Танымдық іс-әрекетті қалыптастыру, дамыту ерекшеліктер мәселелерінің зерттелу жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2015 в 10:34, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың қабілеттілік деңгейін көтеру ахуалын анықтау; мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық, шығармашылық ой-өрісін дамыту үшін түрлі ой қызметі түрлеріне тарту.
Міндеттері:
- мектеп жасына дейінгі балалардың қоғамдағы орнын айқындап,
деңгейінің көрсеткішін анықтау;
- мектеп жасына дейінгі балалардың қабілетін қалыптастыруға бағытталған педагогикалық және психологиялық іс-әрекет пен арнайы іс шаралардың кешенін анықтау;
- мектеп жасына дейінгі балалардың қабілетін қалыптаструға мүмкін боларлық жағдайын қамтамасыз ету;
- эрудицияны дамыту, әлеуметтік- саяси, мәдени, ғылыми және қолданбалы білім жүйесін меңгеру іс-әрекеттің тәсілін меңгеруге көмектесу;

Файлы: 1 файл

Мазмұны.docx

— 146.44 Кб (Скачать файл)

       Баланың ақыл-ойының дамуы тек белшілі бір білім көлеміне емес, танымдық іс-әрекет амалдары мен тәсілдерін игерумен бірег есте сақтау, ойлау, елестету, танымдық шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. Бала дамуы үшін есте сақтауы мен ойлау қабілетінің мәні өте зор. Бұлардың бәрі қоршаған орта мен білім, білік,дағдысының қалыптасуы, есте  сақтау және ойлау қабілетімен тығыз байланысты. Баланың ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Ойлау үрдісі анализ, синтез, салыстыру, топтастыру жалпылау, тұжырымдау логикалық амалдарынан тұрады. Ойлаудың осы амалдарын қолдана алуынан балалардың оқу әрекетінің жемісі көрінеді. Бұл жөнінде М. Жұмабаев: « Ойлау – жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде сақтықпен басқыштап істеу керек» - деген.

Логикалық ойлауды дамыту туралы сөз етпес бұрын логика туралы қысқаша айтып кетейін. Логика ( грек тілінен алынған logic – сөз, ой, ойлау, ақыл-ой) ойлаудың заңдылықтары мен түрлері туралы ғылым.

     Обьективтік пікірлерге негізделген роцесс логикалық ойлау деп, ал дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп аталады. Ойлау аса күрделі психологиялық процесс. Бұлардың ішінде психология мен логиканың орны ерекше.

      Психология бірнеше жас ерекшеліктердің ойының пайда болу, даму, қалыптасу жолын, яғни жеке адамның ойлау ерекшелігі мен заңдылығын қарастырса логика – бүкіл адамзатқа  ортақ ой-әрекет заңдары мен формаларын айқындайды, ол адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пайым, дәлел сияқты ой формаларының табиғатын зерттейді.

     Ойлау ерекшелігін таным мен ой процесінің сатысы ретінде зерттеу ойлаудың білім мен тікелей байланысты екенін айқындайды.

      Баланың қажеттілігі мен қызығушылығын түсіне білу, бүлдіршіндердің ой-өрісін іс-қимылын жан-жақты дамыту тәрбиешінің басты міндеті.

      Бүлдіршіндердің логикалық қабілетін дамытуда қарапайым математиканың алғашқы ұғымдарын  ойын  арқылы үйретудің  заттары әртүрлі геометриялық пініндерден құрастырудың, ауызша есеп шығарудың ,көру арқылы салыстырудың , қиялдаудың жұмбақтар  жаттаудың маңызы зор. Өйткені жасырын тұрған  ойдың нені меңзеп тұрғанын  ойлап табу баланың ми қыртысының жұмысын шыңдайды, логикалық ойлау сезімін қалыптастырады. Логикалық ойдың ерекшелігі қорытындылардың қисындылығы да олардың негізіне сай келуі. Логикалық ойлауға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдары қатесіз анықталады.

Логикалық ойлауы дамыған бала шығармашылыққа, ойлана әрекет етуге, өзінің іс-әрекетін талдауға үйренеді.

        Аталған  жұмыс түрлері, бала үшін, оның  танымын, логикасын арттыру үшін  өмірде қажетті екенін көрсетеді, яғни олардың шығармашылық деңгейін  көтереді, қызығушылығын арттырады.

        Мектепке дейінгі жас – бұл бала тұлғасы мен сапасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі. Сондықтан да, мектепке дейінгі кезеңде білім берудің алғашқы басқышы, қиын да, қадірлі жұмыс. Мектепке дейінгі жас балаға белгілі бір білім  ғана беріп қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған ортаға дұрыс көзқарасты болу, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау дасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету. Дамыта оқытудың басты мақсаты – баланы оқыта отырып, жалпы дамыту. Әрине ьектеп жасына дейінгі баланың зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері әртүрлі болады. Дегенмен әр баланың бір нәрсеге бейімі болады. Бейімділік – оянып келе қабілеттің алғашқы белгісі. Баланың жасырын , тіпті тым терең жатқан қабілеттерінің көрінуін мүмкіндік жасау тек оқыту үрдісі кезінде үлкендердің басшылығымен жүзеге асады. Педагогика ғылымы еш нәрсеге беімі жоқ, қабілетсіз адам болмайды деп дәлелдейді.  Сол себепті , балалардың қабілетін кеңінен өрістетет дамытуға тек мектепке дейінгі мекеме ғана мақсатты түрде ықпал ете алады. Балалардың шығармашылық қабілттерін дамытуда әр түрлі әдіс-тәсіллдерді қолдануға болады. Балалардың өзіндік жұмыстарының мән-мағынасын  ұйымдастырудың тәсіл-амалдарын бір ғана белгімен сипаттауға болмайды. Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:

  • педагогтың нақты тапсырмалар беруі;
  • жұмысты орындаудың уақытын белгілеу;
  • педагогтың басқаруымен оқушылардың дербестігінің өзара байланысты олардың жұмысты өз еркімен орындау;

Балалардың өзіндік жұмысы- педагогтың қажетті нұсқаулары бойынша баланың оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі. Өзіндік тасырмаларды орындау барысында  балалардан белсенді ойлау талап етілді. Осының нәтижесінде балалар өздігінен бақылауды үйренеді, олар да тапсырылған   істі орындаудағы  жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады. Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты балалардың танымдық міндеттерін  қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге құштарлығын ояту. Педагог оққу-іс әрекетінде әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс – пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс- тәсілдер арқылы өткізген әрбір оқу іс-әрекетінде балалардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балалардың ортасынан  қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан-жақты тануды ойлап, балалардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір педагогтың міндеті. Балалардың жұмыс істеу – ерекше маңызды педагогикалық проблема. Осыған байланысты дарынды балалармен жұмыс істеудің төмендегідей кезеңдерін анықтауға болады:

  • баланың жеке ерекшелігін ,дарының зерттеу;
  • балалар шығармашылық өнімдерін жариялау;
  • игерілген нәтижелерді бақылау;

        Яғни, осындай жұмыс істеу бағыттары арқылы бала белгілі бір шеберлікке  жеткен соң, оның шығармашылық  қабілеті дамиды, өзіндік идеясы туып, үлкен ізденіс пайда болады.  Дарынды  баланың бойындағы дамыған сана белсенділігі мен таным белсенділігі, тума қабілеті. Ол қабілет мектепте сан алуан ғылыми салалардан білім алу арқылы және ұстаздардың көмегі арқылы ашыладв және дамиды. Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға өз  әсерін тигізеді. “ Дарындылық – адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет”. Әр баланың бойында табиғат берер ерекше қабілеті, дарындылығы болады. « Бұлақ көрсең көзін аш»- дегендей, осындай баланың бойындағы дарындылық қасиетін дамыту көбіне мұғалімдердің кәсіби біліктілігіне байланысты екендігі айдан анық. Жаңа  « субъект- субъект» оқыту парадигмасымен жұмыс жасау, әр баланың бойындағы дарындылық қасиеттерін анықтап, дамыту, мектепте өз дәрежесінде жүргізілуі керек. Дарындылық пен қабілеттіліктің не екенін, бала дарындылығын анықтайтын психодиагностикалық әдістемелердің тиімділігін, нәтижелілігін білетін педагог ғана дарынды баламен нәтижелі жұмыс істей алады. Дарынды баламен жұмыстың  негізгі мақсаты – олардың  шығармашылық жұмыста өзінің  қабілетін іске асыруға дайындығын  қалыптастыру. Ал мақсатқа жету- оқу бағдарламасын  тереңдетіп оқыту және оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Баланың дарындылығын анықтап, олармен жұмыс жасау қалай жүзеге асырылуы керек? Ол үшін баланың дарындылығын анықтап, дамыту үшін әр пән педагогы өзінің алдына мынандай мақсаттар мен міндеттерді қоюы керек.

  1. Дарынды баланың ақыл-ойының , эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескету;
  2. Жан-жақты ақпараттандыру;
  3. Коммуникативті бейімдеу;
  4. Дарынды баланың шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету.

   Осы мақсаттар  мен міндеттерді орындауда педагог  мынандай жұмыс түрлерін өз  іс-тәжірибелерінде  пайдаланса, өнімді  нәтиже алмақ.

  1. Икемді және  ұтқыр оқу жоспарын құру;
  2. Жеке пәндерді оқытуда тәуелсіз қозғалыс жасау;
  3. Дарынды баланың өзінің жұмысын  өзі жоспарлап, шешім қабылдауына ықпал ету;
  4. Дарынды баланың қызығушылығына  байланысты жұмыс жоспарын құру;

Осындай жұмыс түрлерін ұйымдастыруда педагогтар мынандай мәселелерге баса назар аударулары керек:

  1. Пән  оқу  іс-әрекеттерінде шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу, орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізуге;
  2. Дарынды балалардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп отыруға;
  3. Оқу іс-әрекетінен тыс мезгілде жүргізілетін жұмыстарға -  пәндік конкурстар,  ғылыми жоба, интеллектуалдық ойындар мен шығармашылық байқауларға дайындық жұмыстарын жыл  бойы жоспарлы жүргізуге;
  4. Мектепке дейінгі  мекемелерінде дарынды балалар үшін арнайы топтар құрып, оқу бағдарламаларын жеделтетіп оқытуды ұйымдастыруға [8,153б].

  Қабілетті ұрпақ тәрбиелеуде  педагог жаңа педагогикалық технологияларды  пайдалану қажет, олардың ерекшеліктері  – өсіп келе жатқан жеке  тұлғаны жан-жақты дамыту. Инновациялық  білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен  жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы  шәкірт тек тыңдаушы, орындаушы  болса, ал қазіргі білім алушы  бала -  өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Қазіргі білім алушы бала:

  • дүниетаным қабілеті жоғары;
  • дарынды , өнерпаз;
  • іздемпаз, талапты;
  • өз алдына мақсат қоя білу керек.

    Дарындылық көрсеткіші ретінде тұлғаның даму дәуірлері де алынуы  мүмкін. Оның ерте жаста көрінуі ( жағдайлардың әртүрлілігіне қарамастан)- дарындылықтың аса жоғары болуының белгісі. Бірақ, дарындылық ерте жаста көрінбеді, сондықтан ол болашақта  өріс ала алмайды деп қорытындылауға болмайды.  Мұның дәлелі әйгілі физик Эйнштейн- бала күнінде мектепте физикадан үштік бағаға «зар» болған оқушы , кейін, есейген шақта осы ғылым саласының әйгілі жетекшісіне айналды. Кейде дарындылық ерте көрініп, бірақ соңынан біз күткендей даму деңгейіне жете алмай қалады. Сондай-ақ, бар беретінін жастық шағында   жарқыратып, кейін тоқырауға түсетіндер де аз емес. Мұндай жастарды халықаралық тілде « вундеркиндтер» деп атайды. Сонымен, қабілеттердің ерте жастан көрінуі әлі дарындылық  белгісін бермейді. Бұл тек адамның жалпы дамуындағы мәнді мезеттер ретінде ғана танылуы  мүмкін.  Сырттай кедергілік жағдайлардағы үлкен жетістіктерді қолға кіргізу  - жоғары қабілеттіліктің дәлелі. Алайда, жағымсыз жағдайларды жеңе өтіп, жоғары жетістіктерге  жету тек қабілеттіліктен болмайтынын, оның тікелей тұлғалық ерік сапасына байланысты болатынын ұмытпаған жөн. Көптеген қабілеттер жоғары  әрі жасампаздығы мол адамдар, өздерінің дамуына кедергілік жасайтын жағдайларды жеңе алмай «сөніп» қалған сәттері аз болған емес. Сондықтан қабілеттердің дамуына қоамдық жағдайлардың мәнді келетінін бірде естен шығармаған жөн.

 

 

         1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдісінің дамуы

 

 

     Балалардың танымдық әрекетін белсендіру, оны тиімді басқару және дамыту, әдістемелік, ұйымдастырушылық және моральдік- психологиялық тұрғыдан қамтаасыз ету күрделі педагогикалық мәселе ғана емес, маңызды әлеуметтік міндет болып саналады.

         Педагогикалық-психологиялық әдебиеттердегі талдауда көрсетілгендей « танымдық белсенділік»  терминінің негізінде белсенділік жөнінде түсінік жатыр. Ол әртүрлі салада талдауды талап етуші көп аспектілі феномен ретінде көрінеді.

  • биологиялық
  • психологиялық
  • әлеуметтік
  • педагогикалық

        Биологиялық аспект- белсенділік мәселелері түсінігімен байланысты  белсенді бастама адамда энергияның жиналуының нәтижесі болып табылатындығы  жөнінде түсінікпен тығыз байланысты. Ол өзін-өзі ретке  келтірумен негізделеді.  Биологиялық белсенділік адамның ортаға бейімделуін қамтамасыз ететін оған тұқым қуалау қасиеті. Осы өзара қарым-қатынас кезінде ағза мен оның тіршілік ету  шарттарымен аралығында туатын қарама-қайшылық жоюға бағытталған физиологиялық механизмдер ғана  туып қоймайды, сонымен қатар осы әсерді жоюға мүмкіндік беретін және мінез-құлық құруға өткен оқиғаға емес, алдағы оқиғаға бағытталған мүмкіндік беретін изиологиялыққ механизмдер де туып отырады. (П.К.Анохин) Белсенділік бейне  белгісі тұрақтандырушы сапа болып табылады., бұл тірі материяның іштей детерминацияланған  іс-әрекеттің бір түрі болып табылады. (В.ХЗ.Коган). белсенділік көзі болып сыртқы орта және ағзада тұратын және өтетін ішкі үрдістер табылады. Адам өзіндік табиғи сапаларының күшімен, әлеуметтік мәнділік кушімен де белсенді келеді.

         Психологиялық аспект тұрғысынан белсенділік С.Л.Рубенштейн көзқарасындағы жалпы психика  жөніндегі детерминистік түсінік  беру сұрағының бір бөлігі ретінде қарастырылады. Мұнда белсенділік  ішкі шарттар  арқылы болатын сыртқы себептерінің әрекетінде көрінеді. Белсенділік адамның жаңа қарым-қатынасына айналады, бұл адам жеке тұлға ретінде  көрінгенде  және белсенді әрекет қарым-қатынас  иесі болған жағдайда болады. С.Л.Рубенштейн адамның белнділігін былай түсіндіреді: « Сыртқы себептер мен сыртқы әсерлер әрқашан ішкі шарттар арқылы әрекет жасайды».

          Әлеуметтік тұлғалық  аспект  мәселелері іс- әрекет кезіндегі тұлғаның белсенділігін  зерттеумен байланысты. Тұлғалық белсенділік адамның тек табиғи қасиеті ғана емес дегенге сүйенеді. Бұл орайда субъект белсенділігі сыртқы материалды және ішкі психикалық әрекетті өз қатарына қосатын затты іс-әрекеттің бірдей жүйесі болып табылады. Тұлға белсенділіктің өзіне ғана тән түріне ие-әлеуметтік өзіндік әрекет, мұнда ол белгілі бір мақсатқа  жетеді. Бұл әрекет өз жеке тұлғасының өзгеруімен және әлеуметтік ортаның  өзгеруімен байланысты өзгеруі мүмкін. Белсенділік тұлғаның әлеуметтік сапасы деп қарасақ, оныы әрекеттің қысқа сипаттамасында қарастырып көрген дұрыс. Әрекет бұл адамның қоршаған әлемді меңгеруінің және белсенді құруының бір түрі. Жеке тұлға әрекет барысында қалыптасады, дамиды. Тұлғаның әрекетке қарым-қатынасына байланысты, әрекет мақсатқа жете алуы боынша әртүрлі болуы мүмкін. Белсенділік болмыстың қоғамдық  формаларын құруға және адамның қоғамдық мәнін жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекет болып табылады.

Информация о работе Танымдық іс-әрекетті қалыптастыру, дамыту ерекшеліктер мәселелерінің зерттелу жағдайы