Танымдық іс-әрекетті қалыптастыру, дамыту ерекшеліктер мәселелерінің зерттелу жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2015 в 10:34, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың қабілеттілік деңгейін көтеру ахуалын анықтау; мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық, шығармашылық ой-өрісін дамыту үшін түрлі ой қызметі түрлеріне тарту.
Міндеттері:
- мектеп жасына дейінгі балалардың қоғамдағы орнын айқындап,
деңгейінің көрсеткішін анықтау;
- мектеп жасына дейінгі балалардың қабілетін қалыптастыруға бағытталған педагогикалық және психологиялық іс-әрекет пен арнайы іс шаралардың кешенін анықтау;
- мектеп жасына дейінгі балалардың қабілетін қалыптаструға мүмкін боларлық жағдайын қамтамасыз ету;
- эрудицияны дамыту, әлеуметтік- саяси, мәдени, ғылыми және қолданбалы білім жүйесін меңгеру іс-әрекеттің тәсілін меңгеруге көмектесу;

Файлы: 1 файл

Мазмұны.docx

— 146.44 Кб (Скачать файл)

         Педагогикалық аспектідегі белсенділік  мәселесін  зерттеу берілген түрлі  түсіндірулермен байланысты:

  • Белсенділік баланың таным іс-әрекетіне деген қатынасын сипаттайды;
  • Белсенділік субъектінің іс-әрекетке қатынасын (қажеттілік, мотив, ерік, эмоция) көрсететін негізгі белгілермен қатар тұлғаның сипаттамасы ретінде түсіндіріледі.

 Педагогикалық аспект  тұрғысынан белсенділіктің үш  түрін бөліп қарауға болады:

  • Ақыл-ой белсенділігі;
  • Интеллектуалдық белсенділік;
  • Танымдық белсенділік;

  Ақыл-ой белсенділігі элементарлы іс-әрекеттен бастап шығармашылықтың күрделі түріне дейінгі барлық деңгейдегі нағыз әмбебап іс-әрекет шарты болып табылады. Ол түрлі модификацияларда көрінуі мүмкін:

  1. Ынталандыру жаңалығынан туған зейін  белсенділігі және бағдарлы – зерттеу іс-әрекетінде бағытталған зерттеу белсенділігі ретінде;
  2. Интеллектуалды ынталылық түріндегі көрінетін белсендіілк ретінде; ақыл-ой белсенділігінің орталық ядросын когнитивті функциялар мен процестер құрайды. Н.С.Лейтес былай бекітті: ақыл-ой белсенділігі –кез келген дені сау балаға тән, бірақ әртүрлі леңнкйде болады. Өз бақылауының кең материалында Н.М.Лейтес « балалық шақтың әр кезеңі-белсенділік дамуының өзіндік сапалы сатысы» деген қорытындыға келді.

Интеллектуалды белсенділік- өзіндік шарттарға сай  ой әрекеті ретінде түсіндіріледі. Бұл терминнің кең өріс алуы, жиі қолданылуы Д.Б.Богоявленскаяның жұмыстарымен байланысты. Оның пікірі бойынша, интеллектуалды белсенділік интеллектуалды емес факторлардан көрінетін жүйенің интегралдар қасиеті болып табылады. Танымдық белсенділік – жалпы белсенділік феноменінің маңызды саласы, оның негізі ретінде адамның ең маңызды қасиеті болып табылады. Танымдық белсенділік адамға өте маңызды және күрделі құрылым ретінде өзінің психологиялық анықтамаларында көптеген тұжырымдамаларға ие. Білімді белсендіру мәселесіне байланысты әр еңбектерде таным белсенділігіне анықтама берілген. Оның зерттеулеріне маңызды үлес қосқандар М.Н.Скаткин, И.Ф.Харламов, М.А .Данилов, М.И.Махмутов, Т.Ш.Шамова, Г.И.Шукина және т.б. Маңызды әлеуметтік  күшіне байланысты бұл мәсле қазіргі диалектикада, білім беру тәжірибесі мен тәрбиеде негізгі болып саналып отыр. Педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде белсенділіктің төмендегідей анықтамалары бар:

  • адам зейіні белсенділігінің таңдаулы бағыттлығы ( Н.Ф.Добрынин, Т.Рибо).
  • таным субъектісінің ақйл-ой қабілеттерінің көрінуі (С.л.Рубенштейн).
  • әртүрлі сезімдерді белсендіргіш (Д.Фрейер).
  • адамның іс-әрекеті мен санасының деңгейін жоғарылататын эмоционалды- еріктік және ақыл-ой  процесінің ерекше қорытпасы
  • білімді қарқынды меңгеруге әзірлік, яғни қабілет пен ұмтылыс (Н.А.Половников)
  • тұлғаның күшейтілген танымдық жұысы мен сипатталатын еріктік жағдай (Р.А.Низамова)
  • оқушының өмірлік күшінің әсерлілігі (Г.И.Шукина).
  • таным мақсатына жетудегі құлықтық еріктік әрекеттерді жиюға ұмтылумен және білім беру сипатына, мазмұнына қатысты тәрбиеленуші тұлғасының айқындалуы, әрекет сапасы (Т.И.Шамова)

  Танымдық белсенділік көп түрлі тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен тығыз байланысты. Танымдық әрекеттің белгілі бір ғылым  саласы мен таңдаулы қатынасы, танымдық әрекеті, оларға қатысу және қатысушылармен танымдық қарым-қатынасы маңызды келеді. Сонымен бірге адамның барлық жоғары таным процестерінің өзінің даму деңгейінен белсенділендіруге танымдық белсенділік тұлғаның шындықты қайта құру әрекеті нәтижесінде ұдайы ізденіске жетелейді. балалардың жеке тұлғасында танымдық белменділігінің  дамуы бес-алты жас аралығында қарқынды келеді. Бұл әсіресе баланың логикалық тапсырмаларды белсенді орындауы,жауап кілтін табуға ширақ келуі, білуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы оқу әрекетінің міндеттерін шешуде  айқын көрінеді.

Д.Б.Эльконин пікірінше, мектепке дейінгі кезеңде балалар іс-әрекетінің күрделенуіне жалпы ақыл-ой дамуының ілгеруіне байланысты зейін күшті шоғырланып, тұрақтылыққа ие болады. Мысалы, мектепке дейінгі кезеңдегі кішкентайлар бір ойынды 30-50 минут ойнайтын болса 5-6 жеткенде ойынның ұзақтығы 1,5 сағатқа дейін созылады. Мұны ойында адамдардың күрделірек  іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарының бейнеленуімен және ойынға үнемі енгізілетін жаңа ахуалдардың қолдау табуымен түсіндіруге болады. Балалар суреттерді көргенде әңгіме, ертегі тыңдағанда зейін тұрақтылығы арта түседі. Мысалы, мектепке дейінгі шақтың соңында суретті көру ұзақтығы екі есеге артады, мектепке дейінгі кішкентайға қарағанда  алты жасар бала суретті жақсырақ түсінеді,оның өзіне қызықты жақтары мен егжей-тегжейлерін бөліп алады.

         Бүгінгі таңда ұрпақ алдында «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттерді үшінші мың жылдықта іске асыру жауапкершілігі тұр.

        Президенттің қазақстан халқына Жолдауында: « Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнмі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондақ-ақ балаларымыздың , жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу керек. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» - деп айтылған [1,5б]. Осы тұрғыдан Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту Тұжырымдамасында: « Орта білім берудің мақсаты- жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс , адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілеттері жеке тұлғаны қалыптастыру» деп көрсетілген [23,21б.].

    Практика тұрғысынан балалардың танымы- өзіне тән ерекшелігі бар күрделі психикалық үрдіс. Бала білмеуден білуге қадам басқанда әр түрлі қиындықтар мен қайшылықтар кездеседі, оларды шешу, жеңу нәтижесінде оққу міндеттері жүзеге асырылады. Оқыту үрдісіндегі ең негізгі қайшылық, ол – педагогикалық міндет талаптармен балалардың мүмкіндіктерінің білімі мен дағдысының және дамуының қазіргі деңгейі арасындағы қайшылық.

         Танымдық әрекетінің негізінде  балада танымдық белсенділік  қалыптасқан. Олай болса, танымдық  белсенділік дегеніміз,білімді меңгертуді  тек байқаумен, сезумен ғана қабылдатып  қоймай, керісінше, талданып отырған  үрдісті аңғарту арқылы заңдылықтың  теория жүзінде қалай ашылғанын  байқата, соны білдірте отырып, меңгерген  білімін практикада шығармашылықпен  қолдана білудің дұрыс амал-тәсілдерін  үйрету, сол арқылы іскерлігі  мен дағдысын арттыру болып  табылады. яғни, балалардың оқуға, білімге  деген ынта-ықыласының,құштарлығының  ерекше көрінісі болып табылады.

  Танымдық белсенділіктің үш дәрежесі бар:

  1. Дәреже – жаңғыртушы белсенділік шәкірттің материалды жадылап қайта жаңғыртуға, оны үлгі бойынша қолдануға, меңгеруге ұмтылысымен сипатталады. Белсенділіктің 1-дәрежесіне тән көрсеткіш – баланың бойында білімін тереңдетуге деген ұмтылыстың болмауы.
  2. Дәреже- түсіндіруші белсенділік баланың оқығанын зерделеуге, оны өзіне белгілі ұғымдармен байланыстыруға, білімін жаңа жағдайларда пайдалану жолдарын меңгеруге ұмтылысынан көрінеді. Екінші дәрежеге тән көрсеткіш баланың басталған істі аяғына дейін жеткізуге ұмтылуынан,қиындыққа тап болғанда оны жеңудің жолдарын қарастыруынан байқалатын үлкен дербестігі.
  3. Дәреже- белсенділіктің шығармашылық дәрежесі – баланың тапсырманы шешудің тың жолдарын іздестіруге деген ұмтылысымен сипатталады. Бұл дәреженің ерекшелігі – мақсатқа жетудегі табандылық, танымдық ынтаның негіздері мен әр алуандылығы, сөйтіп оқудағы белсенділік – баланың іс-қимыл жағдайы ғана емес, осы іс-қимылдың сапасы, онда баланың қызмет мазмұнымен сипатына қатынасымен, өзінің рухани ерік, күш жігерін оқу-танымдық мақсаттарға жетуге жұмылдыруға деген ұмтылысымен айқындалатын тұлғасы көрінеді. Дербестік әрекетке өздігінен икемделудің сапалық көрінісімен; мотивті және белсенді қылықтың балаға тән арнаулы нысандарымен тәсілдерін синтездеумен өмір шындығының белгілі бір жақтарына баланың тұрлаулы , мінез-құлықта тиянақталған қатынасы мен сипатталатын жүйелі білім алу ретінде қарастырылады.

         Философия тұрғысынан танымға  мынадай анықтама берген: « Таным  – ойдың білмеуден білуге қарай  дәл емес, білуден неғұрлым толық  дәл білуге қарай ұмтылатын  ой-өрісінін күрделі урдісі». Адам  танымы байқаудан шақты аңғарудан  заңдарды теория жүзінде ашуға, ал сонан кейін ол заңдарды  теория практикада қолдануға  қарай жүріп отырады[24,72б.].

       В.И.Селиванов  балалардың ерік, күшінің түрлі  сипатын айқындайтын оқу-танымдық  әрекеттің мақсатын қоюдың үш  нұсқасын бөліп көрсетеді:

  1. Оқу- танымдық әрекет мақсатын тәрбиеші қояды. Бала бұл мақсатты ат үсті қабылдайды. Мұның өзі ерік,күшінің төмен деңгейде болуына алып келеді;

  2. Тәрбиеші тапсырманы  немесе тақырыпты хабарлайды, осыған  сәйкес баланың өзі оқу-танымдық  әрекетті жүзеге асыруға тиіс, сөйтіп осы негізде бала мақсатын  өзі немесе тәрбиешілермен бірге  анықтайды. Мақсаттың қойылуына  ізденімпаздық үлесінің көп болуы  ерік, күшінің неғұрлым жоғарғы  деңгейде екендігін көрсетеді.

  3. Бала өзінің оқу-танымдық  әрекетінің мақсатын өз бетінше  анықтайды, бұл –өз бастамасымен  өз бетінше жұмыс істеу болып  табылады. Мұндай жағдайда  ерік  күшінің деңгейі неғұрлым жоғары.

       Баланың даму барысында таным белсенділігі артады. Мектеп жасына дейінгі (5-6ж)  балалар заттарды түсіне қарап ажырата бастайды, олардың құрылысын , пайдалану тәсілдерін білгісі  келеді. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге  талаптануын таным ынтасы дейді. Мектеп жасындағы балалардың таным ынтасын қалыптастыруды білім беру тәсілдерінің ерекше  маңызы бар. Оқу барысында балалар түрлі заттардың, құбылыстардың мәніне, ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарын  терең  түсінуге, алған теориялық білімдерін практикада еркін білуге  үйренеді. Балалардың таным белсенділігі олардың шығармашылық  іздену қабілетіне , тәрбиешілердің теориялық сауаттылығы мен шеберлігіне байланысты.

       Негізінде  баланың логикалық ойлау қабілеті  қарапайым математикалық  алғашқы  ұғымдарды меңгеруден басталады. Себебі, бала сөйлей  бастаған  кезден өзінің мекен-жайын, телефон  нөмірін жаттайды. Міне, сан, санау  да осыдан басталады. Оны жүйелі  түрде дамыту ата-ана мен тәрбиешінің, қоршаған адамдардың- басты міндеті. Сезім тәрбиесі- түйсік пен қабылдаудың  қатар дамуы. Сәбилік щақтың алғашқы  күндерінен  бастап-ақ бала өзін қоршаған  заттардың қасиетін түсінуге талпыныс жасайды. Балада заттарды қабылдайтын көру дағдысы оянады. Бұл кезде затты танып білу үшін бүлдіршіндер оның түр-түсіне мән бермейді, заттың құрылымына(пішініне) көңіл бөледі. Бүлдіршіндердің логикалық ойлау ұғымдарын ойын арқылы үйретудің, математикалық диктант жазудың, заттарды әр түрлі геометриялық пішіндерден құрастырудың, ауызша есеп шығарудың, көру арқылы салыстырудың,қиялдаудың,жұмбақтар жаттаудың маңызы өте зор. Өйткені ,жасырын тұрған ойдың нені  меңзеп  тұрғанын ойлап табу үшін баланың ми қыртыстарының жұмысы шыңдалады.  Яғни, логикалық ойлау  сезімін қалыптастырады. Ойын арқылы мектеп жасына дейінгі  балалар іс-әрекет кезінде айналадағы  өмірден алған білімдерін, әсерлерін, жинақтаған тәжірибелерін  өз бетінше іс жүзеге асырады . “ Ойын арқылы бала  өз еркімен қоршаған ортаның негізгі  ерекшеліктерін зерттейді” – деген Э.Эриксонның дәл және анық айтылған.  Қоршаған орта, қоғамдық өмірдегі құбылыстар , олардың арасындағы  байланыстары мен қатынастары,адамның алар орны, табиғат пен оның құбылыстары , өсімдіктер мен жануарлар туралы  білімдері дамиды. Оларды  орындау барысында бала заттар мен құбылыстардың мәнді  белгілерін айқындайды, кейбір дерексіз ұғымдарды сипаттауды, уақыт қатынасын, себеп-салдар, көлем, өлшем туралы түсініктерді игереді. Олар сөздерді еркін  қолданады, өз пікірін айтуды,оны негіздеуді, қарапайым заңдылықтарды анықтауды, салыстыруды, талдауды, пайымдау логикасын, ойлауды үйренеді. Сөздік қоры, тіл байлығы артады, сюжетті әңгімелер құру қабілеті дамиды. Балабақшада балалармен қарапайым математикалық түсінікті дамытуға бағытталған арнайы оқу іс-әрекеттері өткізіледі. Балалардың танымдық есептерді ұғына білу қабілетін одан әрі дамытудың маңызы зор. Баланың білімін нақтылау және тереңдетумен қоса оларда сандық түсініктерді қалыптастыру қажет, геометриялық пішіндерді атап, айыра білуі тиіс. Логикалық, дидактикалық ойындар ұйымдастыруды қажет етеді. Балаларды санауға үйрету үшін мынадай ойындарды ұсынуға болады. « Реттік сандарды ата», «  Қай сан қалып  қойған?», « Әрі қарай сана» ойындары балаларды санауға жаттықтырады, сан белгілерін, сандар және шектес сандардың ара-қатынасы туралы тиянақтайды. Қазақ халқының халық ауыз әдебиеті үлгілерін бұрынғы балалардың көрген-білген, көңілге түйген ғасырлар бойы уақыт елегінен өткізген ақыл-ойдың жиынтығын, балалар бойына дарыту арқылы олардың ой-өрісін дамыту мақсатында, қысқа сандардан бастап, ұзын шумақты сандарды жаттап үйретуді, санамақтарды  үнемі оқу іс-әрекеттерінде пайдаланған жөн. Халқымыздың ауыз әдебиетін, ертегілер мен аңыздарды балалар сүйіп,қызығып тыңдайды. Бесік жыры, хайуанаттар айтысы,ертегілер, жұмбақтар,өтірік өлеңдер де балаларды қызықтырады. Балалар өлеңнен кейін құстардың аттарын біліп және дыбыстарын айтуға икемделеді. Бүгінгі жас бүлдіршіндерді тәрбиелеә отырып,олардың ойлау қабілетін дамыту, математикалық ұғымдарын  толықтай қалыптастыру,өздерін қоршаған ортаны  дәл, анық ажырата білуге үйретудің маңызы зор. “ Ойын – бұл өзінше бір мектеп. Осы ойын түрлері арқылы  балалардың мінез-құлқын, олардың өмірге, қоршаған  ортаны танып білуге деген, бір –біріне деген танымдық көзқарасы қалыптасады”. В.А.Сухомлинскийдің осы сөзі ойын арқылы баланың  логикалық ойлау қабілеті шыңдалатынын дәл көрсетеді. Ойындарды қолдану  іс-әрекеттің әсерлігін арттырып, балалардың логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады. Тәрбиеші ойындарды шығармашылықпен түрлендіре отырып,балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп,жаңа тақырыпты өткенде, бұрынғы материалдарды қайталағанда  білімді тиянақтау негізінде топтағы барлық балалармен жүргізілетін бағдарламалар арасында жұмыс жүргізгені абзал[25,28б.].

       Өзіндік таным  сабағында балалар  ең алдымен өзін сыйлауға, өздеріне жақын адамдарды, елін, Отанын, мәдениетін жақсы көрге ықпал ете отырып, ешкімнің көмегінсіз  таңдау жасауға, жауапкершілікті түсінуге, ең соңғысы бақытты өмір сүруіне септігін  тигізбек, көмектеспек.

       С.Л.Рубенштейннің айтуынша « Қиял -  бұл образдық форманы іске асыру,өзгеріске енгізу» деп түсіндіреді. Л.С.Выготский мен А.Н.Леонтьев қиялдың ерекшелігіне қарай оған арнайы психикалық процесс деп қарауға мән береді.

К.Д. Ушинский «Балаға оқуды қызықты ете білу керек және сонымен қатар, оларды қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды да бұлжытпай орындауды талап ету керек, бұл жұмысты орындағанда бір жағын басым етіп жібермей, екі жағын теңестіру арқылы еріксіз зейінді тудырып отырумен қатар, балада белсенді зейін шамалы болғанына қарамастан оны жаттықтырып отыру керек», - деп көрсетеді. Оқушылардың зейінін дұрыс қалыптастыруға мұғалімнің жеке басының үлгі - өнегесінің маңызы да зор.

В.С. Мухина бойынша мектепке дейінгі шақ есте сақтау мен еске түсіру қабілеттілігінің пәрменді дамуымен сипатталады. Адамдар, оқиғалар есте сақталатын кезең мектепке дейінгі шақта анықталмаған мерзімге ығысады. Шындығында, бізге сәбилік шақтағы оқиғалардан бірдеңені еске түсіру қиын немесе мүлде дерлік мүмкін болмаса, мектепке дейінгі балалық шақ көптеген әсерлі сәттерді есте қалдырады. Бұл әсіресе мектепке дейінгі ересектерге тән. Мектеп жасына дейінгі баланың есі негізінен ықтиярсыз сипатта болады. Бұл бала көбіне өзінің алдына бір нәрсені есінде қалдыру үшін саналы мақсаттарды қоймайтындығын көрсетеді. Есте сақтау мен еске түсіру баланың еркі мен санасына байланысты өтеді. Бұл екеуі де іс-әрекет арқылы жүзеге асады әрі іс-әрекеттің сипатына байланысты болады. Бала іс-әрекетте неге зейін қойса, оған не әсер етсе, не қызық болса, соны ғана есінде сақтайды. Заттарды, картиналарды, сөздерді ықтиярсыз есте сақтаудың сапасы, баланың осыларға қаншалықты әсерлі іс-әрекет істеуіне іс-әрекет процесінде оларды егжей-тегжейлі қабылдау, ойластыру, топтастыру қандай дәрежеде өтетіндігіне байланысты. Мысалы, суреттерді жай ғана қарап шыққанда оларды баланың есінде сақтау анағұрлым нашар балады, ал осы суреттерді, өз орындарына, мысалы, бақшаға, ас үйге, балалар бөлмесіне, қораға дәл келетін жеке заттарды қою ұсынылғанда бала оларды есінде жақсы сақтайды. Ықтиярсыз есте сақтау баланың орындайтын қабылдау және іс-әрекеттерінің жанама қосымша нәтижесі болып табылады.  

Мектепке дейінгі жастағылардың ықтиярсыз есте сақтауы мен ықтиярсыз еске түсіруі – ес жұмысының бірден-бір түрі. Бала бірдеңені есте сақтау немесе еске түсіру жөнінде алдына әлі мақсат қояды, ал бұл үшін арнаулы тәсілдерді қолдануды білмейді. Мысалы, үш жастағы балаларға суреттер тобының біреуін сұрағанда балалардың басым көпшілігі өзін мүлде бірдей ұстады.

Информация о работе Танымдық іс-әрекетті қалыптастыру, дамыту ерекшеліктер мәселелерінің зерттелу жағдайы