Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 08:07, дипломная работа
Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдық іс-әрекеттерінің даму ерекшеліктерін зерттеу мәселесі - қазіргі практикалық педагогикадағы ең маңызды бағыттардың бірі. Осыған байланысты педагогика ғылымының алдында жеке адамның тұтастай құрылуының факторларын, заңдылықтарын ұғыну, оның ішкі және әлеуметтік белсенділігінің көздерін жеке адамның дамуының интегралдық компоненттері ретінде Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің даму ерекшеліктерін зерттеу міндеті тұр.
КІРІСПЕ………………………………………………………………………………4
1. ПОЛИЭТНИКАЛЫҚ АУДИТОРИЯДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ……………………………………..6
1.1 Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің педагогикада зерттелуі және танымдық қызығушылығының теориясы…………6
1.2 Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдық процестерінің даму ерекшелігі……………………………………………………………………….17
1.3 Полиэтникалық аудиториядағы оқу процесін ұйымдастырудағы педагогтың іс-әрекетінің және танымдық іс-әрекетті белсендіру ерекшеліктері……………24
2. ПОЛИЭТНИКАЛЫҚ АУДИТОРИЯДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ ЖАҒЫНАН ЗЕРТТЕУ……………………………………………………….32
2.1 Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің даму ерекшеліктерін зерттеуге сипаттама………………………………………..32
2.1.1 Жоғарғы оқу орнындағы оқытушылардың іс-әрекетін талдаудың әдістемелік бағдарламасының жүргізілуін ұйымдастыру……………………………...35
2.1.2 Жоғарғы оқу орнындағы қоғамдық ғылымдардың оқытушыларына арналған сұрақ қағазы әдістемесінің жүргізілуін ұйымдастыру………………………38
2.2 Жоғарғы оқу орнындағы студенттің кәсіби іс-әрекетке дайындығы……….41
3. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕСІНДЕ АЛЫНҒАН МӘЛІМЕТТЕРДІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ………………………………………………………………..46
3.1 Жоғарғы оқу орнындағы оқытушылардың іс-әрекетін талдаудың әдістемелік бағдарламасының нәтижелерін талдау……………………………………………46
3.2 Жоғарғы оқу орнындағы қоғамдық ғылымдардың оқытушыларына арналған сұрақ қағазы әдістемесінің нәтижелерін талдау………………………………….53
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………….……………..57
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............…......………………………..59
Полиэтникалық жағдайда бір ұлттың адамдарының арасындағы өзара іс-әрекеттерін ұжымның ұлттың қарым-қатынастары деп санауға болмайды. Бұл ұлттық-педагогикалық ерекшеліктері бірдей адамдардың арасында болып жататын тар этникалық қатынастар. Олар негізінен жеке адамдардың арасындағы әлеуметтік-мәдени байланыстарының құрылымында кездеседі. Басқаша айтқанда, мұндай ұжымдарда белгілі бір ұлттың бір адамы ғана емес, керісінше бір ұлттың бір топ адамдары көрінеді, олардың арасында этно-топтық өзіндік сана қалыптасады, жалпы қызығушылықтар мен талпыныстар көріне бастайды. Бұл процесті басқарушысы қадағалап отыруы керек. Осыған байланысты Полиэтникалық ұжымдардың мүшелерін біріктіру, ұлтаралық қақтығыстарды болдырмау жұмыстары нәтижелі түрде жүзеге асып отыруы керек. Тәрбиелеу объектісі ретінде Полиэтникалық ұжымның әлеуметтік-этникалық құрылымының бірлігін этникалық микро-топты қарастыру қажет. Бұндай жағдайларда бір ұлттың адамдарының бірігуі көрінеді, барлығыны ортақ тіл, жалпы ұлттық-педагогикалық ерекшеліктерімен, мәдени бір түрлі және этно-топтық өзіндік сана сезіммен, топ ішіндегі нормалар мен принциптердің болуымен сипатталады. Полиэтникалық ұжымдарда мұндай микро-топтар бірнеше болуы мүмкін. Олардың мүшелері біртипті тәрбиелік әрекеттерге әртүрлі жауап беруі мүмкін. Жалпы ұжымдық, әлеуметтік, педагогикалық құндылықтарды үлкен дәрежеде қызмет етулерін анықтай түседі, мысалы, қоғамдық пікір, топтық көңіл-күй, дәстүрлер т.б. Бүкіл ұжымның нәтижелік іс-әрекетінің қалыптасуына әр этникалық микро-топтарда пайда болатын жекеленген әлеуметтік-педагогикалық процестердің бірігуі қажет.
2.1.2 Жоғарғы оқу орнындағы
қоғамдық ғылымдардың
Зерттеу
Карағанды Мемлекеттік
Зерттеу мақсаты: полиэтникалық
аудиториядағы оқытушылардың
Міндеттері: полиэтникалық
аудиториядағы оқытушылардың
Алынған нәтижелер бойынша салыстырмалы талдау жүргізу.
Болжам: Полиэтникалық аудиториядағы педагогтардың іс-әрекеттерінің нәтижелілігі этникалық топтардың танымдылық ерекшеліктерінің өзінділік жетік білуіне байланысты.
Зерттеу объектісі: Жоғарғы оқу орынындағы әртүрлі пән оқытушылары.
Зерттеу пәні: Қарым-қатынас, іс-әрекет барысындағы педагогтардың ұлттық ерекшеліктерінің әлеуметтік-педагогикалық сипаттамалары.
Жалпы әдістеме 7 сұрақтан тұрады. Әр сұрақтың ішінде бірнеше бөлімшелер бар, олардың әрқайсысы нөмірленген. Сыналушы жауап берген кезде көріну деңгейлеріне байланысты әр жауапқа сай нөмірлерді белгілеп отырады.
Жоғарғы оқу орнындағы қоғамдық ғылымдардың оқытушыларына арналған сұрақ қағазы әдістемесінің мазмұны.
Полиэтникалық аудиторияда студенттердің танымдылық іс-әрекеті тек білімге, оқуға ғана бағытталмай, өзімен бірге жүрген достарының өмір-салтын, өзіндік-этностық ерекшелігін тануға, сөйтіп, өзінің зерделік, мәдениеттілік өрісін кеңейтуге бағыттайды. Жастар өз өмірінің студенттік кезінде үлкен психикалық өзгерістерге ұшырасады. Біріншіден студенттің “Мен” дәрежесі көтеріледі. Екіншіден, ұлт мәселесіне басқаша қарайды. Ұлттық намыс, ұлттық сезім, ұлттық санасы оянады. Осыған орай оқу іс-әрекетінің мотивациялық өрісі де өзгереді. Оқудағы меңгеру процесінің механизмдері: білім, дағды, шеберлік жүйелерінің нәтижелік көрсеткіштері өзгеріске ұшырасады. Негізінен оқу түрткісі, қажеттіліктері курстан курсқа өткен сайын анықтала түседі [9].
Полиэтникалық аудиториядағы басқарушының іс-әрекетінің негізгі элементтерінің бірі - әр жақтық этникалық топтардың өкілдерінің спецификасын білу. Басқарушы алдын ала оларды қызықтыратын халықтардың салт-дәстүрлерімен танысады. Оларда осы сұрақтар жөнінде білімдері болып немесе басқа ұлттардың қарым-қатынас тәжірибесі болғаны дұрыс.
Ұжымның мүшелерінің ұлттық- педагогикалық ерекшеліктерін білмеуі, ұлтаралық қақтығыстарға әкеліп соқтыруы мүмкін. Барлық ұлттардың өкілдеріне бірдей тең қарым-қатынас болуы керек. Полиэтникалық аудиторияның басқарушысы әрбір студентке, оның ұлтына тәуелсіз сын көзбен қарау керек. Әртүрлі ұлттың өкілдерінің арасындағы достықты нығайтуға бағытталған арнайы жұмыстар жүргізілуі керек. Тағы бір айта кететін жай, бұл студенттердің арасында қақтығыс жағдайларының болдырмау мәселесі. Себебі ұлттық негіздегі қақтығыстар бір ұлттың өкілдерінің басқа ұлтқа деген кері қатынастарын туғызады. Мұндай жағдайларда олардың себептерін мұқият ашып қарау керек. Әртүрлі ұлттардың өкілдерінің қарым-қатынастарының тәжірибесі болмауы, осындай түрдегі қарым-қатынастарды негативті эмоционалды қабылдау. Сол үшін басқарушыларға тек қана топпен емес, әр студентпен жеке дара жұмыс жасау қажет. Бұндай жағдайда қоршаған адамдардың ең бірінші жақсы жақтары мен жоғары қасиеттерін көруге үйрету керек. Көп ұлттық аудиторияда студенттердің арасында ұлтаралық қарым-қатынастың мәдениетін қалыптастыру керек.
Ұлтаралық қарым-қатынастың мәдениеті - бұл кең көлемдегі түсінік, бірінші жағынан халықтардың қарым-қатынасының өткен тәжірибесін, ал екінші жағынан осы тәжірибе жиналу процесінде қалыптасқан дәстүрлерді қамтиды. Ұлтаралық қарым-қатынастың жоғары мәдениетіне ие болған адамдар, өз елдірінің және басқа халықтардың діни құндылықтарына деген қызығушылықпен, ұлттарына тәуелсіз бүкіл адамдарға бірдей достық көзқараспен, қиын жағдайда көмек көрсетуге дайын тұратындарымен ерекшеленеді. Полиэтникалық жағдайда басқарушылар және әлеуметтік қызметкерлер қандай ұлттың өкілдерімен жұмыс жасаса, солардың ұлттық- педагогикалық ерекшеліктерімен, салттарымен, құлықтылық және педагогикалық құндылықтарымен таныс болуы керек. Әр ұлттық топтардың өкілдерінің ұлтаралық қарым-қатынас шеңберлерін кеңейту қажет. Көп ұлттың аудиторияда ұлттарына тәуелсіз студенттер басқа құрыбыларындағы өздерін олардан ерекшелейтін қасиеттерді бағалауға үйрену керек. Ұлтаралық қарым-қатынастың мәдениеті ұлтаралық қарым-қатынастардың аумағындағы қызметкерлердің іс-әрекеттерінің нәтижелігін және жемістілігін қамтамасыз етеді. Бұның мазмұны әр ұлттық топтардың өкілдерінің арасында қарым-қатынасты реттейтін ережелер мен нормаларды білу; ұлтаралық қарым-қатынастың құрылған дәстүрлі және топтауырынды түрлерін сақтау; ұлтаралық қарым-қатынастың қарама-қайшылықтарына қарсы тұру қабілеті [22]
Өзіміздің егеменді елімізде көп ұжымдар өздерінің құрылымдары бойынша Полиэтникалық болып келеді. Полиэтникалық жағдайда жеке адамдардың өзара қарым-қатынастарына әсер ететін ұлттық ерекшеліктер, дәстүрлер, адамдардың жүріс-тұрыс нормалары көрінеді. Полиэтникалық аудиториялардағы студенттерге этникааралық қарым-қатынастың бедсенділі сипатты. Ұлттық- педагогикалық ерекшеліктер әрбір ұлттың өкілдерінің Полиэтникалық аудиторияның жетекшілерінің талаптарына бейімделуіне қамтамасыз етед
Информация о работе Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттері