Танымдық іс-әрекетті қалыптастыру, дамыту ерекшеліктер мәселелерінің зерттелу жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2015 в 10:34, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың қабілеттілік деңгейін көтеру ахуалын анықтау; мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық, шығармашылық ой-өрісін дамыту үшін түрлі ой қызметі түрлеріне тарту.
Міндеттері:
- мектеп жасына дейінгі балалардың қоғамдағы орнын айқындап,
деңгейінің көрсеткішін анықтау;
- мектеп жасына дейінгі балалардың қабілетін қалыптастыруға бағытталған педагогикалық және психологиялық іс-әрекет пен арнайы іс шаралардың кешенін анықтау;
- мектеп жасына дейінгі балалардың қабілетін қалыптаструға мүмкін боларлық жағдайын қамтамасыз ету;
- эрудицияны дамыту, әлеуметтік- саяси, мәдени, ғылыми және қолданбалы білім жүйесін меңгеру іс-әрекеттің тәсілін меңгеруге көмектесу;

Файлы: 1 файл

Мазмұны.docx

— 146.44 Кб (Скачать файл)

Мектепке түсу балалардың логикалық есін дамытуда үлкен роль атқарады. Оқушылардың есін тәрбиелеуде де мұғалім олардың жас және дара ерекшеліктерін ескере отырып, жұмыс жүргізеді. Кіші мектеп жасындағы балаларды оқу тәсілін өз бетімен таңдап ала алмайтындықтан мұғалім үйге тапсырма бергенде, материалды қалай оқу керектігін балаларға ұдайы ескертуі керек. Бұл жөнінде оқулықтардың бәрінде мәтінді қалай оқу, тапсырманы қалай орындау керектігі айтылған. Бірақ баланың назары кейде бұған жөнді түсе қоймайды. Мұғалім мұні қатты ескерген жөн.

      Мектепке дейінгі балалық шақта заттардың, құбылыстардың, іс-әрекеттердің арасындағы байланыстар мен қатынастарды бөлу  мен пайдалануды талап ететін күрделі де сан алуан міндеттерді баланың шешуіне тура келеді.  Ойында, сурет салуда, құрастыру, жапсыруда, оқу және еңбек тапсырмаларын  орындауда бала үйреніп  алған  іс-әрекеттерді жай ғана пайдаланып қоймайды, жаңа нәтижелер ала отырып олардың  тұрақты түрін өзгертеді.  Мектеп жасына дейнігі балалар  өздерін қызықтырған мәселелерді түсіну үшін өзіндік эксперименттер  жасауға кіріседі, құбылыстарды бақылайды, оларды талқыға салып, қорытындылар жасайды. Мектепке дейінгі балалық шақтың соңында кейбір механикалық , физикалық және басқа байланыстармен қатынастарды түсінуді, осы байланыстар мен қатынастан туралы білімді жаңа жағдайларда  қолдана білуді талап етеді. Осы  жастағы балалардың жылдың соңын дейін абстактылы логикалық ойлауы жақсы дами түседі. Бірақ, тәжірибе түріндебала затты көрмей тұрса, берген сұраққа толық жауап бере алмайды. Бала ойлаудың барлық операцияларын жақсы қабылдауға тиіс[22,27б].

Балалардың ойлауын дамытуда мектептегі оқу тәрбие процесі шешуші роль атқарады. Бала ойлауын дамыту үшін  мұғалім тиісті жұмыстар жүргізіп отыруы тиіс.  Ой тәрбиесі адамның психологиясын жан –жақты етіп тәрбиелеумен ұштасып жатады.

       Таным  әрекетінің бірі-  қабылдау.  Тілдік  мәліметтерді және жазылымдағы  қатысымдық тұлғаларды ұғыну  қабылдаудан басталады. Тілді меңгеру  барысында тіл үйренуші есту, көру, сезу арқылы дыбыстарды, сөздерді, сөйлемді қабылдауға үйренеді. Бала  қоршаған ортаны жақсы қабылдауға  тиіс.

      Мектепке  дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын  педагогтар мен тәрбиешілер,ата-аналар  балалардың  жылдың қай мезгілінде  болмысын далаға шығып , серуендегенде , әр түрлі ойын ойнағанда  осы  ойланту әдісіне баса көңіл  бөлу қажет.

         К.Д.Ушинский – баланың табиғатпен  жастай таныстыра дамыту , оның  өзіндік логикалық ойын, сөз қырының ,санасының жетілуіне әсері мол  екенін көрсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы  баланың келешекте  рухының жоғары болуына, батыл  пікір ,нақты шешім айтуына және  оны дәлелдеп беруге  жетелейді. Сондай-ақ кімде-кім баланың  тіл  қабілетін дамытқысы келсе, ең  алдымен оның ой қабілетін  дамыту тйіс, - деп көрсетеді.[23,46б].

 Онтогенездің бастапқы  кезеңдерінде қарым-қатынас бала  өмірінде аса маңызды функцмя  атқарады. Бала мен ересектің  қарым-қатынасы білім, іскерлік дағдыны  біреудің жай қасында емес, өзара  әсерлесу нәтижесінде, өзара баю  мен өзгерудің күрделі процесі.

      Бала өзіне  беріәлетін басқаның тәжірибесін  белсенді түрде  ой елегінен  өткізіп, өңдеп пайдаланады. Психолог  ғалым Б.Спок ересек адамның  жанұяда  және байланыс адамдармен  қарым-қатынас тиімді құра алуы, мектепке дейінгі кезеңде  басқа  баламен жасаған қарым-қатынас  тиімділігімен анықталатынын тұжырымдаған. Ол бала басқа балалармен қарым-қатынас  барысында өз құқығын қорғауға  т.б жатқызады.

     Қарым-қатынас адам өміріндегі қоғамдық-әлеуметтік  және психологиялық негізі ең  алдымен  күнделікті тіршілік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен байланысты екендігі айқын.

        Мектепке  дейінгі балалар әдетте ойынды, сурет салғанды жақсы көреді, ересектерменжәне өзі қатарлы  балалармен лезде тіл табысып  кетеді. Мектепке дейінгі шақтың  әсіресе , алғашқы үш жылы психологияда  «қауіпті» кезең аталып, өзіне  зерттеушілердің үлкен зейінін  аударуда. П.Бадалян                       « ...осы  қиынға түсіп, тіпті кеш  болуы да мүмкін» деген. Дер  кезінде тәрбие мен үйрету  көрген бала бес жасында еш  қиындықсыз таза сөйлей білуі  тиіс[26, 57 б.].

Сонымен мектепке дейінгі жас- ерте онтогенез кезеңіндегі ең ұзақ және күрделі психикалық даму көрінісі болып табылады. Мұның өзі психологиялық зерттеулердің объекті ретінде  қосылды және ол ғылыми әдебиеттерде оқиғалардың әр алуандығы ретінде көрсетіледі.

Жас баланың өмірді тануы , еңбекке қатынасы, психлогиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Л.С.Выготский пікірінше, ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке  басының дамуына ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жақтырып жаттықтырып, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып үйрене бастайды. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі  мынада: олар ойнайды, эмоциялық әсері ұшқындайды , белсенділігі артады, ерік қасиетті, қиял елестері мен таным үрдістері дамиды, мұның бәрі баланың шығармпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.

Мектепалды даярлық балаларының психикалық үрдістерін дамыту мәселесі бала-бақшадағы және мектептегі мектепалды даярлық топтарының тәрбиешілері мен мұғалімдерінің, әсіресе ойын арқылы игерілетін оқу іс-әрекетіне баса назар аударуды қажет етеді.

  Мектеп жасына дейінгі балалардың бойына оқу қызметін меңгерту, ол танымдық белсенділікті дамытудың басты бағыты болып  саналады.

Танымдық белсенділікті психологиялық -педагогикалық құбылыс ретінде анықтау, бұл мектепалды даярлық кезеңіндегі балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, тәрбиелеу мен оқыту үрдісін  қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Себебі меңгерілген білімнің сапасы мен беріктігіне тек балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеудің нәтижесі емес, сонымен қатар балалардың өзіндік танымдық іс -әрекетіне қатынасының қатысуымен тәуелді болып келеді.

        Танымдық белсенділік баланың психологиялық- денелік дамуының алғы шарты мен нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты балалардың жоғары психикалық үрдісін қабылдау, зейін, ойлау ерекшеліктері анықтайды.

Барлық психикалық танымдық үрдістердің ішінен ойлау жетекші үрдіс болып табылады. Барлық танымдық процестер үрдістердің қасиеттері мен қатар бір-бірімен сипатын анықтай отырып, олармен бірге  және тығыз байланыста болуып бірізділікте жүреді. Демек оқыту үрдісінде ынталандыру- бұл ең алдымен бала ойлауын дамыту болып табылады. 

     Ойлау адам өмірінде аса қымбат орын алады. Ойлау арқылы ғана заттардың, көріністердің араларындағы байламды белгілеп, оларда бар себептерді табады, келешекте оларға не болатынын ойлап шығарады.  Келешекті болжай алады.  Сондықтан тәрбиеші баланың дұрыс ойлап үйренуіне көп күш жұмсауы керек. Өйткені дұрыс ойлау ұрпақтан ұрпаққа табиғи түрде беріледі, оның үстіне тәжірибе арқылы да қалыптасады.

      Адамдарда тану екі негізгі формада жүзеге асады: сезімдік тану формасы және абстракциялық ойлау формасы. Сезімдік тану, түйсік, қабылдау, елестету сияқты жолдармен көрініс табады, оның көмегімен біз заттардың жеке қасиеттерін ажыратамыз. Сезімдік тану- бұл тек ойлаудың бастапқы сатысы, адам дүниені түйсіне отырып қабылдайды.Сонымен ойлау қызметінің белсенділігін арттыру үшін балалардың танымдық қызметін дамытатындай өзіндік пікір, қорытынды шығаруға түрткі болатын ойындар ұйымдастыру қажет.

      Ойын арқылы балалардың негізгі іс -әрекеті және олардың айналадағы өмірден алған білімдерін, әсерлерін  жинақтаған тәжірибелерін өз бетінше іс жүзіне асырады. Ойын барысында берілген тапсырмаларды шешуде балалардың ақыл- ойы дамиды.  Міне осыдан баланың логикалық ойлау, қиялдау қабілеті шыңдалады.

      Бала ойын дамытуда логикалық ойындар ерекшеліктерін алуға болады. Балалардың ойлау қабілетін дамытатын, қызығушылықтарын арттыратын жұмыс түрі – логикалық ойындар.  Логикалық ойындар баланы тапқырлыққа, логикалық ойлауға баулып, ойының ұшқырлығына, өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға, дәлелдеуге әсер етеді. Балалардың қызығушылығын арттыруда,  танымдық қабілеттерін дамытуда мақсатым:

     - балалардың зейінін, ойлау, зерде үрдістерін дамыту

     - қиялдарын ұштау

     - тапқырлыққа жетелеу

      -қызықты ойындар мен тапсырмаларды орындауға қызығушылығын

      арттыру.

     Міндеттер

     - балалардың ойлау әрекетін дамытуға ықпал ету

     - логикалық ойындар арқылы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру

     - балалардың математикалық тілде сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.

      Баланың бойындағы қабілетті ашу шығармашылық бағытта дамуына жетелейді. Осы орайда логикалық ойлау қабілетін дамытудың өзіндік іс -әрекетін ұйымдастырудың мынандай:       

:«Заңдылықтар», «Нені отырғызу  керек?»  «Нені орналастырсам  екен?» «Сыңарын табыңдар?»  «Әзіл  жұмбақтар»  «Логикалық есептер».

 «Пішінді орналастыр»  логикалық ойын түрлерін айтуға  болады.

Осындай ойындарды тапқырлықпен, ізденпаздықпен орындаған балалардың білімділік дағдылары қалыптасып жақсы нәтиже береді.

     Мектепалды даярлық,  балаларының логикалық ойлауларын дамытудың негізгі кезеңіне жатқызуға болады. Өйткені балалардың ойлары осы кезде нақты –бейнеліден абстрактылы ойлауға қарай дамиды. Сондықтан мектепалды даярлықта балалардың ой - өрісі қалыптасып және заттарды тиісті ұғымдарға жатқызып, өздерінің ойларын дәлелдеуге үйрене бастайды.

      Негізінде баланың логикалық ойлау қабілеті дегеніміз – қарапайым математикалық алғашқы ұғымдарын меңгертуден басталады десек қателеспейміз..Оны жүйелі түрде шыңдау тәрбиешінің басты міндеті.

Педагогика және психология зерттеулері бойынша балалық шақ – баланың жеке тұлға болып өзін - өзі сезінуінің алғашқы сатысы, демек адамгершілік қасиеттер, ақыл –ойы, логикалық және басқада қасиеттерін қалыптастырудың ең негізгі кезеңі болып табылады.

      Баланың ақыл –ойының дамуы тек белгілі бір білім көлеміне емес, танымдық іс -әрекет амалдары мен тәсілдерін игерумен бірге еске сақтау, ойлау, елестету, танымдық шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. Бала дамуы үшін есте сақтауы мен ойлау қабілетінің мәні өте зор. Бұлардың бәрі қоршаған орта мен білім, білік дағдысының қалыптасуы, есте сақтау және ойлау қабілетімен тығыз байланысты.  Баланың ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Ойлау үрдісі анализ, синтез, салыстыру, топтастыру жалпылау, тұжырымдау логикалық амалдарынан тұрады.  Ойлаудың осы амалдарын қолдана алуынан балалардың оқу әрекетінің жемісі көрінеді. Бұл жөнінде М. Жұмабаев: «Ойлау- жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде сақтықпен басқыштап істеу керек» -деген. 

     Психология бірнеше жас ерекшеліктердің ойының пайда болу, даму,  қалыптасу  жолын, яғни жеке адамның ойлау ерекшелігі мен заңдылығын қарастырса логика –бүкіл адамзатқа ортақ ой-әрекет заңдары мен формаларын айқындайды, ол адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пайым, дәлел сияқты ой формаларының табиғатын зерттейді[27, 85 б.].

       Ойлау ерекшелігін таным мен ой процесінің сатысы ретінде зерттеу ойлаудың білім мен тікелей байланысты екенін  айқындайды. Баланың қажеттілігі мен қызығушылығын түсіне білу, бүлдіршіндердің ой - өрісін іс – қимылын жан – жақты дамыту тәрбиешінің басты міндеті. 

Бүлдіршіндердің логикалық қабілетін дамытуда қарапайым математиканың алғашқы ұғымдарын ойын арқылы үйретудің заттары әртүрлі геометриялық пішіндерден құрастырудың, ауызша есеп шығарудың, көру арқылы салыстырудың, қиялдаудың жұмбақтар жаттаудың маңызы зор. Өйткені жасырын тұрған ойдың нені меңзеп тұрғанын ойлап табу баланың ми қыртысының жұмысын шыңдайды, логикалық ойлау сезімін қалыптастырады. Логикалық ойдың ерекшелігі қорытындылардың қисындылығы да олардың негізіне сай келуі.  Логикалық ойлауға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдары қатесіз анықталады.

      Логикалық ойлауы дамыған бала шығармашылыққа, ойлана әрекет етуге, өзінің іс -әрекетін талдауға үйренеді.

 

 

          2.2 Мектепалды балаларының танымдық әрекетін дамыту    

           жолдары

 

 

          Оқушылардың  ой белсенділігін, саналы ойлана білуін дамыту, жетілдіру- мұғалімдердің негізгі міндеті. Ойын баланың ойлау  қабілетімен  сөздік қорын түрлі дағдымен шеберлікті меңгеруге қиындықты жеңуге,  төзімділікке баулиды.

     Әр сабақта ойынды тиімді пайдалану сол сабақтағы өтілетін жаңа  тақырыпты баланың жақсы өз дәрежесінде  меңгеруіне әкеледі.  Дайындық сыныптарда сауат ашу сабағында әріптермен, дыбыстарымен танысу барысында балалар бірнеше ойын түрлерін ойнайды. Мысалы: «Балықшы», « Сөйлемді  жалғастыр», «Жоғалған  буынды тап», « Кім тапқыр», «Кім көп біледі», т.б.

     Бірнеше  ойындар ойнатуға болады. «Сөз ойла, тез ойла» ойынында доп лақтырып ойнатылса, «Балықшы» ойынында аквариумне  балықты, магниттік кубиктерді қармақпен аулап(қармақ басында, балықтың астыңғы жағында магнит болады),  сонымен балықты алып, ондағы  сұраққа жауап беруге болады. Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы[28, 30 б.].

     «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?», -деп  өлеңде айтылғандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Бала ойын барысында өздерін еркін сезініп, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет танытып, түрлі психологиялық  түсініп сезім әрекетіне сүңгиді. Ойын үстінде бала шынайы өмәрдегідей қуаныш пен реніш сезімінде болады. Ұлттық ойын ойнау арқылы оқушылардың өз салт- дәстүріне, әдет-ғұрпына деген  сүйіспеншілігі артады. Сондықтан мен өз сабақтарымда мынадай ұлттық ойын түрлерін ойнатамын. «Бәйге», «Хан талапай», «Орамал тастамақ» т.б.ойындар.

Информация о работе Танымдық іс-әрекетті қалыптастыру, дамыту ерекшеліктер мәселелерінің зерттелу жағдайы