Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 08:07, дипломная работа

Описание работы

Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдық іс-әрекеттерінің даму ерекшеліктерін зерттеу мәселесі - қазіргі практикалық педагогикадағы ең маңызды бағыттардың бірі. Осыған байланысты педагогика ғылымының алдында жеке адамның тұтастай құрылуының факторларын, заңдылықтарын ұғыну, оның ішкі және әлеуметтік белсенділігінің көздерін жеке адамның дамуының интегралдық компоненттері ретінде Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің даму ерекшеліктерін зерттеу міндеті тұр.

Содержание работы

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………4

1. ПОЛИЭТНИКАЛЫҚ АУДИТОРИЯДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ……………………………………..6
1.1 Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің педагогикада зерттелуі және танымдық қызығушылығының теориясы…………6
1.2 Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдық процестерінің даму ерекшелігі……………………………………………………………………….17
1.3 Полиэтникалық аудиториядағы оқу процесін ұйымдастырудағы педагогтың іс-әрекетінің және танымдық іс-әрекетті белсендіру ерекшеліктері……………24

2. ПОЛИЭТНИКАЛЫҚ АУДИТОРИЯДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ ЖАҒЫНАН ЗЕРТТЕУ……………………………………………………….32
2.1 Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің даму ерекшеліктерін зерттеуге сипаттама………………………………………..32
2.1.1 Жоғарғы оқу орнындағы оқытушылардың іс-әрекетін талдаудың әдістемелік бағдарламасының жүргізілуін ұйымдастыру……………………………...35
2.1.2 Жоғарғы оқу орнындағы қоғамдық ғылымдардың оқытушыларына арналған сұрақ қағазы әдістемесінің жүргізілуін ұйымдастыру………………………38
2.2 Жоғарғы оқу орнындағы студенттің кәсіби іс-әрекетке дайындығы……….41


3. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕСІНДЕ АЛЫНҒАН МӘЛІМЕТТЕРДІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ………………………………………………………………..46
3.1 Жоғарғы оқу орнындағы оқытушылардың іс-әрекетін талдаудың әдістемелік бағдарламасының нәтижелерін талдау……………………………………………46
3.2 Жоғарғы оқу орнындағы қоғамдық ғылымдардың оқытушыларына арналған сұрақ қағазы әдістемесінің нәтижелерін талдау………………………………….53

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………….……………..57

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............…......………………………..59

Файлы: 1 файл

1147171_78579_diplomnaya_rabota_polietnikalyk_auditoriyadagy_studentterdin.doc

— 435.00 Кб (Скачать файл)

Полиэтникалық жағдайдағы басқарушылар, әлеуметтік-қызметкерлер көптеген ұлттардың өкілдерімен ең алғаш кездеседі және көбінесе олармен қарым-қатынас жасауға дайын болмайды. Социологтардың зерттеулері бойынша мұндай жағдайларда ұлтаралық қарым-қатынас 4-6 есе жоғарылай түседі, ол үшін әр адамнан қосымша педагогикалық қиыншылықтарда жеңіп шығуға талап етіледі. Полиэтникалық ұжымдардың көптеген басқарушылары ұлтаралық қарым-қатынастарды басқару кезінде, әсіресе өздерінің іс-әрекеттерінің бастапқы сатыларында жиі және көптеген қиыншылықтарға соқтығысады. Бұған бірнеше себептердің қатары бар. Ең негізгісі - оқу орындарындағы Полиэтникалық ұжымдармен жұмыс жасаудың әртүрлі әдістерін үйрететін арнайы пәндердің болмауы. Соған байланысты қазіргі заманда жоғарғы оқу орындарының түлектері және жас кәсіпкерлер Полиэтникалық ұжымдардағы әлеуметтік-педагогикалық қиыншылықтарға ұшырайды.

Полиэтникалық жағдайда индивидтің өзіндік қарым-қатынасы - тіл үйренудің, сол тілді меңгерудің негізі болады. Осымен қатар тіл  үйренуде, сол тілді өгей тіл ретінде, ана тілі ретінде қарауда, оған қарым-қатынастың  құралы ретінде қараудың тілдік пән ретінде қараудың атқаратын ролін, оның маңызы өте зор. В.Риверс кезінде айтқан болатын: “тілге үйренудің жолдарын іздестірместен бұрын, со тіл дегенге анықтама беруіміз керек”. Яғни тіл оның қарым-қатынас жүйесіндегі ойын, даму деңгейін байқататын, оның қарым-қатынастағы қызметін көрсететін жалпы білім алу кезіндегі құрал. Өгей тілге үйренудің жалпы пән ретінде анықталуымен қатар, өзінің үйренудегі, қолдану жүйесіндегі ерекшеліктері оны меңгеру қиындығын аңғартады. Оны меңгерудегі қиындықты студенттер мен педагогтар мезінеді. Мұндай әсер кейде студенттерге үйренуде қарама-қайшылықтар туғызуы мүмкін. Мысалы, “қаншама оқысаңда үйрене алмайсың”, “Тіл үйрену маған қиын” [7].

Күнделікті өмірде адам өзінде бұрыннан бар және жаңа пайда болған қажеттіліктерді қанағаттандыру жолында әртүрлі әрекет жасайды. Осының барысында ол заттар мен құбылыстардың арасындағы жоғарыда аталған көптеген байланыстарының ішінен керек дегенін алып, іске жаратады. Мұның бәрін біз ойлау арқылы есеп шығаруға жатқызамыз. Заттар мен құбылыстарды талдап зерттеу салыстыру арқылы жүргізіледі: К.Д.Ушинский: “Дидактикада салыстыру негізгі тәсіл болу керек” деген болатын. Салыстыру - заттар мен құбылыстардың өзара ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетіп беру. Ол мақсатты түрде болып, заттардың белгілі бір ерекшеліктерін негізге алып өткізілу керек [17].

Социологтардың зерттеулері  бойынша Полиэтникалық ұжымдардың, басқарушыларының практикалық іс-әрекеттері бастағаннан бастап 4-5 жылдан кейін ғана өздерімен бірге жұмыс істейтін адамдардың ұлттық және әлеуметтік-педагогикалық ерекшеліктерін білу іскерліктері, сол сияқты ұлтаралық қарым-қатынастарды реттеуде тұрақты білімдері мен дағдылары қалыптасады. Өкінішке орай, Полиэтникалық ұжымдарды біріктіру құралы ретінде пайдаланатын әдебиеттер аз шығарылады.

Полиэтникалық ұжымдарды белгілі бір ұлтқа жатуына, мәдени спецификасына, тілдің өзінділігіне, салт-дәстүрлеріне қарай жеке адамдардың өзара қарым-қатынастарының түрлерінің үлкен әртүрлілігін көруге болады. Бұндай жағдайда нақты бір этникалық топтың өкілдерінің ұлттық-педагогикалық ерекшелігінің спецификациясын білу, басқарушы мен әлеуметтік қызметкердің іс-әрекетін жеңілдете түседі. Полиэтникалық жағдайда бір ұлттың өкілдерінің арасындағы тұрақты байланыстарының болуына байланысты топ аралық қарым-қатынастар белсенді түрде көрінеді. Педагогикалық зерттеулер бойынша, мұндай қарым-қатынас байланыстары әртүрлі этникалық топтардың өкілдерінің арасында қақтығысқа әкеліп соқтыруы мүмкін. Басқарушы, әлеуметтік қызметкер осындай қарым-қатынастарды назарсыз қалдырмау, оларды таңдау міндетті, және өздерінің іс-әрекеттерінде есепке ала отыру керек [11].

Полиэтникалық жағдайда бір ұлттың адамдарының арасындағы өзара іс-әрекеттерін ұжымның  ұлттың қарым-қатынастары деп санауға болмайды. Бұл ұлттық-педагогикалық ерекшеліктері бірдей адамдардың арасында болып жататын тар этникалық қатынастар. Олар негізінен жеке адамдардың арасындағы әлеуметтік-мәдени байланыстарының құрылымында кездеседі. Басқаша айтқанда, мұндай ұжымдарда белгілі бір ұлттың бір адамы ғана емес, керісінше бір ұлттың бір топ адамдары көрінеді, олардың арасында этно-топтық өзіндік сана қалыптасады, жалпы қызығушылықтар мен талпыныстар көріне бастайды. Бұл процесті басқарушысы қадағалап отыруы керек. Осыған байланысты Полиэтникалық ұжымдардың мүшелерін біріктіру, ұлтаралық қақтығыстарды болдырмау жұмыстары нәтижелі түрде жүзеге асып отыруы керек. Тәрбиелеу объектісі ретінде Полиэтникалық ұжымның әлеуметтік-этникалық құрылымының бірлігін этникалық микро-топты қарастыру қажет. Бұндай жағдайларда бір ұлттың адамдарының бірігуі көрінеді, барлығыны ортақ тіл, жалпы ұлттық-педагогикалық ерекшеліктерімен, мәдени бір түрлі және этно-топтық өзіндік сана сезіммен, топ ішіндегі нормалар мен принциптердің болуымен сипатталады. Полиэтникалық ұжымдарда мұндай микро-топтар бірнеше болуы мүмкін. Олардың мүшелері біртипті тәрбиелік әрекеттерге әртүрлі жауап беруі мүмкін. Жалпы ұжымдық, әлеуметтік, педагогикалық құндылықтарды үлкен дәрежеде қызмет етулерін анықтай түседі, мысалы, қоғамдық пікір, топтық көңіл-күй, дәстүрлер т.б. Бүкіл ұжымның нәтижелік іс-әрекетінің қалыптасуына әр этникалық микро-топтарда пайда болатын жекеленген әлеуметтік-педагогикалық процестердің бірігуі қажет.

Полиэтникалық жағдайда студенттермен тәрбие жұмысының жүргізілуі күрделене түседі, және кең көлемді білім мен ынтаны, мамандық дайындықты, жоғары педагогикалық шеберлікті талап етеді. Полиэтникалық жағдайда басқарушының ұжымда болып жатқан ұлттық-педагогикалық процестердің мәнін, заңдылықтары мен олардың көрінуін есепке ала отырып білудің маңызы өте зор. Бұл процестердің ұжымның тұрақты болуына байланысты тәжірибелік дағдылар да қажет.

Полиэтникалық аудиторияда студенттердің ұлттық-педагогикалық ерекшеліктерін ескере отырудың маңызы өте зор. Әртүрлі ұлттардың өкілдері басқарушылардың жүріс-тұрыс стильдерін өз беттерінше қабылдайды. Олар басқарушылардың құндылық қасиеттеріне, мамандық дағдыларына, педагогикалық шеберліктеріне әртүрлі талаптар қояды. Мұндай жағдайларда этникалық топтардың көп нәрселері мәдени дамудың спецификасына байланысты болады [24].

Тәрбиелеу - белгілі бір ұлттың жеке адамына әсер ету, сол адамның  жан-жақты қарым-қатынас жасау, басқа  ұлттар мен халықтардың өкілдерімен  іс-әрекет жасау түрін өзгерту. Тәрбиелік  жұмыстың заңдылығы - адамдардың іс-әрекеттерінің ұлттық механизмдерінің спецификасының қорытындысы. Осындай механизмдердің негізінде ұлттық топтардың тарихы және мәдени даму барысында қалыптасқан бағдар мен таптауырындар жатады. Полиэтникалық жағдайда басқарушы ұжыммен жұмыс жасау барысында қолынан келетін барлық жағдайларды жасау керек. Оның жұмысы мұқият жоспарланған және жүргізілу сатыларында бірізділі түрде болуы керек.

Танымдық белсенділік - студенттердің  жан-жақты білім алуға бағытталған  қимылдарында олардың қалаулары мен қызығушылық-тарының көрінуі.

Педагогтың еңбегінің өзінділігі - ол ең басты әрбір студенттің танымдылық белсенділігін қалыптастыруда көрінеді. Себебі, дамыған танымдылық белсенділік  жеке адамның творчествалық ерекше белгісі болып табылады. Студенттердің танымдық белсенділіктерін дамытудың негізгі тәсілі жоғары оқу орнындағы лекция болып табылады. Лекция тек қана білім беру мен тәрбиелеудің ғана емес, сонымен бірге студенттердің өз бетінше жұмыс істеуінде танымдылық іс-әрекеттерін дамытудағы негізгі құралы болып табылады. Ешбір оқулық, ешқандай көмекші оқу құралы лектордың аудиториядағы сөзіндей, оның студенттермен қарым-қатынасындай бола алмайды. Жоғары оқу орнының қабырғаларында студент өз кәсібінің маманы болуға дайындалады.

Қазіргі заманның маманы - билікті ұйымдастырушы, еңбектің ғылыми ұйымдастыру принциптерін тәжірибе барысында қолдана алады. Ол адамдармен қалай жұмыс істеу керек екенін біледі, ұжымдық тәжірибені бағалайды, және жолдастарының пікірлерімен санасады. Сол сияқты осы заманғы маман өте жоғары мәдениетті адам, біздің қоғамымыздың нағыз интелегенті және эрудициясы кеңінен дамыған. Жоғары оқу орнындағы лекция студенттерді ғылыммен айналысуға және сол сияқты жастардың творчестволық ойлауларын жоғары мәдениеттілікті және азаматтық борышының жоғарғы жауапкершілігін сезінуге қалыптастырады.

Қабылдау - өте күрделі процесс. Лекцияны оқу барысында лектор студенттердің  ішкі жұмысын сезе білуі керек. Студенттердің  танымдық іс-әрекеттерін белсендіріп  отыру үшін белгілі тақырыптарға байланысты сұрақтар бере отырып арнайы әдебиеттерді тізімін беру керек. Педагогтық мақсаты - студенттердің лекциядағы материалды белсенді түрде қабылдауын қадағалау. Студенттік кезеңде білім алу процесінде пайдаланатын көптен көп интеллектуалды мүмкіндіктер болады. Студенттердің танымдылық іс-әрекеттерін дамытуда пәнаралық байланыстың маңызы өте зор.

Мысалы, шет тілін үйренуде жас  ерекшелік жалпы, педагогикалық  педагогика, шет тілін оқытудың әдістемесі және арнайы қоғамдық пәндердің қатарын  оқыту керек.

Студенттердің танымдылық іс-әрекеттерін дамытуда пәнаралық байланыс жалпы педагогика курсын оқытуда көрінеді. Жалпы педагогика пәнін оқыту процесінде студенттерге осы педагогиканың маңыздылығын түсіндіру қажет, себебі педагогикалық білімсіз шет тілін нәтижелі меңгеру мүмкін емес [15].

Эстетикалық және көркемдік білім  беру процесінде танымдылық белсенділік  адамның жоғары рухани қажеттіліктерімен  және эстетикалық қажеттіліктерімен  көрінеді. Рухани қажеттіліктердің қалыптасу  проблемасына көптеген ойшылдар өз үлестерін  қосты. Атап айтсақ В.П.Лежнева, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, В.Н.Мясищева, В.И.Селиванова, А.В.Петровский және тағы басқалар.

Бірақта эстетикалық қажеттілік теориясы - ұғым анықтамасы. Эстетикалық қажеттілік және оны қолдану классификациясы, стимулдар және мотивтер эстетикалық қажеттіліктерді дамытатын, эстетикалық қажеттіліктердің ішкі өзара байланыстары. Қызығушылықтары және идеялары, олардың қалыптасу жолдары мен методтары - толық мәнде игерілмеген. Адамның эстетикалық қажеттіліктерін эстетикалық сезім, идеал, талғамдар қамтиды. Өз кезегінде дамыған эстетикалық сезімдер, эстетикалық талғамның құрылуы, идеалдар эстетикалық қажеттіліктерге әсер етеді, оларды өзгертеді, олардағы жаңа қызығушылықтармен қажеттіліктерді оятады. Эстетикалық қажеттіліктің спецификалық өзгешелігі, олар қанағаттану, ләззаттану сезімдерімен байланысты және эмоционалды бейнеде көрінеді. Ләззат алу және қанағаттану сезімдері адамның бос уақыттағы творчестволық еңбектерімен бейнеленеді. (еңбек процесінің өзі, еңбек барысындағы нәтижеге қанағаттану, т.б). Табиғатпен және өнердің әртүрлі жанрларымен, түрлерімен қарым-қатынас.

Күнделікті жоғары оқу орын тәжірибесінде  педагогтың студентке өтімді келуі  әртүрлі болып кездеседі. Мысалы, бір педагогтың студентке қарағанның өзі-ақ оған үлкен әсер ете алады да, ал екінші педагогтың типті қатты қолданған жазалары да нәтиже бере қоймайды. Бұл - педагогтың беделіне, ұстаздың шеберлігіне байланысты жайлар. Ұстаздық пен шеберлікті зерттеп, мұның өзіне тән ерекшеліктерін ашып көрсетудің педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері мен жас мұғалімдері үшін үлкен маңызы бар. Танымдылық іс-әрекетте еліміздің педагогтары бұл мәселе жөнінде елеулі табыстарға жетіп отыр. Дегенмен бір жүйеге түсіп болмаған жайлар да бар.

Мәселенің осылай болып келуі бұдан  тек мән бермеуден емес, көпшілік арасына таралған мынадай жайттардан: мысалы, ұстаздық шеберлікті белгілі бір жерден оқып алып, соған бірден ие болып кетуге болмайтынынан кейбіреулер мұның сырын ашып білуге селқос қарап келген. Мұндай пікірдің болуы: ұстаз шеберлер тәрбие жұмысында, айталық белгілі бір шешімге келгенде, соған ойланбай интуициясы арқылы бірден шешімге келетіні де болады. Өткен кезде ірі педагогтардың (К.Д.Ушинский т.б.) ұстаздықты, негізінде, интуициямен байланыстырып, бұған мән беріп, бірақ бұл қасиетті ғылыми тұрғыдан жете түсіндіре алмаған.

Танымдық іс-әрекеттерге ұстаздық шеберліктің көбісі интуиция арқылы жүзеге асады деу, негізінде, қате пікір. Ал мұндай қасиет бірлі жарымды кездескен  жағдайда да, осында тұрған жасырын  сыр жоқ сияқты. Өйткені ұстаздық шеберліктің нендей түрін дәлелдеуде де себеп принципі негізгі роль атқарады. Бұл принцип бойынша адамның, соның ішінде педагогтардың да ісі келген шешімі себепсіз болмайды. Педагогтың әр ісінің жемісті болып келуін содан шығатын нәтиже ғана шешеді. Ал нәтиже дегеннің өзі студенттің тәрбиелеуіндегі ұстазының сөзіне әсерленіп соған ұғынуы. Педагогтың ісі нәтижелі болып студенттердің өзінің өтімді келуі үшін ол олардың жан дүниесін жақсы біліп айтатын сөзін, олармен жүргізетін ісін соған сәйкестендіріп қолданылуы керек. Тек сонда ғана ұстаздық қасиетке ие бола алады [10].

Полиэтникалық аудиторияда педагогтың студенттермен күнделікті жасалынатын  қатынастардың бәрі де сөз арқылы іске асады. Сондықтан шеберлік, негізінде, сөздерді үйлестіріп айта білуге байланысты. Әрине, студентке айтылатын сөздің өтімді келуі, сөзге ғана байланысты емес, негізінде педагогтың студенттер арасында беделді келуіне тәуелді. Дегенмен сөзді үйлестіріп айта білудің маңызы зор. Педагогтың студенттермен қатынас жасаудағы қолданатын сөздері неше түрлі болып келгенімен, студентке әсер ету жағынан алып қарағанда, оларды, негізінен екіге бөлуге болады:

Біріншіден, сөйлесудегі сөздердің  көбі ақыл, кеңес беру жөнінде айталады. Ақыл айтып кеңес берудің өзі  студенттің істеген ісін қостамай, оның ісі ұнамды болған жағдайда, осының студенттің өзіне сездіру үшін қолданылады.

Екіншіден, кейде студентке осы  сияқты сөздер жетпегенде оған қатты  талап қойып, қолданатын сөздер міндетті түрде бұйрық ретінде қолданылады.

Әдетте осы сияқты сөздердің  бәрі бір дауыс ырғағымен айтылмай, тиісті әсерінде үйлестіріле қолданып отырса ғана нәтиже бермек. Сондықтан сөзді тек қандай мазмұнда емес, дауыспен үйлестіріп айта білу де шеберліктің белгісі. Сөзді сөйлеп тұрғанда, оны тиісті дауыс ырғағымен үйлестіріп айту өзінше бөлек мақсат емес, оқушының бұл ішкі көңіл күйімен есептесіп, оның санасына әсер ету үшін керек. Педагогтың шеберлігі тек дауысты үйлестіре білумен шектелінбейді. Сөздің студентке өтімді келуі оның мазмұнына да байланысты. Бұл жерде сөздің мазмұны дегенде оның орынды келіп, сыпайылықпен қолданылуы жөнінде айтылады. Себебі сөздің не өтімді, не өтімсіз келуі студенттің тек өзі қалай қарайтынына байланысты емес, көпшіліктің осы ескертуді мақұлдайтынына, мақұлдамайтынына көп байланысты. Сондықтан осыны еске алып, оқушыға ескертетін сөздердің өтімді келуі үшін, сөзге көпшіліктің пікірін аударып отыру керек [23].

Информация о работе Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттері