Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 08:07, дипломная работа

Описание работы

Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдық іс-әрекеттерінің даму ерекшеліктерін зерттеу мәселесі - қазіргі практикалық педагогикадағы ең маңызды бағыттардың бірі. Осыған байланысты педагогика ғылымының алдында жеке адамның тұтастай құрылуының факторларын, заңдылықтарын ұғыну, оның ішкі және әлеуметтік белсенділігінің көздерін жеке адамның дамуының интегралдық компоненттері ретінде Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің даму ерекшеліктерін зерттеу міндеті тұр.

Содержание работы

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………4

1. ПОЛИЭТНИКАЛЫҚ АУДИТОРИЯДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ……………………………………..6
1.1 Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің педагогикада зерттелуі және танымдық қызығушылығының теориясы…………6
1.2 Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдық процестерінің даму ерекшелігі……………………………………………………………………….17
1.3 Полиэтникалық аудиториядағы оқу процесін ұйымдастырудағы педагогтың іс-әрекетінің және танымдық іс-әрекетті белсендіру ерекшеліктері……………24

2. ПОЛИЭТНИКАЛЫҚ АУДИТОРИЯДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ ЖАҒЫНАН ЗЕРТТЕУ……………………………………………………….32
2.1 Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің даму ерекшеліктерін зерттеуге сипаттама………………………………………..32
2.1.1 Жоғарғы оқу орнындағы оқытушылардың іс-әрекетін талдаудың әдістемелік бағдарламасының жүргізілуін ұйымдастыру……………………………...35
2.1.2 Жоғарғы оқу орнындағы қоғамдық ғылымдардың оқытушыларына арналған сұрақ қағазы әдістемесінің жүргізілуін ұйымдастыру………………………38
2.2 Жоғарғы оқу орнындағы студенттің кәсіби іс-әрекетке дайындығы……….41


3. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕСІНДЕ АЛЫНҒАН МӘЛІМЕТТЕРДІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ………………………………………………………………..46
3.1 Жоғарғы оқу орнындағы оқытушылардың іс-әрекетін талдаудың әдістемелік бағдарламасының нәтижелерін талдау……………………………………………46
3.2 Жоғарғы оқу орнындағы қоғамдық ғылымдардың оқытушыларына арналған сұрақ қағазы әдістемесінің нәтижелерін талдау………………………………….53

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………….……………..57

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............…......………………………..59

Файлы: 1 файл

1147171_78579_diplomnaya_rabota_polietnikalyk_auditoriyadagy_studentterdin.doc

— 435.00 Кб (Скачать файл)

Полиэтникалық жағдайда студенттердің  дүниетану көзқарасының қалыптасуына оқу процесімен қатар тәрбие жұмысының  мағынасы зор. Сол жұмыстың барысында педагог нақтылы мысалдар арқылы жоғарғы оқу орнымен, топтар және мемлекеттер арасындағы саяси қарым-қатынаспен, адамгершілік қасиеттермен, әдеби, философиялық, тағы басқа кітаптарды ой салатын идеялармен студенттерді таныстырып, ғылыми негізінде  түсінік береді. Сөйтіп, оларда белгілі бір тәртіп пен жүйеге ұйымдастырылған философиялық, жаратылыстану, эстетикалық, саяси, тағы да басқа көзқарастар қалыптасады. Егерде осы көзқарастарды адам өз қажеті деп білсе, ол сенімге итермелеуші күшке айналады. Сенім дегеніміз - адамның өмірде өзі ұстанатын принциптері мен мұраттарына терең негізделген нанымы.

Дүниетаным жеке адамның мінез-құлқы  мен іс-әрекетінің реттеуші қызметін атқарады. Оның беріктігі адамның  бойында айқындық пен орнықтылық сезімін туғызады. Адамның дүниетанымы оның бүкіл бет-бейнесінен, мінез-құлқы мен іс-әрекетінен, тіпті әдетінен де байқалып тұрады [20]. Адамның табиғатында іс-әрекетте жетістікке жету қажеттілігі бар. Ал бұл қажеттілікті қанағаттандыру қойылған мақсатқа байланысты жетістікке жету үшін адам өз шамасымен санасып, қолымнан келеді-ау деген орташа мақсатқа тоқталады, өйткені мақсат өте қиын болса, орындай алмауы мүмкін; өте жеңіл болса, адамгершілік санасына мін келетін сияқты болып көрінеді. Егерде студенттер қостілділік жағдайда өз шамаларына, мүмкіндіктеріне сеніп, қиындау мақсатқа тоқталса, олардың талпыныс деңгейлері жоғары, ал керісінше - оңай мақсат болса, онда бұл деңгей төмен дейміз. Осы деңгейлердің негізінде адамның өзін-өзі бағалауы пайда болады. Егер талпыныс деңгейі жоғары болып, ол өзінің мүмкіндіктерін дұрыс бағаласа, онда бұл студентті өрісті, келешегі мол деуге болады. Ал деңгейі осындай жоғары болып, бірақ өз мүмкіндіктерін артық бағаласа, онда мұндай студент өз жұмысында сәтсіздікке ұшырайды.

Талпыныс деңгейінің төмен адамның - өзін-өзі қостілділік жағдайда студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің дамуы олардың дүниетанымының кеңеюіне мүмкіндік туғызады. Жалпы дүниетаным дегеніміз - табиғатқа деген, қоғам мен адамзат ақыл-ойының дамуы жөніндегі көзқарастар жүйесі. Жеке адамның дүниетанымы ең алдымен қоғамдық болмысты бейнелендіреді. Бұл бейнелеу өмір процесінде, адамдардың нақты қатынастарында, олардың іс-әрекетінде жүзеге асады. Осындай бейнелеу барысында адамдардың белгілі бір көзқарас жүйелері қалыптасады. Психолог А.В.Петровскийдің айтуынша, мұндай көзқарастың жүйесі адамның өзі түсініп білген қажеттіліктері болып, принциптеріне айналып, іс-әрекетті сол принциптерге сәйкес жасауға итермелеп отырады. Сөйтіп, дүниетаным сөзқарастарының ролі адам өмірінде күшейе түседі.

Бірақ мұндай көзқарастардың екі түрін  ажырата білуіміз керек. Бірі - күнделікті өмірден көрген-білгенді ішке түйіп, қорытып, оны өз жеке басының тәжірибесіне айналдыруы. Бұл - көзқарастың қарапайым  түрі. Оның шындыққа жанасуы дұрыс  та, бұрыс та болуы мүмкін, өйткені мұнда ғылыми негіз жоқ. Дүниетану көзқарасының екінші түрі - ғылыми көзқарас. Бұл қоршаған дүниенің құбылыстарының заңдылықтарын білу негізінде, дүниетану көзқарасының жүйесіне айналады. Мұндай ғылыми көзқарасты қалыптастыру үшін көптеген ғылымдардың негізін игеру керек. Жоғарғы оқу орындарында, басқа да оқу орындарында бұл бағытта студенттермен оқу жоспарын басшылыққа алып, әрбір ғылыми пәнінің  негізін оқып-білу мақсатымен арнайы жұмыстар жүргізіледі. Сөйтіп, жеке адамға бүкіл адамзаттың тарихи тәжірибесін меңгеруге жағдай жасалады. Осындай үлкен міндетті орындау жұмысындағы басты тұлға-ұстаз-мұғалім. Оның жеке басының мәдениеті, білімі, көзқарасы, көрсететін үлгісі - осының барлығы қазіргі студентті, келешектегі адамзаттың дүниетанымының қалыптасуына күшті әсер етеді.

 

 

1.3 Полиэтникалық аудиториядағы  оқу процесін ұйымдастырудағы  педагогтың іс-әрекетінің және танымдық іс-әрекетті белсендіру ерекшеліктері

 

 

Ұлттық қарым-қатнастарда  бағыт құбылысын талдаудың маңызы өте зор. Л.М. Дробижева белгілі  ұлттың өкілінің ұлтаралық жалғасудың жүріс-тұрысына, өзіндік қимылына дайындығы деп этнопедагогикалық әдебиеттерде ұлттық бағытқа бірінші рет анықтама берді. Ұлттық бағыттың жүйесі ретінде ұлттық бағдарлануды да қарастырған, соларға сәйкес басқа ұлттық жалпылықтардың өкілдерімен қатынас барысында қимылдардың ұлттық өзінділігін және болып жатқан жағдайларды адамдар ерекше қабылдайды [9].

Ұлттық бағыттың негізгі  ұсынулары мынадай болады:

Біріншіден ұлттық бағыт  белгілі қалып ретінде ұлттық дәстүрлерге сәйкес құрылған әр қайсысының сезімдерінің ерекше көрінуіне, интеллектуалды-танымдық және еріктік белсенділіктеріне, өзара әрекеттенулеріне, қатынастарына деген жеке адамның немесе бір топ адамның ішкі дайындықтары. Ұлттық бағыт ұлттың психикалық құрылымының тарихи даму барысында бекітіледі.

Екіншіден ұлттық бағытты  белгілеу негізін нақты ұлттық жалпылықтардың өкілдерінің әлеуметтік-перцептивтік бірлігі ретінде қалыптасатын ұлттық таптауырындардың құрылымында іздестіру  керек.

С.Л.Рубинштейннің айтуынша, сыртқы әлемнің құбылыстарының бейнелеу процесінде индивидқа олардың маңызы және оларға деген қарым-қатынасы анықталады. Полиэтникалық жағдайда студенттердің өзінің және басқа ұлтқа құндылы қарым-қатынастары дамиды. Ұлттық таптауырындардың қалыптасуы - бұл әлеуметтік шындыққа деген жауап беру реакциясы, қоршаған шыдықтың белгілі бір оқиғалары мен құбылыстарына деген әр реакция оның өзіне қандай қарым-қатынас көрсететінін анықтайды.

Үшіншіден ұлттық бағыт, басқа да бағыттың түрлері сияқты іс-әрекет процесінде қалыптасады, бірақ  олардан айырмашылығы адамның жеке қажеттіліктерімен іс-әрекетке сәйкес жағдайлармен қалыптаспайды, керісінше жүріс-тұрыстың ерекше әлеуметтік нормаларының жағдайында іс-әрекеттің өзінің сипатымен қалыптасады.

Ұлттық бағыттар нақты  этникалық жалпылықтардың өкілдерінің  психикалық құрылымдарының есіне салынған сияқты да және одан автоматты түрде шығып кетеді. Ұлттық бағыттар адамның ұлттық психикасының құрамды бөлігі ретінде болып отырып, оның белгілі күйін қалыптастырады, іс-әрекеттерінің әдіс-тәсілдеріне ерекше спецификасын білдіреді. Кез-келген мемлекеттегі жүріс-тұрыстың әлеуметтік нормалары, өзара әрекеттену мен қарым-қатынастары ұлттық бағыттарды өзектілендіреді, соған байланысты осы өмірдегі әлеуметтік нормаларға сәйкес жүріс-тұрыстың стереотиптары мен қимылдары көрсетіледі.

Әлеуметтік нормалар адамның жүріс-тұрысымен ондағы салынған бағыт бағдарламаларының  сәйкестігін бақылап, реттеп отырады. Осыған байланысты ұлттық бағыт ұлттық-педагогиканың  құрылымдық фактісіне ғана емес, сол  сияқты оның қызмет ету процесіне  де жатады, себебі іс-әрекеттік жағдайда психиканы реттеуде ұлттық бағыттардың маңызы өте зор.

Ұлттық бағыттар белгілі  этникалық жалпылықтардың өкілдерінің  психикасының жақсы қызмет етуінің  негізінде көрінеді. Ұлттық-педагогиканың  көріну түрлері ретіндегі, ұлттық-педагогикалық ерекшеліктерінде ұлттық бағыт олардың ішкі мазмұнын құрайды. Әр түрлі этникалық жалпылықтардың өкілдеріндегі шынында да бар және қызмет ететін ұлттық-педагогикалық ерекшеліктер оларды салыстыруға болжамдайды. Әртүрлі халықтардың өкілдерінің ұлттық-педагогикалық ерекшеліктерін салыстыруға мүмкіндік беретін келесі ғылыми принциптерді көрсетуге болады:

Мұқият негізделген  және ең анық көрсеткіштердің принципі. Ұлттық-педагогикалық ерекшеліктерді тұрғындардың іс-әрекеттерінің нақты түрін құрастыратын мазмұндай мен құрылымдардың педагогикалық феномендерінің өзіндік шеңберіндегі оның негізделген көрсеткіштердің негізінде ғана салыстыруға болады.

Маңызды көлемдерді салыстыру  және теңеу принципі. Зерттелетін іс-әрекетте құбылыстардың жалпылау және қызмет ететін сипаттарын табу қажет.

Тарихи-гносеологиялық жақындау принципі. Салыстыру мен теңеу тарихи-гносеологиялық жақындау негізінде жүруі керек. Бұл жерде бір жағынан ұлттық-педагогикалық құбылыстар қалыптасқан, екінші жағынан зерттеулердің өткізілген жағдайларын есепке алу керек. Әрбір қоғамдық құбылысты тарихта болған әйгілі құбылыстар ретінде және осы құбылыс өзінің дамуында қандай негізгі этаптардан өткенін зерттеу қажет.

Әлеуметтік жақындаудың  принципі. Ұлттық-педагогикалық ерекшеліктердің мазмұнын бағалауда әлеуметтік жақындаудың маңызы өте зор. Сол сияқты ұлттық-педагогикалық ерекшеліктердің өзіндік мәніне белгілі әлеуметтік-сын талдау талап етіледі. Ұлттық-педагогикалық ерекшеліктерді зерттеу өзіндік мақсат ретінде болмайды, негізінен нақты этникалық жалпылықтардың өкілдерінің іс-әрекетінде олардың қалай көрінетінін білу қажет.

Кез-келген іс-әрекет өндіріс  құралдарының көмегімен орындалатын  қимылдар жүйесі болып табылады және нәтижелерге жету қызығушылығында  нақты мәселелерді шешуге бағытталған. Іс-әрекеттің өзінің нақтылы мазмұны болады. Қандай да болмасын іс-әрекеттің түрі, ол өзінің педагогикалық мазмұнына психикалық процестерді, қалыптарды, құрылымдарды және жеке адамның қасиеттерінің көрінуін қамтиды. Ұжымдық іс-әрекеттің педагогикалық мазмұны топтың ақыл-ой, эмоционалды, ерікті және мотивациялық ерекшеліктерінің, оның тәжірибесі мен дәстүрлерінің арқасында толықтырылынады. Сонымен қатар ұлттық-педагогикалық ерекшеліктер іс-әрекеттің нәтижелілігінің педагогикалық алғышарттарының элементтері болып табылады [12].

Іс-әрекеттің нәтижелілігін  бағалауда тек педагогикалық  алғышарттарға ғана емес, сонымен  қатар моральді-құлықтылық, операционалдық алғышарттарға да көңіл бөлу керек. Бірақта моральдік-құлықтылықта да, қимылдардың түрлері мен тәсілдерінде де педагогикалық мазмұнда көрсетуге болады, ал ұлттық-педагогикалық ерекшеліктер оған этникалық спецификасын көрсетеді. Басқа жақтан өздерінің бірігіп көрінулерінде моральдік-құлықтылық сипаттар мен педагогикалық климат белгілі іс-әрекетті жүзеге асыруда адамдардың іскерлік негізін құрайды. Сонымен әр этникалық жалпылықтардың өкілдерінің еңбек белсенділіктерінде көрінетін ұлттық-педагогикалық ерекшеліктері мен олардың өзіндіктері іскерлік мүмкіндіктерін белгілі бағалау негізін көрсетеді.

Ұлттық-педагогикалық ерекшеліктер шынында да педагогикалық құбылыстар бола отырып, оларға берілген спецификалық қасиеттерінің арқасында іс-әрекетке үш деңгейде әсер етеді:

Іс-әрекеттің орындалуының ұлттық өзінділігінде.

Адамдардың көрсететін сапаларының ұлттық спецификасында.

Моральді-құлықтылық климаттың  ұлттық өзінділігінде.

Іс-әрекеттің орындалуының ұлттық өзінділігі, ұлттық-педагогикалық  ерекшеліктердің қызметтерінің  көрінуімен негізделеді. Психика қызметі қазіргі педагогикалық ғылымда негізгі мәселелердің бірі болып табылады [6].

Ұлттық-педагогиканы қоғамдық сананың құбылысы ретінде қарағанда  төрт аймақты бөлуге болады:

Мотивациялық-фондық әртүрлі  ұлттық жалпылықтардың өкілдерінің іс-әрекетінің себептік күшін сипаттайды, олардың мотивтері мен мақсаттарының өзінділігін көрсетеді.

Интеллектуалдық-танымдық аймақ ұлттық психиканың қолдаушыларының  қабылдау мен ойлаудың өзінділігін  анықтайды, олардың спецификалық танымдылық және интеллектуалдық қасиеттер көрінеді.

Эмоционалдық-еріктік  аймақта белгілі бір мемлекеттің  халықтарында өзінділік эмоционалдық және еріктік қасиеттерінің анық көрінуінің және қызмет ететінін ескертеді, оларға көбінесе іс-әрекеттің нәтижелігі тәуелді.

Коммуникативті - жүріс-тұрыстық аймақ белгілі ұлттың өкілдерінің ақпараттық және жеке адамдар арасындағы өзара әрекеттерді, қатынастар мен қарым-қатынастарын қамтиды, басқа мемлекеттегі адамдардың осындай көрінулерінің айырмашылықтарын көрсетеді, себебі олардың әрқайсында құрылған өзара қарым-қатынастарының нормалары бар [9].

Полиэтникалық аудиториядағы педагогтардың ұлттық-педагогикалық ерекшеліктерінің құрылымдарын былай көрсетуге болады:

  • Мотивациялық-фондық (жұмысқа деген қабілеттері, іскерліктері, байқаушылықтары, ынталарының деңгейі). Мысалы, жұмысқа деген қабілеттер бір халыққа сипатты, ал байқаушылық екінші халыққа деп айтуға болмайды. Бірінші және екінші қасиеттер де жалпы адамзаттық. Сол себептен бұлардың қайсысы басым болады қарастыру керек.
  • Интеллектуалдық (логикалық жолын қуу деңгейі, абстрактылықтың кеңдігі мен тереңдігі, ойлау операцияларының жылдамдылығы, ойлау іс-әрекетін ұйымдастырудың сипаты т.б.). Әр түрлі халықтарға өзінділік интеллектуалдық мінездемелер сипатты.
  • Танымдылық (қабылдаудың тереңдігі, тұтастығы, белсенділігі және таңдамалылығы, елестетулердің толықтығы мен оперативтігі, қиялданудың жарқындығы мен шапшаңдығы, зейіннің концентрациясы мен тұрақтылығы).
  • Эмоционалды (сезімдердің өту динамикасы, эмоция мен сезімдердің көріну ерекшеліктері).
  • Еріктік (еріктік белсенділігіне ұлттық бағыттың спецификасы, еріктік процестердің тұрақтылығы, еріктік күш салулардың ұзақтылығы).
  • Коммуникативтік (адамдардың арасындағы өзара әрекеттенулердің, қатынастардың, өзара қарым-қатынастардың сипаты).

Полиэтникалық аудиторияларда әлеуметтік-педагогикалық процестердің өзінділігін ескеру керек, себебі олар адамдардың жүріс-тұрыстары мен іс-әрекеттеріне әсер етеді. Ұлттық сана-сезім айтылып кеткен ұлттық-педагогикалық ерекшеліктердің қызмет етулеріне тұрақтылық береді. Ұлттық сана-сезім адамдардың белгілі этникалық жалпылыққа жататынын саналы түрде сезіну, қоғамдық қатынастар жүйесінде өзінің жағдайына ойлану, ұлттық қызығушылықтарды, өзінің ұлтының басқа жалпылықтармен өзара қарым-қатынастарын түсіну. Ұлттық сана-сезімнің көп-бейнелік құрылымы бар, өзіне келесі компоненттерді қамтиды: ұлттың өзіндік идентификациясы, этноконсолидарлық және этнодифференциалдық белгілер туралы елестетулер[31].

Информация о работе Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттері