Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 20:20, автореферат
Зерттеудің көкейкестілігі. Жоғары педагогикалық білім беруді реформалау, педагогикалық кадрлардың көп деңгейлік дайындығына көшу, парасатты еңбек нарығында мамандардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету жағдайларында болашақ мұғалімдерді кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке дайындау мәселесінің өзектілігі зор.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылғаннан бері қоғамды ақпараттандырудан туындаған өзгерістер оның барлық салаларымен қатар мұғалімдік кәсіби – іс-әрекет деңгейіне, өндіріс пен әлеуметтік саладағы ғылымдардың жетістіктеріне және прогрессивті технологияны енгізу мерзімінің қысқартылуына қойылытатын талаптар күшеюде.
ӘОЖ 371.13: 371. 124 Қолжазба құқығында
ДЖАНБУБЕКОВА МЕЙРАМГУЛ ЗЕЙНГАБУЛҚЫЗЫ
Жаһандану жағдайында болашақ бастауыш мектеп мұғалімін кәсіби іс - әрекетке даярлаудың педагогикалық негіздері
13.00.08 – Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі
Педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
А В Т О Р Е Ф Е Р А Т Ы
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010
Жұмыс Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде орындалған
Ғылыми кеңесші:
Ресми оппоненттері:
Жетекші ұйым: Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік
Қорғау 2010 ж. «27» желтоқсанда сағат 1000 – де Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.05.01 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде өтеді. Мекен жайы: 050000, Алматы қаласы, Достық даңғылы 13-үй, 2-қабат, Мәжіліс залы.
Диссертациямен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен жайы: 050000, Алматы қаласы, Қазыбек би, 30-үй, 3-қабат.
Автореферат 2010 жылы «26» қарашада таратылады.
Диссертациялық кеңестің
Ғалым хатшысы:
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Жоғары педагогикалық білім беруді реформалау, педагогикалық кадрлардың көп деңгейлік дайындығына көшу, парасатты еңбек нарығында мамандардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету жағдайларында болашақ мұғалімдерді кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке дайындау мәселесінің өзектілігі зор.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылғаннан бері қоғамды ақпараттандырудан туындаған өзгерістер оның барлық салаларымен қатар мұғалімдік кәсіби – іс-әрекет деңгейіне, өндіріс пен әлеуметтік саладағы ғылымдардың жетістіктеріне және прогрессивті технологияны енгізу мерзімінің қысқартылуына қойылытатын талаптар күшеюде. Елбасының 2010 жылғы жолдауындағы: «Жоғары білім саласы ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі тиіс. Елдегі ЖОО-лар әлемінің жетекші университеттерінің рейтингіне енуге ұмтылулары керек. 2015 жылға қарай Ұлттық инновациялық жүйе толыққанды жұмыс істеп, 2020 жылға қарай елде енгізілетін талдаулар, патенттер мен дайын технологиялар түрінде өз нәтежелерін беруге тиіс»- деген сөзі дәлел болады. Осы бағытта жасалып жатқан іс-шаралардың бірі –Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етіп отырған 2010 жылы, еуропалық жоғары білім беру аймағына енуді көздейтін Болон процесіне қосылу туралы шешімнің қабылдануы да айырықша мәнді шара. Бұл оқиғаны білім беру жүйесінде көрініс алған елеулі тарихи оқиға десе болады.
Жалпы білім беретін мекемелердің іс-әрекетінің нәтижелігі, ең алдымен, мұғалімге байланысты. Оның жеке тұлғалық қасиеттері, педагогикалық білігі, адамгершілік және ақыл-ой парасаты, педагогикалық мәселелерді шешуде шығармашылық ізденіске бой алдыруы, есеюі, өнегелілі, денсаулығы мен рухани байлығы қоғамның әлеуметтік алғышарты болып табылады.
Бүгінгі күнгі Қазақстанның педагогикалық білім беру жүйесі дүниедегі алдыңғы қатарлардан бірі болып саналады. Ол кәсіби іс-әрекетті қалыптастыру процесінің технологиялық бағыттылығымен мықты, оның негізгі мазмұны дайын білімді, дайын ұйғарымдарды меңгеру болып табылады.
Мұғалімді дайындауда, ең алдымен, әрбір педагог-маманның бойында жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Бұл ұзақ та күрделі процесс. Алайда, оның негізі педагогикалық оқу орнында қаланады.
Зерттеудің өзектілігі қоғам жаңаруының динамикалық үрдістері жағдайындағы педагогикалық теория мен тәжірибені дамыту қажеттілігімен анықталып, оған төмендегі жағдайлар себепші болған.
Біріншіден, кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасу деңгейінің түбегейлі мәні бар. Педагогикалық мамандарды дайындау процесінің әлеуметтік маңызының ұлғаюы мұғалімдердің кәсіби дайындығы жүйесін реформалаудың өзара байланысты процестері мен олардың жоғары оқу орнындағы дайындығына деген талаптардың өсуіне тәуелділігі себеп болды.
Екіншіден, әр түрлі оқу-тәрбиелік
жағдайлардағы педагогикалық
Үшіншіден, мұғалімнің кәсіби жете білушілігі рөлінің, оның кәсіби білім деңгейінің, тәжірибесі мен жеке-дара қабілетінің, оның өзінше білім алуға және өзін өзі жетілдіруге, өз ісіне шығармашылықпен және жауапкершілікпен қарауға деген уәждемелік ұмтылысының өсуі.
Төртіншіден, жаңа педагогикалық
түсініктерді енгізу, олардың мәнін
анықтау, педагогикада белгілі басқа
да түсініктермен қатынасын айқанд
Бесіншіден, болашақ мұғалімдерді
кәсіби-педагогикалық іс-
Соңғы жылдары ТМД мен Қазақстанда орындалған ғылыми еңбектерге жасаған талдау оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың өзекті бағыттарының болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың теориясы мен практикасының (Р.Ж. Ержанова, К.К. Жампейісова, А.В. Иващенко,А.П.Сейтешев, А.Г.Казмагамбетов, Г.Ж.Меңлібекова, М.С.Молдабекова, А.А. Бейсенбаева, А.А. Қалыбекова, Л.К. Керимов, Р.Г. Лемберг, Б.И. Мұқанова, , В.В. Трифонов, Г.А. Уманов, Г.Т. Хайруллин, Н.Д. Хмель, В.К. Шабельников, Э.И. Шнибекова, Н.Н. Хан, А.Ж.Қайдарова және т.б.) кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттерде байланыстырыла отырып, қарастырылғанын көрсетеді. Жеке тұлғаның қазақ этнопедагогикасы негізінде жан-жақты дамуының (К.Б. Жарықбаев, Р.К. Толеубекова, Ә.Н. Көшербаева)ең маңызды жақтарын қарастырған.
Бірқатар зерттеулерде мұғалімнің кәсіби дайындығының заңдылықтары (Ф.Н. Гоноболин, Н.В. Кузьмина, Л.И. Рувинский, В.А. Сластенин, А.И. Щербаков және т.б.); педагогикалық іс-әрекет мәні, және құрылымы (С.И. Архангельский, Д.М. Гришин, К.М. Левитан, Н.А. Половникова, Т.С. Полякова және т.б.); жалпы педагогикалық біліктердің қалыптасу әдістемесі (О.А. Абдуллина, С.И. Кисельгорф, И.Т. Огородников, Л.Ф. Спирин, И.Я. Томин, Н.М. Яковлева және т.б.); мұғалімді дайындауда жаңа тәсілдемелер іздеу (З.М. Большакова, А.А. Вербицкий, В.И. Загвязинский, А.Я. Найн, М.М. Поташник, Л.Ф. Спирин, В.А. Черкасов, А.И. Щербаков, Н.М. Яковлева және т.б.).
Жоғары оқу орнында
болашақ мұғалімді кәсіби-
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді сараптау кәсіби-педагогикалық дайындықтың педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінде қалыптастыруға қажетті мынадай ең маңызды жақтарын бөліп қарастыруға мүмкіндік береді: педагогикалық іс-әрекеттің әр түрлі компоненттері (Ф.Н. Гоноболин, Н.В. Кузьмина, В.А. Сластенин және т.б.); зерттеу біліктері мен дағдылары (О.А. Абдуллина, А.И. Щербаков, Н.М. Яковлева және т.б.); оқу процесінде тәрбие міндеттерін шешуге даярлық (Н.Ф. Белокур, С.Е. Матушкин, П.И. Чернецов және т.б.); шығармашылық педагогикалық іс-әрекетке даярлық (К.А. Абульханова-Славская, Ю.П. Азаров, А.А. Вербицкий, В.А. Кан-Калик, Ю.И. Кулюткин, Н.В. Кухарев, Г.С. Сухобская және т.б.); педагогикалық сараптама, өз педагогикалық іс-әрекетінің рефлексиясын жасау қабілеттілігі (Ю. А. Конаржевский, Г.Н. Сериков, В.А. Черкасов, Т.И. Шамова және т.б.).
Педагогика теориясындағы мәселенің жай-күйін сараптау оның зерттеу аумағындағы білімдерді жүйелеуге және оларды кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке дайындаудың негізін тану процесін әрдайым байытып отыру деп қарастыруға мүмкіндік береді.
Жоғарыда айтылғандарға
орай, педагогикалық жоғары оқу орнында
кәсіби-педагогикалық іс-
Айтып кеткен пікірлеріміз
бізді мынадай қарама-
-дамып жатқан білім беру жүйесі, оның түсініктемелік-терминологиялық қамтамасыз етілуі мен кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің мәнін зерттеудің жеткіліксіздігі (мақсаты, құру принциптері мен мазмұны) арасында;
-студенттерді жоғары оқу орындарында оқытудан бастап, кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке дайындау қажеттілігі мен оның теориялық негіздерінің жасалуының жеткіліксіздігі арасында;
-болашақ мұғалімнің кәсіби-педагогикалық іс-әрекетіне деген талаптар мен оның қалыптасуы әдістерінің жете қарастырылмауы арасында.
Аталған қарама-қайшылықтар өзара байлынысты және олардын шешімін болашақ бастауыш мектеп мұғалімінің кәсіби іс-әрекетке даярлығын жүйеге келтіру арқылы, сондай-ақ білім беру мекемелерінің сұранысы мен мемлекетіміздегі бүгінгі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға байланысты қарасатыруға болады.
Сонымен,жоғары оқу орнында бастауыш мектеп мұғалімің кәсіби іс-әрекетке даярлау жүйесі мен оның компонеттерінің өзара әркетін, құрылымдық принциптері мен жүзеге асыру жолдарын іздестіру зерттеу проблемасын айқындауда және тақырыпты: «Жаһандану жағдайында болашақ бастауыш мектеп мұғалімін кәсіби іс-әрекетке даярлаудын педагогикалық негіздері» - деп тандауымызға негіз болды.
Зерттеу объектісі – жоғары оқу орныңда болашақ бастауыш мектеп мұғалімін кәсіби даярлау жүйесі.
Зерттеу пәні – жаһандану жағдайында болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби-іс-әрекетке даярлау үрдісі.
Зерттеудің мақсаты: жаһандану жағдайында болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби-іс-әрекетке даярлаудың негіздерін әдіснамалық-теориялық, тұрғыда дамыту және осы даярлық үрдісін оқу-әдістемелік кешенмен қамтамассыздандыру.
Зерттеудін болжамы. Егер, болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби-іс-әрекетке даярлау үрдісі мынадай қағидалар арқылы: жаһандану жағдайында болашақ маман даярлығын, оның алдағы кәсіби іс-әрекетін жүйелейтін компененті мен шығармашыл дүниетанымын қалыптастыратын құралы ретінде қарастыру; жаһандану жағдайындағы кәсіби іс-әрекетке даярлықтың тиімді жүйесін концептуалды модель негізінде жүзеге асыру; кәсіби даярлықта кәсіби-педагогикалық іс-әрекетті орындауға оқытудың әдістері мен құралдарының мазмұндық-функционалдық мүмкіндіктерін анықтау; болашақ маманды кәсіби оқыту технологиясын студенттердің болжамдық кәсіби педагогикалық іс-әрекетін қалыптастыруда қолданатын ерекше инновациялық технологиялық тапсырмаларды пайдалануға негіздеу – жүзеге асырылса, бұл олардың кәсіби педагогикалық іс-әрекетке даярлық үрдісінің тиімділігін арттырады, өйткені бастауыш мектеп мұғалімдерінің кәсіби-іс-әрекетке даярлығы күрделі жүйе болып табылады.
Зерттеудің міндеттері:
1. «Кәсіби-педагогикалық іс-әрекет» ұғымының мәнін зерттеудің теориялық негізі тұрғысында қарастыру.
2. Жаһандану, жаһандық білім беру жағдайындағы бастауыш мектептің даму тенденцияларын анықтау.
3. Жоғары оқу орнында болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерінің кәсіби іс-әрекетінің концептуалдық моделін жасау.
4. Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби педагогикалық іс-әрекетті орындауға оқытудын әдістері мен құралдарын жүзеге асыру