Танымдық іс-әрекетті қалыптастыру, дамыту ерекшеліктер мәселелерінің зерттелу жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2015 в 10:34, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың қабілеттілік деңгейін көтеру ахуалын анықтау; мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық, шығармашылық ой-өрісін дамыту үшін түрлі ой қызметі түрлеріне тарту.
Міндеттері:
- мектеп жасына дейінгі балалардың қоғамдағы орнын айқындап,
деңгейінің көрсеткішін анықтау;
- мектеп жасына дейінгі балалардың қабілетін қалыптастыруға бағытталған педагогикалық және психологиялық іс-әрекет пен арнайы іс шаралардың кешенін анықтау;
- мектеп жасына дейінгі балалардың қабілетін қалыптаструға мүмкін боларлық жағдайын қамтамасыз ету;
- эрудицияны дамыту, әлеуметтік- саяси, мәдени, ғылыми және қолданбалы білім жүйесін меңгеру іс-әрекеттің тәсілін меңгеруге көмектесу;

Файлы: 1 файл

Мазмұны.docx

— 146.44 Кб (Скачать файл)

  Бала балабақша қабырғасында,балабаұшадан  тыс ұйымдарда ұжым арқылы  білім айғағына,ол әрдайым өз  алдына  дербес тұлға арқылы  іске асқанымен,ойынға қатысқан  әр баланың алдында жеңіске  деген ұмтылыс пайда болады. Мектепке дейінгі білім беруді ұлғайту жолымен балалардың білім алуына бастапкы мүмкіндіктерді бірдей камтамасыз ету болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында оқу қызметін меңгерту олардың танымдық белсенділігін дамытудың басты бағыты болып саналады.

Танымдық белсенділікті психологилық-педагогикалық құбылыс ретінде анықтау, бұл мектепалды даярлық кезеңіндегі балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиелеу және оқыту үрдісінде оны қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді.

     Адамның қандай әрекеті болсын қоғамдық әлеуметтік қажеттіліктен туындайды.Бала өзінің қажетін өтеу үшін,ішкі талаптарын қанағаттандыру үшін белсенді әрекет жасайды.Баланың ойын әрекеті оның ақыл-ой,дене дамытуы үшін қажет.Баланың ойын әрекетіндегі белсенділігін дұрыс бағалап,ойын іс-әрекететінде оның белсенділігіне,білім алуға,қажетті оқу мен дағдыны меңгеруге және оларды күнбе-күнгі тәжірибеде,өмірде пайдалана білуге үйренуге баланың саналықпен істейтін әрекетіне ұластыруы шарт.

  Бала белсенділігі  негізінен екі түрлі:сыртқы және  ішкі белсенділіктен тұрады.Сыртқы  белсенділігі көбінесе ойын арқылы,қимыл,қозғалысы,әсіресе  өмірлік әрекетіне байланысты  болып келеді.Баланың ішкі белсенділігіне  оның ойлау әрекетіндегі белсенділігі  жатады. Баланың ішкі,сыртқы белсенділігін бөле-жара,бір-бірінен ажырата қарауға болмайтыны байқалады.Нақтылы айтсақ,баланың ойы,қабылдауы,дағдысы ең сақ,баланың ойы,қабылдауы,дағдысы ең алдымен сырттан болатын әсерлердің негізінде ішкі әсерлерді туғызып,қабылдау белсенділігін арттырады.Егер сыртқы әсер солғын болса,ішкі әсердің де солғын болары сөзсіз.Сондықтан А.С.Макаренканың бала ойында қандай болса,өмірде де сондай болады,үлкендердің жұмыстағы қоғамдық өмірдегі қызметкерлігі,қайраткершілігі баланың ойынымен тең деген пікірін шындықтан алшақ деп түсіну қиын.

    Ұлт ойындарымен бойында бүгінгі жас ұрпақтың бойына дарытарлық ұлттық жағымды қасиеттері ұшан-теңіз,соның бәрі әлеуметтік педагогикалық талаптарды үнемі шыңдап,қоғам талаптарына сай жастарды тәрбиелеу ісіне қосар үлесі мол екені даусыз.

    Қазақ халқы материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға аса бай халықтардың бірі.Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары да жатады.Бүгінгі заман достарымыз бен болашақ ұрпақтарымыздың оларды оқып үйреніп,өздерінің кім екендіктеріне барлау жасау ата-бабаларының психологиялық болмысы мен ойлау жүйелеріне зер салуларына, көздеген мақсаттарына саралап, жете біліулеріне, дәстүрлер жалғасын өрістетіп, өткені мен бүгінгі байланыстыра білулеріне, сөйтіп, мәңгүрттік атаулыға тосқауыл қоюларына ұлт ойындары септігін тигізеді. Балалар ойын арқылы шынығып өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Сондықтан ойынға халық ерекше мән берген, халық оған тек ойын – сауық, көңіл көтеретін орын деп қарамай, ең бастысы – ел қорғауға қабілетті болашақ қайраткер, өзінің осы қасиетін шаршы топтың алдында, баршаға тең, еркін бәсекеде жеңіп алуға тең болған.

    Ойын тегінде адам баласының ұжымдық шығармашылығының және орындалуы да көбінесе ұжымдық түрде болғандықтан, ойын үстінде жолдастық, достық қарым – қатынасқа әрекеттенуге тәрбиелеуге мүмкіндік мол.

    Психолог ғалым Т.Тәжібаев өз зерттеулерінде ұзақ жылдар бойы қалыптасқан ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің кейбір ерекшеліктерін ескілікті білдіреді деген теріс көзқараста орынды сынай отырып, олардың тәлім –тәрбиедегі денесін машықтыру мен ақыл – ойын жетілдірудегі жеріне тоқталады. Ұлттық ойын түрлері ұрпақтың көңіл көтеруі, ойын- сауық түрлерімен шұғылдануымен ғана шектелмей олар сол халықтың салт санасын, дәстүрән, тұрмысын білдіретін әрекет еаендігін көрсетеді. Кез – келген ойынның түр сипаты халықтың тіршілік тынысын бейнелейтін құбылыс.

Мектеп жасына дейінгі балалардың кейбіреулерінде этикалық ес деп  аталатын көру естің ерекше түрі байқалады, өзінің айқындығы мен дәлдігі жағынан эйдетикалық естің бейнелеріне жуықтайды: бұрын қабылданған бір нәрсені есіне түсірген бала соны көз алдына қайты қөріп тұрғандай болады. Эйдетикалық ес – жас шағының құбылысы. Мектепке дейінгі жаста осындай есі бар бала, кейәінірек,  ектепке  оқыту кезеңінде , әдетте өзінің бұл қабілеттілігін жоғалтады.

        Мектеп жасына дейінгі балалардың бойына оқу қызметін меңгеру , ол танымдық белсенділікті дамытудың басты бағыты болып саналады.

        Танымдық белсенділікті психологиялық-педагогикалық  құбылыс ретінде анықтау , бұл мектепалды даярлық кезеңіндегі балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, тәрбиелеу мен оқыту үрдісін қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Себебі меңгерілген  білімнің сапасы мен беріктігіне тек балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеудің нәтижесі емес, сонымен қатар балалардың өзіндік танымдық іс-әрекетіне қатынасының қатысуымен тәуелді болып келеді.           

    Ойын –оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде де қолдануға болады.Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті -  ойын болса, оқу – тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактика ойындары арқылы жүзеге асырылады. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді. Ойын оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан да бастауыш, дайындық сыныптарында оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Мысалы, дайындық сыныбында қарапайым ғана ойын түрлерін ұнатсақ, сыныбы үлкейген сайын баланың жас ерекшеліктеріне сай болып күрделенген жөн. Олай болса ойынды пайдаланудың маңызы зор. Ойынды математика сабағында қолдана отырып, балаларды саналы ойлауға үйретеміз. Нәтижесінде балалардың қаншалықты білім меңгергенін анықтауға болады. Мұндай ойынның көптеген түрлері бар. Сондықтан ойын балалардың жас ерекшеліктеріне және өтіліетін сабақтың тақырыбына мазмұнына сай етіліп, таңдалып алынған дұрыс. Бала ойын іс – әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және іс – әрекеттері табиғи бірлікте болып отыр, пәндік білім білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Мысалы, дайындық сыныптарда сан санауға  заттарды санап және олардың екі тобын салыстыруға, өлшеміне, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету мақсатында «Жеміс жинау», «Өз орнынды тап», «Сан құрамын анықта», «Құстарға қамқорлық», «Жапырақ жинаймыз», «Шырша безеңдіру» ойындарын ойнатуға болады. Ұлттық ойындар халықтың әлеуметтік – экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамығанына қазақ халқының ойындары мен таныса отырып, көзіміз әбден жетеді. Халық ойындарын сабақтарда пайдалану оқушының алған білімін, күнделікті өмірмен берік ұштастыруға қолайлы. Негізінде баланың логикалық ойлау қабілеті қарапайым математикалық  алғашқы ұғымдарды меңгеруден басталады. Себебі, бала сөйлей  бастаған  кезден өзінің мекен-жайын, телефон нөмірін жаттайды. Міне, сан, санау да осыдан басталады. Оны жүйелі түрде дамыту ата-ана мен тәрбиешінің, қоршаған адамдардың- басты міндеті. Сезім тәрбиесі- түйсік пен қабылдаудың қатар дамуы. Сәбилік щақтың алғашқы күндерінен  бастап-ақ бала өзін қоршаған  заттардың қасиетін түсінуге талпыныс жасайды. Балада заттарды қабылдайтын көру дағдысы оянады. Бұл кезде затты танып білу үшін бүлдіршіндер оның түр-түсіне мән бермейді, заттың құрылымына(пішініне) көңіл бөледі. Бүлдіршіндердің логикалық ойлау ұғымдарын ойын арқылы үйретудің, математикалық диктант жазудың, заттарды әр түрлі геометриялық пішіндерден құрастырудың, ауызша есеп шығарудың, көру арқылы салыстырудың,қиялдаудың,жұмбақтар жаттаудың маңызы өте зор.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          2 МЕКТЕПАЛДЫ БАЛАЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ

      ІС- ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

 

          2.1 Мектепалды балаларының танымдық әрекетін дамытуды 

                ұйымдастыру әдістемесі

 

 

Мектепке дейінгі білім беруді ұлғайту жолымен балалардың білім алуына бастапкы мүмкіндіктерді бірдей камтамасыз ету болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында оқу қызметін меңгерту олардың танымдық белсенділігін дамытудың басты бағыты болып саналады.

Танымдық белсенділікті психологилық-педагогикалық құбылыс ретінде анықтау, бұл мектепалды даярлық кезеңіндегі балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиелеу және оқыту үрдісінде оны қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді.

Психологиялық - педагогикалық әдебиеттердегі талдауда(Т.И.Шамова, С.Л.Рубинштейн, К.К.Платонов, Э.Г.Юдин, Л.П.Буева, А.Н.Леонтьев, В.П.Зинченко, Л.А.Венгер, А.М.Леушина, А.А.Люблинская, Л.Ф.Обухова, А.В.Запарожец, Н.Н.Подьяков, А.П. Усова, М.И.Лисина, Г.И.Щукина және т.б.) тұлғалық сапа ретіндегі танымдық белсенділіктің ерекшелігінің психологилық, педагогикалық жөне биологиялық сипатта айқындалатындығын көрсетті.

Биологиялық жағы танымдық белсенділіктің қалыптасуының мәселелері мектепке дейінгі балалардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін талдаумен байланысты болып келеді.

Мектепке дейінгі кезеңге қарқынды морфологиялық - қызметтік даму тән. Ересек адам мектепке дейінгі балаға күшті педагогикалық әсер етеді, ол өзара әрекет үрдісінде кешенді әдістер мен тәсілдер көмегімен танымдық белсенділікті қалыптастырады, балалардың психикалық: ойлау, қабылдау, ес, зейін, сөйлеуді, өзіне сенімділікті және ынталылықты дамыта отырып, олардың белсенді танымдық іс - әрекет пен шығармашылыққа бой алуына көмектеседі. Балалардың танымдық белсенділігін дамыту мәселесі ұстаздардан теория және практикада жаңалықты іздеуді талап етеді, бүгінгі жағдайдағы анықтаушы мағынаға ие, оқытудағы белсенділік принципін жүзеге асыруға бағытталған оқудың мазмұнын, формасын, әдістері мен тәсілдерін, жағдайлары мен құралдарын әлі де жақсарту үшін жаңа мүмкіндіктерді іздестіруді керек етеді. Себебі меңгерілген білімнің сапасы мен беріктігіне тек балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеудің нәтижесі ғана емес, сонымен қатар мектепалды даярлық балаларының өзіндік танымдық іс - әрекеттеріне қатынасының қалыптасуымен тәуелді болып келеді.

Танымдық белсенділіктің ерекше белгілері мыналар:

-  бірнеше заттар мен  құбылыстарға деген белсенді  танымдық қатынас ретіндегі жан-жақтылығы;

-  құбылыстың тек қана  фактісі, қасиеттері мен сапаларына  ғана емес сонымен бірге мәні, себебі жөне өзара байланысына  деген белсенділігімен сипатталатын  тереңдігі;

- динамикалығы, яғни бұл  баланың меңгерген білімі қозғалмалы  жүйе түрінде құрылуы және  іс-әрекетке қолданылуы, баланың  ойлау әрекетінде қызмет атқаратындығы;

- әрекеттілігі, яғни заттар  мен құбылыстармен танысуға қиыншылықтарға  төзуге, мақсатқа жетуде ерік-жігерінің  болуына бағытталған баланың  белсенді әрекетінде байқалады.

Психологиялық жақтағы мәселелері мына түсінікке негізделеді: танымдық белсенділік баланың психологиялық-денелік дамуының алғышарты мен нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты мектепалды дайындық балаларының жоғары психикалық үрдістерінің қабылдау, зейін, ойлау ерекшеліктерін зерттеу кажет болып табылады.

Қабылдау оқуды қамтитын белсенді үрдіс. Оның негізін сезім мүшелерінің жұмысы құрайды. Қабылдау түсіну синтезінің нәтижесінде елестету мен бұрынғы тәжірибе кемегімен пайда болады. Қабылдаудың мәселесі шетелде және кеңестік психологияда да кең түрде зерттелді. Шетелде оны зерттегендер ассоциативтік психология (Д.Селли), гештальт психология (К.Кофка, Т.Фолькельт) жөне функционалды психология (К.Бюлер, Ж.Пиаже) өкілдері болды. Кеңестік психологтар (Е.Н.Соколов, М.Д,Дворяшин, Н.А.Кудрявцев, П. А.Шеварев, Р.И.Говорова және т.б.) кабылдау мәселесіне табандылықпен өзгеше ғылыми қортынды жасады. Олардың зерттеулері шындықты бейнелеудің негізгі заңдылықтарын ашу, мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың қабылдауының, дамуының ерекшеліктерін талдау бағытында жүргізілген. Мектеп жасына дейінгі баланың есінің даму проблемасы кептеген кеңестік психологтарды (А.А.Смирнова, П.И.Зинченко, С.Р.Жуйков, Н.И.Мурачков, А.Н.Цынбалюк т.б.) қызықтырды. Л.С.Выготский баланың есін күрделі іс-әрекет ретінде қарастырып, ол тек баланың үлкендермен қарым-қатынасы кезінде және белсенді ойлау әрекетінде қалыптасады деген. Бұл ойды А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, Л.В.Занков, т.б. өз зерттеулерінде дамыта түсті. Барлық психикалық танымдық үрдістерін ішінен ойлау жетекші үрдіс болып табылады. Ол басқа танымдық үрдістердің қасиеттері мен сипатын анықтай отырып, олармен бірге жүреді және тығыз байланыста болады. Демек оқыту үрдісінде ынталандыру - бұл ең алдымен бала ойлауын дамыту болып табылады. Бейнелі ойлау - мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі ойлау түрі. Мектепке дейінгі жастың бастапқы кезеңінде балалар әрекеті тек тікелей тәжірибелік нәтижеге жетуіне бағытталған есептерді шығарады. Бірақ та бала күрделенген іс-әрекетінде қимыл нәтижесі жанама түрде болатын жөне оған жету үшін бірнеше құбылыстардың арасындағы байланысты ескеруді қажет ететін ұмтылыс жасайды. Сөйтіп ойлаудың көрнекі формасының негізінде сөз-логикалық ойлау формасы қалыптасады. Балалардың қызығушылығын, белсенділігін арттыру олардың ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туғызады. Ойлау қызметінің белсенділігін арттыру үшін балалардың танымдық қызметін дамытатындай өзіндік пікір, қорытынды шығаруға түрткі болатын ойын-сабақтарды ұйымдастыру қажет, Танымдық үрдістерде бір интеллектуальды іс-әрекетке біріктірілген сыртқы және ішкі әрекеттердің синтезі пайда болады. Қабылдауда бұл синтез перцептивті әрекеттермен көрінеді, зейінде - сыртқы және ішкі жұмыс жоспарын басқару және бақылау іскерлігі, ал материалды есте сақтауға және қайта жаңғыртуда оның және ішкі құрылымдарының бірігуі байқалып, бұл тенденция ойлауда ерекше айқын көрінеді. Бұл практикалық тапсырмалар мен есеп амалдарын орындап шешуде көрнекі-әрекеттік, көрнекі бейнелік, сөз-логикалық әдістердің бір үрдісте бірігуі ретінде көрінеді. Бұл жерде психиканың дамуы жеке үрдістердің арасындағы байланыстылық пен касиеттердің артуы ретінде қаралмай, сонымен катар баланың танымдық белсенділігінің сипаттамасын анықтайтын тұрақты ішкі және сыртқы құрылымдарының пайда болуы ретінде қарастырылады                        [25, 87 б.].

Танымдық белсенділіктің құрылуы мәселесінің педагогикалық қыры Л.С.Выготский, А.В.Запорожец, А.П.Усова, т.б. зерттеулерімен байланысты. Олардың жұмыстарында баланың айналасындағы адамдармен, сыртқы ортамен кеп аспектілі өзара әрекеттестігі кезінде баланың танымдық белсенділігін ете ерте жастан дамыту керектігі дәлелденген.

Мектепке даярлық кезеңінде танымға деген қызығушылык және сол жаңаны, белгісізді білуден туындайтын қанағаттану сезімі пайда болады. Балаларда «Неге? Нелікген? Не үшін?» деген сұрақтарда көрінетін білімге құштарлық айқын байқалады. Яғни, қоршаған әлем затгары мен құбылыстарының тәуелділігі мен байланыстарының себеп-салдарлығын анықтау және оны жете түсінуде көрінеді.

Мектепке даярлық кезеңінде балаларды оқытуды сәйкесінше ұйымдастырған кезде «талдап салыстырмалы қорытынды жасауда жоғары дәрежеге жетеді, шартты схема суреттерді түсінуге, заттардың байланысы мен қатынасын байнелейтін жалпы білімді игеруге, меңгеруге мүмкіндік алады» (Л.А.Венгер), оларға зандылық, байланыстылық сипатта көрінетін бағдарламаның барлық бөлімдері бойынша белгілі-бір жүйедегі білімді меңгеруге жол ашық (А.В.Запорожец, Н.Н.Поддьяков, А.П.Усова);

Тек белсенділік қана жеке тұлғаның дамуының факторы және өлшемі болып табылғандықтан, танымдық қабілеттердің құрылуы балалардың жалпы кешенді тіршілік әрекетінің дамуымен заңды түрде байланысты болып келеді. Балалардың аралас білімдерінің, ұғымдарының дамуы мен қарқынды түрде жинақталуы оқыту үрдісінің энергиясы. Балалардың белсенділігі әлсіремесін десек, сабақта алынған жаңа білімге деген қанағаттану сезімі келесі жаңа сабаққа деген аса қызығушылық сезімімен байланыстыра отырып құрастырылуы қажет. 5-6 жастағы балалардың психикалық дамуында айқын сипатталатын ерекшеліктер еспелі еркіндік, ниеттілік психикалық үрдістердің мақсаттылығы, қоршаған әлем шындығын оның көптүрлі көріністерін меңгеруі, таным үрдістерінде еріктің қатысуымен кеңеюі және олардың танымдық іс-әрекеттерін құрайтын негізгі элементтерінің сәйкесінше тез құрылуымен анықталынады. Мектепке дейінгі жас- естің қарқынды даму жасы. Ес – бала үшін маңызды оқиғалар мен мәліметтерді жадында қалдырады және сақтайды.

       Сондай-ақ мектепке дейінгі балалардың ойлау үрдісіне тоқталсақ , ойлау-тіл дамуы әне ғылыми ұғымдарды  меңгеру бірлігінде дамиды. Баланың сау психикасының ерекшелігі- танымдық белсенділігі. Ойлау – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының адам миында жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ақыл-ой жағынан бала қаншалықты пәрменді болса, ол сонша көп сұрақтар қояды және оның сұрақтары соншалықты алуан түрлі болады. Бала заттың бейнесін ғана емес, оның қимыл-қозғалыстарын да ойлайды. Бейнелі ойлау – 6 жасар бала ойлауының   негізгі түрі. Әрине,ол жекелеген жағдайларға  логикалық ойлауды да орындай алады, бірақ та бұл жаста көрнекілікке сүйенген оқыту басымырақ болады. Сондықтан жақсы қабылдап алған заттардың түсін есінде жақсы сақтайды. Көру жне есте елестері көрген нәрселердің мазмұнымен байланысты болады.

Информация о работе Танымдық іс-әрекетті қалыптастыру, дамыту ерекшеліктер мәселелерінің зерттелу жағдайы