Танымдық іс-әрекетті қалыптастыру, дамыту ерекшеліктер мәселелерінің зерттелу жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2015 в 10:34, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың қабілеттілік деңгейін көтеру ахуалын анықтау; мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық, шығармашылық ой-өрісін дамыту үшін түрлі ой қызметі түрлеріне тарту.
Міндеттері:
- мектеп жасына дейінгі балалардың қоғамдағы орнын айқындап,
деңгейінің көрсеткішін анықтау;
- мектеп жасына дейінгі балалардың қабілетін қалыптастыруға бағытталған педагогикалық және психологиялық іс-әрекет пен арнайы іс шаралардың кешенін анықтау;
- мектеп жасына дейінгі балалардың қабілетін қалыптаструға мүмкін боларлық жағдайын қамтамасыз ету;
- эрудицияны дамыту, әлеуметтік- саяси, мәдени, ғылыми және қолданбалы білім жүйесін меңгеру іс-әрекеттің тәсілін меңгеруге көмектесу;

Файлы: 1 файл

Мазмұны.docx

— 146.44 Кб (Скачать файл)

Ойын- баланың алдына өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятады. Сонымен қатар, ойын тынысы кең, алысқа  меңзейтін, ойдан- ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат беретін ғажап нәрсе[29,61б.].

     Жалпы бастауыш сынып оқушыларының мектепке  дейінгі  ең нгізгі ісі ойын болғандықтан  оқып  үйрету барысында  олар біртіндеп ойын әрекетіне таным әрекетіне түрлі ойындарды ойнау  барысында бейімделуі тиіс.

      Я.А.Коменский: « Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі»,- деп  атап көрсеткен болатын. Осы сөздің  өзінен- ақ балалардың танымдық  әрекетін қалыптастыруда  ойынның  қаншалықты маңызы  бар екенін түсінуге болады.

      Ойынның нәтижесінде,  баланың бойында: ойлау, ұйымдастырушылық қасиет,  тапқырлық, белсенділік, шыдамдылық қалыптасады. Ойын – маңызды іс. Егер біз ойынды  тек көңіл көтеру үшін  немесе  дем алу  ретінде пайдалансақ, одан ешқандай пайда болмайды. Қандай ойын болса да, ол негізгі мақсатқа жұмсалуы керек, өйткені ойын баланы дамытады. Ойын  адам  жолын ынтымақтығымен бірге, оның  бойындағы көптеген қаситтерді ұштап, білім дәнін бойға білдіртпей  дарытады. Ойындардың қай- қайсысы болсада баладан төзімділіті, тапқырлықты, ізденімпаздылықты, шеберлікті, т.б. болып  жатқан  қасиеттерді талап  етеді.

    Қызығу – танымдық іс – әрекеттің  қозғаушы күші. Баланың  қызығуы жәрдемімен оқып үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне, мүмкіншілігіне сенім артады, кісілігі қалыптасып, дара тұлғалық сипаттарға ие болады.

    Танымдық қызығу оқыту  мен тәрбиелеу нәтижесінде  қалыптасады.  Педагогикалық әдебиеттерде  оны қалыптастырудың үш жағдайы туралы  айтылады.

     Біріншісі  - оқытудың  мазмұны мұндағы балаларды  қызықтыратын  мазмұнының  берілу  түрі, жаңалығы, ғылымы мен техниканың соңғы табыстары таңдандыратын тарихи  деректер, білімнің  ғылыми  іс жүзінде қолданылуға  бұрыннан білетін мағлұматтардың  жаңа  қырының  ашылуы.

     Екіншісі – балалардың таным әрекетін ұйымдастыру формалары, құралдарын  және әдістерін  жетілдіру. Бұған  жататындар: сабақтың дәстүрлі емес түрлерін өткізу, оларды  қолданылатын  техникаық және  көрнекі құралдардың тиімділігін  арттыру,  танымдық ойындар  ұйымдастыру, проблемалық және интегративті ұстанымдарды жүзеге асыру,  пәнаралық  және  пәнішілік  байланыстарды  тудыру, ғылымның өмірімен, өндіріспен, техника  және пәнішілік  байланыстарды  тудыру, ғылымның  өмірімен,  өндіріспен, техника және экологиямен  байланысын ашып көрсету, балалардың өздігінен білім алуды  тиімді  ұйымдастыру, шығармашылық  және зерттеу жұмыстарын  белсенді  қалыптастыру,  білім тексеру  мен  бағалаудың  алуан  түрлерін  ұтмды пайдалану  арқылы оқытудағы  кері байланысты  жетілдіру.

      Үшінші – тәрбиеші мен бала, бала мен бала арасындағы  қарым- қатынас, сыйластық, ізеттілік орнатып,  жүрек  жылуының  болуын  қамтамасыз ету. Бала өзі  ұнатпайтын  тәрбиешінің  пәніне  ешқашан  қызықпайды. Балалар  өзара сыйласа  алмайтын, тәртіп жиі бұзатын сабақтардан  тезірек құтылуға  тырысады.

     Қызығуды туғызу үшін  ойын түрлерін пайдаланудың орны  бөлек. Тиімді қолданылған  ойын  түрлері тәрбиешінің  түсіндіріп  отырған материалын балалар  зор  ынтамен тыңдап, берік  меңгеруіне көмектеседі. Өйткені балалардың  аңсары  сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап  отырады.  Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы  ықыластана  әрі  сапалы орындайтын болады. Ойындар барлық  сыныптарда  қолданылады.

    Әр қашан  да  тәрбиеші ойынға қойылатын төмендегі  әдістемелік 

талаптарды біліп, орындап  отыруы  тиіс:

1. Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекілектер  мен  материалдар күн ілгері  дайындалып, оңтайлы жерге  қойылуы керек.

2. Ойынға кірісер алдында  оның  жүргізілу  тәртібі балаларға  әбден түсіндрілгені жөн.

3. Ойынға  сыныптағы балалардың түгел  қатысуын  қамтамасыз етуі керек.

4. Ойынның жүру  барысында тәрбиеші балалардың түгел қатысуын  қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде  шешім қабылдай білуіне, ойлана  білуіне жетелеуі керек.

     Ойын  түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбымен мазмұны неғұрлым сәйкес алынса, соғұрлым оның танымдық, тәрбиелік маңызыда арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін тартымдылығын күшетеді, балалардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Еліміздің ертеңі бүгінгі  жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында. Адам уақытпен бірге адымдайды, уақытпен бірге өмір сүреді. Білім туралы заңда тәрбиешілер бас қосуларында сапалы білім, саналы азамат өсіру туралы талай пікірлер айтылды. Болашақ еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгіт балалар. Біз оларды қалай тәрбиелесек, ертеңгі Қазақстан сол деңгейде болады                         [30, 63 б.].     

  Тәрбиеші бақыты мен қуанышы – оның шәкірттері білімді болып, ұстаз сенімін ақтай білуі.  Мұндай белеске жету үшін тәрбиеші алаңдамай жұмыс істеуі керек. Тәрбиешінің беделі оның жеке басының, жан дүниесінің көркемділігіне, біліктілігіне байланысты. Ағартушы Ы.Алтынсарин « Егер шәкірт бір нәрсені  түсінбесе оған баланы кінәламауы керек. Бұл жерде ұстаз кінәлі, сондықтан да ұстаз берер білімін жеткізе білгені жөн» деген ойды айтқан.

       Тәрбиеші  мен балалардың ойын мен тәжірибе  сабақтарында қызығушылығы бар  балалар үшін  әсерлі де тартымды  ойын тәсілі болса, бала үшін  бұл оқу үрдісін түрлендіру. Ойын  түрінде өтетін сабақтар балаларды  балабақшадан шыққаннан кейінгі  өмірге дайындайды. Олар тек қандай  да бір жағдай не істеу керектігін  жаттап, есіне сақтаудан гөрі  іс жүзінде көріп, өзін рөлге  қойып, шешім қабылдау әлдеқайда  қызық. Осындай ойын түрлері  имитациялық  деп аталады. Оқытудың имитациялық  түрі арқылы оқушылардың білім  сапасы мен белгілі бір пән  немесе тақырып бойынша дайындығын  білуге болады[31, 98 б.].

Белсенділік адамның табиғи қасиеттерінің бірі болып табылады.Дьюи жетекші қағидасының айтуы бойынша оқыту процесінің белсенді қатысушысы болатын бала мінездемесін анықтайды.Дьюи бойынша бала егер көзімен өзінің айналасындағы кернеуді табыстыра алса, белсенді болады(S.M.Fishman,L.M.cCarty). Оған қалай жетуге болады. Бұл айналаны белгілі бір мақсатпен зерттейміз және оның барысында қажет болатын жаңа жетістіктерге жету жолдарына үйренгенімізде орын алады деп есептейді ол. Балаға оқырманның қызығушылығын арттыратын дұрыс проблемаларды сонымен қатар оқу бағдарламасына енген материалды оқу барысында меңгерілетін және нәтижелілерге әкелетін проблемаларды оқуға беру біздің қолымыздағы нәрсе.Онда Дьюидің айтуына сай, оқыту мектептен тыс білм сияқты эмонациялдық күшке ие болады.С.Фишманның айтуы бойынша, класстағы мүлде мен жігер механизімін Дьюи келесі тұрғыда көрсетеді:1. Не үшін «Не үшінсіз мектепте үйреніп жатқаны мен өзінің болашағының арасындағы ұзақтықты құрастыра алмайды.

2. Неменеге? Балалар оларды  мақсатқа жету үшін не көмектесетінін  анықтау керек. Егер сен біреудің  сенімін өзгерткің келсе, онда  сен көрсетілген ақпараттар нақты  неге назарын аударуды ұсынатындығын  көрсету керек. Пәнмен материал  мақсатқа жетудің қажеттілігімен  мағынасы болуы керек.

3.Не арқылы? Бұл балаларды  сыныптағы таныс емес элементтерді  тануы үшін қолданатын бұрынғы  тәжірибесі. Психологияда белсенділікті  іс-әрекет деп атайды. Жеке тұлғаның  белсенділігі оның қажеттіліктерінен  туады.(материалдық және рухани,жеке  немесе қоғамдық қажеттіліктер.) Жануарлардан айырмашылығы сәби  жасынан басталатын қоғамдық  қажеттіліктеімен реттеледі. Адамның  белсенділігі(немесе оның әрекеті)оның  себептеріне, мақсат пен міндеттерін  дұрыс қоя алуында,оларды орындау  тәсілдерін дұрыс таңдай алуына  байланысты. Белсенділікті өзіне  және жеке тұлғаның қоршаған  орта мен тәрбиелік әрекеттерге  қатысты ішкі ұстанымдарына байланысты  ол әртүрлі бағыттарда қалыптасуы  мүмкін. Егер баланың осы әсерлерге  деген көзқарасы теріс болса, ол тәрбиеші қалағанынан қайшы  бағытта дамиды. Мұндай жағдайда  мұғалмнің үлгерімді жақсартуға  шақырған әрбір сөзі балада  жасырын, кейде тіпті ашық қарсы  әрекет тудырады.Тәрбиеші, оның педагогикалық  әсері ішкі өрісте, яғни тәрбиешінің  санасы мен сезіміне оң әсерін  тигізбсе барлық жағдайларда  әрдайым осылай болып отырады. Осының нәтижесінде жеке тұлғаның  дамуы мен қалыптасуында көрініс  табатын барлық әсерлер мен  ықпалдар екі топқа-ішкі және  сыртқы болып бөлінетін болады.Қоршаған  ортаның әсерімен тәрбие жеке  тұлғаның дмуының сыртқы факторына  жатады.Табиғи әсерле- бейімділік  пен әуестік, сонымен қатар адамның  сезімдері мен күйзелістері,оның сыртқы әсерлердің  ықпалымен пайда болатын сылтаулары мен қажеттіліктері-барлығы ішкі факторға жатады.Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы осы екі фактордың өзара байланысының нәтижесі болып табылады.

 

      Балаға немесе балалар тобына тестінің қағазы беріледі. Оның бірінші бетіне бала жөнінде мәлімет жазылады. Қалған ашық жеріне ер адамның сыртқы пішіні суреттеледі. Ал екінші бетінің жоғарғы сол жағында әріптердің жазба үлгілері, ал осы беттің төменгі сол жағында нүктелер жиынтығы берілген. Беттің оң жақ бөлігі бала жұмыс жасау үшін ашық қалдырылады. Қарындаш зерттелушінің екі қолының арасындағы бірдей қашықтықтағы ортаға қойылады( егер бала солақай болса, ол жағы ескерілуі керек).

№1тапсырма.

« Қандай да бір ер адамның суретін сала алғаныңша сал» деп жазылған қағазды әр балаға көрсетеді. Бұдан басқа түсініктеме, көмек, түзету жұмыстары болмайды. Егер, балалардың барлығы қалай салу жөнінде сұрап жатса, онда психолог « Шамаң келгенше суретін сал» деген жауаптан танбау керек. Егер бала бірден сурет салуға кірісіп кетсе, онда балаға жақындап: « сен суретті әдемі салып  жатырсың, сала ғой», - деп, мадақтап қою керек. Кейде балалар: « Еркектің орнына әйелдің суретін салуға бола ма?» - деп сұрай бастайды. Мұндай жағдайдабарлығының да ер адамның суретін салып жатқанын, сондықтан ол сол суретті сала бастаса, оны жалғастыруын қадағалау қажет. Одан кейін жанына ер адамның суретін салуды өтінген жөн. Суреттерді салып болған соң, қағаздарының екінші бетін аударту керек

№2тапсырма.

   Экспериментатор- мұғалім  былай дейді: « Мына нүктелерге  қараңдар. Жанына осындай нүктелер  салып көріңдер». Ол үшін балаға  жазып көрсету керек. Тапсырманы  орындау кезінде олардың әрекеттеріне  бақылау жасай  отырып,әрқайсысының  ерекшеліктерін  мұғалім өзіне  жазып алып отырғаны жөн. Сонымен  қатар, оның қозғалысы қалай? Бір  орнында отырып жасай ма, әлде  айналып, қозғалып отырып жасай  ма? Қарындашын жиі түсіріп алып, іздеп отыра ма? Суретті қажетті  жерге салып отыр ма, әлде қалаған  сызықтарын жүргізіп отыр ма? Осындай қимыл-әрекетіне көңіл  бөліп, қажет жағдайларын түртіп  алып отыру қажет.

№1 тапсырманың ( ер адамның сырт пішінін салу) қорытындысы[32, 56 б.].

   1 ұпай мынадай  жағдайда қойылады: Салынған суретте  адамның басы, денесі мен аяқтары  көрсетілуі тиіс.  Басы мен  денесінің үлкен болмауы керек. Адамның басында шашы, құлақтары, бетінде- көзі, мұрны, ауы болады.

« Ойлау және сөйлеу» әдісі

1.Грамматикалық конструкциядағы  түсінікті табу.

Бақылаушы сөйлемді айтады. Мысалы : « Самат кітап оқып болған соң киноға барды». Сөйлемді анық және баяу оқу керек. Дұрыстап екі рет қайталап оқып, жақсы түсінгеніне сенімді болу кере. Содан кейін барып бақылаушы сұрақ қояды. « Самат бірінші не істеді- кино көруге барды ма? Әлде  кітап оқыды ма?».

2.Тапсырманы ауызша орындауын  тексеру.

Үстелде ретсіз қарындаштар жатады. Бақылаушы балаларға айтады: « Қаламсапты жинап қорапқа сал, содан кейін қорапты сөреге қой». Балалар тапсырманы орындап болған соң бақылаушы сұрақ қоя отырып сұрайды: « қазір қаламсаптар қайда жатыр? Оны сен қайдан алдың?». Егерде балалар тапсырманы дұрыс орындай алмаса, онда сұрақтарды жеңілдету керек. Бақылаушы айтады: « Қаламсапты алып , оны жәшікке сал». Содан кейін жаңағы сұрақтар қайта қойылады.

3.Балалардың зат есімді  өзгерту ептілігін анықтау.

 Бақылаушы балаға былай  дейді: « Мен саған сөзбен бір  затты айтамын, ал сен сол затты  көп затқа айналдырып айт». Мысалы,  егер мен « кітап» деп айтсам, ал сен «кітаптар» деп айтуың  қажет. Әрі қарай бақылаушы жалғыз  сөз  түріндегі он бір зат  есімді айтады. Мысалы, қаламсап, кітап, орындық, перде, қала, көз, құлақ, аға, апа, жалау, бала. Егер бала сөздерді көпше түріне өзгертуде нұсқауды жеткіліксіз, анық түсінбесе (мысалы, « дәптер», «көп дәптер» және т.б жауп берсе) онда, қайтадан дұрыс жауаптың үлгісін көрсету қажет , мысалы, « кітап», «кітаптар» және т.б.

4.Оқиғаның жүйелілігін  анықтап, ептілікпен тауып орнату. Балалардың алдына ,өздеріне таныс  оқиғалар бейнеленген төрт суретті  ретсіз қояды. Мысалы: бірінші суретте  бала ұйқыдан оянды,ал екінші  біреуінде- жуынды, үшіншісінде- тамақтанды, төртіншісінде- мектепке бара жатыр. Бақылаушы  суреттердің орнын  ауыстырып қойып, балаларға суреттерді  дұрыс қоюын және неге ол  бастапқыдай емес, басқаша қойылғандығын  түсіндіруін өтінеді.

«Суреттің жұбын тап» ойыны.

Мақсаты: Баланың ойлау қабілетін, есте сақтауын және тілін дамыту

Қажетті құралдар: Магниттік тақта, магниттер, 12 жұп суреттер: фасоль – горох, анар - алма, шәйнек - кесе, қораз - әтеш, аққу – шағала, шегіртке – құмырсқа, күрек – тырна, қызғалдақ – раушан, ешкі – қой, қасқыр – аю, картоп – сәбіз, кітап – дәптер.

Ойын өтілу барысы:

Психолог магниттік тақтаға ойынның суреттерін іледі. Суреттердің орналасуы: жоғарғы қатарына – фасоль, алма, шәйнек, қораз, аққу, құмырсқа, күрек, қызғалдақ, ешкі, қасқыр, кітап, сәбіздің суреттерін қояды. Төменгі жағына – горох, анар, кесе, әтеш, шағала, шегіртке, тырна, раушан, қой, картоп, дәптердің суреттерін қояды.

  Балаларға жоғарғы қатардан сурет таңдап төменгі қатардан сол суреттің жұбын тауып топтастыру керек екенің түсіндіреді. Балалар кезекпен жұптарын тауып және неліктен олай ойлайтының айтады. Мысалы: фасоль суретіне мен горохтың суретін жұп қылып топтастырдым. Себебі екеуіде асқа жатады.

Информация о работе Танымдық іс-әрекетті қалыптастыру, дамыту ерекшеліктер мәселелерінің зерттелу жағдайы