Пәннің тақырыбы: Педагогика тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2014 в 13:36, дипломная работа

Описание работы

Негізгі ұғымдар: даму тенденциялары, тарихи кезең, тарихи дәуір, оқыту, тәрбиелеу, білім беру жүйесі, білім беру, педагогикалық теория, педагогикалық ойлар, идеялар, әлемдік ой-сана, этнопедагогика, педагогикалық көзқарас, халық педагогикасы.
Педагогикалық қызметтің маңызы артып, оған қойылатын талаптар күшейе түскен қазіргі кезде, болашақ ұстаздар алдымен іргелі ғылым-білім негіздерін меңгеруі, мамандықты жете игеру, құзіретін арттыру, шығармиашылық ойлауға, педагогикалық көзқарасының қалыптасуына шарт түзеді.

Содержание работы

Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы пәнінің мақсаты мен міндеттері
Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы пәнінің әдіснамасы мен педагогикалық зерттеу әдістері.

Файлы: 1 файл

Педагогика тарихы л.с.doc

— 1.67 Мб (Скачать файл)

Сондай-ақ тиграхауда-сақтар Шашты, Тянь-Шаньді және Жетісуды мекендеген деген пікір де бар. Страбонның айтуы бойынша, массагеттерден солтүстікке таман, «Меотидадан жоғары» (Страбон, XI, 9,2) жерлерде дай тайпалары қоныстанған. Сырдарияның арғы жағындағы олар Александр Македонскийдің замандастарына да мәлім болды. Антик авторлар оларды, бұрынырақта Геродоттың жазғанындай, массагеттердің иелігіндегі жерлерде орналастырады. «Дах» атауы неғұрлым ертеректегі деректемелер- «Авеста» мен Ксеркстің «дэвтер» туралы жазбасында да мәлім. Мұның бәрі дахтардың (дайлардын) әуелде массагеттердің солтүстігіне таман аймақты мекендегенін, не массагеттердің бірлестігіне кіргенін көрсетеді. Б. з. б. III ғасырдың орта шенінде дайлар тарих ересінде массагетгердің орнын алып, Каспий маңының оңтүстік-шығысынан, Парфия шекарасынан келіп шығады. Осы уақыттан бері «көптеген скифтер, Каспий теңізінен бастап, дайлар деп аталады».

Көне парсы сына жазулары мәтіндерінде сақтардан солтүстікке таман өмір сүрген тайпалар мен халықтар туралы ештеңе айтылмайды. Тек Авестада ғана сайрим деген атау айтылады, бірақ бұл халыктың кай жерді мекендейтіні туралы ешқандай мәлімет жоқ. Ежелгі грек деректемелеріндегі мәліметтер көбірек, оларда Авестаның сайримдерімен салыстыруға болатын савроматтар тайпасы туралы айтылады. Савроматтар туралы алғашкы деректер Геродотга бар: «Танаис өзенінің (казіргі Дон өзенінің) арғы жағы енді скиф өлкесі емес, бірақ ондағы алғашқы жер иеліктері савроматтардың қолында. Савроматтар Меотия көлі ойпатынан бастап солтүстікке карай он бес күнде жүріп өтуге болатын жерді мекендейді...» Мұның өзі Донның құйылысынан Еділдің сагасына дейінгі аумаққа сәйкес келеді.

Алайда «сақтар», «скифтер», кейініректегі «түріктер» терминдері сияқты, «савроматтар» терминін де авторлар көбіне екі мағынада: тайпалардың өз атаулары ретінде және тілі мен мәдениеті жағынан туыстас тайпалардың үлкен тобын біріктіретін термин ретінде қолданған. Грек-латын деректемелері көбіне бұл этнонимді жиынтық мағынада, савромат бірлестігінің әр түрлі тайпалар құрамын тікелей көрсете отырып (Үлкен Плиний, Эфор, Псевдо-Скилак, Эвдокс) колданады.

Археологиялық ескерткіштері бұлар қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан өлкелерінен табылған.

Сақалар көсемінің катафракт сауыт-сайманына бейнелі алтын қабырышақпен оқаланған тері сауыты, Есік обасы.

Бұл сақ тайпалары мекендеген аса көлемді аймақ: тиграхаудтар — Жетісуда, ал массагеттер Арал өңірі мен Сыр бойында. іле алқабында Бесшатыр, Есік, Түрген, Кеген, Алексеев обалары осы алқаптан табылды.

Жетісудағы сақ мәдениеті екі кезеңді: ерте кезеңі (б.з.д. 8-6 ғғ) және кейінгі кезең (б.з.д. 5-1 ғғ.).

Соңғы кезеңдегі патша обасына Бесшатыр қорымы мен Есік обасы жатады. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағалауындағы Шылбыр деген жерде, ол 31 обадан тұрады. Қорымның барша обалары екі топқа бөлінеді, үлкен обалар — диаметрі 45 м-105 м-ге дейін. Биіктігі 6-18 м. Салынған уақыты б.з.д. 5 ғ.

Шығыс Қазақстан. Алтай аясынан, Шыңғыстау мен Тарбағатай бөктерлерінен кездеседі. Үлкен патша обалары бар. Ол Шілікті алқабында шоғырланған. Бұл өңірдің мәдениеті үш кезеңнен тұрады. Мәйемір кезеңі (б.з.д. 7-6 ғғ), берел кезеңі (б.з.д. 5-4 ғғ.), құлажүргін кезеңі (б.з.д. 3-1 ғғ.). Мәйемір кезеңінің соңында салт кісіні атымен бірге қоятын қабырлар пайда болады.

Орталық Қазақстан. Бұл жерден Тасмола мәдениеті (б.з.д. 7-3 ғғ.) ашылды. Бұл обалардың ерекшелігі — оларда тас жалы, «мұрты» болады. Бірнеше варианттардан тұрады. Негізгі обаға жанаса немесе оның шығыс бетінде, иек астында кіші оба тұрады, одан шығысқа қарай доғаша иіліп, ені 1,5-2 м, ал ұзындығы 2-200 м дейін кейде одан ұзыныда болады, екі жал кетеді. Үлкен обаға үйілген төбе астында жерден қазылған қабырда өлген кісінің мәйіті жатады, ал кіші қорғанда үйінді астындағы қабырға ат пен ағаш ыдыс-аяқтар қойылады.

Арал өңірі. Арал өңірі сақалар мәдениеті Тегіскен, Ұйғарақ, Оңтүстік Тегіскен қорымдары.

Батыс Қазақстан. Еділ мен Жайық арасындағы аймақтан қорымдардың көп шоғырланған жері — Үлкен және Кіші өзеннің бойлары, Қамыс-Самар көлдерінің өңірлері, Елек, Шаған, Ембі жағалаулары. Обалардың көбінде үйінділері бар, ал олардың аса үлкендері орлармен қоршалған. Тас үйінділері немесе топырақ пен уақ тастар араластырылған үйінділері бар обалар сирек кездеседі. Қабырлар шығыстан батысқа қарай ыңғайлай қазылады, ал өлгендер молаларда емес, обалар үйінділері астындағы арнайы дайындалған алаңдарға қойылады.

Сақтар мал шаруашылығымен де егін өсірумен де айналысқан. Жылқы өсірген. Оны қарулы жауынгерлер мінетін болған.

Қой бағумен де айналысқан. Сақтарда маңдай алды дөңесте ірі қойлар көп тараған. Олар қазақтың кәзіргі құйрықты қойлары тұқымына жақын болған.

Түйе шаруашылығы да кең дамыған. Ал сиырдың көшпелі тіршілікке бейімделген мұндай тұқымының өзгеден айырмасы — өнімділігі төмен, тірілей салмағы аз, жемшөпті көп талғамайтын. Суықта сыр бермейтін, жүні қалың, тебін малы болды.

Егіншілік пен суару. Қыстау маңындағы егін сақтарды астықпен қамтамасыз еткен. Олар тары, арпа, бидай еккен. Оңтүстік Сырдарья алқабында сақтардың Шірік Рабат, Бәбіш-молла, Баланды секілді қоңыстарында табылған.

Кәсіпшілігі.

Сақ тайпалары арасында металл өндіру және оны өңдеу, әсіресе қола құюға байланысты кәсіпшіліктері дамыған. Б.э.д. 1 мыңжылдықта Қазақстан және Орта Азияны мекендеген сақ тайпалары темірден заттар жасауды меңгерді.

Темір мен мыс, қалайы мен қорғасын, алтын мен күміс өндіру жоғары дәрежеде дамыған. Мәселен, Имантау кен орнында 3 млн. пұт мыс рудасы, ал Жезқазған мен Успенскіден 10 мың және 26 мың пұт руда өндірілген, сонда сол руданың көбісі сақтар заманында өндірілгені анықталды.

Сақ зергерлері қоладан қанжарлар, оқ жебелері мен сүңгі ұштарын, аттың қайыс әбзелдерін, әшекейлер мен айна, қазандар мен құрбандық ыдыстарын жасаған.

Саудасы.

Еуразия далаларын сақтар билеген кезде Батыс пен шығысты, Жерорта теңізі мен Қытайды байланыстырған халықаралық өтпелі сауда басталады. Б.з.д. 1 мыңжылдықтың орта кезінде дала жолы пайда болады. Геродот жазуына қарағанда, дала жолы Қаратеңіз өңірімен жүріп, Дон жағалауына сосын Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтар жерінен Ертіс бойына, одан әрі Алтайдағы аргиппейлер еліне жеткен, содан әрі Моңғолия мен Қытайға қарай кететін болған. Осы жолдың бір бөлігі Қазақстан жерімен өтті.

Қоғамы.

Сақ қоғамында халықтың үш тобы болды деген болжам бар. Ол рим тарихшысы Квинт Курций Руф айтқан аңызға сүйеніп айтылады. Бұлар:

• жауынгерлер — сүңгі мен оқ («ратайштар-арбада тұрғандар»),

• абыздар — құрбандық табағы және айрықша бас киімі бар,

• қауымшыл сақтар, яғни «сегізаяқтар» (соқаға жегетін екі өгізі барлар).

Осы үш жіктің өзіне тән дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге — қызыл, сары-қызыл; абыздарға-ақ; қауымшылдарға-сары мен көк түстер. Сондай-ақ көсемдер мен патшалар да болды. Олар әскери жіктердің өкілдері болды. Гректер оларды басилевс — патша деп атаған. Патшаның белгісі жебелі садақ.

Мәдениеті

Сақтар аң стилін Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезінде қабылдаған. Бұл өнер б.д, д. 7-6 ғасырда қалыптасқан. Аң стилі дегеніміз түрлі жануарлардың бейнелерін дыс-аяққа, киімге, тұрмыс заттарына, түрлі әшекейлерге, қару-жараққа салған. Сақтар күнге, найзағайға, жел-дауылға табынған. Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты болған. Дүниені жаратқан көк тәңірісі Митра, жердікі Варуна, жер астыныкі Индира секілді құдайлар болған.

 

Анахарсис сақ әлемінің әйгілі ойшылы. Әлемдік тарихта есімі «Анахарсис Скифский» деген атпен қалған, сақтар мемлекетінің әйгілі ойшылы. Герадоттың айтуынша, ол қазіргі (христиандық) жыл санауымызға дейінгі VI-VII жылдарда өмір сүрген.

  Анахарсистен ХХ ғасырға дейін шамамен екі мың бес жүз жыл немесе жиырма бес ғасыр. Осы уақыт аралығында, халқымыздың мәдениетінің тарихи кеңістігі. Бұл тарихи-мәдени кеңістікті меңгеру осал іс емес. Жиырма бес ғасыр ішінде бірнеше ренессанстық жағдай міндетті  түрде екі компоненттен тұрады. Бірі жаңа өркениеттік сапалық өзгерске ұмтылу, екіншісі алдағы өткен мәдени дәстүрді жаңғырту, жаңалау. Демек, ренессанстық жағдайларда алдыңғы мәдени дәстүр мүлдем жойылмай эволюциялық жолмен жүреді. Ренессанс дегеніміз мәдениеттің өзінен өзі, өз ішкі даму заңдылықтарына сәйкес жаңарып, жаңғырып отыруы. Ренессанс заманда өтпелі дәуірлерде көрінеді. Ондай дәуірлер Ренессанстық тұлғаларды туғызады. Біз анахарсистен ХІХ ғасырға дейін деген тарихи мәдени концепцияны ұсынғанда, аттарын атап, еңбектеріне зер салып отырған ойшылдардың бәрі ренессанстық тұлғалар, Олар: Анахарсис, Майқы би, Иоллығ тегін, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Яссауи, Абай.

       Тіл  мәдениетінің аса құнарлы айнасы. Ол таным тарихының формасы, тарихтың  нақтылы дерегі. Атадан қалған  сөз бізге тіл арқылы жеткен. Жоғарыда айтқан ойшылдарың  бәріне  ортақ түркі тілі. Әрине мен түркі тілі дегенде шартты мәнді айтып отырмын. Яғни, «түгел сөздің түбі бір» деген мағынада.

       Біз  қазақ мәдениетінің генезисін  Анахарсистен бастауға тиістіміз. Себебі, сақтар ғұндар, түркілер, қыпшақтар  бір «атаның» балалары екенін тарихшылар атап бергені ақиқат. Сондықтан сақтар елінің ойшылы Анахарсис тарих басы. Анахарсистің өмір сүрген заманы, өзі туралы мағлұматтардың да көбі ауызша жеткен. Кезінде қағазға түскен деректер сирек. Шынында да осыдан екі мың жыл бұрынғы оқиғалар, адамдар туралы шындықты кім дәлме дәл айта алады. Көптеген мәселелер болжам, пәлен айтты, түген айтты деген пікірлерден құралған. Бұл тек Анахарсиске ғана қатысты емес, ол Фалес, Солон Афинскийге де қатысты.

        Анахарсис  уақыт сарабынан өтіп, мәңгілікке айналған жан. Егер де ол Скифияда тумай Палестина немесе Таяу Шығыстың бір елінде дүниеге келсе, сөзсіз Библияда және Құранда да пайғамбарлар санатында жүрер еді. Бұлай деп отырғаным, Анахарсисті тарихтағы ұлы тұлғалалармен салыстырсам, оған теңдес келетіні – Ғайса. Екеуінің ұқсастық жағы мол, екеуі де адамзатқа жаңа өмір ұсынған, қазіргі тілмен айтсақ, бұлардың екеуі де демократтар. Сонымен қатар бұлардың бір бірінен айырмашылықтары да бар. Біріншіден Анахарсис Ғайсадан бес ғасыр бұрын өмір сүрген. Демек, замандары бөлек. Екіншіден Ғайса мәдени ортада өмір сүрсе, Анахарсис заманы өзгешелеу болатын. Сақтар кезіндегі негізгі мәселе өнер, білім емес, соғыс өнеріне үйрену болатын. Айнала жау. Қала салып отырықшылыққа көшпеген жұрттың басты қамы күнкөріс еді. Үшіншіден, ерекшелік олардың дүниетанымында.

           Екіншіден, Платон өзінің объективтік идеясын парсылардың діні зораситризм ықпалымен құрастырған деген болжам бар, ал біз Платонның бұл идеясын сақтар дүниетанымы негізінде қалыптастырған десек, оны кім қалай жоққа шығарады. Себебі, сақтардың ойшылы Анахарсисті Платон өте жақсы білгені анық тарихи дерек. Үшіншіден Анахарсис есімі гректің данышпан философы Платонның (б.э.б. 427-347) еңбектерінде де кездеседі. Ол «Мемлекет» деген еңбегінің оныншы кітабында тарихшы Гомер, философ Фалес және Скиф Анахарсис туралы айтқан (Платон. Шығармалар, 3-том, 1 тарау, М.,1971 427-бет). Осы кітаптың 642-бетінде Анахарсис туралы мынандай түсініктеме берілген: «Анахарсис аты аңызға айналған скиф, Грецияға саяхат жасағанда Солонмен кездесіп, соның ықпалында данышпандылығымен атағы шыққан. Ол туралы Геродот хабарлайды», делінген. Гректер қазіргі біздің территорияны мекендеген халықтарды ортақ атпен скифтер десе, парсылықтар сақтар деген.

        Анахарсис  есімі Аристотельдің еңбектерінде де кездеседі. «Аналитиканың екінші кітабының үшінші тарауына Аристотель нақтылы заттың барлығын дәлелдеуден осы заттың неге бар болуы туралы дәлелдің айырмашылығы жайлы айта келіп былай дейді: «Анахарсистің айтуы бойынша, скифтерде флейтаның болмауы оларда жүзімнің жоқтығынан» (Аристотель, Шығармалар, 4-том, 281-бет), -деп мысалға алды. Анахарсис скифтерде флейтаның жоқтығын, скифтердің жүзім өсірмейтіндігіне байланысты екенін айтып отыр. Жүзім жоқ, яғни шарап жоқ. Демек, флейтаның да қажеттігі жоқ. Бар нәрсені білу мен оның неге барлығын білу, біркелкі түсініктер емес. Аристотель өзінің осындай логикалық топшылауларында Анахарсистің кезінде кең тараған қанатты сөзін дәлел ретінде пайдаланған. Аристотель «Никомахова этикасы» деген еңбегінің оныншы кітабында тағы да Анахарсис айтты деген пікірге сүйенген. «Игі істер атқару мақсатында көңіл көтеру дұрыс, себебі, көңіл көтеру –демалыс, үнемі үздіксіз жұмыс атқаратын адамдарға өте қажет» (Аристотель, Шығармалар, 4-том, 280-бет). Өзінен әдеби мұра қалмағаннан кейін Анахарсистің дүниетанымын анықтау қиын. Ал, Фалесті сөзсіз материалист деп жүрміз. Алайда Анахарсисті скептиктер қатарынан іздеген өте орынды, оған бір дәлел- біздің санауымыздан бұрын ІІІ ғасырдың екінші жартысында, ІІ ғасырдың басында өмір сүрген, мамандығы дәрігер, көне грек философы, скептик Секст Эмприктің еңбегі. Секст Эмприк Анахарсистің еңбектерін арнайы сөз еткен, талдаған. Философия тарихында Секст Эмприк скептицизм идеяларын өзіне дейінгі бір жүйеге келтірумен айналысқан ойшыл.

         Секст Эмприк Анахарсиске біршама  философиялық талдау жасаған. Оның  пікірінше, Анахарсис-скептик. Себебі, ол ақиқат өлшемін жоққа шығарады. Бір нәрсе туралы бір саладағы  мамандар әңгімелессе де, әр түрлі  мамандар пікір таластырса да  ортақ бір қорытындыға келе алмайды. Оның себебі, бұларға төреші болатын адам керек. Айтысқа түскен адам бір мезгілде және айыпталушы. Оның әрқайсысының сөзі шындық әрі шындық емес. Демек, ақиқат өлшемі жоқ. Жыл санауымызға дейінгі V-VI ғасырларда осы бағыттағы айтыстардың болуы, әрине, таным талпынысынан туған. Әңгіме сенім туралы болып отыр. Егер Анахарсис ақиқаттың өлшемі жоқ деген ұғымға әбден келген болса, ол мистикалық көзқараста болмағаны. Құбылыстардың себептерін іздеп, оған сенімсіздікпен қарау көне заман үшін алдыңғы қатарлы ой пікірлердің ұшқыны. Анахарсис пен Сократқа дейінгі өзге де грек ойшылдары туралы бірден бір құнды еңбек неміс ғалымы Г.Дильскидікі. Бұл еңбек әлі орыс тіліне аударылмаған. Анахарсис туралы арнайы сөз қозғаған философтың бірі Лукиан. Лукиан Македонияда болғанда Филиппоподе қаласының зиялыларының алдында лекция оқыған. Сондағы сөздері: «Скиф», «Геродот», «Зевксис». Бұл сөздерде (Скифте) көптеген тың дерек бар. Оның айтуынша, Афинаға ең бірінші келген скиф Анахарсис емес, одан бұрын Токсарид деген емші-скиф болған.Ол туралы грек жұртында аңыз бар. Лукианның айтуынша, Анахарсистің Афины қаласына келгендігі тұңғыш кездескен адамы осы Токсарид. Ол жас скифті Солонға жолықтырып жақындыстырады. Бұл кезде Солонның егде тартқан шағы болатын. Солонның қамқорлығының арқасында Анахарсис грек жұртына аты мәшһүр ғұламаға айналды.(Лукиан, Шығармалар жинағы.-М., 1935, 95-101- беттер.)

Информация о работе Пәннің тақырыбы: Педагогика тарихы