Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 08:07, дипломная работа

Описание работы

Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдық іс-әрекеттерінің даму ерекшеліктерін зерттеу мәселесі - қазіргі практикалық педагогикадағы ең маңызды бағыттардың бірі. Осыған байланысты педагогика ғылымының алдында жеке адамның тұтастай құрылуының факторларын, заңдылықтарын ұғыну, оның ішкі және әлеуметтік белсенділігінің көздерін жеке адамның дамуының интегралдық компоненттері ретінде Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің даму ерекшеліктерін зерттеу міндеті тұр.

Содержание работы

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………4

1. ПОЛИЭТНИКАЛЫҚ АУДИТОРИЯДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ……………………………………..6
1.1 Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің педагогикада зерттелуі және танымдық қызығушылығының теориясы…………6
1.2 Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдық процестерінің даму ерекшелігі……………………………………………………………………….17
1.3 Полиэтникалық аудиториядағы оқу процесін ұйымдастырудағы педагогтың іс-әрекетінің және танымдық іс-әрекетті белсендіру ерекшеліктері……………24

2. ПОЛИЭТНИКАЛЫҚ АУДИТОРИЯДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ ЖАҒЫНАН ЗЕРТТЕУ……………………………………………………….32
2.1 Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің даму ерекшеліктерін зерттеуге сипаттама………………………………………..32
2.1.1 Жоғарғы оқу орнындағы оқытушылардың іс-әрекетін талдаудың әдістемелік бағдарламасының жүргізілуін ұйымдастыру……………………………...35
2.1.2 Жоғарғы оқу орнындағы қоғамдық ғылымдардың оқытушыларына арналған сұрақ қағазы әдістемесінің жүргізілуін ұйымдастыру………………………38
2.2 Жоғарғы оқу орнындағы студенттің кәсіби іс-әрекетке дайындығы……….41


3. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕСІНДЕ АЛЫНҒАН МӘЛІМЕТТЕРДІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ………………………………………………………………..46
3.1 Жоғарғы оқу орнындағы оқытушылардың іс-әрекетін талдаудың әдістемелік бағдарламасының нәтижелерін талдау……………………………………………46
3.2 Жоғарғы оқу орнындағы қоғамдық ғылымдардың оқытушыларына арналған сұрақ қағазы әдістемесінің нәтижелерін талдау………………………………….53

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………….……………..57

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............…......………………………..59

Файлы: 1 файл

1147171_78579_diplomnaya_rabota_polietnikalyk_auditoriyadagy_studentterdin.doc

— 435.00 Кб (Скачать файл)

Қоғамдық идеология  мен қоғамдық педагогикадан құрылатын  ұлттық-педагогика қоғамдық сана-сезімнің компоненті болып табылады. Идеология әрқашанда топтың қызығушылығын, оның шындыққа деген қарым-қатынасын білдіреді. Идеологияның әсерінен, қоғамдық болмыстың бейнеленуінің негізінде, қоғамдық сана-сезімнің басқа компоненті қалыптасады - қоғамдық педагогика. Идеология өзінің әлеуметтік қызметін орындау үшін, ол адамдардың қоғамдық педагогикасына, содан кейін жеке адамдардың даралық сана сезімдеріне енгізілуі керек.

Ұлттық-педагогика мен  ұлттық-педагогикалық қарым-қатынастарды зерттеудің негізгі принциптері мыналар:

Ұлттық-педагогикасы, оның өмірінің белгілі әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың әсер етуінен құралады және осы жағдайлардың бейнеленуі болып  табылады. Ұлттық-педагогикалық белгілері  әлеуметтік-экономикалық белгілердің  туындысы.

Ұлттың әлеуметтік құрылымы ішінен қалай қарама-қайшы, сол сияқты ұлттың педагогикалық реңкі де ішінен солай қарама-қайшы болады. Сол  себептен бүкіл ұлттың бірегей педагогикалық  ерекшеліктердің аумағы шектелген.

Таптық педагогикасы оның әлеуметтік қимылдарының мотивациясы негізінде болып, олардың бағыттылығын көрсетеді.

Ұлттық-педагогикалық  ерекшеліктер сол әлеуметтік қимылдардың  тек қана өзінділігін сипаттайды.

Ұлттық өзінділікте кейбір ұлттық күйленген лидерлер алып-сатарлық жасады. Сол Полиэтникалық аудиториялардың жетекшілеріне тек қана үлкен байқаушылық емес, сонымен бірге жауапкершілік, мәдениеттік, тактылық, әр түрлі ұлттардың адамдарына бірдей және тең қарым-қатынас талап етіледі.

Полиэтникалық жағдайда белгілі бір  ұлтқа жатуына, мәдени спецификасына, тілдің өзінділігіне, салт-дәстүрлеріне қатысты жеке адамдардың арасындағы қарым-қатынастардың әртүрлілігі бақыланады. Осындай жағдайларда нақты этникалық жалпылықтардың өкілдерінің ұлттық-педагогикалық ерекшеліктерінің көрінуінің спецификасын білу іскерлігі жетекшінің іс-әрекетін жеңілдете түседі.

Полиэтникалық ұжымдарда бір ұлттың өкілдерінің арасындағы топ-аралық қарым-қатынастар байқалады. Полиэтникалық аудиторияның жетекші осындай қарым-қатынастарды есепке алам отырып, оларды міндетті түрде өзінің іс-әрекетінің барысында талдауы қажет, себебі мұндай қарым-қатынастар әртүрлі ұлттық жалпылықтардың өкілдерінің арасындағы қақтығыс жағдайлардың алғышарттары болуы мүмкін. Ұлттық-педагогикалық ерекшеліктерді ескеру, ұжымдағы тәрбиелік іс-әрекеттің ерекше құрылуын болжамдайды. Студенттердің ұлттық-педагогикалық ерекшеліктері біріншіден тәрбиелік әрекеттердің түрлері мен тәсілдерінің өзінділігін, олардың байланыстарын анықтайды. Әртүрлі ұлттық жалпылықтардың өкілдері жетекшінің жүріс-тұрыс стилін өздерінше қабылдайды. Полиэтникалық аудиторияларда жетекшілерден күш салуының үлкен шиеленушілігін, көлемді білімдерді, кәсіби дайындықты жоғары деңгейдегі педагогикалық шеберлікті талап етеді. Полиэтникалық жағдайда жетекшінің ұжымда болып жатқан ұлттық-педагогикалық процестердің мәнін білу, олардың көріну заңдылықтарын есепке алу іскерлігінің маңызы өте зор.

Полиэтникалық жағдайда педагогтар мен  студенттердің арасындағы қарым-қатынастарды нығайту қызығушылығында осы  процестердің тәжірибелік дағдыларын қолдану қажет. Полиэтникалық аудиторияда жетекшінің студенттермен жұмыс жасау іс-әрекеті мұқият жоспарланған, және бүкіл этаптарында бірізділі түрде жүзеге асуы керек. Осы іс-әрекеттің негізгі элементтерінің бірі әр түрлі этникалық жалпылықтардың өкілдерінің спецификасын зерттеу болып табылады. Полиэтникалық аудиториядағы жетекші студенттерді қызықтыратын елдердің, мінездерімен, салт-дәстүрлерімен таныстырады. Полиэтникалық жағдайда жетекшінің әртүрлі өкілдерінің педагогикасын зерттеу процесі үздіксіз, үнемі толық жетілдіріліп және тереңдетілген болуы керек. Бұл өте көп еңбекті керек ететін жұмыс. Полиэтникалық аудиторияда жетекшілердің студенттердің ұлттық-педагогикалық ерекшеліктерінің білмеуі, студенттердің арасында ұлтаралық қақтығыстарға әкеліп соқтырады. Соның кесірінен Полиэтникалық аудиторияда моральді-педагогикалық климаты шиеленісе түседі, біріккен іс-әрекетте мүшелерінің арасындағы өзара түсінушілігі жойылады.

Полиэтникалық аудиторияда жетекші студенттермен жұмыс жасаған кезде ғалымдардың нұсқауларына сүйенген дұрыс емес. Ұжымдағы ұлтаралық қарым-қатынастардың жалпы бейнесін көрсететін арнайы әдістемерді қолдануға болады.

Қазіргі жағдайда Полиэтникалық аудиторияда педагогтың әртүрлі ұлттық жалпылықтардың әрбір өкілінің, әрбір нақты адамның бетіне қарап жұмыс жасауды талап етеді. Педагог әрбір ұлттық жалпылықтардың студенттерінің қатынасының нормалары мен түрлерін сәйкестендіре отыруға тырысу керек. Ол үшін ұжымдағы жұмыс істеу белсенділігінің ұйытқысы неғұрлым нәтижелі болуы үшін, соғұрлым ұлттық-педагогикалық ерекшеліктердің білімдерін кеңінен қолдану керек. Полиэтникалық аудиториядағы студенттерді біріктіру мәселесінде, интернационалдық тәрбие негізгі орын алады. Әртүрлі ұлттық адамдарды біріктіру негізінде, оның жүзеге асыру нәтижелілігін жетекшінің қимылдарының белсенді жүйелері қамтамасыз етеді.

Полиэтникалық аудиторияларда жетекші студенттердің қарым-қатынастарын үнемі талдап отыруға міндетті, әр түрлі ұлттардың өкілдерінің арасындағы достықты нығайтуды қамтамасыз ететін объективті алғышарттарды бақылап отыру керек.

Полиэтникалық жағдайдағы жетекшінің студенттердің жүріс-тұрыстары мен  саналарындағы теріс нанымдарды, эгоизмді, ұлттық шектеуліктерді жоюды  шешетін күрестерді ұйымдастыру  қажет. Жетекшінің іс-әрекетінің міндетті бағыттылықтарының бірі, ұжымдағы қақтығыс жағдайларды болдырмауға күш салуын есептеу керек. Ұлттық негіздегі қақтығыстар бір ұлттың өкілдерін деген кері қарым-қатынастарының салдары болады. Олардың себептерін мұқият ашып қарастыру қажет. Сонымен Полиэтникалық аудиторияларда жетекші студенттердің тек қана ұлттық-педагогикалық ерекшеліктерін есепке ала отырмай, сол сияқты жетекшілердің іс-әрекетінің арнайы білімдер мен дағдыларды пайдалана отыратын күрделі процесінің нәтижелігін жоғарлатудың алғышарттары болып табылады [22].

Ұлтаралық қарым-қатынастардағы кәсіптіктің көрінетін формаларының құрылымдары мен мазмұндары өте күрделі және әр алуан болады. Олардың негізін құрайтындар: басқа этникалық жалпылықтардың адамдарымен жұмыс жасау барысындағы өте жақсы дамыған қабілеттер мен үнемі икемделушіліктің болуы, олармен өзара қарым-қатынас процесінен қанағат алудың өзінділік қалыптасқан қызығушылықтар мен талпыныстар.

Ұлтаралық қарым-қатынастағы  кәсіпкерліктің іргетасын құрастырушыларға мыналар жатады: 1) этно-әлеуметтік жете білушілік; 2)  әрі түрлі этникалық жалпылықтардың өкілдерінің қарым-қатынастың өзара әрекеттесулеріндегі қиыншылықтарды жеңіп шығуға дайындық; 3) басқа ұлттардың адамдарымен қарым-қатынас барысындағы бейімделу мүмкіндіктері; 4) ұлтаралық қарым-қатынастардың мәдениеті.

Этно-әлеуметтік жете білушілік - полиэтникалық жағдайдағы педагогтың ұлтаралық қарым-қатынастар барысындағы білімдердің, дағдылар мен іскерліктердің көріну дәрежесі. Педагогтың Полиэтникалық аудиторияларда студенттердің қажеттіліктерін, мотивтері мен құндылық бағдарлануларын нақты білуі, себебі олардың этникалық спецификасы қатынастарының түріне әсер етеді. Педагог әр нақты этникалық өкілдердің ұлттық сана-сезімдерін құрайтын студенттердің танымдылық-интеллектуалдық сипаттарының көрінулерін есепке ала отыру керек, біріккен іс-әрекет барысында бұларға өте көп көңіл бөлінеді. Ұлтаралық қарым-қатынастар барысындағы ұлтшылдық, шовинизм элементтерінің, нақты этникалық жалпылықтардың өкілдерінің саяси сана-сезімнің қорғану түрлерінің спецификасын ескерудің маңызы өте зор.

Қиыншылықтарды жеңіп  шығуға дайындығы - әртүрлі этникалық  жалпылықтардың өкілдерінің қарым-қатынас және өзара әрекеттенудің басқа түрлері ұлтаралық қарым-қатынастарда эмоционалды-еріктік тұрақтылықтың болуын болжамдайды, және тіл табысу мен өзара әрекеттенулерінде оларды көрсету қабілеттерін көрсетеді.

Таным теориясы (гноселогия немесе эпистеминология) – айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында бейнеленуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатынасын, қоғамдық тәжірбие негізінде іске асатын таным үрдісінің заңдылықтарын, оның негізгі түрлерін, әдістерін, жорамалар мен теорияларды құру және дамытудың жолдарын зерттейтін психология ғылымының саласы.

Білімнің қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі- рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттейтін ілім- “таным теориясы” деп аталады. Таным теориясының басқа ғылым теорияларынан түбірлі айырмашылықтары бар. Ол білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы ұстанымдары, оның ақиқаттың жалпы шарттарының, объективтік қатынастарының қалыптасуы.

Дүниені танудың түрлі  формалары болады. Ғылыми теориялық тану дегеніміз - дүниені меңгерудің бір формасы, мұның негізінде логикалық ойлау мен қорытындылауға қабілеттілік жатады. Ғылыми тану толып жатқан жеке жақтардан заңдылық шығаруға сипат табуға бағытталған.

Студенттер бойында кездесетін таным қабілеттіліктері – білімді өз сапасында белсенді және нәтижелі түрде бейнеленуі. Мұндай бейнелеу әрекеті аса күрделі үрдіс. Ол студенттердің сыртқы даңқы әрекетерін қалыптастыру нәтижесінде жүзеге асады. Студенттердің танымдық белсенділігін арттыру, таным қабілеттілігінің оянуына түрткі болу- оқытудың негізгі мәселелерінің бірі. Студенттердің танымдық белсенділігі ал кезеңінде қабылдау, есте сақтау, қиялдау үрдістері мен зейіннің тұрақты күйін қажет етеді. Студентік өзіндік сезімдік танымы (қалауы, ынтасы, әсерленуі) негізінде қабылданған білімі мен дағдысы, ертігі мен шеберлігі әлдеқайда нәтижелі әрі жемсті болады.

Қоғамдағы өзгерістерге сәйкес Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттері басты мақсат болып отыр. Оқушылардың белсенділігін арттыру жолында олардың әр пәнге қызығуын, өздігінен даму дағдыларын қалыптастыру ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу-әр мектептің міндеті. Сол себепті білім мазмұнын оқыту әдістерін, түрлері мен құралдарын, әдістемелік жүйені жаңа сапалық негізінде қайта құру қажеттілігін естен шығармағанымыз абзал. Білім мазмұны ақпарат көзі ғана болып қоймай, оқушылрадың өздігінен білім алу құралына айналуы керек. Бұл мақсатқа жету жолында пән аралық байланыс, оқушылардың өзіндік танымдық белсенділігін дамытуға арналған дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақтың түрін, өзгертіп отырып нәтиже беретіні сөзсіз. Педагогикалық ахуалға байланысты оқытудың дара және ұжымдық түрлерін біріктіру, оқу құралдарын дұрыс пайдалана білудің де маңызы зор.

Соңғы кезде оқушылардың танымдық ізденімпаздық қабілеттерін арттыруға көп көңіл бөлініп отыр. Көптеген әдістемелік еңбектер бар. Бұл мәселелер төңірегінде әр түрлі көзқарастар бар. Мысалы, ғылым-педагог Л.Занков: “Оқыту-оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуі қажет”, -десе, көрнекті психолог Л.Выготский: “Жақсы оқыту деп, баланың дамуынан ілгері жүретін, оны жетекке алатын оқытуды айтады” деп тұжырымдайды және оқу-баланың өзінің танымдық белсендігі екендігін анықтайды.

Танымдық қабілет әркімге  тән. Тек оны дамыта білу - әр ұстаздың міндеті. Сондықтан, дайын ақпараттық фактілерді, заңдар мен ережелерді беріп қоймай, оқушыларды өз бетінше іздендіретін, алған білімдерін тұжырымда алатын оқу материалдарын беру қажет. Сонымен бірге оқытушы мен студент арасында ұжымдық қарым-қатынас, бір-біріне деген сыйластық болған жағдайда ғана оқыту өз нәтижесін береді.

2. ПОЛИЭТНИКАЛЫҚ АУДИТОРИЯДАҒЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ТАНЫМДЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ ЖАҒЫНАН ЗЕРТТЕУ

 

2.1 Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің даму ерекшеліктерін зерттеуге сипаттама

 

 

Этнопедагогиканың әдістемелілігін  қарастыру және танып алу өзіндік  мақсат болып саналмайды. Ол ұлттық-педагогикалық  құбылыстар мен процестерді дұрыс  түсіну мен талдауға мүмкіндік береді. Осы аймақтың кемеліне ұлттық-педагогикалық құбылыстар мен процестердің қолдабалық зерттеулерісіз жету мүмкін емес. Осындай зерттеулер әлі көп өткізіле қойған жоқ. Бірақ өткізілген зерттеулердің барысында белгіленген тәжірибе жиналды.

Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттерінің даму ерекшелігі мәселесіне байланысты, біз зерттеуге кросскультуралық әдістемелердің келесі түрлерін таңдап алдық:

1 Әдістеме. “Жоғарғы оқу орнындағы оқытушылардың іс-әрекетін талдаудың әдістемелік бағдарламасы”.

2 Әдістеме. “Жоғарғы  оқу орнындағы қоғамдық ғылымдардың  оқытушыларына арналған сұрақ  қағазы”.

Бұл екі этнопедагогикалық  зерттеулердің  бағдарламасы жай  ғана ұлттық-педагогикалық сипаттарды зерттеуге емес, сол сияқты, әсіресе  жоғарғы оқу орындарындағы оқу іс-әрекеті мен тәрбие жұмыстарының көріну спецификасын түсінуге бағдарланған. Бұл екі әдістемінің авторлары Саракуев Э.А., Крысько В.Г.

Студенттердің ұлттық ерекшеліктерін зерттегенде әлеуметтік-педагогикалық  жақындауды қолдай отырып зерттеудің келесі аймақтарын көрсету қажет. Ұлттық сана-сезім, қажеттілік, мотивациялық өріс, танымдылық, қызығушылықтар мен құндылық бағдарлар, коммуникативті -жүріс-тұрыстық іс-әрекет және этникалық таптауырындар. Себебі бұл феномендер полиэтникалық қарым-қатынастарда негізгі мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеуде оқытушының тәрбиелік іс-әрекетіне көп көңіл бөліну керек. Студенттердің әлеуметтік-педагогикалық қасиеттерінің көрінуінде, ұлттық спецификацияның болуы, оларды танып алу және тәрбиелік тәжірибеде есепке алу қажет.

Полиэтникалық ұжымдарда бір ұлттың өкілдерінің арасындағы топ-аралық қарым-қатынастар байқалады. Полиэтникалық аудиторияның жетекші осындай қарым-қатынастарды есепке алам отырып, оларды міндетті түрде өзінің іс-әрекетінің барысында талдауы қажет, себебі мұндай қарым-қатынастар әртүрлі ұлттық жалпылықтардың өкілдерінің арасындағы қақтығыс жағдайлардың алғышарттары болуы мүмкін. Ұлттық-педагогикалық ерекшеліктерді ескеру, ұжымдағы тәрбиелік іс-әрекеттің ерекше құрылуын болжамдайды. Студенттердің ұлттық-педагогикалық ерекшеліктері біріншіден тәрбиелік әрекеттердің түрлері мен тәсілдерінің өзінділігін, олардың байланыстарын анықтайды. Әртүрлі ұлттық жалпылықтардың өкілдері жетекшінің жүріс-тұрыс стилін өздерінше қабылдайды. Полиэтникалық аудиторияларда жетекшілерден күш салуының үлкен шиеленушілігін, көлемді білімдерді, кәсіби дайындықты жоғары деңгейдегі педагогикалық шеберлікті талап етеді. Полиэтникалық жағдайда жетекшінің ұжымда болып жатқан ұлттық-педагогикалық процестердің мәнін білу, олардың көріну заңдылықтарын есепке алу іскерлігінің маңызы өте зор.

Информация о работе Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттері