Танымдық іс-әрекетті қалыптастыру, дамыту ерекшеліктер мәселелерінің зерттелу жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Января 2015 в 10:34, дипломная работа

Описание работы

Зерттеу жұмысының мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың қабілеттілік деңгейін көтеру ахуалын анықтау; мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық, шығармашылық ой-өрісін дамыту үшін түрлі ой қызметі түрлеріне тарту.
Міндеттері:
- мектеп жасына дейінгі балалардың қоғамдағы орнын айқындап,
деңгейінің көрсеткішін анықтау;
- мектеп жасына дейінгі балалардың қабілетін қалыптастыруға бағытталған педагогикалық және психологиялық іс-әрекет пен арнайы іс шаралардың кешенін анықтау;
- мектеп жасына дейінгі балалардың қабілетін қалыптаструға мүмкін боларлық жағдайын қамтамасыз ету;
- эрудицияны дамыту, әлеуметтік- саяси, мәдени, ғылыми және қолданбалы білім жүйесін меңгеру іс-әрекеттің тәсілін меңгеруге көмектесу;

Файлы: 1 файл

Мазмұны.docx

— 146.44 Кб (Скачать файл)

         Логикалық ойлауды дамыту туралы сөз етпес бұрын логика туралы қысқаша айтып кетейін. Логика ( грек тілінен алынған logic – сөз, ой, ойлау, ақыл-ой) ойлаудың заңдылықтары мен түрлері туралы ғылым.

     Обьективтік пікірлерге негізделген роцесс логикалық ойлау деп, ал дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп аталады. Ойлау аса күрделі психологиялық процесс. Бұлардың ішінде психология мен логиканың орны ерекше.

      Психология бірнеше жас ерекшеліктердің ойының пайда болу, даму, қалыптасу жолын, яғни жеке адамның ойлау ерекшелігі мен заңдылығын қарастырса логика – бүкіл адамзатқа ортақ ой-әрекет заңдары мен формаларын айқындайды, ол адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пайым, дәлел сияқты ой формаларының табиғатын зерттейді.

Танымдық белсенділік баланың психологиялық- денелік дамуының  алғы шарты  мен нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты балалардың жоғары психикалық үрдісін қабылдау,зейін, ойлау ерекшеліктері анықтайды. Барлық психикалық танымдық процестер үрдістердің ішінен ойлау жетекші үрдіс болып табылады. Барлық танымдық процестер үрдістердің қасиеттері мен қатар бір-бірімен сипатын анықтай отырып, олармен бірге және тығыз байланыста болуын бірізділікте жүреді. Демек оқыту үрдісінде ынталандыру- бұл ең алдымен бала ойлауын дамыту болып табылады[6,36б].

Ойлау адам өмірінде аса қымбат орын алады. Ойлау арқылы ғана заттардың, көріністердің араларындағы байламды белгілеп, оларда бар себептерді табады, келешекте оларға не болатынын ойлап шығарады. Келешекті болжай алады. Сондықтан тәрбиеші баланың дұрыс ойлап үйренуіне көп күш жұмсауы керек. Өйткені дұрыс ойлау ұрпақтан ұрпаққа табиғи түрде беріледі, оның үстіне тәжірибе арқылы да қалыптасады.

        Адамдарда  тану екі  негізгі формада жүзеге  асады; сезімдік тану формасы  және абстракциялық ойлау формасы. Сезімдік тану, түйсік, қабылдау, елестету  сияқты долдармен көрініс табады, оның көмегімен біз заттардың  жеке қасиеттерін ажыратамыз. Сезімдік  тану- бұл тек ойлаудың бастапқы  сатысы, адам дүниені түйсіне  отырып қабылдайды.

      Сонымен ойлау қызметінің белсенділігін арттыру үшін балалардың танымдық қызметін дамытатындай өзіндік пікір, қорытынды шығаруға түрткі болатын ойындар ұйымдастыру қажет

     Ойлау ерекшелігін таным мен ой процесінің сатысы ретінде зерттеу ойлаудың білім мен тікелей байланысты екенін айқындайды.

      Баланың қажеттілігі мен қызығушылығын түсіне білу, бүлдіршіндердің ой-өрісін іс-қимылын жан-жақты дамыту тәрбиешінің басты міндеті.

      Бүлдіршіндердің логикалық қабілетін дамытуда қарапайым математиканың алғашқы ұғымдарын  ойын арқылы үйретудің  заттары әртүрлі геометриялық пініндерден құрастырудың, ауызша есеп шығарудың ,көру арқылы салыстырудың , қиялдаудың жұмбақтар  жаттаудың маңызы зор. Өйткені жасырын тұрған  ойдың нені меңзеп тұрғанын ойлап табу баланың ми қыртысының жұмысын шыңдайды, логикалық ойлау сезімін қалыптастырады. Логикалық ойдың ерекшелігі қорытындылардың қисындылығы да олардың негізіне сай келуі. Логикалық ойлауға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдары қатесіз анықталады[17, 58 б.].

       Логикалық  ойлауы дамыған бала шығармашылыққа, ойлана әрекет етуге,өзінің іс-әрекетін  талдауға үйренеді.XXIғасырдағы білімнің адам өміріндегі маңызы қандай, қандай жаңалықтар енгізуге болад деген сұрақ әр тәрбиеші мен педагогтың көкейкесті мәселесі болуы керек.  Осыған орай біз де үлесімізді қай дәрежеде қостық, қандай жаңалығымыз болды деген сұрақты қоюымыз мүмкін. Қазіргі ғылым, техникалық прогрестің дамуы өз алдына , біз мектеп жасына дейінгі балаларға білім нәрін себуде қандай технологияларды қолданудамыз деген ойлар үнемі бізді мазаламай қоймайды. Жаңа  технологияларды қолдану әр  тәрбиеші мен педагогтың өз еркінде. Сонымен бірге бала жанының бағбаны болу – әр адамның қолынан келе бермейтін іс. Бала отбасында басқа жағынан көрінсе, балабақша қабырғасында мүлде басқа қырынан көрінуі мүмкін. Әрбір жанұяның ғана емес, тәрбиеші мен достарының ара-қатынасынан да бала өмірлік іс тәжірибе жинақтауы мүмкін. Осыған орай мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде  олардың таным қабілеттерін дамыту ерекше орын алары сөзсіз. Балалардың білім алуға, еңбекке, қоршаған ортаға бейімі, адамдармен қарым-қатынасы, сөз қорының, ойлау қабілетінің дамуы мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. «Таным» білім беру саласының мазмұны мен мақсаты: мектеп жаына дейінгі балалардың қоршаған орта жайлы қарапайым түсініктері мен танымдық іс –әрекетінің қарапайым дағдыларын меңгерту және игерген дағдыларын күнделікті өмірде қолдануға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Сонымен қатар, Т.Н.Сорокин және Т.Ю.Вишневецкий өз зерттеулерінде көрсеткеніндей, Керн- Йерасектің « Мектепке қалыптасуын бағдарлаушы тесті» біршама норматиті көрсеткіштерге қызмет етеді. Керн- Йурасектің « мектепке қалыптасуын бағдарлаушы тестісін» балаларды алғашқы тексеруден өткізу кезінде қолданған тиімді. Біріншіден, оны жүргізуге көп уақыт кетпейді, екіншіден, жеке балаға да , топқа да қолдануға болады, сондай-ақ арнайы нормативті құжатты, құрал-жабдықты қажет етпейді.  Тест үш графикалық және бір ауызша тапсырмадан тұрады.

       Бірінші тапсырма - ер адамның сыртқы пішінін салу, екінші - әріптердің жазба түрін көшіріп жазу, үшінші – нүктелер тобын көшіріп жазу. Әр  тапсырманың нәтижесі бес ұпайлық жүйемен бағаланады(1-жоғары, 5-төменгі ұпай). Содан кейін үш тапсырма бойынша жиынтық баға шығарылады: 3-6 ұпайға дейін ортадан жоғары, 7-11-ге дейін орта, 12-15 ұпай нормадан төмен. 12-15 ұпай алған балаларды тереңірек зерттеу қажет. Өйткені олардың ақыл-ой дамуы төмен болуы мүмкін[18, 69 б.].

    Бүгінгі таңда елімізде мектепке дейінгі оқыту мазмұны мен оқытудың технологияларын жетілдіру өзекті мәселелердің біріне айналды. Расында да, мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу ұлт алдындағы аса жауапты жұмыс. Ол тәрбиеші мен мұғалімдерден асқан іскерлікті талап етеді. Еліміздің « Білім туралы» Заңында жеке тұлғаны қалыптастыруда балалардың өз деңгейінде білім алуды және олардың жеке шығармашылық қабілеттерінің дамуы үшін жағдай жасау қажеттілігі жан-жақты қарастырылған.

         Мектепалды даярлықтың негізгі  мақсаты – 5-6 жасар балалардың  дене дамуы мен психикалық  саулығын қорғау және нығайту, ақыл-ойын жетілдіру, бастауыш мектепте  білім алуға дайын болып табылады. Ал қазіргі таңда білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, білікті маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

         Қоғам сұранысынан туындап отырған  талапқа сәйкес ьаланың ой-өрісін  дамытып, білікті, ізденімпаз, шығармашыл  тұлға қалыптастырудың бірден-бірі  жолы - 12 жылдық білім беру. Мұны  әлемдік тәжірибе де дәлелдеп  отыр. Осыған орай біздің елімізде  де 12 жылдық білім беруге дайындық  жұмыстары жан-жақты жүргізілуде[19, 46 б.].

        Жалпы, 5-6 жастағы балаларды мектепке  барар алдында даярлау міндеті  отбасында және мектепке дейінгі  ұйымда жүзеге асырылады. Негізі  бала дүниеге келген күнінен  бастап белгілі бір әлеуметтік  ортада өсіп жетіледі. Сәбидің  жан –жақты дамып қалыптасуына  отбасымен бірге, заман талабына  сай тәрбиеші- педагогтың да ықпалы  зор.

        Мектепке  дейінгі дайындықтың артықшылығы, бала бірінші сыныпқа келгенде  жалпы іс-әрекетке кірісіп, мұғалім  қойған талаптарды бірден қабылдай  алады. Олардың көпшілігі оқу  біледі, санау біледі,түстерді ажыратады, буындар туралы түсінігі болады. Қарапайым математикалық қатынастар  мен таңбаларды айырып, қалам  ұстау дағдылары қалыптасады.

       Мектепалды  даярлық тобындағы тәрбие мектептегі  сабақ үрдісімен мақсаттас болғанымен, тұрпаты бөлек жұмыс. Мұндағы дидактикалық мақсаттар мектептердегідей төте жолмен атқарылмайды. Балалардың жас ерекшелігі ескеріле отырып ойын, серуен барысында жүзеге асады. Сол себепті мен де, баланың психологиялық ерекшеліктерін  ескере отырып әр сабақты ойны арқыды өткізуді мақсат етіп  қойдым. Әр сабақтағы тапсырмаларды орындаған сайын суреттерді,математикалық пішіндерді жинайды. Қай бала немесе қай топта суреттер, пішіндер көп болса, сол топ, сол балалар марапатталады. Менің ойын элементтерінен байқағаным, балалардың белсенді іс-әрекеті дамып, жүйелі ойлау дағдысы қалыптасатындығы. Ізденуге деген қызығушылықтары да арта түседі.

        Балаларды  оқытуда және тәтбиелеуде ойынның  мәні педагогиалық жүйеде бұрын  да, қазір де бірінші сатыда  тұрады. Ойын нағыз керекті және  маңызды іс-әрекет. Чех педагогы  Я.А.Коменский: « Ойын- баланың ең  қажетті іс-әрекеттің табиғатына  және білімділігіне ең жауапты  түрі». – деп санаған.

       Ойын баланың  барлық маңызды ақыл-ой әрекеті, қабілеттерінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңеюіне, тілінің дамуына, жолдастарымен жақындасуына көмектеседі. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық , тапқырлық әрекеті байқалады. Сондай-ақ, бейнебір өмірдің өзіндегідей қуаныш пен реніш езімінде болады. Бұл баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытуға түрлі дағды мен шеберлікті меңгеруге, қиындықты жеңуге, төзімділікке баулиды.

        Мектеп  жасына дейінгі балалар өз  психологиясын ойын  барысында  байқатады. Ойын балалар үшін күрделі іс-әрекет, ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді. Ал бала білімді қайдан алады? Әрине, ойын арқылы үйренеді. Мұны үлкендер де үйретуге тиіс. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады. Әр нәрсеге ааса зейіні қажет екенін, әдейілеп ұйымдастырылған ойындар балалардың дүниетанымын кеңейтіп, мінез-құлқын қалыптастырады.

         Құрбыларымен қарым-қатынас жасау  өте қажетті қасиет. Ойнай жүріп  бала көп күш-жігер жұмсайды. Алайда, ойын арқылы берген тапсырманы  орындау ақыл-ой, адамгершілік эстетикалық  және дене тәрбиесінің мақсаттарына  жету үшін пайдалану орынды. Ойын  үрдісінде балалардың білім деңгейі  тереңдей түсіп, өзара қарым-қатынастарының  одан әрі дамуына септігін  тигізеді. Сонымен қатар, ойынға  белсенді қатысу кейбір жасқаншақ  балаларға да айналасындағылармен  еркін араласуына көп көмегін  тигізеді.

       Аса тәжірибелі психологтың айтуы бойынша, бала ойын үстінде қандай болса, өскен кезінде еңбект де сондай болады дейді. Демек, ойын- адамның өмір танымының алғашқы бастауы.

       Мектеп жасына дейінгі балалардың бойына оқу қызметін меңгерту, ол танымдық белсенділікті дамытудың басты бағыты болып саналады.

       Танымдық белсенділікті психологиялық-педагогикалық құбылыс ретінде анықтау, бұл мектепалды даярлық кезеңіндегі  балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, тәрбиелеу мен оқыту үрдісін қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Себебі меңгерілген білімнің сапасы мен беріктігіне тек балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеудің нәтижесі емес, сонымен қатар балалардың өзіндік танымдық іс-әрекетіне қатынасының қатысуымен тәуелді болып келеді                  [20, 117 б.].

        Танымдық белсенділік баланың психологиялық- денелік дамуының алғы шарты  мен нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты балалардың жоғары психикалық үрдісін қабылдау,зейін, ойлау ерекшеліктері анықтайды. Барлық психикалық танымдық процестер үрдістердің ішінен ойлау жетекші үрдіс болып табылады. Барлық танымдық процестер үрдістердің қасиеттері мен қатар бір-бірімен сипатын анықтай отырып, олармен бірге және тығыз байланыста болуын бірізділікте жүреді. Демек оқыту үрдісінде ынталандыру- бұл ең алдымен бала ойлауын дамыту болып табылады[6,36б].

Ойлау адам өмірінде аса қымбат орын алады. Ойлау арқылы ғана заттардың, көріністердің араларындағы байламды белгілеп, оларда бар себептерді табады, келешекте оларға не болатынын ойлап шығарады. Келешекті болжай алады. Сондықтан тәрбиеші баланың дұрыс ойлап үйренуіне көп күш жұмсауы керек. Өйткені дұрыс ойлау ұрпақтан ұрпаққа табиғи түрде беріледі, оның үстіне тәжірибе арқылы да қалыптасады.

        Адамдарда  тану екі  негізгі формада жүзеге  асады; сезімдік тану формасы  және абстракциялық ойлау формасы. Сезімдік тану, түйсік, қабылдау, елестету  сияқты долдармен көрініс табады, оның көмегімен біз заттардың  жеке қасиеттерін ажыратамыз. Сезімдік тану- бұл тек ойлаудың бастапқы сатысы, адам дүниені түйсіне отырып қабылдайды.

      Сонымен ойлау қызметінің белсенділігін арттыру үшін балалардың танымдық қызметін дамытатындай өзіндік пікір, қорытынды шығаруға түрткі болатын ойындар ұйымдастыру қажет[21, 87 б.].

        Ойын арқылы балалардың негізгі іс-әрекеті және олардың айналадағы өмірден алған білімдерін, әсерлерін жинақтаған тәжірибелерін өз бетінше іс жүзіне асырады. Ойын барысында берілген тапсырмаларды шешуде балалардың ақыл-ойы дамиды. Міне осыдан баланың логикалық ойлау, қиялдау қабілеті шыңдалады.

      Бала ойын дамытуда логикалық ойындаререкшеліктерін алуға болады. Балалардың ойлау қабілетін дамытатын, қызығушылықтарын арттыратын жұмыс түрі- логикалық ойындар.  Логикалық ойындар баланы тапқырлыққа, логикалық ойлауға баулып, ойының ұшқырлығына, өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға, дәлелдеуге әсер етеді.

      Негізінде баланың логикалық ойлау қабілеті дегеніміз- қарапайым математикалық алғашқы ұғымдарын меңгертуден басталады десек қателеспейміз. Оны жүйелі түрде шыңдау тәрбиешінің басты міндеті. Педагогика және пихология зерттеулері  бойынша балалық шақ -  баланың жее тұлға болып өзін-өзі сезінуінің алғашқы сатысы, демек адамгершілік қасиеттер, ақыл-ойы, логикалық және басқада қасиеттерін қалыптастырудың ең негізгі кезеңі болып табылады.

Информация о работе Танымдық іс-әрекетті қалыптастыру, дамыту ерекшеліктер мәселелерінің зерттелу жағдайы