Пәннің тақырыбы: Педагогика тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2014 в 13:36, дипломная работа

Описание работы

Негізгі ұғымдар: даму тенденциялары, тарихи кезең, тарихи дәуір, оқыту, тәрбиелеу, білім беру жүйесі, білім беру, педагогикалық теория, педагогикалық ойлар, идеялар, әлемдік ой-сана, этнопедагогика, педагогикалық көзқарас, халық педагогикасы.
Педагогикалық қызметтің маңызы артып, оған қойылатын талаптар күшейе түскен қазіргі кезде, болашақ ұстаздар алдымен іргелі ғылым-білім негіздерін меңгеруі, мамандықты жете игеру, құзіретін арттыру, шығармиашылық ойлауға, педагогикалық көзқарасының қалыптасуына шарт түзеді.

Содержание работы

Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы пәнінің мақсаты мен міндеттері
Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы пәнінің әдіснамасы мен педагогикалық зерттеу әдістері.

Файлы: 1 файл

Педагогика тарихы л.с.doc

— 1.67 Мб (Скачать файл)

       Анахарсистің  көркем бейнесі Плутархтың (б.э.д. 40-жылдары туып, шамамен 120-125 жылдары  өлген.) «Жеті ғұлама сауығы» деген еңбегінде жасалған.

        Плутархтың  дәлелдерінде, көне заманның атақты  материалисі Фалестің Анахарсис  туралы пікірі өте жоғары болған. Анахарсис туралы іздеген адамға  тың деректер табылуы әбден  мүмкін. Әсіресе орыс тіліне аударылмаған  көне грек авторларының  еңбектері бұған дәлел. Себебі, «Жеті ғұламаға » қатысты айтылған жайларда Анахарсис есімі қоса жүруі өте орынды.

      Анахарсис  Скифияға оралып өз еліне Эллиндер  тұрмысын үйрете бастағанда,оны  атып өлтіреді. Геродоттың айтуынша, Анахарсисті грек әдет-дәстүрін сақтағаны үшін өз туысы Савлий патша атып өлтіреді. Анахарсис гректің атақты заң жүйесінің реформаттары. Солонмен дос болған, олай болса,  оның идеяларын скифтердің мемлекеттік тұрмысына енгізуге талпыныс жасауы әбден орынды. Сірә, шындығы, Анахарсис  өзі көріп, оқып, үйреніп келгенін жүзеге асырғысы келген болуы керек. Ондай өзгерістер скиф мемлекетінің қалыптасқан  басқару жүйесін сөзсіз өзгертуге, тіптен бұзуға әкелуі мүмкін. Оған скиф патшасы көне қоя ма?! Біздің болжауымызша, Анахарсистің қазасының басты себебі, өмір тәжірибесі, оның ақылы, данышпандығы болды. Оның өлімі Ұлықбектің өліміне ұқсас. Скиф мемлекетінде туған жерінде қаза болуы заңды. Қайта елге оралып, ұзақ жасап, табиғи түрде дүниеден қайтса, таңқалуға болар еді. Анахарсис Грекиядан алған білімін жүзеге асыруға жалғыз  кірісті. Ол скиф тайпалары ортасында мүмкін емес болатын. Сондықтан да Анахарсистің өлімінің себебі түсінікті. Анахарсистің туыстары (патша әулеттері) оны тек өлтіріп қана қойған жоқ, оның есімін атауға тыйым салған. Оның тарихта аты қалуы Грекиядағы пікірлестері арқасында ғана. Герадот «скифтерден Анахарсис туралы сұрасақ, ондай адамды білмейміз», деп жауап қайтарады дейді. Соған қарағанда Анахарсис Скиф патшалығына аз әуре салмағанға ұқсайды. Алдыңғы озық -ойлы адам тарихта үнемі «үстем таптарға» үрей беріп отырғаны мәлім. Сондай адамның бірі философия тарихында, тарих және тәрбие тағылымында оның, оқулықтарында әлі өз орнын алмаған көне заман ғұламасы Анахарсис Скифский.

        Сонымен, негізінде Платон, Аристотель сияқты философтар мойындап оның беделіне бас иген Анахарсис Скифскийдің өз бабамыз екендігі анық. Оны Майқы Мән баласы «Анарыс» деп атаған.  Мүмкін оның есімі Анарыс шығар. Анахарсис деген латынша аталған есімі болуы мүмкін.

       Анарыс  деген сөз түркі тілінде екі компоненттен құралған. Аң-Арыс Скиф, сақ өнерін зерттеушілерінің қолтума шығармаларында аңдардың бейнесі ерекше орын алған. Сондықтан Анарыс деген сөз құлаққа тосын естілмейді. Әрине, бұл болжам  Анахарсистің Майқы би айтқан Анарыс екені рас болса, сөздің түп төркінін (этимологиясының) тілшілер шешуі тиіс.

         Біздің айтарымыз, Анахарсис қазақша  айтқанда Анарыс болса керек. Майқы бабамыздың айтқанын әзірше  жоққа шығаратын дәлел жоқ.  Олай болса Анахарсис – Анарыс  біздің бабамыз, ол бізге өз ұрпағына екі мың  жарым жылдан соң танылып отыр. Оның әруағына бас иіп аты өшпейтін істер атқару керек. Орта ғасырда Еуропаның  елінде «Жас Анахархистің басынан кешкендері» деген роман жарыққа шықты. Сол шығарманы қазақ тіліне аудару кезек күттірмейтін істердің бірі.

       Демек, Анахарсисті тану ілімін жолға  қойған жөн.

 

Әдебиеттер:

1. Р. Жұматаев, тарихшы «Сақ» атауы  қайдан шыққан?  (қаз.). ukkz.net. «Үш  қиян» газеті (23 Ақпан 2012). Тексерілді, 9 наурыз 2012.

2. Тараз энциклопедиясы

3.  «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—59

 

 

 

2 дәріс. Көне грек ойшылдарының тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері

 

Жоспары:

  1. Платонның оқу-тәрбие тәлімі
  2. Аристотельдің ақиқаттылық тәлімі.
  3. Демокрит-дамудағы тәрбиенің рөлі туралы.
  4. Сократтың танымдық-сананы көтеру туралы ойлары.

 

Негізгі ұғымдар: таным теориясы, атомистік теория, тәрбие және оқыту, түйсіктер, адамгершілік, идеялар, қоғамдық тәрбие, жан, жас ерекшеліктер.

 

Ежелгі Шығыс мәдениеті Ежелгі Греция мен Рим мәдениетіне тікелей әсерін тигізді. Со кезде Шығыс елдерінде арнаулы мектептер ашыла бастады. Мектептерде үстем тап өкілдерінің балалары оқыды.

Ежелгі Индияда мыңдаған жылдар бойы қарайым жер шаруашылығымен айналысатын қауымдардың ұйымдастыруымен қауымдық мектептер өмір сүрді. Сонымен қатар, Кіші Азия мен Египетте мектепте дами бастады. Адамта табиғат құбылыстарын бақылау жүргізіп,. Су тасқынын алдын алу, астрономия, геометрия, арифметика, медицина сияқты ғылымдардың негізі қалана бастады.

Ежелгі Қытайда төменгі және жоғары мектептер жұмыс істеді. Онда балалар иероглиф жазуға, оқуға  үйренді. Филосфия және мораль туралы ақындар мен жазушылардың шығармалыраны оқып үйренді.

Ежелгі Шығыстың, Греция мен Римнің құлиеленуші мемлекеттеріне тәрбиенің алғашқы жүйелері қалыптаса бастады.

Греция бірнеше Құл иеленуші ұсақ мемлекеттен құралды. Греция тарихында екі мемлекеттің Афина және Спартаның ерекші мәні, ықпалы зор болды. Ішіндегі ірілері Аттика (астанасы Афина) және Лакония (астанасы Лакония) мемлекеті болды. Тәрбиенің афиналық және спарталық жүйесі қалыптасты. Афина мектебі балаларды өнерге баулыды. 7 жасқа дейін ер балалар мен қыздар ананың басшылығымен үйде тәрбиеленді, оларға бекітілген құлдар тәрбие ісіне көмектесті. Ер балалар 7 жастан бастап, мектептер барды. 7-14 жасқа дейін грамматист мектебіне (оқу, жазу, санау ) және кифарист мектебіне (саз, ән күй, тақпа айту), 14 жастан полестра (күрес) мектептерінде оқиды.

Спартада құлдарды қатал қанауға негізделген мұнда үстем таптың балаларына әскеи тәрбие берді 7-18 жасқа дейін мемлекеттік мекемелерінде тәрбиеледі. Балалардың денесін шынықтыру, аштыққа, суыққа, шыдамды етіп үйрету, әндер айту, найзаласу, жүгіру, секіру ойындарын жүргізді, әскери әндер айтуға  үйретті.

Ежелгі грек ғалымдары мен философтары еңбектеріндет тәрбие мен оқыту мәселелеріне ерекше мән берді.

Грек философы Платон (б.з.д. 427-347 ж.) белгілі грек философы, идеалисі, Сократтың шәкірті.

Оның айтуынша, тәрбие мемлекет тарапында ұйымдастырылуы қажет, өзінің мақсаты, мазмұны, әдістемесі, бойынша үстем таптың мүддесіне толықтай сәйкес келуі керек деді.

Платон философияда  идеялар туралы  іліммен белгілі. Оның пікірінше, тек идеялар нағын шындық ретінде өмір сүреді. Ол мәңгілік және өзгермейді. Бізді қоршаған заттар тек қана идеялардың әлсіз бейнеленуі, көлеңкесі болып табылады. Соныман қатар, ол өз пікірінде Афина және Спарта тәрбиесінің кейбір белгілерін біріктіру керек деді.

Оның пікірінше, тәрбие дегеніміз үлкендердің балаларға әсері, балаларда адамгершілікті, қайырымдылықты қалыптастыру, ол “оқу” ұғымына ғылымдарды оқып үйрену арқылы білімді меңгертуді жатқазыды, “шындық үшін ойлауды пайдалану да жанды ояту” деп түсінеді. “Кішкентай балалардың ішкі негізі, эмоциялар” болып табылады деді. Ол тәрбие құралы ретінде ойындарға, сонымен қатар әдеби шығармаларды, мифтерді, балаларға оқу және айтып беруге ерекше мән берді. Ол тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, оны ұйымдастыруда “Мемлекет” және “Заңдар” сияқты трактаттарында қарастырды. Мемлекет атты еңбегінде балаларды кішкентай кезінен бастап қоғамдық тәрбие беру идеясын ұсынды.  3 жастан 6 жасқа дейін барлық бала мемлекет тағайындаған, тәрбиелеушілердің басшылығымен алаңдарда ойын ұцымдастыруға ерекше мән берді.

7-12 жасқа дейін балалар  мемлекеттік мектепке барады, онда  оқуды, жазуды, санауды, сөз өнерін және ән күйді үйренеді. 12-16 жастан дене тәрбиесімен жан жақты айналысқан мектепте –полестраға қатысады. Онда гимантиска жаттығуларымен айналысады.

16 жастан бастап, ғылымның негіздерін, арифметика, астрономия, практикалық  мақсатта оқып үйренеді. 20 жастан бастап ақыл ой сабақтарына ешқандай қабілеттілік танытпаған жастар әскери қатарға алынады. Ал жастардың қабілеттері барлар 30 жасқа дейін философияны, арифметиканы, геометрияны, сөз теориясын оқып, үйренеді. Ол мемлекеттік қызметке тағайындалады. Ерекше дарындылары 32-50 жасқа дейін мемлекет басқару ісімен айналысады. Платонның тәрбие жүйесі дене тәрбиесіәмен шеттетуге негізделеді, құлдардың балаларына білім алуға тиым салынады. Ол мектепке дейінгі тәрбие, тәрбиенің бір ізді мемлекеттік жүйесі, жағымды үлгі өнеге арқылы тәрбиелеу туралы талаптарын ұсынады.

Аристотель (б.з.д. 384-322 жж.) Платонның шәкірті, көрнекті философ-идеалист және ертедегі Грецияның ғұлама ғалымы. Ол Платонның шәкірті бола тұрып, оның көзқарасымен келеспейді. Аристотель Платонның екі түрлі дүние туралы ілімін сынға алды: идеялар дүниесі және құбылыстар дүниесі. Аристотель дүниенің бірлігін мойындады, заттар идеяларын заттардың өзінен болуга болмайды.Кез келген зат материя мен түрдің бірлігі болып табылады.

Аристотель өзінің даму теориясына сүйене отырып, жанның 3 түрін айтты: тағамда байқалатын өсімдік түрі, түйсіктерде және қажеттіліктерде  байқалатын жануарлар түрі, ойлау және танымға тән ақыл ой түрі жатады. Жанның 3 түріне сәйкес олардың әрқайсысы ерекше әсер етуді қажетсінеді. Ол тәрбиенің 3 түрін көрсетті: дене, адамгершілік және ақыл ой тәрбиесі.  Ол адам тәні мен жаны боолады, материя мен түр сияқты бөлінбей өмір сүреді. Тәрбиенің мақсаты- табиғатпен тығыз байланысты жанның барлық жақтарын үйлесімді дамыту. Сонымен қатар баланың табиғатына сәйкес ол жас ерекшеліктеріне қарай тәрбиелеуді ескеріп отырды.

Аристортель педагогика тарихында алғаш рет балаларды жас кезеңдеріне бөлуді ұсынды:

  1. туғаннан бастап, 7 жасқа дейін;
  2. 7 жастан 14 жасқа дейінгі кезең;
  3. 14- 21 жасқа дейін.

Сонымен ол отбасы тәрбиесіне ерекше мән берді. 7 жасқа дейн балалар үйде тәрбиеленуі керек деді.

7 жастан бастап балалар  мемлекеттік мектепте барады. Аристотель мектептер мемлекеттік болуы керек, жекеменшік болуы тиіс емес, себебң бала тәрбиелеу ісі мемлекеттің қамқорлығында екендігін атады. Мектептерде дене тәрбиесінің болуына ерекше мән берді. Сонымен қатар саз өнерін эстететикалық, адамгершілік тәрбиесінің құралы ретінде ерекше бағалады.

Өзінің педагогикалық теориясын дамыта отырып, Аристотель құл иеленуші аристократияның өкілі ретінде ерікті туған азаматтарды тәрбиелеу туралы, құлиеленуші мемлекеттің көркеюі жөнінде қамқорлық жасағаны белгілі. Аристотельдің “Метафизика”, “Риторика”, “Жан туралы” атты құнды еңбектері бар. Аристотельдің көзқарасы антикалық педагогика және педагогика ғылымының кейінгі дамуына ерекше ықпал етті.

 

Демокрит (б.э.д. 460-370ж) ежелгі грек философиясының шыңы, ғұлама философ- материалист, атомистік теорияның негізін қалаушы. Оның бізге бізге жеткен көптеген шығармалары үзінділерінен Демокриттің ғылымның барлық салаларынан қолтаңбасын қалдырғанын көруге болады: философия, педагогика, психология, медицина, өнер саласында қалдырған ғылыми мұралары белгілі. К. Маркс Демокритке былай баға берген болатын “Гректің арасынан шыққан бірінші әмбебап ой иесі”.

Демокриттің тәрбие туралы ойлары педагогикалық ой- пікірдің тарихында ерекше мәні зор болды. Өзінің атомистік теориясының негізінде Демокрит жеке тұлға дамуының материалистік тұжырымдамасын ұсынды. Ол дүние материалдық, бір бірінен түрі мен жағдайы жағынан ерекшеленетін атомдардан тұрады. Ағзалардың өмірі мен өлімі атомдардың бірігуіне және ыдырауына алып келеді деді.

Демкорит жанның өлмейтінін жоққа шығарды. Ол адамның қалыптасуы оның табиғатына және тәрбиесіне байланысты деп түсіндірді. Мысалы: “Егер адам оқымаса ешкім өнерді де, даналықты да меңгермеген болар еді” деді. “Табиғаттан гөрі жаттығудың арқасында көптеген адам жақсылық қасиеттерді меңгереді”, “Кейде жас адамдарға тән ақылдылық, ал қарттарға ақылсыздық тән болса, ол дұрыс қойылмаған тәрбие және табиғат” дейді.

Демокрит ортаға, үлкендердің үлгі өнегесіне сөздік әсеріне, сендірімен, тәрбиелеуге, еңбекке үйретуге ерекше мән берді. Оның бізге жеткен еңбектерінде балаларға кішкентай кезінен бастап талаптар қою турады жан жақты айтты. Демокрит материалистік таным теориясы бойынша білімнің басы түйсіктер екендігін, ал шындық ақыл арқылы іске асатындығын, дәлелдеу, ақыл ой тәрбиесінің мәселелерін шешуде мәні ерекше екенін түсіндік.

 

Сократ (б.з.д. 469-399 ж) философ –идеалист болды, өзінің демократиялық шығу тегіне қарамастан (кедей қолөнершінің баласы) ол консервативтік жер аристократиясының идеологы болып табылады. Оның түсіндіруінше, дүниенің құрымын, заттардың физикалық табиғатын тануға болмайды, адамдар тек өзін өзі тануы мүмкін, жалпыға бірдей, мәңгілік және өзгермейтін адамгершілік ұғымдар өмір сүреді.

Тәриенің мақсаты заттардың табиғатын зерттеу емес, ол өзін өзі танып білуі, адамгершілікті жетілдіруі болуы керек деді.

 Сократ этикада рахымшылдық, мейірімділік, білімде, даналықты, жақсылықты терең түсінгенде ғана мейірімді бола  алады, ол ақиқат-шындық, таза болмыс адам ақылының алғы шарты деп, өз кезеңі үшін ақылды дамытуды уағыздады. Саясатта Сократ әділетсіздікке негізделген барлық басқару формаларын- монархияны, тирантияны, аристократияны, плутократияны- түгелдей сынға алды. Алайда, ол әділеттілікке негізделген мемлекетті қажет деп тапты. Сократ философия тарихында ақиқатты талмай іздеген терең, дара ойшыл ретінде орын алып, сақталады.

      Ол философия  мен педогогиканың көкейкесті  мәселелерін зерттеп, ғылымның кең  жолына бет бұрған. Оқытуға ауызша  баяндау әдісін енгізген, өзі  эксперимент жасаған. Афин көшелеріне, алаңдарға, үй алдына көптеген адамдар жинап, сол кезеңнің ерекшелігі туралы жиі-жиі бас қосу жасап тұрған.  Жинаған қауым оны  “Сократтың индукциялық-өзіндік үздік ой– пікірлерін  қабылдаған. Айнала орта туралы көптеген сұрақтарға жауап берген. Демек,ол осылай ойды философиялық оқу-ағартумен, тәрбиемен ұштастырған. Мұғалімнің танымдық ой-өрісін дамытудың педагогикалық жүйесін жасап ұсынған.

Информация о работе Пәннің тақырыбы: Педагогика тарихы