың жерін бөгенайлап алып, әр ауылды бөліп – бөліп, жеке – жеке тіл айқастырмай шауып тоқтатпағандықтан, Майқы би:
«- Еркек кіндігі атқа қонсын! Жау шалғыншысын торуылдап жоймаға шарт. Жасауыл, жасантар жасақтанып, қарсыласуға түземделіп сақа - сай тұрсын! Нәрілер ауылға, мол бас – көз болсын! Ұрғашылар қарттардың тілін бұрмасын! Ауыл жесірлері ел атын, ру атын, отағасы атын, ауыл атын, жер атын, тіпті жұбайының атын да атамасын! Артынша ұқсас мәнмен ұғындыратын аталым мен атасын ! Әр ауыл, әр үй бейсауат кісі келсе, бір – біріне хабарлассын! Жау жалғынылысы екендігінен күдік туыла салысымен жартуылдағыларға жеткізсін Жағаласпай жан қалмақ қайда бар?! Әгәрәкім ұрғашылар алты аталымды тергемделесе, қара манғазға артынша мінгізіп ел аралататын жоқпақал жағып масқараланбағы шарт болсын! Осы жарлыққа қарсы шыққандардың табанда басы алынсын! Алынбаса жаугершілік аяқталғанша байламдаулы болмақтансын! – деп жарлық түсіргі болған.
Осы жарлықты атқармағандардың, каумед болғандардың бәрі шабындыға ұшырап, қырғынға тап болмақ шарты толымдалған. Сол жарлық бойынша іс жақты болғандар шабындыдан, қырғыннан аман қалған.
«Шипагерлік баян» әр отбасының үлкен медициналық энцеклопедиясы десек, артық айтқандық емес. Ұлы ғалым, қараүзген шипагер Өтейбойдаң Тілеуқабылұлы өте қауіпті, оба, сүзек, қызылша, көкжөтел, күл, құлғана, терінің сыртқы жұқпалы ауруы, қылтамақ т.б. ауруларға қарсы өсімдіктер мен металл – металлойдтар қоспасынан дәрі жасай білді әрі ілімін дамытты және жай ғана қалықтың сырқатқа қарсы, емдік әдіс тәсілдерді де ұсынады. Ө. Тілеуқабылұлы «Шипагерлік баян» «Жалын» 1996 ж. Ғұлама дене енбегі туралы жалпы түсінік бере келіп, баланы еңбекке баулуды отбасынан бастау қажет дейді. Өзінің шипагерлік өнерді әкесінен үйренгені жайлы айта келіп, «Әке көрген оқ жанар,кеше көрген тон пішер».
Халқымыз ерте заманнан бастап
ер бала мен қыз баланың өзіндік тәрбиесіне
көңіл бөлген. Баланы бөтен жерге бермеи
отбасында тәрбиелеу керек. Ақ маңдайлы
ұл – қыз туса алдында, үйінде өсір, бөтен
жерде қалдырма. Қолдан ерте шығарсаңыз
Сіз егер, Ұлдан қайыр жоқ, үмітті үзе бер.
5 дәріс. Батыс Еуропадағы педагогикалық ойлардың дамуы.
ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. революциялар кезеңіндегі буржуазиялық-демократиялық педагогиканың дамуы. (2 сағ).
Жоспар:
1. Ян Амос Коменскийдің педагогикалық көзқарасы
2. Ж.Ж. Руссоның педагогикалық көзқарасы
3. Дж.Локктың педагогикалық көзқарасы
4. Дистервергтің педагогикалық көзқарасы
5. Пестолоцийдің педагогикалық көзқарасы
Негізгі ұғымдар: даму тенденциялары, тарихи кезең, тарихи дәуір, оқыту, тәрбиелеу, жас кезеңдері, дидактика, оқыту мазмұны, оқыту формалары.
Құлдық қоғамның ыдырауы феодалдық құлырыспен алмасты. Алдындағы құлдық қоғаммен салыстырғанда прогрессивті сипатта болды. Феодалдық құрылыстың идеологиялық тірегі және ірі саяси күші католиктік шіркеу болды. Ол Орта ғасырлық батыс еуропалық қоғам өмірінде ерекше рөл атқарды. Католиктік дін иелері ертедегі мәдениетке қарсы болды, ғылымға, өнерге, мектепке. Монастырлардың жанына монастырлық мектептер, шіркеулерде –приходттық мектептер ашылды. Ең алдымен діни адамдарды даярлады. Бұл мектептің мұғалімдері - монахтар және дін иелері ер балаларды христиан дінінің және адамгершіліктің рухында тәрбиеледі, оларды оқуға, жазуға үйретті. Олар үшін жат латын тілінде оқытты, құдайға құлшылық ету латын тілінде жүргізілді. Мұнда оқыту өте қиын, әрі ұзақ болды. Балаларға үлгермегені үшін ауыр дене жазасын беріп отырды. Епископ соборы мен кафедрасының жанынан кафедралық мектептері жұмыс істеді. Бұл мектепте «жеті еркін өнер» деп алатын пәндер жүргізілді. Грамматика, риторика, (шешендік өнер), диалектика (дәне философия), арифметика, геометрия, астрономия, саз өнері. Бұл мектептерде жоғары лауазымды дін иелері даярланды.
Феодалдар ерекше тәрбие мен білім алды: олар «рыцарлық қасиеттерді» меңгерді. Атқа міну, суға жүзу, найзаласу, садақ ату, аңшылық, шахмат ойнау, өлең шығару, және орындай білу. Ал қыздар білімді уйде және әйелдер монастырларында алды. Олар дәни рухта тәрбиеледі, оқуға, жазуға, сызуға үйретті. 12-13 ғасырларда Батыс Еуропада қолөнер, сауда дамыды. Ол қаланың өсуіне және мәдениеттің дамуына үлес қосты. Қалалықтар феодалдық езгіге және католикиік шіркеуге қарсы болды.Қолөнершілер – цехтық мектептер, ал купецтер- гильдейлік мектептер ашты.
14-16 ғасыр тарихқа Қайта өрлеу дәуірі деген атпен белгілі болды. Прогрессивті таптық-буржуазияның аренаға шығуымен сипатталады. Бұл кезең ғылым мен өнердің тез қарқынды дамуына мүмкіншілік жасады, діни түсініктерге қарсы боды, және жер бетінде көңілді өмірге адам құқығын жариялады. Сол кезде адамға көңіл бөлінгендіктен ол гуманистік деп аталды. Педагог гуманистер дені сау, әртүрлі қызығулары меңгерген, өмірге белсенді адамдарды тәрбиелеу мақсатын қойды. Олар балаларға дене және ақыл ой тәрбие беруге көңіл бөлді.
Қайта өрлеу дәуірінде педагогикалық ой пікірлер әр түрлі дамыды. Мысалы Италияда антикалық философияның белгілі білгірі, гуманист Витторина да Фельтере (1378-1446) «Қуаныш үйі» деп аталатын мектеп ұйымдастырды. Бұл мектепте әдебиет, математика, табиғатқа саяхатпен айналысты. Француз жазушысы Франуа Рабле «Гаргантюа және Пантаргюль» атты романында схоластикалық мектептерді сынға алды. Сонымен қатар ана тілі, ғылыми жаратылыстану мазмұны, дене тәрбиесі, жас ерекшілік, еңбек, өнер мәселелеріне көңіл бөлді, көрнекілікті кеңінен қолдануды ұсынды. Алғашқы социалист –утопистердің педагогикалық идеялары прогрессивті педагогикалық теориялардың адан әрі қалыптасуына елеулі әсер етті.
Я.А Коменский –еуропа педагогикасының негізін салушы.
Я.А.Коменский ХҮІ ғ мен ХҮІІғ-дың аралығында педагогиканың негізгін қалаушы, ұлы славян педагогы. (1592-1670) Еңбектері 1631ж. «Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі», Ұлы дидактика 1632, «Әлемді суреттеп бейнелеу» , «Жақсы ұйымдастырылған мектептің заңдары», «Жастарға арналған мінез-құлық ережелері».
Ян Амос Коменский 28-наурызда, 1592 жылы Морави қаласында дүниеге келді. Германияда білім алып, 24 жасында ол туыстар общинасының дін қызметшісі міндетін атқарады. 1618жылы Коменский 240 километрге орналасқан Праганың ығысындағы Фульнекеге келді. Сол жылдары Еуропада протестантизмге қарсы күш – католиктік контирреформация құрылды.10жылдық соғыстан кейін Римдік католиктік дін Моравияда заңды түрде жеңіп билік алды. Жоғары сославия өкілдері Коменскийге соған мүше болып кіру немесе отанын тастап кету ұйғарылған. Коменский соның әсерінен жер аударылып, отбасымен бірге Лешноға келді. Бұл Польшаның белгілі общиналық орталығы болатын. Осыдан бастап,ол қуғын көріп 42 жыл бойы айдауда жүрді. Отанына қайтып орала алмады.1656жылы Лешнода оның қолжазбаларын өртеді. Бұл жылдары ол бала-шағасынан айырылды. Өмірінің соңғы кезін ол Амстердамда өткізді.Голландияда да ол өзінің көптеген еңбектерін шығаруға мүмкіндік алды.1657 жылы латын тілінде «Ұлы дидактика» басылды. Я.А. Коменский өмірінің соңғы 4 жылы ішінде – «Адам ісін түзетудің бүкілжалпылық Кеңесі»атты еңбегін жариялады.
XVII ғасырда педагогика статус алып,өзінше ғылым болып бөлініп шыққаннан кейін Чехияның ұлы педагогы Я.А.Коменскийдің (1592-1670) беделі және еңбектерімен әрі қарай бекіп,дами түсті. Осы кезден бастап Коменскийдің теориялық ой – пікірлері педагогиканы дамытып, ол күні бүгінге дейін ғылыми маңызын жоғалтқан жоқ. Содан бастап, ол дүниежүзілік аренаға шығып педагогикаға әлем жұртшылығының назарын аударды, қолдау тапты. Коменский дәуірі Еуропада буржуазиялық формациының үстемдік етіп тұрған кезі болатын, ол соған соқтығысып өзінің философ – гуманист, қоғам қайраткері, аса көрнекті педагог екенін таныта білді.