Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2014 в 13:36, дипломная работа
Негізгі ұғымдар: даму тенденциялары, тарихи кезең, тарихи дәуір, оқыту, тәрбиелеу, білім беру жүйесі, білім беру, педагогикалық теория, педагогикалық ойлар, идеялар, әлемдік ой-сана, этнопедагогика, педагогикалық көзқарас, халық педагогикасы.
Педагогикалық қызметтің маңызы артып, оған қойылатын талаптар күшейе түскен қазіргі кезде, болашақ ұстаздар алдымен іргелі ғылым-білім негіздерін меңгеруі, мамандықты жете игеру, құзіретін арттыру, шығармиашылық ойлауға, педагогикалық көзқарасының қалыптасуына шарт түзеді.
Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы пәнінің мақсаты мен міндеттері
Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы пәнінің әдіснамасы мен педагогикалық зерттеу әдістері.
Ұлық – заң берер, ғалым – білім берер,
Кей ғалым сөзі патшадан да, оның заңынан да болар мықты.
Ғалымды патша, ұлықтан жоғары қою – нағыз озық пікір. Ақылмен іс қылуды аңсаған ақын ұсынар пікірлердің түп төркіні әділетті білікті, бақытты өмірді аңсау: «Өз бақытыңа өзің қарсы шыққың келмесе, ешкімге жалған сөйлеме, жамандық қылма!». Осындай әрбір жолға үңілген сайын туған елдің рухани байлығының өшпес қайнар көздерін сезініп, халық атты ұлы атауға ұласқан ұлы қадір қасиеттің тәлім, мектебін ұғына түсесіз.
Адамның мінез – құлық ниетінен бастап, қауымның әл – ауқатына, сұлулық танымы, сезімінен бастап, туған елге деген перзенттік махаббат, парызға дейін бәрі қасиетті.Мұның бәрі ізгілікке, жақсылыққа, елдікке ықпал жасайтын күштер. Күллі жаратылыстың жарасымыдылығы, қастерлі үйлесімі болады. Кісілік те, береке – бірлік те сонда. «Көрсоқырлық, ұятсыздық, ұлығым, Бәрі түгел – жамандардың қылығы! Ессіз бүгін қанша есірер, құлшынар, Ертең сонша өкінішке тұншығар!» – Дастанның өзекті ойы да осыған саяды.
Жүсіп Баласағұни некелік отбасылық қатынастар ерлі-зайыптылардан жоғары адамгершілікті психологиялық мәдениетті имандылық қасиеттерді талап ететіндігін айта келіп, зинақорлық жасау, бойын нәпсіге жеңдіру, ішкілікке салыну сияқты кесапаттардан ерлі- зайыптыларды сақтандырып, олардың бір-біріне адалдығы мен ұстамдылығы, татулығы мен инабаттылығы өздері өскен отбасы тәрбиесінің жемісі екендігін айтады. Өнегелі отбасында ғана өнегелі ұрпақ тәрбиеленеді.Әке мен шешенің өзара сыйластығын, жолдас-жора мен ағайын-туысқа деген ілтипатын, ұл-қызға бағытталған қамқорлығын көріп өскен ұрпақ қана ержеткенде берік отбасының іргесін қалайтындығының кепілі бола алады.
Адам өміріндегі он екі несібесі:
бітім, арқау,су, қимыл, ұштасым, әужал
(азық- түлік), тыныс(ауа),ләм(дыбыс),ылпа(
Алты түрлі туылма тұлғалық, жаратылыс несібесі:
1.Бітім-тұқым қуалайтын белгілердің пайда болуы.Атасы немесе әжесі, әкесі немесе шешесі ұқсап туылуы.
2.Арқау-тамақтану, тамақты сіңіру қабілеті, бөлу құблыстары:зәр шығару, терлеу, дәм алу мен және т.б. бөлу.
3. Су несібесі үш түрге бөлінеді:а) нілді дене бітімінің өсуі, ә) сөлді су- қоршаған ортаның әсері татырымды су-сүт, айран, іркіт, қымыз, ағынды суларды қолдану, барлық үш түрлі сулар бірігіп барып бітістік суын құрайды дейді. Бітістік қатарына: қан, сөл, тер және несеп кіреді.
4. Қимыл-үш түрлі болады: ұлғаймлы, өсу қимылы, мүшелік қарекет қимылы басталады.
5. Ұштамсымдылық- дене мүшелерінің тамақтануы, қимылдануы, қызуы, сууы арқылы бір-бірімен тығыз байланыста болуы.
6. Әужал құрсақтағы
нәрестенің анадан әжуал алуы.
Алты түрлі ақыл-парасат несібесі:
1.Тыныстық-адамның өміріне қажетті тыныс алу мүшелері.
2.Ләм- сөйлеу, есту, сезу, тітіркену мүшелері.
3. Мекен-адамның туған, өскен жері, тұрмысы және отбасы.
4. Ылпа-киім –кешегі және әлеуметтік тұрмысы.
5.Қару-жарақ адамның күші,қуаты, көлегі, қорғаны немесе сақтана білуі.
6.Ұрпаұтаныс- бала, немере, шөбере, және т.б. Ерлі-зайыптылар артвнда ұрпақ ұалдыруға міндетті. Сонымен қатар: а) ер жігіттің-қайын жұрты. Қандас жұрты, нағашы жұрты болуы шарт, ә) әйел адамның төркіні, қандас жұрты және нағашы жұрты болуы шарт. Сондықтан әр әйел адамдардығ және де әр ер адамдардың үш жұрттарының ауыз бірліктері мықты болып бір-бірімен туыстық қарым-қатынасты тікелей бірге ұстаса араларында туылған ұрпақтардың көбейе беруіне ықпал болулары мүмкін деген мағынаны береді.Бұл жерде тек жұрттар ғана тату болуы шарт емес солармен бірге әке-шеше, ел араларының да татулыңы үлкен әсер беретіндігін айтады.
Түркі тілдес даналардың гуманистік ағартушылық идеяларының ой қозғап отырған объектілердің ортақтығы, көркемдік – поэтикалық шеберліктері. Осылардың барлығы көркемдік – эстетикалық ойдың даму табиғатының мәуесі деп білеміз. «Құтты білік», бір сөзбен айтқанда, адамшылық мектебі. Бұл мектепте адам баласының басындағы ақыл – сезімнен ажалға дейінгі жақсылы – жаманды жай – жағдаяттардың сан қатпар қалтарыстары өлең өрнегіне түскен. Адамды адамға надандық емес, адамдық қана ұқтыра алмақ. Дана халық қашанда надандыққа, тасырлыққа ежелден ақыл, білім, тілді, сезімді қарсы қойған. Ақылды арқа тұтқан. «Құтты біліктің» дәстүрі де осы дәстүр. Бұл өсиет кейін талай – талай ірілі – ұсақты шығармалар да жалғасын тапты.
Дастан бәйіттерінде сараланған әлеуметтік топтардың портреттері, қоғамдық – әлеуметтік құбылыстардың өзекті өрнектері, сан қырлы түрлі психологиялық кескіндер уақыт өтсе де тозбайтын, бояуы солғындамайтын таланттылықпен бедерленген сипаттар екені күмәнсіз.
Қорыта келгенде, түркі тілдес ойшылдар мен данышпандардың шығармалары идеялық жағынан, көркемдік, педагогикалық мазмұнының байлығымен ерекшеленеді. Ол XIX және XX ғасырдың басындағы педагогика тарихынан үлкен орын алады.
Махмұт Қашқари (XI ғасырда) өмір сүрген түркі халқының аса дарынды перзенттерінің бірі. Негізгі еңбегі «Диуани лұғат ат-түрік» (Түркі сөздерінің жинағы) деп аталады. Махмұт Қашқари Талас Шу алқабындағы Барысхан қаласында туған. «Диуани лұғат ат-түрік» түркі халқының тамаша ескерткіші болып табылады. Сөздікте адамгершілік, тәлім тәрбие, психологиялық қасиеттер, адамның бойында кездесетін жағымды және жағымсыз мінез-құлықтарға сипаттам берген. Сонымен қатар, жинақта махаббат, эллегия, табиғат секілді тақырыптармен қатар, моралдьдік, этикалық, тұрмыстық, мифологиялық оқиғаларды да сөз етеді. Оны шығармасында әл-Фарабидің рационалистік және гуманистік идеяларының іздері айқын байқалады. Түркі елі әдебиетінің ренессанстық дәуірінің бастапқы кезеңіне жататын осы бір үлкен классикалық шығарма қазіргі қазақ тілінің негізін, әдебиеттік арнасының көзін танытатын мәнді де маңызды, түркі халқының мақтанышы болған құнды мұра, жазба әдебиетіміздің тұлғалы шығармасы.
Жинақта тәлім тәрбие, дидактикаа, өсиет, адамгершілік, ұрпақ тәрбиесі, ізгілік туралы ой піріклер айтиады. Мәселен «Атасынан ақылы алса, тентек ұлда жөнделер», «Ұлысыңда ұлы болсаң, біліміңді елге бер», «Асығыс еткен іс шала, асығыс шаққан от шала», «Ұлым, ақыл таңдасаң, білімсіздік жоғалар, білім қалар артыңда, ғұмыр сырғып жоғалар».
Сөздікте ерекше тәлімдік –тәрбиелік, ғибраттық мәні бар мақал мәтелдер, қанатты сөздер, жиі кездеседі. «Ақылымды ал, ұлым менің рақымшыл бол, әулетіңнің ағасы бол, ақылшы данасы бол, білгеніңді ортақтас...», «Ұлым менің ақыл сенің серігің», «Ашу ыза ақылыңды алады, мыжыма мылжың дүниеңді тарылтады». «Даналардың сөзі- ақыл, зер салсаң зердеңе қонарсың» «рақымшыл болсаң, менмен болса», «Рақымың болмай мақтансаң, қиын қыстауда қиналарсың», «Туғаныңның мәртебесін өсіргің келсе, сый-сияпат көрсет.
Бүгінде халықтың құнды қазынасына айналып отырған бұл мұра қоғамымызды рухани байытуға, оның гуманистік және адамгершілік идеяларына, мақсат – мұраттарына қызмет ететіні айдан анық.
Ибн Сина мемлекетке жалпы адамзатқа арналған жеке адамдар санасын., білімін оқып үйрену, тәрбие алу үшін арнаулы қаржы бөлуге тиіс деген тұжырым жасаған. Мемлекеттегі алым-салықтар тәрбиелеуші ұстаздарға, үйретуші адамдарға жалақы ретінде төлену тиіс дейді.
Әбу-Райхан әл Бирунидің тарихи-тәлімдік пікірлері
Әбу-Райхан әл Бируни (973-1048) астраном, математик, этнограф, дәрігер. Бирунидің еңбектері әлі де зерттелу үстінде. Тәрбие туралы, оқыту туралы көптеген алғы сөздер айтып кетті. Үндістан ежелгі мәдениетті ел Ариабхатта, Варахамихира, Павлис және басқа да ғалымдары математика және астраномия ғылымдарында өшпес із қалдырған.
Астроном,математик,географ,
Қият кейбір тарихи
деректерде Хорезм қаласы деп
те айталады.Бір кезде Қият
Хорезм мемлекетінің астанасы
ірі мәдениет орталығы да болған,онда өз заманына сай
мектептер мен кітапхана жұмыс істеген.Хорезмдіктер
қыпшақтармен,Еділ булгарлармен,Сібір,Қытай,
Ішінара болса да «дінсіздерді» қолдағандығы сезіліп қалғандықтан Бируни Хорезмде тұра алмайды. Ол 995 жылы өз елінен кетуге мәжбүр болып, өмірінің ұзақ жылдарын шетте өткізді.
Туған жерінен қуылған ғалым Каспий теңізінің оңтүстік жағалауындағы қалаларға келеді. Кәбус ибн Уәшімгір деген әкімнің қол астында қызмет істейді. Осында жүргенде, 1000 жылы, 27 жасында «өткен буындардың ескерткіштері» атты өшпес еңбегін жазды.
Бируни Кәбус сарайында да көп паналай алмайды, одан кетіп Рай қаласында тұрады. 1010 жылы Хорезм мемлекетінің жаңа астанасы Үргенішке келеді. мұнда оны Хорезмнің әкімі ибн Мамун қызметке алады.
Мамун Үргенішке белгілі ғалымдарды жинаған болатын. Бұл өз заманының академиясы сияқты еді. Ғалымдарға басшылық ету Бируниге тапсырылды. Ол Мамунның сарапшыларының бірі болады. Мұнда Әбу Әли ибн Сина, Әбусахиль, Мәссих, Әбулхасанибн Әлхуммар, ибн Мүскәуайх және Бирунидің жоғарыда айтылған ұстазы Әбунасыр ибн Ирак қызмет істейді. Алайда Бируни Үргеніште жемісті еңбек ете алмайды, онда ғылыммен шұғылдануға мүмкіндік болмайды. Оған көбінесе саясат мәселелерімен айналысуға тура келеді. Бұл бүкіл Хорезм мемлекетіне Ғазна сұлтаны тарапынан соғыс қаупі төнген кез болатын. Бируни саяси-дипломатиялық іске белсене қатысады, нәтижесінде Ғазна шапқыншылығын он жылдай кейінге қалдырады.
Бирунидің өміріне тікелей қатынасы болғандықтан, ғазнауилардың шапқыншылығына тоқталып өтейік. Ауғаныстанда Кәбіл мен Қандағар қалаларының орталығында Ғазна деген өзен бар.Осы өзеннің жағасында Х ғасырда қала салынып,Ғазна қаласы деп атаған.Ауғанстан мен Иранды билеген түркі сұлтандары оны өздірінің астанасы еткен,Ғазна мемлекеті деп атаған.Ғазна мемлекетін біріктірген Орта Азиядан шыққан түркі Алып-Тегін деген адам.Ол хорасан әкімнің құлы болатын,кейін ерлігімен көзге түсіп,сипасалар-нөкер басы қызметіне жоғырлатылады.961жылы Әбдіо-Мәлік өлгеннен кейін өкімет билігі Алып-Тегіннің қолына қолына көшеді.Ол 964жылы Ғазнаны басып алып,Иранды Ауғанстанға қосып өзін Ғазнаныңсұлтаны деп жариялайды.Аып-Тегінен кейін оның саясаты Сәбік-Тегін 977-997 жүргізеді.Сәбік-Тегін Орта Азияның оңтүстік бөлігін басып алады.Ғазнаның күшейгензаманы-Сәбік-Тегінің баласы-Махмуд Сұлтанның 988-1030 тұсы.Хорезмге қауып төндірген де осы Махмуд Сұлтан болатын.
Махмуд дінді нығайтуды сылтау етіп,көрші елдерге көптеген қанды жорықтар жасайды,бұл жорықтарды ғазауат-діни үшін соғыс деп жариялайды.Орта Азияда бес-алты рет келіп,қияттықтар мен көшпелі қыпшақтарды шауып кетеді,ал іргесіндегі Үндістанның оңтүстік-батысына талай рет ойран салады.
Ғазнауилардың жорықтары көптеген халықтардың тарихында өзінің қатты іздерін қалдырған,әр түрлі ертегілер мен аңыздар тұдырға.Онда жырланатын Сырлы қазан-осы ғазна қаласы.Махмуд Хорезмді соғыссыз алуды көздейді.Осы мақсатпен ол 1007Мамунның ағасы Әлиге қарындасын береді.1015жылы Мамунның өзіне-қызын береді.Алайда,Мамун Хорезмнің тәуелдігін көздейді.Оған Бирунидің айтарлықтай ықпалы болады.Осы кезде таққа таласқан шонжарлар Мамунды өлтіреді.Күйеу баламды өлтірді-деген сылтаумен Махмуд бүкіл Хозезмді астын-кестен етеді.Бірақ көзі тірісінде Мамун өз сарайындағы ғалымдарға Махмуд сендерді Ғазнаға жібер деп жатыр.Менде оның жарлығын өзгертерлік дәрмен қалмады.Өз қолыммен сендерді ұстап бергім еклмейді.Сондықтан Ғазаға баруды қаламайтындарың өз жолдарыңды табыңдар дейді.Ибн Сина,Мәссих,тағы басқалар Хорезнен қашып ел кезіпкетеді.Махмуд кейін Ибн Синаны 15жыл іздетеді,бірақ қолына түсіре алмайды.Хорезмнен кетпеген Бируни,әл-Хуммар, ибн Ирак қолға түседі. Бұларды Махмұдтың жендеттері тұтқындап, Ғазнаға айдап әкетеді.Бирунидің қалған өмірі негізінен осы Ғазнада өтеді.Ғазнаға тұтқындап әкелгенімен Бирунидің өлтіруге немесе құлдыққа сатқызуға Махмұдтың батылы бармайды, тек алты ай түрмеде отығызып шығарады.Ғалымды қолдаушылар көп болады.Екінші жағынан Махмуд Бируниді өз мақсатына пайдалануды көздейді.