Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 08:07, дипломная работа

Описание работы

Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдық іс-әрекеттерінің даму ерекшеліктерін зерттеу мәселесі - қазіргі практикалық педагогикадағы ең маңызды бағыттардың бірі. Осыған байланысты педагогика ғылымының алдында жеке адамның тұтастай құрылуының факторларын, заңдылықтарын ұғыну, оның ішкі және әлеуметтік белсенділігінің көздерін жеке адамның дамуының интегралдық компоненттері ретінде Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің даму ерекшеліктерін зерттеу міндеті тұр.

Содержание работы

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………4

1. ПОЛИЭТНИКАЛЫҚ АУДИТОРИЯДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ……………………………………..6
1.1 Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің педагогикада зерттелуі және танымдық қызығушылығының теориясы…………6
1.2 Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдық процестерінің даму ерекшелігі……………………………………………………………………….17
1.3 Полиэтникалық аудиториядағы оқу процесін ұйымдастырудағы педагогтың іс-әрекетінің және танымдық іс-әрекетті белсендіру ерекшеліктері……………24

2. ПОЛИЭТНИКАЛЫҚ АУДИТОРИЯДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ ЖАҒЫНАН ЗЕРТТЕУ……………………………………………………….32
2.1 Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің даму ерекшеліктерін зерттеуге сипаттама………………………………………..32
2.1.1 Жоғарғы оқу орнындағы оқытушылардың іс-әрекетін талдаудың әдістемелік бағдарламасының жүргізілуін ұйымдастыру……………………………...35
2.1.2 Жоғарғы оқу орнындағы қоғамдық ғылымдардың оқытушыларына арналған сұрақ қағазы әдістемесінің жүргізілуін ұйымдастыру………………………38
2.2 Жоғарғы оқу орнындағы студенттің кәсіби іс-әрекетке дайындығы……….41


3. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕСІНДЕ АЛЫНҒАН МӘЛІМЕТТЕРДІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ………………………………………………………………..46
3.1 Жоғарғы оқу орнындағы оқытушылардың іс-әрекетін талдаудың әдістемелік бағдарламасының нәтижелерін талдау……………………………………………46
3.2 Жоғарғы оқу орнындағы қоғамдық ғылымдардың оқытушыларына арналған сұрақ қағазы әдістемесінің нәтижелерін талдау………………………………….53

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………….……………..57

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............…......………………………..59

Файлы: 1 файл

1147171_78579_diplomnaya_rabota_polietnikalyk_auditoriyadagy_studentterdin.doc

— 435.00 Кб (Скачать файл)

 Жүргізілген екі  әдістеменің мазмұны орыс тілінде  берілген. Себебі  сыналушылардың құрлымы әр түрлі ұлт өкілдерінен  тұрады, және олардың қарым-қатынас жасауы орыс тілінде жүреді.

Танымдық белсенділікті  қалыптастыру әдістемесін оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың барлық түрлері, сондай-ақ студенттерде қалыптасатын танымдық дербестіктің бөліктері ескерілді. Сонымен қатар психологтердің, дидакт ғалымдарының және әдіскерлерінің ілгері еңбектерінде студенттердің өзіндік жұмысы оқыту үрдісінің құрамдық бөлігі ретінде нақты негізделген.

Оқу үрдісінде студенттердің танымдық дербестігі ұйымдастырудың негізгі құралы өзіндік жұмыс және ол студент жастардың дербес танымдық іс-әрекет жандандыруда ерекше орын алады. Осыған сәйкес өзіндік жұмысты (СӨЖ) сабақ жүргіздің ұйымдастырудың формасы оқыту әдісі ғана емес, ол студенттерді дербес танымдық іс-әрекетке тарту, қызықтыру құралы деп есептеуге болады (П.Пидкаеистыи, А. әбілқасымова және басқалары). Олай болса, студенттердің дербес танымдық белсендігін арттырудың ең тиімді жолы.

Студенттердің өзіндік жұмысын (СӨЖ) зерттеумен айналысатын көптеген авторлар оның негізгі қызметі оқушылардың жеке тұлға ретіндегі қасиеттерін шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймайды, қайта оларды танымдық дербестіктердің жоғары деңгейіне көтеру деп санайды.

Зерттеудің нәтижесі қазіргі білім беру жүйесіндегі оқушылырдың білім, білік және дағдыларында кездесетін негізгі кемшіліктер ЖОО-ғы білім беру, олардың өзіндік жұмыс жасау біліктерінің төмендегінен деген қорытынды жасап отыр. Бұлай деуге негіз, теориялық тұрғыдан алғанда оқу үрдісін дамытатын кез келген мәселені шешу арнайы ұйымдастырылған өзіндік жұмысынсыз жүзеге аспайтындығымен түсіндіріледі. Ендеше төменгі курс студенттерінде танымдық белсенділікті қалыптастыру біз тағайындаған психологиялық-педагогикалық, дидактикалық шарттары орындалуы тиіс. Мұндай шарттың бірі-сабақ жүргізу кезінде мәселелік оқыту әдісін (мәселелік ахуалдар құру, мәселелік сұрақтар қою, шығармышылық тапсырмалар беру және т.б.) пайдалану. Екіншісі – оқу үрдісінде сабақтың барлық түрі жекелендіруге, оқуының өзіндік жұмысын дамытуға мүмкіндік беретін компьютер одан кейін техниканың мүмкіндіктерін қолдана білу.

Осыған байланысты біз  оқушылар өз бетінше компьютерлік техниканың көмегімен орындауға арналған физиканың негізгі бөлігін қамтитын тапсырмалар мен деңгейлік есептер жүйесін жасадық. Айта кетерлік бір жайт, оқу үрдісінде компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін қолдану жеткілікті дәрежеде дайындығы бар оқушы мен ғана емес, қабылдау, ойлау, оқуға және берілген мәліметті қайта жаңғыртуға қабілеті әр түрлі оқушылыр мен жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл кезде студенттің танымдық белсенділігінің дамытудың негізгі қажетті шарты –оқу үрдісін дараландыру.

Студенттердің сабақтан тыс және үй тапсырмасын орындау кезіндегі танымдық өзіндік жұмыстарын бақылаудан байқағанымыз, олар тапсырмалардың түріне байланысты белсенділікті әр түрлі деңгейңн көрсетеді. Мысалы, алгоритмдік үлгі бойынша орындалған тапсырма өзінің жұмысқа төмен дәрежедегі дайындықты, ал шығармашылық сипаттағы тапсырмалар белсенділіктің жоғары дәрежесін талап етеді.

Танымдық белсенділіктің қалыптасуының дәрежесі студенттің әр түрлі тапсырмаларды орындау барысындағы өз бетінше жұмыс істей алу қабілетімен, деңгейіне анықталады. Оны тағайындау үшін біз мынандай көрсеткіштерді пайдаландық: тапсырма өз бетінше орындалған; оны орындауда біршама көмек керек; тапсырманың орындаллуы кезінде үнемі көмек көрсетіледі.

Танмыдық белсенділігі төмен оқушылар білімдерінің төмен екіндігін көрсетті: игерілетін материалдардың негізгі мәнін ашып бере алмайды; логикалық байлансыты таба алмайды. Бұндай оқушылар заңдар мен заңдылықтарды формальді түрде игереді, өз білімін тәжірибеде қолдана алмайды. Алгоритмдік үлгі бойынша тапсырмалар мен стандарттық емес үлгідегі тапсырмаларды орындауда оларға тапсырманың орындалу барсысы, шарттық жүзеге асуы және нақты әдістердің көрнекті үлгісінің жасау үшін мұғалімнің көмегі қажет болады.

Оқу-танымдық белсенділіктің орта деңгейі қалыптасқан оқушылар жалпы заңдылықты игеруге және қорытындылауға біраз қабілеті бола тұра тақырып мазмұнының негізгі өзегін ашып бере алмайды. Дегенмен үлгі бойынша және стандарттық емес біраз қиындығы бар тапсырмаларды мұғалімнің көмегінсіз орындай алады, бірақ шығармашылық тапсырмаларды орындау үшін олар едәуір күш жұмсайды. Сондықтан мұндай тапсырмаларды орындауда оқушыларға үнемі көмек қажет.

Қалыптасудың жоғары деңгейіне ие оқушылар қорытындылауда жоғары дәрежеге жетеді. Әр түрлі тапсырмаларды орындауда теориялық материалды игеруде белсенділік пен ынталылықты танытады. Игерілген тақырыптың логикалық байланысын еркін игереді. Олар стандартты және стандартты емес тапсырмаларды дербес орындайды. Шығармашылық тапсырмаларды не өзі, не мұғалімнің көмегімен орындайды. Осындай деңгейге ие оқушылар оқушылардың білім дәрежесі жоғары, олар өз білімін тәжірибеде еркін қолданады, тапсырма орындаудағы және мазмұн игерудегі қиындықтарды қиналмай жеңеді.

Бұдан шығатын қорытынды, берілген тапсымалар оқушылардың білім дәрежесіне сай болуы тиіс. Менің зерттеуім бойынша, танымдық белсенділігін жоғары студенттер күрделі тапсырмаларды таңдайды. Осыған байланысты оқушыларға берілетін тапсырмалары әр түрлі болып келеді. Студенттердің білім, білік және дағдылар қалыптасуының деңгейін ескере отырып, компьютерлік техниканың көмегімен шешуге болатын тапсырмалар құрастыру олардың танымдық белсенділігін арттыруға әр қайсысының шығармашылық бастамасын дамытуға себеп болады. Сондықтан комьютерді қолдану арқылы өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалардың жинағы оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың неғұрлым тиімді әдісі болып табылады.

Танымдық белсенділіктің қалыптасу деңгейлерін, деңгейлерінің  өзгеруін бағалау үшін тәжірибелік-педагогикалық  жұмыстар жүргізіледі. Оның нәтижелерін төмендегі кестелерден көре аласыздар.

Танымдық белсенділіктің қалыптасу деңгейлерінің өсу  қарқыны. Тәжірибелік-педагогикалық  жұмыстың нәтижесі бойынша, кезеңнен кезеңге  өту барысында бақылауға арналған топтардан гөрі эксперименталді топтарда танымдық белсенділіктің деңгейі жылдам әрі қарқынды дамиды. Эксперименталді топтардың студенттерінің басым көпшілігі өте жақсы және жақсы деген баға алды, бұл көрсеткіш олардың танымдық белсенділігінің жоғары дәрежеде дамитынын көрсетеді.

Тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың нәтижесі эксперименталді топтарды студенттердің оқу үлегрімінің жүйелі түрде өсіп отыратынын мынадай факторлар анықтап берді.

1. Оқу және оқудан  тыс өзіндік танымдық белсенділікті  арттыруда компьютердің жиі қолданылуы.

2. Барлық сабақта компьютерді кеңінен қолдану арқылы мәселелік жағдайларды туғызу.

3. Компьютерді қолдану  арқылы үнемі бақылау және  өзін-өзі бақылау.

4. Компьютерді қолдану  арқылы студенттердің танымдық белсенділігін іс-әрекетке жүйелі түрде тарту теориялық білім санасын арттыруға және ол білімді одан әрі тереңдету қажеттігін түсінуге, олардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

5. Компьютерді қолдану  арқылы танымдық белсенділікті  қалыптастыру үрдісі кезінде  қолданылатын әдіс-тәсілдер жүйесі  білім базасын жасауда арнайы әдіс-тәсілдерді пайдалану, оқушылардың білім және дағдыны игеруіне арналған негіз жасау, компьютердің көмегімен оқушылардың оқу үлгірімін бақылау және өзін -өзі бақылау жұмыстарын жүзеге асырады.

6. Танымдық өзіндік  жұмыс атқара білу қабілетінің қалыптасу үрдісі мотивті қалыптастыру білімді саналы түрде игеру дәрежесі, негізгі ойды бөліп алу және оқу - танымдық белсенділікті қорытындылау сияқты жан-жақты қызметі бар материалдың негізінде құрылады.

 

      1. Жоғарғы оқу орнындағы оқытушылардың іс-әрекетін талдаудың әдістемелік бағдарламасының жүргізілуін ұйымдастыру

 

Зерттеу Карағанды Мемлекеттік университетінің  Шет тілі факультетінің- 4 курс студенттеріне  жүргізілді. Сыналушылардың саны 20 адам.

Мақсаты: Полиэтникалық  аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекетінің даму ерекшеліктерін және оқытушылар мен студенттердің өзара қарым-қатынастарын анықтау.

Міндеттер:

Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің- танымдылық процестердің даму ерекшеліктерін анықтау;

Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің оқытушыларының іс-әрекетінің бағалануын анықтау.

Болжам:

Полиэтникалық аудиториядағы  студенттердің танымдылық іс-әрекетінің дамуы мен қалыптасуы барысында, олардың этникааралық өзара әрекет тиімділігі жүзеге асады.

Полиэтникалық аудиторияда студенттердің жалпы танымдылық іс-әрекеттерімен бірге олардың жеке басындағы қасиеттері мен белсенділіктері дамиды.

Зерттеу объектісі: Жоғары оқу орнындағы оқытушылар мен  студенттердің өзара қарым-қатынастары  мен әрекеттерін қамтитын оқыту  және тәрбиелеу процесі.

Зерттеу пәні: Қарым-қатынас іс-әрекет барысындағы педагогтардың ұлттық ерекшеліктерінің әлеуметтік-педагогикалық зерттеулері.

Жалпы әдістеме үш бөлімнен тұрады: Бірінші бөлімде оқытушылардың  іс-әрекетінің нәтижелігін бағалайтын шкалалар берілген, олардың көмегімен педагогикалық шеберліктің деңгейін анықтауға болады.

Екінші бөлімінде - оқытушының іс-әрекетінде қалыптасқан педагогикалық  іскерлік оның сәттілігін қамтамасыз етеді, және педагогикалық мәселелерді  шешудегі қиыншылықтарды бағалау.

Үшінші бөлім - оқытушының жеке басының қасиеттерінің сипаттарын қамтиды, оның педагогикалық және жалпы қабілеттерін, жеке адамның бағыттылығын және іс-әрекетінің мотивтерін қамтиды.

Бағалау 5 балдық шкала  бойынша жүргізіледі.

5 - белгінің максимальды  көріну деңгейі.

4 - жеткілікті.

3 - орташа.

2 - аздаған.

1 - белгінің мүлдем  болмауы.

Полиэтникалық жағдайдағы басқарушылар, әлеуметтік-қызметкерлер көптеген ұлттардың өкілдерімен ең алғаш кездеседі және көбінесе олармен қарым-қатынас жасауға дайын болмайды. Социологтардың зерттеулері бойынша мұндай жағдайларда ұлтаралық қарым-қатынас 4-6 есе жоғарылай түседі, ол үшін әр адамнан қосымша  педагогикалық қиыншылықтарда жеңіп шығуға талап етіледі. Полиэтникалық ұжымдардың көптеген басқарушылары ұлтаралық қарым-қатынастарды басқару кезінде, әсіресе өздерінің іс-әрекеттерінің бастапқы сатыларында жиі және көптеген қиыншылықтарға соқтығысады. Бұған бірнеше себептердің қатары бар. Ең негізгісі - оқу орындарындағы Полиэтникалық ұжымдармен жұмыс жасаудың әртүрлі әдістерін үйрететін арнайы пәндердің болмауы. Соған байланысты қазіргі заманда жоғарғы оқу орындарының түлектері және жас кәсіпкерлер Полиэтникалық ұжымдардағы әлеуметтік-педагогикалық қиыншылықтарға ұшырайды.

Полиэтникалық жағдайда индивидтің өзіндік қарым-қатынасы - тіл үйренудің, сол тілді меңгерудің негізі болады. Осымен қатар тіл үйренуде, сол тілді өгей тіл ретінде, ана тілі ретінде қарауда, оған қарым-қатынастың  құралы ретінде қараудың тілдік пән ретінде қараудың атқаратын ролін, оның маңызы өте зор. В.Риверс кезінде айтқан болатын: “тілге үйренудің жолдарын іздестірместен бұрын, со тіл дегенге анықтама беруіміз керек”. Яғни тіл оның қарым-қатынас жүйесіндегі ойын, даму деңгейін байқататын, оның қарым-қатынастағы қызметін көрсететін жалпы білім алу кезіндегі құрал. Өгей тілге үйренудің жалпы пән ретінде анықталуымен қатар, өзінің үйренудегі, қолдану жүйесіндегі ерекшеліктері оны меңгеру қиындығын аңғартады. Оны меңгерудегі қиындықты студенттер мен педагогтар мезінеді. Мұндай әсер кейде студенттерге үйренуде қарама-қайшылықтар туғызуы мүмкін. Мысалы, “қаншама оқысаңда үйрене алмайсың”, “Тіл үйрену маған қиын” [7].

Күнделікті өмірде адам өзінде бұрыннан бар және жаңа пайда болған қажеттіліктерді қанағаттандыру жолында әртүрлі әрекет жасайды. Осының барысында ол заттар мен құбылыстардың арасындағы жоғарыда аталған көптеген байланыстарының ішінен керек дегенін алып, іске жаратады. Мұның бәрін біз ойлау арқылы есеп шығаруға жатқызамыз. Заттар мен құбылыстарды талдап зерттеу салыстыру арқылы жүргізіледі: К.Д.Ушинский: “Дидактикада салыстыру негізгі тәсіл болу керек” деген болатын. Салыстыру - заттар мен құбылыстардың өзара ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетіп беру. Ол мақсатты түрде болып, заттардың белгілі бір ерекшеліктерін негізге алып өткізілу керек [17].

Социологтардың зерттеулері бойынша Полиэтникалық ұжымдардың, басқарушыларының практикалық іс-әрекеттері бастағаннан бастап 4-5 жылдан кейін ғана өздерімен бірге жұмыс істейтін адамдардың ұлттық және әлеуметтік-педагогикалық ерекшеліктерін білу іскерліктері, сол сияқты ұлтаралық қарым-қатынастарды реттеуде тұрақты білімдері мен дағдылары қалыптасады. Өкінішке орай, Полиэтникалық ұжымдарды біріктіру құралы ретінде пайдаланатын әдебиеттер аз шығарылады.

Полиэтникалық ұжымдарды белгілі бір ұлтқа жатуына, мәдени спецификасына, тілдің өзінділігіне, салт-дәстүрлеріне қарай жеке адамдардың өзара қарым-қатынастарының түрлерінің үлкен әртүрлілігін көруге болады. Бұндай жағдайда нақты бір этникалық топтың өкілдерінің ұлттық-педагогикалық ерекшелігінің спецификациясын білу, басқарушы мен әлеуметтік қызметкердің іс-әрекетін жеңілдете түседі. Полиэтникалық жағдайда бір ұлттың өкілдерінің арасындағы тұрақты байланыстарының болуына байланысты топ аралық қарым-қатынастар белсенді түрде көрінеді. Педагогикалық зерттеулер бойынша, мұндай қарым-қатынас байланыстары әртүрлі этникалық топтардың өкілдерінің арасында қақтығысқа әкеліп соқтыруы мүмкін. Басқарушы, әлеуметтік қызметкер осындай қарым-қатынастарды назарсыз қалдырмау, оларды таңдау міндетті, және өздерінің іс-әрекеттерінде есепке ала отыру керек [11].

Информация о работе Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттері