Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 08:07, дипломная работа

Описание работы

Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдық іс-әрекеттерінің даму ерекшеліктерін зерттеу мәселесі - қазіргі практикалық педагогикадағы ең маңызды бағыттардың бірі. Осыған байланысты педагогика ғылымының алдында жеке адамның тұтастай құрылуының факторларын, заңдылықтарын ұғыну, оның ішкі және әлеуметтік белсенділігінің көздерін жеке адамның дамуының интегралдық компоненттері ретінде Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің даму ерекшеліктерін зерттеу міндеті тұр.

Содержание работы

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………4

1. ПОЛИЭТНИКАЛЫҚ АУДИТОРИЯДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ……………………………………..6
1.1 Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің педагогикада зерттелуі және танымдық қызығушылығының теориясы…………6
1.2 Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдық процестерінің даму ерекшелігі……………………………………………………………………….17
1.3 Полиэтникалық аудиториядағы оқу процесін ұйымдастырудағы педагогтың іс-әрекетінің және танымдық іс-әрекетті белсендіру ерекшеліктері……………24

2. ПОЛИЭТНИКАЛЫҚ АУДИТОРИЯДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ ЖАҒЫНАН ЗЕРТТЕУ……………………………………………………….32
2.1 Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің даму ерекшеліктерін зерттеуге сипаттама………………………………………..32
2.1.1 Жоғарғы оқу орнындағы оқытушылардың іс-әрекетін талдаудың әдістемелік бағдарламасының жүргізілуін ұйымдастыру……………………………...35
2.1.2 Жоғарғы оқу орнындағы қоғамдық ғылымдардың оқытушыларына арналған сұрақ қағазы әдістемесінің жүргізілуін ұйымдастыру………………………38
2.2 Жоғарғы оқу орнындағы студенттің кәсіби іс-әрекетке дайындығы……….41


3. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕСІНДЕ АЛЫНҒАН МӘЛІМЕТТЕРДІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ………………………………………………………………..46
3.1 Жоғарғы оқу орнындағы оқытушылардың іс-әрекетін талдаудың әдістемелік бағдарламасының нәтижелерін талдау……………………………………………46
3.2 Жоғарғы оқу орнындағы қоғамдық ғылымдардың оқытушыларына арналған сұрақ қағазы әдістемесінің нәтижелерін талдау………………………………….53

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………….……………..57

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............…......………………………..59

Файлы: 1 файл

1147171_78579_diplomnaya_rabota_polietnikalyk_auditoriyadagy_studentterdin.doc

— 435.00 Кб (Скачать файл)

в) ең соңғы этапта бүкіл  ұлттық өкілдерінің араларындағы потенциалдық мүмкіндіктері ашылып бір-бірімен өзара әрекеттене бастайды. Ендеше студенттердің ұлттық-педагогикалық ерекшеліктері пән оқытушының белсенділігінің ұйтқысы болады. Бұл кезеңде ұжымның ішінде қиыншылықтар пайда болса, онда этникалық жалпылықтың өкілдері өздері-ақ жая алады, полиэтникалық жағдайда студенттердің бір-біріне деген жанашырлық қайғыға ортақтасу, қиын жағдайда кеңес пен көмек беру сияқты қасиеттері дами түседі. Бір ескеріп кететін жай Полиэтникалық аутиторияда өздерінің дәстүрлерімен, моральды және құлықтылы құндылықтарымен, әлеуметтік жағдайымен өмір сүру стилімен, жүріс-тұрысымен ерекшеленетін адамдар бар екенін ұмытпауымыз керек.

Бүгінгі күнде біздің еліміздің экономикалық дамуы өте  күрделі кезеңде өтпелі болып  отыр. Себебі адамдардың көпшілігі  саясатқа келіп, коммерциялық іс-әрекетпен айналысып, басқарудың әртүрлі сфераларына қатысып, және осыларға керек болатын арнайы дайындықсыз, соның үстінен бұлардан кәсіби сапалар талап етіледі. Полиэтникалық аудиторияның жетекшісі әртүрлі жалпылықтардың өкілдерімен байланыста бола отырып, біраз уақыт өткеннен кейін олардың өзара қарым-қатынастарын реттеудің арнайы дағдылары мен іс-әрекеттерін ие болады [37].

Ұлтаралық қарым-қатынастың мәдениетіне әртүрлі халықтардың  адамдарының өзара әрекеттену және бір-біріне әсер ету процесі қарастырылады. Ұлтаралық қарым-қатынаста әртүрлі этникалық жалпылықтардың өкілдері өздерінің халықтарының жекеленген қсиеттерін ғана көрсетпей, сонымен қатар өзінің ұлтының қоршаған ортаға, басқа этностарға кең және жүйелі қарым-қатынаста, сол сияқты ұлтаралық қарым-қатынасының ұғымында өзін іс жүзіне асырған болатын. Кәсіпқойлық ұғымын біріншіден ұлтаралық қарым-қатынастарға, адам кейін қатынасқа жатқызуға болады. Ол осымен өзінің ғылыми, әлеуметтік және тәжірибелік құндылығына ие болады. Осыған байланысты ұлтаралық қарым-қатынаста кәсіпқой өзіндік ұлттық-педагогикалық ерекшеліктерінің негізінде әртүрлі ұлт өкілдерінің қатынастарын реттеп ұйымдастырып қана қоймай, сонымен қатар әр этностың адамдарының идеялық және педагогикалық құндылықтарын, олардың ұлттық идеологияларын, әлеуметтік топтауырындағы, жүріс-тұрыс пен іс-әрекетті жалпы қызығушылықтар ретінде пайдаланады.  Ұлтаралық қарым-қатынастарда кәсіпқойлықтың даму мәселесінің қалыптасуының үлкен саяси маңызы бар. Себебі полиэтникалық аудиторияда саяси процестерді икемді реттеуге жағдай жасайды, әртүрлі жалпылықтардың өкілдерінің өзара қарым-қатынастарында пайда болатын аздаған келіспеушіліктерді жойып етеді.

  1. Психолого-педагогика ғылымының кейінгі даму жылдарында тиімді оқытуды жақсарту мәселесі жан-жақты оқытудың бір объектісі болып жүр. Бұл мәселе жөнінде Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, А.Н.Маркова, Л.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, В.Я.Ляудис, Б.Хасанов еңбектерінен көруге болады.

Полиэтникалық аудиторияда  ұлтаралық қарым-қатынаста кәсіпқойдың  білімдеріне, дағдыларына және іскерлігіне жауапты талаптар қойылады, әсіресе деңгейлері мен сапаларына және олардың дамуына. Бұл жерде өте жоғары кәсіпкер туралы сөз болады, себебі оған бүкіл адамдарға маңызды саяси қарым-қатынастар мен саяси іс-әрекеттер тәуелді.

Міне осыған байланысты ұлтаралық қарым-қатынастарда біз кәсіпқойлықты қарастырғанда онымен әртүрлі қабілеттердің жақын дамуының кәсіпкерліктің іс-әрекетінің аумағында ғана көрінетін терең және кең білімдеріне байланыстырып қана қоймай, сонымен қатар жалпы адамзаттық мәдениеттің ерекшеліктерін, әртүрлі этникалық жалпылықтардың өкілдерінің арасындағы еңбек қатынасының мәдениеті, ұлтаралық өзара әрекеттенудің құлықтылық мәдениеті.

Осы білімдерді тәжірибе пайдалану, оған күнделікті өмір сүру және іс-әрекет барысында бүкіл елдердің адамдарының теңдігін нәтижелі түрде іске асыру, қоағмдағы белгілі процестердің әлеуметтік салдарын алдын ала білу, әр этникалық жалпылықтардың өкілдерінің өзара қарым-қатынастарына әсер ететін олардың жағымды және жағымсыз жақтарын анықтау; бірігіп күш салудың негізінде бүкіл адамдардың интеллектуалдық және әлеуметтік күштерін біріктіру, ынтымақтастыққа реалды және сенімді жолдар табу, дауласқан сұрақтарды қиындықсыз шеше, ұлтаралық қарым-қатынастардағы иеленушіліктер мен қақтығыстарды болдырмау.

Қорыта келгенде ұлттық қарым-қатынаста кәсіпқойлықтың жеке адамдар арасында көріну деңгейлері жеке адамның мынадай дағдыларын, іскерліктерін және қасиеттерін қалыптасуын талап етеді: әртүрлі этникалық жалпылықтардың өкілдерінің өзара іс-әрекеттері мен қатынастарындағы әртүрлі қиындықтарды жеңуді қамтамасыз етеді, басқа ұлттың адамдарына деген жанашырлық, ұлтаралық қатынастардың нәтижелігіне қажетті жағымды педагогикалық атмосфераны тудыру, сол сияқты біріккен іс-әрекет барысында жағымды нәтижелерге жету. Алдына қойған мақсаттарына жетуі үшін кәсіпкерліктердің ең біріншіден мынандай білімдері болуы керек: әртүрлі этникалық жалпылықтардың өкілдерінің ұлттық-педагогикалық және басқа ерекшеліктерін білу, ұлтаралық қарым-қатынастағы әртүрлі жағдайларында олардың жүріс-тұрыстарының түрлері мен тәсілдерін білу, қатынастарымен өзара әрекеттенулерін, дәстүрлерді және таптауырындарды басқа ұлт өкілдерінің қабылдауы, ұлттық сана-сезімнің қызмет етуінің өзіндігі. Ұлтаралық қарым-қатынаста кәсіпқойлықтың көріну түрлерінің құрылымы мен мазмұны өте күрделі және көптүрлі. Олардың негізін құрайтындар өте жақсы дамыған қабілеттер; өзіндік қалыптасқан қызығушылықтармен олармен қатынас жасау процестерінен қанағат алуға тырысу.

Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.

Танымдық  әрекет – шәкiрттiң бiлiмге деген  өте белсендi ақыл – ой әрекетi. Ол танымдық қажеттiлiктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекеттiң негiзiнде студенттерде танымдық белсендiлiктерiнен iзденiмпаздық қалыптасады.

Танымдық iзденiпаздық ұғымы және оны қалыптастыру проблемасын  көптеген педагогтар, психологтар мен  әдiскерлер зерттеп, ғылыми еңбектер жазды. Бұл проблеманың түп тамыры сонау көне замандардан бастау алады.

Құл иеленушiлiк  құрылыс кезiнде ежелгi Греция мен  Римде басқа мемлекеттермен салыстырғанда  қоғамдық даму деңгейi жоғары болды. Бұл  дәуiрде де өскелең тәрбие беру iсiне мемлекет тарапынан айрықша көңiл бөледi. Құл иеленушi қоғамға мемлекеттi қорғай алатын, қажет кезiнде жаугершiлiк ұрыстарға шалымды, күштi, жiгерлi де бiлiктi адамдар қажет болады. нәтижесiнде ежелгi грек тәрбие теориясы пайда болып, бұл идеялар Платон, Аристотель, сондай – ақ ежелгi Рим философтары Плутарх, Тацит, Квинтилиан еңбектерiнде одан ары дами түстi.

Бұл теорияда ақыл – ой тәрбиесiне көп көңiл  бөлiндi, әсiресе шәкiрттiң өз ой тұжырымын  дамытуға ерекше мән берiлдi. Сократтың  өзi – ақ оқыту барысында шәкiрттердiң танымдық белсендiлiгi мен iзденiмпаздығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен – дi. Ол шәкiрттердiң танымдық iзденiмпаздығын арттыратын арнайы оқыту әдiсiн – эвристикалық әңгiмелесудi алғашқылардың бiрi болып қолданды. Сократ бiлiмдi жай ғана бере салмай, шәкiрттерiне сұрақ қоя отырып, олардың ойлау қабiлетiн, қызығушылығын арттырып, өз ой тұжырымдарын жасай бiлуге ұйретедi. Эвристикалық сұрақтарды алдын – ала дайындай отырып, танымдық iзденiмпаздықты оқыту құралы ретiнде қарастырады.

Кейiнiрек осы iзденiмпаздықтың дамуына ежелгi Рим философтары үлес қосты. Олар бiлiмдi игеруде шәкiрттердiң белсендi танымдық iзденiмпаздығы айтарлықтай роль атқарады деген пiкiр айтты.

Демек, антикалық  дәуiрдiң өзiнде-ақ педагогтар оқушылардың  өзiндiк ой – тұжырымын жасау, оны дамыту үшiн репродуктивтi және эвристикалық әдiстердi дұрыс қолдану мәселесiне көңiл бөлген.

Орта ғасырлық тәрбиелеу процессiнде дiннiң ерекше роль атқарғанын байқауға болады. дiннiң  уағыздауы бойынша, адамды алдағы келетiн  «о дүниелiк» өмiрге дайындау мәселесiне мән берiлдi. Шiркеу қызметкерлерi антикалық дәуiрдегi әдеби және ғылыми мұраларды жоққа шығарып, оны таратушыларды аяусыз жазалап отырды. Мысалы, VI ғасырдың соңында Папа Григорий I шәкiрттерiн латын грамматикасына үйреткен епископты жазалауға үкiм шығарған.

Жалпы, орта ғасырдағы  оқу жүйесi догмалық жағдайда болды, мағынасын түсiнбей жаттап алу жиi кездестi. Оқылатын материал шындықтан  алыс, бұлдыр тiлде берiлдi. Сондай –  ақ бiлiмдi жеткiзу сұрақ – жауап  түрiнде жүзеге асты. Оқытудың мұндай жағдайында танымдық iзденiмпаздық туралы сөз қозғауға болмайтыны белгiлi.

Оқытудың  мұндай догмалық жүйесi шәкiрттiң жалпы  дамуын тежеп қана қоймай, олардың  танымдық әрекетiне балта шапты. Бұл  жүйе бiрнеше ғасырға созылды.

Қайта өрлеу  дәуiрiнде капиталистiк өндiрiстiң дамуына байланысты оқытудың догмалық жүйесiн сынап, шәкiрттiң ой – өрiсiн дамытуға үндеген еңбектер пайда бола бастады. Қоғамға «о дүниеге» дайындалып жатқан адам емес, керiсiнше, белсендi, ой – өрiсi кең, қоғамның алдыңғы қатарлы мүшелерi қажет болды.

Оқытуды жетiлдiру құралы ретiнде танымдық iзденiмпаздық  туралы құнды пiкiрлер Ф. Бэкон, Ф. Рабле, М. Монтень, Д. Локк, Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо, К. Гельвеций, Д. Дидро, А. Лавуазье, И.Г. Песталоцци, И. Кант және т.б. еңбектерiнде  айтылды.

Қайта өрлеу  дәуiрiнiң ұлы ойшылы, ХVI ғасырда  өмiр сүрген француз ғалымы Мишель Монтень оқытудағы танымдық әрекеттiң  маңыздылығын ерекше атап көрсеттi: «Тәрбиешi баланы бастан-ақ оның бойындағы қабiлеттердi еркiн көрсете бiлуiн, түрлi заттардың  дәмi мен олардың ерекшелiктерiн ажыратуда өз бетiнше әрекет етуiн, кейде оған жол көрсетiп, кейде, керiсiнше, өзiне iздеп отыруын қалаймын». Монтень таным әрекетiнде студенттің басшылық ролiнiң маңыздылығын түсiндi. Ол: «Студент ұстаздан алған бiлiмiн түгел сүзбеден өткiзiп, өз бетiнше талдау жасату қажет. Соның нәтижесiнде оның бiлуге құштарлығы дами түсетiнi сөзсiз», - деп жазған болатын.

Демек, Монтень  пiкiрлерiнде студенттің танымдық iзденiмпаздығын  дамыту идеялары айтылған.

Монтеньнен  кейiн iзденiмпаздық ұғымы мен ондағы мұғалiмнiң ролi туралы идеяның маңыздылығын Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо, И.Г. Пестолоцци және т.б. мұраларында жалғасын тапты.

Танымдық iзденiмпаздықты  дамытудағы оқыту әдiстемесiнiң негiзiн  Я.А. Коменский қалады. Ол: «Таным бастамасы  – сезiмнен, студент сезiне бiлмесе, оның ой-өрiсiнде ешқандай өзгерiс болмайды. Оқытуды зат туралы сөзбен емес, сол затты бақылау арқылы шәкiрттiң ойын дамыту керек», - деп жазды.

«Мен өз шәкiртiмнiң  әрқашанда өз бетiнше бақылауын, практикада өздiгiнен тұжырым жасауын дамытуды – бiлiм берудегi негiзгi жетiстiкке жету құралы ретiнде қарастырамын», - деген болатын.

Коменский оқытудың мақсаты ғылыми бiлiмдi меңгеру және өмiрге пайда келтiру деп бiлдi. Ол «Ұлы дидактика» еңбегiнде: «Заттың  не құбылыстың түп тамырына жету, анықтау қабiлетiн дамыту, оны шынайы түсiну және қолдана бiлу қажет», - деп ерекше атап өттi.

Я.А.Коменскийдiң  шәкiрттiң iзденiмпаздығы туралы пiкiрiн  Д. Локк одан әрi дамытып, оқу әрекетiндегi мотив пен ұмтылыс туралы сөз  ете отырып, баланы дамытудағы iзденiмпаздықтың қажеттiгiн атап көрсеттi.

Ж.Ж.Руссо  тәрбие мақсатын сөз ете отырып, баланың шығармашылық тұлғасын көрсету  керектiгiн айтты. Ол алғаш рет  оқытудағы белсендiлiк пен  өзбеттiлiк, iзденiмпаздық ұстанымын көрсетiп  бердi.

Ж.Ж.Руссо  идеясын И.Г.Пестолоцци әрi қарай дамытты. Ол студенттің iзденiмпаздығын дамытудағы мұғалiмнiң ролiн ерекше атап көрсеттi.

ХҮIII – ХIХ  ғасырдағы танымдық iзденiмпаздық  теориясының дамуына И.Г. Песталоцци еңбектерiнiң маңызы зор болды.

И.Г. Песталоций оқыту әдiстемесiнiң жалпы психологиялық қайнар көзiн iздедi, сол арқылы ғана адамның дамуын жүзеге асыруға болады деп есептедi.

Қазiргi таңда  әрбiр жеке тұлғаның құндылық қасиеттерiн  дамытып, қалыптастыруға аса мән  берiлiп отырғаны белгiлi. Әсiресе ұрпақтан – ұрпаққа мирас болып келе жатқан салт – дәстүр, әдет – ғұрыптар, тарихи – әдеби мұралар арқылы оқушылардың жеке бас қасиетiн дамыту мүмкiндiгiне барынша көңiл бөлiнгенiн ғылыми – зерттеу еңбектерден аңғарамыз.

Бастапқы  кезде студенттердің есте сақтау мен танымдық қызығушылық қабiлетi  жақсы болады. Егер студенттің қызығушылығы жайында жүйелi мәлiмдемелер түсiп отырса, студенттің даму үрдiсi шапшандайды. Бiз бұл жерде Л.В. Занковтың идеясын негiзге алдық. Ол студенттің қоғамдық өмiрдiң әртүрлi жақтарымен еркiн араластыру керек, әртүрлi студенттің дамуы үшiн туындайтын шегiнiстерден қашпауымыз керек, керiсiнше, студенттің дамуына қандай дәрежеде ықпал еткенiн айқындай отырып, жүргiзу қажет деген ұсынысын зерттеуiмiзге  басшылыққа алдық. Тарихи ескерткiш мұраларға жүргiзiлген саяхат – сабақтар мен эксурсиялар студенттің танымын қалыптастыруда негiзгi орын алатынын практика барысында айқын байқадық.

Әртүрлi жүргiзiлген саяхат жұмыстары студенттің ынтымақтастығын  жетiлдiре түседi. Бұл туралы психолог Л.С.Выготский «Дербес жұмыс iстегеннен гөрi студент ынтымақтастықта күштiрек әрi ақылдырақ болып, ол өзi шеше алатын интелектуалды қиындықтар деңгейi жөнiнен биiкке көтерiледi…», - дейдi.

Жалпы жеке тұлғаның бойындағы адамгершiлiк құндылықтарын  қалыптастыруға байланысты арналған ғылыми – зерттеу еңбектерiн зерделеу барысында студенттердің қалыптасуы, олардың психологиялық дамуына байланысты арналған еңбектер сараланып, жүйеленгенiн байқадық.

Мәселен, С.Төрениязова  «Студенттердің танымдылық іс-әрекеттері» атты ғылыми-зерттеу жұмысында студентті дамытуда бiлiм мен тәрбие негiзгi орын алатынын атап көрсете келе, дамудың бес жағдайын нақтылайды:

- психикалық  дамуға – студенттің мiнез-құлқының, ерiк-жiгерiнiң, қабiлетiнiң дамуы;

- рухани дамуға - студенттің iшкi жан дүниесiнiң сырттан  әсер ететiн күшпе өзара бiрлiгi;

- әлеументтiк  дамуға – өздерi өмiр сүрiп  отырған қоғамдық ортаға үйлесе  дамуы;

Информация о работе Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттері