Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 08:07, дипломная работа
Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдық іс-әрекеттерінің даму ерекшеліктерін зерттеу мәселесі - қазіргі практикалық педагогикадағы ең маңызды бағыттардың бірі. Осыған байланысты педагогика ғылымының алдында жеке адамның тұтастай құрылуының факторларын, заңдылықтарын ұғыну, оның ішкі және әлеуметтік белсенділігінің көздерін жеке адамның дамуының интегралдық компоненттері ретінде Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің даму ерекшеліктерін зерттеу міндеті тұр.
КІРІСПЕ………………………………………………………………………………4
1. ПОЛИЭТНИКАЛЫҚ АУДИТОРИЯДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ……………………………………..6
1.1 Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің педагогикада зерттелуі және танымдық қызығушылығының теориясы…………6
1.2 Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдық процестерінің даму ерекшелігі……………………………………………………………………….17
1.3 Полиэтникалық аудиториядағы оқу процесін ұйымдастырудағы педагогтың іс-әрекетінің және танымдық іс-әрекетті белсендіру ерекшеліктері……………24
2. ПОЛИЭТНИКАЛЫҚ АУДИТОРИЯДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ ЖАҒЫНАН ЗЕРТТЕУ……………………………………………………….32
2.1 Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің даму ерекшеліктерін зерттеуге сипаттама………………………………………..32
2.1.1 Жоғарғы оқу орнындағы оқытушылардың іс-әрекетін талдаудың әдістемелік бағдарламасының жүргізілуін ұйымдастыру……………………………...35
2.1.2 Жоғарғы оқу орнындағы қоғамдық ғылымдардың оқытушыларына арналған сұрақ қағазы әдістемесінің жүргізілуін ұйымдастыру………………………38
2.2 Жоғарғы оқу орнындағы студенттің кәсіби іс-әрекетке дайындығы……….41
3. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕСІНДЕ АЛЫНҒАН МӘЛІМЕТТЕРДІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ………………………………………………………………..46
3.1 Жоғарғы оқу орнындағы оқытушылардың іс-әрекетін талдаудың әдістемелік бағдарламасының нәтижелерін талдау……………………………………………46
3.2 Жоғарғы оқу орнындағы қоғамдық ғылымдардың оқытушыларына арналған сұрақ қағазы әдістемесінің нәтижелерін талдау………………………………….53
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………….……………..57
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............…......………………………..59
- жалпы дамуға
– студенттің жан-жақты
Көпұлтты Қазақстан жағдайында адамгершiлiк тәрбие мәселесi В.А.Кимнiң еңбегiнде негiз болады. әрбiр этникалық топтың бiр ұжымда тәрбиелену барысында олардың ұлттық ерекшелiктерiне, салт-дәстүрiне, әдет-ғұрыптарына аса мән бере отырып, адами құндылық қасиеттерiн қалыптастыруда әр ұлт өкiлдерiнiң ықпалын жан – жақты ашып көрсетедi.
Қоғам дамуының
жаңа кезеңiнде студенттермен
ХIХ ғасырдың 60 жылдары мен ХХ ғасырдың 90 жылдары аралығында адамгершiлiк тәрбиенiң даму тарихын зерттеген Э.А.Урынбасарованың еңбегiндегi қазақ төңкерiсiне дейiн және төнкерiстен кейiн де қоғам дамуында адамгершiлiк тәрбиесiнiң басты орын алғанына архив деректерiн негiзге ала отырып тұжырымдайды.
Ал, болашақ
ЖОО оқытушылары адамгершiлiк т
Бiз, тарихи ескерткiш мұралар арқылы оқушыларды адамгершiлiкке тәрбиелеуде жоғарыда аты аталған ғалымдардың, практиктердiң ғылыми тұжырымдарын басшылыққа алдық.
Студенттерге адамгершiлiк тәрбие берудiң ғылыми – теориялық негiзiн айқындай келе, зерттеуiмiзге нысана етiп алып отырған ұрпақтан – ұрпаққа жалғасқан тарихи ескерткiш мұралардың тәлiмдiк те, бiлiмдiк те маңызының зор екенiн зерттеу барысында айқындадық.
Сонымен қатар, Қазақстан бiлiм беру жүйесiнiң әлемдiк стандартқа сай 12 жылдық бiлiм жүйесiне көшуi кезiнде бiлiм берудiң негiзгi компонентi аймақтық ерекшелiктердi ескере отырып, тәлiмдiк маңызы мол тарихи мұраларды студенттердің бiлiмдiк деңгейiн жетiлдiруге байланысты еңгiзу мүмiндiгi бар екенiн атап көрсеткiмiз келедi.
Тарихи ескерткiш мұралар жеке тұлғаның адамгершiлiк құндықтарын қалыптастыру мәселесi әлi өз дәрежесiнде зерттелмеген тақырыптардың бiрi болып табылады. Бүгiнгi жас ұрпақтың бойындағы адамгершiлiк құндылықтарды қалыптастыруда ұрпақтан – ұрпаққа жалғасқан мұралардың маңызының мол екенiн көп жылдық ұстаздық тәжiрибемнен көрiп отырмын. Себебi, студент менталитетiне жақын, күнделiктi отбасындағы, қоршаған ортадағы iзгiлiктер адам бойындағы құндылықтарды дамытудағы ықпалы мол. Көп жылдық тәжiрибе барысында қоршаған ортаның студенттерге қандай ықпалы болатынына зерттеу жүргiздiк. Зерттеу барысында әсiресе студенттердің көңiл – күйiне сыртқы қоршаған ортаның ықпалының мол болғанын тәжiрибелiк – зерттеу жұмысында айқындадық. Әсiресе, қоршаған табиғи ортамен тiкелей қарым – қатынаста болу арқылы табиғаттың небiр қыр сырын түсiнуге мүмкiндiк алады.
Тәуелсiз Қазақстан мемлекетiнiң қазiргi кезеңiндегi қоғамның түрлi сфераларының құрылуы мен тұлғаның белсендiлiгiнiң жоғарылауы арасында байланыс айқындала түсуде. Осыған байланысты студенттердің танымдық әрекетiн белсендiлендiру, оны тиiмдi басқару және дамыту, әдiстемелiк, ұйымдастырушылық және моральдiк – психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету күрделi педагогикалық мәселе ғана емес, маңызды әлеуметтiк мәселе болып табылады.
Психологиялық-педагогикалық
әдебиеттердегi талдауда көрсетiлгендей
«танымдық белсендiлiк» терминiнiң
негiзiнде белсендiлiк жөнiнде
-биологиялық (П.К.Анохин, В.М. Бехтерев, Н.А.Бернштейiн, А.Илиади, И.М. Сеченок т.б.);
Биологиялық
аспект – белсендiлiк мәселелерi
түсiнiгiмен байланысты белсендi бастама
адамда энергияның жиналуының нәтижесi
болып табылатындығы жөнiнде
Психологиялық аспект – тұрғысынан белсендiлiк С.Л. Рубинштейн көзқарасындағы жалпы психика жөнiндегi детерминистiк түсiнiк беру сұрағының бiр бөлiгi ретiнде қарастырылады. Мұнда белсендiлiк iшкi шарттар арқылы болатын сыртқы себептерiнiң әрекетiнде көрiнедi, сыртқы шарттардың нәтижесi және ол iшкi сапаларға тәуелдi. Iшкi мен сыртқының қарым – қатынасы өзбеттiлiктiң және сыртқы әсер жауап беру белсендiлiгiнiң өсуiнде көрiнетiн күрделi шарттардың жоғарылауына сай өзгерiп отырады. Белсендiлiк адамның жаңа қарым – қатынасына айналады, бұл – адам жеке тұлға ретiнде көрiнгенде және белсендi әрекет қарым – қатынас иесi болған жағдайда болады.
С.Л.Рубинштейн адамның белсендiлiгiн былай түсiндiредi: «Сыртқы себептер мен сыртқы әсерлер әрқашан iшкi шарттар арқылы әрекет жасайды». Белсендiлiк субъектiнiң объектiге қатынасын қарастырады. Ол қатынас мына сәттердiң болуын қалайды:
- объектiлерге
бағытталған ыңғайлы
- объектiнi таңдаудан кейiнгi мақсаты,
- тапсырмаларды қою,
- iс-әрекетке объектiнiң қалыптасуы,
- мәселенi шешуге бағытталуы.
Практикалық әрекеттiң жүру барысында субъект қоршаған әлемге әсер етедi, таниды, өз қажеттiлiктерiмен мақсаттарына сәйкес құрады.
Әлеуметтiк тұлғалық аспект – мәселелерi iс-әрекет кезiндегi тұлғаның белсендiлiгiн зерттеумен байланысты. Тұлғалық белсендiлiк – адамның тек табиғи қасиетi ғана емес дегенге сүйенедi.
Бұл орайда субъект белсендiлiгi сыртқы материалды iшкi психикалық әрекетi өз қатарына қосатын iс - әрекеттiң бiрдей жүйесi болып табылады (Б.Г. Ананьев, В.М. Бехтерев, Л.С. Выготский, С.Л. Рубенштейн). Тұлға белсендiлiктiң өзiне ғана тән түрiне ие – әлеуметтiк өзiндiк әрекет, мұнда ол белгiлi әрекетке жетедi. Бұл әрекет өз жеке тұлғасының өзгеруiмен және әлеуметтiк ортаның өзгеруiмен байланысты өзгеруi мүмкiн.
Белсендiлiк тұлғаның әлеуметтiк сапасы деп қарастырсақ, оны әрекеттiң қысқа сипаттамасында қарастырып көрген дұрыс. Әрекет бұл адамның қоршаған ортаның меңгеруiнiң және құрылуының бiр түрi. Жеке тұлға әрекет барысында қалыптасады, дамиды. Тұлғаның әрекетке қарым – қатынасына байланысты, әрекет мақсатқа жете алуы бойынша әртүрлi болуы мүмкiн. Белсендiлiк болмыстық қоғам формаларын құруға және адамның адамның қоғамдық мәнiн жүзеге асыруға бағытталған әрекет болып табылады.
Педагогикалық аспектiдегi белсендiлiк мәселесiн зерттеу берiлген түрлi түсiндiрумен байланысты:
Репродуктивтi таным деңгейiнде объект (оқу материалы) сырттай қабылдауда сол деңгейде қабылданады. Т.И.Шамова репродуктивтi танымның мәнiн мақсатқа бағытталған iс – әрекет ретiнде ашады танымның жоғарғы деңгейi – өнiмдi келген белсендi таным болып табылады.
Педагогикалық аспект тұрғысынан белсендiлiктiң үш түрiн бөлiп қарауға болады: ақыл – ой белсендiлiгi, интелектуалды және таным белсендiлiгi.
Ақыл – ой белсендiлiгi элементарлы iс – әрекеттен бастап шығармашылықтың күрделi түрiне дейiнгi барлық деңгейдегi нағыз әмбебап iс – әрекет шарты болып табылады. Ол түрлi модификацияларда көрiнуi мүмкiн:
- ынталандыру
жаңалығынан туған зейiн
Ақыл – ой белсендiлiгiнiң орталық ядросын когнитивтi функциялар мен процесстер құрайды. Н.С.Лейтес «балалық шақтың әр кезеңi - белсендiлiк дамуының өзiндiк сапалы сатысы» деген қорытындыға келдi.
Интелектуальды белсендiлiк өзiндiк шарттарға сай ой әрекетi ретiнде түсiндiрiледi. Бұл терминнiң кең өрiс алуы, жиi қолданылуы Д.Б. Богоявленскаяның жұмыстарымен байланысты, оның пiкiрi бойынша, интелектуальды белсендiлiк интелектуальды және интелектуальды емес факторлардан көрiнетiн жүйенiң интегралды қасиетi болып табылады.
Танымдық
белсендiлiк – жалпы танымдық
белсендiлiк феноменiнiң
Танымдық белсендiлiк адамға өте маңызды және күрделi құрылым ретiнде өзiнiң психологиялық анықтамаларында көптеген тұжырымдарға ие. Бiлiмдi белсендендiру мәселесiне байланысты әр еңбектерде таным белсендiлiгiне анықтама берiледi, оның құрамды белгiлерi бөлшектенiп, мазмұны мен көлемi анықталынады. Таным белсендiлiгiнiң мәселесi – педагогикалық зерттеудiң терең негiзi екенiн атап өту керек. Оның зерттелуiне маңызды үлес қосқандар: М.Н.Скаткин, И.Ф.Харламов, М.А.Данилов, И.Л.Лернер, М.И.Махмутов және т.б. Маңызды әлеуметтi күшiне байланысты бұл қазiргi диалектикада, бiлiм беру тәжiрибесi мен тәрбиеде негiзгi болып саналып отыр. Педагогикалық – психологиялық әдебиеттерге белсендiлiкке төмендегiдей анықтамалар берiледi:
Танымдық белсендiлiк көп түрлi тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен тығыз байланысты. танымдық әрекеттiң белгiлi бiр ғылым саласымен таңдаулы қатынасы, танымдық әрекетi, оларға қатысу және қатыскшылармен танымдық қарым – қатынасы маңызды келедi. Сонымен бiрге, адамның барлық жоғарғы таным процесстерiн өзiнiң даму деңгейiнен белсендiруде танымдық белсендiлiк тұлғаның шындықты қайта құру әрекетi нәтижесiнде ұдайы iзденiске жетелейдi.
Студенттердің жеке тұлғасында танымдық белсендiлiгiнiң дамуы 19-21 жас аралығында қарқынды келедi. Бұл әсiресе студенттің логикалық тапсырмаларды белсендi орындауы, жауап кiлтiн табуға ширақ келуi, бiлуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы оқу әрекетiнiң мiндеттерiн шешуде айқын көрiнедi
1.2 Полиэтникалық
аудиториядағы студенттердің
Ұлттық-педагогикалық ерекшеліктерін тек қана бағыт және таптауырындар механизмдері арқылы көрінеді. Бір жағынан адамдардың психикасы мен іс-әрекетіндегі қызмет ететін санадан тыс әрекеттерге қазіргі уақытқа дейін басқа түсініктемелер табылған жоқ. Шынында да ұлттық-педагогикалық ерекшеліктердің көріуі санадан тыс және саналы әрекеттер шекарасында жатады. Яғни ол адамның еркінен тәуелсіз. Басқа жағынан қарағанда ұлттық-педагогикалық ерекшеліктердің қызмет ету процесін суреттеуде қажетті болатын бағыт теориясын педагогикалық дайындық феноменін түсінуге шығарады, себебі кез-келген ұлттық жалпылықтың өкілдері оларға ұлттық дәстүрлері мәжбүр ететін ойлануға, сезінуге және қимылдар жасауға бейімделген болады. Ұлттық-педагогикалық ерекшеліктер ретінде көрінетін тұрақты психикалық феномендердің қызмет ету сипатын тек қана топтауырындалу құбылыстары түсіндіре алады.
Олардың ғылыми әдебиеттерде бағыт теориясы өте кеңінен қарастырылған. Оның негізін салушы Д.Н.Узнадзе бағытты былай түсінген, индивидтің біріккен қажеттіліктерінің ықпал жасауынан және оның өмір сүру жағдайларының әсер етуінен пайда болған. Белгілі психикалық қалып, оны белгілі іс-әрекетті орындауға дайындық ретінде сипаттауға болады. Бағыттардың пайда болуы және қызмет ету механизмдерін бірінші көрсеткен де Д.Н.Узнадзе. Қажеттіліктердің негізінде пайда болатын бағыттардың сипатына жеке адамның қабылдау тәсілі, реакциялары, жүріс-тұрысы бағынышты Ш.Надирашвили бағыты әлеуметтік педагогиканың деңгейінде түсінудің ірге тасын қалаған. В.А.Ядов, әлеуметтік бағыттың құрылымында когнитивті эмоциональды және жүріс-тұрыстың компоненттерін бөліп көрсетті, бағытты түсінде жеке адамның негізгі сипаты ретінде оның қызмет ету механизмдерін зерттеу жолдарын көрсетті.
Информация о работе Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттері