Танымдық іс-әрекетті қалыптастыру, дамыту ерекшеліктер мәселелерінің зерттелу жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2015 в 10:34, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың қабілеттілік деңгейін көтеру ахуалын анықтау; мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық, шығармашылық ой-өрісін дамыту үшін түрлі ой қызметі түрлеріне тарту.
Міндеттері:
- мектеп жасына дейінгі балалардың қоғамдағы орнын айқындап,
деңгейінің көрсеткішін анықтау;
- мектеп жасына дейінгі балалардың қабілетін қалыптастыруға бағытталған педагогикалық және психологиялық іс-әрекет пен арнайы іс шаралардың кешенін анықтау;
- мектеп жасына дейінгі балалардың қабілетін қалыптаструға мүмкін боларлық жағдайын қамтамасыз ету;
- эрудицияны дамыту, әлеуметтік- саяси, мәдени, ғылыми және қолданбалы білім жүйесін меңгеру іс-әрекеттің тәсілін меңгеруге көмектесу;

Файлы: 1 файл

Мазмұны.docx

— 146.44 Кб (Скачать файл)

Л.С. Выготский пікірінше, ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырып, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып үйрене бастайды. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойнайды, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері мен таным үрдістері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды [12, 82 б.].

        Жас ұрпақ тәрбиесі- адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс. Ұлы Абай: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы- жаманды таниды-дағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады», - десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: « Бала туғанда ақ қағаздай болып туады. Оның үстінде шимайды қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді», - деген екен.

         Адамның дамуы дене, психикалық және әлеуметтік жетілу, пісу процесі болып табылады да, туа біткен және өсе келе  бойға сіңген қасиеттердің, сандық және сапалық өзгерістерінің бәрін қамтиды. Дене дамуы бойдың, салмақтың өзгеруімен, бұлшық еттер күшінің артуымен, сезім мүшелерінің жетілуімен, қимылдардың үйлесімділігімен т.б байланысты. Психикалық даму процесінде танымдық, еріктік, эмоциялық процестерде, жеке адамның психикалық сипаттары мен белгілерінің қалыптасуында елеулі өзгерістер  болады. Даму барысында баланың биологиялық индивид ретінде адамға, жеке адам ретінде адамзат қоғамының мүшесіне айналуы жүзеге асады. Адамның дамуы дегеніміз- оның тегінде бар және туа біткен белгілердің жай ғана сандық көрінісі емес. Даму- бұл ең алдымен айналадағы болмыстың ықпал жасауымен ағза мен психикада болып жатқан сапалық өзгерістер. Адамның дамуы мен оның жеке басының қалыптасуы біртұтас процесс.

  Бала балабақша қабырғасында,балабаұшадан  тыс ұйымдарда ұжым арқылы  білім айғағына,ол әрдайым өз  алдына  дербес тұлға арқылы  іске асқанымен,ойынға қатысқан  әр баланың алдында жеңіске  деген ұмтылыс пайда болады. Мектепке дейінгі білім беруді ұлғайту жолымен балалардың білім алуына бастапкы мүмкіндіктерді бірдей камтамасыз ету болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында оқу қызметін меңгерту олардың танымдық белсенділігін дамытудың басты бағыты болып саналады.

Танымдық белсенділікті психологилық-педагогикалық құбылыс ретінде анықтау, бұл мектепалды даярлық кезеңіндегі балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиелеу және оқыту үрдісінде оны қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді.

     Адамның қандай әрекеті болсын қоғамдық әлеуметтік қажеттіліктен туындайды.Бала өзінің қажетін өтеу үшін,ішкі талаптарын қанағаттандыру үшін белсенді әрекет жасайды.Баланың ойын әрекеті оның ақыл-ой,дене дамытуы үшін қажет.Баланың ойын әрекетіндегі белсенділігін дұрыс бағалап,ойын іс-әрекететінде оның белсенділігіне,білім алуға,қажетті оқу мен дағдыны меңгеруге және оларды күнбе-күнгі тәжірибеде,өмірде пайдалана білуге үйренуге баланың саналықпен істейтін әрекетіне ұластыруы шарт.

            Қабілеттілік – адамның мінез-құлқын реттеп, оның тіршілік етуіне қызмет етеді, психикалық әрекеттің негізіне, шартына айналады. Қабілеттілікті анықтайтын қасиеттер: сезімталдық, байқағыштық, аңғарымпаздық, зеректік, ойлампаздық, көрегендік, зерделілік, идеяларды оңай туындата алушылық, сөз саптау еркіндігі, тұтас қабылдауға, ұғымдарды салыстыруға (алыстату, жақындату, қиындату, т.б), топшылауға бейімділік және тағы басқалар. Өз кезегімізде, бүгінгі таңда орын алып жатқан білім жүйесіндегі жан-жақты бағдарламаларға, өзгерістер, алға жылжуларға, болашаққа деген нақты бағытты ұстанған саясатқа ұжым болып қолдау көрсетеміз. Ерекше жаратылыс иесі адамдардың ақыл-ой өрісі, қабілеті мен бейімділігі, мінезі мен түр әлпеті әрқилы. Әйтеуір, бұл мәселеде бір-біріне жүз пайызға ұқсасы жоқ. Бұл өзі жаратылыстың, адам табиғатының тағы бір құпия сыры. Соған қарамастан , әркім өз ерік күшіне сәйкес өз қабілетін танып-білуге, оны дамытуға талпынады. Керісінше, өз қабілетін тектен-текке құртып(бізге сырттай солай көрінуі мүмкін), оны басқаға жұмсайтындары да аз емес.Тек есіңізде болсын, өз қабілетің өз ырқыңа көнеді.

Саллюстий айтпақшы: « Әр адам өз тағдырын өзі шешуге тиіс». Ал адам қабілетінің қайнар көзі ешқашанда таусылмайды. Адам қабілетінің артуына байланысты оның дарындылығы мен данышпандылығы да айқындала түседі. Осыған орай психологтар-мамандар былай деген: «Адам ө қабілетінің қандай екенін бір іске кіріскенде ғана біледі», - деген сөз оның іс-әрекетінің өлшемі. Әрине, ауыз ашпай тұрып ән сала аласын ба, дауысың келе ме – жоқ па, білу қиын. Өмірден өз  орныңды табу жөнінде де тап солай. Сіз қабілетіңізді, талантыңызды дәл индикатордай өлшейтін, сізді адам қатарына қосатын қолайлы жағдайға тек еңбегіңіз арқылы, еңбеккер ұжымның ішінде жүріп сарыла іздеген шығармашылық қызметіңіз арқылы ғана жете аласыз[13, 87 б.].

           Қабілеттің дамып, қалыптасуы үрдісі әртүрлі деңгейде өрістеп отырады. Оның алғашқы деңгейін репродуктивтік, екінші деңгейін шығармашылық деп атайды. Мұндағы репродуктивтік деңгей – жұрттың бәріне ортақ оқи,жаза,есептей білу, шығармашылық деңгей – арнайы қабілеттіліктің танылуы. Әрбір адам баласы өз бойындағы қабілеттің дамып, қалыптасуындағы алғашқы  деңгейінде оқу, білімді игеруге, іс-әрекетті қажетті жәрежеде жүзеге асыруда икемділік көрсететін болады. Екінші деңгейде жаңа бір заттар мен туындыларды жасай алатын мүмкіндігін байқатады. Қабілеттің қандай түрі де еңбекпен дамып, қалыптасады. Ешкім маңдай терін тамшылатып еңбек етпейінше, оның бойындағы қабілет ешқандай мән- мағынаға ие бола алмайды. Өйткені қабілет ойлау, күшті ерік-жігер,тұрақты мінез, қажыр- қайрат, ұшқыр өиял тәрізді адамның қуаттарының сан түрлі жақтарымен тығыз байланысты. Қабілетті адам шығармашылықпен іс атқармаса, тіпті талантты болса да өз қабілетінен айырылып қалады. Адам баласы күнделікті тұрмыс-тіршілігінде бар уақытын тамақ ішіп, ұйықтап, арақ-шарапқа салынып өткізбей, қандай да болмасын, бір жұмыспен айналысатын болса, әр күнгі ісін, қызметін, шаруасын тыңғылықты тындырып отырса, өз бойындағы қабілетін өлтіріп алмай, дамытып, қалыптастырып отырады.

Негізінде баланың логикалық ойлау қабілеті дегеніміз- қарапайым математикалық алғашқы ұғымдарын меңгертуден басталады десек қателеспейміз. Оны жүйелі түрде шыңдау тәрбиешінің басты міндеті. Педагогика және пихология зерттеулері  бойынша балалық шақ -  баланың жее тұлға болып өзін-өзі сезінуінің алғашқы сатысы, демек адамгершілік қасиеттер, ақыл-ойы, логикалық және басқада қасиеттерін қалыптастырудың ең негізгі кезеңі болып табылады.

       Баланың ақыл-ойының дамуы тек белшілі бір білім көлеміне емес, танымдық іс-әрекет амалдары мен тәсілдерін игерумен бірег есте сақтау, ойлау, елестету, танымдық шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. Бала дамуы үшін есте сақтауы мен ойлау қабілетінің мәні өте зор. Бұлардың бәрі қоршаған орта мен білім, білік,дағдысының қалыптасуы, есте  сақтау және ойлау қабілетімен тығыз байланысты. Баланың ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Ойлау үрдісі анализ, синтез, салыстыру, топтастыру жалпылау, тұжырымдау логикалық амалдарынан тұрады. Ойлаудың осы амалдарын қолдана алуынан балалардың оқу әрекетінің жемісі көрінеді. Бұл жөнінде М. Жұмабаев: « Ойлау – жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде сақтықпен басқыштап істеу керек» - деген.

Логикалық ойлауды дамыту туралы сөз етпес бұрын логика туралы қысқаша айтып кетейін. Логика ( грек тілінен алынған logic – сөз, ой, ойлау, ақыл-ой) ойлаудың заңдылықтары мен түрлері туралы ғылым.

     Обьективтік пікірлерге негізделген роцесс логикалық ойлау деп, ал дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп аталады. Ойлау аса күрделі психологиялық процесс. Бұлардың ішінде психология мен логиканың орны ерекше.

      Психология бірнеше жас ерекшеліктердің ойының пайда болу, даму, қалыптасу жолын, яғни жеке адамның ойлау ерекшелігі мен заңдылығын қарастырса логика – бүкіл адамзатқа  ортақ ой-әрекет заңдары мен формаларын айқындайды, ол адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пайым, дәлел сияқты ой формаларының табиғатын зерттейді.

     Ойлау ерекшелігін таным мен ой процесінің сатысы ретінде зерттеу ойлаудың білім мен тікелей байланысты екенін айқындайды.

      Баланың қажеттілігі мен қызығушылығын түсіне білу, бүлдіршіндердің ой-өрісін іс-қимылын жан-жақты дамыту тәрбиешінің басты міндеті.

      Бүлдіршіндердің логикалық қабілетін дамытуда қарапайым математиканың алғашқы ұғымдарын  ойын  арқылы үйретудің  заттары әртүрлі геометриялық пініндерден құрастырудың, ауызша есеп шығарудың ,көру арқылы салыстырудың , қиялдаудың жұмбақтар  жаттаудың маңызы зор. Өйткені жасырын тұрған  ойдың нені меңзеп тұрғанын  ойлап табу баланың ми қыртысының жұмысын шыңдайды, логикалық ойлау сезімін қалыптастырады. Логикалық ойдың ерекшелігі қорытындылардың қисындылығы да олардың негізіне сай келуі. Логикалық ойлауға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдары қатесіз анықталады.

Логикалық ойлауы  дамыған бала шығармашылыққа, ойлана әрекет етуге, өзінің іс-әрекетін талдауға үйренеді.

        Аталған  жұмыс түрлері, бала үшін, оның  танымын, логикасын арттыру үшін  өмірде қажетті екенін көрсетеді, яғни олардың шығармашылық деңгейін  көтереді, қызығушылығын арттырады.

        Мектепке  дейінгі жас – бұл бала тұлғасы  мен сапасының дамуы қуатты  жүретін, ерекше құнды, қайталанбас  кезеңі. Сондықтан да, мектепке дейінгі  кезеңде білім берудің алғашқы  басқышы, қиын да, қадірлі жұмыс. Мектепке дейінгі жас балаға  белгілі бір білім  ғана беріп  қоймай, оны жалпы дамыту, яғни  сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс  көзқарасты болу, жағдайларды объективті  түрде бақылап, талдау дасауға  үйрету, ойын дұрыс айтуға, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету. Дамыта  оқытудың басты мақсаты – баланы  оқыта отырып, жалпы дамыту. Әрине  ьектеп жасына дейінгі баланың  зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау  мүмкіндіктері әртүрлі болады.

          Қазақстанның бірқатар педагог-психолог  ғалымдары да тұлғаның танымдық  қабілетін дамыту туралы психолог  ғалымдар Н.Менчинская, Е. Кабанова-Меллер, З.Калмыкова, Н.Велинкин,  Л.Леонтьев, В.Мышин, А.Люблинская, А.Петровский  және т.б еңбектерінде көптеген  пікірлер айтылған. Ойлауды дамытудың  қажеттігі туралы әдіскерлер  А.Зорина, Ж.Икрамов, И.Лернер, П.Я.Гальперин, А.Усова, А.Гетманова, В.Давыдов, тұлғаның  логикалық ойлауын дамыту туралы  Б.Ананьев, Ж.Пиаже, Л.Рубинштейн, Н.Лейтес, И.Якиманская, В.Крутецский, Ю.Самарин, Л.Смойлова, В.Стрезикозин және қазақстандық ғалымдар Д.Рахымбек,Ә.Әбілқасымова, Ә.Қағазбаева, С.Меңдіқожаева, Н.Талпақов, Ғ.Баймадиев, Б.Тұрғынбаева,Р.Ысқақов,Н.Иманқұл, Т.Ғабитов т.б еңбектерінде де құнды пікірлер бар[14, 117 б.].

        Танымдық  белсенділік баланың психологиялық- денелік дамуының алғы шарты  мен нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты балалардың  жоғары психикалық үрдісін қабылдау, зейін, ойлау ерешеліктері анықтайды. Барлық психикалық танымдық үрдістердің  ішінен ойлау жетекші үрдіс  болып табылады. Барлық танымдық  процестер үрдістердің қасиеттері  мен қатар бір-бірімен сипатын  анықтай отырып, олармен бірге  және тығыз байланыста болып  бірізділікте жүреді. Демек оқыту  үрдісінде ынталандыру- бұл ең  алдымен бала ойлауын дамыту  болып табылады.

        Ойлау адам өмірінде аса қымбат орын алады. Ойлау арқылы ғана заттардың, көріністердің араларындағы байламды белшілеп, оларда бар себептерді табады, келешекте оларға не болатынын ойлап шығарады. Келешекті болжай алады. Сондықтан тәрбиеші баланың дұрыс ойлап үйренуіне көп күш жұмсауы керек. Өйткені дұрыс ойлау ұрпақтан ұрпаққа табиғи түрде беріледі, оның үстіне тәжірибе арқылы да қалыптасады.

        Адамдарда  тану екі негізгі формада жүзеге  асады: сезімдік тану формасы  және абстракциялық ойлау формасы. Сезімдік тану, түйсік, қабылдау, елестету сияқты жолдармен көрініс табады,оның көмегімен біз заттардың жеке  қасиеттерін ажыратамыз. Сезімдік тану- бұл тек ойлаудың бастапқы сатысы, адам дүниені түйсіне отырып қабылдайды[15, 87 б.].

        Сонымен  ойлау қызметінің белсенділігін  арттыру үшін балалардың танымдық  қызметін дамытатындай өзіндік  пікір, қорытынды шығаруға түрткі  болатын ойындар ұйымдастыру  қажет.

      Ойын арқылы  балалардың негізгі іс-әрекеті  және олардың айналадағы өмірден  алған білімдерін,әсерлерін жинақтаған  тәжірибелерін өз бетінше жүзеге  асырады.Ойын барысында берілген  тапсырмаларды шешуде балалардың  ақыл-ойы дамиды. Міне, осыдан баланың  логикалық ойлау,қиялдау қабілеті  шыңдалады.

     Баланың бойындағы қабілетті ашу шығармашылық бағытта дамуына жетелейді. Осы орайда логикалық ойлау қабілетін дамытудың өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың мынандай: «Заңдылықтар», « Нені отырғызу керек?», «нені орналастырсам екен?», «Сыңарын табыңдар?», «Әзіл жұмбақтар», «Логикалық есептер», « Пішінді орналастыр» логикалық ойын түрлерін айтуға болады.

     Осындай ойындарды  тапқырлықпен, ізденімпаздықпен орындаған  балалардың білімділік дағдылары  қалыптасып жақсы нәтиже береді.

     Мектепалды  даярлық, балалардың логикалық ойлауларын  дамытудың негізгі кезеңіне жатқызуға  болады. Өйткені балалардың ойлары  осы кезде нақты-бейнеліден абстрактылы  ойлауға қарай дамиды. Сондықтан  мектепалды даярлықта балалардың  ой-өрісі қалыптасып және заттарды  тиісті ұғымдарға жатқызып, өздерінің  ойларын дәлелдеуге үйрене бастайды.

       Негізінде  баланың логикалық ойлау қабілеті дегеніміз – қарапайым математикалық алғашқы ұғымдарын меңгертуден басталады десек қателеспейміз. Оны жүйелі түрде шыңдау тәрбиешінің басты міндеті.

     Педагогика  және психология зерттеулері  бойынша балалық шақ – баланың  жеке тұлға болып өзін-өзі сезінуінің  алғашқы сатысы, демек адамгершідік  қасиеттер, ақыл – ойы, логикалық  және басқада қасиеттерін қалыптастырудың  ең негізгі кезеңі болып табылады[16, 23 б.].

    Баланың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім кәлеміне емес, танымдық іс-әрекет амалдары мен тәсілдерін игерумен бірге есте сақтау, ойлау,елестету, танымдық шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. Бала дамуы үшін есте сақтауы мен ойлау қабілетінің мәні өте зор. Бұлардың бәрі қоршаған орта мен білім, білік дағдысының қалыптасуы, есте сақтау және ойлау қабілетімен тығыз байлансты. Баланың ойлау әрекетін ойдағыдай даыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Ойлау  үрдісі анализ, синтез, салыстыру, топтастыру жалпылау, тұжырымдау логикалық амалдардан тұрады. Ойлаудың осы амалдарын қолдана алуынан балалардың оқу әрекетінің жемісі көрінеді. Бұл жөнінде М.Жұмабаев: « Ойлау -  жанның өте бір қиын,терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде сақтықпен басқыштап істеу керек» - деген [14, 102 б.].

Информация о работе Танымдық іс-әрекетті қалыптастыру, дамыту ерекшеліктер мәселелерінің зерттелу жағдайы