Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2014 в 13:36, дипломная работа
Негізгі ұғымдар: даму тенденциялары, тарихи кезең, тарихи дәуір, оқыту, тәрбиелеу, білім беру жүйесі, білім беру, педагогикалық теория, педагогикалық ойлар, идеялар, әлемдік ой-сана, этнопедагогика, педагогикалық көзқарас, халық педагогикасы.
Педагогикалық қызметтің маңызы артып, оған қойылатын талаптар күшейе түскен қазіргі кезде, болашақ ұстаздар алдымен іргелі ғылым-білім негіздерін меңгеруі, мамандықты жете игеру, құзіретін арттыру, шығармиашылық ойлауға, педагогикалық көзқарасының қалыптасуына шарт түзеді.
Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы пәнінің мақсаты мен міндеттері
Қазақстандық және әлемдік психологиялық-педагогикалық ойлар тарихы пәнінің әдіснамасы мен педагогикалық зерттеу әдістері.
Үндістаннан Кавказға,Арал
теңізінен Үнді Мұхитына
«Шахнамәға»көңілі толмаған сұлтан,авторы мазақ етіп болмашы сыйлық жіберді,бірақ ақын сыйлықтан бас тартты.Оған ашуланған Махмуд ақынды асау пілге текпілетіп өлтірмек болған.Фердоуси қартайған шағында бірнеше жыл қашып жүріп өз ауылында өлген.Көпшіліктің зиратына көмуге рұхсат етілмегендіктен,оның денесі өз бақшасында жерленген.
Махмудтың үмітін Бируни де ақтамайды,ол да сұлтанды мақтайтынтын кітап жазбайды.Мүмкіндігі болған кезде ғылыммен шұғылдана береді.Тұрмысы нашарлап,мұқтаддық құрсауына түскен ғалымды дүниеге қызықтырып өзіне жақындатып алмақшы болған Махмуд Бируни үшін пілге артып, алтын мен күмістен сыйлық жібереді,Күмістің кететінін,ғылымның қалатынын жұрттың бәрі біледі.Мен ақыл парасатынан тая алмайтын,аз күндік,алдамыш жылтыр тасқа жолынан аумайтын мәңгілік білімімді ешқашанда да сата алмаймын.
Бируниді айқанына
көндіріп алдағанына жүргізе
алмаған сұлтан қатты ызғаланад
Айдауда болса да Бирунидің Ғазнада және
Үндістанда тұрған жылдары жемісті юолады.Ол
осы кезде көптеген ғылыми еңбектер жазады.Ғалым
елуге келгенде Үндістанның ғылыми және әдеби тілі болған
санскрит тілін үйреніп жақсы меңгереді.Үнді
ғалымдары Бируниге зор құрмет көрсетіп
,құшақ жая қарсы алады.Бұған бір жағынан
Бирунидің жеке басының адамгершілігі
себеп болса,екігші жағынан Ғазнаның
тұтқыны екендігі себеп болады.Махмуд
үнділерді жыл сайын шауып,олардың титығына
жеткен болатын,сондықтан сұлтан қаһарына
ұшырағандар үнділердің мұңдасы болып
есептелетін. Үндістан-ежелгі мәдениетті
ел. Ежелгі Үндістанның Ариабхатта,Варахамихира,
Павлис, Брагагцпта және т.б. да ғалымдар
математика мен астрономия ғылымдарында
өшпес із қалдырған.Бируни Үнді ғылымының үздік табыстарын
меңгереді,халқының тарихын,әдет-ғұрыптарын,
Низами Гәнжауи тағылымы – тәрбие тәлімі
Азербайжан ақыны әрі ойшылы Н
Низамидің тәрбие тағылымдарында – халықтық тәрбиенің әсерлі құралы ретінде халықтың ауыз әдебиеті мен өз халқының тарихына, жазба әдебиеті мен ана тілі негізгі оқу пәні болуға тиіс деді. Ол өз шығармаларында поэма мен дастандарында – тәрбиенің негізі жалпы адамгершілік деп есептеді. Адамгершілік – ақыл мен еңбектің, оның ішінде еңбек тәрбиесінің жемісі мен нәтижесі деп уағыздады. Жастар махаббатын жырлау арылы адамгершілік, эстетикалық тәрбиенің негізін салды.
Ғұлама Низами – адамды жетілдірудегі тәрбиенің рөліне ерекше мән берді. Олар ең алдымен өз кездеріндегі ресми педагогикада – айнала ортадағы өзіндік болып жатқан ағартушылық, тәрбие мен оқу үрдісінің көріністеріндегі орын алып келген баланың дами отыра, жетіле алатын мүмкіндіктеріне сенбестік туғызатын көзқарастарға қарсы шықты.
Орыстың ұлы ойшылы, сыншы, революцияшыл-демократ, революцияшыл-демократиялық педагогиканың негізін салушы В. Т. Белинский – өзінің 1829 жылы жазған «Ойлау» атты тәрбие жөніндегі шығармаларында: «Тәрбиенің әсерімен адам Сократтай терең ойлы, ізгі жан, Фирдоуси мен Низамидей тәрбиенің тегін терең түсінген – ғұлама, тәрбиенің күшімен «Ләйлі мен Мәжнүн» мен «Шаһнамадай» ұлы шығарма туғызған ірі тұлғалар туады – деп көрсеткен болатын. Сондай-ақ, Белинский бұл ғұламалардың тәрбие тағылымдарын талдай келіп, өмір тағдыры осы тәрбиеге тәуелді, тәрбие адамның бірінші мұраты деп, оның рөлін шетінен асыра бағалады. Мысалы, Низамидің лирикалық щығармалары ғасыр біткен сайын, дәуір өзгерген сайын жаңарып, үлгі ретінде қабылданып келген, кейінгі ғасырларда туған лирикалық поэмалар мен дастандар, «Қыз Жібек пен Төлеген», «Өозы мен Баян» осы «Ләйлі мен Мәжнүн» негізінде жазылған. Бұл шығарма «Ләйлі Мәжнүн» бүкіл Орта Азия мен Қазақстанның Кавказ халықтарының төл туындысына айналып келген.
Низамидің қай шығармасын алсаңыз дене еңбегі оның ішіндегі еңбек тәрбиесі адамнан ажырамайтын,адамның күнделікті тіршілігінің негізгі борышы делінеді.Олардың түсінігінше мамандық жақсы тұрмыс молшылықта өмір сүрудің өзінің бостандығында қорғай алады.
Низамидін Ләйлі мен Мәжнүндегі жеке адамдардың бас бостандығын әсіресе әйел теңдігі мен оның бостандығы жастардың арасындағы ара-қатасынастық пен махаббат тақырыбы бүгінгі адамгершілік ақыл-ой еңбек пен еңбек тәрбиесінің негізгі сілем. Низамидың тағылымдары қзі өмір сүрген ортада ой пікірін бүгінгі тұрғыдан талдасақ оның шығармаларындағы білім мен тәрбиенің бүкіл жүйесінің өзегіндегі принцп тәрбие мен білімнің халықтығы болуға тиіс. Олар бүл үшін қз халқының өмірінен алшақ кетпей алдыңғы қатарлы мәдени қазынаны халық бұқарасының рузани өмірінен азық етуді сол жолда өмір бой адал қызмет етуду қатты талап етті Низами тағылмдарын мұрыптайтын болсақ өз жерімізден өз аналығымыздаң дәуіріміздің алдымызға қойған сұрақтарды сұрыптап алып сол сұрақтарға қанағаттанарлық толық жауап беру.
Қазақ жеріне таратқан тұңғыш таныстырған Абай мен абай мұрасын зерттеушілер болды. Мұхтар Әуезов 1926 жылы жазған «Қаракөз» пьессасын Ләйлә Мәжнүн негізінде жазған. Демек Фэрдоуси мен Низами туындыларының ауқымы кең болар Кавказбен Азиядан басталып бүкіл қиыр шығыс елдерін қамтыған мол мұра.
4 дәріс. Шығыс ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлері мен Өтебойдақ Тілеуқабылұлының ағартушылық туралы ой-пікірі. (2 сағ).
Жоспар:
Негізгі ұғымдар: отбасы, еңбек тәрбиесі, оқу, білім, діни-сопылық қағидалар, имандылық, достық, ислам, жақсылық, жамандық, медициналық ілім.
Еліміздің сан ғасырлық өзіндік орны бар кезеңге орта ғасырлық түркілік мәдениетті жатқызамыз. Ал халқымыздың даналығын білдіретін ірі тарихи тұлғаларды зерделеу қазіргі ұрпақтың, гуманитарлық ғылымдардың қасиеті парыздарының қатарына жатқызамыз. Осы тұрғыдан алғанда ғасырлар қатпарларында жасырынған рухани мұралар көптеп саналады.Ортағасырлық педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі ортағасыр данышпандары – Қожа Ахмет Яссауи, Ахмет Жүгінеки қазақ жерін әлемге мәшһүр етті.
Қожа Ахмет Яссауи (1094-1167 ж.ж) өмір сүрген Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық поэзиясының көрнекті өкілі, дуалы ауыз данышпан, кемеңгер ақын ағартушы.
Ахмет Яссауи 1093 жылы немесе 1094 жылы көне Исфиджап (Сайрам) қаласында дүниеге келген. Оның ата-анасы Ибраһим Ата мен Қарашаш Ана осында тұрып, осы жерде қайтыс болған.
Араб, парсы авторларының жазбаларына қарағанда Ахметтің әкесі өз заманының сауатты, көзі ашық адамы болған. Тіптен балауса, бүлдіршін Ахметке араб, парсы тілдерін Таяу Шығыстағы Исфахан, Бағдат қалаларынан ұстаздар жалдап үйретеді. Он алты жасында-ақ болашақ ақын, шығыс поэзиясын, әдебиетін, философиясын жетік меңгереді. Он жеті жасынан бастап, өзі де өлең жаза бастайды. Өз жырларын шығыс авторларынан бірінші болып, сол кездегі шойырлар секілді араб, парсы тілдерінде емес, өзінің ана тілі – түркі тілінде жазған. Иссауи шығармаларының құндылығы осында.
Алғаш рет білімді жергілікті ғұлама Арыстанбап бабадан алады, кейін Бұхара қаласында дәріс алуға барып, парсының белгілі ғалымы Жүсіп Хамаданиден білімін тереңдетеді. Соңынан туған жеріне қайта оралып, сопылық білімін жалғастырады. Сопы ретінде Яссы (қазіргі Түркістан) қаласына келіп, «Яссауишілік» атты діни ағымның негізін салады.
Ахмет – ел ішінде әділдігімен аты шыққан адам. Шешендігі мен ақылгөй даналығы оны жерлестері арасында сый-құрметке бөлейді. Ахмет айтып еді деген қанатты, ғибратты, діни өсиет-насихатқа толы сөздер елден-елге тарайды.
Қазақ жерінің ортағасырлық мәдениетінің дамуында Яссауи жазған «Диуани Хикмет» (Даналық кітабы). Қожа Ахмет Яссауи ислам дінінің қазақ арасында кең тарауына үлкен үлес қосқан, шығармасын елге түсінікті етіп, түркі тілінде жазған. Ол жергілікті халықтардың ескі дінін жоққа шығармаған, қайта оны ислам дінімен ұштастырған.
Яссауидің «Даналық кітабы» кезінде Орта Азиядан бастап, Еділ жағалауына дейінгі көшпенді түркі тайпаларының арасында кеңірек тараған.
Қожа Ахмет өзінің атақты «Даналық кітабы» аталатын циклді өлеңдерін жазған. Ақын өз өлеңдерінде:
Құл Қожа Ахмет, әрбір сөзің дертке дәрмен,
Тәліптерге (шәкірттерге) баян етсем қалмас арман.
Төрт мың төрт жүз хикмет айт хақ пәрменімен,
Пәрмен болса, өлгенше жырласам мен , - деп даналық сөздердің 4 мың 400 жол екендігін ескерткен.
Қожа Ахмет жырлары әділдік, шапағаттық, мейірімділік, тақуалық, шыншылдық, ойлылық, тазалық секілді игі істерге арналады:
Сөзімді айтам зейін қояр барша жанға,
Жан жылуын, жүрек отын аңсағанға.
Демеу болсын ғарып, пақыр, шаршағанға,
Кекірейген кердендерден қаштым міне.
«Диуани Хихмет» атты діни-сопылық қағидалармен қатар оқу, білім алу, адалдық, имандылық, ізгі қасиетті болу, ақыл-парасатқа жету, жақсылық, жамандық, төзімді болу, достық пен махабатты қастерлеу, әділетті болу, адал жолмен жүру сияқты адамгершілік құндылықтарды насихаттады.
Қожа Ахметтің даналық сөздерінің көбі ұстазы Арыстанбаб жиі еске алынады, ақын ұлы ойшылдың айтқандарына құлақ қойып, ой жібере қарауды ұсынады. Менменділік, көрсе қызар кеудемсоқ, дүниеқоңыз болмауға, тәубаға келуге ақыл-кеңес береді, яғни бабамыздың кихметтері толған ғибрат, мәнді-мағыналы пікір, адамгершілік мұраттарына толы.
Қожа Ахмет базбір хикметтерінде надандарға сөзіңді қор етпе, мейірімсіздерден қайырым күтпе, кісі ақысын жеме, арамдықпен мал жима, өтірік айтпа, дүние байлыққа қызықпа, оның бәрі өткінші, мәңгілік ештеңе жоқ деген адамгершілік құндылықтарды жоғары ұстай отырып, жағымсыз қасиеттерден адамдарды сақтандырады.
Шам айналып көбелектей түстім күйге,
Жалын атып, от боп жанып күйдім мен де.
Бұрынғыдан күрт өзгеріп бөгде болдым,
Алла түспес ауызымнан, пенде болдым.