Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 08:07, дипломная работа
Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдық іс-әрекеттерінің даму ерекшеліктерін зерттеу мәселесі - қазіргі практикалық педагогикадағы ең маңызды бағыттардың бірі. Осыған байланысты педагогика ғылымының алдында жеке адамның тұтастай құрылуының факторларын, заңдылықтарын ұғыну, оның ішкі және әлеуметтік белсенділігінің көздерін жеке адамның дамуының интегралдық компоненттері ретінде Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің даму ерекшеліктерін зерттеу міндеті тұр.
КІРІСПЕ………………………………………………………………………………4
1. ПОЛИЭТНИКАЛЫҚ АУДИТОРИЯДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ……………………………………..6
1.1 Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің педагогикада зерттелуі және танымдық қызығушылығының теориясы…………6
1.2 Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдық процестерінің даму ерекшелігі……………………………………………………………………….17
1.3 Полиэтникалық аудиториядағы оқу процесін ұйымдастырудағы педагогтың іс-әрекетінің және танымдық іс-әрекетті белсендіру ерекшеліктері……………24
2. ПОЛИЭТНИКАЛЫҚ АУДИТОРИЯДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ ЖАҒЫНАН ЗЕРТТЕУ……………………………………………………….32
2.1 Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің даму ерекшеліктерін зерттеуге сипаттама………………………………………..32
2.1.1 Жоғарғы оқу орнындағы оқытушылардың іс-әрекетін талдаудың әдістемелік бағдарламасының жүргізілуін ұйымдастыру……………………………...35
2.1.2 Жоғарғы оқу орнындағы қоғамдық ғылымдардың оқытушыларына арналған сұрақ қағазы әдістемесінің жүргізілуін ұйымдастыру………………………38
2.2 Жоғарғы оқу орнындағы студенттің кәсіби іс-әрекетке дайындығы……….41
3. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕСІНДЕ АЛЫНҒАН МӘЛІМЕТТЕРДІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ………………………………………………………………..46
3.1 Жоғарғы оқу орнындағы оқытушылардың іс-әрекетін талдаудың әдістемелік бағдарламасының нәтижелерін талдау……………………………………………46
3.2 Жоғарғы оқу орнындағы қоғамдық ғылымдардың оқытушыларына арналған сұрақ қағазы әдістемесінің нәтижелерін талдау………………………………….53
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………….……………..57
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............…......………………………..59
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «ПОЛИЭТНИКАЛЫҚ АУДИТОРИЯДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ»
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ……………………………………………………………
1. ПОЛИЭТНИКАЛЫҚ АУДИТОРИЯДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ……………………………………..6
1.1 Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің педагогикада зерттелуі және танымдық қызығушылығының теориясы…………6
1.2 Полиэтникалық аудиториядағы
студенттердің танымдық процестерінің
даму ерекшелігі……………………………………………………
1.3 Полиэтникалық аудиториядағы оқу процесін ұйымдастырудағы педагогтың іс-әрекетінің және танымдық іс-әрекетті белсендіру ерекшеліктері……………24
2. ПОЛИЭТНИКАЛЫҚ АУДИТОРИЯДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ
ТАНЫМДЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН
ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ ЖАҒЫНАН ЗЕРТТЕУ……………………………………………………….
2.1 Полиэтникалық аудиториядағы
студенттердің танымдылық іс-
2.1.1 Жоғарғы оқу орнындағы
2.1.2 Жоғарғы оқу орнындағы
2.2 Жоғарғы оқу орнындағы студенттің кәсіби іс-әрекетке дайындығы……….41
3. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕСІНДЕ АЛЫНҒАН МӘЛІМЕТТЕРДІ
ТАЛДАУ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ………………………………………………
3.1 Жоғарғы оқу орнындағы
оқытушылардың іс-әрекетін
3.2 Жоғарғы оқу орнындағы қоғамдық ғылымдардың оқытушыларына арналған сұрақ қағазы әдістемесінің нәтижелерін талдау………………………………….53
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............…......……
КIРIСПЕ
Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдық іс-әрекеттерінің даму ерекшеліктерін зерттеу мәселесі - қазіргі практикалық педагогикадағы ең маңызды бағыттардың бірі. Осыған байланысты педагогика ғылымының алдында жеке адамның тұтастай құрылуының факторларын, заңдылықтарын ұғыну, оның ішкі және әлеуметтік белсенділігінің көздерін жеке адамның дамуының интегралдық компоненттері ретінде Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің даму ерекшеліктерін зерттеу міндеті тұр.
Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің іс-әрекеттерінің даму ерекшеліктерін зерттеуде, оның негізгі механизмі ретінде қос тілділікке көңіл бөлу керек. Билингвизм тілдердің қоғамдық қолдану және даму ғылымы ретінде социолингвистиканың объектісі болып табылады. Бірақта, Билингвизм сол сияқты психолингвистиканың да объектісі болады, себебі ол адамдардың сөздік қатынастарында хабарларын бірінші және екінші тілде білдіру процестерін зерттеуден толық бөлініп қарастыра алынбайды. Педагогика бойынша қос тілділік адамның танымдық іс-әрекетіне зор ықпал етеді, сол себептен Полиэтникалық аудиторияларда екінші тілді меңгеру жолдары мен тәсілдерін, ойлау іс-әрекетіндегі педагогикалық механизмдерді үйрену қажет.
Полиэтникалық аудиториялардағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің дамуы бүгінгі күнде өте өзекті мәселе болып саналады, себебі полиэтникалық жағдайда студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің дамуы, олардың даралық, танымдылық, мотивациялық, эмоционалдық, ұйымдастырушылық қасиеттерін анықтауға мүмкіндік береді.
Полиэтникалық аудиторияда студенттер әртүрлі әлеуметтік ортада, өздерінің белсенділіктерін көрсете отырып, жоғарғы деңгейде дамыта алады, жалпы адамдармен іс-әрекет және қарым-қатынас барысында жоғары нәтижелерге жетуге мүмкіндіктері көбейе түседі.
Зерттеу мақсаты: полиэтникалық аудитоиядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің даму ерекшеліктерін, және оқытушылар мен студенттердің өзара қарым-қатынастарын анықтау. Бұрынғы кеңестік және шетел педагогикасында полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің даму ерекшелігін зерттеу негізгі мәселелер ретінде қаралған, оларға мына авторлардың жұмыстары жатады: Величковский Б.М., Выготский Л.С., Эльконин, Тихомиров О.К., Давыдов В.В., Леонтьев А.А., Ломов Б.Ф., Арутюнян А.В., Андреева Т., Крысько В.Г., т.б. Жалпы айтқанда біздің егеменді елімізде осы мәселе толық қарастырылып зерттелмеген. Ғылыми зерттеуіміздің өзектілігі Полиэтникалық Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің этникааралық өзара әрекетінің тиімділігін арттыру және олардың танымдылық іс-әрекетінің нәтижелілігін көтеру мақсатымен анықталады.
Зерттеу объектісі - жоғарғы оқу орнында оқытушылар мен студенттердің өзара қарым-қатынастары мен әрекеттерін қамтитын оқыту және тәрбиелеу процесі.
Зерттеу заты - қарым-қатынас, іс-әрекет барысындағы студенттердің ұлттық ерекшеліктерінің әлеуметтік-психологиялық сипаттамалары.
Негізгі болжам - Полиэтникалық аудиториядағы педагогтардың іс-әрекетінің нәтижелілігі этникалық топтардың танымдылық ерекшеліктерін жетік білуіне байланысты.
Жалпы болжам төмендегі жанама болжамдармен нақтыланады:
Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің дамуы мен қалыптасу барысында, олардың этникааралық өзара әрекет тиімділігі жүзеге асады.
Полиэтникалық аудиторияда студенттердің жалпы танымдық іс-әрекеттерімен бірге олардың жеке басындағы қасиеттері мен белсенділіктері дамиды.
Қойылған мақсат пен тағайындалған болжамдарға сәйкес зерттеудің міндеттері:
Зерттеуге қойылған негізгі міндеттерге байланысты келесі әдістемелер жүргізіледі:
Жоғарғы оқу орнындағы оқытушылардың іс-әрекетін талдаудың әдістемелік бағдарламасы.
Жоғарғы оқу орнындағы қоғамдық ғылымдардың оқытушыларына арналған сұрақ қағазы.
Зерттеудің методологиялық негізінде жан-жақты және гормониялық дамыған жеке адамның қалыптасуының тұтастай процесіндегі ұлттық педагогиканың әлеуметтік тарихи табиғатындағы, бір халықтың ұлттық педагогикасының екінші халықтың педагогикасына әсер етудегі кординалдық жағдайлар болуы керек.
Зерттеудің теориялық негізі мыналар болады:
1. ПОЛИЭТНИКАЛЫҚ АУДИТОРИЯДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ
1.1 Полиэтникалық аудиториядағы
студенттердің танымдылық іс-
Егеменді Қазақстан Республикасының өмірінде негізгі рольді қоғамның белсенді бөлігінің бірі - студенттер қауымы алады. Ол жастардың кәсіби дамуы, әсіресе қазіргі кездегі заманға сай жеке бастарының ерекшеліктерінің дамуы, қоғамның әрі қарай дамуымен тікелей байланысты. Сондықтан да педагогикалық зерттеудің маңыздылығы - полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін зерттей отырып, қоғамның болашақ иелерін жеке адам ретінде дұрыс қалыптастыру.
Полиэтникалық аудиторияда студенттердің танымдылық іс-әрекеті тек білімге, оқуға ғана бағытталмай, өзімен бірге жүрген достарының өмір-салтын, өзіндік-этностық ерекшелігін тануға, сөйтіп, өзінің зерделік, мәдениеттілік өрісін кеңейтуге бағыттайды. Жастар өз өмірінің студенттік кезінде үлкен психикалық өзгерістерге ұшырасады. Біріншіден студенттің “Мен” дәрежесі көтеріледі. Екіншіден, ұлт мәселесіне басқаша қарайды. Ұлттық намыс, ұлттық сезім, ұлттық санасы оянады. Осыған орай оқу іс-әрекетінің мотивациялық өрісі де өзгереді. Оқудағы меңгеру процесінің механизмдері: білім, дағды, шеберлік жүйелерінің нәтижелік көрсеткіштері өзгеріске ұшырасады. Негізінен оқу түрткісі, қажеттіліктері курстан курсқа өткен сайын анықтала түседі [9].
Полиэтникалық аудиториядағы басқарушының іс-әрекетінің негізгі элементтерінің бірі - әр жақтық этникалық топтардың өкілдерінің спецификасын білу. Басқарушы алдын ала оларды қызықтыратын халықтардың салт-дәстүрлерімен танысады. Оларда осы сұрақтар жөнінде білімдері болып немесе басқа ұлттардың қарым-қатынас тәжірибесі болғаны дұрыс.
Ұжымның мүшелерінің ұлттық- педагогикалық ерекшеліктерін білмеуі, ұлтаралық қақтығыстарға әкеліп соқтыруы мүмкін. Барлық ұлттардың өкілдеріне бірдей тең қарым-қатынас болуы керек. Полиэтникалық аудиторияның басқарушысы әрбір студентке, оның ұлтына тәуелсіз сын көзбен қарау керек. Әртүрлі ұлттың өкілдерінің арасындағы достықты нығайтуға бағытталған арнайы жұмыстар жүргізілуі керек. Тағы бір айта кететін жай, бұл студенттердің арасында қақтығыс жағдайларының болдырмау мәселесі. Себебі ұлттық негіздегі қақтығыстар бір ұлттың өкілдерінің басқа ұлтқа деген кері қатынастарын туғызады. Мұндай жағдайларда олардың себептерін мұқият ашып қарау керек. Әртүрлі ұлттардың өкілдерінің қарым-қатынастарының тәжірибесі болмауы, осындай түрдегі қарым-қатынастарды негативті эмоционалды қабылдау. Сол үшін басқарушыларға тек қана топпен емес, әр студентпен жеке дара жұмыс жасау қажет. Бұндай жағдайда қоршаған адамдардың ең бірінші жақсы жақтары мен жоғары қасиеттерін көруге үйрету керек. Көп ұлттық аудиторияда студенттердің арасында ұлтаралық қарым-қатынастың мәдениетін қалыптастыру керек.
Ұлтаралық қарым-қатынастың
мәдениеті - бұл кең көлемдегі
түсінік, бірінші жағынан халықтардың
қарым-қатынасының өткен
Өзіміздің егеменді елімізде
көп ұжымдар өздерінің
а) бастапқы сатыда студенттердің ұлттық-педагогикалық ерекшеліктері жетекшілердің іс-әрекеттеріне кедергі жасайды, немесе әрі қарай жақсы дамуына ықпалын тигізеді. Егерде олар жетекшінің мақсатына қарама-қайшы келсе, онда жалпы педагогикалық іс-әрекеті, мазмұны мен қасиетін қайта құру керек. Ұлттық-педагогикалық ерекшеліктердің спецификасын, олардың нақты этникалық топтардың өкілдерінде қызмет ететін түрлерін анықтау үшін және міндетті түрде ұжымдағы жағдайды мұқият білу үшін ұзақ уақыт қажет болады.
б) келесі сатысында жетекшілер мен студенттердің арасындағы қарым-қатынастар тұрақталады, өзара тіл табысып бірін-бірі түсіне бастайды және студенттер өз белсенділіктерін көрсетеді.
Информация о работе Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттері